Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 9 (всего у книги 27 страниц)
"Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады" дейді халық
даналығында. Сендер біздің қонатымызсыңдар, ұша беріңдер!
Қанаттарың талмасын! Естеріңде ме, М. Горькийдің "Альбатросын"
өткенде қанаты талмайтын Альбатрос дейтін құс болады дегенді.
Міне, сендер қанаттарың талмай, 20 жыл бойы самғап ұшып, ұшқан
ұя мектептеріңе азғана тыпыстауға келіп отырғандарың, 10 жыл
бойы бір мектепте оқыған жолдастарыңмен кездесуге келгендерің,
қуаныштарың қутты болсын! Ақын әкелерің Тұрмағанбет Ізтілеуов:
"Ұл мен қыздың қызығы-
Тілі анық шыққанша;
Мергендіктің қызығы-
Көздеген аңын жыққанша,-
Жүйрік аттың қызығы-
Шомылып терге лыққанша;
Тәтті тамақ қызығы-
Қарныңа барып баққанша.
Татулықтың қызығы-
Кеудеңнен жаның шыққанша;
Әртүрлі үгіт айтамын
Өтіп кеткен Лұқпанша",-демей ме?
Сол жолдастарыңмен тәтті татулықтарың мәңгі бәқи үзілмесін
татулық кездесулерің құтты, қуанышты болсын! “Жол бермейтін қарт,
өсіп өркендемейтін жас болмайды” дегендей жолдарың ашық,
кедергісіз болсын! “Алдағы жолаушы – арттағының көпірі” – дейді
осетин мақалында. Біз сол сендерге көпір бола алсақ, қуаныштымыз.
“Ақыл жас талғамайды, бас талғайды” дейді орыс мақалында. Мұны
да есте сақтаңдар. Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық. Адам –
99
жаратылыста ең ұлық зат. Бәрі де адам үшін, адамгершілік үшін.
Адамгершіліктеріңе кір жуытпаңдар, таза ұстаңдар!
Соңғы айтарым ата – ананы қадірлей біліндер! Ана тілдеріңде
таза сөйлеңдер, шұбарлатпаңдар! Ана тілін білмеу, шұбарлата
сөйлеу – мәдениетсіздіктің белгісі. Балаларың, біздің немерелеріміз,
ана тілінде сөйлей білетін болсын!
Кездесу соңынан концерт берілдлі. Ұшқан ұя мектебіне әкелген сый
– сияпаттарын табыс етті. Ұстаздарына сыйларын берді. Мектеп
асханасында ұйымдастырылған тағамдар ішілді. Шығып сөйлеу
барысында, кеш соңынан естелік үшін суретке түсу болды.
10а класс оқушылары:
1. Асқарова Шарапат
2. Ыбыраева Ізімкүл
3. Елқондиева Әмина
4. Ысқақова Бибажар
5. Тұрсынбаева Бибіхан
6. Ысмайлова Алуа
7. Берденова Ұрқия
8. Ибаділдаев Мейірбек
9. Тұрсынова Балтагүл
10.
Молдабаева Рсалды
11.
Оразов Ұзақ
12.
Төлегенова Ұмсынай
13.
Құдайбергенов Кенжебек
14.
Уашова Нағима
15.
Ахметов Балғабай
16.
Әнуарбекова Мақсат
17.
Бершімбаева Бәһар
18.
Дүйсенбаев Бердияр
19.
Ибатаева Нағима
20.
Нұрмағанбетов Құрмаш
21.
Мәкенова Құралай
22.
Дүйсенбекова Халифа
23.
Пірназарова Патыма
24.
Есіркенова Бибіхан
Өмір көрсеткіші
Мен өмірімнің бір кезеңін (18 – 40 жас аралығы) өз
омырауыма жазып (іліп)қойғандаймын ба деп қалдым.
Шындығынды да, дәл солай екен –ай! Ер басына күн туғанда
майдан шебінен табылдам, жүрдім жаумен жағаласып. Оны
көрсетіп тұрған – “Ұлы Отан соғысы”ордені болса, қан майданда
істеген,көрсеткен еңбек пе, не ерлік пе, қалай айтайын, оның
белгісі – “Қызылжұлдыз” ордені ме деймін. Өзіме өзім ой үстінде
жатып, дүниеге келдің, не бітірдің деген сұрақ ойыма түскенде.
100
Ал, “Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аса алмайсыңға”
ше? Оған жауап Каз ГУ – дің значегі ме деймін. Ойлаймын, солай
да еді. Сол жылы (1963ж.) 6 баланы асыраймын, үй де салдым,
КазГУ – ді де бітірдім. Шаршағандығым сонша – кітаптың бір бетін
екі бөліп оқимын, көзім қарауытады, басым айналады. Солай
бола тұра менде (сырттан оқысам да) үштік баға деген болмады.
Программада көрсетілгендерді түгел оқыдым, конспектіледім.
Филология ғылымдарының кондидаты Орынбасар Төлегенов III
курста жүргенімде – ақ өзінің докторлық диссертациясын маған
диплом жұмысы етіп ұсыныпты –ау! Оны да кейін білдім. Қазақ
тілі грамматикасынан қорқа бермейтін болған соң, алмадым; ол
кісіге ешнәрсе де айтқаным жоқ. Диплом қорғау кезінде ғана ол
кісі байқады. Мен әдебиеттен қорғадым, үйткені мұның
бұралаңдары шатастырар дедім. Тақырып тандағаным жоқ,
жетекші таңдадым. Сүйтіп жүріп, қазақ әдебиеті емес, татар
әдебиетінің классигінен бір – ақ шыққанымды тақырыпты
алғаннан кейін білдім. Ал енді ізденуге сонда бастым. Менен
Ғылым Академиясының кітапханасы қалмады. Бұл тақырыпқа осы
күнгі академик, ғылым докторы болған Рымғали Нұрғалиев
дайындалып жүр екен ( Ғ. Ибрагимов, “қазақ қызы” романы). Бірақ
тақырыпты мен бұрын алып қойыппын. Ол өзі зерттегендерінен
маған ешнәрсе бермеді. Қазан университетіне барып, Ғ.
Ибрагимовтың юбилейіне де қатысқан екен. Ол жігіт түсіп оқушы,
Лениндік степендиант екен. Жетекшім – ол кезде, филология
ғылымдарының кандидаты Зейнолла Қабдолов. Мақұл, жетекшім
іздеп тапқаныма ризашылық білдірді. Жасаған жоспарыма да
келісті. Диплом жұмысын бір айдай күн – түн отырып жаздым.
Болмасаң да ұқсап баққа салып, М. Әуезовтың «Абай жолын»
жазу тәжірибесін пайдаландым, яғни тарихи тақырыпқа роман
жазуда, ол кісі бүкіл дүние жүзіндегі тарихи романдардың жазылу
жайын салыстырған екен.
Міне, шаршағанның әкесін сонда көрдім. Бірден көзге әйнек
киіп шыға қалдым. Көз деген қызарып, аштырмай қалды. Содан
ондаған жыл кітапқа да қарай алмадым.
Осылай теңселіп шыққанымда, маған аспирантураны ұсынды
ғой. Оған шама жоқ. Кім қаражаттан көмектеседі? Бала – шаға
ше?! О, Шіркін! Сол кез мен 40 – қа келген кезім екен ғой!
Жасымнан жетім өскен менің жілігімнің майы таусылғаны ма,
қалай?! Енді оқуға жарамаймын деппін ғой. Сонда да болса,
ұстаздықты жалғастырудамын. 1975 жылы аудан бойынша 850 –
дей мұғалім бар. Аудандық «Құрмет тақтасында» оқытушылардан
менің ғана суретім тұрған кез. Мен мұны өз табысым ғана екен
деймейін: менің ұстаздарымның, ғалым докторлар,
академиктердің маған берген, мені сусындатқан жұмысының
нәтижесі санаймын. Мен бірден оқытушылықты 1975 ж. ноябрьдің
басынан ( I тоқсан аяқталысымен) тастап жібердім. Байқаймын,
101
тапқан табысым ремонтыма жететін түрі жоқ: нерві тозған, енді
ауысудың алдына келгендеймін. Сонымен 7 жыл «Выслуги лет»
дегенге шықтым. Сол күннен бастап, анайылап айтсам,
шынжырдан босанғандай болдым.
21/VI – 1976 16:33
Денсаулықты бір жүйеге түсіріп алған соң, тағы да кітапқа
үңілуге бастым. Өмір өткелдерін қағаз бетіне түсіруге көштім.
Сүйттім де, ешқандай жанымнан қоспастан болған жайларды
жазуға кірістім. Ол «Бастан кештім, көз көрген» деген атпен
басталды да, бірнеше бөлімдерге: «Дұрысы мен бұрысы»,
«Ілгерінді – кейінді», «Құрдастардың қылығы», “Тіршіліктің
сыйқы мен сыры» , « Ойға келген оралымдар,” “ Өнеге
сөз – өрісің, өнегелі іс – ырысың» т.б. болып аталады.
Ой көлеңкесі.
Ойдың таяғына сүйеніп өткен адам.
Жарық дүниеге келген сәбиде ой мәселесі әлі бола қоймас
керек деп түсінемін. Дегенмен, ол дүниеге келісімен – ақ, бір
нәрсеге риза емес сияқты; жылап туады, шыңғырған дауысы
басқаларды шаттандырып жатады. Бұл туралы бір ауыз өлеңге
бұкіл адам баласының өмірін сыйғызып жазғам Қадір
Мырзалиевке тағзым етемін:
«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын».
Жаңа туған сәби жарық дүниеге үйрене алмай, бұл дүние ана
құрсағына қарағанда ұнамағандықтан жылап жатуы мүмкін. Бірақ ол
сәби сол дауысын саналы түрде ойланып шығарып жатыр деуден
аулақпын. Ой адам баласына сана сезім арқылы келсе керек деймін.
Демек , сол ой адам баласына мына жаста келеді, жетіседі деп кесіп
айту да ағаттық болса керек. Ой адам баласына тәрбие арқылы,
өмір сүрген ортасына байланысты, өмірдің түрлі – түрлі соқпақтары
десе де болар, жолдары арқылы, әсіресе, жеке басына түскен
қиыншылықтары, арман – мүддесі арқылы келе ме деймін. Солай
болса, ойсыз адам болмаса керек. Ойсыз болу деген сөз – жақсы сөз
емес. Олай болу ақыл – естің кемдігі, яғни адамға тиісті қасиеттердің
жетіспегендігі дер едім.
102
–
Сонда кез – келген адам ойдың таяғына сүйене беруі
керек пе?! – Жоқ, олай деуге болмайды. Көпшілігінде ақылдасары
бар, пікірлесері бар, ата – ананың тәрбиесін көргендерге ол таяқ
қажет бола бермесе керек.
Қазір жетпістің қырынан асып, яғни екінші бөлігіне ауыссам да,
әдетте қартайғандар үшінші аяқ орнына ұстайтын таяқты ұстай
қойғаным жоқ. Бірақ ойдың таяғын ұстағаныма, сонымен
санасқаныма көптеген уақыт болды. Менің өмірім маған соны қажет
етті: Ата – ана тәрбиесін көргенім жоқ, жетімдіктің зардабын бір
адамдай бастан кешірдім. Ақыл айтарлық, демерлік аға да бола
қойған жоқ. Болғанмен, бірге тумаған соң, басқаның аты басқалау.
Жоқ емес болды, тек аты ғана десек болады. Ал қазіргі шағымда әлі
жетіммін деуім ұят болар, естіген құлаққа бірақ сол ертеректе
қолыма ұстаған таяғымды әлі тастағаным жоқ. Қайта мықтырақ
ұстап, сүйенуді молайтып келемін бе деймін, кейде өз ойыммен өзім
сөйлесіп. Көзімді жұмсам болды, сол таяқ қолыма сарт ете қалады.
Оқушым артық па, кем бе, сіздің басыңызда бұл бар ма, жоқ па, оны
өзіңіз біліңіз. Мені бұл үшін кешіріңіз.
Бір бейбақ «Жылқылы байдың қызы болмасам да, ешкілі
байдың қызымын» десе керек. Әке – шеше тәрбиесін көрмесем де,
жетім өссем де, ауқатты, орта шаруасы бар тұқымның ұрпағы
екенімді менің әке – шешемді, ата тегімді білушілер айтқанын естідім
де. Ойдың таяғын мықтап ұстадым деп мақтануға болмайды. Оны
білемін. Ой дегенге ерік берсең, оның соңына ере берсең, сені
адастырып, керек десең, жындандырып та жіберуі мүмкін.
Адам тоқтасып, қартайған соң, ұмытшақтық деген саған жолдас
бала қояды екен. Сол кісі менімен жолдас болып алды. Ұнатпаймын
оны. Ақыры осы ұмытшақтық алжастырып жібере ме деген үлкен
қаупім бар.
Уақыт жетіп те келе жатқанын күн санап сезінемін. Тізгін
дегенді тиісті егесіне берген де дұрыс – ау. Бірақ бірден түгелдей
жіберу әлі ертелеу ме деймін. Дегенмен, бәйге атының тізгінін
мәреге жақындағанда, шабандоз бірте – бірте босатқан. Әдісін біз де
істегеніміз жөн бе деймін. Бірден босатсам, тұлпар болып шығып,
алды – артына қарамай, қарасын көрсетпей, айырылып қалуға да
болатын жағдай болады. Бұл – жануарларда болатын жағдай.
Дегенмен, бәрін де бір Алланың өзі жаратқан емес пе? Сол дағды
адамға ауысса, қалай болар дейсің. Сонымен, сол ойдың, таяғы
маған осы шежіре, естелік іспеттес біраз нәрселерге түрткі болып,
соларды жазған болдым. Кемшілігі , артық кеткен жерлерін
кешіріңіздер.
Елдегі құрдастарымның, замандастарымның өмірінен де
жазған болдым. Кім екенін басқа бір жерге (кейіпкерлерді) жазармын.
Ақиқат болған жайлар екеніне кәміл сеніңіз.
103
Бұдан былай ойдың таяғының орнына, қартайғанда «үш аяқты»
деп аталатын таяқты ұстаған да жөн бе деймін. Ол таяқ – әсемдіктің
таяғы емес, үшінші аяқ, құлан қалмаудың құралы.
Оқушым, оны сіз де теріс дер қоймасыз деймін. Жас шағында
адам батыр болады ғой. Сол батырлықтың алғашқы кезі саналы
батырлық емес: өйткені жас сәби еш нәрседен де қорықпайды. Ол
жақсы – жаман, пайдалы – зиянды толық түсіне бермейді. Оның
бәрін ол бірте – бірте түсінеді. Жас сәбидің қолына жылан берсең,
ұстайды. Ол оның не зат екенін білмегені. Білген соң, оған ол
жоламайды, қашады. Демек, жас кездегі батырлықтың бәрі саналы
болмағаны. Ал есейгеннен кейінгі батырлық та, саналық та, кейде
саналық ойдан гөрі қызулық басым болуы да кездеседі. Бекер
айтпаса керек халық даналығы «Батырда ес болмайды” деу.
Көпшілігінде жас адам қорқудан аулақ болады. Ал қартайған
шағында, әлсізденгенде, қорқу жағы басым бола берсе керек.
Қорыққан дегенді тіпті жамандыққа тели беруге болмайды ғой деп
санаймын. Әрине, тіпті қорқақтық тәуір нәрсе емес. «Қорықпас келін
қой басынан қорқады» деу осыған дәлел сияқты. Қорқудың да
саналы, санасыз жағы бар ма деймін. Саналы жағына, алдымен,
Құран кәрімді оқып отырғанымда «Құдайдан қорық» сөзін аяғыңды
басқан сайын, яғни оқыған сайын, көз алдымнан өтіп жатады. Бір
жерінде де “Құдайды сыйла” сөзің кездестіргенім жоқ. Кітапта
Құдайды “Алла” деп келтірген. Бұл – саналы қорқу. Сыйлаудың
төркіні – қорқу. Қорықпасаң, сыйламайсың. Ал, аты жоқ, жөні жоқ
үркек қорқу – нағыз қорқақтық болар. Біреулер айтады, өлімнен
қорық дейді. Жоқ, оған мен келісе бермеймін. Сен өлімнен
қорыққанда, сонда өлмей қаласың ба?! Олай қорқу үркектік болар.
Әдепсіздікке, санасыздыққа барма, өлесің десе, ол – бөлек. Толық
түсіне білген жөн. Дүниеге келгенің анық болса, сол дүниеден кетерің
де дәл сондай анық. Ал, өлемін деп қорқу – ақымақтық. Өлмеймін
деп, өлімнен қашу да, ақылдылыққа жатпайды. Бірақ, Алла айтыпты
дейді ғой, “ Сақтасаң, сақтаймын” деп. Сақтанусыз біле тұрып,
“Құдай сақтасын” деген бір сөзді ту қылып ұстап алып, оны бұзылмас
заң етіп ұстауды да дұрыс демеймін.
Дүниеге келген соң, адам деген атақты атқа ие болып алған соң,
адамгершілік қағиданы сақтай отырып, жарық дүниеде өзіңе жайлы
жағдайды жасауың тек қана өзіңе, тек қана өзіңе байланысты. Солай
бола тұрып, тағы да адам деген атыңа кір келтірмей, өз өмір
тәжірибеңді, ақылыңды, өзіңнен кейінгі ұрпағыңа насихаттауға
міндеттісің. Мейлі ол оны іске асыра ма, керексінбей ме, бірақ сен
айтуға міндеттісің. Менің ойым осыны жазып кет деп отыр. Сауатым
болған соң, менен кейінгілер оқыр деп жазып та отырмын. Жазуға да
шамам келмей қалатын уақыт боларын да сезінемін: ағам
Сағынбайдың соңғы өмірінің 20 шақты күнінде күзетінде отырдым.
Бір нәрсе айта ма, тапсырмасы, тілегі бар ма, не дер екен деумен
отырдым. Соңғы минуттары, соңғы демі таусылғанға дейін (11
104
апрель, 17 сағат 10 минут, Қызылордаша), яғни 81жасында
қайтқанда күттім. Ешнәрсе де айта алған жоқ. Кім біледі, сол жағдай
менде болмасына. Сондықтан да жазып отырмын.
Ағайын – туыссыз емеспін. Бұл қонысқа көшетінім туралы
ешқайсысымен де келіскенім жоқ. Маған айтқандары да болды,
көшпеуді. Қоныс аударуды өз шаруам деп санадым: Экологияның
зардабын сезіне бастадым, аз күн қалған өмірімді тазалау жерде
өткізуді мақсат санадым. Ендігі ойымның маған айтатыны – саған
кеткеніне ішпей риза болмаған туған – туысың бар ма, жекжаттарың
бар ма, уақытын тауып, әдейі арнайы барып, дүниеден қайтқанына
бата сал, дұғыңды оқып, тірісіне жүзбе – жүз кесдесіп қайт дейді.
Соны дұрыс көріп отырмын. Менің өмір тәжірибемде өткендердің
өзімен қоса жиған – тергенді алып кеткенін көргенім де жоқ, естігенім
де жоқ. Және бұл дүниеден тойдым, мәңгілік жайыма қайтайын деп
барғандарын да көріп, есіткенім жоқ. Тағы да бұл дүниеден кетіп
бара жатқанына қуанып бара жатқанын да көрген де, есіткенім де
жоқ. Сонда қалай?! Ол дүниеден өтуге қарсы ма? Жоқ. Олай болмас.
Ол – лажсыздық. Қолынан келері жоқ. Қарсы тұра алмаушылық. Сол
маған да, саған да, бәріңнің де басыңа туары сөзсіз. Бұған мен кәміл
сенемін. Ендігі тірі кезімде қолымнан келері не? Артыма із қалдыру.
Күндердің күнінде “Солай еді – ау!” дерлік бірдеңе қалдыру. Ол,
біріншіден, ұрпақ. Екіншіден, айтып жүретіндей уағыз, пікір сөз. Тіпті
болмаса, өз өмірімнің тәжірибесі, өмір сүрген кезеңімнен естелік пе,
әйтеуір бірдеңе. Соған осы бұйымтай бола ма деп отырмын.
27.04.1998ж. 15сағ.52мин.
Алматыша.
Үш толқын.
1996 жылы қыркүйек айының соңғы кездерінде елге барған
едім. Баруыма басты себеп болған 10/X – 96 ж. Тасболат үшінші
келінін алып, тойға шақырған. Дәл сол күні Райхан Асанмен бірге
Кокшетаудан бізге келмекші де болған. Сонымен, мен тойға
кешігіп, өткен соң бардым, 20 күндей жүрдім.
Қазан айының бірінші аптасында демалыс күні әдет бойынша
мұғалімдер күні деп саналатын, дәстүрлі мереке күні еді.
Туған ауылым бұрынғы «Қазақстанның XXX жылдығы» совхозы
Шиелі ауданы. Бұл жерге түстен кейінгі сағат 3:00 тегі
жолаушылар таситын автомашинамен аудан орталығынан келіп
жеттім.
Осындағы балам Нұрғалымның үйіне кіруім мұн екен, бір бала
қолыма шақыру қағазын жеткізді. Мазмұны – «Бүгінгі 16:00 да
болатын мұғалімдердің төл мереке күнінің қонағы
болыңыз.Мұғалімдер коллективі».
Бұл мектеп Абай атындағы қазақ орта мектебі еді де, мен онда
көп жыл жұмыс істеп, зейнетке кеткеніме (алдында выслуги лет,
105
соңынан жасым келгендіктен) 21 жылдан асып барады. Мұндағы
дәл қазіргі жас ұстазрдардың ұстаздарының ұстазы менің Ұлы
Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі шәкірттерім еді. Мерекелік
кештеріне де келдім. Жүзден астам кілең жастар. Барлығы да
мені таниды, ал мен болсам, танитынымнан танымайтыным көп,
кейбіреулерін түсіне қарап, ата – аналарына ұқсатамын,
шырамытамын.
Мерекенің дәстүрі бойынша алғашқы құттықтау бөлімі өтіп,
ұстаздар мен шәкірттерінің бірлескен өнер – сауық кешіне
жалғасты. Ұмытылып бара жатырған қазақ халқының ата
дәстүрлік тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне де ойысты. Бәрі де
жарасымда орынды болып жатты.
Бір кезде мен қасымда отырған зейнеткер ұстаз
Алдабергенұлы Тұрсынбайға:"Мына менің қасымда отырған
немеремнің аты– Мөлдір, өзі биыл 3-класста өте жақсы деген
бағамен оқиды. Бұл қызым өзінен бастап, 22 ата-бабаларының
атын жатқа айта біледі",– дедім. Тұрсынбай кешті жүргізушіні
шақырып алып, сыбыр ете қалды. Бір мезгілде кешті
жүргізуші:"Алтынбекова Мөлдір сіздерге өзінің әкесінен бастап, 22
атасын айтып береді.Қол соғайық, халайық!"-деді. Мөлдір аспай-
саспай, өзін қазаққа дейін атап шықты.
Осы отырғандардың ішінде жеті атасын біле бермейтіндері де
болатын.
"Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер деген осы ғой, анау
отырған атасынан үйренген екен, "Бақытты болсын!",– деп
жатқандары болды. Кеш соңы мектепте 180 орындық (соңғы
жасақтарымен жасалған) асхана болатын. Сол асханаға қонақтар
шақырылды.
Бұрын да бұл жерде талай болып жүргенбіз. Бұл жолғы бір
ерекшелік-тентек сү деген атымен болмады. Қазақтың дастархан
жасау жолдары түгелдей бар. Қиыншылық заман демей, үш
жерден айта беретін қойдың басы тартылды. Тағы бір ерекшелік-
керсен-керсен Шұбат құйылып жатты. Ән-би, мерекені құттықтау
сөздер.
Дастархан басындағы алғашқы сөз маған берілді. Мен сөзімде:
"Құрметті ұстаздар! Мен үлкен толқудың үстінде тұрмын.
Аузыма сөз де түспей тұр ма, қалай! Өзімді-өзім билей алмай
тұрғаным. Қарап отырсам, осы қазіргі жұмыс жасап жүргендердің
ең үлкені, ақсақалы деп те айтсақ болар, 1950 жылғылардан екен.
Сендердің құрметті зейнетке шығарған устаздарың Бәкірұлы
Асанбектің демалысқа шыққанына жыл болды емес пе?! Ол-
ССРО Халық Ағарту ісінің озаты, "Еңбек Қызыл Ту"орденінің иесі
еді. Сендерге ол бір үлкен аға, ұстаз еді. Сол Асанбек менің
соғыстан кейінгі 1946 жылдардағы шәкіртім болатын. Ал сол
Асанбектің өзі екі толқын ұстаздық еткен шәкірттерін көріп отыр
екен. Қазір ол мұнда қатыса алмай отыр, емделуде екен. Ал
106
мынау менің қасымда отырған Жұмабайұлы Асан да Ұлы Отан
Соғысынан кейінгі менің шәкіртім еді.Бұл да екі толқып ұстаздық
еткен шәкірттеріне сүйсініп отыр.
Қалайша мен толқымаймын. Көзге жас қуанғанда да,
қорыққанда да келеді екен. Көзімдегі жас қуанғандықтың, өзімді-
өзім игере алмағандықтың белгісі болар. Сендерге де менің
жоламды берсін! Менен де дәрежелі бола беріңдер!"– деп, жақсы-
жақсы тілектерімді жолдадым.
"Шәкіртсіз ұстаз -тұл" деген осы екен-ау! Мен Ұлы Отан
Соғысын аяқтап келгенімде, соғыстан бұрынғы маған 3-класста
оқыған Жаңақорғандық Файзулла деген жігіт Каз ГУ-дің соңғы
курсында оқып жүр екен. Ол да мені өзі таныды. "Бесіктегі бала
бес түлейді" деген, тіпті өсіп кеткен. Кейін ол ғылым кандидаты
болған кезінде (1956 ж.) тағы мені Алматыға барып,
"Просвещенец" демалыс үйінде жатқанымда іздеп барды, бірге
болды, сыйласты.
(ойыма қайта оралғанда, қағаз бетіне түсірдім. 4/I 1997ж.
Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы).
Өз ойымен сөйлескен адам
–
Адам ішінде жасырын сыры тұра ма? – деді ойы.
–
Жоқ, – деді адам.
–
Неге? Дәлеліңіз қайсы? – деді ойы.
–
Онда тыңдаңыз, – деп бастап кетті адам:
1) Қазақ атаулыда тақ тұрмай қалмайтын әділет иесі
саналатын билерден Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек
бидің де айтпаған сыры болыпты. Мен соны “Түп
жұқиянымнан өзіме шейін” деген Қазыбек бек
Тауасарұлының кітабынан оқыдым.
А) ... Арғын Қуандық ішінде Тимеш руында Нұрқожа би тұқымы
Қарымсақ әйелі баланы туады да, дүние салады. Ұлдың атын
Жолбарыс қойды. Жолбарыс есімін берген – Қазыбек бек.
Қарымсақ та өледі. Баланы ұрлатып алып, Абдоллаға жеткізеді
(Төре тұқымы, Әбілхайыр ханның әкесі). Тумай жүрген әйелі
емізгенде, емшегінен сүт шығады. Бір жылдан соң, сол әйелі
жүкті болып, ұл туады. Атын Әбілхайыр қояды (кейін хан
болған). Жолбарыс төре тұқымы емес. Кейін Төле би
Жолбарысты хан көтерген (Абілхайырдан бұрын).
ә) ... Қалмақтың қолына түскен 200 – дей балалар бір жылдан
соң
қайтарылады.
Соның
Жүздейінің
егесі
табылмайды(Жаугершілікте қаза бола ма, басқа да жағдай бар
ма, ол жағы айтылмайды); Соның ішінен 11 жасар қызды
Сеңкібайдың Қарабайы асырап алады. Аты – Аршын (Жиренше
қызы екен). Қысқартып жазып отырмын, толығын түпнұсқадан
оқуыңызға болады. Аршыңның екіқабат екенін Төле би есітеді.
107
Осыдан туған ұл бала – Әбілмәнсүр. Екі жылдан кейін Төле би
Абылайдың Уәлиімен келісіп, соның әйеліне табыс етеді (бедеу
әйеліне). Бала алтыға шығады. Уәли де, әйелі де індеттен
қайтыс болады. Баланы Төле би өзі қайтып алады. Кейін сол
баланы хан сайлайды. Бұл сырды Бұхар жырау, Қазыбек бек,
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Қарабай мен оның
әйелі – алты адам ғана біледі(сол кітапта, 295 – 302 беттерде).
2) Маңғыстау түбігінде 362 әулие бар көрінеді. Сол елде бір
әйелдің баласы жасына жетпей дүниеден өте береді. Зарыққан
әйел тарығып, бір әулиеге барып, қолындағы бір қыз
перзентімен түнейді. Ол әулиенің басында ешкімге көрінбей,
дүниеден өткен бір қызы күтеді екен әкесін. Бір бөлмеде
салулы көрпеше бар көрінеді. Алыс жерден шаршап келген
әйел түнде ұйықтап кетеді. Қасындағы жас нәрестесі көрпешеге
кіші дәретін жіберіп қойыпты. Жаңағы әулиені күтуші қызы сол
көрпешені жуып, қайтадан салып жатқан кезде, жас әйел оянып
кетіп, бейтаныс қызды байқап қалады. Сонда қыз: “Егер мені
көрдім деп айтатын болсаң, балаң да, өзіңде өмір сүрмейсің”, -
дейді. Зиянат жасап, әйел еліне келеді. Жыл өтеді, перзенті ер
жетіп келеді. Тағы да уақыт өте береді. Сол әйел сырын
ешкімге айтпай жүре береді. Сыр ішін жарып бара жатқандай,
енді ешнәрсе етпес деп, бір күні ең жақсы деген бір құрбасына:
толғанады. Ол әйел де ешкімге айтпауға уәде береді. Айтуы
мұң екен, жаңағы әйел дүнйе салыпты.
3) “Құран хикаялары” деген кітапшаның 216 бетінде Мұхаммед
Хафизаның отауында болады. Хафиза еріне төркінін
сағынғанын айтып, барып келуге рұқсат алады. Бір күні
төркінінен келсе, Мухаммед Айша бибісімен Хафизаның
отауынан шығып келеді екен. Оған Хафиза ренжиді. Мухаммед
осы уақиғаны ешкімге айтпа, мен саған ерекше қарайын деп
сөз байласады. Хафиза да уәде етеді. Күндердің күнінде осы
сыр да ашылады. Мен ойлаймын, әйел ауызында сөз
тұрмайды деген осындайға байланысты айтылған ба деп.
4) “Қазақстан әйелдері” журналының 1995жылғы №12 санында,
24 – 25 беттері, “Өзегімді өртейді ар азабы” деген мақала бар
екен. Сонда бір Назыгүл деген әйел (бұл жасырын аты болса
керек ) сыр айтады. Жазған хатымды “Н.С.Е.” деген жас
келіншектер өзінің күйеуінен басқалармен жүргенін жасырып
жүрсе де, сыр етіп айтып қойыпты (“Н”-ның ұлы тергеуге түседі,
соны құтқару үшін прокурорға мәжбүр болады да, кейін дағдыға
айналдырып алады. “С” дейтін келіншектің күйеуі ішкілікпен
айналысып , 3 баласын асырай алмай, ауылында өзіне көз
салатын зейнеткер шалмен байланысады, жолығып тұрады.“Е”
деген келіншекті көршісі баса көктеп зорлайды, оны ол айта
алмайды. Бұл да сонымен ісін әдетке айналдырып алады).
108
Мұнысымен тұрмай, Назыгүл осыларды “Жезөкше деуге бола
ма?”– деп те сұрайды. (Түп нұсқасын тауып оқуыңызға болады).
5) “Х.Ә” деген күйеуге тимеген біреу армияда жүрген
танысымен хат арқылы махаббатын білдіріп жүреді. Елге жігіт
келеді де. Бұрын ол өзінің ары таза екенін айтушы еді.
Келгенде, олай болмай шығады екен. Бірақ кездеспей тұрып-
ақ, қыз шынын айтады: біреу үйге қамап алып , ойына жетсе
керек. Бірақ ол оны ұнатпаса керек. Армиядан келген алмайды.
Анау алғашқыға қосылады, ұзақ өмір сүре алмай, қыз
аурулықтан қайтады. Мен мұнікін өткен “Н.С.Е”-лерден дұрыс
па деп отырмын.
6) Біз, қараңғы қауым, Әкім Лұқпан деген кісі мыңжасаған екен
деген сөзді есітеміз. Сол кісі кім екенін мен кітаптан оқып едім.
Туғанда әкесінің қойған аты-Хусайын. Бұл кісі өте зерек,
ақылды да, білімді болған. 9 жасында құранды түгел жатқа
білген. Бұхараның оқуын тауысқан. Ұлықтардың жанында
ақылшы да, уәзір де болған. Ұлықтарға жақпай қудалауды да
көрген. 53-ақ жыл өмір сүрген, үйлене алмаған. Қудалауда
жүргенде атын да бірнеше рет өзгертеді: “Ибн Сина, Абиссина”
т.б.
Мына біз тәуір көріп жеп жүрген Хусайын жүзімі сол кісінің
жасаған сорты. Сол білімдінің атымен аталып кеткен-ді.
Енді айтылмаған сырға көшейік. Бір ұлы емші, әрі дәрігер
қамауға түсіп қалады. Ол былай болған көрінеді: Жаугершілік
кезде бір елдің әскери басшысы екінші жау жағының батырын
уланған садақ оғымен атады. Ол адам енді өлуі тиіс. Соны
жаңағы дәрігер емдеп, өлімнен алып қалады. Сол дәрігер
қамауда отырғаннан бұрын, батырды уланған оқпен атқан
әскери басшының аяғына уланған оқ тиеді. Енді бұл да өлуі
керек еді. Ел ішінде осыны алып қалудың жолы
қарастырылады. “Ел құлағы елу” деген сөз бар, бұрынғы
уланған садақ оғынан өлмей қалғанды жазған адам туралы сөз
болады. Соны іздеп табады.Енді аяғына улы оқ тигенге адамды
алып келгенде, емші аяқты кесу керек, кеспесе у тарап, денесі
бұзылады, өледі дейді. Ол әскери басшы оған көнбейді. Сол
кезде емші осындай жағдайдан уланғанды емдегенін айтқанда,
анау соны алып қалған сен бе едің деп, емшіні жазғырып,
қамауға алдырған екен. Сол емші қамауда отыра береді.
Өмірінде жазып жүрген мол дәрігерлік кітабы бар екен. Әлі елге
тарала қоймаса керек. Кім білсін, оны неге таратпай жүргенін.
Сол емші өлу халіне келеді.
Қамауда отырған бөлменің есігін қағады. Күзетшілер келіп,
дәретке шығасың ба десе, жоқ, шықпаймын. Менің ешкімге
айтпаған белгісіз дүнием бар еді. Мен өлу алдында тұрмын.
Сол дүниемді сендер алып, пайдаға жаратындар. Ол – біздің
үйде текшеде тұр, кітап. Сонда дүниедегі аурулардың түрлері
109
оған қолданылатын ем туралы жазылған дейді. Күзетшілер
мынау қашайын деп тұр екен деп тыңдамайды. Тағы есікті
қағады. Тағы сол сөз. Күзетшілер ойланып тұрып, қой мынау,
қайда барады, жүруге де жарамайды деп, айдап отырып үйіне
келсе, емшінің кемпірі пештің алдында от жаға алмай бүрісіп
отыр. Әбден қалжыған екен. Келген жұмыстарын айтып, кітапты
сұрайды. Сөйтсе, сол кітапты күнде кемпір от жағуға тамыздық
жасайды екен. Кітаптың екі – ақ парағы қалған екен. Сол
дәрігерлік кітаптың әкім Лұқпан қалған екі парағын ғана оқыдым
ғой, менен де өткен емшілер болған ғой деген екен.
7) Бұл әңгіме мен ертеректе минералды су (минводы)
демалысына емделуге барған кезімде есіткенім. Атырау
(Гурьев) облыстық па, қалалық па атқару комитетінің бастығы
оқымысты, білімді кісі екен. Әйелі – орыс. Бала дегеннен
жалғыз қыз. Ол болса Ленинградтта (Санкт – Петербургта)
оқып, сонда жұмыста екен. Жаз айында үйін үш құрылысшыға
ремонтатады. Бірнеше күн (күрделі ремонт) бұлар осында
болады. Үй иесі тұрмысты кісі екен, оның інісі Ақтөбеде үлкен
қызметкер көрінеді: енді орыс әйелдің ойы бұзылады:
«күндердің күнінде мына байлық , мына үй кімге қалады?»
деген ой жанын жегідей жей береді. Ойлана – ойлана, күйеуінің
көзін жойғысы келеді. Үйді жөндеп болған соң, құрысшылармен
келісіп, бір күндері түнде өлтіруді үәделеседі де, өлтіртеді. Өлім
кімнен болғаны белгісіз. Әйелі қатты қайғыға бөленген. Жақсы
бастығына елі де, туыстары да қаралы қайғыда. Ақтөбедегі
бауырлары да жиналған. Қанша дегенмен, басшы адам,
жаназасын шығарып болып, үлкен митинг жасалады. Митингіде
туған інісі орысша сөйлеп тұрып, ағасының өлімін «Шайт!» деп
айқалап жібереді. Қалған орыстар бұл не деп таңырқап та
қалып, бұл не сөз деп сұрасып жатады.Өлген өлді,жерледі, іс
бітті. Жоқ іс бітпепті . Заң қызметкерлері астыртын іздеу
жұмысын жүргізе береді екен. Үш жыл өткен. Бір күні кешкілік
асханада үш адам масаң ішкілік үстінде ұрысып қалады. Бұлар
баяғы үш құрылысшы екен. Сыртынан тыңдаушы да қалмай
жүреді – екен. Ол жұпыны киім киген , ол да масаң, ол да сол
асханада қалған қалдықты жен жүрсе керек.
– Сен үлесті көп алдың ! Маған тиістіні бермедің!– деген сөз
айтылып қалады. Керегі де сол еді. Тергеу барысында жалдамалы
жендетер де, қара жүрек сұмпайы жалдаушы әйел де ұсталады .
8) Мынау әңгіменің варианты әртүрлі жазылып тұр. Бәрінің де
айтатын сол – бала, іште келген бала. Арабтар мен монғолдардың
жауласуында арабтардың ел басшысы Аби Малих Бахадурдың
Гүлсара деген әйелі тұтқындармен қосыла қолға түседі. Ішінде алты
айлық бала бар. Монғолдың ел басшысы Нехнур некелеп алмақшы
болғанда, Гүлсара іштегісін тууға, содан соң қосылуға рұқсат алады.
Туады да. Ұл туады, атын Тимучин қояды. Бала ер жетеді, қабілеті,
110
ақыл-ой, күші басқалардан артық. Өлерінде анасы Гүлсара
Тимучинге «Шыңғыс» деген ат қояды, болған жағдайды жасырмай
айтады. «Шыңғыс» – араб сөзі, қазақша – «Пәк таза» деген ой ұғым
дейді менің оқығанымда.
9) Тіпті шапса да, отқа салса да, атса да өлмейтін жын-перілердің
жаны өзімен бірге болмайды екен, жаны басқа жақта сақталады екен
деген ертегілерде де айтылып жүр ғой. Сол жанның қайда екені
сыры айтылып, ақырында, табылады, өлтіріледі.
10) Нұх Пайғамбардың тұсында, пенделері Пайғамбарға бағынбай,
топан су болады дегенге байланысты жағдай. Топан су енді болады
деп тұрғанда, қайыққа керектілер түгел салынған. Бір адам келіп,
Нұхтан сүйінші сұрайды: «Кіші әйеліңіз ұл туды!» дейді. Нұх келіп
көрсе, балаға ықыласы ауып кетеді. Баланы алғысы келеді. Бірақ
артық нәрсе алса, қайық суға батады. Аллаға үш рет періште арқылы
сөз салмақшы болса да, батылы бармайды. Алла бәрін біліп
отырады. Ақырында, Алла: «Пендем, осымен үш рет келдің, неге
айтпайсың, айт!» – дейді. Нұх баланы алғысы келеді. Кемеге дінді
қабылдағандар ғана мінетін еді. Баланың шешесі дінді
қабылдамаған екен. Сонда Алла Нұхққа : «Бала деген әкеге – күмән,
шешеге – аян» – дегенде, сыр ашылған екен.
11) Бір кісі өлтіруші өлгенде рухы қайда болатынын білмек болып
(аңыз әңгіме), Аллаға бет алады. Жолда кездескендердің бәрі де
бұған таң қалады: «Сенің жаның тозақта» деген ой келсе керек.
Жолда бір дихан: – Менің кәсібім – диханшылық, ешкімге қиянатым
жоқ, менің жаным жанпатта ғой деп ойлайтын еді. Енді – бір
діндарлар менің жаным Жанатта болмай, қайда болсын , намаз ,
оразам түгел, құдайға құлшылық етемін дейді екен. Енді бір мүсәпір
кездесіп, ақуалының нашарлығын айтып, кісіге көмек те бере алмай
жүргенін айтып, ақыры бара жатыр екенсіз ғой, менің де жайымды
біле келесіз бе?– деген екен. Сол кісіге жаңағы уәде беріпті. Енді
жақындап қалдым– ау дегенде, қарақшыға кездеседі. Бүл мұны
өлтірмекші. Қалай айтса да көнбейді. Кісіден алған аманатым –
уәдем бар еді десе де көнбейді. Сол аманатарды табыс етейін,
сосын жанымды ала бер десе де көнбейді. Ал, болмаса, сенен
бұрын 99 адамның басын алып едім, сен 100-бол деп, басын алып
жіберіп, болған істің бәрін жасырмай айтқанға, шындық иесі, аманат
тапсырушының рухы жаннат та екен де, Күпірлік ойға келгендердің
жаны жаннатта емес екен деген сөз тағы бар.