Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 14 (всего у книги 27 страниц)
«Жұлдыз», №9,2002ж. 111-120 беттер
11. Г.П. Малахов «Целительные силы»
I,
II
том.
2000г.Колифорническ.Междун. Академии наук. Бишкек
Тіршіліктің сыйқы мен сыры
«Шектен шыққан сезімталдық дүние мәнсіз екендігіне деген
сеніміңді күшейте түседі. Ал ойшылдық болса, бүкіл тіршілігіне
мағына береді» («Егем. Қаз.», 18 қазан, 2002 жыл.)
Тірі заттар.
I Адамзат.
Яғни Адамзат жаралмай тұрып, табиғаттағы түрлі заттардың
пайда болуы, оның түрлі өзгерістерге ауысуы ғылыми жолмен де,
діни баяндаушылардың айтуы бойынша да күмән келтірмесе керек.
Ал оның қайсы түрі бұрын не соң пайда болды деп айтуға әзірге
159
ешкандай дерек жоқ, дәлел де жоқ. Ақиқаттығы сол – адамзат кейін
пайда болған. Құран кәрімнің айтуынша, адамзатты Алла
топырақтан жаратады, жасайды. Сонда жерден бір уыс топырақ
әкелуге періштелерді жұмсағанда, “ Жер менен жасамасын,
дауласып өтетіп болады” – дейді, ырзалық білдірмейді алғашқы
барған періштелерге. Соңғы барған періште сен Алладан зор
емессің деп, ырзалығын күтпестен – ақ, қол қойып алып кетеді екен,
мен оқыған кітапта. Сол айтқандай–ақ, алғашқы жерге қосылған,
өлген де Ауана анамыздың егізден туған екінші егізінің сыңары Абыл
болса керек. Қабыл Абылды қызғаншылықпен өлтіреді. Міне,
жауласудың басы осылай басталса керек.
Осы қазақ тіліндегі айтылып жүрген сөздердің ішінде “Жер”,
“Үй” деген сөздер тауып қойылған атаулар – ау деймін. Неге десеңіз
жер жей береді, жей береді, тойдым деген онда ешбір болмаса керек
те, үйге сырттан қанша әкеліп үйе берсең де, енді кереге жоқ деген
сөз тағы болмаса керек. Алып келе бер, үйе бер. Қанағаттану деген
жоқ сияқты.
Тағы бір бәрімізге белгілі тірі заттар екі түрлі жынысты –
ұрғашы, еркек немесе аталық, аналық деп те айтуға болады.
Сонымен қатар, олардың жағымды, жағымсыз түрлері, яғни
пайдалы, зиянды түрі де бар.
Бұлардың бір – бірімен қарсы болуы тіршілік деген сөздің
төркінінен келіп шықса керек. Тіршілік – өмір. Өмір – күрес. Өмір бар
жерде күрес бар. Ешнәрсе де қарап отырмаған, аузып аспанға
ашқанның аузына келіп түсе бермейді. Ол үшін әрекет керек, әрекет
жасаудан күрес пайда болады. Сол күрестің әділеттісі де, әділетсізі
де бар. Әділетсіздігінен Қабыл Абылды өлтіреді. (Білмесеңіз, Құран
Кәрімді оқыңыз).
Бізге тиімдісі де, жағымдысы да – әділеттілігі. Адам деген сөз
бен адамгершілік деген екі сөз бар. Екеуі де адам сөзіне ортақ.
Солай бола тұрып, бір – бірінен айырмасы тағы бар. Адам мен
адамның айырмасы аспан мен жердей деп те айтуға болады.
Данышпан атамыз Абай айтқандай, “Атаның баласы болмай,
адамның баласы бол!” демекші, адамгершілігі бар адамның баласы
бол дегені деп түсінгеніміз жөн. Дүниедегі тірі заттардың ішіндегі ең
ұлық жаратылғаны адам бола тұрып, сол тірі заттардың ішіндегі ең
жаманы, яғни жауызы да сол – адам.
Адам баласы игермейтін, бағындырмайтын, пайдасына
жаратпайтыны жоқ десе де болар. Солай бола тұрып, бір – біріне
деген жауыздығы сол дүниеге алғаш келген Қабылдан басталыпты
да, келе-келе үдей берген.жер еңбек етсең беруге жомарт-ақ. Солай
бола тұрып, жеуге келгенде қанағатсыз. Адамзат баласы
қауымдасып, ел болып, мемлекет болып, тіршілік ете бастағаннан
өзіне басшы таңдаған, тағайындаған;оған қалғандары бағынған,
біріккен, отандасқан.
160
Енді осы отанның басшысы қандай адам болуы керек, оған
лайықты адам кім болуы керек дегенде келгенде, халық арманы Аяз
би ертегісіндегі Аязды ұнатады. Адамзат – Алланың жаратқан
пендесі. Пендешілік дей тұра, қолымызға билік тиса, жағдайымыз
жақсарса, кешегі күнімізді ұмытамыз. Маңайымызға жағымпаздарды
жинаймыз, қала берді жақындарымызды топтастырамыз. Халық
тынысын білмейміз, жағымпаздардың өтірік ақпарына иланамыз.
Бағытының бұрыс болып бара жатқанды айтқанды жау көреміз де,
көзін жоямыз, не істен тайдырамыз.Міне,осыдан келін,әділетсіздік
деген шыға келеді.
Халық тынысын білгің келсе, барар жеріңді алдын ала
хабарламай, халықтан қорықпай аралассаң, біле қоясың. Сол кезде
жағымпаз, жалған ақпар берушілердің кім екенін біле қоясың.
Осы соңғы ел басшылары жазушы Есенберлиннің
шығармасындағы Шыңғыс ханның төрт баласының сұрақтарына
берген ханның жауаптарын жадында жақсы сақтап қалған ба дейсің.
Халықты қалай болғанда да ұстаса уысында, жұмса жұдырығында
сақтаудың жолын жан-жақты қарастырып алған.Керек десең, солай
жасауға заң да жасап алған. Сол заңдардың ең ұлығы конституция.
Халық ел басқарушыларды, заң жобаларын талқыға салып, оны
қабылдады ел басшысы ұсынды деп уағыздасады. Солай бола
тұрып, бүкіл халық әрқайсысына жеке-жеке дауыс беріп, өзінің
қалаулылары еткен кандидаттарын ел басшысы ұнатпаса,
қабылдамай, яғни парламент мүшелерін тарқата алады. Халық
қалаулылары ел басшысына жақпаса, оны бір адам-ақ тарқата
салады. Мә, саған ! « демократия » ! Осылай болды да. Егеменді ел
болдық деп дүрлігіп жүріп, алғашқы сайланған парламент мүшелері
осылай тарқатылды. Олар тақымға бұрылмайтын, заңды білетін
заңгерлер, ішінде ел басқара алатындары да баршылық жандар еді.
Содан кейін де әлі жақсы боламыз деп уәде етумен келеді, бірақ
ілгері кетіп бара жатқаны көрінбейді, нарық өсуде, өндіріс
құлдырауда, құрылыстар бұзылуда. Қарттардың, зейнеткерлердің,
кезінде ел қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрмыс-халі
төмендеуде. «Қарттардың жылы» деп белгіленген жылы қарттарға
құрмет көрсету есесіне Ұлы Отан соғысына қатысқандардың
пайдаланатын жеңілдігі алынып тасталды. Қалай түсінсең, солай
түсіне бер: «Не деген жандары сіріден жаралған жандар . Соғыстың
аяқталғанына елу жылдан асып кетсе де, неге өліп тынбайды,
жандары тастан да мықты ма өздерінің? Қане, енді көрейікші,
сендердің жандарыңның шыдамды екенін »,– дегені ме? Отанның,
халықтың меншігіндегі заттар жан– жақты жекеге сатылуда. Одан
түсетін пайданы ат төбеміндей “ақылды” байлар пайдалануда.
Тәртіпсіздіктің жеті атасы жер бетіне шығып, санасыздық, ұятсыздық
етек алуда. Намысқой халық едік, намыс деген аяқ астында қалуда.
Осының бәрін жөндейтін де, жүйеге келтіретіп де, осындай
бейбіт кезде ел басшысы болса керек еді. Кешегі соғыс кезінде бұл
161
санасыздық дегенді халық білмейтін еді. Қазіргі соғыстан кейінгі
дүниеге келгендер санасыздардан бінә болғандар ма екен? – Жоқ.
Олай емес. Жастарды айыптамайық. Кемшілік ел басшысынан. Жеке
бастың қамын ойламай, халқын ойласа, олай болмас еді. Сөзге
шешен де, іс керісінше. Тарихқа үңіле қарасаң, қай қоғам болмасын
басқарушы өз саясатын, идеясын іске асыру үшін өз көздегеніне
қадай бейімдеп, өзіне дейінгіні де, өз тұсындағаны да теріске
шығаруға тырысады.
Соңғы екі ғасырды – ақ алайықшы. Патмшалы заманда бай,
кедей деп бөлу, жер иеленуші (помешик) деп бөліп, тапсыз қоған
құруды мақсат етті. Марксизм – ленинизм ғылымын да үйретті.
Коммунистік қоғам құрамыз деп көп әрекет те жасалды. Осы
қоғамды құру жолында қаншама жан құрбан болды. әрине, олар бір –
біріне қарсы партиягершілік бағыттағылар еді.
Совет дәуірі де дәуірледі. Бірақ дүниежүзінде бұған қарсы
капиталистік қоғам да бар болды. Ақыры коммунизм құрамыз
деушілер өз ішінен іріп, ақыры соғыссыз-ақ дүниеден ғайын болды.
Сол коммунистердің басшылары табан астынан сол қоғамды шылп
етпестен жамандап шыға келді де, жаңа қоғамның басшысы болып
отыр. Мұның бәрі ел басылық қызметке таласудың салдары. Аман
Төлеевтің “Как будем жить дальше?” кітабын оқысаңыз, ССРО – ның
қалай құлағанын білесіз.
Ендігі қоғамымыз жаңа қоғам – сауда – саттық, жеке меншіктілік
қатынасты дамыту, мемлекетті салықпен қамтамасыз ету жолымен
баю.
Колхоз – совхоздары майда кәсіпкерлікке бөлу, ұжымға бөлу
дегенді жалау жасап желбіретін, нағыз хан талапайға салынды.
Есебін тапқандар үлестен мол алды, қалағанын иеленді. –
Жұмысшы ше? – Олар да қалған жоқ. Сол қоғамды құрған жұмысшы
табы еді ғой. Олардың үлесі “Купон” деген жансыз да, құнсыз да
қағаз арқылы берілді. Оның бір бөлігін сатып алып (әрине, ептілер),
завод – фабрикалар сияқты ірі кәсіпорындарды иеленді. Бір бөлігі
почта арқылы, жинақ кассалары арқылы мекемелерге аударылды.
Кейін содан үлес алады–мыс. Тағы бір түрі ауылдық жердегілердің
қолдарында сақтаулы. Оны ешкім де керек етпейді. Сол
купондардың бәрі де тиісті сомада ақша төлеу жолымен берілді. Бұл
– халықты ренжімесін, үлесіңді алдың дегені. ССРО тараған соң,
жинақ кассасындағы халықтың ақшасы наркоз беріліп, ұзақ ұйқыға
қалдырылды, көптеген оның иелері ұйқыдан оянбастан арғы
дүниеге жөнеп те кетті. Қалғандарына ақшаның ауысуына
байланысты кемітілген пайызбен берілмекші. – Сол ақшаны салған
кездегі оның құны қандай еді? – дейсіз ғой. Оны айтсам, отыра
қалып, екі аяғыңызбен жерді тебесіз. Құрылған жаңа қоғам –
егеменді ел болған қоғам. Оның егесі кім, мүшесі кім? Сол бұрынғы
халық сол бұрынғы басқарушы.
– Халықтың жағдайы жақсарда ма?
162
Жекеге бөліну барысында да, ақша реформасы болар алдында
да сыбайласқан топтардың құдайы беріп қалды. “ Бөлінгенді бөрі
жейді” болды. Енді “бай” сөзінің орнына “крутой” сөзі пайда болды,
колхоз-совхоз сөзінің баламасы іспеттес “АО” (акционерное
общество), “ Фермер” сияқты сөздер пайда болды. Қызметтің жаңа
бір түрі “бизнес”шықты. Арқа сүйенері барлар " Крыша" деген жаңа
ұғымға ие болған сөзді пайдаланады. Бұрын крыша дегенді үйдің
төбесі деуші едік. Мынау одан басқашалау. Тәртіп қорғаушылармен
қатар, сол деңгейден де күштірек " рекет" деген жерден емес,
аспаннан түсті. Сонымен қатар, " заказное убийство" деген сөз де
пайда болып, әр жерден бұрқ етіп, қанға боялып та жатқандар бар.
Колхоз – совхоз тараған соң, жұмысшылардың жеке меншік үлесіне
жер де бөлінді: " көк қағаз" деген шығып, оның пайдаға жарайтын
(суландыратын), және суды аспаннан күтетін "шабындық" бөлігі
жазылған мөлшері жазылған қағаз да келіп шықты. Бірақ оны алушы,
керек десең, жерінің қайда екенін де білмейді: Осы қағаздарды бір
пысық жинап, ұжым құра бастады. Оны өңдейтін көлігі бар,
болғанымен жарамсыз. Егіс сумен бітеді. Су алу жолы үлкен мәселе.
Су енді келетін жағында басқа ел (республика), артылғанын береді.
Тұқымыңды сеуіп, сусыз түк те ала алмағандар да болуда .
Сонымен, халық дағдара бастады. Малдар да есебін тауып,
ұстағанның қолында болған жағдай бар. Қалған мал сатып алған
жанар – жағар майға ұзатылды. Осындай қысылшаң уақытта, жау
жағадан алса, бөрі етектен алады болып, жекешінің жайылымдағы
малына қарақшылар – жиендер қол салып, берекені тағы алуда.
Күннен – күнге жағдай ілгері басудың орнына кейіндей берді.
Осының бәрі ең кіші басшы ұжымды басқарушы, әрі қарай елді
басқарушыға барып тіреледі. Жақсы болса– жақсы, жаман боса-
жаман бұрынғы салынған құрылыстарды бұзу басталды. Қолы
жеткен арзанға сатып алып, өз керегіне жаратады.
Аяқталмай қалған құрылыстар тоқтап қалып, ол да сыбайласына
болмашы ақшаға бағаланып, талан-таражға кетуде. Бұрынғы колхоз-
совхоздағы алашағы бар жұмысшыларға беретін ақша болмаған соң,
сондай стандартты мол қоралар бұзылып, үлестірілуде. Бұзғанда
ретімен емес, сыртынан трос салып, трактормен бұзады. Одан
сонда не қалады? 1937 жылғы халық жауын іздесең, осы жерге
келсең табасың. Ішің ашиды. Осындай істерге керісінше, адам
қызығарлық бір елді көргенім бар. Ол – Көкшетау облысының "Үкілі
Ыбрай" совхозының "Бірлестік" бөлімшесі. Бұл елді мекенде
Қарауыл аталарының тұқымдары тұрады. Бір басқа жақтан келген
кірме деген жоқ. Бұл ауыл бөлін десе де бөлінбеген. Басқа жақтан
жіберген басшыны қабылдамаған. Өз ішінен ауыл ақсакалын сайлап
алған (зейнетке шыққан мектеп директоры). Тұрмыстары өте жақсы.
Елінде мал ұрлығы деген де жоқ. Болған екен, ауыл ақсақалына
салып, тоба қазағына таяған соң, тыйылған.
–Ал, басқа жердегілер неге бөлінген?
163
–Ол жердің жоғарыдағы басшыларына ханталапай керек.
Содан кейін ғана басқалар үлес алған, содан айтылған халге
душарланған.
Соңғы кезде бөлінген шаруашылықтарды қайтадан ірілендіріп,
біріктірмекші де болған жағдай бар. 2-3 күн жиналыс жасалып,
бірігуді әңгімелеген. Сонда ол шаруашылықтың мемлекетке бересі
қарызын айтқанда, кей жерлерде жиналған халық орын-
орындарынан тұрып кеткен жағдай да болған. Механизм деген
тозған, жаңадан келетіні жоқ. Қосымша бөлшек алатын жер тағы жоқ.
–Енді халық не істеуде? Базарға бару, қарызға алу, оған қосып
сату. Сүйтіп нарықты көтеру. Заттың бағасының өсуі осыдан.
Өндіруші аз да, алып сатушы көп.
Енді мемлекеттік өндірістерді аукционға салып сатуға келейік.
Бұл осыған дейінгіден де сорақылыққа алып бара жатыр.
Мұнай, газ өндіру, электр жарығымен қамтамасыз ету сияқты
өндірістерді жекеге беріп, оның өнімдерін күн санап қымбаттату
соның егесінің қолында. Жанар-жағар май қымбаттаса, барлық
заттың нарқы көтерілді. Ол халықтың жанына батуда. Сол байлық
қазақ жерінен шықпай ма.
Сол жер астынан сатып алып жатыр ма Бұрын қалай өнсе қазір
де солай.Осы басқаға тәуелділіктің түбі кезінде зиялы ,білімді
адамдарымызды жау көріп, көзін жоюдың салдарынан . Совет
үкіметін құру 1937 жылғы жағдайда қаншама білімділерден
айрылдық. Кейінгі жастарды жетілдіруге уақыт керек.
Сол сияқты электр қуатын иеленушілер де бірінен кейін бірі
ауысып, жемқорлықтың жаңа жолына түсті. Бұл да бағаны көтеруге
басты.Бейбітшілік заманда бұрын болып тұрған жағдай неге жоқ Бұл
басқарушыдан. Бір жерді оңдырмаған бастық екінші жерге барып
орналасады, оны да оңдырмайды, оның крышасы бар. «Ордалы
жыланды» оқысаңыз, сондағылар әлі үкімет басында жүр. Қалайша
біз оңаламыз. Ондайлар бізді оңалтпайды, жоғалтады. Шындықтың
көзін ашушылардың көзін жоюға тырысушылық бар: соңына кісі
салып, өлтіруді ойластырамыз.
Егеменді ел болдық. Дінімізге жол берілді дейміз. Бәрін бірдей бір
тарының қауызына сыйғыза бермейік, іштерінде діннің қадірін кетіріп
жүргендер аз ба Ауыл, ауданды былай қойғанда, тіпті облыстағы дін
басшысының ішінен де дүмше шығуға (Маңғыстау облысы).
Алматыдағы мешіт зорға дегенде аяқталды. Ол айтпаса да халыққа
түсінікті болды, ақырында, басшысы өзгеріп тынды. Ендігі басшысы
ол жолға бармаса керек, дұрыс қалыпқа келтірер. Дегенмен,
басшылар болып, халық болып қолға алып, бұзылып кеткен сананы
жөндемесе, адам айтқысыз жағдайға кеттік емес пе? Намыстан
айрылдық қой, әсіресе, қазақ қыздары қандай болып барады?
Жоғарыға жалтақтаудың зардабынан оңтүстіктегі аудандарымыз
Өзбекстанға берілді. Ол елмен қатынасымыз оңды деп ауыз
толтырып айта алмаймыз.
164
Советтендіру кезінде елден еңіреп кеткен боздақтарымыздың
тұқымдары жер шарының түпкір-түпкіріне шашырап кетіп еді. Соның
қалдықтары ата қонысына келгендеріне азаматтық алуы,
қамқорлыққа бөленуі мәз емес. Кейбіреулері кері қайтқандары да
бар. Сонау Қытайдан келген дәрігер Тибет медицинасын менгерген
екен. Орысша білмейді, азаматтығын ала алмаған. Соған жұмыс та
берілмегенін оқығанымызда, бізде кімнің қадірін түсінеді деген ойға
келесің.
Тірлік істеу керек, бизнесті үйрен дейді. Өзінің тұрған жерінде ол
болмаған соң, басқа қалаға жас келіндеріміз бірнеше ай бойы
жанұясын еріне қалдырып кетіп жүр. Олардың бұзылып та кетіп
жүргендері кездеседі. Ал үйінде қалған жас балаларының жағдайы
жетісіп тұр дейсіз бе! Басқа қалаға ерлер шықса, полицейлер
жүргізбейді, амалсыздан әйелдер баруға мәжбүр. Халқымыздың
санын толтырып отыратын жас келіндер, аналар балалы болуды
тоқтата бастаған, асырай алмайды. Туғандарына берілетін
жәрдемақысын ала алмайды. Соны босатушылардың ішінен «Тегін
ақша ғой» деп, қол ұшынан дәметушілердің бар екені де сезілуде. Не
деген масқара туылған сәбиінің туғанға дейінгі, туылғаннан кейінгі
декретін алмағанына бес жыл болғандар көптеп табылады. Ол қайда
кеткен? Адасып жүр, не қалтаға түсіп кеткен. 8 – 9 бала асыраған
аналарға берілетін күміс алқаның шыққаны әлдеқашан. Ол да жоқ.
Өткізілген документ жоғалды дейді, тағы өткізілді, әлі жоқ. Енді осы
аналардың зейнетақысына қосылатын қасымшасына 2000 жылдың
июнінен тоқтап қалды. Тағы документ жинау үстінде. Соңғы документ
қай күні Астанадан өтсе, сол кезден қосымша теңге қосылады – мыс.
Ал тауып ала қой шындықты.
Кезінде радиодан капиталистік елдерді жамандағанда, кезектесіп
сұңқылдайтын едік. Қазір өзімізде қандай екен? Алматының
көшелерінде жұмыссыздар көшенің өн бойында қатарласып, жер
шұқып отыр.
Алушы ішінен таңдап жүріп алады. Өйткені ол өз күшін сатушы,
сыпайы
“Құл” іспеттес. Осының бәрі тарихтан өз орнын алады.
Шындықты көме алмайсың. Кейін-ақ жарық көреді. Кешегі
жамандаған,жауыз санаған батырларымыз, ел басқарған хан,
билерімізге көше,қала аты беріліп жатқан жоқ па? Халық қадірлісі
әруақытта өз орнын табады. Ал қазір мақтағанмен,халық қамын
ойламағандар орнынан тайысымен-ақ қалай аталарын халық біледі.
Соңғы кезде қаншалықты пайда-зиянына қарамастан Уран
дегенге әуестеніп алдық.Оның қалдықтарын қалай болса солай
тастай салғандай да жағдайлар бар.Энергиясы қанша мол болса,
адамға деген зияны да соншалық сияқты.Оны жасыратын, көметін
жер де кеңбайтақ қазақ жері.Қазақ жері соны қабылдауға «икемді»
сияқты. Өйткені оның мол жері де қазақ жері екен. Оңтүстіктің
«Созақ» ауданында дүниедегі ең үлкен қазналы жері бар көрінеді.
165
Соны қалайда алу керек те, баю керек. Келешегі не болса, сол
болсын. Мақсат тек баю. Уранды алу үшін жатқан жеріне қаншама
кислотаны жібереді. Содан кейін ғана оны труба арқылы қайта
сорады. Жер астына кеткен кислота жер асты суымен сол маңайдың
суын ластайды. Өсімдігі де ластанады. Алу барысында ауаға
жайылуынан тағы қаншама зияндық бар. Соның барлығы адамға
зиянды. Ол көзге көрініп келетін нәрсе емес. Біз қазақ өміріміздің
тағдырын бір Алладан деп ұққан жандармыз. Ал ол зияндық
бәсекелестіктен келіп жатқан зардап. Сондай зардабы болмаса,
соны өндіріп жатқандардың еңбекақысы шамадан тыс неге жоғары.
Сол аймақтағы басқа жандарға сол коефицент берілмейді.
Шынтуайтқа келгенде, ол өндірістегілер өмірін ақшаға сатушылар
дер едім. Өндіреді екен, ол жердің халқын ол жерден алысқа көшіру
керек.
Тіпті кейбір жандар бір күндік өмірге қызығушылық та кездесіп
жүр. Айталық, есірткімен айналысушылар соған берілгендігі
соншалық, адам өліміне дейін барады. Баюдың жолына түскенде,
соңғы кезеңді де ойлауың керек емес пе? Тез байығанда, сен
өлмейсің бе? Өле қойсаң, сол байлығыңды өзіңмен қоса әкетесің бе?
Сенің ұрпағың сол баю жолынан көрген зияндық өмірде қала берсін
бе? Осы баю жолында бәсекелестік деген келіп шығуда.
Бәсекелестіктің түбі соғысқа итермелейді. Жаулап алу, тәуелді ету,
биліктің ұшар шыңына шығу. Осы соғыс деген кімге керек?! Соғыс
билік құмарларға керек. Қарапайым халық соғысты қаламайды. Ал
енді сол соғысушы кім десеңізші? Әрине, соғысатын жай халық. Оны
билеп отырушы өз идеологиясын дәріптеп, халықты Отан деген сөзді
ұран етіп айдап салады. Сол отан, отан деп жанын аямай жауды
жеңуге арнаған қазақ елі ССРО тарқаған соң, Ресейге қарыздар
болып қалыпты. Қазақ халқы кімнің жерін қорғады? Ресейді қорғады
емес пе?! Сол үшін барын берді, керек десең азаматтары да оққа
ұшты. Қазақстан болмағанда, жағдай басқаша болар еді. Сол
басқарған зұлымдар ірі өндіріс орындарын қазақ жеріне салмапты да
ғой. Қазақ жерін сынақ алаңына айналдырыпты. Соның зардаптарын
қазақстандықтар көруде. ССРО тарқап еді, соның қарауындағы
егеменді ел болдық дегендердің бір-бірімен жауласуы да басталып
кетті. Осында да мән бар: көршілерін бір – бірімен айқасып жатса,
сырттан қараушыға ол екі ел тәуелді болары сөзсіз. Түсінбесеңіз
мынаған назар аударайықшы: Қазір дүние жүзіндегі үстем ел АҚШ
болып отырған жақ па? ССРО деген енді жоқ. Бұрын ол ел оған
жалтақтаушы еді. ССРО– ның ең ірі бөлшегі Ресей болса, ол онда өз
ішінен бөліну әрекеті сезуліде.
Ақырында, аспанға қарайтынды шығардық. Космосқа құмар
болдық. Жер бетіне сыймай барамыз ба? Жердің берер табиғат
байлығы жетпей жатыр ма? Ол жақта анамыздың төркіні–нағашымыз
бар ма? – Жоқ. – Үстемдікке иелену. Соған кетіп жатқан қаражатты
166
халық игіліне пайдалансақ, қайыршы да, кедей де болмас еді. Ауру –
сырқаттың алуан түрі де тыйылар еді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жауыздықты ойлаған адам ел
басында тұрғанда ғана қолында күш болған соң «Сыйлы -
құрметтеулі». Екінші дүние жүзілік соғыстың айыпкері, жасаушысы
Адольф Гитлер емес пе еді. Соны қазір кім дұрыс санайды?
Зұлымдық, зұлымдық жолымен ел басына келіп еді. «Өлетін бала
молаға қарай жүгіреді» -нің кері келді. Тарихқа жауыз болып
жазылып қалды. Ал, кешегі заманда халқым, елім деген қазақтың
қасқаларын ел билеген саясаткерлер бізге жауыз етіп көрсетіп еді.
Егемендік алған соң, шындықтың көзі ашылды. Хандарымыз бен
батырларымыздың аттары көшелерімізге қойылды. Билеріміздің де
аттары аталып, аудан аттарын иеленді. Жауыз сөзінің баламасын
«Гитлер» деп те қолданып жүр. Християн дінінің болсын, мұсылман
дінінің болсын кітаптарында жауыздыққа жол жоқ. Кек алу дегенді
уағыздамайды. Тек қана достық, бірлік, адал еңбек етуге шақырады.
Үлкенге құрмет, кішіге ылтипат, адалдық, адамгершілікке шақырады.
Бүкіл дүние жүзінің ғалымдары, ойшылдары таң қалған, иланған
Мишель Нострадамустың (1503-1566) кітабын оқысаңыз, келешекте
не боларыңа көз жеткізесіз. Айтарым – аз ғана өміріңді тату-тәтті,
сыйластықпен өткіз.
II. Жан – жануарлар
Бізге өздігінен көзімізге қыбырлап көрініп жүрген жан –
жануарлар, алдымен, малдар(жер бетінде тіршілік етушілер) мен
хайуаннаттар және құстар болып бөлінсе, сонымен қатар, су ішінде
тіршілік ететін балық тұқымдастар болып тағы бөлінеді. Солардың
ішінде қос жыныстыларға жататын, яғни суда да, құрылықта да өмір
сүре алатындары тағы бар. Малға да, хайуанаттарға да, балық
тұқымдастарға да жатпайтын тағы бір түрлері бар. Оларды біз
жалпылай құрт – құмырсқалар тобына жатқыза саламыз. Олардың
да ішінде суда тіршілек ететіндері бар.
Жалпы айтқанда, құрғақшылықтағы түрінен су ішіндегі тіршілік
ететіндері көптеу ме деймін. Өйткені құрғақшылықтан су әлде қайда
көп. Жалпы осы тірі заттардың адам өміріне қажеттілерінің молдау
түрлері құрғақшылықта, судағы түрлерінің бәрін бірдей пайдалана
бермейміз. Осы жан – жануарлар әлеміндегі заттар, негізінде,
адамның пайдалануына жаратылған. Оларда адамдағы сияқты ақыл
– ес деген бола бермейді, бар болғанда да саналы түрі емес. Солай
бола тұра дәл адамдағы бар жауласушылық оларда жоқтың қасы,
жоқ десе де болады. Тек өмір сүру үшін, тамақтану – қоректенуі үшін
дерлік қарсылық әрекеттері бар. Адам сияқты зұлымдықтың, айла
–тәсілдің түрлерін қарастыру жоқ дер едім. Демек, бәрін де
бейбітшілікті қалайтындардың қатарына жатқызуға болады.
Алла өзі жаратқандарын адамның игілігіне арнаған көрінеді ғой.
Дегенмен, оларды пайдаланудың да мөлшері, шегі бар. Осы тірі
167
заттардың ішіндегі адамға ең адалы, яғни адал қызмет атқаратыны
қайсысы дегенде, мен айтар едім – күшігінен асыраған итің. Ол
қандай қиыншылық кезең болмасын иесін тастап кетпейді, сенің
ұрып соққаныңды, кейігеніңді кек тұтпайды. Сондықтан да қазағым
жеті қазынаның бірі санайды оны. Демек, күшігінен асыраған итіңе
мейірімді бол.
Басқа жан – жануарларда түрлі мінезді болғанымен, иесін
таниды, оған қайырылып, қызметін жасайды. Әсіресе, жылқы
баласында жақсыларында есі бар ма деп те қаласың. Тек өз иесіне
ғана адал қызмет ететіндері кездеседі. Жолда қалдырып кетпейді,
адасқаныңда жол тауып, үйіңе алып келеді т.б.
Қазақ халқы көптен кездеспеген танысына кездескенде «Мал –
жаның аман ба?» – деп амандасады. Демек, олардың өмір
тіршілігінде малдың атқарған ролі зор екенін байқаймыз. Тіпті керек
десең сол жануарларды айтқан сөзіңе түсінетін де етіп, цирк те,
шекарадағы күзетте пайдаланушылар бар. Осыған керісінше, кейбір
адамдарды, кешіріңіз, айтқаныңа, өсиетіңе көндіре алмайтын да
кезің болады – ау. Сондайда «Малдан да кейінсің» деген сөз еріксіз
ауыздан шығып кетеді – ау. Байқайықшы, оқушым, осыған бармайық
та. Есі ауысқан бір сара, есі түзу бола тұрып, «Өзі білмейді, білгеннің
тілін алмайды» да, қарғыстың ең жаманына ұшырайтындар кездесіп
– ақ жүр. Адамда сана – сезім, ақыл – ес бар дедік қой. Сонымен
қатар ,онда намыс, ар – ұят та бар. Солай бола тұра, санасыздардың
қылығына көшушілерді кім деп атаймыз? Ол жынды емес, ендеше
кім? Кешіріңіз тағы да, мен оларды адам тәрізді – пошымды хайуан,
оның да жаман түрі дер едім. Хайуанның жақсысы өз нәсіліне
шаппайды, тиіспейді, қорғайды, қамқорына алады.
Осыған дәлел ретінда мынаған қараңызшы. Бұл болған уақиға.
Ертеректе аздаған жылқы ұстадым. Өз биелерімді бір жолдасымның
үйіріне қосқанмын. Соның ішінде құдамның да 2 – 3 биесі бар – ды.
Бір күні соларды сыртынан түгендеп келейік деп шықсам, құдамның
бір биесі ішінде жоқ. Іздеп те тауып аллдым. Алыс емес, Бір қырдың
астында құлындап қалған екен. Қасымда сол үйірдің иесі бар еді.
Биені жылқыларға қосайық десек, жаңағы бие жанына жолатпайды.
Ылажсыз көбін айдап, сол биеге әкелдік.Айғыры жас құлынды
өгейсінеді екен. Бәрін қосып, құдыққа суғаруға әкелдік. Жаңағы
құлыпдаған бие басқаларын жолатпай тұрып, алдымен өзі су ішіп
алды. Енді өзінен өскендерге ішкізіп, басқаларды жолатпай тұрды.
Біз оған таң қалдық. Былай шыққан соң, олар шашырап жайыла
бастады. Айғыр келіп, жас құлынды бөтенсініп, әрекет жасағаны мұң
екен, қасында тұрған басқа бір бие, құлынмен жатырлас, айғырды
тепкінің астына алып, қуып жіберді.
Біз тасадан қарап тұрмыз. Айғыр құлынға қарай жақындады
дегенше, жаңағы бие ортаға түседі.Хайуандар да бауырмашылдары
болады екен – ау дестік. Менің бір жазған әңгімен бар. Ол –
«Ақсақалдылардан айрылғанбыз ба?» деп аталады. Сондағы
168
адамдарды мен мына жануарлардан кейін бе дер едім. Хайуан
құрлы болмағанымыз ұят –ау, ұят!
Бір кездерде қазақтың кең байтақ даласы төрт түлік малға толы
еді. Оны асыра сілтеумен совет үкіметін орнатамыз деп жойып
алдық. Тағы да бірлесіп, әжептеуір – ақ қалге келіп едік. Тағы да қап
талапайға түсірдік. Есімізді соңғы он жылда жыя бастағандаймыз
дейміз, мұнсыз күнің қараң.
Адам баласының күн көрісіндегі азықтанудың ең бай түрі –
балық. Сол балықты да жаппай жою түріне кірістік. Ол судың
ластануынан. Айтуын қағаз жүзінде айтамыз да, теңіздің, көлдің,
өзеннің суын түрлі улы затпен улаймыз, қалдықтарды суға ағызамыз.
Келешекте ішетін таза ауыз суға да зәру болмасақ болар еді. Алла
тағала мал дәрігерісіз – ақ, зоотехниксіз – ақ өсірген хауандары
баршылық еді. Олар жабайы хайуандар. Бұларды да күндіз – түні
демей таусуға айналдық. «Ашыққаннан құныққан жаманға» салынып
барамыз. әсіресе осыны жоюшылар көлігі барлар, ұшағы барлар –
лауазым иелері.
Осылардың бәрін жойып тындырсақ, бір кездері ғалымдардың
жазғанын оқығаным бар – ды: хайуандар шөп жеу арқылы бізді
етпен, сүтпен қамтамасыз етеді. Сол етті шөпті концентрациялау
арқылы, сол еттің беретін калориясын, қоректік қасиетін жасауға
болады деген – ді. Сол ғалымымыз бар болса, дүниеден өте қойса,
жазып кеткені бар шығар, сол жолмен қоректенеміз де. Оған дейін
малды өсіріп те алармыз. Осылардың ешқайсысы да болмаған
жағдайда, көршіміз, әрі бір кездердегі құда – жекжатымыз
қытайлардан үйренеміз де. Солар дүниедегі тірі заттардың бәрін де
қорек орнына жұмсайды екен ғой.
Оқушым, “Нысап сайын береке” депті ғой. Нысапсыздыққа
салынбайық та. Табиғаттағыны түгел жоюға асықпайық та. Біз асыл
жаратылған адамбыз ой. Табиғатты аялайық та, қамқоршысы
болайық.
III. Өсімдіктер.
Жер бетіне тамырлап шыққан көк өністің бәрін өсімдіктер қатарына
жатқызамыз. Сонымен қатар, суда да өсімдіктер бар. Соның біз
әңгіме етейін деп отырғанымыз бұтақтан шығатын жапырақ жаятын
түрі, яғни ағаштар деп аталатын түрі. Мұның өзі жеміс – жидектер,
жеміс салатындар және жабайы ағаштар, жеміс бермейтін түріне
бөленеді. Оның құрылыс материялына жұмсалатын түрлері де бар.
Осы өсімдіктердің бәрі де адам баласына пайдасы зор: жемісі бір
болса, жапырақтары біз демалатын ауаны жаңартып тұрады,
көлеңкесіне саялаймыз, құрылыс материалдары болады. Тіпті
болмағанда, отынға пайдаланамыз. Бұлар да тірі, өлісі болады. Тірісі
уақытысында көктейді, ұйқыға кетеді. Ал өлісі құрап қалады, ақыры
отынға жағылады. Бұған да күтім керек. Табиғат өсімдігімен құнды,
көрікті, өмір сүруге ыңғайлы. өсімдіксіз адам, жан – жануар, құрт –
169
құмырсқа өмір сүре алмас еді. Ол өсімдіктер оларға азық,тіршілік
көзі болып саналады.Бұлар да өзара талас – тартыста тіршілік етеді.
Күннің жарығына, жерден алатын коректік азығына таласады.
Бірінен бірі қорқады да. Жеміс беретіндері өзара тұқым жағынан бір
– біріне жақын, бір – бірімен байланыса алады, бұдандасады, яғни
түрлері жаңартылады. Сол жағынан олар сүйек дәнділер, семішке
дәнділер болып бөлінеді. Солай бола тұрып, әр сорттары өзара
бірыңғай бөлек тұрғандарын ұнатады. Яғни гүлдеу, ұрықтану кезінде
тозаңдары тозаңдануы біріңғай болуы керек. Осының бәрін
реттестіретін, игеретін тағы да адамзат. Бұлар да ауруға
шалдығады, қартаяды, тозады. Жақсы тәжірибесі бар бағбандардың
қорасына қірсең, шыққысыз рақаттанасың. Түрлі әнші құстар сол
ағаштардың ішінде жүреді. Бұлардың да жауы болады: құрт –
құмырсқа, көбелек, бұтағын сындыратын, жапырағын жейтін
хайуандар, ақырында, жемісін аламын деп сындыратын адам
баласы. Күтімі жақсы болса, жемісі де мол болады. Осындай
пайдасын біле тұра, оған зияндық әрекет жасайтынның ең бастысы
тағы да адам. Бір мезгілдік пайдасын ғана ойлап, керек десеңіз,
бұтағын да сындыра-мындыра жемісін алады, немесе қолына ұзын
құрық алып сабалайды. Өсімдік те зорлыққа шыдай алмай, айтуға
тілі жоқтықтан жылайды. Сенбесеңіз жүзім ағашын көктемде
кесіңізші, бойынан суы ағады. Ол су емес-ау, жаны-қаны десе де
болады. Олай болған жүзім сол жылы салмай да қалады, салғаны
мен өте аз болады.
Осындай өсімдіктің қадірін білмегендер, білсе де бір мезгілдік
пайдасын көздеп, қысқа қарай отын дайындамағандар оны кесіп,
жағып та жүр. Шеннен шыққандар орман-тоғай ішінде от жағын, оны
сөндірмей кетіп, бүкіл орманды өртке шалдықтырып жүр. Ол жерге
ондай ағаш өсіру үшін жүздеген жылдарды керек етеді. Олай болса,
өсімдікті күте біл, есігіңнің алдын көгерт, жайқалып тұрсын.
Адам баласының ғұлама ұлыларының қатарына қосылатындары
бар. Қазақтар оның бірін Әкім Лұқпан деп атап жүр. Ол кісіні мың
жасаған дейді. Ол мың жыл жасаған емес, әрбір суқбаттасқан жақсы
адамдармен пікірлескендерін бір жасқа санаса керек. Ол кісінің
туылғандағы қойылған аты-Хұсайын.
Жүзімнің хұсайын деген сортын сол кісі будандастырып жасаған. Сол
сорт сол кісінің атымен аталады. Сіз де сондай адамсыз. "Болмасаң
да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деген бекерге айтылмаған. Сол
Хұсайынды бүкіл дүние жүзі біледі: үлкен дәрігер болған.
Медицинада Абиценна, Ибн-сина деп те атайды. Оның "Конон
врачебной науки" атты 10томдық еңбегі орыс тілінде Өзбекстан
Ғылым Академиясының баспаханасынан басылып жарыққа шыққан.
Онда аурудың барлық түрі, емдеу тәсілдері, оған қолданылатын
дәрі-дәрмектің барлық түрі бар. Ол кісі дәрілердің барлығын
өсімдіктердің түрлерінен жасаған. Демек, өсімдік-өміріміздің шипасы,
азығы
170
«Оңтүст. қаз.»
№116 (17 752) 10. 08. 2004 ж.
Қазақстан халқына сапалы білім, саналы тәлім – тәрбие беру үшін