355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 10)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 10 (всего у книги 27 страниц)

Аты жоқ абыржу.

Кейде адам бір нәрсені бітірдім –ау дегеннен кейін, сол бұйымтайын

біреуге көрсетуге не тыңдатуға ынтығады да тұрады емес пе! Сонда

соны көретін, не тыңдайтыны бар ма, жоқ па?! Онымен, тіпті,

жұмысы жоқ. Дегенмен, ойлаған ойы оны жеңіп, осы кісі тыңдайды –

ау деген бір құрбысына барып тынбай, тынышталмайтын көрінеді.

111

Сол жайт дәл менің де басыма келіп тұрмасы бар ма! Пікірлесіп,

масаттанғандай ма, әйтеуір, бір уһ! Деп деміңді ішіңнен бір алмасың

бар ма. Толғатқан әйел өзі не туарып білмейді, ұл ма, қыз ба? Әңгіме

ұл не қыз тууында емес көрінеді, сол 9 ай, 9 күн көтеріп әуреленгенін

дүниеге келтіру ғой! Сол сияқты іс бітіруші де сол әйел сияқты

перзентін (азды – көпті ісін) ұзақ уақыт бойында сақтады. Оны жарық

дүниеге шығару жолын қарастырды, яғни толғатты. Ақырында, оны

шығарды да. Бұл – оның туғаны. Енді босанған әйел не туғанымен

жұмысы жоқ, сол перзентінің жүзіне қарағысы келіп – ақ жатады

екен. Жазушы да сол сияқты еңбегін көргісі келеді, өзі ғана емес,

пікірлес ауқымына көрсеткісі келетінін (тілектес қауымдарымен

талқыға салады екен) білетін едім. Айтпақшы, ішке жинағанның бәрі

перзент не туынды бола бермейді: айы – күні жетіп те, жетпей де

жарыққа шықпай қалатыны бар. Кейбіреуі жарыққа шыққанды жоқ

қылуға тырысады екен – ау! Мұны да өткенде кездестірдік. Сөзіміз

жалған болмау үшін айтайық: Жөлекте бір “Шырайлы” бойдақ

күнінде жергілікті кеңестің депутаты екен. Соны соған бейімдеушінің

өз есебі болған сияқты. Сол “ Сұлу” оң босағасында екі қабат болып,

перзентін жасырын түрде дүниеге келтіреді де, түн ішінде мал қора

жаққа апарып тастайды. Ертеңгілік сыртқа шыққан біреу бір иттің бір

нәрсені салақтатып алып бара жатқанын көреді. Қараса, жаңа туған

жап–жалаңаш сәби. Қорыққанынан дауысы шығып кетеді. Дереу

хабарлайды. Егесі табылады. Ел болып, “жабулы қазан жабулы”

күйінде қалдырады. Осының алдында ғана айттық қой, сыр да

жасырылмайды деп. “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге

жайылады” деген мақал бар. Болған іс бізге де жетті, тіпті сол

“бейбақ” біздің елге келін де болып келді. “Сен тазға мен саз” деген

бар емес пе, өзі сияқты кемдеуге қосылды. Онымен де көп отаспай,

қайта ажырасты. Бұл әйелді безбүйрек десе болады. Мен

бұйымтайымды итке тастамай, осыдан бір ғибрат алар ма деген

мақсатпен, жаңағы, асығып, қашан көрсеткенше абыржауымның

себебі сол шығар деп тұжырымдадым. Енді біреулер білгенін біреуге

үйретпей, өзімен көрге ала кетушілер де болады екен. Ел болған

соң, әр түрлі болады екен. Мысалы, атбегі, құсбегі сияқтыларда бұл

құпия болады екен.

Біздің елде бір орыс болды. Біз оны “Федор Евсеевич” деуші

едік. Аты – жөні де солай еді. Киім тігуші өте шебер адам. Ісмерлігін

үйретпей – ақ кетті – ау; өзімен бірге арғы дүниеге алып кетті:

маскүнем неме арақтан өлді.

Ал, жазушы Асқар Тоқмағанбетов, өзі айтқандай, 72 перзент

келтіріп, 7 рет “Мать героиня” болуы керек еді, ондай атақ алмаса да,

перзенттерін беріп кетті. Соның бір жұрнағы осы менің шежіреме де

енді (“Қыз ұзату”өлеңі).

Білгенін жасыру, үйретпеу, перзентін, бұйымтайын жасыруды

мен пасық дер едім. Біреу: “Ер кісі де туады ма?” – депті. Оған: – Иә,

туады, – депті, – екіншісі.

112

Сол туғаны емес пе, Асекеңнің ( Асқар Тоқмағанбетовтің).

Кездесуде ол кісі әр еңбегін бөбегім деп санайды екен. 72 рет

толғаттым дегенін өз аузынан есітіп едім. Ал, күні бойы орағытып

айта алмай отырғаным, өз атамыз туралы шежіре жобасы еді. Кейбір

перзент нәзіктеу келеді ғой, ол ата-анасына көп байланысты.

Сол сияқты менің де бұйымтайым нәзіктеу болса керек. Оқушы

қауымым, байқап ұстаңыз, бір жерін жазым қыла көрмеңіз. Перзентім

7 айлық шала болса, 40 күн тымаққа салып, мақтаға орап, кереге

басына іліп қоюға да тура келер, кешіріңіз.

Бұлай деп жатырғаным – карт құлақ үлкендер дүниеден

ертеректе өтіп кеткен. Қазіргі кейінгі буындар, менің тұстастарым,

өткеннен хабары кем, тіпті, жеті атасын да білмейтіндері мол.

Қыпшақ шежіресі туралы мәлімет жоқтың қасы. Оның ішінде Бұлтың

тармағы осы сыр бойына тарихи жағдайдың тәлкегімен келіп қалған

жайы тағы бар. Бұл сол сыр бойындағылар жайлы ғана мәлімет.

Сондықтан да жетілмеген деп отырмын. Оқушы қауымның ішінен

толықтыратыны, кемшілігін жөндейтіні болса, оған қуанамын.

Шымкент қаласында тұратын Сарыпбеков Нұрғали інімнің

хабарын есітіп (бұл да шежіремен айналысушы), кездестім. Бұлтың

қыпшақтың ішінде қызылшекпені екен. Інісі бардың тынысы бар

дегендей, шаршап жүргенімде, жиған-тергенімді түгел қолына табыс

еттім. Әлі де жинаудамыз. Енді жарық көруі де ұзақ болмаса керек.

Наурыз, 2002 ж.

Ой елегіне салыңызшы.

Қалталының қалтасы толған ақыл мен билік

“Ақ шаштының бәрі ақсақал емес”

(Халық мақалы)

“Аяз би” ертегісін оқымағаныңыз кем де кем болар. Сол Аяз би

кім еді, билікке қалай жетті және оны халық не үшін армандағаны

бәріңізге мәлім болар. Сол халық арманы, аңсағаны бола ма деп

ойлаушы едік қой бір замандарда.

– Аңыздағы Аяз би адамнан қорқушы ма еді?

– Жоқ. Халық оны қадір тұтатын, сыйлайтын. Ондай ел басқарушы

болса, одан артық адамзатта қадірменді жан болмас еді.

Адам баласы жаралғалы бір-біріне деген қастандық, қызғаныш,

бәсекелестік тынатын емес. Қайта оқып, білім алып, мәдениетті

болдық деген сайын, әділетсіздіктің, қулық-сұмдықтың көзі де

ашылып, “демократия” дегенді ұран қылып, аузымызды айқара

ашып, іс жүзіне келгенде, бәрін де жекелеген кісілердің құлқын

құмарлығына жеңдірудеміз. Сөзге келгенде шешен, қиуын

113

қиыстырып, ізін білдірмей, бәрін де тып-типыл, кедір-бұдырының

бәрін тақтайдай етеді, "демократияға" жеңдіреді. Осылай

етушілердің басшысы да, қостаушысы да, жинақталған тобы да бар.

–Олар кімдер?

–Оның басында ел басқарушы отыр да, төңірегінде жақтаушы

жағымпаздары бар. Жіліктің майлы басын сорушылар. Ал оларға

қарсы шыға қойғандар кездесе қойса, оны жұмыстан тайдырудың

әдісі мол-ақ. Сондықтан да, іштей сезгеніңмен, "Күш қазандай

қайнайды, күресуге дәрмен жоқ" болып қала беруге тура келеді.

Күресіп көр, қалай жеңер екеңсің. Сондайлардың "заказной" өлімге

душар болғандары да бар.

Ағылшынның философы әрі саясатшысы Эдмунд Берг:

"Жамандықтың үстемдік алуы үшін жақсы адамдардың әрекетсіз

отыруының өзі жеткілікті"-депті ғой. Қараңызшы, бір кезде "Семей-

Нивада"қозғалысын Олжас Сүлейменов бастап еді, Арал мәселесін

Мұхтар Шақанов көтерді, сонымен қатар 1986 жылғы Желтоқсан

Құрбандарын да қаймықпай айтты. Олар қазір бастаған ісін

жалғастыруға мүмкіндігі жоқ, мемлекеттік басқа жұмысқа жіберілді.

Сотқар адам елден тысқары жерге жұмсалды. Екеуі де кітап жазу

үстінде болса керек. Мен кітап жазып отырғаным жоқ. Бірақ ойға

түйгенімді жарияламасам да, қағаз бетіне түсіріп отырмын. Оқушы

болса, кейінгі жастар жалған хабардың, саясаттың сыры қайда

жатқанынан хабардар болсын дегенім.

Мемлекеттік негізгі заң да өзгере салуы оп-оңайға айналған.

Шығып жатқан әртүрлі заңдар бар да, оның орындалуы жоқ. Әшейін

бар ма, бардың өзі. Қолында билігі бар топ, оны айналып шыға

салады. Тіптті сол заңды бұзушы айып ақшасын төлесе, оған жаза

қолданылмайды. Бұл да заңда көрсетілген. Сонда тәртіп деген қайда

барады? Бүкіл халық болып, делегаттарын парламентке депутат етіп

сайлайды да, ол жалғыз президентке ұнамаса, оны тарқата салады.

Сонда не болды?! Бұл нағыз дара билеушілік емей немене???

Сайлаудың жаңаша тәртібін де жасап алыпты. Президентке

депутат болып тіркелу үшін белгілі суммада ақша төлеуі керек те,

оны жақтаушылар болып подпись жинауы керек. Ақшасы жоқ адам

ше?! Сол ақша қайдан жиналған ақша екен?! Егін егіп пе, мал бағып

өсіріп тапқан ба екен?! –Жоқ. Қоғам өзгеріп жатыр, ыдырап, бөлініп

жатыр. Мемлекеттік сақтық кассадағы халықтың маңдай терімен

жинағандары бар еді ғой. Жоғалмайды, ұры ұрламайды, өсіп тұрады

деген еді ғой. Ол қайда? Өспек түгіл өшіп кетті. Колхоз, совхоз

дегендер тарады. Соны ұйымдастырғандағы халықтың үлесі деп, екі

түрлі талон берілді. Оны да (талонды) сатып берді. Бірін сактық

касса арқылы сұм қоғамдар (акционерлік қоғам) бізге аударсаң, өсімі,

ұтығы болады деп еді. Олар өздері байып жатыр да, халық айдалада

қаңғырып тағы қалды. Міне, жаңағы ақша төлеп, президенттікке

кандидат болушылар осы құрдымға кеткен ақшаларды иеленушілер

114

деп білемін. Уақтылы пенсияны да алмайсың. Соның кідірген

айларында, одан пайда болатын өсім де солардікі.

Қазақ бұрын пенсиясыз да күн көрген, бала-шағасы әке-

шешесін асырауға тиісті деп, қалай аузы қисаймай айтты десеңізші!

Сонда қазақ елі жетілген ел ме, берекесі қашып кетілген ел болғаны

ма?!

« Көпірден өткенше, қызыңды алайын, көпірден өткен соң,

қызыңды ұрайын » деген сөз бар қазақта. Сол депутаттар сайлау

алдында « жарылқайтынды » да шығарды. Немесе,

облысты басқарушылары не де болса, кәрілерден, қақбастардан,

шығады деп, бірдеңені желеу етіп (совет армиясы күні, 23 ақпан),

құттықтау қағаз да жазады(Қызылорда обл. болған уақиға). Ал, 9 май

жеңіс күні, сайлаудан өтіп алған соң, елеген де жоқ. Үйткені ол

құттықтаған.

Телеэкранда зейнет ақыларын халық 1998 ж. алды деп

хабарлайды. Шындығында, ол – ақпар. Жаңа жылда әлі екі айдың

зейнетақысы төленген жоқ.

Ел басқарушы қарамағындағы халықтың жағдайын білуге

шығатын болса, алдын ала көшеге дейін сыпырыла бастайды.

Кемшілікті көрсетпеуге тырысады. Келуші де кемшілікті көрмеуге

тырысады. Халықтан ол ел басқарушы соншама неге қорқады,

жасақтарын соңынан ертіп жүреді. Меніңше, ел басқарушы халықпен

бірге болса, сол халықпен тең дәрежеде болуға тиіс. Ал, бұрынғы

хандық замандағыдай болғысы келсе, онда демократия деген сөзді

ауызға алмауы керек.

Осы халықтың түбіне жетіп бара жатқан нәрсе – күншілдік,

билік құмарлық, өтірік айтушылық. Қала берді, жағымпаздықтың

зардабы, іс білетінді бөлектеп, тақымға бұрылатындардың елге би

болуы, әкім болуы. Олардан түсетін түсім бар. Ол түрлі жолмен сый-

сыяпат болып жетіп жатады. Осыдан барып, қалталының қастасы

ақылға толы болады да, билік те соның қолында болады.

Бұдан халықтың жағдайы жақсармайды. Ат төбеліндейлер

жақсарып, әлсіздер әлсірей береді. Оның ақыры наразылық

қақтығысқа айналады. Еркіндік, сөз еркіндігі делініп еді. Шындықты

көзге бажырайтып, бетіне басып айтатын газеттерге де тыйылым

салынып тасталды. «Ордалы жылан» кітабын оқыңызшы, бәрі

дәлелденген. Ұйымдасқан топ деп отырғанымыз осылар. Одан не

шықты? Жазушы қуғынға ұшырады, қуылды.

Бір кезде газет бетінде «Қазақтың жауы – қазақ» деген

тақырыппен мақала басылған-ды. Ендігі қалып тұрғаны бірімізді

біріміз дұшпан қылып көрсету, жала жабу ғана қалып тұрғандай

сияқты. Бұл бағытпен кете берсе, ол да болмай қалмас.

Атамыз қазақтың үлкенді сыйлау, құрметтеу, тыңдау, әдептілік

жолы дегендерінен айрылып барамыз. Үлкен өмірден өтер-ау.

Кейінгіге сол теріс мінездің кесірі тиіп, әдетке айналып кетпесе болар

еді.

115

Қазіргі халық соқыр емес, бәрін де біліп те, көріп те отыр. Енді

қалайша ел басқарушыға сенім арттырады? Шыдамның да шегі бар.

Шыдап-шыдап келіп, бір күні жарылуы да ғайып емес.

Осы ақылдымын, данышпанмын дегендер күндердің күнінде

тағынан тая қойса, не өлсе, халық соларды басқаша атауды да

шығарып алды. Шынымен, солар соңғы атаққа, тайғаннан кейінгі

атаққа, ылайық болмаса, солай аталар ма еді?! Халыққа құрметті

болмаған биліктің не қажеті бар деймін-ау! Сонда солар, керек

десең, өзімен ауыз жоласқандарымен де бақталас– ау, шіркіндер!

Нағыз ақылды, данышпан болса, дүниеден өткеннен кейін де

халық аузында мақталатындай, үлгі болатындай болмас па еді?!

Абай да қалтасыз емес еді ғой. Бірақ ол тек қана адамгершілікті

қолына ту етіп көтеріп, бүкіл адамзат баласын әділдікке, бірлікке,

достыққа, білімділікке, сыйластыққа үндеп өткен жоқ па! Соны солар

да оқыды. Аузында Абайдың ақыл тұтарлық сөзі бар да, ісінде ол

жоқ. Кілең бір тоты құс. Әділетсіздік ең жоғары басшыдан шығып

жатса, төмен қарай былғанған үстіне былғана түседі де, ақыры

Хайуанаттың істемейтін ісінен де төмен болады, яғни біріне бірі

қастандық ойлайды, жояды, құртады. Соның жолына түскендердің

аяғы есірткі ішеді, шегеді, ақыры, санасыз әрекеттерге барады.

Біреуді құртады, өзі де құриды.

Дүниедегі жаратылған тіршіліктің ішіндегі ең асылы адам

болса, соның ең азғыны да адам болуға айналды, айналып та

барады. Ақыр заман дегенді қолдан жасауға неге асығады екен

десейші!

Егеменді ел болдық деп аузымызды айқара ашамыз! Сол

егеменді елдің егесін мен байқай алмай келемін. Неге дейсіз ғой?

Сол егемендік алғалы бері экономикалық құлдыраудамыз. Ақыл-ой,

парасат, адамгершілік қасиеттеріміз молаю орнына орта түсіп бара

ма деймін. Сана, тәртіп, ар-ұят деген аяққа басылуда.

Темір тәртіп деген армия қатарында болуы керек болса, сол

армиядан қашу басталды. Мұнда да тәріп басшыда жоқтықтың

салдары-Қашушы кім?-Отан қорғаушы жастар. –Неге олай? –Ол жас

отаным бар деп сезінбейді. Ол қорлық көрген соң қашады. Енді

қашқындарды қайта келсе, жазаламаймыз, оны ұрып-соққан тиісті

жылын өтеп, аулына кетіп қалды ғой демекші. –Ал сол бөлімдердегі

сорақылыққа жол беріп отырғандар ше? –олар орнында. Қадыр

Мырза Әлндің "Бұқпа" газетінде беріліп жүрген

"Жазмыш"әңгімесіндегі атақты адамдардың өзін өзі өлімге қыюы-

апаруы неліктен?!

Қайта құру озу ма, әлде тозу ма?

Ұлғайған соң адам неше түрлі ойға шомып, жақсы қайсы,

жаман қайсы, түзу қайсы, ақырында, осылай қарама-қарсылық іс-

әрекеттерің пайда болуы неліктен деген сауал сенің ақыл-ойыңды

116

жегідей жей береді екен, жей береді екен. Соған өз пайымдауымды

шимайлап көрейнші дедім де, кірісіп кеттім. Адам баласы дүниеге

келген соң, азды-көпті өмірдің талқысын басынан өткізуі кімге болса

да айдай анық. Жабайы болған кезеңді қозғамай-ақ қояйық.

Ұйымдасып қауымдасқан, ебіне лайық ел болып, мәдениетке

иеленген кезден кейінгі өмірді-ақ сөз етейікші. Осы алтын деген бір

зат бар емес пе? Соны қандай ылас затқа қосып жіберсең де, көз

тартып, жылтырап жатады. Сол сияқты жақсы дегеннің бәрі де сол

өзі тектестің ішінен ерекшелігімен айқындалып тұрады, соны тани да

білу керек-ау!

...Екі қосшыға бір басшы болуы қажет екен. Демек, ел болу үшін

әрқашанда басшы керек. Сол басшы қандай болғанды қалайсың

деген сауал осы әңгімені тудырып отыр. "Аяз би" ертегісін оқымаған

қазақ кем де кем болар деп санаймын.Оқымасаңыз, оқыңызшы.

Содан кейін осыны оқып, пікірлесейік. Болған ба, болмаған ба

онысында айтарым жоқ. Бірақ менің білетінім – халық арманы.

Арман деген – болашақты көксеу, аңсау, соған баратын жағдайларды

жоспарлап, іске асыру. Халық қадыр тұтқанын тастамайды, оған

зияндық жасамайды, бағалай біледі.

Ол үшін ондай басшы әділ, адал, іскер, алдын болжай алатын

болуы керек. Қандай іскер болжампаз болғаныңмен, әділдік пен

адалдығың кем болса, онда сенде қадыр деген болмайды. Сенің ісің

ілгері дамымайды. Өйткені халық саған сенбейді. Сенің жоспарлаған

ісіңді тыңдаушы– халық. Сондықтан да сен халқыңның арасында

еркін жүре алмайсың, қорқасың. Қорықпасаң, неге сен жүрген

жеріңде жан– жақты қорықшыларыңды ертіп, маңайыңа шағымы бар

жандар неге жолай алмайды. Сондықтан да сен халықтың тынысын

білмейсің. Ат төбеліндей өзіңнің төңірегіңді, жағымпаздарыңды ғана

білесің. Соның өтірік ақпарына сенесің. Олар саған көпшілік халықты

көрсетпеуге тырысады. Бір ғана мысал – қалалы жерде осы

тыныштық заманда ертеңгілік кезде, үйден шығарып тасталған

қоқыстың ішінен нан теріп жеп жүргендерді барған сайын көремін. –

Ол адам ба, әлде хайуан ба? – Жоқ, ол адам, шошқа не сиыр емес. –

Ол неге жейді? – Аш болған соң жейді. Істейтін жұмыс жоқ, істеуге

шамасы жоқ. Көбінесе ондайлар зейнеткерлер. Зейнетақысы

жетпейді. Қаладан кеткісі жоқ. Зейнетақысы өзіне қаратып алдым

деп аталатын пәтер ақысына жетер – жетпес. Ол сорлының

асырайтыны да жоқ. Мұндайлар жастар ішінен де байқалады. – Неге

олай дейсіз ғой? – Істеуге жұмыс жоқ. Ол сорлының құшағында сәбиі

бар. – Неге ол туған деп тағы сұрайсыз – ау?! – Ол да адам емес пе?

Табиғаттың өз заңы бар. Ол бала некелі емес. Сіз сұрамаңыз, мен

оны айтпайын.

Бір кездерде социалистік қоғам, капиталистік қоғам деп, екіге

бөлушілік бар еді. Соның алғашқысы біз едік. Сол қоғамды қазір

жерден алып, жерге салып жамандаймыз. Сол қоғамды бұрын кім

басқарса, сол әлі басқарып келеді. Сонда ол бұрынғыдан жақсартты

117

ма, оздырды ма?? Көшеге шығып, кетіп бара жатырған кез келгеннен

сұраңызшы. Осылай сұрау дегенді дағдыға айналдырды ғой.

Экранға түсетіп болған соң, қорқып, ойын айта алмайтыны да

табылса керек. Озғанын қайдам, аяқталмаған құралыс бұзылып,

қиратылуда. Дайын тұрған құрылыстар бөлшектендіріліп, жетпей

жатқан жалақыға үлестіріліп бітті.

Қолынан келгендер қарауындағыларға жалақысын ақшалай

төлемей, заттай беруді шығарды. Мұнда да пайда табу бар.

Ханталапай дегенді бала күнімізде үйде отырып, асықпен ойнайтын

едік. Қазіргі сорпаның бетіне шығатындар ол ойынды басқаша

ойнайтын болды. Сол ойынпаздардың соған қаншылықты еңбегі

сіңді екен десеңші! Енді бұзатын зат таусылайын деген соң, завод –

фабрика, өндіріс орындарын, мұнай ,электр, газ жүйелерін, суды да

қалталыға, әрине шетелдіктерге, сататын болдық. Мұнда да

делдәлшілердің (брокер) пайдасы бар. Олар енді содан

пайдалынатын затты өзімізге сатады. Нарқын өсіру соның еркінде.

Ондағы жұмыс қолдары да соның еркінде. Құлдық қоғам басталғаны

ма? Енді жерді, ауаны сатсақ байимыз – ау! Мақсатымыз баю емес

пе!

Егеменді ел болдық деп қуанып, жүрегіміз алып ұшып жүрдік

емес пе? Сол елді басшысы бәрін сатып біткен соң, неге басшы

болады деген тағы бір сауал тауды. Әлде оның басқа бір ойы бар ма

екен?!

Біз оқығанымызда коммунизм құрамыз деп оқып едік. Оның

школьный товарищі орыс елін, Россияны, басқарып еді. Олардың

философиясы, данышпандығы, басқаша ма, қалай??? Ол болса,

елін сатқан жоқ – ау, жиған-тергенін, халықтың алтынын, алып тайып

тұрды емес пе! Сол ұятсыз әлде де қайта келіп, тастап кеткен еліне

басшы болу ойында бар. Орнында қалған Ельцины, Алла ықпал етті

ме екен, өлмей тұрып, ықтиярымен орнын тастады – ау! Басқаларға

да үлгі болсын деген өнегелі өсиетін айтып кетті емес пе? Сонда ол

сол сөзді кімге айтты екен десеңізші?! Оны тыңдайтын басшы бар ма

екен? – Оқушым, осы бір сауал қойғың келіп тұр, байқаймын, айта

қойшы. – Осы сіз бәріне ырза болмағандайсыз, ойыңыз не? – Жауап

берейін, оқушым. Мен қаным таза қазақтың қанынан пайда болған –

ау деп санаймын. Олай болса, осы кез келген “Президент”, “Әкім”

деген атаудан гөрі елдегі бұрынғы бұған қарағанды әділеттілеу-ау

дейтін ел ақсақалы, ел ағасы басқарған ұяттылығы басымдау

басшылық. Біз осы барған сайын арымыздан айырылып барамыз.

Ынсап, әділет мейірім үшеуі қосылып адамның ұжданын (совесть)

құрайды екен. Осы үш белгі бойымызда бар ма екен, оқушым,

ойланайықшы. Мен ешқайсыңа күмән тудырып отырғаным жоқ,

жалпыламай айтып отырмын, осыдан қол үзіп бара

жатырғандарымыз да жоқ емес – ау.

Академик Лихачев: “ Адамгершілік тәрбиеге шешуші мән

бермейінше, ендігі жерде қоғамның өмір сүруі екі талай” – деп, үзілді

118

– кесілді түйеді. Қазақтың аяулы жаны ғалым Шәкәрім

Құдайбердіұлы да осыған үндес пікірді өзінің “үш анық” кітабында

айтады. Бұрын халық елдің ақсақалын, ағасын өздері тыңдайтын еді

ғой. Қазір ше? Қазір жоғарыдан тағайындайды. Ол сол

жоғарыдағының адамы, халықтікі емес. Халық не болса, ол болсын.

Жоғарыдағы ожданы бар адам үлкенді сыйлап, кішіге қамқоршы

дегенді білетін еді. Ұят, инабаттылықты сезінетін еді. Әр жұмысты

жасамай тұрып, ақыл – кеңеске келуші еді. – Сол жолдан қалай

айырылдық, әлде адастық?

– Иә, дұрыс сауал. Оған да жауап іздейік. Мешеу қалған ел деп,

Ресей қоластына ендік. Ол өз саясатын, әкімгершілігін жүргізді.

Жүргізіп қана қойған жоқ, тіпті қанымызға дейін дарытып та жіберген

жерлері мол болды:

1)Сауатымызды ашты, сонымен қоса діннен де аулақтатты, тілімізді

жоюға айналды.

2)Арақ – шарап ішуді үйретіп қана қойған жоқ, керек десеңіз, біз

олардан оны игеруді арттырдық.

3)Наркотик деп аталатын зиянды, есті алатын, ішу жолын

пайдалануды да меңгертті.

4)Кейбіреулеріміз, тіпті, оның дінін де қабылдадық.

5)Әсіресе соңғы кезде газет–журнал беттеріне болсын,

теледидардан өнегелі көрілім емес, қарауға ұялатып, жиіркенетін

көрініс те беріледі. Олай болса, бағынамыз деп айырылғанымыз да

бар, әуестеніміз деп адасқанымыз да жетерлік.

– Осыны тыюға бола ма? – Әрине, болады.

– Неге соны жасамысқа? – Ә! Оған да шектелу қойылды ғой. Бас

жағында айттық қой. Барлық тұтқалы орынға өз адамы, қала берді

тақымға бұрылатындар отырды. Іс білетіндер аулақтатылды емес пе!

Теледидарда өнегелі бейне хабар бастала беріп еді, ол басшы

алынып, өз адамы басқарды. Қанын шығара шындықты айтқан

газеттерге тыйылым салынды. Осы бір еркіндік берілді деген бір

хабар бар. Ол – «77 күн» хабары, әзіл – оспақ сияқты, түбінде

шындық жатыр. Одан шығын жатқан қорытынды жоқ. Тек қана көруші

күлкіге мәз боламыз да қоямыз. Ертеректе «Ара» журналы шақса,

шағып алушы еді. Қазіргінің зәрі таусылған.

Халқым, елім деп даусымды қатты шығаруға да бата алмайтын

болдық емес пе?

Мен соны уақытысында білмейді де қалыппын. Білгенде

қолымнан не келуші еді, дегенмен, айтып отырғаным ғой. Парламент

президентке жақпаса, халық сайласа да, жалғыз президент тарқата

алады, тарқатты да. Сонда дара билеу болып шыға келмей ме?

Демократия деген сөз артын қысқаны болып шыға келеді.

Ел басқарушылар ішінен некен – сияқ жексұрындар да

табылуда. Олар ол орынға қалай барған? Кезінде қолдаушы болған

болу керек. Кейін түрлі жағдайлармен жақпай қалған жағы да болуы

мүмкін. Пенде болған соң ойына келеді ғой. Меніңше, ол сол үлеске

119

(Ханталапай) келіспеді ме, әлде жоғарырақ орынға(таққа) дәметті ме

екен дейсің (Қажыгельдин). Айта берсем, осы сияқты «озушылық»

толып жатыр. Сонда қайда барамыз, келешегіміз не болады деп,

өзіме – өзім ренжимін. Оқушым, сенің ойың қай жағында екенін өзің

білерсің.

2030

20+20+20

«Бедел парасатқа емес,

парасат оған үстем

болуға тиіс»

(Бала биден)

Болашағымызды жоспарлағанға не жетсін. Қазір қай елді

мекенге барсам, 2030 деген жазу көшелердің көрнектілеу жеріне

жазылған. Бұл жазу болашағымыздың тақырыбы іспеттес нәрсе. Бір

кездерде, осы қайта құру қоғамына дейінгі кезде, «Коммунизм» деген

сөз осы 2030 – дан да жарық сияқты, тірі адамның жарық дүниедегі

пейіші сияқты елестейтін еді. Солай етіп дәріптейтін де болатын. Сол

коммунизм деген сөзді айтуды қойдық. Жеткесін қойдық па, әлде

жетпей-ақ оның желкесі үзілді ме, оны айта алмаймын. Тіпті сол

қоғамды аузымыз қисаймай – ақ жамандап та жүргеніміз жоқ па!?

Адам болған соң, болашағымызды, барар бағытымыздың алдына

адасып кетпес үшін қарақшы сияқты бір деңені қадау керек-ау

деймін өзіме– өзім. Сіз қалай ойласаңыз, солай ойлай беріңіз, онда

менің таласым жоқ.

Дін бағытындығылардың бір сұрап жататын сұрағы осы жерде

есіме келіп тұр: – Сен мұсылмансың ба? Мұсылман болсаң, оған

дәлеліңді айт. Сонда ол екінші біреудің мұсылмандығына

күдіктенгеннен қойған сұрағы болуы керек. Мүдірмей жауап беріп

шықса, мұсылман болғаны болуы керек. Істің мәні тек ауызша

жаттанды сөзді айтумен шектелеме екен деген ой мені мазалайды.

Үстін-үстін заң да, жоспар да шығу үстіне шығуда. Оның

орындалуына беріліп жатқан ақпар қалай дейсіз ғой? Бұрындары

ақыры орындалуға тиіс деп, алдын ала болмаған істі болды деу бар

болатын – ды. Қазір ше? Болмаса да болдыға босуға шықтық.

Тәртіптілік, саналық дегенді кімнен талап етуді де ұмытып барамыз.

Бір ретте облыстық баспа (газет) бетінде басылған мақалаға дұрыс

болмаса, авторы жауапты делініпті. Сонда кім не айтқысы келсе,

жазғысы келсе, жаза берсін дегені ме? Бейбастақтыққа жол ашудың

жолы болғаны ма?

Күн санап жақсару үстіне төмендеушілік басым болуда. Тәртіп

болмай, өтірік жойылмай тұрғанда жақсы болады дегенге сенгім

келмейді. Ат төбеліндей жеке байдың жеттігуі бізді оңдырмайды. Ол

қалай өсіп барады? Өсу жолында қиянат жоқ па екен? Осыны да

ойлау керек-ау!

120

Бейбітшілік кезеңде өмір сүріп келеміз дейміз. Табан астынан

еш кінәсіз жандар бұзықтардың қолынан құрбан болуда. Оны

ұялмастан теледидардан хабарлаймыз. Сол бұзықтарды тірексіз деп

айту қиын – ақ. Тіпті кейде қорғаның деген полицейлердің өз ішінен

де сондайлар шығып жатады. Соларды адам түршігерлік ауыр жаза

түрімен неге жазаламайды??? Кеше Ұлы Отан соғысы кезінде

қашқандарды, өзін-өзі атқандарды соғыс трибуналымен жазаның

ауыр түрін қолданған соң, бірден тыйылды емес пе? Бұларға соны

неге қолданбасқа? Кез келген жай адам өзінің қауіпсіздігін сақтау

үшін президент гвардиясы сияқты топ жасау керек пе? Қайда

барамыз?

Бай болайыққа көштік. Бұрын осы қазақта бай дегенді жау

көріп, сібірге айдап, жер аударған кез де болды емес пе? Сонда сол

байдың малын бағып жүрген кедейіміз соның туысы, бауыры еді ғой.

Оларда рақым, жан ашырлық деген сезім бар сияқты еді. Қазіргі

байға жалдансаң, сол сезім бар ма екен? Қайдам? Базар, базар,

базар дейміз. Сауда, сауда деп тағы даурығамыз. Соны, сататынды

өндеріп жатқандар кімдер?! Алып сатушылық, алып сатушылық. Бұл

нарықты төмендетпейді, жоғарылата түседі, ақшаны

құнсыздандырады. Сауда жасай алмаған қарттарды қайыршылыққа

итермелейді. Ақшаның құнсыздануына байланысты пенсияны да

өсіріп еді бір кездерде. Қазір ше? Оны ойламайды да. Алғашқы

зейнетке шыққанымда 120 сом алып едім. Оған мен не алатын едім,

қазіргі зейнетқаныма не аламын? Ара салмағы қандай? Қайыршы

болмағанға не қалды? Совет дәуірінде ел басқарғандар әлі

басқарып келеді. Солай бола тұра, сол заманды айыптайды. Неге

сол кезде айта алмаған? Ол кезде ақылы жетпеді ме, қазір ақылды

болып шыға келді ме екен? Міне, сенгің келмейтіні осындайдан келіп

шығады. “Әдеби мұра” деген кітапта мысал ретінде берілген бір

әңгімеде Алла жаратқандарына ғұмыр береді. Барлығын да бірдей

көріп, 30 жастан бермекші екен. Адам оны азсынып, есектен 20,

иттен 20, маймылдан 20жас сұрап алыпты. Осыны жазып отырған

мен маймылдан алған өмірдің кезеңін жасап келеді екенмін. Сонда

ел басқарушымыз біз сияқтыларға жасаған қамқорлығы маймылдың

өмірін сүр дегені ме екен? Құлшынып істейтін қуат таусылған. Сол

маймылша ыржыңдап отыра беру ғана қалды.

Титтей де болса айтылған сөзден, уәдеден ауытқымайық.

Сенімді жоғалтпайық та. “Әкесі өлгенді де естіртеді” дегендей, пәлен

жастап асқандарға зейнет ақы төленбейді, олардың бұрынғы

қалдырған суммасы таусылды десе, жүрегіміз жарылмас еді.

Отан! Отан! Отан! Деп өсіп едік. Қазір сол отан деп өскендерді

басқарып отырғандар Ұлы Отан соғысын тек кинодан ғана көреді.Ол

кезде олар жалаңаяқ жүргендер еді. Ол киноның өзі дәл емес,

көркемдеген түрі ғана. “Қарнымның ашқанына ренжімеймін,

қадірімнің қашқанына ренжимін”. Отан көмектесуді қойса, балама

берген қарызымды алып, күнімді өткіземін де. Ашылғаннан шыққан

121

сөздерім еді. Қазақ мақалында: “Көсіле сөйлегеннің бәрі көсем емес,

шешіле сөйлегеннің бәрі шешен емес”, “Сөздің көптігі емес, септігі

керек”, “Күдік қалыңдаса, үміттің құты қашады” – делініпті.

Халықтың жауы ма еді?!

Тарихты жеке адам жасамайды, халық жасайды деп үйретті бізді. Ал

мақұл, дұрысы да солай. Бірақ сол халықты бастаушы, соңына

ерітуші, күреске жұмылдырушы, насихаттап үйттеушісі бар. Ол –

адам, не бір топ, өздерінше саясаты бар, ат төбілендей қауым құрған

топ деп түсінемін. Жабайылықтан айығып, топ-топ болып

қауымдасқаннан бергі өмірдегі адамзат әлі бір-бірімен жауласып

келеді. Алғашқы кездегісі жейтін тамақ үшін таласса, кейінгілері

байлыққа, билікке таласудан жауласуға ауысқан.

Осылайша үлкейе келіп, мемлекет пайда болса, сол мемлекеттер

бір-бірімен жауласуы туады. Ал бір мемлекеттің ішінде өмір сүріп-ақ,

халық жауы деген ұғым жасаушылар да бар. Сонда қалай? Бұл-

билікке таласушылық. Ойлап қарайықшы: патшалы Россия ішінен жік

шығып, партиягершілік пайда болды. Әрқайсысы өз саясаттарын

насихаттады. Езуші, езілуші деп, екі топқа бөлді. Олардың көсемдері

кімдер екен? Езуші топты айтпай-ақ қояйық, езілуші топты

бастаушының өзі құр жаяу таптан шыққан ба екен? Ол да ауқатты,

Әлді тұқымнан шыққан адам. Бірақ уақытысында білім алып, топ

құрып, билік құмарлыққа көшкендер. Жеңіске ие бола бастағандары

халықты соңына ертіп, екінші жағын халықтың жауы санаған. Билік

қолына толық келген соң, екінші жағының бас көтерерлік адамдарын

нағыз жауыз санап, көзін жойған, жоюға тырысқан, қуғынға

ұшырытып, тіпті бірін-біріне айдан салу саясатын қолданған:

жапалақты тасқа ұрған, таспен жапалақты ұрған. Солардың ішінен

пысықайлау, елермелерін пайдаланып, өздерін өздеріне жау

көрсеткен. Сонымен, діннен де, ділден де айырылып, жойылып,

жойылуға айнала бастаған. Не деген қатыпезерлік десеңізші: билік

үшін бауырын (хандық кезінде) өлімге қиған, өлтірген. Қалған топты

қойша айдаған. Өзіміздің өмір сүрген кезімізді – ақ айтайықшы.

Бірінші дүние жүзілік соғыстың кезі, патшалы Россия құлап, совет

үкіметі пайда болу кезі. Халықтың жауы деп көптеген

саңлақтарымыздың көзін бірден жойып жіберді. Сондайлардың бірі

Мұстафа Шоқаев. Кешегі күні осы атты атауға да қорықтық емес пе?

Бүгін ше? Бүгін Алаш партиясының көсемі деп, оған ас беріп,

ескерткішін қойып, жер атауларын беріп жатармыз. Ішімізде

Хамелеондар баршылық. Кеше басқаша сөйлеп, басқаша саясат

ұстап, бүгін жалт етіп жүргендерден әлі тірілері бар. Мұстафа –

қазақ. Ал халқы үшін қайысқан жан. Білімді, алған білімін халқы үшін

жұмсауға тырысқан адам. Ол білімсіз, топас, жаулық ойлаған адам

болса, шет елге сыймас еді, қадірменді болмас еді. Енді совет

заманынын қоя тұрып, қайта құрылған егеменді ел болдық деп,

122

тақиямызды аспанға лақтырып, жүрегіміз жарыла айқайлап жүрген

кезімізге келейікші.

Қазақ халқының қаймағы деп айтуға келетін Олжас

Сүлейменов, Мұхтар Шаханов та ел басшыларынан толық қолдау

тапты ма? Олжасты “Аз и я” кітабы үшін көзін құртып жібере

жаздаған жоқ па? Сонда ол не үшін айыпты болды? Шындықтың

бетін көзге түртіп дәлелдегені үшін! Семейдің жағдайын көтергені

ше? Әрине, қолдаған болды, дегенмен, амалсыздан ғана, толық

қолдады деп мен өз басым айта алмаймын. Сол үшін де, бұл сотқар

арамызда жүрсе, халықты соңына ертіп, біздің былығымызды

бетімізге баса береді деп, бір шет елге, Италияға, алыс елге,

елшілікке жіберіп отыр деп санаймын. Оның онда емес, мұнда

тындыратыны мол еді. Көзге көрінбесін, сүйел сияқты болмасын деу.

Халықтың қамын ойлаған ерді халқы ұнатады. Сол келесі сайлауда

президент болып кетер ме екен деушілер де жоқ емес-ті. Шешіп айту

әбестік болар, бірақ ол теледидарда президенттікке таласпаймын

дегенді айтты ғой.

Мұхтар ше? Мұхтар – жайғана батыр емес, арқалы батыр дер

едім. Ол сөйлегенде арқасы қимылдап кетеді. Жұрт бұғып, тұншығып

тұрған кезде, айқайлап шықты емес пе? "1986 жылғы Желтоқсан -

1917 жылғы кіші Октябрь!" Бүкүл дүние жүзіне мәлім болды. Ал,

осыны жасаған, қазақ халқын басынған, арабы төбет ше?! Оны

қолдап, әлі сақтап келе жатқандарды ойлаңызшы!

Сол кезде де ішімізде ықпа, жоғары орында отырушылар болды.

Тіпті солардың сойылып соғып, халқын ұмытқан сатқындар да болды


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю