355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 6)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 6 (всего у книги 27 страниц)

алып алған.Көптен көрмеген немере қызы алдынан ентелей басып,

көзіне жас та алып, үні де шығып кетеді. Қортық болса, құшақтап

бетінен сүюдің орнына шыбықтың астына алып: “Сен мені

өлтіргеніңді қоймадың ғой!” – деп, сыртынан сабалап жүр. Қарсы

63

алушылар ұрғызып қоюшы ма еді, ажыратып алып, құдағидың ісіне

әрі таңырқап, әрі жұбату айтушылар да бар. Үйге енеді. Елдің

амандығын сұрауға да сөз таба алмай отырғанда, сөзді қортық

бастап кетеді, – осы жалмауыз қатын мені кілең өлтірумен келеді.

Жолдасым соғысқа кетіп, не бір қиыншылықтарды басымнан

кешірдім. Сүйтіп жүріп, осыны етек астынан таптым. Дүниеге

келгенінше тірідей өліп жүрдім. Іштен шыққан тірі жылан емес пе,

көзін жоғалтуға кимауым. Тозаққа да үйренеді дегендей, қиындықпен

өсірдім. Енді осы жолы тағы да алыс жолдан шаршап – шалдығып,

шөлдеп өле жаздайын деп жеткенімде, мені тастап кеткен жалмауыз

іші – бауыры елжірей қалғанына жыным келмейтіні бар ма! – УҺ!” , -

деп сөзін тоғарды. Тыңдап отырған құдағилардың ішінен біреуі жаңа

келген құдағидың ашуын басу үшін : – Құдағи, қиын кезең болды емес

пе? Біз де не бір қиын жағдайды бастан кештік қой. Оған ренжімеңіз.

Менің де басымнан сондай жағдай өтті ғой! Деміңізді алыңыз, шайға

қараңыз”– демесі бар ма. Екінші бір құдағи тұрып: “Менің басымнан

ондайдың екеуі болды” – деп сөзін жалғады. Енді қортық жадырап,

түсін қалыпты жағдайға келтіріп, аман – саулыққа көшті. Шай ішіліп,

емін – еркін әңгіме басталып кеткен кез. Келген қонақтарға тамақ

тартыла бастады. Қортық бәрін бақылап, әріптестерін таба алмай

отыр. Бір кезде қортық:

Менің әріптестерім қайда, тамақты бірге ішейік, менің

табағыма қосыңдар соларды , – дейді.

Әріптес пе, Әріптес емес пе, жағымпазданамын деген

құдағилар жаңа келген құдағидың қыздың анасы емес, әжесі екенін

біліп, шыдамдары кетіп, тайып тұрған екен.

Жабылған жала

“Жала – жалын емес

жандырмайды,

жандырмаса да күйелейді”.

“Клевета– не пламя, не загорает,

а заморает”.

Әмірдің Сәрсенбегі деген ағамыз бар еді. Бала – шағалы болған

жігіт ағасы кезі. Не қыласың “Сәрсенбекті біреу машинамен қағып

кетіпті!” – деген суық хабар ауылды жайлап кетті.

Қашан?! – қай жерде? Кім қағыпты? деген сұраулар

ауыздан – ауызға көше жөнелді.

Түстен кейін болса керек. Бәйгеқұмнан ауылға келер

асфальттың үстінде көрінеді.

Тірі қалып па?! – жоқ, қайтыс болыпты. Есіткен жан аузы

жыбырлап барып, бетін сипап жатты. Енді біреулері: «иманын

жолдас қылсын!» – деп те жатыр.

64

Машина біздің совхоздікі екен!– деп жатыр екінші біреуі.-

Қандай машина екен?! – дей бергенде.

Кабинасы сары екен! – деп, жерден жеті қоян тапқандай

біреуі сарт еткізді. Әркім әр жаққа алып кетіп жатыр.

Бұл совхозда мұндай машина екеу. Қайсысы болды

екен, а?! Сонымен соққан машина ақыл-кеңес тауып, қырға тайып

береді. Бұл жағдайдан еш хабары жоқ адам шақырылады, сұрауға

алынады.Ол Бәйгеқұмға бұл күні бармағанын қанша айтса да, ешбір

сенбейді. Көрген адам бар, түсі сенің машинаң. Жабылды жала,

жауап бересің болады. Акт де жасалады, қамауға да алынады.

Айыпты жолын табады, су жұқтырмайды.

Сонымен, таза адам айыпталып, неше түрлі азаптан сұрау

жолдарынан өтеді. Бұл жігіттің қорғаушысы қолға алушысы да

мықты болмайды. Ақыры сотталады. Мерзімді уақыты болып, азып-

тозып елге де келеді. Адамның қанын жүктеу өте ауыр болатынын

кейін көрдік. Сол әдейі баспаса да, әдейі қақпаса да, сол ісінің

азабын көрді-ау деген ойға келемін. Арада көп уақыт болған жоқ.

Сол жігіт аты жоқ ауруға шалдықты. Өзді өзінен ұрынуда болды.

Тыныштандыру үшін екі облыстың дәрісін де пайдаланды. Оянып

кетсе, сандырақтайтын болды. Жақындарының сасқаны сонша-

болған істі айтып қоя ма деп қатты қауыптанған болуы керек. Оянып

кетсе, ұйықтататын дәрі тағы салына берді, салына берді. Сонымен,

құпияның беті ашыла қойған жоқ. Ауру жеңді, дүние салды ұйқыда

жатып. Ал, ел іші көзге түртіп айтпаса да, іші білді.

Біреу ажалы шығар, дүние салды, екінші біреу жаладан жан

азабын шекті. Осыған айыпты болған қашақ ше? Ойласаң, адамды

алдағаныңмен, адамнан құтылғаныңмен, Алладан құтыла алмайсың

дейтін осы екен ғой? Бұл іс мұнымен ғана тынған жоқ. Кесірі тағы

біреуге тиді. Өлген адамның бала – шағасы, әйелі бар. Оған жәрдем

дайындалуы керек. Өлгенді жерлегенде акт жасалмаған. Осыны

анықтау керек. Ол әлдеқашан жерленген. Не істеу керек? Қабірді

ашу керек те, арақ ішкен, ішпегенін анықтау керек.

Мә саған! Бұл қалай болады?

Шариғат жолына жүгірісті. Жәрдем молданың шариғатына

берілмейді. Дәрігерлердің анықтамасын керек етеді. Ағайындарының

шешімі Сәрсенбектің немере інісі Урмаханның Кәрімшесін

(1936ж.жігіт) Қабірге түсіруді ұйғарады. Кәрімше қиналады,

дегенмен, халық бұйырса, одан асып кете алмай, лажсыз ашылған

қабірден ағасының денесін алып шығады Иістеніп кеткен. Осы

қабірге кіргеннен бастап, Кәрімшенің халі де мүшкіл тарта бастайды.

Шошынған, есінен еш шығара алмайды. Осы қасірет Кәрімшені де

алып кетті емес пе? Артында оншақты жетілмеген бала қалды, жесір

болып әйелі қалды. Мұның ақыры не болады екен?

65

Ілгерілі – кейінді . . .

Орындалған арман

Бақытына жеткен бақыт

Аты жоқ, жөні жоқ кейде біреулерді кінәлай салатын әдетіміз

бар. Оның дұрыс, бұрысымен ісіміз жоқ. Соған «өзің болсаң

қандайсың?» деген көзқараспен неге қарамайды екенбіз деген ой

келеді маған.

Ер кісінің әйелден кейіні, әйелдің ер кісіден артығын көріп те

жүрген жоқпыз ба?

Әйелдің кемдігі тек жыныстық мүшесі ме? Оған бола кеміту

дұрыс емес. Мәселе – ақыл, ой, парасаттылығында. Бақыт деген

болды. Алғашқысын тіпті білмеймін де. Ерлі – зайыптының өмірін

перзент жалғастырады. Ол болмаса, арасы үзіледі де, өмір

жалғасын табу жолын қарастырады. Мұны бұзылған деп қарауға

болмайды. Қай қайсысы болса да, үмітін үзбей, ұрыс – қағызсыз жол

іздейді. Солай болған болу керек деп ойлаймын өзім. Бақыт алғашқы

жұбайымен ажырасқан. Енді не істеу керек. Тағдырдың жазғаны

солай болған шығар. Бұл ұят үлескенде, ұяттың 9/10 ын алған емес

пе еді? Ал, алды. Кімге барып тиіспекші? Солай өмірін өткізе береді.

Бастапқы өз табалдырығын аттаған қыз бала енді өз үйіне жат

болды. Ешкімнің көзіне сүйел сияқтанбай, өзінше өмір сүріп

жүргенде, бақыты жанайын деген шығар, өмір ғой, ақылдан көп үлес

алып, ұяттан кем үлес алған ер кісі тіл қатпаса бар ма. Сонымен,

байланыс жүреді. Алла асықпайды екен ғой! Асығушы оның пендесі

екен. Құдай жарылқап , бақыт бақытына жетеді. Басқаға құпия

болғанымен, өзіне аян. Ол көкек ана болған жоқ. Бір түрлі ұялар,

бірақ ол ана деген атқа ие болды. Осының өзі үлкен қуаныш.

Күндердің күнінде баласына сырын айтар да. Ақылды аналар солай

айтып та кеткен ғой. Бақыт ұлды болған, өзі тәрбиеледі, оқытты.

Жоғары дәрежелі білім де алды. Әскери борышын да өтеді. Сөйтіп

жүріп ол Алматы қаласынан өзіне жолдас боларлық қыз да тауып

үйленді. Ал ана болса, әлі баласының тілегін сырттай тілеп, сол

бұрынғы өзінің үйінде тұрып жатырған көрінеді. Бірде мен автобус

үстінде кездесіп, жағдайларын да білдім. Шамасы, баланың қолына

баруды әлі ойластырмаған. Өздерінше тұра берер дейді. Өмір

көрсетеді. Бақыт мүгедек қалге жетіп, жүріп – тұруы қиындаса,

баласы өзі – ақ келіп алып кетуі мүмкін. Бала анасын тастап кетіп

отырған жоқ, тек анасы өзі үйренген жерінде, төркініне жақындау

отырғаны. Әңгімелесу соңында мен «Бақытына жеткен Бақыт» деген

66

әңгіме жазғанымды, бірақ жария етпегенімді айттым. Ол оған

ренжіген жоқ. Бір бағытта бір пән бойынша мамандығымыз болатын.

Баянның баяны

«Қаптың ішіне жалаң

біз жасырынбас»

Бұл әңгіменің арқауы көп жылдарды (шамасы 70 жылдай)

қамтиды десек те болады.

Совет үкіметінің алғашқы кезеңінен басталды десе де болады.

Балапан басымен, тұрымтай тұсымен болған кезде, жарлы жақыбай

ішінен еті тірі бір жігіт елден жырақ кетеді. Кеткенде ол алдына үлкен

бір мақсат қоймаса керек. Заманының ағыны қалай апарса, соған

іліссе керек. Елден, ағайыннан қашық жүріп оқиды, білім алады.

Ебіне лайық ел басқару жұмыстарын атқарып жүре береді. Істеген

жерлерінде өзінің таза жүрісімен абыройсыз да болмайды. Көзге

енді іліне бастаған жас жігітке бір облыстың әжептәуір

басқарушыларының қатарындағы жұмысы тиеді: бұл ол кезде

жалғыз басты жүрген кезі екен. Жұмыс істеп жүрген жерінде жатып

тұру үшін бір оңаша жан ұяның пәтеріне орналасады. Ол үйдің

басшысы өзіне – өзі жетерлік шаруасы бар, бір тоқ кісі екен. Жан

ұясында әйелі мен бір ғана перзенті бар екен. Ол перзентін ұл

балаша киіндіріп, өзі барған жерінде (той, көкпар тағы басқа)

тастамай алып жүреді екен. Әрине, онысы қыз бала. Бір күндері сол

ауылда көкпардың қызығын көруге әкесіне еріп, ол да барады.

Жанынан өте бере бір замандасы: «Байтал шауып бәйге алмас» -

деп, сөзбен қағады. Осы сөзді қайталашы дегенде, замандасы тағы

қайталайды. Сол заманда әлгі жігіттің басына қамшы тимесе бар ма!

Жігіт қашып жүр, анау қуып жүр, сабалап ұрып жүр. Ұрып жүр, әрі

жылап жүр. Әкесі де келіп жетеді. Сұраса, айтпайды. Екеуін

ажыратқанмен, ерше киінген қыз еш нәрсеге қарамай, үйіне қарай

шаба жөнелді. Не болғаны қазірше ешкім біле бермейді.

Болжағандары сол таяқ жеген жігіт бір жағымсыз тіл қатты деу.

Үйге келісімен әлгі қыз ер баланың киімдерін түк қалдырмай

шешіп, қызша киінеді: әке де, шеше де мәнісін сұрамайды.

Осылайша, уақыт өтіп жатқан кез екен; сол тұста жаңағы ел

басқарушы жалғыз басты жігіт осы үйдің пәтеріне орналасқан–ды.

Әркім өз тірлігімен бола береді. Екі жас ер жетіп қалған кезі

болғанмен, арада ешқандай көзқарас та болмаған екен.

Осының бәрін маған сыр етіп айтып отырған – сол қыз. Бұл

кезде ол елулерді алқымдаған. Уақиғаның басталуы әулиеатада

тұрған кезде басталған.

Бала болса бір сыдырғы, сыпа, сымбатты, өте мәдениетті тұрып

жатады.

Қыздың шамасы 17 – ге келген кезі – ау.

67

Бұл қыз деп отырғаным – сол сырды маған айтып отырғанда

жеңешем. Ол айтады:

– Әй, бала, сенің мынау жаман ағаң маған сөз айтпаса да, сондай

ыстық көрінеді де тұрады. Әкемде менен басқа перзенті болмаған

соң, мені ұл сияқты киіндіріп, тәрбиесі де солай болып еді.

Көкпардың қызығын көріп жүргенімде, сазайын тартқан жігіттің сөзі

ғана мені шошындырған. Сол заманнан мен қыз болып шыға келдім

ғой! Бірақ маған содан кейін ешкім ләм деп сөз қатқан емес. Неге

екенін өзім де білмеймін, осы жәмпиген ағаң мені ынтықтырады да

тұрады. Қойшы ей, не керек, екеуміз жұптастық қой! Оған да көп

заман өтіп жатыр. Ағаңда маған деген ықылас, сый – құрмет

жеткілікті. Оның ойлайтынын сұрағаным жоқ. Бір нәрсе жетіспейді де

тұрады. Содан мен оған ойымды үйде отырғанда, оңашада жайып

салдым. Ол – үн – түнсіз отырды да қалды. Шамасы, мені қимайды.

Көңіліне келеді ме деп ойлайды – ау. Бір кезде мені: «Бар шыным» -

деп, көзіме еріксіз жас алдым. Сондағы – дүниедегі қу бас болып

өтпеу. Екеуміз ойланып – ойланып, Сәбиханадан бала алайыққа

келістік. Бір емес, 2 – 3 рет алдық та. Егізін де алдық. Ішінде жастай

қайтыс болғаны да болды. Ал, есейе келе, өз бетімен суып кеткені

бізді қатты толғандырды. Оның шет жағасын көрдің де ғой! Ана жолы

өзің ауылдан алып келген бала – менің бауырымның баласы. Әкесі

де, шешесі де бар. Әкесі бір момын кісі, ауылдық жерде есепші

болып істейді. Баланы оқытып жүр едік. Көше балалары деген,

әсіресе басшының балалары, бәрі жеткілікті, оларды ыждағаттап

бақылайтын адам жоқ, бұзықтарға еріп, ойына келгенін істей

бастады. Содан бұл ортадан ауыстырып, ауылға жіберіп едік қой!

Онда да әжептәуір бола қоймапты. Содан аманында егесіне табыс

етейік деп алдырттық. Әкесін шақырып алып, өзіне табыс еттік.

Уақыт өтіп жатыр. Үнемі үйде қонақ бола бермейді. Кейде екеуміз

оңаша қалғанда, екі қолымыз алдымызға сыймай қалады. Тағы да

ойды – ақылды мен бастадым:Былтыр жазда келгеніңде, ауылдан

бір қыз, бір ұл бала оқуға түспекші болып, осы үйде экзаменге

дайындалып жатыр еді ғой. Соның ұлы түсе алмай, елге кетті. Екеуі

де менің төркін жағымнан. Қызы оқуға түсті. Ағаңа: «Осыған түсуіне

тіл жәрдеміңді жаса» – деп едім, солай болған болуы керек.

... Жылына екі рет астанаға (Алматыға) барып тұрушы едім.

Барысымен, ағайыма, жеңешеме сәлем беруді дағдыма

айналдырғанмын. Арасына күн салып барсам, олар маған ренжіп

қалатын еді. Әсіресе мені тергейтін жеңешем еді. Ол: – Поездан

қашан түстің? Содан бері қайда жүрсің? Осы сен менен де жақындау

анау жеңешеңе кідіріп жүрсің-ау! – деген сияқты күдігін де қосатын.

Жақын деп жеңешең деп отырғанындай бар: ата жағынан

қарағанда, ол жақынына жақын. Оның да ері әжептеуір қызмет

жасаған адам. Бірақ екеуінің де кісілігін ат-түйе тарта алмайды:

күшеніп, ыңырсып сөйлеседі. Сондықтан ілуде болмаса, бара

бермеймін. Бұдан тысқары осы екі жеңешемнің өрелі оты бірге

68

жанбайтындай. Оны да айтқан жаңағы мені қатты тергейтін

жеңешем: екеуі бір шақырылған қонақта шәлкем-шалыс келіп

қалыпты. Әрқайсысының отандары басқа-басқа болса да, ерлерінің

лауазымдарын салыстырған ба, әлде одан да зоры болған ба,

әйтеуір, бірін-бірі ұнатпайды. Бірақ көпшілікке көрінбеген, сыр

бермеген сияқты. Сыздап сөйлейтіннің үш ұлы үш отан болып отыр.

Дегенмен, парасаттылығы анадан кемдеу. «Ұлық болсаң, кішік бол»

онда жоқ есебі. Елге келгенде төбемізге көтеріп, алдына түсіп,

құрдай жорғалаушы едік. Қалаға барғанда, ана мінезін көрген соң,

аяғымызды тарта қойдық: кездесе қалғанда, құрғақ жалпылдаймыз

да қоямыз. Сол бір барғанымда, тергеген жеңешем менен кіре

берісіімде-ақ, көрімдік сұрады: сүйіншісін де айтып жүр. Қуанышы

қойнына сыймай, жөргекке оралған сәбиін де көрсетті. Өзім туып

алдым деп жатыр, мен сұрамасам да. Аяймын ба, құтты болсын

жаудырып жатырмын.

Атын Баян қойыпты. Талай аналарды көріп жүрміз ғой. Сол

Баян тілі шығып, жүріп кеткенше, бір-ақ рет құндақтаған жөргегіне

кіші дәретін шығарып алыпты. Мұндай ұқыпты асырағыш адам бола

бермес. Тамақтандыру, ұйықтату дегеннің бәрі белгілі мерзімдерінде

орындалады. Сол баладан басқа жұмысы да жоқ болар, дегенмен,

дәл олай асырау, тәрбиелеу кез келген ананың қолынан келе

бермейді.

Сол Баянның тап-тап басып жүрген кезін де көрдім. Аяқ киімін

кимей, еденді баспайды. Жерде көзге ілінер кішкентай зат жатса,

дереу барып алып, тиісті орынға апарып салады. Жап-жас күнінде

келген қонаққа қуана қарап, кетерінде «Кетпесеңізші» деп жалынып

тұрғаны. Кетіп бара жатырғанында қолын былғап, «дас-дас»

айтатынына қызығасың. Баянды ағайым туды деуге болатындай,

аузынан түскен де қалған, айнымайды-ау, айнымайды. Арада талай

жылдар өтіп кеткен. Бір барғанымда студент екен. Бұл кезде ата-

анасы қартайған, зейнеткерлікке әлдеқашан өткен кез. Тәрбиелеген,

асыраған анасы науқас: зорға жүреді, бір қол, бір аяғы қанның

қысымы ауруынан нашарлаған. Ағай болса, ол кезде сексенді

меңгерген. Бос кезінде естелік не, мемуар ма жазудың үстінде екен.

Шамалы ел жайды сұрасқаннан кейін, байқаймын, жеңешем

асханаға беттегісі бар. Жүріп-тұруы өте қиын. Мен ешнәрсенің керегі

жоқ деп безектей бастадым. Ол отырды. Сәлден кейін отыра алмай,

тағы тұра бастады. Мен тағы да отырсаңызшы деп жатырмын.

– Не? Сен бала мені туалетке де шығармайсың ба? – дері бар

ма.

Біз ағамызбен көптен көріспегенбіз. Бәрін сұрап жатыр.

Әңгімелесіп отырмыз. Бір кезде,

Әй, папасы! Шай дайын болды, келіңдер, – деді. Бардық. Барсақ,

газға шай қайнатқан. Сол шай қойған ыдысты қолымен көтере

алмай, маған: – Анау шайнекті столға әкеліп бер, – деді. Сүйтсек, бос

ыдысты газға қойып, суды кружкамен тасығанын айты. Бүкіл өмірін

69

қонақ күтумен өткізген кісі еді. Сондай адам жанының абзалы

болған, өмірі кішіпейілдікпен өткен жеңгеміз де бұл дүниемен

қоштасыпты. Ағамыз болса, ұзақ уақыт науқастанған болатын-ды. Ол

кісіде жүрегінің қыспасы бар-ды. Әуелі Алла, қала берді

дәрігерлердің ерекше қарауы, жұбайының жақсы күтімі болса керек,

ұзақ өмір сүруіне көмектесті. Айтып отырған ағамыз өкімет мүшесі

болған адам еді. «Ұлық болсаң, кішік болдың» дәл өзі болды. Баян

ше дейсіз ғой, оқушым. Әкесі Баянды көзі тірісінде Қалаған адамына

қосуға ойлаған да. Баянның да Қалаған адамы бар екен. Әкесі соған

қоспақшы болып, тойын дұрыстап өткізбекші болып жүргенде,

машинаның қақтығысуынан қаза табады болашақ күйеу. Баян болса,

уәде мықты ғой деп, некеге тұрмай тұрып, қатынас жасап қойса

керек. Уақыт жеткен соң, қартайған әке де дүниеден қайтады. Үй

болса, қаланың дәл ортасында; бөлмелердің саны да, сапасы да

ойдағыдай, 5 бөлмелі. Баян дүниеге келмей тұрғанда, бүл үйде екі-

ақ адам ерлі-зайыпты – тұрса, қазір де екі– ақ жан тұрып жатыр, яғни

Баян мен оның өз қызы.

Баянды дүниеге келтірген ана бар. Ол Атырау жағында

біреумен тұрмыс құрған. Ол жақтан да қызды болған көрінеді. Баян

да онан хабарсыз емес. Бірақ Баян оның тәрбиесін көрмеген. Оған

екі жағы да айыпты емес. Қыз анасы екі жақта екі перзентінің

қайсысымен бірге болудың жолын білмей, ар-сар болуда болса

керек. Үлкеніне орталыққа келе қойса, күндердің күнінде жағдай

қалай болады деп ойланады. Кішісі болса, ана сүтін емді,

тәрбиесінде болды; мұнда құпия сыр жоқ.

Сонымен, күні бүгінге дейін белгілі бір шешім жасалмаған-ды.

Осы табиғаттың сырына толық жетік емеспіз ғой. Менің

байқауымша, кейбір жанұялардың, не жекелеген адамдардың өмірі

өзінің өткен тектерінің, ұрпақтарының өмірі тәріздес келетіндері

болады екен. Мына өмір де соның бірі іспеттес.

Өмірден із-түзсіз кету деген үлкен қасірет. Қалайда болмасын

жолып тауып, із қалдырған жөн сияқты. Бірақ сол ізді уақыт өтіп

кетпей тұрып қарастыру ләзім. Және де ол тәсіл адамның

адамгершілік нормасынан аулақ болмағаны жөн. Сұрағаным да жоқ,

сұрауға болмайды да ол сырды. Тек өз болжауыңмен болжайсың да

қоясың. Ол да дұрыс шығар, бір жағдайда күмілжіп отырғаным –

Баянның іште жатқан кезінде ана құрсағының сыртынан сезіндім. Ол

ана сәбиді уызына тойдырып, мейірленіп иіскеді ме екен?!

Соңғы хабарым: Баян ол үйді сатып, сол қаладан бір бөлмелі

үй алған – ды. Ешкіммен де байланыспайды. Сол өмірін

білетіндерден арлана ма, қалай? Сол Баян әкесіз перзент тапқан

жоқ-ау, бірақ қосылмақшы болған жігіті машина апатынан дүние

салды емес пе. Дүниеге келген қызға әкесін кім дейді екен деп

ойлайсың. Баян болса әкесін біледі, соның атында. Туу туралы

куәлігінде анасы жаңағы дүние салған жеңешем, бірақ Баян кейін

өзінің туған анасын білгендей: “отыз тістен шыққан сөз отыз рулы

70

елге тарайды” деп бір жатса, “Земля пользуется слухом” деген тағы

бар. Сол Баянымыз қазір 40–тан да өтіп барады, жеке тұрады–ау.

Шіркін, өмір деген біреуге кең де, біреуге тар!

Отты жылдар елесі.

Жатқан жерің жайлы болсын, Алпысбай!

Адам баласының өмірінде есінен шықпайтын ерекше

жолдастары болады. Соның алғашқысы кластас деп аталса, екіншісі

армиялық деп аталады. Менің Алпысбайым – ерекше, армиялық

деуден басқа, майдандас, қанды көйлек киіскен жолдас, не бір қиын

кезеңді бастап кешіріскен жолдас, туысқаннан да артық санауға

болатын жолдас.

Ұлы Отан соғысы жылдары. 10XII 1941 жылы Жаңақорған

аудандық байланыс торабында түнгі мезгілде кезекші сменада

телеграфистік жұмысымда отырғанмын. Кешкі 9 – 10 – дардың

шамасында “ Серия “Г” – деп аталатын телеграмма қабылдап

алдым да, ізбе – із өзім (тәртіп солай болатын) әскери

комиссариатқа алып бардым. Телеграмма конверт ішнде. Оны ашып

болғанша, кідіріп тұруым керек. Мазмұны – орта дәрежелі білімі бар

40 адамды Ақтөбе облыстық әскери комиссар қарауына, 40 атты

Жамбыл облыстық әскери комиссар қарауына жөнелту. Комиссар

оқып болып, бара бер дегенінде: “Ертең келе берейін бе?” – дедім.

Ол үн де қатқан жоқ. Сонымен, ертеңіне повестка(шақыру қағаз) да

келді. 42 адам шақырған екен, бәріміз де жарадық. Стройға тұғызып:

– кім майданға барғысы келмейді? – деді. Ол кезде бармаймын деу

атымен жоқ болатын. Екеуі артық екенін мен ғана біліп тұрмын. Мен

бірге өскен жолдастарымнан қалғым жоқ, күні ертең тағы шақырады,

танымайтындармен кетесің, ол маған түсінікті. Сол қалған екеудің

біреуі Жаңақорғанның сунағы Ержанов Ахмет деген жалғыз басты

кемпірдің жалғызы еді. Ол кейін Ташкент қаласында (1943ж.) әскери

училищені бітіріп, сонда оқытушы болып қалады. Кейін КазГУ – ді

бітіріп, сонда оқытушы болады.Оқу, іздену барысында тарих

ғылымдарының докторы дәрежесіне жетеді. Біздің елдің қызы

Аханова Әнипаға үйленеді. Әнипа 3 балалы болғанда дүние салады.

Ахмет кейін үйленген екен, кейін Ахмет те (1996– 97) қайтыс

болыпты. 14XII-1941ж. кешкілік вагонмен (сол кезде солай) майдан

жаққа жүріп те кеттік. Ақтөбеге де келіп жеттік. Түкірген түкірік жерге

қатып түседі. Сол жолдастарымнан мен бір бөлек байланысшылар

батальонына тап болдым. Міне, ендігі жерде соғыс аяқталып, елге

кеткенімше, менің майдандас жолдасым-осы Алпысбай.

Енді Алпысбайым қандай еді, соған келейін. Алпысбай

Байғанин ауданынан, орта дәрежелі білімі бар. Мен қараға жатсам,

ол сан –сары. 101 ОСБ-ның құрамындамыз. Жатар жайымыз

бұрынғы педучилищенің 3 қабатты оқу корпусы. Жаңа құрылған

71

бригадада екі-ақ телеграфист-морзистпіз. Біреуі Тереңөзектік

Жансейтов. Әлі өз бетінше жұмыс істеп кете алмайды, әлі үйреніп

жетілмеген. Мен бұрындары аудандық байланыс торабында

телеграфист-морзист болып істегенмін. Облыстық телеграфта (2-

қабатта) үш сменада 180 адам (барлығы да әйел жынысты)

телеграфист істейді. Бір ғана бір көзі алаңсыз жоқ ер кісі механик

екен.

1942 жылы майданға кеткенше (қысқа қарай) сол облыстық

телеграфта Алысбай екеуміз таңертеңнен кешке дейін жұмыс

істейміз. Алпысбайым келген телеграммаларды әскери бөлімдерге

жеткізіп тұрады. Орыс арасында көп болмаған, ымпыл-жымпыл

сөйлесіп кетуге әлі орашалақтау.Мына бөлменің ішіндегі түрлі

аппаратуралардың бәрі оған таңырқарлық. Бір күні әйелдер

жағынан:"Алматы істемейді, Қостанай істемейді" т.б. дауыстар шыға

бастады. Бір кезде механик жетіп келіп:"Что ты делаешь?!"-деп

жекіргенде, артыма қарасам, Алпысбайым коммутатордағы

штепсельдерді біріп суырып, біріп қайта қосып отыр екен. Ол оған

қызық сияқты. Дереу механик штепсельдерді өз орындарына қосты.

Байланыс қалпына келді. Енді бұған тиіспе деп жатыр. Бір күні

Чкаловпен жұмыс көбірек болып,менің жан-жағыма қарауға

мүмкіндігім болмаған еді. Отан қорғау министрлігінен К.Е.

Ворошилов ұшып келіп, біздің бригаданың дайындығын тексеруге

келген-ді. Сол телеграмма да мен арқылы өткен. Күн суық. Қар

қалың. Кешкілік казармаға қайтуымыз керек еді, Алпысбайым жоқ.

Бір кезде қарасам, бұрышта залды жылытатын электр

пеші(қондырғы) бар еді. Соған қарап отырып, шынтағымен сүйеніп,

маужырап ұйықтап отыр. Аузынан суы шұбырып ағып отыр.

Оятқанымда, мең-зең болып тұрды. Есін жидырып, жатар орнымызға

да келдік. Тағы бірде казармаға жақындап қалғанбыз. Қарасам,

Алпысбайымның мұрны көгеріп кеткен. "Ойбай, мұрның кетті, қар

алып уқала!"-дедім. Сол күні жылы жерге кіріп келгенде, мұрны түсіп

қалар еді. Енді Алпысбайым ширай бастады. Орысша сөйлесе де

бастады. Қыз-келіншектермен қутыңдасып,әзіл-оспақ айтысуда.

Барлық жағдайды біліп жүргенде, өзіміздің майданға

аттануымызды білмей қалыппын. Шифрограммалар үсті-үстіне

келетін. Оның расшифровкасын білмеймін. Түс қайтқан кез.

Бригаданың байланыс бөлімінің бастығы жетіп келіп, бүкіл архивті

акталап, отқа жақты. «Жүр кеттік,» – деді маған. Мен казармаға

беттей бастағанымда, ол вокзалға қарай бұрды. Сүйтсем, біздің

бөлімше поездың үстінде жүруге әзір екен. Майданға жүріп те кеттік.

Ногинск қаласында шамалы аялдап, қару – жарақ т.б. алып ,

Калинин майданына бет адлық. Осы қалада Өтенбергеннің

Әлиакбарының Ермағанбетін маған Әйтенов Нұртай ертіп келіп,

кішкене отырып қайтты. Мен ол кезде Ермағанбетті танымаймын.

Погорелогородище станциясынан түсіп, Ржев бағытында оборонды

бұзұға кірістік. 3 күн дегенде Зайцево, Мишукова деревняларына

72

жеттік. Осы екі елді мекеннің ортасында түн мезгілінде

Нұртайлардың миномет расчетының үстінен түскен снаряд бұларды

опат етіпті. Сол күні түнде мұны маған Жансеитов Ахметжан

хабарлады. Ахметжан ол кезде штаб артиллерияда радист еді. Кейін

ол Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы

болды. Пенсияға шығып, облыстық аңшылар қоғамының бастығы

кезінде бұл да дүние салды. Бұл аты аталғандар өзіммен бірге

майданға түскен 40 адамның ішіндегілер.

Майданға түскен күннен бастап, мен де, Алпысбай да

телефонистікке көштік. Шабуыл кезінде ылғи солай болады.

Оборонға тұрып қалсақ, мен телеграф аппаратына отырамын.

Алпысбайым – коммутаторщик телефон аппаратында. Екеуміз де

кілең бір бөлмеде боламыз. Кез – келгеннің кіруіне рұқсат жоқ, құпия

жай. Шабуыл кезінде комбриг, комдив қайда болса, соған

байланысшы менмін. Алпысбай штабта коммутаторда. Бұл

байланыс батальондарының

жауынгерлері бәрі дерлік

Ақтөбеліктер. «Қайдасың Алпыспай» –деген мақаламды облыстық

(Ақтөбе) газетіне бергенімде. Маған жан-жақтан хат жаудырғандар

осылардың тірі қалғандары еді. Хаттары менде сақтаулы.

Соғыс аяқталды. Кенигсберг қаласында оккупационный войск

ретінде қалдырды. Мұнда бір ай тұрдық. Июнь айында Польшаға

«АК»-ны (Армия красвой) тазалауға Августов қаласына келдік. Бүл

соғыстан да қиын болды. Жай жергілікті адамдарша киінген

бандалар.Орман ішінде орналасқан банданы қылмыс үстінде ғана

ұстайсын. Осы қалада тұрғанда шығыс халықтарының (кореец,

Қытай, Жапон) тілін білетіндері бар ма деген телеграмма келіп

түсті. Сол кезде мені Киев қаласында әскери саяси академияға

шақырды. Мен сылтауратып бармай қалдым. Бұл туралы

«қателігім» деп жазған болатынмын. Көп ұзамай, Гродно қаласына

келіп, әскери эшелонға (поезд) мінгізді. Екі күн поезд үстінде

жүрмей тұрдық. Содан бізді Украинаға алып кетті. Штаб дивизия

Пирятиноға орналасты. Алпысбайым Полтаваға кетті. Сонда полк

штабында байланысшы. Алпысбайдан қол үзіп қолған кезім осы кез

болды. Мына бір жағдай майданда болған еді. Біз шабуылдамыз.

Алдыңғы шеп сиреген. Арттан келетін толықтыру жоқ. Әр

километрде бір – екі жауынгерден ғана қалған кез еді. Комдив

байланысшылар батальонынан алғы шепке он адам жібер деген

бұйрық береді екен. Бүкіл хабардың бәрін біз Алпысбай екеуміз

үнемі біліп отырамыз. Оны өз командирлерімізге де тіс жарып

айтпаймыз. Антты солай қабылдағанбыз. Бұл ант әскери анттан

бөлек ант. Айтсақ, әскери трибуналға кетеміз. Сол он адам біреуі

етіп комрота капитан Кузмин мені де ендіріпті. Мұны

Коммутатордан Алпысбай біліп отырады. Барлығымыз да бір

бөлмедеміз. Мұны маған Алпысбай өз тілімізде түсіндірді. Қазақтар

сиреген кезіміз еді. Корпустың байланыс бөлімінің бастығы мені

өзіне алуға дивизияның байланыс бөлімінен бұрындары

73

сұрайтынын білуші едім. Мұны да тыңдап айтатын Алпысбай. Енді

маған алдағы шептегі окопқа баруға сәл – ақ қалды емес пе? Дереу

телеграф аппаратына «корпустың байланыс бөлімінін бастығын

дивизияның байланыс бөлімінің бастығы сұрап жатыр» – деп, морзе

әліппесімен тықылдата қойдым. Шақырып отырған мен. Аппаратқа

корпус байланыс бастығы келе қойды. «Извините, вы меня ранее

просили к себе. Я в курсе дела. Я Алтынбеков. Сейчас меня хотят

отправить на передовую. На передовой нет солдат» – деуім мұң

екен, коммутатордан дивизия байланыс бөлімінің бастығын қос

деген хабар жетті. Бәрін көріп – біліп отырмыз. Бөлме ішінде

комрота да, комвзвода та біргеміз. Алпысбай екеуіміз екі бастықтың

сөзін білдірмей тыңдаудамыз. Жоғары бастық төмендегісіне:

«Сейчас же Алтынбекова, телеграфиста, направляй ко мне со

всеми вещовими – продовольственными документами. Я на место

его пошлю двух бойцов!»– деді. Төменгі бастық істің мән – жайынан

бейхабар екен. Кешірім сұрап, жағдайды білуге өтінді. Осылайша,

үлкені кішісіне сатылап, жағдайды білу үстінде. Енді трубка

комротаға келгенде, Алпысбай да, мен де түк білмегендей тым –

тырыс бола қалдық. Комбат комротаға: «На месте Алтынбекова

пошлю тебя. Что знаешь в аппарате морзе. На месте его ты пешка.

Любой офицер может командовать ротой. Мне надо

телеграфиста»– деп, комротаның жанын қысты. Ол болса қып –

қызыл болып кеткен. Біз болсақ, дәнеңе білмегендейміз, көзіміздің

астымен бақылаудамыз. Осы сөздердің барлығын корпус байланыс

бөлімінің бастығы Алпысбайға мені де қос деп қосқызып, тыңдап

отырды.Менің естелігімде «43 жылдан кейін» деп аталатын

тақырыптағы комрота Кузмин осы еді. Бұл, әрине, біз қоршауға

кірмей тұрған кез. Алпысбай болмағанда, алғы шепке барған адам

өледі, не жарадар болады. Шегініс бола қойса, кім біледі, тұтқынға

да түсіп қалады.

Сүйткен Алпысбайымды газет арқылы іздеп жүрсем, ол 1953

жылдары қайтыс болыпты.

Хат хабар алысқандармен жағдайды білістік. Біреуімен ғана

дидарластым. «Майдандас досым, Алпысбай Собалұлы, топырағың

торқа болсын, рухың жаннаттан болсын!» – деуден басқа не

айтамын. Алпысбаймен елге кетер алдында 1945 жылы ноябрьде

18-і шамасында Пирятинодан Полтавамен телефон арқылы

хабарластым.Онда мен отпусқаға кетіп бара жатырмын деп едім.

Толық адресін де алмағанмын. Сол отпускаға келе жатырғанымда,

бұрын оқытушы болғандарды армиядан қайтаруға указ шықты да,

военкомат арқылы қайтып бармай қалдым. Алпысбайдың соғыстан

кейінгі, соғыс кезіндегі суреті менде сақтаулы. Оны маған әйелі Мәз

жіберген. Кейде өткенді ойлағанда, ылғи есіме алып отырамын,

суретіне қараймын, іздеу солғанымда келген жауап хаттарды

оқимын. Кеш те болса, осы естелігімді жазып отырмын. Ертеректе

Алпысбай туралы жазамын деген едім ғой. 20.03.1998ж.

74

Жолым түсіп, Алпысбайдың қызы Гүлсімнің үйіне (Жұмаш

деген туған інісінің қызын баурына салып алған) 2000 жылы сәуірдің

соңғы күндерінде бардым. Тереңөзен ауданы, Жамбыл атындағы

ұжымда екен. Шешесі Мәз де қайтыс болыпты. Әкесі шешесіне

құран оқып шықтым.

43 жылдан соң.

Мына бір жағдай белоруссия жерінде болған еді: Ақтөбеде

құрылған 101 ерекше әскери ұлттық бригада (101– особо стрелковоя

национальная бригада) 1942 ж. маиданға түсіп, үш күндей

кескілескен айқаста 10 км ілгері жылжыды. Сол үш күн ішінде өзінің

75 % – қатардан шығарып алды. Майданға түсерде 9 мың адам

болатын. Содан бірнеше уақыттан кеиін 51 СВКОСД ( стрелковая

Витепская краснознаменная ордена Суворова дивизий) құрамына

ендірген. Сол Ақтөбедегі құрамнан қалғандарымыз әлі біргеміз.

Жоғарғы Қолбасшыдан ерекше бұйрық келді: майдан шебінің арғы

бетінде 4 партизан отрядын жау қоршап алған. Соны қалайда

болмасын қорғап қалу керек. Осы жерде бір түсіндіре кететін жағдай-

мен дивизия штабында телеграфист-морзист қызметін атқарамын.

Бүкіл майданда жүрген кезімдегі мамандығым-осы. Барлық құпия

телеграммалар мен арқылы өтеді. Кез келген әскери бөлімдердің

басшыларынан хабарды мен бұрын білемін, әрі оны құпия

сақтаймын.Ол үшін әскери анттан да тысқары берген антым бар.

Берген антымды ақтамасам, ешқандай сотсыз-ақ, әскери

трибупалмен ату жазасына кетемін.Сонымен, біздің дивизия жаудың

шебін бұзып, жау тылына кіруі керек. Солай болды да. Майдан шебін

800м. Ендікке ашты да, біз кірген соң, қақпаны жау жағы жауып

алды. Жау тылында 4 партизан отряды және 51СВКОСД. Партизан

отрядындағыларға кездестік. Дивизияның штабы "Триполье" деп

аталатын елді мекенге орналасуы керек деген бұйрық алдық.


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю