Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 13 (всего у книги 27 страниц)
Бір тәуір жері корпустың байланыс бөлім бастығы бізден білгенін
айтқанда, жағдай басқаша болуы мүмкін еді. Сол күйінше бұл
білінбей кетті. Дегенмен, іштегі кегі ұмытылмаған комрота мені
ұмытпағаны ғой. Трипольедегі заземленияға жұмсауы, маған
атылған оқтың өзіне тиюі. Тіпті болмаған соң, сол деревняға мені
қалдыруы да содан ба деп ойлаймын. Алпысбайға да менің көмегім
болды. “Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт” – депті ғой. Ол туралы
жазғанмын. “Топырағың торқа болсын, Алпысбай!” оқыңыз.
Қосыла қуанғаным – ай!
Осы соңғы жылдары адамдар арасындағы қарым – қатынастар
қазақ деген атымызға лайықсыз реңді көбірек сездіріп келетіндей еді.
147
Өткен жылы елге барып қайтқанымда, дәл сол істерді өзім
жасағандай, мәз – майрам болғаным бар еді. Әңгіме сол жайында
Ә.Ш. деген зейнетке шыққан азамат бұрындары басқа облыстарда
басшы қызметтерде жүрген еді. Соңғы кезде елге келіп орналасқан.
Бұрындары қызмет бабы болып, ағайын – туыс дегенмен ісі
болмағандай ма, әйтеуір, елге келіп, өз үрім – бұтағын сұрастыра
бастаса керек. 30 жылдан астам ба уақыт хабары, қатынасы болмай
кеткен бір қарындасына барады. Ері дүниеден озса керек. 5 бірдей
жиенімен қарындасын табады. Соларды ағайындарымен
таныстыруға елге шақырады. Егін – терім жиналып, қол жұмыстан
босаған шақ, ауылдық жерде сабан той деген кезең болады. Жақын
туыстарын да шақырып, қарындасы – жиендерімен әжептеуір той
іспеттес бас қосу болады. Ағайындары көптен көрмеген бауырларын
көріп, екі елдің азаматтары шүйіркелесіп қалады. Қарындасын
жиендерімен еліне аттандырарда, шақырған ағасы өзі мініп жүрген
жеңіл машинасын жиендеріне мінгізіп жібереді.
Қандай жарасымды, тамаша десеңізші! Жарасып – ақ тұр
емес пе?! Жиналған халық бәрі де дән риза.
Қарындасы да төркініне риза болып, туыстарын қонаққа
шақырысып тараған екен. Сол болған күннің ертеңіне бір жұмыспен
сол үйге барғанымда осыны естіп, қазағымның қазақшылық
дәстүріне қуанып қайтым.
Екінші бір жай, бұл да сол жылы болған іс. Бұл іске онша ұзақ бола
қоймаған, дегенмен бұған да 20 жылдын шамасы өтіпті – ау.
Н.С. деген қарындасымыз өз теңін тауып, өзімен қатарлас жоғарғы
білім алған балаға қосылған еді. Қосылулары соңғы кезде салтқа
айналғандай, той жасамай – ақ табысқан.
Дегенмен, көп ұзамай, құда шақырыс болып, құда жекжаттар бір –
бірімен табысқан. Сол құданың ішінде мен де болғанмын. Бала
үлкен мекеменің бас есепшісі, қызымыз да бір мекемеде бас маман
болатын – ды.
Қызмет орындары аудан орталығында да, үйлері ауданнан он шақты
шақырым қашықтықта. Автобустар қатынайды, жұмыстан кешікпейді.
Құда ұзақ сапар науқасты кісі екен. Көзінің барында құдаларын
көргісі келіп шақырған – ды. Көрдік, науқасы әжептеуір – ақ екен.
Құдасын атқарған соң, екі аптаға жетпей, ол кісі дүниеден озды.
Хабар жетісімен бардық. Ол дүниеге, ұзақ жолға, шығарысып та
келгенбіз. Арада көп уақыт болған жоқ, бір күндері жеңгіміз ешқандай
себепсіз( күнде қатынап істегенше, ауданға енші алып келіңіздер)
қызын үйіне алады. Бұл жағдай біразға дейін созыла береді. Екі жас
бірін – бірі қатты ұнатқан – ақ. Әрине, басқа жанұяға жасап отырған
зорлық та, көргенсіздік те дер едім. Ой үстінде келе жатып,
мотоциклден ұшып кетіп, күйеу бала жан тапсырады. Масқара деген
осы болды. Ара қатынас үзілді де қалды. Күндер өтіп жатты.
Қарындасымыз жолдасынан екіқабат болған екен. Бір күндері жас
сәби де дүниеге келді. Жеңгеміз туылған нәрестеге ат қоюды маған
148
ұйғарған екен. Мен тарихи жағдайға байланысты қызға “Зияда” деген
есімді қойындар дедім. Жеңгем айтуын айтса да, ұнатпай, өзінше
басқа ат қойыпты. Қыздың әкесі де, шешесі де дүниеден өткен кез.
Сәби қызы ер жетті, институтты бітірді, оқытушылық жұмыста жүрген
кезі. Қарындасымыздың алғашқы барған жерінен, қызының бауыры
жағынан, адамдар келіп, үйлеріне шақырыпты. Бұлар да өздері – ақ
табысып, арқа – жарқа болыпты. Әлі күнге дейін осы екі іске өз
басым ырза боламын да отырамын.
16/II 2001.
“О– З” дегенім бар.
О – 3 дегенді “жедел жәрдем” көлігі деп ойлап қалмаңыз. Бұл – сөзге
келген қарсыластың қақпасына түскен ұпай: Бірақ доп емес, сөзге
тоқтамайтын адамға, яғни құлақсызға өткен ұпай.
Бір құдаша дүниеден өткен әке – шешесіне құран оқытуға
шақырғандығы бар еді. Сол отырыста сөз ішінде сөзге араласқан
кездері еді. Бұл килігуші ерлі – зайыпты, әйелі – төренің қызы.
– Төре болса, онда мен неге көрмедім?
– Сіз оған шақырылғансыз, келмеген соң қалай көресіз. 0 – 1.
Отырған үйіміздің жаңа түскен келіні жиен болып келеді. Кісі аяғы
басылған соң, соны айтпақшы едім. Мен:
– Жаңағы кемпірім кідіріп қалды. Есік алдында асығыстық етіп
айтып жатпаса болар еді, – деуім мұң екен.
– Сіз оқытушы болсаңыз, институтты бітірсеңіз, мен
университетті бітірген филологпын. Менің алдымды сіз кес-
кестемеңіз, абайлаңыз, майып боласыз. 0-2
Тағы да әңгіме жалғасуда. Әңгіме нағашы тақырыбына ауысқан кез.
– Менің нағашыларым көп. Әкем бірнеше некелі болған кісі еді – деді
әйелі төренің қызы болған адам.
– Онда сіз қай нағашыңыздан бірдеңе алған болсаңыз, соны ғана
нағашы санап, басқаларын елемейтін болдыңыз ғой. Менің
кемпірімді нағашы апа санайсыз, оның тойына келмейсіз; шығындап
қаламын дегеніңіз бе? Мен сізге жиенмін. Отан иесі менмін. Мені
жиен санағыңыз келмейді. Бірақ мен сізден ешнәрсе дәметіп
жүргенім жоқ. Сіз тек алуды қарастырады екенсіз ғой. 0 – 3
Тағы да әңгіме созылуда. Түсіп жатқан ұпайдың зілі еленбей жатыр.
Үш ұпай алған адам:
– Мына кісі де менің әпкемнен туған жиенім. Әдейілеп сіздермен
таныстырайын деп ертіп келдім – демесі бар ма, үй егесіне. Осы
жерде 4– ұпайды тағы айдап салсам, ұят болар деп ойладым: онда
жанына батып кетіп, ренжу тууы мүмкін еді. Үйткені өзінің туған
жиенімен қатынасы тоқтап жүргені айтылып кетеді. Оны “ Салмақсыз
ауырлықтан айыққаным” деген тақырыптағы әңгімені оқысаңыз
түсінесіз.
қаңтар, 2001 ж. қысқы каникул күндерінде.
149
Ақсақалдылардан айрылғанбыз ба?
(елде болған жағдай)
Осы күндері кейінгі жастарға бір салт – сана, әдет – ғұрып
туралы айта қалсаң, біздер жаңа заманның адамдарымыз, біздің
жолымыз, тәрбиеміз, көргеніміз басқаша деп шыға келгендерін есітіп
те жүрміз. Сонда солар қайдан пайда болды екен, қалайша осы
күйіне жетті екеніне ақыл– ойы жете ме екен? Үлкен айтса, көргенін,
адамгершілік тәрбиесін айтады. Бұрындары үлкенді тыңдау, ұялу,
әдеп сақтау деген болушы еді. Кейінгілер біздің заманымыз жаңаша.
Сендердің уақыттарың өткен, енді өздерің де өтуге тиістісіңдер дей
жаздап жүргендер табылып қалып жүр. Ә дегеннен бұлай бастауға
мына бір жағдай тура келіп тұр: ағайынды екі баланың әкесінің әкесі
бір адам, яғни екеуі бір-біреуіне немере. Бірақ екеуі екі анаданда да,
аталары бір адам. Осы екеуі бір тамға таласады: бірі сатады да,
екіншісі алады. Тәптіштеп айтсақ, сатқаны ақшасын алмадым десе,
там алғаны ақшасын бердім дейді. Дауды енді түсінген боларсыз.
Дау шыға келе, екеуі екі адвокат жалдап, соттасуға бармақшы.
Біреуінің адвокаты өз туысының (руының) адамы да, екіншісінікі ұлты
басқа. Екі адвокат та заң жолының жоғары білімдарлары.
Дауласушылардың атасы діни сауатты, үлкен молда болған адам
еді, бірақ дүниеден озған. Уақтысында дін иелері қуғынға
ұшырағанда, ескі қыстауының қасына діни кітаптарын киізге орап
көмген. Ертеректе әкесін мақтан етіп, басқа бір баласы айтушы еді.
Ол кітап туралы өз кемерінен шыққан баласы хабардар да, ол қазір
тірі де. Сол даудың бір жағын ұстап жүрген де сол. Осы ісі сотсыз
ақ,адвокатсыз-ақ елдегі ақсақалдармен шешілуі тиіс еді. Меніңше,
екі араға Ібіліс кіріп тұр.Оның араласпайтын жері кем көрінеді ғой.
Оны арадан кетіру үшін үлкен ұлама молда керек. Ондай үлкен
ұлама молда табылмаса, жаңағы кітаптарды көмген жерден алу
керек. Ол үшін бір малды сойып, Алладан кешірім сұрау керек те,
алу керек.
Дін жолында оқығандар бар, ескіше (Хадимше) оқи алады.
Соны оқытып, әруақтардан кешірім сұрау керек. Ол Ібіліс сонда ғана
екі араларынан кетеді. Егерде бұлар осылай айтыса берсе, екеуіне
де бірдей тән атасының рухы мазасызданады, әбіржиді.
Сот арқылы шешкенде де, меніңше ата рухы риза болмаса
керек. Аталары ырза болмады деген– айыптысы не екеуі де кеміс
болып қалуы мүмкін.
Осы жағдайды есіткен соң, уақытыңды бөліп, осылай жасаған
жөн ғой деп жазып отырмын.
Мен көріпкел де, молда да емеспін, үлкендіктің жолы осылай
болса керек дегенім.
Осы талас– дау елге жайылып та қалған екен, есіткен құлаққа
өте ұят. «Екі анадан туған бала екі рулы ел» дейді ғой. Сонда да
150
болса, бір– біріне жау емес қой. Жауластыру да, татуластыру да
елшіден. Онсыз да осы кезде қазағымның қырғи қабақтығы
көбеймесе, азайып бара жатқан жоқ. Кім болсаң да, ойлаңдаршы,
азаматтар!
17/02-2001 23:23
Рухани ылтипат
27/02-2001ж. Алматыдағы балама бармақшы болып, Шымкент
қаласына келгенмін. Осы қаладағы Қазақ – Түрік Университетіндегі
Сағынғали ініме барып, хал – жағдайын сұрастырғанымда, ағасы
Мырзағалидың науқастанып қалғанын айтты. Науқасы жанына қатты
батса керек. Алматыдан келісімен (9 -10/III 2001) Түркістанға баруға
бет алдым. Телефонмен байланыса алмадым, номерлері өзгеріп
кетіпті, Сағынғалиды ала алмадым. Үйіне жеткенше, қатты күдік ой
билеп алды. Үйіне жете бере, көшеде жүрген бір қарттан ол кісінің
бар – жоғын да сұрадым. Бар екен, қуанып та қалдым.
– Ассалаумаәләйкүм! Жағдайыңыз қалай?
– Жақсы. Кімсің өзің?
– Әйелі: – Жаңа ғана айтып отырған інің ғой. Сағындық қой.
– Көзәйнегімді әперші, көре алмай тұрмын.
Ой айналайын – ай, амансыңдар ма? Келін қалай? Тәуір болып кетті
ме? – деп, құшақтап, аймалап, арқамнан қағуда.
Бір аяғымның бас бармағы ауыра берген соң, дәрігерге бардық.
Дәрігер көріп, рентгенге де салды. Кеспесе болмайдыға келді. Оған
мен де көндім. Сонымен, кесті де. Келесі күні соның қасындағы төрт
саусақтың төртеуі де қарайып кетті. Аяқ ісе бастады. Осындай
ауруды емдейтін Кентау қаласында тұратын қарт кемпір бар екені
айтылды. Оны да машинамен алдырдық. Көре сала бір ыдысқа
жылы су құйып, тотыяйынды (көкдәрі H2SO4) соған ерітіп, аяғымды
20 мин. салып, алған соң, жуып, тағы да сол дәрісін сеуіп орап
тастады. Осылайша үш рет қайталауды айтты. Ашытады, шыдау
керектігін де айтты. Жанымды қоярға жер таппай барамын. Құрбақа
да, жабайы шошқаның өкпесімен де орадық. Ісігі қайта бастады –
деді ағамыз
( Мырзағали) Мырзекең.
Ағайын – туыс, жекжаттар бірінен кейін бірі келіп жатыр екен. Менің
барғаныма өте ырза болып қалды.
– Тәуір болып кетіңіз, беті қайта бастапты ғой, – деп, рұқсат алып,
ауылға қайттым.
Сау адам науқас адамның көңілін сұрау деген мұсылмандық парыз
саналады. Жеңгеміз кідіргенімді қалап еді. Мен, кісілер көңілін сұрап
үсті – үстіне келуде екен, жүргенімді дұрыс санадым. Осылар туралы
“Қанмен дарыған қасиет” деген тақырыпта жазған әңгімем бар еді,
соны айтқанымда, отанындағы баласы көшірмесін беруімді сұрады.
Оған да келістік. Атамыз Арғынбай би туралы да жазғанымды қоса
бермекші болдым.
151
Мырзағали Ұлы Отан соғысынан бұрын армияға алынады. Соғыстың
алғашқы кезінде қоршауда қалып, Мұстафа Шоқайдың легионында
болады. Францияда онымен 2 рет кездеседі. Сол үшін елге келген
соң сұраудың астына да алынады. Мұстафа дәріптеле бастағанда,
Алматыдан телестудиядан келіп түсіріп, мұны да көк экранда
халыққа жариялаған адам.
Өнегелі өмір.
Қазақ халқының басынан не бір ауыр күндер өтіп жатқанына тарих
куәлі емес пе! Кешегі халық басына түскен зобалаң заманда –
конфискация, колхоздасу – коллективизация, ашаршылық, зиялы
жандырды халық жауы деп қуғындау, жою – ату дегендерді басынан
өткізді емес пе?! Сол зобалаңның шарпуы кімге тимеді дейсіз.
Майхан әженің Орынбетінің Мырзатайына да( менің шешемнің туған
інісі) залалы тиеді. Бас сауғалап, Мырзатай қайын атасы Қалымбет
деген кісімен (Арғын) елден ауады. Әкесі сол жақта дүниеден өтеді.
Онан үш ұл бала анасымен ( балалардың шешесі) қалады, бәрі де
жас. Балалар нағашы атасы, әжесімен бірге қалады. Нағашысы
кейін елге көшіп келгенде, оларды да ала келеді. Балалардың бірі
Орынбетов болып жазылса, бірі Қалымбетов болып жазылған екен
мектепке барарда. Сонымен, шиелі ауданы, Ақтоған елді мекеніне
келіп жайғасады. Қалымбет қарт та бір жағы аурулық, бір жағы жасы
ұлғайған шағында, бір күні баласына:
–Шырағым, кімнің баласысың?-дейді. Бала:
–Қалымбетің баласымын,-дейді. –Кімнен тудың?-дегенде, бала
әжесінің атын атайды. Нағашысы баланың бетінен сүйіп, көзіне жас
алып, ауыр ойға кетеді.Бір кезде:-Балам, дұрыс айтасың, баламсың.
Мен қартайдым, әрі ауру да алқымдап қоятын емес. Мен сендерді өз
бауырларыңмен таныстырмасам, ол маған дұрыс болмайды.
Қызымнан туылдыңдар, сендер де баламсыңдар. Бар, қағаз, қалам
әкелші,-дейді. Сүйтіп өзі білгенінше баланың аталарын ретімен
жаздыртады. Білетін жиені мені де қалдырмайды. Сүйтеді де,
жоғалмасын деп, сандыққа салғызып қояды. Уақыт деген өтіп
жатады. Үлкені Қоңырат бір жесір әйелдің қызына үйленеді.
Ортаншысы Дүйсенбек ауылдағы мектепті бітіріп, өз бетінше
толпынып, оқуға кетеді. Сол кеткеннен елмен хабары да болмай
қалады.
Бір күндері ұзын құлақтан Дүйсенбек Ташкентте оқып жүр екен деген
хабар естіледі. Екі бала сол Ақтоғанда баяғы нағашыларының
шаңырағына не болып отыра береді. Бұл кезде нағашы атасы да,
әжесі де дүниеден озған-ды.
Дүйсенбек болса, Ташкент қаласындағы темір жол институтын
бітірер жылы сол қалада жұмыс істеп жүрген Арыс қаласының қызы
Құрбанкүлмен тіл табысын, қосылмақшы болады. Ресторандатып
той өткізуге шамалары жоқ, бір сол қалада тұратын өздерін
"құрама"боламыз деген Баймұрат (1921 жылы туылған) атты
азаматпен сөйлеседі. Жеке басты кісі екен, әйелі екеуі ғана тұратын
152
өздеріне лайық үйі бар-ды. Қосылу кешін сол үйде өткізеді.
Жиналғандар кілең қатар-құрбылары, студенттер. Елден келген егде
жандар жоқ. Дүйсенбектің бас көтерер туысы жоқ екен. Баймұратқа
аян болады. Той өзіне лайық өтеді. Той тарқаған соң, Баймұрат
Дүйсенбекке:
–Сенің әке-шешең жоқ па?-дейді.
–Әке-шешем ертеректе қайтыс болған,-дейді. –Біздің ықыласымыз
сендерге ауып тұр. Бізге бала боласыңдар ма?-дейді. Бұлар үнсіз
отырып, ақылдарына сала келе, бала болуға келіседі. Сонымен,
Дүйсенбек пен Құрманкүл "Өкіл бала" болса, Баймұрат пен Жұпар
“Өкіл Әке – шеше” болады. Дүйсенбек оқуын бітіріп, сол Ташкент
қаласында темір жолдың құрылыс жағының инженері болады да,
Құрбанкүл болса, сол қаладағы винзаводында жұмыс жасайды. Ол
кездерде қаланы кеңейтіп, ескі үйлерді бұзып, жаңа құрылыстардың
айдай қарқынды жүріп жатқан кезі. Дүйсенбекте өзіне лайық
құрылысында жүк машинасы бар. Сол бұзылған үйлердің күйген
кірпіштерін жинастырып, өздеріне үй салуға кіріседі. Қаланың
жанынан(пригород) жер алады. Құрылыс материалдары жинала
бастайды. Баймұрат болса, бір заводта қарауыл екен, ол да қарап
жатпай, жиналған материалды пайдаланып, үй салуға кіріседі. Үй де
салынады. Үй Баймұраттың атында, бәрі бірге түрып жатады. Көп
ұзамай, дүниеге ұл бала келеді. Атын Серік қояды. Серік –
Баймұраттың немересі. Қуанышта шек жоқ. Қашан күледі, қашан
сөйлейді, қашан жүреді дегенді ыждағатсыз күтуде. Байекеңнің
ермегі Серік, жұмыстан келсе, айналдыратыны сол Серік. Қаладан
Дүйсенбекке 2 – қабаттан екі бөлмелі үй де тиеді. Бұлар бірде онда,
бірде мұнда жүріп жатқан кезі екен. Елдегі үшінші бала, Есенбек
үйленеді. Бұл да әке-шешесі жоқ, өз қатары жетім қыз екен. Бұл
кезде мен үш балалы болған кезім. Менің де асып бара жатқан
жағдайым жоқ. Бірақ нағашыларымнан мәліметім толық. Бірақ әлі
араласа қойғанымыз жоқ болатын-ды.
Дегенмен, мен олардан көп үлкенмін, үлкендігімді білдіруім керек те
деп, Есенбектің келіншегіне құтты болсын айтуға бел байладық. Бұл
кезде ол ағасы Қоңыратпен бірге еді. Қаңырат болса, екі қызы бар,
әлі жас. Бірақ өзі көптен науқас – туберкулез екен. Әйелі трактор
айдайды. Өзі тракторға жарамаған соң, әйеліне берген екен.
Біздің алғашқы келуіміз. Сөз үстінде баяғы нағашысы жаздырған ата
тегі туралы қағазды сандықтан алды. Бұлардың мені, әйелімді
бірінші көруі. Бұлардың әжесі менің әжеммен(Күланмен) бір үйдің
қызы болатын. Осылайша, бір – бірімізбен қатынасып кеттік. Бір
күндері Дүйсенбек отпуск алған екен, күн бата қасында 7 жолдасы
бар үйге келді. Бұл кеш 2 май күні болатын. Бұл келіс те
нағашымның менің отаныма алғаш келуі. Мал сойылды, құрмет
жасалынуда. Таңғы сағат төртте жүрмекші болды. Шығарып салдық.
Осыдан бастап, бір – бірімізбен араласып та кеттік. Бұл келісте өкіл
әкесі Баймұрат та бар. Біз келін алғанда, Баймұрат та тағы бірге
153
келді. Менің балаларым (Нұрлан, Ғалым, Нұржан) олардың
отанында бірнеше рет болып жүр.
Баласы Серік темір жол институтында оқып жүрген кезінде, армия
қатарына алыныпты. Сол мерзімді кезін өтегенше, Баекең екі рет
қиыршығыстағы балаға барып та келді.
Дүйсенбек білікті маман ретінде темір жол салуға Кубада үш жыл,
Ауғанстанда 1,5 жыл жүріп келді. Кубада бүкіл семьясымен екі жыл
болды. Бала ол кезде жас, бастауыш класта оқиды. Екеуінен де
келген соң, кезектен тыс “Волга” машинасын берді.
Бір күндері сол машинасымен келіп, баланың үйлену тойының
болатынын бір ай бұрын хабарлап кетті. Тойға бір күн бұрын
немеремізді ертіп бардық. Той қыздың үйінде екі күн, келген соң екі
күн болды. Өз үйінде өзбек, орыс, қазақша өтті. Бәрі жетеді. Қалада
тұрғанмен баяғы соқтырған жер үйі, өз әуле жайы бар. Баекең болса
дихан, далаға да сол қарайды. Бұл кезде ол зейнеткер.
Бала үйленген соң, үкімет үйінде Серік тұрады да, Баекеңмен бірге
Дүйсенбек әйелімен. Серіктің де жұмысы бар, мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінде, Ленинградқа барып, екі жыл оқып келген. Серік те
қызды болған кез. Бір күні телефонмен Баекең қатты науқасты
болғанын хабарлады. Қазір үйде, ауруханада көп уақыт күзеттік те
деді. Хабарды есітісімен бір өзім жеттім. Бұл кез менің Түлкібасқа
келген кезім болатын. Барсам, Баекең азып қалған екен. Төсекте
жатыр. Әңгімелесіп байқасам, тән ауруынан жан ауруы басымдау
көрінеді. Тән дегенде қанның қысымы екен де, жан дегенде
қартайған шағында түрлі қаңкү сөздер, яғни ағайынның «Бар болсаң,
көре алмайды; жоқ болсаң, бере алмайдының» сабағы сияқты екен.
Әдепкі күні – ақ орнынан тұрып, әңгімелесу барасында сауығуға бет
бұра бастады. Көңілі де серги бастады. Келесі күні есік алдына
шығып та әңгіме – дүкен құрысытық. Үш күн әңгімелесіп, іштегі
жатқан шерін тарқата айтты.
Жоғарыда айттым ғой, “Құрама” деп аталатын аталас ағайындары
қартайған шағында арамызға кел деген екен. Барып көрейік,
аңдысын байқайын деп барыпты да. Үш күндей болған екен, әдепкі
күні арқа жарқа қарсы алғанымен, келесі күндері сырлары мәлім
болғандай. Сонымен мақұл дей қоймай, қайтып келсе керек. Сол
айтылған сөздер Баекеңнін қан қысымының артуына әсер етсе
керек. Бір күндері Баекең ауруханаға түседі. Ойлану барасында
күзетке де енеді. Күндіз кемпірі күзетсе, түнде өкіл баласы Дуйсенбек
күзетуге барады. Кел деген ағайындары мұны есітсе де бірі де
келуді білмейді. Бір күні бір келіні келіп (жақсы сыйласатын болса
керек), кетерінде 2000 сом ақшаны дәрі алуға жұмсаңыз деп
ұсынады. Баекең қаражатым бар, балаларыңа жұмса деп алмаған
соң, ол келін ренжитінін айтады. Сонымен, ол келін ақшаны
қалдырып кетеді.Бір күні жұмыстан келе жатқан Дуйсенбекке
ертеректегі көршісі армян жігіті Баекеңнің көрінбей кеткенін сұрайды.
Баекең ауруханада, күзетте екенін естиді. Сол күннен бастап, сол
154
армян жігіт те Дуйсенбекпен күзетуді бөліседі. «Құрама» аулындағы
ағайындары ат ізіп әлі салмайды. Баекеңнің үйге келгені сол екен,
Дуйсенбек соны маған хабарлаған екен. Мен барғандағы Баекеңнің
маған айтқандары осы болды, үй Баекеңнің атында екенін айтып
едім ғой. Осы жағдайдан кейін Баекең баласы Дуйсенбектің атына
үйді аударуды ойластырады, баласына айтады да. Бірақ Дуйсенбек
оған басу айтып, олай жасамаңыз дейді. Баекең аналардың ойын
түсініп, әйтеуір бір қаза бар ғой, олай – бұлай болып кетсем, аналар
сені талауға барады. Сондықтан көзім тірісінде атыңа аудар деп,
қайта-қайта айта береді. Сенің адалдығыңа көзім жетті ғой.
Елдегілер сені қинайды, атыңа аудармасаң болмайдыға басады.
Мұны да Баекең өз аузынан баяндады. Мен де жұбату сөздер айтқан
болып жатырмын. Баекең науқасынан әжептәуір-ақ айыққандай
болып қалды. Іштегі алып бара жатқан ылаң сөздер сыртқа шықты
ғой, іші босап та қалды емес пе.
Алла туғаннан жарылқай ма, бөгдеден жарылқай ма, ол бір Алланың
ісі. Бір – бірімен туғаннан артық сыйластықпен өмір сүріп жатқанын
қанша рет барғанда да көріп жүргеніміз бар–ды. Мен рұқсат сұрап,
ауылға қайтуға бет алдым. Мені шығарып салуға шыққанында,
Дуйсебектің өз аузынан жоғарыдағы жағдайды тағы есіттім. Көп
ұзамай, тамды Дуйсенбекке аудартыпты. Жазға қарай бір күні түс
ауа тағы Ташкенттен телефон арқылы байланыс басталды. Баекең
00
қайтыс болыпты. Намазы ертең сағат 6
–да дейді. Бұл қалай, таң
атпай шығады ма деген ойға қалдым. Хабарды ала сала,
машинамен түнделетіп жеттік. Сүйтсек, Ташкент уақытымен біздің
уақыттың 2 сағат айырмасы бар екен. Сонымен Өзбекстан
тәртібімен бізше сағаи 8 00 -де намазы өтіп, жерлеп те келдік. Кейін
тағы барып, құран оқып та қайттық. «Құрама» аулындағы туыстары
сауында келмесе де, намазға келгендерін көрдік.
Дуйсенбектің елдегі Қоңырат деген ағасы он жылдай туберкулезбен
ауырып, ертеде қайтқан–ды. Оған Дуйсенбек намазына үлгеріп келе
алмады. Елдегі ағайындар болып жерлегенбіз, Дуйсенбек намазы
өткен соң келген. Ағасынан қалған екі қыз тұрмысқа шыққан
болатын.
Қазір Дуйсенбек сол үйде шешесі саналатын Жұпармен бірге тұрып
жатыр. Бізбен де байланысып тұрады. 29/VII – 2000 ж. біз Алтын
тойымызды өткіздік, оған алдын ала хабарладык. Әйелімен келді.
Әйелінің екі ағасы бар болатын–ды. Соның біреуі дүниеден озған
екен. Бірақ оны бізге хабарламапты. Жетісін өткізген екен. Көңіл
айтып жатырмыз. Ол ағасы Қазақстан жерінде тұрса керек. Қазір
Серігінен 3 немере сүйіп отыр. Қазақстанға келгісі келеді. Олар
Өзбекстанның азаматы болып саналады. Екеуі де жұмыста.
Дуйсенбек зейнетке шықса да, белгілі маман болған соң, әлі сол
инженерлік жұмысына қайта шақырып алыпты. Қазіргі заманда бір
155
елден екінші елге келу, жұмысқа орналасу деген оңайға соқпай
қалды. Әсіресе, Өзбекстанның заңы бұл жөнінде тіпті басқаша.
Үйіңді сатпайсың, азаматтықтан шығу үшін долларлап ақша төлейсің,
яғни 8*120 доллар=960 доллар төлеу керек. Одан кейін азаматтық
алу, жұмысқа тұру тағы проблема.
Аңсаған Әбдіғани.
Құрбан айттың үшінші күні болатын Түс кезінде Төлебай деген құдам
(кіші келіннің ағасы) жеміс ағаштарымды көріп, ұлайтынын ұлап
берші деп жүретін. Соған барып едім. Ұлатамын деген ағаштарын
ешкілері кеміріп тастапты. Әйелін бір үй шақырып кеткен екен, мен
алдыртпадым: бастары қосылып қалған екен, ырқын бұзбайын
дедім. Үйге келсем, немерем бір шал келіп отыр демесі бар ма?
– Ассалаумағалейкум! – Әләйкумуссалам! Кел, құшақтасып көрісейік.
Сағындым ғой сені! – деп, бет–ауызымды аймалап жатыр Әбдіғани
құрдасым (Әлиханов Ә.). Кемпірім де мені жоқтатпай, әңгіме – дүкен
құрып жатыр екен. Әбдіғани Сарыағаш ауданының “Атамекен” деген
жерінде тұрады екен. Менің адресімді елден алдырып,балаларының
адасып кетесініне қарамай, аңсап келген екен. Көзіне операция
жасаған, нашар көреді екен. Өткен – кеткенді айтып, әбден ішті
босатыстық. Екі күн бірге болдық. Шақырған жерге де бірге бардық.
Бірақ жаяу жүріске жоқ, скорость біріншіден басқа жоқ, қолынды
таяқ. Кемпіріне, бала–шағасына сәлем айтысып машинаға міңгізіп
салдық. Сол Әбдіғани мен инфаркт болып жатқанымда да келіпті.
9/III 2001ж. Әйелінің қырқы 28/III 2002ж. өтпекші.
Қатарыңды қай кезде іздейсің?
Кім де болса өз қатарын іздемей тұрмаса керек. Қараңызшы,
көпшілік қауым жиналған жерде бірауық тыныштық сақталып, тым–
тырыс уақыт бола қойса, жас шамасына қарай адамдар бөлек–бөлек
ұйлығыса бастайды: Жастар жағы қимылдамаса, зерігеді; ойын–
сауыққа қарай бейімделеді. Сол сияқты одан жоғарғы буындар да
топтаса бастайды. Әңгіме – дүкенге, ауысады. Яғни осылайша жас
шамасына қарай топтастырсақ, былай бола ма деймін:
1) Жастар
2) Орта буындағылар
3) Ағалық құра бастағандар
4) Қарттар.
Жастар. Бұлардың өзін оқу жасына дейінгі топтар, орта дәрежелі
мектепте оқитындар, мамандықтар бойынша оқитындар деп шартты
түрде бөлуге болады.
Бұлардың барлығы да аз ғана бос уақыты болса, қарап отыра
алмайды. Бұлар үнемі қимыл кезеңіндегілер деуге болады. Адамның
қуаты жас кезінде аяғында, одан кеуденің орта тұсына, ақырында
дененің жоғарғы жағына ауысатын көрінеді ғой. Сондықтан да соған
лайық іс – әрекеттерге ауысатын сияқты.
156
Енді осыларды зеріктірмей, уақыттың көңілді әрі әдепті, мәдени
түрде өткізуін қарастырған жөн бе деймін. Оның түрлері алуан түрлі
болып келеді. Тек қана соны басқара, ұйымдастыра білу керек.
Пайдалы еңбекті ойын түрінде жүргізіп – ақ, саналы өмір сүруді
үйреткенге не жетсін. Бір қалыпқа, ізгілікке келтіріп алған соң,
олардан басқа іс – әрекетке уақыты болмай да қалады. Ондай істі
керек етпейді де. Ұйымшылдыққа дағдыланғандығы соншалықты –
қатарын іздеп, жалғыз отыруға дәті шыдамаса керек.
Орта буындағылар. Енді бұлар, жастар сияқты үнемі қимылдай
бермей, бір мезгіл еңбекпен де айналыса бастайды. Яғни күн көріс
әрекеттерге көшеді. Ата – аналарына, қала берді туыстарына көмегі
тиетін кезең деген уақыт туғанын сезсе керек. Солай бола тұра,
бұлардың ішінде ауыспалы кезеңнің де ауытқуына ұшырайтындар
болады. “Ат та дөненінде бір керіледі” депті ғой. Қуат дененің орта
шеніне ауысқан кез болса керек. Бұл кезде өз басын жігіттің жігіті
дұрыс меңгере алса керек. Жігітшіліктен бөтен де мінез – құлыққа
салынушылар да шығады; ішікілік, зиянды іс, нашақорлық
сияқтылар, тіпті оңай пайда деп, сумақайлық суық қолды істерге де
көшуші де болады. Бұл жастағыларға бүкіл қауым болып, бөтен
жолға түспеуіне ерекше көңіл бөлу керек. Қазіргі кезеңдегі ең ауыр
қылмыстар осындайлардан басталған. Сондықтан да рухани тәрбие
осы жасқа келгенге дейін беріліп, қалыптасқан болуы керек.
Қазақ халқы некесіз туған баланы өте жек көреді екен: оның әкесі
белгісіз, тәрбиесі жоқ, тіпті өлген адамның кебінін де ұрлайды
дейтіндер солар дейді. Қазір де некесіз пайда болушылар табылып -
ақ жатыр.
Орта буындағылар – нағыз еңбектің адамдары. Соны пайдалы
еңбекпен ұштастыру керек, күшім бар екен деп, күшіңді ретсіз
жұмсап, денсаулығыңа зиян келтіріп алмауды да ойлау керек.
«Әдепкі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, содан
кейінгі байлық – оң саулық» депті ғой. Ақ жаулық мәселесіне де
қатты ойлану керек. Ол сенің өмір бойғы жолдасың, серігің,
берекеңнің басы. Әке – шешең бар болса, солармен ақылдас, кеңес;
олар сені отқа итермейді. Қатты ескеретін нәрсе – бұл кезде
қатарларың дұрыс болсын, сенің бағаң жолдасыңмен өлшенеді.
Жақсы болса, жақсысың, жаман болса сорлайсың.
Ағалық құра бастағандар. Кешіріңіздер, осыны жазып отырған мен
ел басқарып, ағалық құрған адам емеспін. Бірақ өмірден көргенім,
білгенім болған соң, біреуге болмаса, біреуге қажет болар
дегенімнен жазып отырмын. Ағалық жасқа келгендердің ішінен де
көңілге толмайтындар кездесіп те жүр. Көптің ішінен кездесті деп,
барлығын бір тарының қауызына сыйғызудан аулақпын.
Ағалық деп өзі – ақ айтып тұр емес пе! «Өз ағасын ағалай алмаған,
кісі ағасын жағалай алмайды» деген мақал бар. Демек, ағаң – сенен
үлкен, тәжірибесі мол. Өмірдің ащы – тұщысын байқаған жандар.
157
Бұл жастағылардың ел басқарғандары да бар, қазіргі кезеңде
зейнетте отырғандары да жетерлік.
Ел басқару кезінде айтқанын жөнді – жөнсіз болса да
мақұлдатқандары болып қалуы да мүмкін. Меніңше, әділеттісі
ағалыққа жатса керек.
Ағалық жасау үшін, алдымен, әділеттілік керек. Әлі ағалық жаста
жүріп, ел басқару ісімен айналысып жүргендерінің уақыты бола
бермес, болып жатса, араласса да құба – құп. Ал зейнетке
шыққандарыңыз өздеріңіз топтасып, «ауыл ағасы – ақсақалы» деген
ұйым құрғандарыңыз жөн бе деймін. Үй тірлігімен де
айналысқаныңыз дұрыс қой, кейінгі ұрпақ тәрбиесіне де көңіл
бөлсеңіздер деймін. Сіздер біріксеңіздер, қолға алсаңыздар, көңілге
ұнамсыз іс – әрекеттерге жол берілмес еді деймін.
Кейде осы жастағылар қатарынан лайықсыз іс – әрекеттер, мінездер
көрсетушілер табылып та қалады. Алдымен осыларға тойтарыс
берген жөн болар. Өз қатарыңды жөнге салып ал деп жатса, оларға
не айтасыз. Ондайлардың ішінен көнбей де жататыны болады.
Сондай жағдайда ұйымдасып барып әсер етуге көшу керек. Бетім
қайтып қалды демеңіз.
«Бір құмалақ бір қарын майды бұзады болып жүрмесін, ұятына
сіздер де ортақсыздар».
Қарттар. Міне, «Мен баратын үй таусылып қалды» дейтіндер –
қарттар. Олардың жүріп – тұратындары – қуаттылары, үйден шыға
алмай, торғай адымға түсіп қалғандары да бар.
Дегенмен, бұлардың көпшілігінің бастағы екі көзі алысты көре
алмағаны мен, көңіл көздері ұзақты көреді, көрген де.
Бұлардың күш – қуаты кеуденің ең жоғарғы бөлігіне көшкендер. Өмір
– тәжірибесі, білім дәрежесіне қарай әлі сөзбен – ақ көп нәрсеге
ақыл – кеңес бере алады. Меніңше, көмек сұрай барсаң, онысына
ақы сұрамаса керек. Қазіргі заман «Базар – базар; сауда, ақша,
теңге» болып кетті ғой, қалтамызда теңгеміз жоқ деп уайым жемеңіз.
Сәлем беріп, келіңіз, көңілін аулаңыз, кеңесін алыңыз.
Сізге ақыл – кеңес те беруге жарамай жатқаны болса, қамқорлыққа
алыңыз, көмектесіңіз. Бұл – барып тұрған адамгершіліктің шыңы.
Адам үлкейген сайын кейінгілердің ісіне риза болмаушылық басым
бола ма деймін. Оған да себеп бар сияқты.
Біріншіден, ол қарттың сол іске әлі келмейді, көзін таппай тұр деуі
мүмкін.
Екіншіден, ең бастысы да: әдет – ғұрып, салт – сана, мейірім
шапағат, қанағат, биязылық мінез дегендер жойылып барады.
Заманымыз өзгерген дегенді сылтау етеді. Өзіңді – өзің игере біл,
ақыл – парасатыңды, ар – ұжданыңды сақта. Сонда сен сұлусың.
Айтарым – әр кезеңдегі жастардың өз жолы болады. Сол жолдан
ауытқымай, әдеп сақтаңыз.
158
Білгеніңді іште сақтамай, кейінгіге үйретіңіз. Өмір сүріп отырған
қоғамыңыздағы өз қатарларыңызбен пікірлесіп отырыңыз. Ешкіммен
де араласпай, дара отырып өмір сүру деген адамға жараспайды.
Ондайды бақылдық өмір дейді.
27/X – 2001. Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы
Ұсыныс.
Сізге де мына кітаптарды тауып оқуыңызды ұсынамын:
1. Шәкәрім Құдайберді ұлы “Үш анық (Три истины)»
2. Мишель Настрадамус
3. Мұрад Аджи «Полынь половецкого поля (Қыпшақ даласының
жусаны)»
4. Аман Тулеев «Как будем жить дальше»
5. а) Академик И.Ю. Крачковский «Коран», Москва, 1963
ә) «Құран Кәрім» (қазақ тіліне аударылғаны)
б) «Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі» Аударған Халифа
Алтай
в) «Адамзаттың асыл тәжі», I, II том, Дамира Өмірзаққызы
Ибрагим
6. Абай Құнанбаев Қара сөздері (45 сөз)
Л. Салдадзе «Ибн Сина.Авиценна» Ташкент, 1998ж.
7. Байзақ Қожабекұлы «Қазақия» Алматы, 1998ж.
8. Мұхаммед Пайғамбардың хадстері
Долгожители
9. Мұхтар Шаханов «Космоформула Карающей памяти» (Тайна
унесенная Чингисханом)
10. Әубәкір Дастанұлы «Сегіз сыр», философиялық этюдтер,