Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 21 (всего у книги 27 страниц)
«Ұждансыз ұл ұйқыышл келеді,
Қытықсыз қыз күлкішіл келеді».
«Ақылды әйел ағайынның абыройын асырады,
Ақылсыз әйел құт – берекені қашырады».
«Әдепті әйел жан тазалығын қиялдайды,
Әдепсіз әйел саусағын көрсетуге ұялмайды».
«Ақша сөйлегенде,
Ақиқат күмілжіп қалады».
«Кедей әулетін ойлайды,
Бай дәулетін ойлайды».
«Тәннің жалаңаштануы – ұятсыздықтан, ал ұятсыздық – жанның
жадау жалаңаштығынан. Сусыған жамылғы жабылар, түрілген етек
түсірілер. Қандағы қазақи рух аман болсын».
«Әкеңнің қолына қарама, көңіліне қара».
«Бала жақсы болса – ажарың,
Жаман болса – ажалың».
«Жетесіз жеті ұлдан жетелі бір қыз артық».
250
«Шығармаса да ұшпаққа, бала керек
құшпаққа».
«Еркектің қайламен бұза алмағанын
Әйел айламен бұзады».
«Отанына оралған – гүлге,
Оралмаған – күлге айналады».
«Жат ел – Өгей шешеңнің өгей шешесі».
«Туған жердің қыран құсы –
Жат елдің бұралқысы».
«Жат жердегі мола, өзің жатсаң да,
Сенікі емес».
«Түйенің бәрі – атан емес,
Туған жердің бәрі – Отан емес».
«Жат жерде таяқ жеген еліне оралады,
Елінде таяқ жеген қайда барады?».
«Оймақтай болса да,
Отаның болсын!».
«Алыптан кетсең де, Халықтан кетпе».
«Жол жеті түнде,
Арақ тал түсте адастырады».
«Араққа адам тоймайды,
Тоймағасын қоймайды».
«Ішпесең – момын торысың,
Ішсең – елдің зорысын,
Отбасының сорысың».
«Арақ алдымен дәулетіңді,
Ақырында әулетіңді құртады».
«Тазда бас бар, шаш жоқ,
Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ».
«Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып бүлдіреді».
251
(Қадыр Мырза Әлиден)
Ағамыз Әбубәкірұлы Мырзағалидің
асына арналған сөз
Ағузу биллаһим Нишайтан нирражим
Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим
Әл – хамду лиллаһи рабби – л – әләмин
Ар – рахмани – р – рахим
Мәлики йауми – д – дин
Иякә нағбуду уа иякә нәстәғин
Иһидина – с – сирата – л – мустақим
Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим
Ғейри – л – мағдуби ғалейим уа лад – д – далин.
Осы сүрені құран кәримнің кілті деп те, анасы деп те атаған
екен.
Бүгін біз ағамыз болған Мырзекеңнің дүниеден озғанына бір
жыл толғанына ас беру рәсіміне жиналып отырамыз.
Алла адамды топырақтан жасап, тәніне рухын қосқан екен. Сол
Мырзекеңнің тәнін жасалынған топырағына, әкесі Әбубәкірдің
жанына апарып жайғастырғанымызға да жыл толып отыр.
Мырзекеңнің рухы осы кезде өзі өмір сүрген үйінің үстінде,
бауырластарының бейнесін көріп, олардың рухына құран оқыту
рәсіміне риза болуда ма деп ойлаймын.
Адам баласының дүниеге келуі рас болса, ертелі – кеш сол
дүниеден өтуді де ақиқат. Алла өзі берді, өзі алды. Ол – бір Алланың
ғана ісі. Берсе қуанып, алса, ренжу деген пендешілік қана.
Қадыр Мырза Әлидің «Ой арманы» өлеңінде:
«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын».
Ағамыз Алланың өзіне лайықтаған өмірін сүріп, қиынщылығы
мен рақатын да көріп өткенінен хабардармын. Ағамыз өзіндігі бар, ел
құрметіне бөленіп өткен жан еді. Мұндай жандарды өлді деуге
болмайды: өзінен кейін қаншама ұрпақ қалдырды, өнегелі жандарды
тәрбиеледі, солардың ылтипатын көрді, рақаттанды. Мырзекеңнің
жұбайы болған Қызсұлу Нұркенқызы ағамызды алақанына салып
күткенін өз көзіммен көрдім.
Мына бүгін жер – жерден жиналып келіп отырғандар Мырзекең
ағамыздың қимайтын бауырларымыз. Біздердің қолымыздан келері
рухына дұға оқып, сауабын бағыштау ғана.
252
«Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай алмайды»
деген сөз бар қазақта.
Ағамызды аға тұтып – ақ өстік, соңғы сапарына шығарып та
салдық. Сол кісінің тәрбиесін көргендер аға ізін, өнегесін
жоғалтпайды.
Сіздің бастауыңыз, шығу тегіңіз бес арыс қыпшақ елінің бас биі
болған Арғынбай атамыз болса, қала берді Арғынбай тәрбиесін
көрген Балаби(Бименбет) датқамен сіздің әкелеріңіз жатырлас, бір
анадан тарағандар еді. Сол көрегендік сіз де бар – тын. Балаби
атамыздың кесенесін көтеру, ас беру, құран оқыту рәсімін көзіңіздің
тірісінде көрдіңіз, қатыстыңыз. Сандыбай атаңыздың басына тамын
орнаттыңыз, құран оқытып, кейінгі ұрпақтарыңызға өнегелі іс
көрсеттіңіз.
«Өлі ырза болмай, тірі байымайды» деген парасатты сөзді ұға
білдіңіз, насихаттадыңыз.
Өз әкеңіз Әбубәкірді де бүкіл Түркістан халқы марапат тұтып,
үлкен бір көшесінің атын сол кісінің атымен атайды. Бұл жұмысты да
сіз өз көзіңізбен атқардыңыз.
Топырағыңыз торқа, жатқан жеріңіз жайлы, жайыңыз жұмақтан
болсын деп тілейміз.
«Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим
Құл һуа Аллаһу ахад
Аллаһу – с – самад
Ләм йалид уа ләм йуләд
Уа ләм йакун ләһу куфуән ахад(3 рет) »
Оқылған дұғалардың сауабын Әбубәкірұлы Мырзағалидің рухына
бағыштадық.
«Раббана атіна фіддуня хасән
әтән уә філ – ахірәті хасан әтән
уа қына ғазабәннәр уа саллаһу
ғала хайрі халқіһи Мухаммәдін уа
ғала аліһи уә асхабіһи әж жәғин».
(қағаз бетіне түсіруші Бұлтың Текебай тармағындағы Арғынбай
әулеті, Алшынбай тегі Алтынбекұлы Сағындық)
20 сәуір, 2003 жыл.
Көшірмесін балаларына табыс етемін.
«Уақыт аузы ашық қалған спирт тәрізді,
Оны жұмыспен тығындап қою керек».
«Адам алдымен еңбектеп өседі,
Содан кейін еңбекпен өседі».
«Абырой – аса биік мұнара
Еңбек – соған көтерілетін баспалдақ».
253
№ 4 2002ж.
«Ванга Әжейдің емдері» кітапшасынан
үзінді. «Жібек жолы» баспасы.
19.09.2000 жыл.
Жүрек ауруларынан сақтандыру үшін әрбір адамға жылына
төрт рет төрт күн қатарынан долана гүлінің түнбасын ішуді ұсынады.
Инфаркт алдындағы жағдайда тәңертең ашқарынға төрт күн
қатарынан шомырттан (терновик) жасалған шай ішкен дұрыс дейді.
Бел ауруы (асқынған) – ескі үйдің қышын алып, майдалап
електен өткізеді. Содан кейін бір стакан жүзім шарабы, кептірілген
үш жұмыртқа ағы мен тартылған техникалық қара майды
араластырады. Қоспаны зығыр матасына салып, түнге қарай белге
байлап жатады.
Жарық (грыжа) – ескі қышты ұнтақтап, екі дана жұмыртқаның
ағын араластырып, оған ұнтақталған ақ ладан шөбі мен бір шағын
пиалай жүзім шарабы қосылады. Қоспаны бір жапырақ жүн матаға
жағады. Матаны өзі ажырап түсіп қалғанша белде ұстайды.
Күбіртке (тырнақ түптеріндегі) – бір ащы бұрыштың құйрық
жағын кеседі де, ұрығының жартысын алып тастау керек. Бос
орынды таза арақпен толтырамыз. Түнге қарай саусақты бұрышқа
салып байлап тастайды (арақты төгіп алмауға тырысу керек).
Простатит (ерлердің зәр сындыра алмауы) – жанған жөкенің
күлін жеті күн қатарынан бір кеседен шай орнына қолданады.
Бүйрегі ауыратын жас жігітке асқабақ дәнектерінен шай жасап
іш деген кеңес береді.
Аяқтың ісінуінен қиналған әйелге балауыздан және зәйтүн
майы мен судан тартпа жасап, сол тартпаны ісінген жерлерге таңуды
ұсынады.
Созылмалы жөтелден құтыла алмай жүргендерге Ванга зығыр
дәнінен шай жасап ішу керектігін айтады.
Аллергия – жарты литр суда бір асқасық жусанды, судың
жартысы қалғанша қайнатып, тәулігіне 2-3 рет ас қасықтан
қабылдайсыз.
Аменория (әйелдер етеккірінің кемуі немесе жоғалуы) – 2 келі
пияздың қабығын 3 литр суға қарақызыл болғанша әбден қайнатып,
тұнбасын тәңертең ашқарынға немесе бір шай кесесін ішіп тұру
керек.
Асқазан ауруы – күнде жоңышқаның бір жапырағын шайнап,
тек сөлін жұтасыз.
Асқазанның бұзылуы – жалбыздан жасалған шай ішу керек.
254
Жүрек соғуы (жүйкенің әсерінен) – жарты килограмм лимонды
қабығымен ұсақтап, 200 гр. Бал мен сары өрік дәнегінің ұнтағын
қосады. Тәңертең – кешке бір ас қасықтан ішеді.
Дененің қышып дуылдауы – наукасты қайнатылған арпа
суымен шаяды. Екінші әдіс – 50 гр. таза спиртке, 50 гр. аспиринді
араластырамыз. Тәңертең және кешке қызарған жерлерге жағады.
Беріш (цирроз, бауырдағы) – ақ ұнмен араласқан ана сүтін
ішкен абзал.
Тұз жиналу – бір бас пиязды ортасынан қақ бөліп, екі жағына
да бір шөкім қара май тамызылады. Бөліктерді түнге қарай ауырған
жерге таңып жатады.
Тұз жиналу (белде) – алма сірке суы сіңген, ұнтақталған ладан
себілген алақандай жүн тоқыма матаны белге таңады.
Демікпе – 200 гр. бал, зейтүн майы, жүзім шарабы
араластырылады. Тәулігіне үш рет ішеді.
«Өмір деген пияз сияқты. Қабығын аршисың, бірақ ең соңында
ештеңе таппай дал боласың»
Джеймс Гиббонс Хьюнекер
«Тіл сүйексіз болса да, сүйекті сындырады»
«Ат тізгінінен, адам тілден ұсталады»
«Ақиқат ащы болар, ақыры жақсы болар»
«Әйел – үйдегі ырысың, ұл – айбарлы қылышың, қыз түздегі
өрісің, келіп – кеңейген тынысың»
«Көңіл – гүл, тіл – бұлбұл, сезім – серт, нәпсі – бөрі, сабыр –
алтын, ақыл – білгір»
«Діні бір дем береді, діні басқа діңкілдетеді»
«Мәңгүрт бәрін мансұқ етеді»
«Келімсек басынса, кемдігің»
Мамытбек Қалдыбайдың «Бауыржан Момышұлы шерткен
сыр» атты газет мақаласынан үзінді.
(«Оңтүстік Қаз» 22.06.2002 ж. №78 (17394))
«... Тартыс – таласты біз теріс іс деп ойлаймыз. Бұл – табиғи,
заңды құбылыс. Тартыс – таласты жуып – шайып жүретін бір-ақ
нәрсе бар. Оны бейнелеп айтқанда, дипломатиялық қарым –
қатынас дейміз. «Адамсыз, ақ ниеттіміз, бір-бірімізді сүйеміз,
күйеміз, бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз, деген секілді үйреншікті
сөздер толып жатыр. Оны бір жақсы дипломатиялық әдіс оп-оқай
шеше алады. Дипломатиялық әдіссіз өмір жақсы да болмас еді.
Оның грамнан бастап тоннаға дейінгі бір қасиеті бар. Оны орысша
лицомерие дейді. Біз оны ұнамсыз жай, ұнамсыз көрініс деп
соғамыз. Ал шынына келсек, бұл да табиғи, заңды құбылыс.
Аты жоқ абыржудан айығу.
255
(шежіреге сөз соңы)
Істі бастау бір қиын болса, соны аяқтау – қорытындылау да
керек сияқты. Бастап алып, сол нәресте іспеттес бұйымтайды қоярға
жер таппай, кімге көрсетіп, ақылдасарлық жан таппаған да кезең
(осыдан 30-40 жыл ертерек) болғандығы бар еді. Ол қолжазба
дәптердің «ой көлеңкесі» деп аталатын тарауында «Аты жоқ
абыржу» тақырыбымен берілген. Бұл тақырып әдепкіде ой
көлеңкесі болғаны анық. Ойдағы мәселе орындала ма, жоқ па –
мәселе сонда. Шүкір, халық арасы қазына екен, сұрастырдым,
іздедім, көп нәрсені таптым да. Мен сияқты ешкімнен тапсырыс
алмай-ақ, өздігінше менің іздегенімді іздеуші жан, інім бар екен; оған
да кездестім, қуанысып қалдық. Екеу болып іздестірдік, тағы да кем-
кетігін жидық, құрастырдық. Бұйымтайымыз ата тегіміз жайлы
шежіре сипаттас нәрсе болған соң, кіріспесін өлең түрінде бергенді
жөн көрдік: адам өмірге өлеңдете, әндете келіп, өмірден аларын да
әндетіп, көңілденіп жүріп іске асырады, солай жасадық та. Бүкіл
қыпшақ атаның ұрпағына талдау жасау біздің қолымыздан келмесіп
білеміз. Соның бір тармағының өзін толық қамтудың өзі қиын. Түрлі
тарихи кезеңдер өткен, қоныс аудару дегендер қаншама. Солай
болса да, сыр өзені бойына (Сырдария) ауысып келгендерді
шамасынша қамтыдық па деп отырмыз: жоқтан бар жасадық. Бұрын
– соңғы бұл іс баспа бетін көрген емес – ті.
«Біткен іске сыншы көп» болары анық. Мәселе сынауда емес,
жаңа дүниеге келгенді демеу,жүргізіп жіберу, толықтыру, аяғынан тік
тұрғызу. Оқушым, дүниеге келіп отырған жас сәби емес, сол
сәбилердің арғы ата тегі, бабалары. Егер сіз бір кездерде мәңгүрт
болсаңыз, есіңізді жия бастадыңыз. Кім екеніңізді, кімнен
тарайтыныңызды біліп отырсыңыз. Бұл – жерден қазып табылған
қазба байлық емес, сіздің рухани байлығыңыз құрметтей біліңіз,
аялаңыз. Арғы ата тегін ұмытпай, ауыздан ауызға таратып айтып
жүріп, естерінде сақтаған біріңнің атаң, әкең, ағаң бола ма, соларға
ылтипатыңызды білдіріңіз. Барды толықтыру жетілдіре түсу кейінгі
талапкер сыбағасына қалып отыр.
Сонымен, ағайын – бауырлар! Қолдарыңызға тиіп отырған
шежіре жобасы дерлік кітапшыларыңыз барлығыңызға қуаныш
әкелсін, ажырамас бірлік болсын! Жанұяларыңызда денсаулықтарың
мықты болсын! Бақытты бола беріңдер! Жинаушы –
құрастырушылар алқасы – Сағындық Алтынбекұлы, Нұрғали
Сарыпбекұлы. Июнь 2002ж.
«Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық – надандықтың
негізі.» («Жұлдыз»,№9,2002,112 – б)
«Тән – жанның алтын сарайы.» (сонда,112 – б.)
«Тән құмарлығы тоздырады, жан құмарлығы – оздырады.»
(сонда, 114 – б.)
256
«Сұлулық кәріні жасартады, жасты сәби етеді, ал сәбиді
періште етеді», Омар Хайям (сонда,117 – б.)
... «Бұл дүниенің адам – жаны, ақыл – мәні, сұлулық сәні.»
(сонда, 117 – б.)
«Мұң –ақылдың сыңары» (сонда, 120 – б.)
Төрелігін оқушым айтар.
Менен он жас үлкен немере ағам Сағынбай 80 жасқа келгенде
науқастанып жүрді. Жұбайының дүниеден озғанына бір жыл бола
қоймаған кезі. Сол науқас ағаны жүріп – тұруға да мұршасын
келтірмеуге басты. Мен бұл кезде зейнетке шыққан кезім. Менің де
құлшынарлақ шамам жоқ. Бір жамбастан ұстаған құяң (тоқ бас
жіліктің ұршығының жамбасқа орналасқан жері) жүргізбейді. Кейде
100м. Жерге жетер – жетпесте отырып қаламын. Екі үйдің арасы
қалайда 1,5км. келеді. Күнде ағаның қасында боламын. Күн санап
төмендеуге басты. Аяқтың ісігі көтеріле бастады, жоғарылаған сайын
халі төмендеуде. Тек бүгілген күйінде Тікесінен отырады. Бұл кісі
мұсылманща мешітте де болып жүргендерден білімі артық. Тек дін
жолын ұстамаған еді. Жағдайы төмендегенін сезген соң, ағамнан
кешірім сұрап, дем салған жақсы дейді ғой, дем салдырсаңыз қалай
болар екен деп едім, оған келісім берді. Бұл үзілерден екі күн бұрын
еді. Дереу елде Берден деген молдашылық жасап жүрген бізге
нағашы болып келетін ағам қатарлы кісі болатын. Соған оқталып,
үйден шыға бере, кенеттеп ой түсті. Мен келгенше, ағам жүріп кетсе,
басында отырған ешкім де жоқ. әсіресе ауылдық жерде біреудің
аузына қақпақ бола алмайсың, аяқпен жүрудің орнына ауызбен
жүретіндер де табылады. Иманы айтылмады деген өсекке
қалармын. Дереу үйдің қасындағы Құдияр деген туысымды жібердім
де, өзім үйге қайта кірдім. Берден келді, дем салды. Дем суткесіне
жетеді. Ертең тағы келемін деп кетті. Ертеңіне тағы келді, дем салды.
Ағам қалтасынан шамалы теңге шығарып беріп еді. Ол кісі
алмаймын, маған сауабы керек десе де болмай, ақыры алдырды.
Үшінші рет келетін уақытына жетпей-ақ, 11/IV – 1993 ж. сағат 17:10
соңғы демін алды. Мен болсам, білегін ұстап, өз білгенімді (иман)
ішімнен айтып отырмын. Қасымда Күлзипа деген перзенттерінің
үлкені бар болатын. Ол да сезіп тұр. Бірақ мен жүріп кетті демедім.
Балаларын шақыруға жібердім. Үйдің жанындағы Пәзіл деген
фельдшер інімізді алдырып барып, балаларға үзілгеніп айттық.
Бұл кісі өмірі оқытушылық жұмыс істеген, совхозда парторг та
болған, офицер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл ту, Богдан
Хмельницкий, Ұлы Отан соғысының I – II дәрежелі ордендары,
қызыл жұлдыз орденінің кавалері, Берлин қаласын алуға қатысқан
аудандағы белгілі адам еді. Осы ағамның күзетінде 20 күн болған
екенмін. Қазақшылық жолмен намазын да жасадық, мектеп
оқушыларын да қатыстырып, шығарып салуда қаралы митингісін де
257
жасадық. Өмір жолын мен өзім баяндадым. Бұдан бұрын да
дүниеден озған Тәжімұлы Базарбектің қаралы митингісінде
сөйленетін сөздің текстін жазғанмын. Оқуын бір бауыры болып
келетін оқушы қызға (дикциясы тамаша еді) оқытқанбыз. Жиналған
халық түгел дерлік көздеріне жас алғап. Одан кейін Орманұлы
Достияр ағамның да (менен 12 жас үлкен) қаралы митингісінде өмір
жолып айтып едім. Әрине, баяндау барысында көзден жас домалап
ағып жатты.
Молдаларға құран шығаруын да бердік. Жетісі, қырқы, жүзі,
жылы бәрі де өтті. Жетісін өткізер күні маған бір ой түсті де, соны
орындадым.
Мен ескіше мешітте арабша дін оқуынан хабарым жоқ, ол кезде
мен жаспын. Бірақ 1960 жылдардың кезінде қолыма Академик
Крачковскийдің «Коран» деген мұсылмандардың құран кәрімді орыс
тіліне аударған кітабы түскен. Соны түгел оқығанмын. Әрине, тілі өте
ауыр, ескі славян сөздері де кездеседі. Дегенмен, мағмұмат
алғанмын.
Кейін құран қазақ тіліне аударыла бастағаннан, газеттегі төте
жазумен (арабша) берілген нұсқасын, осы әріпке аударып та жаза
бастағанмын. Бір күні кітап жарық көрісімен, аударуды қойып, кітапты
бір емес, екі рет қалдырмай түгел оқығанмын. Екінші рет оқуыма
себеп болған, елдегі, кешіріңіз, дүмше молдалар өз беттерінше лаға
сөйлеуді шығарғандығы еді. Соларға тосқауыл жасау үшін, әр суреде
не айтылғанына шейіп конспектіледім. Бірақ кемшілігім сол-намаз
оқығаным жоқ, ораза ұстағаным жоқ. Оразаға деп саулығыма тұра
келмейді. Намаздың жолын таза ұстауды орындай алмаймын ғой
деумен жүрдім. Біле тұра, бұзуды үлкен күнә санадым. Үйткені
шариғат тұралы арабша оқи, сөйлей алмасам да, шыққан
қазақшаларының бәрінен хабардармын, өзімде бар.
Солай бола тұрса да, ағамның жетісінде келген ойыма келейік.
Ағама құран хатимды қазақшасын оқып, сауабын бағыштау.
«Арапша – қазақша салыстырмалы құран хатим», Алматы –
1991 ж. Кітап Имам Ж.Н. Ескі сағаттың тәржімалауымен 1982 ж.
Пекинде, 1987 ж. Үрімші шаһарында басылған. Оқылатып дұғалар
бәрі қазақшалапған. Тек соңында «Дуға хәтим әл құрән әл кәрим»
( құрап хатим дұғасы) сөзі арабша түрінде екен. Оны мен «исламның
шарттары және құранның сурелері», 1991 ж. кітаптың 74-бетінен
қазақшалағанын жазып алғанын
Толық тазарып, дәрет алып, дұғаларын оқып, тек бағыштауын
жасау қалған. Сағынбай ағамның ұл-қыздарып түгел жиып, тек
соларды қатыстырып қана, құрап хатимды бағыштадым.
Бұл ісім дұрыс па, теріс пе бір Алла кешірсін. Сондағы менің
көпшілікке жарияға бармағандығым-өсек-аяңға баспасын еді. Бірақ
ниетім түзу.
Осы жұмысты тағы қайталауға тура келді: Алматыда тұратын
туған інім Амандық 26/X – 2002 ж. Қайтыс болыпты. Оны маған 27/Х
258
– 2002 жылы түнде хабарлады. «Ертең сағат 11 00 – де шығарамыз»
– дейді. Жетуге мүмкін емес, сондағы кіші балам Нұржанға: «Ағаңды
жерлеуге қатыс, топырақ сал!» – деу ғана болды.
Жетісі 4/ХI – 2002 де өтті. Алматының Аманкелді – Комсомол
көшелерінің қиылысындағы «Кристаль» кафесінде түскі 13 00
басталды. Құда – жекжат, туыстар жүздей адам қатысты. Менің
өзімнің ұл балдарым түгел, інім Тасболат, Келін, өзінің екі ұлы келіп,
балалары болды. Жора – жолдастары т.б. тарқаған соң, өзімізге
қараған құда – жекжаттар(30 шақты адам) қалды. Отырғандарға
түсіндіріп, Құран Хатимның не екенін айтып, оқып келгенімнің
сауабын тағы да бағыштадық.
Бұл ісімді мен молда болайын дегендігім емес, Аллаға
жалбарынып, ақ ниетімді білдіру дегенім. Бұл кезде мен намаз да
оқып жүрген кезім болатын. Әке – шешеден жастай жетім
қалғандығым жайлы өзім туралы деген әңгімеде айтылған – ды.
Екі қызым(Татихан мен Пернеш) Ақтау қаласында тұрады.
Пернеш халық емшісі атағы бар бір әйелге (өзі Ақтөбелік, Ақтаудағы
қызына келіп тұрушы) көрінеді. Ол әйелдің емшілігінен басқа көріп
келдік те қасиеті бар екен. Соған Пернешке қосылып, бірде Патихан
да барады. Бірақ Патихан толық сенбей, күмәнданып барады. Соны
сол әйел бірден біліп қояды. Келсең, толық сеніммен келге басады.
Бірақ білетіндігіне көзі жеткен соң, ол да көрінеді, емделеді.
Ол әйел қыздарыма біздің арғы аталарымызда үлкен қасиет
барлығын айтып, біздің жанұяларымызда болған жағдайларға дейін
айтады екен. Сол әруақтарға барып зиянат жасауды уағыздайды
екен. Тағы бір барғанында, екі жыл болды, әлі барған жоқсыңдар
деп, тағы бізде не жағдай болғанын да көргендей – ақ айтады. Не
керек, ата – бабаларымыз жатқан жер, белгілі әулие Оқшы атаға
барып, сонда түнеп, тағзым етуге бел байладық. Ол Әулие де Жеті
Әулиенің басы қосылған жер: Оқшы ата, Асан ата, Абыз ата, Ғайып
ата, Қыш ата, Бала би, Досбол би.
Ақтаудағы екі қыз – Патихан мен Пернеш, Көкшетаудағы
Райхан, Алматыдан Бектас, Нұрғалым, Нұржан, Жаңақорғаннан
Патыма, Шиелідегі Ғалым мен Нұрлан түгелдей, Әрине мені мен
Раушан да бар, Келіндерден Әбиба, Балбыраш, немерелерден
Айдос, Абдолла болып, оларға қосыла Шиеліден Бәкір Тоқбаулин,
Балаби аулынан Тазагүл келініміз екі баласы, бір келіні, жөлектеп
балдызым Рауза – барлығы 20 адам. 17/IX – 2002 жыл. Оқшы ата
әулиесіне малымызды алып барып түнедік, зиянат жасадық.
Мен, Раушан, Бектас, Нұрғалым, Нұржан жермен машинамен
16/IX-2002 күні жеттік. Жолдағы әулиелердің бәріне (Түркібас
әулиесі, Қожа Ахмет Яссауи, Жолшыбай әулиелердің бәріне)
дұғамызды оқи өттік.
Осындай жолға бет бұрған соң, бұрын мойынұсынбай
жүргенмен 15/IX – 2002 күні памдат намазының кезінде «Дауан»
аулының имамы болып жүрген Бауыржан деген адамға ұйып, намаз
259
оқуға кірістім. Айтылатын сөздер араб тілінде болған соң, мен
олардың қазақша тәржімесі бойынша оқимын. Жаттауға ми
ұстамайды, тілдің келуі де қиын. Тек екі сүрені – Патиха, ықылас
(бұрын жаттағам) арабша айтамын.
Қазақша «Бей намаздан кей намаз жаман» деген сөзді білуші
едім. Қолға алған соң, кей намаздан аулақпын. Шамам келмей бара
жатса(инфаркт алған жағдайым бар, бір жыл бойы), отырып оқимын.
Бір Алла өзі кешірсін!
Жас та келген соң(81 жас), қиын екен, ұмытшақтық молайып
барады, инфарктың дәрілері де әсері күшті екен. Осы істегендерім
дұрыс па, бұрыс па деген ойға келген соң, ұмытпай тұрғанда қағаз
бетіне түсіргенім еді, кешіріңіз.
14/ XI – 2002 ж.
Үйге, Ванновкаға келген соң, 12/ XI – 2002 ораза күндері еді, сіз
– біз дескендерге кешкілік ауыз ашар жасап, құран оқыттым.
Уақытысында біз жаспыз, әке – шешем, әпкем Ханбибіге құран
шығарылмаған. Шанырақтың иесі кіші баланың үйі деп, 23/ II – 2003
ж. Нұржанның үйінде өзім хатим құранды оқып, соларға бағыштадық.
Ойда жүрген сауалдың жауабын журналдан оқыдым,
күдіктенсеңіз сіз де оқып көріңіз.
(«Парасат» журналы, №7, 2000 ж. 20-30 бет)
«Бір үзік сыр». Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының корреспондент – мүшесі мемлекеттік сыйлықтың
иегері, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген
қайраткер Рымғали Нұрғалиевпен сұхбат мақаласынан: «– Заман
өзгерді. Жап – жас жігіттер мен сұлу қыздар Сейфуллин, Сайын
көшелерінің бойында тұр. Біреулер «Мерседес» мініп жүр, біреулер
қайыршы. Профессордың еңбек ақысы көше сыпырушы төлем
ақысынан кем. Осындай өмір сүріп жатқаныңызға намыстанбайсыз
ба? Өзгеріс бола ма?
– Империя құлады. Бір қазаннан ас үлестіретін заман өтті. Әркім
өз қотырын өзі қаситын болды. Көз көріп, құлақ естімеген
өзгеріс келді. Біреу гүрілдеп байып барады.
Егін өсірмей, мал бақпай, өнім өндірмей аяқ астынан бай
болып шыға келгендерге күдікпен қарау заңды нәрсе. Кеше ғана ел
қатарлы қызмет еткен, жалақы алған, табыс тапқан қоңыр төбел
бүгін темекі сатып, арақ саудалап қана миллионер болды дегенге
бала да сенбейді. Дәл қазір біз көріп жүрген мал табарлардың
(бизнесмен емес) үлкен байлығы – үлкен ұрлығы. Оның ар жағынжа
үлкен пара, бұрынғы мемлекет мүлкін талап алу, мол несиені сіңіріп
кету, сыбайласқан жемқорлық сияқты қылмыстар барлығын түсіну
үшін экономист, сот, прокурор болудың қажеті жоқ. Біз көреміз бе,
көрмейміз бе, ол Алланың қолындағы іс. Бірақ заман жақсарады,
дүние оңалады, дәулет келеді, бақ қонады. Сенімсіз өмір сүруге
260
болмайды, өйткені үмітсіз шайтан». Сұхбаттасқан Талаптан
Ахметжанов. Осы журналда (19-б) осыған орай Қадыр мырза Әли:
«Дүние – тұзды тамақ, жеген сайын шөлдейсің». «Ақша алдымен
иесін сатады». «Ақшалы адам арыстанға жол бермейді». «Сары
алтынға сайтан да қызмет етеді». «Байлық қолыңды да, жолыңды да
ұзартады». «Байда бәрі бар, иман жоқ, кедейде түк те жоқ, Құдайы
бар». «Кедеймін деп қамықпа, байлықтың тамыры – тамұқта» – деп
жұбату айтқан екен.
«Жазып отырған адамның артық айтқаннан гөрі жеткізбей
айтқаны жақсы» (Альбер Камью (1913 – 1960) – Новель сыйлығының
лауреаты, классикалық емес философияның классигі).
Бақытты болудың 4 шарты:
1. Таза ауада өмір сүру.
2. Өзіңді жақсы көретін адамдардың бар екенін сезіну.
3. Даңқұмарлықтан адалдық.
4. Пайдалы іспен айналысу.
«Ақыл – сөзде, мейір – көзде».
«Айнаға қарап емес, адамға қарап өс».
«Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе».
«Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар» (Әйтеке би(1644 – 1700))
«Билік басына жеткен дос – жоғалған дос» (Генрих Брук Адамс(1838
– 1919). Американ тарихшысы, жазшушысы).
«Татулықтың арқасында шағын мемлекеттер өсіп нығайады, ал
жанжалдың кесірінен үлкен мемлекеттер құлап ыдырайды» (Генрих
Сенкевич(1846 – 1916) поляк жазушысы).
«
Өтіріктің үш түрі бар: өтірік, пасық өтірік және
статистика». (Бенжамин Дизрағли (1804 – 1881) Англияның премьер
министрі, жазушысы).
«Күлкі – күн: ол адам жүзінде ызғарды жылытады» (Виктор
Марко Гюго(1802 – 1881) Француз жазушысы). «Марапаттау идеясы
– қоғамдық сананың ойлап тапқан ойыншығы».
«Мольер: адамдар ізгіліктің өзін қылмысқа айқалдыра алады».
«Ақша қуған ғұмырдың қай – қайсысы болсын – ажал. Қайта
тірілу үшін қайырымдылық жасау керек».
«Мәңгілікке қайта оралу идеясы азап біткенге деген
шыдамдылыққа шақырады» (өзімше түсінігі – құран идеясы).
«Біз не жендет, не жемтік болудың бірін таңдайтын дүниеде өмір
сүріп жатырмыз. Үшінші жол жоқ».
«Әдетте біреуді жау етіп шығарғысы келгенде оның өзін емес
көлеңкесін күстаналай бастайды».
«Азаттық тарихы дегеніміз қарсыласу тарихы».
261
«Ойыңызды оқысын десеңіз, оны бір беттен асырмаңыз» (Томас
Видро Вимсон(1856 – 1924) Американын 28– президент;
«Өтіріктен тілін тыя алмаған адам арамдықтан ындынын тыя
алмас».
«Есті адам тілін тыя алады, бірақ ойын тыя алмайды».(Шәкәрім
Құдайбердиев, 1858 – 1931, ақын – философ).
«Алалық бар(теңсіздік) жерде аялы достық болмайды»
(Джавахарлау Неру,1889 – 1964, Индияның премьер – министрі).
(Қазақтың мақал – мәтелдері, 2001ж.)
«Мемлекеттің гүлденуі, халық тұрмысының жақсы болуы
міндетті түрде әдет – ғұрыптардың мейірімділігіне байланысты, ал
әдет – ғұрып мейрімділігі міндетті түрде тәлім – тәрбиеге
байланысты болады». (Николай Иванович Новиков(1744 – 1818)
орыс ағартушысы, қаламгер, журналист, баспагер).
«Қартаю дегеніміз – сезімталдықтан серіктестікке көшу».
«Басқаға залалын тигізген жан өз қасіретінің отына өртеніп
өледі».
«Әділдік дегенді ізден әурей болмай – ақ қой: ол мүлдем жоқ,
тек әлде бір шектеулер ғана бар».
«Тәжірибе және теория: сәл жаңсақтық кетсе болды, дүниенің
аяғы аспаннан келеді».
«Біз өмір сүріп отырған ғасырдың ащы шындығы: не бір қатал
сындардан өтін барып, ақыр аяғында өтірік – шіге айналамыз».
«Біз маймылдан жаралған жоқпыз, маймылға айналып бара
жатырмыз».
«Рух аспаннан түспейді, жерде жасалады. Ғұмыр бойы рух
жасау процессі аяқталған жерден барып ажалдың шеқарасы
басталады».
«Ештеңемен айналаспайтын жан бағу ажал философиясына
жатады».
«Шектен шыққан сезімталдық дүние мәнсіз екендігіне деген
сеніміңді күшейте түседі. Ал ойшылдық болса, бүкіл тіршілігіңе
мағына береді». («Егем.Қаз.» 18 қазан, 2002ж.)
Мінез – бәйтерек секілді, ал бедел – оның көлеңкесі. Біз
көлеңкенің жайын жағдаяттаймыз, ал шын мәнінде бәйтеректің
қамын ойлауымыз керек (Авраам Линкольн (1808-1865) Американың
16-президенті.
Мәшһүр Жүсіп:
« Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас.
Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш
құдырет те кірлете алмайды. Олар мәңгі-бақи таза күйінде қала
бермек. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, Құдай ұрды дей бер.
Егер шын дос болса мал-басыңды соның жолында құрбан ет.
Досыңның кішкене сыйын көптей көр. Өйткені, ол сыйда досыңның
262
жаны, көңілі, көзі, жүрегі, саған айтпаған, өмір бойы айта алмаған
алғысы жатыр ».
(«Оңтүст. Қаз.». №18 (17494) 8.02.2003ж. 9-бет)
Достықтың екі түрі:
– Достықтың екі түрі болады – дейді шешен Әйтімбет деген кісі.
Ажыратып айтыңызшы дегенде, шешен:
– Достық – адал достық және амал достық болып екіге бөлінеді.
Адал достықтың өмірі нұсқа, амал достықтың өмірі қысқа
болады, – деп жауап берген екен. Достықты саясатқа да,
қызметке де, байлыққа да айырбастауға болмайды.
(«Оңтүст. Қаз.» №25(17501)22.02.2003ж. 5-бет.)
«Талап пен ақыл»
( Шәкәрім Құдайбердіұлынан)
«... Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Түбі – жүрек, болады мида басы.
Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық –
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
... Ойменен,талаппенен болды сегіз,
Айтылмай енді қалды неменеңіз?
Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан!»
« Кәрілік – шал деген бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.
Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.
Тоқтаусыз төмендетті күннен-күнге
Түрі жоқ аз ғана аял, дәт қылғандай,
Шатыраш ойнап ұтылған сықылданып,
Байқаймын, кешікпей-ақ мат қылғандай.
Ойлай берсем қайғы емес оның бәрі,
Көп жасаған қоя ма болмай кәрі».
263
«Немқұрайдылық – адам баласын жеккөрініштілікке
итеретін ұғым ұрығы» В.А. Сухомлинский
Момын тозақылар қайдан
шығады?
«Мен жауымнан қорықпаймын,
көп болса атып кетер.
Мен досымнан қорықпаймын,
көп болса сатып кетер.
Мен енжарлықтан қорқамын.
Енжарлық қатыгез жауыңнан да,
Сатқын досыңнан да қауіпті»
Шерхан Мұртаза.
– Өз ақылына салып істелінген іс пен айту арқылы орындалған
істің ара салмағы, парасатында айырма бар ма, жоқ па? Бар. Бар
болса қандай? – Атам қазақ айтып кетіпті ғой: “Айттырған жаманның
ісі, қамшылатқан шабанның ісі” деп, өзі біліп, ақыл – ойына салып
істелінген іске ол адам өзі – ақ қанағаттап, әрі рақаттанады. Ал
айтумен істелінген істі ол өз еркінен тыс, ықтыярынан тыс қабылдап,
керек десең, ренжу арқылы орындайды. Ол істі ол өз басы
мәжбүрлік іс деп есептейді. Сол істі ол айтқызбай – ақ істеуге ақылы
жетпей тұрған жоқ,оның кемшілігі парасатылығында. Міне
парасатты, парасатсыз деген екі ұғымың айырмасы осындай кішкене
нәрселерден, елей қоймайтын – ақ әректтерден сезіледі, көрінеді.
Осылайша ол ұлғая келе, керек десең, қарсылыққа да алып барады.
Ондай адам басқаның кеңесін тыңдамайды; өз ақылы өзіне жетерлік.
Өз пиғылын ішке бүгін алып, қарсылық жасамауы да мүмкін, бірақ ол
сенің айтқаныңды іске асырмайды. Енді осыған тағы қайталап айтып
көр, сен дұрыс емессің, бұзық болып шыға келесің. Бұлардың да
басқа адамдардағыдай басының сыртында құлақ бар, бірақ
айтылғанды қабылдайтын ішкі құлақ, ойға салып талғамға салу жоқ.
Ондайлар бас біткеннің бәрінде де қалқанды шеміршек бар, бірақ
ондай құлағы барлар есіткенімен ой өрістен жұрдай, ақыл-ойсыз
хайуанаттар ғой. Дегенмен, ақыл-ойсыз болса да, зоопарктерде
айтылғанды орындайтын хайуанаттарға қарап таң қаласың,
ұнатасың. Олар сол қимылдарды айтуды қайталағаннан ісін әдетке
айналдырып алған, былай қараған адамға ақылды сияқтанады. Ол
істі дағдыға, әдетке айналдыруда түрлі әдістер бар: қорқыту, мәжбүр
ету.
– Ал, адам ше? Адамды да сол хайуандарды үйреткендей,
қорқыту, мәжбүрлікке келтіру керек пе екен?
– Жоқ, адамда сөйлесетін тіл бар, ұғатын ми да бар. Бірақ оның
ішкі есебі өзінше басқа. Үндемей-ақ өз пікірін іске асыруға тырысады,
солай етеді де. Осындайдан келіп шығады: Әбден шамадан асып
264
кеткенде, ақылыңды ашу басып кетіп, сондайларға «хайуан» деп те
қаласың. Бұл сөз-шыдамың таусылғанда айтылатын сөз. Одан ол
хайуан болып қалған жоқ, бірақ соған ұқсассың деген сөз. Хайуанның
еліктеуден жасаған қимылына сүйсінсең, адамның ұқпаған ісіне