355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 20)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 20 (всего у книги 27 страниц)

құрылыс.

Кезінде ол кім еді десейші! Бетіне тура қарай алмайсың, көзінің

өткірлігі сонша – өңменіңнен өтіп кететін нағыз чекистің басшысы еді

емес пе еді.

Қоғам өзгерді, сайқал саясат та артын қысты. Ол қоғамды

көрмеген адам ол туралы айтпайды да. Сол қоғамның жастары

«Ленин – біздің бабамыз, саясында жатамыз» деп ән шырқаса, тілі

жаңа шығып келе жатқан бала Лениннің суретін көрсе, «Ленин –

ата!» деп, әкесін көргендей тақ – тақ етуші еді. Бәрін де жоққа

шығардық. Жаңа қоғам, жаңа заман, жаңа адам» пайда болды. Ол

қалай келді, онда кейінгілердің шаруасы шамалы. Осы аңсаған

қоғамымызды армандаған адамдарды, бір кезде жауыз

саналғандарды қайта жарыққа шығарып ізденудеміз. Солардың

идеяларын айтқанымызбен, қазіргі жастар, тіпті, өз ана тілінде

сөйлей де алмайды. Тілден айрылу – халықтың жойылуы.

Жастарды былай қойып, ел басшысымыз деп жүргендердің өзі

тілін білмейді, білсе де, ескі әдетіне басып сөйлегісі келмейді. ОЛ

намыстанғаны ма екен?! – Жоқ, оның да қаны таза еместігі.

Сол қоғамда туылып, соны сусындағандардың қазірде

қалғандары қартайды. Бойында қаны таза болса, скелетке айналып,

қаңқасы ғана қалды. «За Родину! За Сталина!» деп, кешегі Ұлы Отан

соғысынан аман қалғанның өзі сексенді еңсеріп отыр. Қаңқа

болмаған несі қалды?! Күн санап азаюда, мүгедектенген, жүре

алмайды. Жеңістің 60 жылдығына қарық болады – мыс, көлікті

болады, мемлекеттен үй алады – мыс; қолында үй алатын купоны

бар.

«Жарық дүниеде қиындықты көп көрсең, тозақ отың арам

болады, жаның жаннатта болады» деп насихаттайды емес пе

діншілдер.

«Терпи Казак Атаманом будешь!» деп орыстар айтқандай,

шыда – шыда!

Тірі болған соң, «Үмітсіз сайтан болсын!» дейсің ғой,

«Сексеннің серіктікке пайдасы кем» деп бекер айтпаған, көзің

237

сығырайып, жүруге де жарамай, көлік, үй күтушілер әлі бар. Бірақ

өлмеген соң, қаңқасын қалбитып, зорға жүреді, ентігіп қалады: күрк –

күрк жөтелуде. Соры қайнаған өкпесінің айтуға тілі жоқ, жөтелгенде,

шиқылдайды.

Моторы – жүрегі тартпай, қызып кетіп, ходовойы – аяғы басуға

келмей отыра кетуге мәжбүр, оған да отыратын жай табыла қойса

құба – құп.

Бұл қаңқаның өкпе артатыны әлдеқашан дүниеден өткен:

Совет үкіметі құлаған, әке – шешесі қаза болған. Кімге өкпелейді?

Денеден қуат кетсе, бойдағы сөл де азайса, ол қаңқада не қалды?!

Қатары да сиреген, жоқ десе де боларлық, өзінен тараған

перзенттері алыста; оның да перзенттері бар, бала қамы, күн көріс

қамы. Болса телефонмен «Қалайсыз?» деу ғана. Сорлы қаңқа

кеудесін сүйретіп те жүруге шамасы жоқ. Көзі бұлдырап, құлағы

шуылдап, басы сырқырап, бір жатады, бір тұрады. Орыстар айтыпты

ғой «Старость не радость” деп. Қартайғандық қуаныш емес.

Тарықпасаң да, ойыңдағыдай болмағанға ренжисің, қамығасың.

Құрғақ уәдеге тоңып, қалтырайсың, нервіңе де тиеді.

Ермек таппай отырғандай, 9/I – 05 бастап, ұнатпайтын тұмау

айналдырып, тіпті әлсіретіп те тастайды. Берілмеймін деп – ақ қарсы

уколды үсті – үстіне айдаттым. Беті қайтыңқырады, дегенмен, мені

де жүдетті. Мен сияқтының екінің бірі өз ойын қағаз бетіне

түсірмейді, шамасы келмейді, немесе ойы жетіспейді.

Баяғы әдет – түн мезгілін ұйқысыз өткізу қымталып жатсаң,

тұншығып барасың, ашсаң, денеңді суық алады, жөтелесің. Содан

тұрып, киініп алып, әліңнің келгені – қағаз бетін шимайлау ғана.

Бұлай қимылдау да ұзақ бола бермес, оған да қуат, ақыл – ес керек.

15/I – 05 таңғы 6 10

Екі ерекше хабардың алғаш есітушісі.

«Қарттық аспаннан

түсе салмайды. Дүниеге

келген соң, тірі болсаң,

көре бересің. Сол қарттың

көргендері кейінгілерге

ертек сияқты».

«Алпыста ақылың тоқтайды,

Сексенде селдірейсің,

тоқсанға

аяқ басқандығың

тоңқалаң асуға бет

бұрғаның»

238

Міне, кешегі елімізге тұтқиылдан жау тигеніне, Ұлы Отан

соғысының басталғанына, 65 жылдан асып та кетті. Сол соғыстың

аяқталып, Ұлы жеңіс мерекесіне жеткен күнімізге де 60 жыл толайын

деп келеді. Осы соғыстың басталуының да, жеңіспен аяқталуының

да халыққа радиомен хабарлануының ең алғашқы есітушілерінің бірі

екендігім есіме келіп, кейінгі жастарға айтқым келіп отыр.

Қарап отырсам, сол кезде мен 18 – ден 19 – ға аяқ басқан кезім

екен – ау!

Бұл – 1941 жыл. Еліміздің қарулы күштерінің Шығыстан батысқа

қарай ауыса бастауы алғашқыда елеусіздеу жүре бастаған. Мен

аудандық байланыс бөлімінде телеграфист – морзист болып жұмыс

істеймін.

21/ VI – 1941 жылы кешкі сменаға жұмысқа келгенмін. Түн бойы

облыстық байланыс бөлімімен байланыста отырмын: телеграмма

беремін, олардан қабылдаймын. 22/VI – не қараған түн; таңғы ұйқы

маужыратып та отырған кез. Таңғы сағат 6 00 кезі. Москвадан

радиодан И.В. Сталиннің өз даусы саңқ ете қалды. Жай үн емес,

халықты Отан қорғауға шақырған үн. Тұтқиылдан Неміс

басқыншыларының тыныш жатқан елімізге шабуыл жасағанын

хабарлап, бүкіл халықты ел қорғауға шақырған үн. Бұл уақытта

Қазақстанда ояу отырған адам кем де кем – ау. Ал мен болсам,

жұмыстамын, байланыс торабында отырмын. Денем дір ете қалды.

Қасымда ешкім де жоқ. Маужыратып отырған ұйқының қайда ғайып

болғанын да білмей қалдым. Бірден ширығып сала бердім. Қабақ

өзінен өзі түйіліп те сала берген – ау. Суық хабарды біреу біліп, біреу

әлі білмейді де. Смена ауыстыруға кезекші телеграфист Самков

Алексей де келді. Сменамды өткізіп, үйге қабағым түйіліп кірсем

керек. Қарт әжем менің реңкімнің қатып кеткенін байқап:

– Балам, бір жерің ауырып келді ме?! – деп, үсті – үстіне сұрап

жатыр; Мен де үн жоқ. Айтуға тілім келмей тұрғандай.

– Әже – ау! Неміс басқыншылары бізге соғыс ашып жіберді ғой! –

дедім. Әжем не дерін де білмей қалды.

Міне, алғашқы суық хабар осылай естіліп еді.

Сол кезден бастап, әскери комиссардың шақыру қағазымен

күнде майданға адамдар алынуда. Аудандық байланыс торабының

канторы темір жол вокзалына жақын жерде болатын. Жұмыс кезінде

– ақ майданға аттанып жатқандарды көріп отырамын. Алғашқы

алынып жатқандар бұрын әскер қатарында болғандар, бала –

шағалы болғандар, ересектер болатын. Поезд қимылдаған кезде,

бауырлары, біріне әке, біріне жар саналғандар соғысқа аттанып бара

жатқанда, қалып бара жатқандардың жылаған даусы күңіреніп кетеді.

Дәл қайтқан адамның мәйітін көтеріп, машинаға салар кездегі үйдегі

әйелдердің өре шығып жылаған даусынан да бетер шығады. Төбе

шашың тік тұрады, тұла бойың мұздап сала береді. Бұлай

аттанушылар күнде, күн ара деуге болады.

239

Мен сол баяғы байланыс торабында телеграфистік, жұмыс

жетерлік. Барлық құпия хабарлар біз арқылы өтеді. Оны шашпауға –

айтпауға берген жазбаша антымыз бар. Кезек жастарға да келе

бастаған кез. Келіп жатқан телеграммалардың сериялары неше

түрге бөлінеді: «Серия – Г», «оперативная», тіпті, «Воздух» деген де

түрі бар.

Бірақ «Воздух» түрі келгенде, ол территория әскери қалыпқа

көшкен деген сөз. Елдің басқаруы әскери комиссардың қарауына

көшеді, қалғандары соның жарлығымен орындалады деген сөз. Сол

«Воздух» хабарының телеграммасы дайын түрінде, біз отырған

жерде сейфте пломбамен жабулы да тұр. Оны ашуға арнайы бұйрық

болады. Ол телеграмма үш мекемеге 5 минуттың ішінде жеткізілуі

керек: Әскери комиссариатқа, райкомның 1 – хатшысына және

банкке. Күнде сменаны өткізерде, пломбасының бұзылмағанын

көрсетіп, арнайы журналмен тапсырамыз.

9/XII – 1941 ж. Күнделікті жұмысқа кешкі сменаға келгенмін. Түн

мезгілі, сағат 11 – лер шамасы. Телеграф аппараты “морзянка ”

“Янк...” деп тықылдай бастады. Мен дереу жауап бердім. “я Янк”-

деп. – “я Крд. 1 пп, серия “Г” – деп, тақылдай қалды. Дереу мен:

“ПД”– деп жауап қаттым.

Ол кезде айтуға болмайды. Қазір соның мазмұнын айтайын:

1921 – 22 жылы туылғандардан, орта дәрежелі білімі бар 40

адамды Ақтөбе облвоенкомының қарауына, 40 атты Жамбыл

облвоенкомының қарауына жібересің делінген. Телеграмманы

қабылдап алдым да, есікті ашпасын деп, өзім жазған телеграмманы

конвертке салып, аудандық әскери комиссариатқа қарай жүгіре

басып келемін. Келдім де. Әскери комиссар конверті ашып, оқып

болғанша күтуім керек. Оқыды да. Кетуге рұқсат етті. Мен: – Ертең

келе берейін бе? – дедім. Бетіме бір қарады да, үн қатқан жоқ.

Үйткені сол телеграммадағыға мен тура келіп тұрмын. Келесі күні

шақыру қағаз да (повестка) келіп жетті. 42 адам шақырған екен.

Бәріміз де жарадық. Стройға тұрғызып; “Кім осы жолғы шақырудан

қалғысы келеді?” деп, әскери комиссар сұрады. Ешқандай үн жоқ,

тым – тырыс. «Тараңдар» – деп, команда береді. Тарап жатқанда

военкомда істейтін ағам:

– Осы жолғыдан қаласың ба? – деді. Мен:

– Қалмаймын. Бүгін болмаса, ертең тағы шақырады. Мына таныс

жолдастарымнан қалмаймын! – дедім.

Сол күннен бастап, майданға баратын жолдастарымыз кезек-

кезек үйлеріне шақырысу да. Барған жерде оларға: «Ертең біз

вагонға мініп, жүріп бара жатқанда бірде-біріңнің туысың дауыс

шығарып жылайтын болмасын! Жылап шығару деген жаман ырым,

онда біз елге тірі оралмаймыз. Вагон қимылдағанда әндетіп, өлең

айтайық!» – дедім. Солай да болды. Кетіп бара жатқандар ішінен

бірден майданға барамыз ба деп, өзді өзі талқыға салуда. Мен

білсем де, айтпадым. Менің берген антым бар. Сонымен Ақтөбе

240

облысында құрылып жатырған 101 ОСБ-ның (отдельно стрелковая

национальная бригада) қарауынан бір-ақ шықтық. Күн суық, түкірік

жерге қатып түседі. Армияда да штаб бригаданың телеграфисімін,

байланыс батальонында телеграфист станциясының бастығы,

командир телеграфной отделениемін. Жұмыс орным – облыстық

телеграф станциясы, Чкалов қаласымен (ЮЖУРВО) Оңтүстік Орал

әскери округімен байланыс жасаймын. Шамалы дайындықтан кейін,

қару-жарақ алып, Москва түбіне жақын жерден (Калинин майданы)

соғысқа түсіп те кеттік. Беларус жері, Балтық жағалауындағы елдер,

Польшаны тазартып, Кенингсберг қаласын алумен тоқтадық. Бізді

қаланы ұстауға «Оккупационный войск» ретінде қалдырды.

... Берлин алыпған. Май айының басы. 7/V 1945 Әскери

бөлімдердегі телеграфистермен байланысып отырамыз. Біздің

сөзіміз точка, тире «азбука морземен». Оны басқалар түсінбейді. 7/V

– дан бастап, Германияны оккупацияға берілуіне келіс сөздер жүре

бастаған. Одан телеграфист – біздер хабардармыз. Тек жоғарғы

жақтан «Соңғы хабарды» жібермей тыңдаңдар! делінеді.

8/V – 1945ж. тағыда түнгі сменада телеграф аппаратында

кезекте отырған кезім. 9/V – 1945ж. түнгі сағат 1:10 (Кенигсберг

уақыты бойынша) телефон шар ете қалды. Тағы таныс дауыс, И.В.

Сталин Совет Халқын жеңіспен құттықтаған даусы. Бүкіл Кенигсберг

бойынша түн ішінде барлық қарудан аспанға салют берілуде,

«Уралаған» дауыстар. Мәз – майрам күлкіге кенелдік те қалдық.

Міне, сол мерекенің 60-жылдығын тойлағалы отырмыз.Жастарға

ертек сияқты да болар. Соның бәрін бастан кешкен біздер қазір

тірсегіміз майысып, беліміз бүкірейіп, өкпеміз сырылдап зорға

жүреміз. Майданнан келіп, 60 жылдық мерекені көре алмай, ол

дүниелік болып кеткендер қаншама дерсің. Жеңіс оңайлықпен келген

жоқ. Қаншама жандардың өмірін қиып кетті. Кейінгі жастарға оны

бермесін, көрмесін де

20/I – 2005 12:55

Алғысымды білдіремін.

Түлкібас ауданының әкімі Дархан Мыңбай 24 ақпан күні

Т.Рысқұлов ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің

әрқайсысының үйін жағалап, Ұлы Жеңістің 60 жылдығын құттықтаған

хаты мен жанды жадырататындай сыйлық да үлестірді. «Ұлық

болсаң, кішік бол» аталы сөздің мағынасын толық меңгерген жан

екендігіне масайрап қалдым. Биыл 60 – рет тойлап отырған жеңіс

жылында дәл мұндай рухымызды дәріптеген жылы лебізбен біздің

бүкіл еңбегімізді толық түсінген мазмұнды құттықтауды бірінші алып

отырмын. Екі ауыз өлеңінде құрбан болғандарды, қартайып қатып

қалған біздерді жібітіп те жіберген екен. Өнегелі ылтипатына аталық

алғысымды білдіремін. «Еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше»

дегендей, балам, ғұмырың ұзақ, жұмысың жемісті, денің сау

241

болсынды айтамын. Сағындық Алтынбекұлы. Ұлы Отан Соғысының

ардагері.

28/II-05

Кім қандай?

Әр жанұя – кіші мемлекет. Сол жанұяның үйтқысы – әйел-ана.

Анасыз – әйелсіз жанұя болуы мүмкін емес. Әйелі жоқ жанұяның

моржасынан қисық түтін бұрқырап шықпайды. Абай атамыз айтқан:

«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» – десе, сол

кірпішті дайындайтын завод қалып-ана. Енді сол ана қандай болғаны

дұрыс болар екен. Болашақ өмірдің жалғасын, ұрықты, еркектен -

әкеден алып, дүниеге әкелуші, жеттіктіруші-ана. Сондықтан да әр

халықтың тілін ана тілі деп атаймыз. Демек, сөз үйретуші-ана.

Ананың құдіреттілігі сондай – бауырластыру да, бауырыңнан

алшақтатушы да бола алады. Қабағын шытпай, келген адамды

жайдары қабылдаса, ол үйге бауырларың келгісі келіп тұрады.

Керісінше, қабағын шытып, теріс пиғылды болса, ол үйге жан

жуымайды. Ақылды әйел ерін пірі деп санауы керек. Құран Кәрімде

Аллатағала ананы еркектің қабырғасынан жаратқан. Ерін пірі

санаған әйел. Әйел затынан бірінші болып жұмаққа енгендігін

«Азаматтың асыл тәжі» кітабын оқысаңыз білесіз. Ол әйел Зеңгі

бабаның әйелі екен. Сонымен қатар, жанұяның берекелі болуы да,

берекесіз болуы да әйелге байланысты екен. Ақылды әйелдерден ел

басқарғандары да болған. Ол ақылымен басқарған, мысалы,

Домалақ ана т.б. Ақылсыз әйел – парасат ойын күйттеудің орнына

бойын сылайды. Қолымнан келеді салып, ашу шақырады; ерінен

таяқ жеп, берекені қашырады. Жанұяның ұйтқысы бола алмай,

ажырасады. Еркек әр жанұяның тірегі, асыраушысы. Оның жұмысы

тапқанын үйге таси беру, үйе беру, үйе беру. Тіліміз ана тілі деп

саналғанмен, өмірдің жалғасы саналатын ұл мен қыздың әкесі.

Сондықтан да перзентіңнің иесісің, сенің атыңа, еркектің атына

жазылады. Баланы жолдан тауып алған ана ғана өз атына жаздыруы

мүмкін. Үйткені оның әкесі жасырын, тұқымды ұрлап алған.

Еркек өз мәнінде алдыңғы саптағы жан болу үшін алдымен ол

еңбекшіл болу керек. Қанағатшыл болу керек, ақыл – парасат иесі

болуға тырысу керек. Адамгершілік достасуды білуі керек, әдептілікті

сақтай білуі керек. Жалқаулық дегенді жауым деп санай білуі керек.

Тән тазалығын ойлап, ішімдік, құмарпаздық, зиянды нәрсеге құмар

болмай (темекі, анаша, арақ –шарап), олардан бойын аулақ сақтай

білуі керек. Жанұяның басты тұлғасы екендігін білуі керек.

Өмірдің жалғасы ата – анадан бінә болған ұрпақ ұл мен қыз. Ұл

дұрыс болса, ата – ананың ырысы, әкеге сөз тигізбей, жолын

жалғастырушы, ақырында, әке – шеше қартайғанда асырушысы,

шаңырақ иесі. Қыз – үйдің көркі, гүлі, ата – анаға деген

242

қамқоршылығы ұлдан басымдау келеді. Біз қызды жат жұрттық

дейміз. Ол екі елді бір – бірімен жалғастырушы тұлғасы. Өнегелі

ананың қызы да өнегелі. Қызға бүкіл тәрбиені ана беруі керек.

Қыздың сұлулығы мінезінен, әдептілігінен, инабатталығынан,

ізеттілігінен көрінуі керек. Соңғы кезде өркениетті ел деп, ар –

намысын ойламаушылық, арын бизнеске апарушы да болып

жатады. Алла ондайлардан сақтасын. Бұлай болу қазақ баласына

жат қылық. «Жаным арымның садағасы» деген аталы сөзді терең

түсіне білу керек.

Ұл мен қыздың өнегесіздігінен артық қорлық жоқ болса керек

деп есептеңіз. Алланың берген өмірінде ұзақ жыл жасасаң,

қартаясың, кейуана боласың. Бұл жасты да алып жүру оп – оңай

емес, өз жолы бар. Болжамды болып, өнегелі өмірді нұсқап отырсаң,

ақылшысысың. Өз жолыңды білмей, теріс іске әуес болсаң, күйіксің.

әдетте ата – ана кенжесін сағалайды. Кейде кенжесі болмай – ақ, өз

бетінше өмір сүріп кетуі қиын болған перзентінің денсаулығында

кемістік болуынан, немесе жанұясында басқа бір кемшілік болуы

мүмкін болған жағдайлар кездеседі. Соны жеттіктіремін деп жүріп,

қартайған ата – ананың қиындықтарды көбірек көруі болады. «Құс

ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» дейді ғой. Ата – ананың

қолында қалған перзенттің есеюі қиындау болады. Үйткені сенері –

ата – анасы бірге, сол жауапты деген ұғым – бойын жайлап алған.

Ылажын тауып, өзінше отан болғанын қарастыру керек. Күні жетіп,

қарт ата – ана дүниеден озғанда, есі сонда ғана жеттігеді. Сондықтан

да «Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін» бола береді. Құда –

құдағиының екі жақты сыйлы болуына жұптасқан екі балаларының

тату – тәтті болуы алғы шарт. Солай болса, құдалар да шат –

шадыман болса керек.

Құдалардың алған – бергенін санасуы ақылға сыйымды емес,

дүние деген қолдың кірі, олай санаспау керек. Бір жағы әлді болмай

жатса,оған бола қосылған жастардың өміріне қаяу салмау керек.

Жақсы сыйласқан құдалар туысқаннан артық жандар болып

есептеледі. Үйткені олар жұптасқандардың ата-анасы, яғни бір

баласы екеу болғандар.

Енді жора-жолдас дегенге келсек, жолдастың түрі әртүрлі.

Қызметі жолдас көпшілігінде бір-біріне басқару биіктігі арқылы

тәуелді болып келеді. Қызметі өзгерсе, сырт айналушылық мол

болады. Сол сияқты студенттік жолдас, кластас жолдас, әскери

жолдас, майдандас жолдас т.б. түрі бар. Жолдас деген сөзге мән

берейікші. Жолы бағыты бір жаққа қарай дегенге келе ме деймін.

Осы жолдастықтың осалдауы, айнып қалуы, тіпті, бұзылуы

көпшілігінде дүниеқоңыздыққа келіп тіреледі. Осыдан сақ болуға

тырысу керек. Бола бастағаннан ашып айтып, кешірімге келу керек,

зымияндықтан аулақ болу керек. Пікір сақтап қалу қауіпті тәсіл. Ең

жақсы жолдас адалдықты сақтау, жасырмау. Өзіңнен бұрын

243

жолдасыңның жағдайын ойлау. Екінші жолдасың да дәл осылай

болса, бұл барып тұрған достық десе болады.

Дүниеде не көп – су көп. Өмір – мұхит. Оның салалары алуан

түрлі. Жанұя болып, өмір сүріп жатқандардың жұптасу тарихы да

алуан түрлі. Соның бір түрін аяғынан қосылу дейміз. Яғни бұрын

жұптасып ажырасқан, қайтадан жұптасқандар.

Қазақта «Күндіз екеу, түнде төртеу» деген жұмбақтаған бір сөз

бар. Күндіз әрқайсысы өз пікірімен ойлауға уақыты да болмай, түнде

бір төсекке енгендегілердің басында болатындарды айтады. Бұлай

жұптасу барысында осы ойдан арыла алмаушылық өмір емес, тек

тіршілік – «существование» дер едім.

Аяғынан қосылу болып жатқанда, жоғарыдағы ойдан аулақ

болып, бір-бірінен сыр жасырмай, болған іске күнделікті талдау

жасап, кем-кетігі болып жатса, кешірімге келу арқылы жақсы өмірге

жетуге болса керек. Дүниеге екеуінен сәби келіп жатса, бәрін де

ұмытып, бірі тірегі, бірі жүрегі болып, екеуінің де тілегі сәбиінің

тәрбиесіне айналса керек. Жастайынан қосылғандардың бірнеше

жылға дейін сәби көрмеуі деген де бар. Бұлардың сәби асырауы,

алуы деген бар. Бар мүмкіндігінше, сәби тілі шықпай, есі кірмей

тұрған шағында алғаны жөн. Осылайша асырау барысында,

артынша өздерінен сәби көріп кету деген өмірде көп кездесіп жүр.

Есейіп кеткенді асырау қиындыққа апарады. Ондайлардың

бірнешеуін көріп жүрміз, атын атамай– ақ қояйық.

Аллатағала адамды топырақтан алып жаратқан екен.

Топырақтың да құнарлығы алуан түрлі келеді. Солай болса, мінез-

құлық та алуан түрлі болып келеді адамда.

Текті, тексіз деп жатамыз. Осы да ойланарлық жай. Тарыны

ексең, тары аласың. Бидай ексең, бидай аласың. Орыстар айтады:

«Что посеешь, то и пожнешь» – дейді. Бидай да, тары да тағамдық

асқа жатады, қоректенуге болады. Сол сияқты адамдардың да ойлау

қабілеті жағынан, саны жағынан бір-бірінен айырмасы бар. Адам

сөйлеседі, білім алады, тәрбие алады. Дегенімен, текті, тексіздік

күндердің күнінде бір жерінен көрініп қалу болады. Қатесін

мойындап, оны түзеп, қайталамаған адамды мен текті қатарына

қосар едім. Керісінше болып жатса, оны қай қатарға жатқызуды,

оқушым, сізге қалдырдым. Үлкен кісілердің бір нәрсеге, біреуге ырза

болғандығын білдіргенде «Көп жаса» деп жататыны бар.

Осы сөзді мен Алла жарылқасын, рахмет, тәңір жарылқасын

сөзімен айтқан дұрыс па деймін. Үйткені өмірді Алла береді. Сол

сияқты «Шал» сөзін «Қарт» сөзімен, «Кемпір» сөзін «Кейуана»

сөзімен айтсақ, сыпайы да, жұмсақ та естілетіндей.

Сол қартаюдың қызығынан гөрі қиыншылығы молдай болады.

Қартайған соң бүкіл организм тозады, сырқырайды; қимылдауы да

епетейсізденеді. Бұл заңды. Қашанғы тозбасын, темір де сынады.

Соған қоса ауру-сырқат та айналдырады.

244

Бұлардың бәрінен де басқа бір ерекшелік – біреудің ісіне

қанағаттанбау пайда болады. Бұл да заңды сияқты, үйткені өзім

жасасам, олай болмас деу. Тағы бір сезім өкпелегіш келеді. Бұл жас

баланың конфет бермедіңі емес, сөзді ауырлайды, сыйламағанды

ұнатпайды, алдағанды жек көреді. Бұл жағы екінші бала болғанға

ұқсағаны сияқты болғанмен, айырмасы бар. Қартқа шынын айту

керек, кешірім сұрау керек, сол дұрыс болады.Сондықтан да,

оқушым, сендерге айтарым – «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді»

сөзіне мән бар. Ертеде қартайған кісіні өзі жүріп келе алмайтын

жерге апарып тастайды екен ғой. Бір адам қартайған әкесін сол

жерге апарып тастағанда, әкесі баласына қарап күлген екен. Сүйтсе,

сол қарт кісі дәл сол жерге өз әкесін апарып тастаған екен. Оны

баласына айтпаған да. Ал баласы болса, әкесі сол бабасы тасталған

жерге әкесін тастап тұр. Соны айтқанда, неге күлгенін, баласы әкесін

арқалап үйіне әкеліп, амалы келгенше, жасырып сақтап, ешкімге

көрсетпей ұстапты деген сөз бар.

16/V – 05 17:20

Есіңде болсын, балам!

Мерекелі күндерде, әсіресе, өз туыстарыңа, оның жасы

үлкендеріне арнайы жақсы тілектеріңді білдіріп тұр. Олар сенен

соны күтіп отырады. Жақын жерде болса, арнайы барып қолын

алып, сәлеміңді бер. Саған деген мейірімі арта түседі. Үлкеніңді

құрметтеп, жанұяңнан, отаныңнан дәм таттырып отыр. Ол сені аңсап

тұрады, келе беруді өзіне ұят санайды, сен кішісің, үлкен адам

шақырусыз келгенді жөн көрмейді. Бұлай жасау көргендікке жатады.

Ата-бабамыздан қалған әдет-ғұрып осылай болады.

Бауырластарыңның басына іс түскендей бола қалғанда,

мезгілінде кешікпей араласып тұр. Бұл қағиданы орындамау

ағайыннан алшақтауға апарады. «Өзіңді өзің сыйла, жат бойыңнан

түңілсін!» деген сөз осыған айтылған.

Үлкеніңе құрмет көрсетуді ешуақытта ұмытпа! Сен де

үлкейесің, сонда сен де елейтін боласың. Сен мен сияқты жетім

болып өскен жоқсың. «Әке көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді»

деген сөз ата-ана тәрбиесін көргендерге арналған. Менен

тарағандарыңның ешқайсың да жас емессіңдер, бәрің де ата-ана

болдыңдар, құдайға шүкір, бәрің де ұлды-қызды болдыңдар. Тіпті,

ата деген лауазымға да жеткендерің бар. Әдеби кітаптарды көп

оқыңдар. Ондағыларға сын көзімен қарап, толғаммен байыптаңдар.

Өнегелісін есте сақтап, жаманынан жирене біліңдер. Жастықта

болатын тән қызығына салыну опалы іске жатпайтынын түсіне

біліңдер. Жарық дүниеде жүргенде опық жеу деген тірі кезіңде-ақ

тозаққа түскеннің болып саналады. Бұған ұшырау, әдетте,

ойсыздықтан болады. Ойсыз болу деген – адам пошымды хайуан

болу. Сондықтан да Абай: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес

далаға...» демей ме?

245

Жазғандарымда мына кітаптарды оқыңыз дегенім бар. Сен де

оқып көрші, көкірегің ашылса керек.

17/V – 05

«Жақсының жақсылығын айт, қадірі тасысын!»

Қайырымды Сейтқали

Ұстаздың мәртебесін шәкірті көтереді деген бар. Шәкірті

өнегелі, үлгілі, қайырымды болып жатса, сол шәкірт оқыған мектептің

барлық ұстазы шаттыққа бөленеді екен. Шиелі ауданында Абай

атамыздың атындағы орта мектептің түлегі Балаби ауылының

ұрпағы Алшынбайдың Бегманының Сейтқали деген баласы бар.

Ағамыз Бегман деген кісі ойын қара сөзбен бергеннен гөрі өлеңмен

айтқанды жеңіл санайтын кісі еді. Ол кісімен талай сұхбаттасып,

алдында жүгіріп қызмет етіп те, сарқытын ішіп, қолынан ет те

асадық. Еңбек жолы теміржолға байланысты өтті. Жыл сайын

теміржолшылардың білімін тексеріп, қауіпсіздік техникасынан

емтихан алғанда, соның өзін өлеңдетіп айтатынын айтып отырушы

еді, рухың жаннатта болсын ағатай дейікші. Осы кісінің ұлдарының

кішісі Сейтқали еді. Сейтқали әкесі сияқты өлеңдетпесе де,

өнегелілігін әркезде-ақ байқатып келеді. Былай қарағанда моп-

момын, көптің бірі болып қана жүреді. Бойшаң да емес, мақтанын-

масаттану дегенді есіне де алмайды, бірақ өз шаруасына мығым,

кісіге деген ылтипаты мол. Әкесі Бегманнан есітіп, бойына

тоқығандары мол екен.

Бүкіл еліміз болып Ұлы жеңістің 60 жылдығын қалай қарсы

аламыз, қалай тойлаймыз деп газет – журнал беттерінде

жарнамалап та жатты. Ұлы жеңіске жеткізген соғыс ардагерлерін

ардақтайық деп, төбемізге көтерсек те артық емес делініп жүрді. Осы

Балаби аулында Ұлы Отан соғысынан мүгедек болып және сау

жарадарсыз болып келгендері де басқа ауылға қарағанда молдау

екен. Жеңістің 50 жылдығы тұсында бар саны 65 еді.

Ал жеңістің 60 жылдығын тойлар тұсында ауылда 13-ақ

ардагер қалған екен, ең үлкені 100-ге де толған екен. Мемлекеттің,

облыстың, ауданның, ауылдық әкімнің сый-сыяпатынан тысқары

Сейтқали ініміз осы 13 ардагердің әрқайсысына бір-бірден қымбат

бағалы көгілдір экранды теледидар сыйға тартты. Бұл Сейтқалидың

көрсетіп отырған бірінші қайырымдылық сыйы емес, бұдан бұрынғы

жылдары ардагерлердің бар кезінде, үйме-үй жағалап жүріп, соғыс

ардагерлерінің әрқайсысына екі қаптан ұн да таратқан еді. Бұған

қоса жеңістің 60 жылдығына оқыған мектебім де сыйсыз қалмасын

деп, мектепке компьютер сыйлады. Өзін тәрбиелеп, мектеп бітірткен

сынып жетекшісіне де көгілдір экранды теледидар сыйлады. Осылай

жасай отырып, Сейтқали ініміз тасиын демейді, мақтанайын демейді,

сол баяғы бір қалпы. Мәртебең биік болсын, Сейтқали, дейміз!

Жасаған Қайырымдылығына мақтанбаған – адамның адамы.

246

Адамгершілігіңе, осы сыйыңды есіткен біздер тән риза болдық. Бір

Алла тілден, көзден сақтасын айтамыз, інішек!

28/V-05

Мәңгілік қозғалыс

Осы біз білетін өмір тарихи деректерге сүйенсек, бәрі де

өзгеріске ұшырап отыратындай. Тіпті хабарымыз өте кем дүниеде де

осы заманнан артық білім дәрежесі болған ба деп ойланасың.

Үйткені бізге белгісіз түрлі біз үшін тылсым (белгісіз, сырын

білмейтін) құбылыстар бар: « Вермуд үшбұрышы», көзге көрінбейтін

тіршілік иелері т.б. Ал, білетін, хабарымыз бар тарихи қоғамға

келейік. Патшалы Россияға қарайықшы: екі таптан– бай және

кедейлерден тұрды. Осы екі таптың бір – біріне деген қарсыласынан

іштерінен ойшыл адамдар шығып, солардың идеясымен (К. Маркс,

Ф. Энгельс, Ленин) жаңа қоғам (ССРО) орнады. Жаңа қоғам жай

сөзбен – үгітпен келе қойған жоқ: белгілі дәрежеде қан төгіс, адам

өлімі арқылы келді. Енді сол құрылған қоғамның ішінде оған

қарсылары да болды: бірі ашық түрде көрінсе, екіншілері жасырын

түрде жүрді. Күш иелері ашықтарын тап ретінде жау санап, түрлі

тәсілдермен жойды. Жасырындары сол қоғамда іс-әрекетін жасай

берген. “Бір қарын майды бір құмалақ ластайды” деп бекер

айтылмаған. Сол жасырын әрекетшілер ақырында СССР-ды құлатты

(қан төгіс болмады деп айтуға келе бермейді, өлім – жітім болды).

Саясаткерлер өз іс-әрекетін іске асырды. Қайта құру, қоғамы келіп

шықты. Қайта құру қоғамы Аттиль патшалығынан кейінгі хан талапай

болып шықты. Осының болатынын атақты данышпан Мишель

Настрадамус алдын ала болжаған екен. Бірақ жаңа құрылған

қоғамда кетіп бара жатқан бағытында “Темірқазық” жұлдызындай

нұсқалып тұрған, нұсқап тұрған данышпансыз келіп отыр. “2030”

деген ғана цифр бар. Хан талапай әлі толық тоқтаған жоқ,

жалғасуда. Бұл қоғамның ішінде де оған қарсылары жетерлік: Ол –

көп партиялық оппозиционерлер. Олардың өз мақсаттары бар.

Мақсаты – билік басына келу. Сонда олардың бірі билік басына келіп

жатқан күнде, оған қарсы болмай ма екен? – Жоқ, болады, болғанда

қандай! Билік басына келу оңайлықпен келмейді, жауласу жолымен

ғана болады.

Әр жаңадан орнаған қоғамның өз идиологиясы бар: “жаңа

қоғамның иесі – жастар!” деген ұран. Сол жастарымызды бірінде

дінге қарсы үгіттесе, екіншісінде жетілген ел деп, соның мәдениетіне

ұмтылу арқылы, қазақ деген ел өзін-өзі ұмыта бастады: әдет-ғұрып,

салт-сана дегенді ұмытты. Тілді де керексінбеушілер етек ала

бастады. Тілден айрылу – халықтан айрылу. Жер – ана саудаға

сатылу басталды. Бүкіл дүние жүзі космосқа ұмытылудан экология

бұзылуда. Оның зардабын халық шегуде.

247

Компьютерлік қоғам келе бастады: киноның артистері де робот

бола бастады. Сонда адамдары да өз ақыл-ойымен ойланып

істемей, роботша өмір сүруге көше ме екен?!

Мұхаммед Ғ.С. – соңғы пайғамбар делінген екен. Шет елдерде

небір ойшылдардың өздері ішінен осы дінді қабылдағандарын баспа

бетінен оқып қаламыз.

Ғылымның, өнердің дамығаны дұрыс-ау. Ғалымдардың ішінде

де адамгершілік қасиеті кемдері, жоқтары болады дегенді

“Адамзаттың асыл тәжі” кітабынан көріп едім. Ал соны ақылды

Мұхаммед Ғ. С. өзінің № 1 хадисінде айтып та кетіпті ғой: адам

баласына аса қауіпті үш нәрсе делінген. Сіз де осыны оқып,

ойланыңызшы. Жаппай қырып – жоятын қаруды ойластырған,

жасаушылар кімдер екен?! Әңгіме осында. Бұлардың жасырын

идеясы – космосты игеру. Дүниежүзін бір кісі игеру мүмкін емес. Ол

тек Алланың ғана жұмысы.

29/07 – 2005.

“Еңкейгенге еңкей –

Ол әкеңнің құлы

емес.

Шақайғанға

шалқай –

Ол Құдайдың ұлы емес”

“Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық – надандықтың

негізі. Ой – жанның қазынасы.

“Тән құмарлығы – тоздырады,

Жан құмарлығы – оздырады”

“Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да, жаныңды

қанағаттандыру – ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді,

кісілігіңді қанағаттандыру, биіктету.

“Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді

тербейді”. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – отбасының

ұйытқысы. Бірақ әйелдердің қылмыс жасауын ешқашан

ақтауға болмайды. Бұл – індет.

Ізетті – ине етіп,

Иманды – түйме етіп,

Инабатты – күйме етіп,

Жүрші, балам, жамандықты

күйретіп.

Қандай асқар болса да,

Ана алдында аласа.

Жақыныңды жат көрме –

Жаман деген атқа ерме.

248

Әкесі мен шешесін түсінбейтін бала бар,

Осы болар қасірет, оңдырмай жан жаралар.

Жетелей берсең жаманды,

Талады қарың ақыры,

Тоғытсаң да ойға наданды,

Толыса қоймас ақылы

Ата жұрттың қадірін алыста жүргенде білерсің.

« Әр үйдің тірегі болады, жүрегі болады, тілегі болады: Тірегі –

ері, жүрегі – жары, тілегі – бала-шағасы».

Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін – төрі

деп білген, ізеттілігін – келінінен таныған, татулығын –

абысынынан тапқан; қызын – арға, ұлын – нарға балаған;

дархандығын – даласымен өлшеген; Өткірлігін – қылышқа,

намысын – найзаға теңеген.

Қанатты сөздерін дауға – дәру, жауға – қару, араздыққа –

араша, татулыққа – тамыр, тазалыққа – нәр, пәктікке – пәрмен,

дәстүрге – дәрмен ете білген.

«Елуде есін жинамаған, Алпыста ақыл тоқтата алмайды.

Алпыста ақыл тоқтата алмаған, Жетпісте желігін ноқталай

алмайды. Сірә, «Шашының ағы көбейсе де, ақылы азайған» деп,

осындайларды айтатын шығар.

«Нәпсіні тиғаның – ақылыңды жиғаның».

«Жақынын жат тұтқандарға айтқан ақылың далаға кетеді».

«Мына дүниеде жасалған қателіктердің ең ұлысы – саясы

ғылымның адамгершілік ғылымнан бөлінуі болып табылады»

(Шеллц).

«Ұры қасын жейді, саудагер досын жейді».

Бабамыз Әл – Фараби: «...Адамға ең бірінші білім емес, рухани

тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деген екен.

«Тай өссе – ат тынығады,

Ұлы өссе – әке тынығады».

«Азатын елдің ұрысы билейді,

249

Озатын елдің дұрысы билейді».

«Айттырған жаманның ісі,

Қамшылатқан шабанның ісі».

«Бақыт қолыңның қимылында,

Көңілдің пиғылында».

«Тілі шолақтың ойы да шолақ».

«Көздің тимейтіні жоқ,

Сөздің имейтіні жоқ».

«Тілмен сойған, қан шығармай сояды».

«Көңілдің құлпын тіл ашады».

«Жылататын да – тіл, жұбататын да – тіл».


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю