355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 2)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 2 (всего у книги 27 страниц)

ауылдың басшы қызметкері болып жүрген кезі. Әкесі де, шешесі де

бар, әйелі"Ер ана " құрметті атағында. Сол жігіт күн демей, түн

демей сол жанұяны асыраймын деп жүргенде, бір науқасқа тап

болды: бауыры ауырады. Бірнеше рет емдеу орындарына барып

емделді; ауруы қайта шығып қала береді: режим сақтау, тынығуды

ұсынды. Оған ол қарт әке – шешем, балаларымды кім асырайды

деумен, жұмысты тастамады. Сол науқас үдегені сонша, бас

зоотехник болатын, машина үстінде келе жатып, қан тастап жүрді.

Енді одан артық жүре алмаған кезде ғана, аудандық ауруханаға

жатты. Түн мезгілі екен. Телевизордан кино көріп отырғанда, мазам

болмады ғой деп, бөлмесіне шығып кетіпті. Сәлден кейін

жолдастары келсе, етпетінен жатқан, дем бар да, дыбыс жоқ.

Жастығы қып – қызыл қанға боялған. Дереу кезекші дәрігер

шақырылады. Дәрігерлер тегіс дерлік жиналады, амал жоқ. Бірақ

денеде жан бар. Өзіне тете інісі көрші облыста институтта оқытушы

болатын. Оған да хабар беріледі. Дәрігерлердің болжамынша, ұзаққа

бармайды: 1 – 2 сағат ішінде жан тәсілім етеді деп болжауда. Бір

кезде олар не де болса, үйіне жеткізуге шешім жасайды да,

машинамен әкеледі. 1 – 2 сағат қасында болып, дәрігерлер ауданға

қайтады. "Жүрегі мықты екен, бермей жатыр"– деп, жақындарына

айтып кетеді. Сол жігіт ертеңіне кешке дейін сол қалпында жатыр. Ет

жақын адамдарынан басқалар есік алдынан ғана сұрасып кетіп

жатты. Аурудың үстіне кіріп, жетпей жатқан ауаны бұзбайыққа

бағыстық.

Ол кезде оның құрдастары баршылық екен – ау! Түнгі сағат 11-

ден өте бастаған кезі. Күні бойы сырттан ғана, ұзап та кете алмай

жүрдік. Аталас туыстығымыз бір болса, 2– 3 үйден кейін үйіміз бар,

әрі көрші едік. Жатқан бөлмесі кең еді, бас сұғып кірсем, бірнеше

күннен бері тікесінен тік тұрған жақын бауырлары т.б. Шетінен

қисайған жерлерінде ұйқыға жеңілген. Сол ес білмей қалған кезден,

күзетші адам аузына су жағып отырған – ды.

Қасында құдағи отыр, ауызына дәкемен су жағып қояды. Дереу

сыртқа шықтым да, 2-3 ағамды шақырып, басын қостым.”Мына

жағдай біздің басымыға лайық емес. Мұндағылар тегіс шаршаған,

15

ұйқыға жеңілген. Күзетіп отырған-құдағи. Кәне, қазірдан бастап,

күзетті өзіміз жасайық!”-дедім.

Ағаларым да оған келісті.

–Қазірден бастап, сағат 3.00 дейін күзетті мен жасаймын, қасыма

біреуің отырыңдар!-дедім. Әр 30 минут сайын температурасын

өлшеп отырмын. Түнгі сағат 1.20 кезінде, тыныс басқаша болды да,

маңдайынан шыққан тер молайып кетті. Осылайша 4-5 минуттан

кейін, жағдайы бұрынғы қалпына түсті. Келісілген уақыттан кейін,

кейінгі екі ағама күзетті тапсырдым. Таңертең жұмысқа кеттім. Сағат

9-дан өткен кезде сол құрдасымның қайтқан хабары да жетті. Елге

танымал, жақсы жігіт еді, ауданнан жерлеу комиссиясы құрылды.

Сүйтіп жүргенде күн де батты. Тағы үйіне түнеп шығуы керек болды.

Әдеттігідей абыр-сабыр, біреу кіріп, біреу шығып жатыр. Бұрынғы

дағды бойынша, бір бөлмеге жайғастырып шам қойған екен. Өлген

құрдасымызды әкесінің туған інісін (жасы ұлғайған ,әшейінде сүрініп

жүретін) қасында боласың деп ұйғарыпты. Осыны білісімен, үйді

үйіне кетіп қалған жақын жердегі құрдастарымды жиып алып, әйелін

шақырып, бір бөлмеге бәріміз күзетке отыратындығымызды айттық.

Әйелі көзіне жас алып, ризалығын білдірді. Біріміз де ұйықтағанымыз

жоқ: марқұм болған құрдасымыз жүрген жері күлкіге толы болатын-

ды. Оларды айтып отырдық. Бұл да жастау кетті, әлі зейнетке

шықпаған.Өлгеннің жаны да, тәні де кетеді екен. Ал тірі жан тірлігін

істейді екен:ешайқайсысы да жанұясының кем болған жоқ. Әйелі

отанында көп болмай, біресе ұлына, біресе қызына тартып береді.

Қолды-аяғы жерге тимей кетті.Елге соңғы барғанымда, құрдасымның

әйеліннің бет әлпетін көріп, ұнатпадым: экологиялық науқас па деп

тұжырымдадым.

Ертелі-кеш бәріміз де сол дүниеге барамыз. Ал бұл

құрдасымызды ол дүниеге шығарып салу үлкен құрметті түрде өтті.

Әкесінің балаларына көңілі толмай:”Мен өлсем, сендер

жабылып мені көме алмайсыңдар!”-дейді екен деген бір сөз бар

ауызда. Балалары тұрып айтып :«Мен олай жасаймын, екіншісі

былай жасаймын!» -дегенде біреуі тұрып: «Әке,сіздің өлуіңіз біледі,

уақтысына қарай, біздің көмуіміз біледі»-деген екен.

Сенбегендік те емес,уайымдаған да емес.Мен кешегі Ұлы Отан

соғысы күндерінде көмусіз қалғандарды да, көмуге дене табылмай,

быт-шыт болып бөлініп кеткендерді де көрдім.Тіпті жайшылық

заманның өзінде,есі ауытқып, үйден шығып кетіп, қайда қалғаны да

белгісіз болып кеткендерден де хабардармын (Иманбай

Сәрсенбайұлы)Атам қазақ айтады ғой: «Пешенеге Алла жазғанын

көресің!»-деп.Сол болады да.

Табыстырушылар

«Алпыста алты ағаң

болсың, жетпісте

жеті інің болсын»

16

(Балабиден)

Қазақ шаруашылығында «табыстыру» сөзі малға байланысты

қолданылса керек еді.Әдетте малдың төлдеуі көктемге қарай

болады да, қыстан қысылып, азған мал төлдегенде, баласына анасы

қарамайтын жағдай болатын. Соны табыстырушы еді. Менің

айтпақшым одан бөлек. Ашыққаннан естісі айрылған емес,

тойынғаннан болса керек, кезінде зорлықсыз-ақ еркімен

қосылған,уақыт өте келіп,жүректері айнып, ажырасып жүргендерді

табыстыру.

Бәйгеқұм елді мекенінде «А» деген құдам науқастанып жатқан

еді. Соның көңілін сұрауға келгенмін. Айта беретін емі табылмайтын

науқас-экологияның зардабынан болған науқас көңілін аулап, енді

жүруге айналғанымда, құдам баласы мен келіні арасындағы жайға

көшті. Келіні төркінінен келмей отырғанына төрт ай болыпты. Үш ер

баласын ерте кеткен. Ал сол әңгіме айтылған заматта баласы,

келінінің ері, қасымызда отыр.Елде, көршілері, басу айту орнына,

қолтығынан үрлеп, келінге дем берушілер бар сияқты. Екі ортадағы

шатақ– бала күйі келгенмен көңілдес болып, оның денесін ауырлатып

қойыпты. Ал, ол қыздың әкесі дін жолындағы кісі болса керек.

–Менің қызымды алмасын, ана үш бірдей баланың көз жасы

бар, обал-деп, ауырып жатқан құдама көңіл сұрай келгенінде айтып

та кетіпті. Төркініне кеткен келінге дем берушілердің мақсаты-

қалайда осы жағдайды пайдаланып, айып деп бірдеңе алу. Бір

бөлмеде үшеуіміз ғана отырмыз– құда, мен және оның баласы.

Өмірдің жолдарын жан-жақты айта келіп, баланың уәдесін алдым:

Қайталамауды, енді жоламауға серт бергіздім. Бұл-демалыс күні еді.

Мен жұмыс істеп жүрген кезім. Күні ертеңге аудандық сот шақыртқан

екен, бармаса, іс қиынға айналады. Төркініне кетіп отырған келінін

білетінмін. Құдама: «Келініңді аласың ба?» -десем, «қосатын адамды

мен таппай отырғаным жоқ па!»-деп, көзіне жас алды.

Сонымен, баланы ертіп алдым да, машинасы бар болатын,

кеткен келінін әкелуге жол тартық.Бардық. Құдамның келіні маған

қыз алыспайтын ағайыннан.Барсақ, қыздың жеңгесі бар-ды, ағасы

үйінде жоқ. Үш баласы біз барғаннан жаутаң-жаутаң, әкесіне жолай

қойған жоқ, кет әрі емес. Қарындасымыз селқос амандасты да

қойды. Жаңадан құда түсуге келгеніміз жоқ қой. Өмірдің жолын,

теріс, бұрысын қалдырмай айтып шықтым: мына үш баламен

жеңгеңнің қолына сыймайсың.Саған күйеу табылғанмен, мына үш

бірдей балаға әке табылмайды. Бүлініп қалған пәлендей нәрсе жоқ.

Атаңмен мына қосылған жолдасың Отаныңа баруыңды қалайды.Не

керек, өзімше ақыл боларлық-ау дегеннің бәрін айтқан болдым. «Бұл

жағдай қайталанса, сенің сөзіңді сөйлейтін қамқоршы өзім

боламын»-дедім. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»

дегендей, жеңгесі де босаңсыды. «Ағасы үйде жоқ еді» деген сияқты

сөзге келді. Не керек, келісімге келтіріп, далаға шықтық. Балалар

17

шешесімен машинаға да отырды. Осы кезде отаны бөлек қыздың

бір ағасы автобустан түскені сол екен, менімен амандасып, мына

жағдайды түсінді. Ашу бар, бірақ менен кіші болған соң, бата алмай

тұр. Ертең болатын сотқа баруға келген екен.

– Неге бұл араға араласасыз? – дегені ғана болды. Сонымен, құданың

келінін үйіне әкелдік. Ертеңіне сотқа бару керек емес пе? Мен

мотоциклмен барғанмын «Сотты да өзім тындырамын» – дедім

құдама. Соттың шақыру қағазын қолыма алдым. Баланы

қайнағаларын ертіп келуге машинамен жібердім. Мал сойып жатыр.

Ауыл – аймақты шақырып, батасын алу рәсімі жасалмақшы. Бұл -

жұмыс күні болатын. Айдап отырып, аудандық сотқа келіп,

хатшысына жолықтым. Шақыру қағазын ұсындым. Бетіме қарап:

«Осы адам сіз боласыз ба?» – деді. – Жоқ. Мен бұларды қосып

келдім. Мал сойылып жатыр. Халықтың батасын алмақшы, ағалары

да сонда. Сендер ажыратасыздар ма, қосасыздар ма? – дедім. –

қосатын болсаңдар, іс бітті, олар келмейді. Келмегені үшін айыпқа

тартпаңдар. Сол үшін келіп тұрмын, – дедім. Бала қайнағаларын

шақыруға барғанда, кеше айта алмағанын, оңашада айтып, бір

құмардан шыққан сияқты. Келді, ас ішілді. Пәлендей артық сөз

айтылмағанымен, желке күжірейтіп тұрғаны байқалды. «Өз қолыңды

өзің кесе алмайсың» дегенді осындайға айтса керек. Кетерінде

құдам: «Менен қайтуы болмас, мына отырғанымды көріп отырсың,

айналайын, құдайдан қайтсын, ісіңе ризамын!» – деп, көзіне жас

алды.

Көп ұзамай, құдам да дүние салды. Ал, қосылғандар бәрін ұмытқан.

Балалары өсіп, жігіт болған. Мені көргенде жалпылдап амандасып

тұрады. Болған жағдай есіне түсетін шығар. Бір күн сұраусыз

жұмыстан қалғанымды бастығыма айттым. Бұл сияқты жұмыс тастау

менің басымда болмайтындығын біледі. – Науқастанған ғой деп едік, -

деді.

Өзіме тетелеу, сіз – бізі менімен баршылық елде бір ініміз бар.

Айтуынша, әкесі менің әкемнен үлкен болса керек, қазір де жоқ,

шешесі бар. Қарт әрі ауру. Негізгі мамандығы – машина жүргізуші,

шофёр. Мен бұл інімді білгеніме дейін де бір – екі некелі болған

көрінеді. Мен де 2 – 3 некелі болғанынан хабардармын. Жолы болмай

ма, әлде төсек жаңғырту деген әдетке айналды ма, алғашқыларының

себебінен хабарсызбын. Білейін дегенім де жоқ. Оның маған қажеті де

жоқ. Соңғы екі некесі тұралы хабарым бар. Бұл інім туралы «Мөрсіз

анықтама» деген бір әңгіме де жазғанмын. Сол мөрі жоқ анықтама

жазушы осы ініміз. Әңгіме сол кездегі жолдасы туралы болмақшы.

Сырттай ғана, әйелі төркініне кеткелі біраз уақыт болды, шешесі

науқас әбіржулі екен дегенді есіткенмін. Екі қарындасы да тұрмысқа

шыққан. Бір елді мекенде тұрамыз. Үйіміздің арасы бір шақырым

шамасы. Бір күні маған: «Ертең келінге барамыз», – деді ол – әкелеміз

бе? – дедім мен. Жоқ, әкелмейміз. – Әкелмесең, мен бармаймын.

Байқайтынмын, тіл арқылы бетке келуді әдетке айналдырған – ды.

18

«Егер құда келген екен деп, ың – шыңсыз қарсы алса,

әкелеміз» – деймін мен. Ол: «олай болмайды, дағдыға басып, кінәласу

болады» – дейді. Олай болса , қалады. Ал, жанжал сөз болмаса, алып

келеміз, – дедім мен. Қасымызда қартаң тартқан жақын бір ағасын да

ерте шықты. Бұл кезде бұл ініміз Шыншабайдың – ақпанбеттің досы,

бір – екеу оған жүк те болмайды. Поезбен ауданға жеттік. Сонда

тұрады, әкесі жоқ, шешесі бар. Әпкесі тұрмысқа шыққан, бөлек

ауылда тұрады екен, інісі бір ауылда есепші. Демалыс күні. Келдік.

Үйінде шешесімен өзі, қарсы алды. Құдағи ауылдағы науқас

шешемізді, құдаларды сұрап жатыр. Менің бұл үйге бірінші келуім.

Ауылдық жердегі бажасы мен қайынбикесі де базарға келген екен. Біз

барғанда олар базарға кетіпті. Шай қойылды, тамақ та істеліп жатыр.

Бір кезде базаршылар да келді. Тамақ ішілді. Енді жүруіміз керек.

Келін киім – кешегін дайындай бастады. Бір кезде балғадай қолымен

ініміз мені түртіп қалып, далаға ымдады. Шықтық. Әкетпеймізге басты.

Мен келіспей бақтым. Сумкасын алып, келін де шықты. Құдағи сәлем

айтқан болып жатыр. Шофёр болған ініміз мені сүйрей жөнелді. Сол

маңда магазин бар – ды. Бағана келе жатқанда, ол жабық еді.Бір

тәуірі әлі солай екен. Біз екеуміз алдамыз да, келін қайнағасымен

қатар келе жатыр. Магазинге кіріп, жұтып алса, онда ешкімді де

тыңдамаудың әрекетін қарастырып келеді.

Не керек, күн кешкірген кез еді, ондай нәрсе табылмады. Осы

елді мекенде үлкен қарындасының үйі бар болатын. Сонда келдік.

Поезд түн ортасы ауа келеді. Кішкене жатып, поезға да келдік, міндік.

Ағасы өз ауылына өтіп кетті де, біз үшеуміз ауылдан түстік. Ерлі -

зайыпты адамдардай әңгімелеспейді де, жуыспайды да. Осқырып

қарап, қайда келесің деуге оқтайлана береді. Екеуміз күңкілдесіп

сөйлесіп, алда келеміз. Маған ол: «Керегі жоқ, алмаймын!» – деп

қояды. – Болмайтынды айтпасайшы! Деп, мен айтамын. Әрі – бері

болмаған соң, «Онда сен қалағанынды ал, мұны керексіңбесең біздің

үйдегі жеңгеңді ал!– дегенге шықтым. Енді шамалы қойғандай болды.

Мына алдағы жол айрықтан ол өз үйіне, мен өз үйіме қарай бұрылуым

керек. Ойланып келемін: «Қайт кейін, ерме маған!” – десе, анаусы қай

күйге түседі. Табан астынан оған да тәсіл таптым:шешесінің қолын

алып-ақ үйге барамын. Кетерде ол кісіден сұрағанымда, келінімді

алып келіп бер деген болатын. Үйіне де бардық. Құдағиының сәлемін

айттым. Ал, келін болса, енесіне сәлем жасап, өз үйінің адамындай

тірлікке кірісіп жүре берді, состиып тұрмады. Шай қоймақшы болып

еді, демалайық деп, оған келісім бермедім. Әйтеуір, бірдеңелерді

сылтауратып, кемпірмен әңгемелесіп, стулда отырмын. Інімнің оған

қоятын бір ғана кінәсі-тумайды деу еді.

–Әлі жас қой, дәрігерге көрінсін,– деудемін. Үй бір бөлмелі болатын.

Келіннің шымылдығы сол баяғы құрулы күйінде екен. Төсек сала

бастады:баяғы жас келіндерге салынатын төсектей, орысшылап

айтқанда, бір жарым адам сиярлықтай етіп салып жатыр. Бәрін

байқап отырмын. Ініміз төсек қасына қисая кетіп, шешіне бастады.

19

Менің сонша отыра беріп, жесірім түсті ме, қоштасып кеттім. Өмір

деген өтіп жатты. Облысқа барып, дәрігерге көрініпті, кемшілігін

жөндетіпті. Оның бәрін ініміз айтады емес пе. Дүниеге бір ұл перзент

келді. Анда-санда барып тұрамын:келін үй тірлігіне өте пысық,

ажарсыз да емес. Екеуі де барып тұрған қызғаншақ, біреудің бетіне

жылы шыраймен қарағанның ізіне күдіктене қалады. Оның үстіне шап

етпе мінез бар, аянып қалмайды.

Осы жағы бір күні болмаса, бір күні опық жегізеді-ау дедім ішімнен.

Бұл кезде мен басқа елді мекенде едім. Осы ауылға келіп, кетерімде

шешемізге сәлем бере кетейін деп келсем, жалғыз өзі отыр. Күрк– күрк

жөтеледі. Бала да, келін де жоқ. Сұрасам, баласы үйде жоқта

енесімен екеуі келіспей, дағдыға айналдырған әдетпен, баласын

құшақтап, кетіп қалыпты. Бүлініп қалған ештеңе де жоқ көренеді. Бұл

кеткенін ініміз білмейді, ол ауылда жоқ екен. Темір жол станциясында

бір сол рудың қызы туған әпке болып жүр екен. Поезд келгенше,

сонда болатын шығар деді шешеміз. Менің де бағытым сол станция,

мен де ауылға поезбен барамын. Сұрастырып, келіннің барған үйін

тауып алдым. Жаңағы “Әпкесі”болған әйел дүрсе қоя беріп, “Егесізді

тапқан екенсіздер!”– деп, бет бақтырмайды. Келінге олай айтып, бұлай

айттым, көнбейді. Мұндайда ақырын терең ойламаған адам ығын есіп,

“ақыл” берген миына кіріп кетеді. Соған бағып отыр. Болмаған соң:”

Төрт ай бойы төркініңде отырғанда, сенің қосылуыңа әуелі Алла,

екінші басты себеп болған мен едім. Мына сәбидің де дүниеге келуіне

ақыл-кеңес берген менмін. Қазір маған еріп үйіңе бармасаң, ит

сияқтанып, өзің-ақ қайтып барасың. Мені ертіп кел деп, бұл жолы

ешкім жұмсап отырған жоқ. Одан да мен ертіп барайын. Әбүйірсіз

болмайсың!»-деймін. Көнбейді безірейіп алған, дем берушісі қасында

ұйтқытып үрлеп отыр.

«Өзің-ақ барасың.Тағы бір жанжал шығып, көптің ортасына түсесің.

Сол жолы мен де барамын.Бірақ сені жақтап бір ауыз сөз айтпаймын,

тек ажырасуды қостаймын!»-дедім де шығып кеттім. Арада уақыт өтіп

жатты. Дәл солай болды. Бала есейіп қалған, жүреді. Бір күні күн

батқан кез. Мен болсам осы елді мекенге келген кезім. Машинамен

ініміз шақырып келіп тұр.Не екенін сұрасам, бара көресің дейді. Бұл

үйдегі шешеміздің дүниеден қайтқанына біраз уақыт болған – ды

.Келсем, үй толған адамдар. Көрші жақындарының ірі бастылары, ел

ағасы саналатындар түгел дерлік. Көшетін сияқтанып, байлаулы

киізбен оралған теңдер де бар. «Қалағаныңды ал, қолынды

қақпаймын!»– деп қояды ініміз. Осындай опыр-топыр болған үйден

шай да ішілді. Бір мал сойған екен, ет те желінді.Айтылатын сөздер

менен бұрын айтылып болған сияқты.Сөз реті маған да келгенде:

«Айтпап па едім, келін? Сенің затың әйел. Әйел деген ерімен сөз

жарыстырып, қарсыласпауы керек. Баласызбын деп едіңдер, балалы

да болдыңдар. Бәрі де жетеді: аш жалаңаш емес едіңдер. Ақыры

тіліңнің ащылығы кешірімсіздігің, аты жоқ, жөні жоқ қызғаншақ

мінезіңнен жанжал шақыруың осыған соқтырып отыр. Қазағым бекер

20

айтпаған «Өзің білме, білгеннің тілін алма!Қарғыстың ең жаманы сол

болады». Сол қарғысқа ұшырап отырсың. Енді мұныңды қой.»

Қосылыңдар деп айтпаймын, бұрын араларыңда қарауыл іспеттес

кемпір бар еді. Енді ол жоқ. Бетіңнен қайтпай,тіліңді безеуіңді де

қоймадың.Басыңның

аманында

осының

дұрыс»,-дедім.

Жиналғандардың ішінен үлкені келешегін тәуір болуға болжап,

алдарыңнан жарылқасын деп батасын берісті. Жиналған жұрт тұра

бастағанда,мен:-отырыңдар! Қайда барасыңдар?! Күні ертең бәрің де

сот алдына барасыңдар. Сендер осы ажырасудың күәгерлерісіңдер.

Қазір сіздер үйден шығысымен, мына келін тағы бір ұштаулы бізін

қадайды. Оны көтерер інілеріңнің сиығын білесіңдер.Анау қос

балғадай жұмырық сарт ете қалса, өлмесе де өлімші болады. Одан

да машина табыңдар. Алатын мүлкін машинаға салып, жолға

шығарындар.Сонда тынышисыңдар»– деп едім. Жөн екен деп

отырысты шығарып салысты жақын көрші-ағайындар. Сол кеткеннен

мол кетті.Бала келінде кетті. Көп ұзамай ініміз үйленді.Одан бала -

шағалы. Ұлы ұяға, қызы қияға дегендей болып жатыр. Бұрынғы

жанжал біткен. Қазір жас басқан, денсаулығы бұрынғыдай емес, кеми

бастаған. Дегенмен, қуат бар, тұрмыс жақсы . “Жыланды үш кессең

де, кесірткелік әлі бар”– депті ғой, жаман емес. Берекесіз әйелдерден

уақытысында ажырасып, берекелісімен тұрады. Дегенмен, төсек

жаңғырту деген де жақсы құбылыс емес. Сондықтан некелесу

мәселесіне келгенде, өте ұқыптылық керек екенін ұмытпаңыз.

Бірліктің негізі әділдікте

“Ынтымақсыз– ел

тозар, күтімсіз-жер

тозар.”

(Қазақ мақалы)

Тіл болған соң бәріміз де сөйлейміз. Әрине, сіздердің

сөздеріңіз менен әдемі, үйткені сөйлей білу деген– өмірді білу, түсіну,

қорыту.

Дегенмен, мен де өз қатарыма қарағанда, біршама өмірді көрдім

ғой деймін. Сол көрген өмірімнің тұщысынан ащысы әлде қайда

басым жатқандай болып өзіме байқалады. Тұщысын енді көремін бе

деген үмітім бар. Таршылық өмір деген адамды сараң да, қатал да,

жаман да етеді екен. Осы күні кім жаман десең, кісіге бере білмеген,

кісіден ала білмеген дейді екінің бірі. Бұл да, бір жағыннан дұрыс

сияқты. Ендеше, сол жаманыңыз-мен.Сол жаман қайдан басталды

екен деп тағы ойланамын.Халық айтады:”Арбаның алдыңғы дөңгелегі

қайдан жүрсе, артқы дөңгелегі сонымен жүреді.”,– дейді.

Менің байқауымша, ол жаңа арбаның, күтімі бар арбаның

дөңгелегі ғой деймін. Арба күтімсіз болса, ескірсе, артқы дөңгелегі

алдыңғының ізімен жүрмек түгіл, быт-шыт болып қирап та қалады,

21

немесе қашып, бір олай, бір бұлай жолды шимайлайды. Қажет затты

күтейік те!

Осы алдыңғы дөңгелек артқы дөңгелекке қарағанда аумағы кіші

келеді. Ал, сол дөңгелектерді бір бағытқа беттеуші жетек-ау деймін,

бел ағашы, бел темірі-ау деймін. Жетегі-басқарушы, алдыңғы

дөңгелегі-ел ағалары;артқы дөнгелегі-жеткіншектер;ал бел ағашы мен

бел темірі-мына отырған көпшілік, орта жастағылар ма деп ойыма

келеді. Жетек тозса, оны жаңартады. Ал, “Ел ағасыз, киім жағасыз

болмайды “ –дейді халық. Демек, біздер де ағасыз емеспіз. Осындағы

аға болу дегенді мен тек жасы үлкен аға бола береді екен деп тағы

ойыма келмейді. Олай дейтінім: көп жасаған біле ме, көп көрген біле

ме демей ме ? дөңгелектің шені босаса, тезге салып жатпайтын ба

еді. Соны түзеуші ұстаны мен аға деп айтар едім. Осы күні біреулер

ел ағасы деп қолында азды-көпті амалы бар адамды да айтып

жүр.Сонда, қызметте жоқ адам аға бола алмай ма? Қызметімен аға

болып қана жүрген адамды мен бес күндік аға дер едім.

Осы жоқшылық өмірі жоқ болмайды, бар да болады;баршылық

өмірі бар болмайды, жоқ та болады деген бір ұғым бар. Бардың жоқ

болуы немесе соған жақын болуы ағасыздықтан, жағасыздықтан

болады. Әруақытта-ақ есітемін, атамыздың атын айтып мақтайды

немесе сескенеді. Кейбіреулер өзінің не айтып тұрғанына мән бермей,

кекесін сөз орына да қолданып жүр. Сонда оның қандай

сескендірерлік сұсты, немесе қасиеті болған екен деп ойланасың.

Ойланатын ешнәрсесі де жоқ сияқты. Ол – бірлік, әділдік. Көшің

– өмірің оң болсын десең, мінетін көлігіңді күт! "Өзіңді өзің сыйла, жат

бойыңнан түңілсінді" Соған айтқан. Біреу екеу болмайды дейді. Мен

соған келісе бермеймін. Біреу екеу де болады, тіпті, жарты да болады.

Екеу болу бірлікте, әділдікте; жарты болу бірлігі жоқтықтықта,

әділетсіздікте.

Байқаймын, осы біз жартыкештенін барамыз.

– Неге олай?

Біз тек кісіден алуды, жеуді ғана білгенбіз. Тіпті, жақыным екен-

ау, ұят– ау деп те ойламаймыз. Есебін тапсақ, оны да асап жібергіміз

келіп түрады.Сонда бірлік, әділдік қайда?

Екіншіден, билік айтуға үйренгенбіз. Білмей түрсақ та, білгеннің

сөзін керек етпейміз.

Үшіншіден, кісі болуға құмармыз, төркінімізді танымауға дейін

барамыз.

Төртіншіден, күншілміз: бірімізді біріміз өсірмеуге тырысамыз.

Бесіншіден, тек қана өзімде болса дейтін өзімшілміз. Осыдан

барып екінші біреуде өкпе, реніш пайда болады. Ол енді бірлікке келе

ме? Бірлікке келсе, тек қана қошемет үшін ған келеді. Арғы ішкі жағы

басқаша . Ол бірлік-уақытша, өткінші бірлік.

Кісі болмай-ақ, қатардағының бірі болып жүріп-ақ, бірлік құрып

отырғандарды неге көрмейміз?! Әлде барлығымыз да өзімізге өзіміз

толық жетерлік болып кеттік пе? Әлде әділесіздікке бой ұрдық па?

22

Январь, 1965 ж.

Түсінік орнына

Осы күнгі жастар ішінде қит етсе "Текебай" деп шыға келушілік

бар. Текебай – атамыздың аты, би болған адам. Ол билікті әкесі

еншісіне мүлік, сипаттас қылып берген екен. "Жиен ел болмас, желке

ас болмас”деген сөз бар. Бір жиен нағасшысын дәріптеу үшін айтты

ма, әлде назырқанып айтты ма, “Текебайсың”дегендей. Осы Бұлтың

атаның ішінде мұрнына осы сөздің исі бармайтыны мұқату үшін

қолданып жүр. Олай істеу-бірлікті мұқату . Ойлаңызшы, ағайын!

Қазақ халқының Қыпшақ тармағындағы Бұлтың руынан шыққан

Қыпшақтың бас биі Арғынбай деген атамыз болған. Соның

тәрбиесінде болған Бала би (Бименбет) те осы Текебай атамыздың

ұрпақтары. Жаңай апыз (апыз-көреген) атамыз балаларына енші

бергенде: “Текебай, саған билігімді, Төлен, саған малымды, Есберді,

саған туымды бердім”-деген сөз әлі ел ауызында айтылуда.

“Керек тастың ауырлығы жоқ”

(Мәтел)

Осы сөз неге айтылған? Адам үлкейген соң, тіпті керек емес

сияқты затты да жинастырып, белгілі бір жерге қойып жатады екен.

Мен мұны бұрынғылардан көргеніммен, мән бермейді екенмін. Қазір

соны өзім де жасайтын болдым. “Қыран ұяда нені көрсе, ұшқанда

соны алады” деген сөз бар. Ол сөздің мағынасы өте кең жатса керек.

Ата-анаңнан көргенің, алған тәрбиең, тәжірибесін бойыңа сіқіргенің

т.б. ұғымдары мол-ақ. Ұлғайған адам бұрынғы жортуылын қойып,

отбасы, ошақ маңында күйбелеңдеуге ауысады екен. Солай жүріп-ақ,

кез келген керек-ау дегенді жиыстырып жүреді. Ал оның мәнісін біле

бермейтін жас бала: -Әкем дүниеқоңыз болып барады– деген ойына

келетіндей. Сол керек емес деп ойлаған заты, әкенің жиыстырып

қойғаны, қапелімде керек болып қалып, жаңағы ойы жеттікпеген бала

сол “Қоқырсықтың” ішінен өзіне керегін тауып алады. Менің

“Қоқырсық” деп отырғаным-адам өмірінен қалған бұйым ба, қажетті

жеріне қолданылатын ақыл-кеңес пе, әлде әкең дүниеден өтіп кеткен

соң әкеңнің көзін көрген, соның ұстап тұтынған бұйымтайы ма,

әйтеуір, бірдеңе. Кейін ол сенің үйіңдегі музейіңе қойылатын зат та

болуы мүмкін. Сондай заттан менде әкемнің, ағамның ұстаған, атына

салған құйысқанының өнбойына таққан күміс шатыры бар. Мен оны

ардақ тұтамын. Оны білмейтін өз үйімдегі жанұя мүшелерім онша

қадірлемейді, көрінген жерге тастай салады. Соны қадір тұту керек!

Ол зат– әкеңнің көзін көрген зат. Балаға кейігенде:”Әкеңнің көзін көріп

пе еді, соншама!”деп жату осындайдан шыққан сөз.

23

Мен бұл жерде мүлікті ғана айтып отырмын. Ал ата-бабадан

қалған өсиет, ақыл-кеңнс, өнегелі іс т.б. дегендейлер ше ?! Соларды

ел кезіп, арнайы іс етіп жүргендер бар ғой. Тіпті, соларды теріп, жинап,

бір жүйегі келтіріп, ғылыми атақ алып жүрген ғалымдар да баршылық.

Неге ойланбаймыз?

Мына жетіліп кеткен елдер, әсіресе, батыстағылар, Азия

халқын кемсітіп, “Нецивилизованный” деп жүр. Өмір шығыстан,

оңтүстіктен басталған. Сол кездері өмірдің жеттікені соншама, біз

соған әлі жете алмай келеміз. Жеті қабат жердің астын қазып, қалып

кеткендерінен болжам жасаудамыз. Дәл өзі– сомалтыны табыла

қойса, іннен-інге тығып, барып тұрған құпиялықта сақтап,

зерттеудеміз. Кім қолына бұрын түсіріп ,зерттеп, игілігіне асыра

қойса ,сол ел ,сол адам данышпан болып шыға келіп жатыр .

Сол жетіскен елміз деушілердің жаңалық деп жүргені – бұрынғы өткен

адамзаттың мүлкі, білімі. Неге біз сыры ашылмаған дүние бар

дейміз ? Оның сыры болған , соны жасаған-адамзат . Солардың

кейбіреуін (Свечамен жанған монша т.б.) қайта жасаймыз деп, жасай

алмай, жоғалтып та жүрміз (шет елде ).

«Бермудский треугольник», жатқан судың әртүрлі қабаты да

түрліше өмір тіршілігі т.б. көптеген деректі білмейміз. Бұрын да өмір

болған . Ол кезде бұдан да артық жеттіккен. Мүмкін, солардың ішінде

келіспеушіліктен бе, әлде сырын білмей ме, бүліншілікке ұшырап ,

өмір жойылуы. Соны білуге бүкіл дүниежүзі құмар-ақ . Одан бұрын

көре алмаушылық, қызғаншақтық жағы басым болуда . Ол соғысқа

итермелейді. Космосқа ұмтылушылық заманы басталып та

кетті.Сонда сол космоста солардың нағашысы бар ма екен ? Адамның

үш жұртының ішінде ең жақсысы нағашысы көрінеді ғой . Ол

нағашысын іздеп жүрген жоқ . Табиғаттың өз даму жолы бар . Оған

тиіспеген әбзел деп түсінемен .Адам баласын ,табиғатты Алла

жаратты дейміз. Табиғаттың даму заңына зиян тигізсең , ол

ашуланады , яғни даму жолы бұзылып, ақыр заман дегенің сонда

болады деп түсінемін. Соншама өжеттенбей, асығып аптықпай –ақ , өз

ізімен табиғатты пайдаланғанға не жетсін ! Барды өзінің тиісті,тиімді

орнына пайдалана білу керек .

Қазақта «Қарап отырма, бірдемеге жарап отыр» деген сөз бар .

Қарап отырғанша ,басында шежіре жобасы деп бастап едім,аяғы

естелікке айналып барады, есіме түскенді жазып отырмын . Басқа

менің қолымнан келері болмаған соң , бірдеңені түрткілеуді ермек те

санаған жайым бар . Адамды түрткілесең, ашуына тиесің ,соққы алып

қалуың да мүмкін. Қағазды түрткілегеннен кейін ашу пайда бола

қоймас, ашуды басуға ,ақылы жетісе қоймағанға, аз да болса, көмекші

құрал болуы мүмкін санап отырмын. «Қашып кетсең, шашып кет»

депті. Бұл жаугершілікте айтылса керек. Көктем кезінде еліңді тастап

кетіп бара жатсаң да, егіс егіп кет деген ұғымда айтылған сөз болса

керек . Қайта келсең, өзің жейсіңге келеді. Оны өз көзімен көрдім де.

Ал менікі осының осыған ұқсас түрі ғана: мен де қашып кететін күнім

24

тым алыс, ұзақ та болмауы мүмкін. Ол уайымға салынғаным емес.

Табиғаттың заңынан ешкім де аса алмаған. Мен де сол қоғамның

мүшесімін. Қашып кеткен соң, шашып та кету керек сияқты. Қағазға

түсіріп жатқандарым – шашып кетіп бара жатқандарым. Бұл соғыс

жағдайындағы шашу емес. Қайтын келіп, осы шашқанымның игілігін

көруді өзіме мақсат санағандығым емес, керек деп санаса, өзімнен

кейінгілердің бірдеңесіне жарар ма дегенім сияқты.

Сондықтан да, оқушым, «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген

мәтелді мынаған тақырып етіп отырмын. Бұдан бұрынғы бір әңгімемде

«Ойдың таяғына сүйеніп өткен адамда», ұмытшақтық деген маған

әуес болды, содан қаупым бар демеп пе едім. Сол ұнатпайтын

«Досым» өз жолына салып жібермей тұрғанда, түрткенге ашу

шақырмайтын қағаз бетін шимайлап жатырғаным ғой.

Өзіңе өзің есеп бере білесің бе?

Әдетте, күнделікті істелінген іске есеп жасап отырғанға не жетсін!

Іс бар жерде аз да болса кетіп қалатын кемшілік – қателіктер

болады. Ал жұмыс жоқ жерде ондайлар болуы мүмкін емес, өйткені

ешнәрсе де істелінген жоқ.

Дүние жүзінде барлық іс – әрекет банкі арқылы, яғни ақша есебі

арқылы жүргізіледі де, сол ақша (қаржы) дүниені игереді, үстемдік

жасайды, бәрі де соған қаратылған. Сондықтан да банка

қызметкерлері түске дейін халықпен жұмыс жасап, есеп ажырасу

дегенді жүргізеді де түстен кейін сол бір күндік жұмысына қорытынды

– талдау жасайды., ертеңгі жұмысына жол ашады. Демек, қай бір істе

болса да, осы банка қызметкерлеріндей күнделікті іске есеп жасап,

оңды оңсыз болған жұмыстарға талдау жасаған дұрыс сияқты. Адам

деген барлық кезде бір түрлі мінез – құлықты бола бермейді: бірде

көңілді болса, бірде көңілді болмай, ашу үстінде ме, әлде басқа бір

жағдайы келіспей тұра ма, әйтеуір, көңілсіздікте болу мүмкін. Қазақ

бекер айтпаған: «Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп.

Өзіңді үстай алмай қалатын да кез болады. Сол кезде небір қалайсыз

жағдайлар болуы мүмкін. Енді осындай жағдайға кеиін талдау

жасаған жөн. Алла айтқан дейді ғой: «Кім ашуынан қайтса, ол менің

пендем!» – деп.

Енді сондай жіберіп алған қателігін кім мойындаса, сол адам

түзеле де біледі деп есептеймін. Ал егер жіберген қателігін

мойындамаған адам еш уақытта түзілмейді. Сол бағытында қателесе

береді, азабын тек өзі көреді.

Қазақта тағы бір сөз бар: өз өзіне есеп беретін адам үш кісіге

билік жасай алады делінеді. Бұған да құлақ қойған жөн. Кеткен

кемшілікті уақтысында жөндеп, оны созбай, ұшықтырмай, дер кезінде

шешіп отыру әбзел болады. Жанұя мүшелерінің барлығының да

жағдайымен санасқан дұрыс."Асыл тастан, ақыл жастан" деген де сөз

бар. "Келісіп пішкен топ кең де болмайды, кем де болмайды" дегенді

ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Әдейі істеген қателігін

25

мойындамаушының сүйеніші бар деген сөз шығады. Сол сүйенішін

тауып, соның тамырына балта шабу керек. Мұндай іске қоғам болып

жұмылып кіріспесе, жеке кісіге ол бой бермейді. "Жақынын жат

түтқандарға айтқан ақылың далаға кетеді".

Салмақсыз ауырлықтан айығуым.

Алланың тірі жаратқан пенделерінің ең артығы адам баласы көрінеді

ғой. Солай бала тұрып, сол құрметті атақты дұрыс алып жүре

алмайтынымыз да жоқ емес сияқты.

Ес біліп, есейген соң, үлкен –кішілігіне қарай әркімнің өзіне лайық

тірлігі, жүрер жолы болады деп түсінемін. Сондықтан ба деп те

ойлаймын, үлкен үлкендігімен, кіші кішілігімен лайықты ізгілігін жасауы

керек-ау деген ой мені шамалы уақыттан бері ойымды бөле берді.

Ақыры, сол ой ешкімнің ақыл-кеңесінсіз-ақ, өзінің жетелегеніне алып

барды:ел болған соң, ағайын-туыстың арасында ренжісіп қалу, керек

десең сөзге де келіп қалу деген болады. Ол кісілер өздігінен бір-

бірімен жараса қоймаса, ойларын кір басқан үстіне кірлене береді де,

кешірім орнына дақ сияқты молая береді екен. Осындай жағдайды

сол ренжіскендердің өз жағынан, өз ауыздарынан да есітіп қала

берген соң, осылардың ренжігендерін басу үшін татуластыру керек

деген ой мені мазалай бермесі бар ма? Бірін-бірі көрмей кетерлік жай

бола қойған емес. Үлкені үлкенмін деп кешірімге келмейді, үдей

түседі, кішісі ол да кішірею орнына қыңыр жақтана түседі. Туыстық

жағы менен әлдеқайда жақын.

Қазіргі жүрген жеріміз Түлкібасқа келгенбіз.Бір-бірімізді


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю