355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 24)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 24 (всего у книги 27 страниц)

Заманда да ол кезде жоқшылық кез еді: дастарханда нан жағы

кем кез. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соңғы кез. Елде ер

кісілер бірен-сараң ғана, әлі армиядан келе қойған жоқ,

келгендері жарадар, мүгедектер, қарттары десе де болады.

Бірақ соғыстан кейінгі жұптасу тойларына қызық жетпес деп

айтуға да болады. Соғыс жеңіспен аяқталады, жастар той жасап

қосылу болады деп пе еді!? Кілең қиындық, жетіспеушілік,

таршылық. Өзің ішпесең де бәрі майданға деген кез. Құдай

жарылқан, жеңіс тойы да тойланды. Майданнан келген

ауылдағылармен қосылып , той думан да бола бастады. Сол

кездегі сана, кісіге деген ылтипат, қанағат қазіргі кездегіден

жоғары болатын-ды. Алтын той 50 жыл бойы отандасқандарды

«Алтын кітапқа» тіркеу болғандықтан, бұл тойда халық алдында

жаппай сәлем беру рәсімі орын алды: келіндер бірінен соң бірі

ата-енеге сәлем беріп жатты; алтын той жасап жатқан ене жас

келіндей жиналған халыққа сәлем жасады, алтын той иелері

өмірлік бір тұруға қайтадан ант бергендей куәлерімен қағазға қол

қойысты. Құтықтау лебіздер айтылды.

Дегенмен, алтын той иелері қылшылдап тұрған жас емес,

аяқты әрең басады, еңкейген де жағдайы бар. Бұл – қартаю

Ұлғайғандықты мойындасаң да мойындамасаң да көнесің. Ендігі

Қалғаны сол өзіңе лайық жолыңа түс болады екен: «Өзгелердің

халінен өзіне сабақ ала білген адам – ең бақытты адам» – депті

ғой «Адам – заттың асыл тәжі» кітабында.

«Өлі ырза болмай, тірі байымайды» деген де бар. Әруақтарға

зиянат жасау керек болды. Өзімнен тарағандарды түгел жиып,

293

Оқшы атадағы әулиеге баруды жобаладым. Ол үшін алдымен

намазға жығылу керек болды. Солай жасадым да.

«Махаббат» тақырыбында жазған әңгімем бар-ды. Сонда

қарттардың махаббаты бар, керек десең, жастардағы айнымалы

түрінен тәуір, озық дегенім бар еді. Соған дәлел болсын деп,

алғашқы некеге тұрғанда дәстүрлі «бал татыған ай» серуенін

жасай алмап едік, «Ештен де кеш жақсы» деп, 2004 жылы ақпан

айының аяғында алтын тойдың бал айы есебінен Сарыағаш

санаториясына екеуміз барып қайттық. Бұл да есте қаларлық іс

саналды.

Ұлғайғандық ай сайын, күн сайын білінуде, сезінеміз,

мойындаймыз. Осы кезеңде Дамира Өмірзаққызы Ибрагимнің

«Адамзаттың асыл тәжі» кітабы қолыма тиді. Оны тауып берген

кіші келінім – Гүлсім Шынтайқызы. Мұхаммед (С.А.У.)

пайғамбардың өмірі туралы толық мәлімет алдым. Бүкіл өмірін

шыдамдылықпен, төзімділікпен өткізгендігіне көзім жетті. Тіпті

өзінің дүниеден өтетін кезін де сезінген екен. Бар өсиетін,

насихатын қалдырып кеткен. Өмірбақи қиыншылық көріп жүріп,

мұсылман дінін халыққа таратып, мойындатып, мақсатына

жеткен екен. Мен өз ойымды «Халықпен қоштасу» деген сөзімде

берген болдым. Бірақ мен дүниеден өтер кезімді білмеймін.

Ол ертелі – кеш болары анық. Содан дейінгі ойым да, ісім де

құдай қосқан қосағыммен сыйласып өту. Қолымнан келіп жатса,

өзекті мәселе қозғарлық ой туып жатса, қағаз бетіне түсіру.

24/IV – 2004

Алтын тойдан кейінгі сейіл осы дәптердің ең соңындағы сүрет

еді.

«Таза ауа жұтқанаң, талай жылды ұтқаның»

« Сыбағаңа тигенді іше берме, жей берме. Мынау әлем дүниені

мал қора екен дей көрме».

«Ылас ауа жұтқаның, өміріңді құртқаның».

(«Оңтүсі. Қаз. № 94-95 (17731) 3.07.2004)

294

Қазақ болып тудың ба, қазақ болып өт!

«Қадірлісін аялай алмаған ел басшыға не дерсің!» (Дала

комиссары Әліби Жангелдин қызы Құралай туралы сыр)

(«Ақ жол Қазақстан», № 20(93) 25.05.04.

8-9– беттерден туған ой)

Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына 59 жыл да толуы

құрметіне соғыс ардагерлеріне 15.04.04 – 31.05.04 арасағында әуе

жолымен де, теміржолымен де тегін жүру мүмкіндігін пайдаланып,

Алматы қаласындағы Нұржан балама, көкшетау қаласындағы

Райхан қызыма, Ақтау қаласындағы Патихан, Пернеш қыздарыма

барып қайтуға ниет еткенмін. Осы жолғы саяхатымда қолыма

жоғарыдағы айтылған газет түсті, оны архивіме сақтап қойдым.

Қазағым – ай! Жеттіктік, теңдік алып, егеменді ел болдық деп,

аузымызды кере қарыс ашып мақтанамыз–ау! Сол теңдікке қалай

жеттің, қадірлің кім еді, онымен жұмысың бар ма, жоқ па?! «Бар

болса, мынау не?» деген ойға келіп, өз ойымдағыны қағаз бетіне

түсірдім.

Газетте ә дегеннен «Екі аты, екі ұлты бар адам» деп сөз

бастапты да, «Қазақ болып тудың ба, қазақ болып өт!» деп ұран

тастапты. Әдепкіде бұл неше адам деген ой сап ете қалды. «Қазақ

генералы Рахимовтың жесірі, әрі өзбек генералы Рахимовтың

«Халал жұбы» делінген екен. Бұл қалай деген ойға қалдым. Жұмбақ

сөз. Әйел адамның суреті де берілген. Тууы туралы куәлік те екеу:

бірінде Құралай Натуллаева, ұлты-қазақ, екіншісінде Санавар

Сұлтанова, ұлты-өзбек. Омырауы толған орден, медальдар, әскери

шені полковник дәрежесінде. Қартайғандықтың белгісі-қолында таяқ,

креслода жайғасып отыр. Осы газет бетінде бес орденді генерал-

майор, Совет одағының батыры Рахимовтың да сүреті беріліпті.

Тууы туралы күәлікте қазақшасында Созақ ауданында 01.07.1924 ж.

295

туылса, өзбекшесінде де 01.07.1924 ж. туылған делінген.

«Ордендерімді өзбек шапаннан шешіп, қазақша қамзолға қададым»

деген жазу тағы тұр. Құралайдың оң қолының жұдырығы жұмулы,

сәл көтерілген түрде, «Мынаны танисың ба!» дегендей қадала қарап

отырған сүреті де бар. Оқушым, әңгімені жұмбақтап, шырқырата

бермей, қалай болғанына көшеик. Қысқаша айтсақ-Құралай дала

комиссары болған Әліби Жанкелдиннің қызы екен , анасы –

Гүлбаршын, Совнарком болған Спандияр Кенжинның туған

қарындасы. Әліби Жанкелдиннің алғашқы әйелі Елена Афанасьевна

екі баласын тастап, ренжу болуы керек, Ресейге кетіп қалады. Әліби

Гүлбаршынға үйленеді. Кейін алғашқы әйелі ашуы басылып

келгенде, Гүлбаршынның аяғы ауырлаған кез екен. Гүлбаршын

төркіні жақ Туркестанға келеді. Бұл кезде мұнда болыстар съезіне

келген Нұрман Натуллаев үшінші әйелдікке Гүлбаршынды алады.

Құралай осы жанұяда дүниеге келеді. Бірақ құралайды Нұрманның

екінші әйелі Ақсұлу емізіп өсіреді, сүт анасы болады.

В.И. Лениннің тапсыруы мен азамат соғысының жылдарында

қару-жарақ тапсыруға өзбектің Ахунбабаевьна келгенде, қару-

жарақты қабылдауда полковник Сабыр Рахимов та бар екен. Әліби:

«Мынау кім?»-дегенде, Ахунбабаев: «Бұл полковник Сабыр Рахимов

– қазақ» деген екен. Әліби Сабырға: «Отыр, Сабыр! Мынау менің

қызым. Байқа. Бір сарт қағып әкетпесін!» – дейді. Көп ұзамай

үйленіпті. Бұл соғыстың қарсаңы екен. Сабыр Майданға кеткен соң,

құралай өзі сұранын, әскер қатарына алынады, Панфилов

дивизиясына, одан Бас штаб Академиясының жанындағы жарты

жылдық барлау мектебіне оқуға түседі. Осы жолы академияға

емтихан тапсыруға келген сабырмен кездеседі. Майданда жүргенде,

Роман мен Дарикосы өмірге келеді, екеуі де тылда өседі. Дарикосын

19 жылдан соң табады. Қазірде ол генерал Батовтың келіні,

байланысып тұрады.

Сабыр Құралайға өзінің қазақ екенін айтады. Сабырмен бірге

жүрген Құралай Сабырдың генерал-майор Комдив Совет одағының

батыры кезі Москвада академияда оқып жүрген Бауыржан

Момышұлымен вокзалда кездеседі. Сабыр Ташкентке отпуска алып,

билет алмақшы екен. Бауыржан Сабырдың құжаттарын сұрап алып,

билетті мен әкелейіп деп алады. Бірақ Бауыржан билетті Алматыға

алады. Сабыр оған сөз қатпайды. Бұл Сабырдың Алматыда соңғы

дәм татуы болып шығады. Отпуск бітіп, майданға келеді, дивизияны

қабылдайды. Осы дивизияға келген штрафник қазақтарды стройға

тұрғызып, Команда бергенде, түсінбейсің деп, әскери трибуналмен

аттырған үстінен шығады. Сабыр трибунал мүшелерін стройға

тұрғызып, қазақша команда бергенде, олар түсінбейді. Сол жерде

Сабыр оларды аттырады. Бұл хабар ставкаға жетіп, Сабырдың

геройлығын алып тастайды, бірақ генерал-майор, комдив. Алғы

шепте құралай 22/IV-1945ж. жағынан оқ тиіп, жау қолында қалады.

Ал Сабыр жеңіске 15 күн қолғанда Власовшылардың оғынан қаза

296

табады. Құралайдың жарадар болуы Сабырдың қаза болуынан төрт

күн бұрын. Құралай атақты Освенцим концлагерінен бір-ақ шығады.

Интернационалист партизан отрядының командирі Қырғыз Қаһар

Шарапов арқылы қаза болған өзбек медбикесі Санавар

Сұлтанованың құжатына ие болады. Құралайды немістер №

«586»таңбасымен атайды. Тұтқындағы дәрігер еврейка Алла

Карповна Едисова деген Құралайды Фашистерге ұстап береді. Сол

күннен бастап, азаптаудың астына түседі. Тұтқыннан поляк

партизандары азат етеді.

Елге келген соң, тұтқынға түскендері үшін айыпталуға душар

болады. Әкесі Әлібиге шағынғанда, Әлібидің бір баласы Темірлан да

тұтқын болған екен. Әліби «Хватит мне одного Темерлана! Дай

старику спокойно умереть с партийным билетом!...» деген хабар

береді. Құралай Әлібимен 1950 жылдары табысады. Әкесі

Құралайға сом алтын білезік, платина алқа, титан самаурын мен

табақ, аса бағалы Қытайлық фарфор табақ береді, Алматыға көшіріп

әкеледі.

Бауыржан Момышұлы мен жазушы Дмитрий Снегиннің

көмегімен Құралай Ворошиловқа хат жазып, І Алматы вокзалы

алдына Әліби Жанкелдинге, Әкесіне, ескерткіш орнаттырады.

Астына: «Дочь Алиби Жанкелдина, вдова генерал-майора

С.Рахимова»деп жазылған .

1965ж. Юрий Андроновтың І хатшы кезінде Сабырдың

геройлығын қалпына келтіреді.

Сабырдың қазақ екенін жеткіз деген аманатын да Құралай

орындайды. Мұхтар Шахановқа кездесіп, телеэкран арқылы

қазақтығын жариялайды.

Құралайды Өзбектер Қадір тұтып, қаладан кортедж де садырып

береді. Бірақ Құралай Қазағым деп елге келгенде, Алматыда

саяжайда тұрады екен. Екі рет елбасына жазыпты да, хабары жоқ.

Жасырақ кезінде Алматыда бір милиция генералының

банкетінде Құралайға жаңағы генерал қырындап сөз айтқанда,

қасында Бауыржан, Мәлік Ғабдуллин де бар екен. Сол кезде Мәлік

жаңағының төбесінен шампан бөтелкісімен қойған екен.

Бауыржан: «Пах! Жігіт екенсің, Мәлік!»…деген екен.

«Бауыржан, Сабыр, Мәліктер бар болса, мен осылай саяжайда

отырар ма едім»,– дейді Құралай. Санавар кезімде санатта едім,

Құралай болған соң ... «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» заман

ғой... Қайран Сабыр!... Аманатыңды орындап, атыңды да, өзімді де

елге алып келдім, Міне!.. Бірақ мекенім –саяжай... Өзбектерден де

ұят болды»,-дейдіҚұралай. Соғыстан кейінгі жылдарда Құралай

Самархандағы әскери училешеге де директор болыпты.

Өзбек болып жазылып жүрген үш кеңес Одағының батыры бар:

Нұрманов, Омаров, Ергешов дейді Құралай. «Отанға ұят – стыдно

Родине» деп әнгеме жазғыным мынаның қасында түкке тұрмайды

297

екен-ау дедім. «Өкпеңді өкпелеуге турмайтынға айтпа!» деген

қазағым білген соң айтқан екен ғой деген ойға келдім.

7/6-2004ж.

Рухани парасаттылығымыз неге

өзгеріп барады?

«Жақсыдан үйрене біл,

Жаманнан жирене біл!»

Қазақ халқына тән адам қызығарлық жақсы қасиеттер деп

саналатын жүріп-тұру, Қарым-қатынас түрлері, үлкенге-кішіге дерлік

ылайықты әдеп, сөйлеу мәдениеті жыл санап көңілге қонымсыз

қалыпқа түсіп бара жатқандай. Сұлулық деген тән көркемдігімен

емес, адамның бүкіл іс-әрекетінің көрінісімен бағаланса, өлшенсе

керек деп ойлаймын. Осы біз Европа халқы жеттіккен, мәдениетті,

білімді дегенді ту етіп жоғары санаймыз да, содан үйренейікке

басамыз. Дүниенің пайда болуы, адам баласының жер бетіне келуі

дегенге үңіле қарамаймыз. Қазақ деген халық мәдениеттен, білімнен

кем де болған емес. Оған дәлел түрлі тарихи жағдайларға-

жаугершілік, басып алу, тарихын жоюға айналдырушылықтан, яғни

түрлі ел басқару саясатынан жойылып кету дәрежесіне жақындап та

қалған. Қараңызшы, дүниежүзінде бірінші ғалым Аристотель деп

санасақ, екіші ғалым Әбу Әли Әл– Фараби қазақ. Дүниежүзіндегі ең

бай кітапхана Әбу Әли Әл– Фарабидің Отырар қаласында болған.

Ендеше, неге біз көзімізді ашып қарамаймыз, рухымызды неге

жүдетеміз, парасаттылығымызды неге аздырамыз! Бір елмен екінші

елдің жауласуында, соғыс айла– тәсілі– стратегиясында жеңіліске де,

жеңіске де талдау жасалады екен: неге жеңілдік, неліктен жеңдік

дейді екен. Біз де осылай ойлап қарайықшы. Ендеше қазақ деген

халықтың кемшілігі қайсы?

1. Билікке құмармыз. Билік үшін бәрін сарып етіп, жан– тәнімізді

де аямаймыз.

2. Күншіл халықпыз. Керек десеңіз жақынынның да сенен асып

кетуін қаламаймыз, есебін тауып, аяқтан тартамыз, өсірмейміз, қайта

өшіруге алып барамыз.

3. Еліктегіш халықпыз. Қалайда болмасын дұрыс– бұрысына

қарамай, көрінген жаңа санағанымызды қабылдаймыз, тіпті соны

бойымызға сіңіріп аламыз.

4. Жағымпаздыққа құмармыз. Қалайда болмасын тек жақсы

жағымызды көрсетіп, құрдай жорғалаймыз, қолтығына кіріп кетуге

бейімбіз. « Бара бергенше, пара бер» сөзін қолымызға ту етіп

желбірететін халықпыз. Соның салдарынан әділетсіздіктің құлына

айналамыз.

5. Ынсап, Қанағат дегенге мән бермейміз.

6. Жалқаумыз. Еңбектену жолдарын толық меңгермеген

жандарданбыз.

298

7. Дінімізді, ділімізді, тілімізді қадірлі сақтауға толық бет

бұрмаған халықпыз. Бұлардан да басқа кемшіліктеріміз болар, басты

негіздісі осылардың салдары неге алып бара жатқанына ойымды

қағаз бетіне түсіруімді тәуекел етіп отырмын. Оқушым, мен

данышпан емеспін, бірақ өз парасаттылығым қағаз бетіне түсір деп

отыр, сіз оны кешіріңіз.

Бір елде бір қоғамнан саясаты бөлек екінші қоғамға соғыссыз,

қан төгіссіз– ақ, көшуді « Балық басынан шіридіге» жатқызуға

болады: Капиталистік қоғамнан социалистік қоғамға өту,социалистік

қоғамнан қайта құру қоғамға көшу осылай орындалған сияқты.

Әдеттегісінде ел басындағылар түгел өзгерсе, соңында ел

басындағылар толыққа жуық орындарында қалды. Мұны іштен іріген

деуге болады. Енді кімді кінәлар екенбіз Жаңа құрылған қоғамның

құрмақшы елінің түпкі мақсаты, көздегені не екен деген сұрақ туады.

Бұл сұраққа жауап беру қиын сияқты. Жол бастайтын көріпкел

данышпанның жоспары беймәлім. Тек баю– баю. Ескіні өзгертудің

жолы – бөліну, қайта құру: ептілер екі– үштен асау, хан талапайға

салу. Қолы жетпегендерге құрылыстарды бұзып, қирағандарынан

үлес беру. Тағы да аяқталмай қалған, бітуге даяр тұрғандарын арзан

бағамен тағы бөлісу, бұзып керек жерге апарып қайта иелену. Құрал-

саймандарды да есебін тапқан өз үлесіне қарату, талау. Маған не

қалды деп көзі жәудірегендерге купон деген қағаз үлестіру, оны да

сатып беру. Қудан бетер сұм шығып, сол куподарды өзіне аударып ,

мүліктерін өз меншігіне қарату тәсілдері жүрді. Енді аяғына тұрып

келе жатқан ауылшаруашылығымыз бөлшектендірілді «Бөлінгенді

бөрі жеген соң» қайта біріктіруге көшейін деп еді. Ол бола қоймады

бөлінбей тұрғанда, ол шаруашылық мемлекетке пәлендей қарыз

екен, сонысын төлеу керек дегенде, жиналған жұрт орындарынан

тұрып кетті. «Ауылшаруашылық жылы» жарияланып, несие беру

саясаты басталды. Ол несиені алдыру жолында екі ортада жүрген

делдәлдар тағы үлеске ие болуды көздеді. Несиені алушы иесіне ол

сумма жету қиындыққа айналды, тек айту ғана. Бұл эканомикалық

дағдарыс болса, жұмыссыздық салдары қылмыстық іске итермеледі:

Ұрлық, көріне көзге тартып алу, өлтіру сияқтыға ауысты.

Дүниежүзі мәдениеттілікке ауыса бастағанда теледидар деген

пайда болған-ды.Сол телеэкранда бағасы арзан, зияндылығы шаш

етектен көп парасатсыз, әдепсіздік жолдарын үйрететін көрілімдерге

көштік. Бұларды мадақтау көп сериалы көрілімдер деген айдарлы

атымен атадық, көрсетудеміз. Жетіккен елдегі желіккендердің

модасын қабылдаймыз деп, көрсетуге ұялатын тәнімізді қызықтыруға

көштік, жалаңаштана бастадық онымен тынып қоймай, қазақ

халқына жат айтуға ауыз да бармайтын, жас қыздарымыз тәнін

бизнеске айналдырып та жіберді. «Несі бар екен Шет елде бұл

бұрыннан бар»– дегенге құлақ қояйық, еліктеуден ессіздікке көштік.

Бұл газет– журнал бетінде жарияланып та жүр. Осылайша арымызды

аяқпен таптауға көштік, әй дейтін әже, қой дейтін қожасыз болдық.

299

Бұған қоса бұрыннан етек алып үлгерген ес алатын ішімдік, темекі

сияқты шегу, уколмен қанға беру қосылып, тіпті бір күндік өмірді ғана

ойлаушылыққа ауыса бастады, «Но– сыз– кемшіліксіз» жанұя

кездестіру қиынға айналды.

Бұрындары төсек жаңғырықтырғыш еркектерді жексұрын деуші

едік, «Дүние кезек» болып, 2-3 бала тапқан ( Әр байдан) әйелдер

уыздай үйленбеген, өзінен 7-10 кіші жігіттерге үйлену басталды,

ұнатпаса қуып жібере алады оның үй– жайы, машинасы, дүниесі бар.

Сонымен, оңай жолдармен есепті тауып бағыт алғандарды « Жаңа

қазақ» деп те «Крутой» деп те ат қойылды. Оның да естісі бар, есері

бар көпшілігінде, есерлерінде әділетсіздік көп орын ала бастаған

қастандық әрекеттерге көшуге ұласты: «Өлсем де жастығымды ала

өлейтінге» күшті жарылыс жасау, атып кету. Осындай тәртіпсіздікті

жоятындардың ішінен оны қолдаушылар да, тіпті басқару

орындарындағылар да әшкереленуде.

Ақырында пара алу мәселелері басталып мемлекет

басшыларына жетті. Осындайдың боларын мұсылман дінін

орнатушы Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз 1– Хадисінде

айтқанда екен-ау. Білмесеңіз оқыңыз демекпін.

Ынсапсыздық деген тек адам баласында болатын жағдай екені

белгілі. Солай бола тұрса да адам және адамгершілік мәніне түсіне

білсек, адамгершілігі бар адам ынсапты келеді. Ынсапты білмей

қатыгездікпен байыған адамды ешкім де ұнатпаса керек, бір Алла да

оны жақсы демейді. Дүниеге жалаңаш келіп, бұйырса кебін деп

аталатын шүберекті ғана әкетесің, оны да Алла бұйыртса. Сол

сияқты қанағат та жақсы қасиет, қанағаттанусыздық бір жаман

жағдайға душар етеді.

Мақтан сүйетін халықпыз. Сол мақтанудың түбін

ысырапшылдыққа айналдырамыз. Ысырап жасауды Аллатағала да

дұрыс санамайды. Артығың болса, өз мүгедегіңе, өз жарлыңа

ұсынып отырсаң нағыз шын адам болатыныңды біл! Ақырында,

мұсылманбыз дейміз оныңа дау жоқ, бірақ сол мұсылмандық жолын

толық орындап жүргенміз кем де кем. Мұсылмандық жолын сақтау

қағидаларын орындасаң, барлық теріс әрекеттерден сау болар едік.

Тым болмаса жұдырықтай жүрегіңді таза ұстай білсейші.

Дінімізге келсек, қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасын еш

елде теріс көрмесе керек. Нағыз сұлу, адамгершілігі мол, қонақжай,

кісіге қамқоршы, үлкенге ылтипатты халық едік. Бұл да ұмытылып

барады.

Тілді білмеу, ана тілінде сөйлей алмау деген барып тұрған

мәдениетсіздікке жатады. Тілден айырылу – халықтығыңнан,

ұлттығыңнан айрылу, жойылуың. Цыган деп те, долы деп те

жатамыз. Көп емес, азғана халық, үнемі көшіп-қонып жүреді. Мектебі,

арнайы бала-бақша да жоқ, бірақ өз тілін біледі, ұмытпайды,

сөйлейді. Ұялсаңшы, цыган құрлы болмағаның ба!? Қазақ тілі өте

бай, оралымды тіл, оны толық меңгере білуге тырыс. Бір ауыз

300

сөзбен адамның тағдырын да шеше алғандар болған. Тіліңді

қорлағаның – өзіңнің қор болғаның!

Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін-төрі

деп білген, ізеттілігін-келінінен таныған, татулығын-абысынынан

тапқан, қызын-арға,ұлын– нарға балаған, дархандығын-даласымен

өлшеген, өткірлігін-қылышқа, намысын –найзаға теңеген.

Қанатты сөздерін дауға-дәру, жауға-қару, арыздыққа-араша,

татулыққа-тамыр,тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен

ете білген халық едік. Парасатты болайық Намысымызды аяққа

баспайық, қорламайық. Намыстан айырылу-хайуандыққа көшкенің.

Сондықтан ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді деген сөз

бекер айтылмаған. Осы айтылғандарға мән бер, енжар болма.

Шерхан Мұртаза айтқан екен:

–Мен жауымнан қорықпаймын, көп болса атып кетер. Мен

досымнан қорықпаймын, көп болса сатып кетер. Мен енжарлықтан

қорқамын. Енжарлық қатыгез жауыздан да, сатқын досыңнан да

қауіпті-деген екен.

Өмір кезеңдері

«Өмір деген қызық та,

қиын да, қызығына

малына біл, қиындығынан

қорықпай, қарсы тұра біл.!»

Бұдан бұрын «Өмір деген не?», «Өмірдің әліппесі», «Махаббат,

ақыл және есеп», “Өзіңе өзің есеп бере білесің бе», «Семья– жанұя

өміріндегі әдеп, психология», «Кімге кім», «Ең ,ең, ең қымбаттым не

екен? », «Жылтырағанның бәрі бірдей алтын емес», «Ерлі-зайыпты

өмір сүрү кезеңі», «Әке мен баланың әңгімесі», «Астамшылықтан

аулақ бол !», «Құдайдан қорқу да ақылға сыйымды», «Қатарыңды

қай кезде іздейсің?», Есте сақтайтын ең бір күрделі жағдайлар т.б.

өмірге баайланысты әңгімелерге қалам тартқаным бар еді.

Осылардың бәрі де адам баласының өмірінде кездесіп жатады.

Негізінде адам баласының өмірі мына басты үш кезеңнен тұрса

керек. Олар :

1.дүниеге келу;

2.Тұрмыс құру-некелесу.

3.Қартаю өмір өнегелеріңді кейінгі ұрпаққа насихаттау, ақырында,

өмірден сақи болып аттану.

Алғашқы екеуі жақсы-ақ екен, ал үшіншісі ұнамсыз екен деп

шошыма, ол болатын ақиқат. Жазайын деп отырған әңгіменің мәнісін

бұрын-ақ айтып қойған сияқтымын. Оны білгің келсе,

жазғандырымды парақтауыңа, оқыуыңа тура келеді. Сол кезеңдердің

ішінен екінші кезеңде болған бір көріністен үзіндіге тоқталмақшымын.

Бұл кезең өмірдің ең бір шешек жарып, гүлденген, исі аңқыған,

бақытқа кенелейін деп тұрған, қайтып оралып келмейтін кезі екен-ау

301

дерсің. Сенің дүниеге келуің Аллатағалаға байланысты десек, екінші

соның себепшісі болып отырған әке-шешең дейміз, яғни, екінші

жаратаушың, кешіріңіз, құдайың болса керек.

Тұрмыс құрмақшы құрбылардың екеуінің де әке-шешесі бар.

Тұрмыс құру салты толық қазақша жасалынған: құрбылар бірін-бірі

ұнатқан; құдалар барлық рәсімін мүлтіксіз жасаған.

Той Шымкент қаласында 66-2004ж. өтті. Қыз беруші жағы менімен

бауырлас кісі еді. Тойға, қалайда, 4-5 жүздей адам шақырылған-ау.

Солардың ішінде ең жасы үлкені мен екенмін. Бұл кез менің 83-ке

аяқ басқан кезім. «Селдіреп сексеннен асқандар» деген тақырыпта

жазған әңгімемде қарттық тұралы айтқан болатынмын.

Той кешқұрым «Наурыз» тойханасында өтті. Әдеттегідей асаба

тойды бастап та жіберді. Бәрі де сценарий бойынша өтуде. Тілек

айтушылардың алдынғы қатарында маған да кезегі келіп жетті.

Халықтың уақытын алмау керек, қысқа да нұсқа боларлық сөйлеу

керек болды. Сондағы ойыма келіп, тіліме оралғаны:

«ассалаумағаләйкум жиналған қауым!»

Мына бүгін біздер атамыз қазақ дәстүрге айналдырған ата

салтымен қыз ұзату тойына жиналып келіп отырмыз. Нағира

қызымыздың әні-міне дегенше ержеткенін білмей де қалған екенбіз.

«Көрінген таудың қашықтығы жоқ» деген осындайды айтса керек.

Әйгілі ақын Асқар Тоқмағамбетов: «Өз бақытын өзге жақтан іздеген,

үйдегі бір жолаушы ғой қыз деген. Ақ ордасын қиып-тастап кетеді,

жүремін деп ана жүрген ізбенен» деген екен.

Қызымыз өнегелі жанұясы басшысы Нұрғали ініміздің, келініміз

Раһиланың сүт кенжесі болып, аялы алақанында өсті. Сол жанұяның

шешек атып гүлдеген гүлі еді. Ұлды үйлендіру, қызды өз теңіне қосу

ата-ананың парызы болса, бұл да салтанатты түрде атқарылғалы

тұр. Қыз екі елді байланыстыратын басты тұлға десек, екі елдің

құдандалы болуы құтты болсын дейміз! Қызымызға тігетін

отауыңның шаңырығы биік, керегесі мықты болсын, қосағыңмен қоса

ағар, бақытты бол, өсіп-өн, барған еліңе үлгілі, ата-енеңе сыйлы бол

деп айтамыз!»– деп сөзімді аяқтаймын. Ду қол шапалақтау! Той

жасаушы ініміз шапан жауып, қалпағын басыма кигізіп, құрмет

көрсетіп жатыр. Осыдан кейін сөз алған туған-туысқан, жора-жолдас

небір әдемі лебіздерін білдіруде, ән шырқалуда, өлеңмен де арнау

айтылуда. Той аяқталар кезеңі де болды. Құдандалы жек-жаттарға

сөз тиді. Екі жағы да қуанышты. Әрине, қыз беруші жағы, ініміз қатты

толқуда тұрғаны көрінді. Ол солай да болу керек қой. Тағы да

үлкеніміз деп, сөз кезегі, бата-тілек айту ұсынылды. Қосылып жатқан

жас жұбайларға күні бойы айтылып жатқан тілектерге қосарым:

«Аллатағала маған осы жасқа дейін өмір беріп, сендерге ақ тілегімді

айтуға жазған екен, бұған да қуануға болады, Алла қабыл етсін,

періштелердің құлағына шалынсын, жұғысты болсын демекпін:

алдымен, сендерге денсаулық берсін! Мен жасаған жастан да артық

өмір сүріңдер. Мен көрген қиындығымды сендерге бермесін, тек

302

қуанышыммен қызығымды, бақыттылығымды берсін. Мен тоғыз

перзент көріп, оны өсіріп, одан жиырма тоғыз немере, тоғыз шөбере

көріп, өсірген адаммын. Сендер де солай ұрпақ өсіріңдер демекпін.

Құдандалы екі жаққа да осы балалардың қызығын көріңдер, тату-

тәтті жекжат болыңдар демекпін. Біз алтын тойды да өткізген

жанбыз, қосағымызбен бірге тұрып келеміз, махаббатымыз әлі

басылған жоқ, сол сендерге жұғысты болсын! Махаббатарың ұласа

берсін! Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар демекпін. Тілегімді Алла

қабыл етсін!-деп аяқтаймын.

Енді осы өмір кезеңдерінің әр кезеңдерінің ішінде бірнешелегенін

атап өтерлік мезгілдер бар. Оны біреу дәстүрге айналдырса,

мысалы, туған күн, екінші біреу жай ғана өткізеді. Ақылға шақсаң,

әсіре қызылға ұрынбаған әбзел ме деймін. Өз жанұяңда ғана еске

алса да жетіп жатады.

Үшінші кезеңде тірісінде мәпелемеген жанды бақилыққа көшкенде

шамадан тыс шашылып өткізуді мен бақи болғанға жасалған сый

демеймін. Ол өз атын мақтаншылықпен өсіруге әрекеттену дер едім.

Мұндай жағдайлар, өмірде болып жатады. Дегенмен, «өлі ырза

болмай, тірі байымайдыны» ұмытуға болмайды. «Атаңа не істесең,

басыңа сол келеді» болады. Мүмкіндігінше, ата – ананың айтып,

жазып кеткен өсиеті болып жатса, іске асыру әбзел.

11/VI – 2004ж.

Қиялдан пайджа болған тылсым Хикая.

«Шыдамдылық та керек

сияқты».

«Соқырдың сорақысы – көңіл

соқырлығы»

(«Адамзаттың асыл

тәжі» II том, 318-б)

17/VI-2004.

Көп нәрсені бастан кешкен біреу «Тайға да алған бір қатын,

танаға да алған бір қатын...» – деген екен. Алғаны ойдан шықты ма,

шықпады ма, ол жағы өз ішінде болса керек. Аспанға шапшыған

ойын сабырға жеңдірсе керек. « Сабыр түбі – сары алтын, шыдаған

жетер мұратқа» мақалын басшылыққа алып, күйзелгеннен гөрі,

шыдап – шыдап, қатарынан қалмай да, озбай да, өмір сүргендердің

алдыңғы тобына араласып, өмір сүрсе керек...

Кілең жүйрік ойын бәйгеден оздыруға тырысқан, шыққан мүйізі

де жоқ екеніне мән бермегенге сырттай қарайтын – ды. Асылының

303

қадірін білмей, онысының жан сұлулығын да байқамады ма екен!? «

Біреудің қаңсығы екіншіге таңсық» деп те айтса керек қазағым.

Сонымен, алтынын мысқа айырбастап, жаңа тапқан мысын ысқылап

жалтыратумен (жағымпаздықпен) өмір сүргендер де бар. Онысын өзі

мақтағанмен, басқа қауымға оның жасанды екені анық – ақ.

Байқағанға кілең ол өзін алдауда, алдануда, алдандыруда. Басқа

халық оның өз бағасын біліп – ақ тұрады. Бірақ ол кездесе қалсаң,

мақтанудан тайынбайды. «өзін – өзі мақтаған өлімнің қара басы»

деген қайда? Қариялық кезеңге де жетті, бірақ оның бойынан кішіге

деген қазақ қауымына бірлік жайлы ұлағатты лебіз шықпайды;

білмеуі мүмкін емес, біледі. Енді оны ол қашан уағыздайды деген ой

туады. Жас емес, әлі сылануды ұнатады. Сылану – жағымпаздану.

Бойыңды сылағанша, ойыңды сыласаңшы. Ағайын – туыс

бауырларыңмен аралассайшы: дүниеден озғандарына барып,

тірісіне көңіл айтпау қазақ болудан қалу емес пе? Тірі тұрған кезіңде

бәрін қойып, осы парызыңды өте. Бұл сенің қарызың да, парызың

да.

Ақындар айтысынан туған ой

«Тәуір болса басшылар,

Айтпайды ел ащы зар»

(Қамардин Байтұрсынұлы).

13/VI – 04

Ежелден қазақ халқының ақындар айтысы болып жатыр десе,

ішкен асын қоя салып тыңдайтыны бар. Сол айтысты

тамашалағанда, ел тынысын беруде тілге шеберлерді, ақындарды,

сүйсіне тыңдап қана қою емес, бұрысты түзеу, тезге салу көзделсе,

екіншіден, халық үшін ел басшысына жеткізу көзделеді.

Қазақтың атақты ханы Абылай хан да жанында отырған әрі

ақын, әрі жырау Бұхардан сескенуші еді, тыңдаушы, кеңесуші еді.

Ал, қазіргі ел басы да, оның кеңесшісі парламент мүшелері,

министрлері де, тіпті атын атаған күнде де құлағына аспайды. Сонда

олар саңырау болғаны ма, әлде саңқұлаққа айналғаны ма деген ойға

қаласың. «Сөз сүйектен өт еді, таяқ еттен өтеді» деген қайда? Осы

мақалдың алғашқысы адамға тисе, соңғысы хайуанға айтылған

сияқты. Сонда сөзді ұқпағанды таяқтау керек болғаны ма дейсің.

Таяқтауға басуды хайуанға ұрма, жәбірлеме! онда ес, ақыл жоқ» деп

те жатпай ма? Сонда ақындар айтысы деген тек тамашалайтын

ойын – сауыққа айналғаны ма!?

Олай дейін десең, ол айтысушыларға баға беріп отырған жюри

мүшелері халқымыздың ең таңдаулы азаматтары – ғалымдар ғой.

Озғандарына сый – сияпат та жасалынып жатыр. Ал, тыңдаушы

болса, қышыған жеріне тиіп, рахаттанады, қол соғысып, мәз болады.

«айтар сөзіңді біреу айтып жатса, аузың қышып барады ма ға»

келеміз.

304

Бірде осы айтысты ұйымдастырып, жүргізіп отырған Жүрсін

Мырза ақындарды кідіртіп, «Елді басқарушыларға қатты тіл

тигізбеңдер, тіпті, айтысты тоқтатып қойса қайтесіңдер! намысына

тигенің үшін сотқа берсе, не болмақшы?!» – деп те тастады. Айтысып

жатқан ақындарға ой түсті. Халық атынан айтып тұрса да, «Батырға

да жан керек» деген бар емес пе! «Жүрексіз – қорқақ, тірексіз –

жалтақ» деген ұғым тағы бар. Батырмын деп, тірегім – халқым деп

соға беруге айбынады.

Сынды бетке жасырмай айт деп, сөз бостандығын бердік деп

жатамыз «Тілмен сойған, қан шығармай сояды» депті ғой. Қан

шығармай сойылып, тірі жүрмін деген адамға, адамгершілігімізге

жараспаса керек.

13/VI – 04

Көп уақыттан бері халықтың қызығын көтеретін, тыңдайтын

ақындар айтысы да болмай қалды. Кім біледі, ақындардың тілі тиісті

адамдарын қан шығармай соя берген соң, оған да қысым жасалды

ма деген ойға қаласың. Бұрын да ел билеушілер ашып айтқан

ақындарды ұнатпаушы еді ғой. Оларға «Ода» – мақтау өлең ұнайды

ғой. Қазақ халқы басынан кешкендерін бір ауыз сөзге сыйғызып айта

берген ғой: «Қолынан келген қонышынан басады» болып жатпаса.

4/XI – 04ж.

13/XI – 04 күні Москвада ақындар айтысы (68 жылдан соң) тағы

басталды. Бұл айтысты дүниежүзіне мақтанарлық деуге болады. Ел

басшыларды сынау( 1 – бөлімде) жоқ.

Түстен кейінгі ой ма екен?!

2004 жылдың маусым айының 23 күні Шымкент қаласына

баруға бір жұмыс болып қалды. Бардым да. Бір аталас келетін інім,

әрі өз шәкіртім болған, қазірде зейнетке шықан, сонда да болса

білімін жалғастырып, мұсылманша діни жоғары дәрежелі арнайы

мектебін тамамдаған бауырымен әңгіме дүкен құрып та кетпеспін бе.

Әңгіме барысы Мұсылмангершілік жайына ауысты. Үлкейген кезде

бар өнегең болса, кейінгіге уағыздау керектігіне көшті. Жақында

«Қиялдан пайда болған тылсым хикая» тақырыбына кішкене бір

әңгіме жазғанымды баян еттім. Әрине, ол туралы оны білетін де.

Осы 1-2 күн ғана болды, ол ағам мені телефонға шақырып, 26/VI күні

түскі сағат 13:00-ке 50 шақты адамның басын кафеде қоспақшы.

Айтары да бар болуы керек, құран оқытпақшы. Жүріп – тұруы да

қиындағандай, денсаулығы да онша мәз емес – ау демесі бар ма.

Тіпті сіздің телефоныңызды ұмытқан екен, менен жазып та алды

деді. Сонымен, келесі күні ісім орындалып, ол күні кейін жүрмей,

кідірдім. Бірақ Шымкент ауасы маған тарлық жасады. Таң атысымен,

25/VI күні, үймен хабарлассам, үйге хабар бермеген. Күн ысып

барады. Салқын кезде жетуді ойлап, үйге тартып кеттім. Бұл жаққа

келген соң, керек жасайды-ау деген біреуінен сұрасам, ол да

ешнәрседеп хабарсыз екен. Басқа бір жағдай болып қалды ма, әлде

305

түстен кейінгі ой, күн батуға айналған кез болды ғой дегені ме екен

деп, тамсандым да қойдым. Кім біледі, «Өз ақылым ақыл-ақ» – қа

басты ма екен?

29/VI-2004

Тоқыраудан тоқтауға бет алу

Бүкіл табиғаттағы жаратылыстың басталуынан бері қарай

талай кезеңдер өткендігін ғалымдар да, ойшылдар да, тіпті,

қарапайым адам да ой көзіңмен қарасаң, көрініп – ақ тұрғандай ма

дейсің. Сонда сол құбылыстың даму барысында даму жолдарының

шапшаң да, баяу жерлері де болатындай. Дегенмен, өсу, ұлғаю,

басқа түрлерге де өзгеріп кету барысында бастапқы түрін, қасиетін,


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю