Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 23 (всего у книги 27 страниц)
таныстырудағы – хабардар етудегі еңбегімді өзіме үлкен Жұбаныш
санаймын. Оны аяқтаушы, жарыққа шығарушы өзіңсің.
Менің осы жазғанымды өз балаларыма көрсетіп, тосырқамай
батыл кірісіп, бүкіл Бұлтың атаулығы басшылық, ағалық іс жасайды
деп үміттенемін. Ересектері қартайды, кейінгілері өзіңнен аспайды.
Шошаң еткізіп намаз жасап, жүзін жасыруға (көмуге)
асыққандықты үлгілі іс деп ептемеймін. Бұл дүниеден өтетін адам
қазір өтіп бара жатқан адамның кім екенін соңғы минутта тағы да
ойына алып, толғанып қоштасқанын әбзел деп санаймын.
Ағаң Сағындық Алтынбекұлы
18/IV 2003ж. 11. 50
(Көшірмесе конверттеліп, иесіне табыс етілді)
«Ұстаздың ету – уақат ұту емес,өзгенің бақытын аялау, өзіңнің
ауқытыңды аямау». Жан –Жақ Руссо.
«Жақсылықты жықсыдан тап» (Аристотель)
Ақыл мен сезім сияқты спонсоры бар сұлу ғана – нағыз сұлу.
Басқа сұлулық – сахнадағы «суық». «мис» қой...
(Нығмет Ғабдуллин).
Шар сияқты айналған өмір.
Таң атып, күн батуы күн санап қайталануы анық болса, адамның
өмірі де дәл сол сияқты: дүниеге сәби болып келеді, өседі, жеттігеді,
жұптасады, ұрпақ әкеледі, ақырында, қартаяды – дүниеден өтеді.
Бұған таң қалатын да, өкінетін де ештеңесі жоқ.
Сол кезең кезінде өмірдің ащысын да, тұшысын да көруге тиіс.
Дүниеден озған бауырына қалған ұрпағының күйінуі – азалауы
да заңды. Бірақ уақыт өте келе бәрі де ұмыт болады. Қимасым еді
деп, бірге кету жоқ, солай жасаймын деу ақылға сыйымсыз.
Қалғандардың қолынан келері – еске алу, жерлеген орнын
дұрыстау, аңсағанда басына барып, мауқын басу.Қалдырып кеткен
еңбегі болса, суреті болса, соған қарау. Бұл– тәнін көрмесең де,
рухымен пікірлесу.Осылай жасау арқылы өзің де бір жасағандай
боласың. Демек, сенің де үлкеюге бет бұрғаның. Тұла бойыңмен
толғанып, әбіржудің керегі жоқ, ол сені жасытады; жасымаған жөн.
Табиғаттың заңдылығы деп түсін.
Менен тарағандар ешқайсың да жетімдік өмірді көрген
жоқсыңдар. Бұл – сендерге үлкен бақыт. Сол бақыттылықты дамыту
өз қолдарыңда. Денсаулық, бақыттылық басты армандарың болсын!
Менің жеттіктіре, шығара алмаған биігіме жетуге тырысыңдар!
Аз жасадым демеймін, өту заңды. Қуанышым – алдыма ұрпағымды
салмай бара жатырғандығым.
13/Ш – 2004ж.
23.00
278
Мені білгіңіз келсе
Жазғандарымның ішінен, «Бастан кешкен көз көрген» әңгімелер
жинағының №2 дәптерінде 98 – 110 – беттерінен «өмір көрсеткіші»
және «Ойдың таяғына сүйеніп өткен адам» тақырыптарын
оқысаңыз тез мәлімет аласыз («Адам – заттың асыл тәжі», II том,
Алматы 2003ж. 318 – б.)
Өзгелердің халінен өзіне сабақ ала білген адам – ең бақытты адам»
(Адамзаттың асыл тәжі, II том, 318-бет)
Халықпен қоштасу
Мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» деген кітапшасын
оқып едім. Ондағы ұққаным адамда тән және жан – рух болатыны.
Сол рух адам дүниеден өтсе де, өзімен бірге болған тәнге қарайлай
беретіні айтылған.
Дүние жүзіне әйгілі болған екі адамды ұзақ сапарға аттандыру
салтында болғаным бар. Екеуі де Москвада жүргенде дүние салды.
Бірі – әйгілі әнші Күләш Байсейітова. Күләштың тәнін Абай
атындағы опера – балет театрына қойып қоштасты. Соңғы сапарға
шығаруда өзінің сүйіп орындайтын «Гакку» әні орындалды.
Қоштасушылардың көзінен еріксіз жас шығып кетті. Не деген әсер,
не деген күш!!! Ән орындалғанда, шаттық лебі емес, қайғылы леп
ескендей сезілді.
Екіншісі– Мұхтар Әуезов. Бұл да опера– балет театрынан
шығарылды. Табыттың басында Валентина да, Фатима да отырды.
Екеуі де Мұхтардың әйелі еді. Мұхтардың тірі кезінде олар бір
мезгілде осылай отырды ма екен?! Енді таласатын, қызғанатын несі
қалды! Екеуіне де аяулы болған жан еді. Енді рухымен қоштасарда
ол сезімнен аулақ болғандықтың жолы ма дедім.
Сол Мұхтар дүниеден кетуіне екі сағат қалғанда, операция
алдында, жора – жолдастарымен қоштасты емес пе! Ол кейін
«Қазақ әдебиетінде» жарияланды.
Бұлай қоштасуды мен естілік санаймын. Мұхтарға шәкірттік
жолым да болған – ды. Сондықтан да соңғы сапарға шығарып
салуда қаралы веногын біздер алып жүрдік.
Өмірімнің соңғы кезінде өзім тұратын жайымды ауыстырып едім.
Ол туралы жазғандарым да бар. Онымды себепті, орынды деп
санаймын.
Қадыр Мырза Әлидің мақал – мәтелге айналып бара жатырған
мына сөздері – «Жат жердегі мола, өзің жатсаң да, сенікі емес» ой
салды, қатты толғандырды. Өзім инфаркт алып қалғанымда, есіл –
дертім ел бола берді. «Туған жердің қыран құсы – жат елдің
бұралқысы» болды да тұрды.
Сондықтан да туған елім деп, халқым деп рухым тәнімді алып
келіп тұр.
279
Өмір деген – талас. Сол өмірде, сол таласта ешкімге қарыздар
емес сияқты едім. Айтарлықтай көңіл қалатындай жай да жоқ сияқты
еді. Ырзалық айта алмағанымыз болса, кешірерсіздер.
Мен өмір бойы оқытушылық жасап едім. Менің қатты айтқан
сөзім, ашулануым достыққа, адамгершілікке итермелеген жағдайда
болған деп санаймын. Ол болған жағдайларды шәкірттерім өздері
мойындап, уақтысында түсініп, мені аймалағандары да болған – ды.
Өзім дүниеден озсам да, мен оқытушы едім ғой. Жазып кеткен
«Бастан кешкен, көз көрген» атымен берілген сериялы әңгімелер
қалып бара жатырғанын кейінгілерге тәрбиелік мәні болар санадым.
Дүниеге жалаңаш келіп, азғана бойымды, тәнімді, жасырған
затты ғана алып барамын. Сонымен қатар, сендердің жылы
лебіздеріңді, шуақты көңіл күйлеріңді алып барамын. Тағы да
Қадыр Мырза Әлидің “Ой арманы” деп аталатын бір ауыз өлеңін ту
етіп желбіретіп алып бара жатырмын. Ол:
«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ
күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, және
жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туа сап – Жамандар
бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Өзің айта алмасаң, айта білгенді де тыңдаған дұрыс сияқты.
Сағындық Алтынбекұлы
Көп екен өмірдің бұралаң жолдары
«Неменеге жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне...
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр».
(Мұқағали Мұқатаев)
Мұхаммед пайғамбардың Хадистерінен.
№212. «От басындағы үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең
жартысы. Адамдармен достасу – ақылыңның жартысы. Сұрау қойып,
әдепшілікті үйрену – біліміңнің жартысы».
«Ұлағат», №14 (16), тамыз, 2002ж
.
«Бүгінгі заман – өткен Заманның
баласы,
болашақ Заманның атасы» (А.
Байтұрсынов)
Тарих туралы
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің №110 (17425) 24.08.2002ж.
санында Зейнеп Рысбекованың «Бұрмаланған тарих,талқыға түскен
ел, жер, тұлғалар" мақаласын оқысаңыз қазақ халқының тарихына
280
жасалған зорлық туралы айтылады. Бұдан бұрын да Мүрад Аджи
«Қыпшақ даласының жусаны» деген кітабында Қыпшақ деп
саналатын халыққа жасаған қызыл империяның зорлығы жан жақты
баяндалған-ды.
Ел басқару жайы.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің № 20-21 (17657) 14.02.2004 ж.
санында ел басқару жұмысында көп жылдар жұмыс істеген, қазір де
сол жобада жүрген парламент мүшесі Амалбек Тшановтың «Жиған –
тергенін о дүниеге арқалап кетіпті дегенді естігем жоқ» деген
журналиске берген сүхбатында халық сайлаған парламент мүшелері
мемлекетке жерасты байлығынан түскен қаржының қайда кетіп
жатқанынан, қанша түсіп жатқанынан хабарсыз екенін айтады.
Парламент мүшелерінің оны білуге құзыры жоқ дегенді айтады.
Жасырын түрде игерілуде дейді. Үкімет парламентті өзінен төмен
көретіндігін баяндайды. « – оның үстіне, үкімет өз мақсатын «алпауыт
партиялар арқылы жүзеге асырып жатыр ғой...», шетелге жөнелтіп
жатыр дегенді айтады. «Біз үнемі алдап – арбаудың құрбаны болып
келе жатырмыз». «Мысал үшін Парламент өз құлшынысымен бір
заңды берді делік. Егер үкімет қаламаса, қайткенде де сылтау тауып,
мынау болмайды» дейді. Бітті. Қандай керемет заң болса да, үкімет
қарсы болса, әртүрлі сылтаумен өткізбей тастайды. Ал, мәжілісте өз
көзқарасын ашық білдіре алатын 15-20 ғана депутат бар.
Қалғандары – «Отанның», Азаматтық партияның және Аграрлық
партияның сойылын соғушылар. Мәжіліс депутаттарының 60-65
пайызы – солар». «Үкіметтің іс – әрекетінің халықтың әлеуметтік
жағдайына қайшы екені анық». «Ғылым академиясын жауып
тындық». «Ал, шын мәнінде, сөз бен істің арасында алшақтық көп».
Міне, газеттің екі бетін түгел алып жатқан сухбатта сүйсінерлік жай
жоқ. Бұған қоса «Асар» партиясын құрып, оған да тиісті орын беріп
отырмыз. «Асардың» да илейтін пұшпағы түсінікті сияқты.
Сонда еліміздің заң жағын реттеуші парламент бар деп жүрміз.
Шын мәнінде, ол егінді құс жеп кетпесін деп қойған қарақшы сияқты.
Шыққан заңның бұзушылары-бұзықтардың өзі сол заңгерлер екенін
газеттен оқудамыз. Ол бұзық одан құтылудың жолын да білсе керек.
Қысқартып айтқанда, «Болатын елді дұрысы басқарады, болмайтын
елді ұрысы басқарады» деген жаңа мақал да пайда болды ғой.
«Байда бәрі бар, иман жоқ, кедейде түк те жоқ, құдайы бар». Құдай
деген халықпызғой, үмітсіз шайтан болсын, үмітімізді үзбейік!
Алғашқы ауыр күн
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен – ақ елге ерте оралған едім.
Менен майданға екі жыл кейін (1943 ж.) алынған ағамның Алға –
Серік деген баласы ол майданға алынған соң туған екен. Совет
Армиясы алға кетіп бара жатқанда туған соң, атын Алға қойған екен.
281
Мен Майданда жүріп сендерге біз барғанша Серік болсын деп
қойғанмын. Сонымен, аты – Алға – Серік еді. Мен үйге 25/XI – 45 ж.
келдім. Серігім жүрген де екен. Тілі енді шыға да бастаған. Мені
көргенде: «Шақ, аға» деп мәз болушы еді. Сол Серіктің ауырғанына
бір ай болды. Ескі күнделік дәптерімді ашып отырсам, мына жолдар
көзалдымнан шыға келді: «19/V – 46 ж. Түстен кейін Алғаның қасына
келіп қарасам, нашарлап жатыр екен. Аяғында жан жоқ. Сәлден
кейін қолынан да жан кетті. Көзі аударылып жатыр. Өзім өлімді
бұрын – соңды атқармағандықтан, Бәйгеқұмға Таумай ағама жаяу
тартып кеттім. Отырған жерімізден ара қашықтығы 7-8 км болады.
Бәйгеқұмға сағат 1655 шығып, 1740 жеттім. Кідірместен жағдайды
айтып, 1900 Таумайды ертіп келдім. Ол кісі жүргіш есегінде мен жаяу.
Артын ала Молдабек те, Палбике де, Раш та келді. Бәйгеқұмға кетер
алдында Алғаның қасына келіп, өзім қойған атым бойынша Серік
дегенімде, маған қарай қолын созды. 4 жыл Отан соғысында өлік
жастанып, тас бауыр болып кетсем де, көзімнен жас шығып кетті.
Келгенімше дүниеден кете қойсаң деп, ырзалық білдіріп,
маңдайынан бір сүйіп, жылаған бойыммен шығып кеттім. Келгенде
дәл бізді (мені) күткендей, сол қалпында жатыр екен. Көп ұзамай-ақ,
кешке 2030 да жан тапсырды. Әдепкі дауыстап жылағанда, жүрегім
дүрсілдеп соғып, көзімнен жас шықпай, соңынан барып шықты.
Сондағы ойымдағы: «Папаң келгенде, не деймін, не бетімді
айтамын. 3 жылдан бері сағынып күткен папаңды күтпей – ақ, бір
ауыз сөз қатпай – ақ кеткенің бе? Қош, Қалқам Серік! Дүниеге
келгеніңді көрмесем де, кеткеніңді көрдім.Папаңа қызық ойыныңды,
тәтті тіліңді, қылығыңды баян етіп айтайын. Сонда да өз көзімен
көргенге не жетсін. Сөйлеген сөзің әлі есімде, «Шақ, аға!» – деп,
алдымнан жүгіріп шығ ушы едің. Ұрыссам, «Папама айтамын» -
деуші едің. «Папам велосипед әкеліп береді» – деуші едің. Неге
папаңа қарамай кеттің! 3 жасқа толғаныңда, жансыз көлеңкеңді де
түсіріп алып қалмадық. Соңғы түріңді, тіліңді жеткізіп қалай айтып
беремін. Папаң жоқта Серік болады ғой деп едім, кеттің ғой. Сен
ненің қызығын көрдің? «Папа!» дегенің болмаса, папаңның қандай
кісі екенін білесің бе, білмейсің бе? Папаңның атынан қош бол,
ырзамын дегенді мен айтайын.
Арамызда кіп – кішкентай болып жүр екенсің ғой. Қарап
отырсам, адам болып қалған екенсің ғой. Анау жатқан ұзыннан
созылып жатырған денең, тоймайтын қара жер сені де бойына
сіңіреді ғой. Еш болмаса, папаңның алдына бір шығып, бір күлдіріп
айтатын өлеңіңді айтқаныңда, папаң құмарланып көріп, бетіңнен
сүйсе, армансыз болар ма еді деймін ғой. 1943 жылы 14 апрельде
сағат 02.30 – да Отанға қауыпты күн туғанда, Қызыл армия алға
басып бара жатқанда, жарық дүниеге шығып едің. 1946 жылы 19 май
20.30 – да бейбітшілік уақытта қызылша ауруына бірнеше түрлі
аурулар қосылып (делбе, ит тию, іш ауру, әспі), 18 апрельде жатқан
сені 31 күн дегенде бәрі қосылып жеңді. Осы уақытқа дейін қимастық
282
жасап күттің. Сені қимағанмен, ауызын ашқан тоймас қара жер саған
ынтық болғандай алып тынды ғой.
«Мәңгілік қош бол! Ағаң Сағындық. 20/V – 46» делінген. Денесі
19 рзд тұсы, ескі жердегі бұрынғы мектептің күн батыс жағында
150м. жердегі ақ шеңгел ішіне қойылды. Ол жерде 4 – 5 бала ғана
қойылған екен.
Таутекедей таудан тасқа секірген албырт
шақ.
Ой.
Негізінде, нәпсім – бөрім, ойым – қойым, нәпсіге ойды «Жемей»
жоқ қой тойым. Біле алмай қайсысына қарарымды, болып жүр осы
уақытта дел – сал бойым.
Тұрмағанбет Ізтілеуов(1882-
1939)
Өлеңмен өрнектелген ойлар.
(Күнделіктен)
«Оқыдым мен шырын –палдай сөзіңді,
Жасап қалдым бір көргендей өзіңді.
Бүгінгі күн мәңгі есімнен шықпайды,
Себеп, көрдім сенің қара көзіңді.
Алдым сәулем атыма атап суретіңді жолдаған,
Қара көзің Мағынамен қарайды ғой дәл маған.
Дегендей ол: – Күтесің бе жаным сәулем мені сен
Ұнайды ма мынау тұрған саған менің көлеңкем?
Бірақтағы көңілім менің тыныштығын бермейді,
Сондағы жүрек сырын менің шешкім келмейді.
Жүректегі жалын шоғы азаймайды, ұлғайяд,
Ойлама сен сөнеді деп, ол өмірде сөнбейді»
26-хаттан 8.10.1945.
12.10.1945. 27-хаттан:
«Жазған сөз жету қиын адамзатқа,
Сен үшін жазылған сөз осы хатқа.
Сағындық, құрбыласың менен сәлем,
Как дела, деніңіз сау саламат па?»
.–. -. – ға 12.03.1946
Қалқам-ай, қапа қылдың жауап бермей,
Жүрмісің қолың тиіп реті келмей.
Жолыңа қарауменен сарғайдым-ау,
Мен жүрмін сол қападан әрең өлмей.
Жүрегім сүйгеннен соң болды дертті,
Өзіңе ертеректе бердім сертті.
283
Соғыста жүргенімде естуші едім,
Көңілім осы жерде саған кетті.
Қабағың соңғы кезде ашылмайды,
Жүрегім сені ойлап басылмайды.
Жауабын қанша күтсем сенен болмай,
Көңілім көтеріліп тасымайды.
Жауаптың болар жерін өзің айттың,
Егерде ойды айтып біз барармыз,
Кідірмей, көп ойланған сені алармыз.
Сондықтан осы бастан айтам саған
Кідіртпей жауабын бер арнап маған.
Кетпесін істің басы қиындыққа,
Ертерек айтпай тұрып біздер оған.
Жазғаным он екі ауыз жұртқа жайма,
Жастық шақ зуылдаған жеткізбейді,
Қабыл ал құрбың сөзі құшақ жай да.
Қазықты қанша қаққан ырғалады,
Жолдасқа айтылмайтын сыр қалады.
Хатымды бұрын жазған айтқаның не?
Сыр шашқан сүйгенінен құр қалады.
Үйіңе барып едім шақырғасын,
Бетіңе қарамадым ұрыспасын.
Шақырған себебі еді сыр білуге
Деп ойладым кеткесін тырыспасын.
Түскенде көзің көзге жайдарлы бол.
Ашу-дұшпан, ақыл-дос деген бар ғой
Түсінсең, қалқатайым, айтарым сол.
Бар ойың әкеңді ойлады ақылың,
Шаршама жолдан шығып, жарқыным.
Сопда да жастық шағың есіңде ме,
Жан жолдас туысқаннан жақының.
Хат жазсам қолым менің іркілмейді.
Осымен өлеңімді қысқарттым мен,
Демегін ақырғы сөз бұл бітпейді.
Жазамын өлеңімді гүлге арнап,
Атыңды атамастан гүлге балап.
Жазғанды оқымастан ішің білер,
Жүргенім анда – санда сырттан қарап.
21/III-46.
Атыңа қалам алып жазамын хат,
Алмаңыз ойыңызға қайдағы жат,
Арнаған құрбың хатын оқығанда,
Ақ жүзің күлімдеген болар ма шат.
Иіліп қолыңдағы саусақтарың,
Икемге келесің бе жан сақтарым.
284
Именіп аузыңыздан сүйгізсеңіз,
Иріліп құшағыңа алшақтармын.
Жүрмісің сау-саламат қалқам айнам,
Жарықсың қараңғыда туған айдан.
Жарылқап жолығатын күн болар ма?
Жан сәулем жолығасың әлде қайдан?
Асылым артық едің атқан таңнан,
Ақылың табылмайды мұнша жаннан.
Аулыңа әдейі іздеп мен барайын,
Ардақты қалқам сені сағынғаннан.
Назарым түсіп еді өзіңізге.
Нанғаным осыншама сөзіңізге.
Наушадай сұлу денең көрінгенде,
Неғылып көз түспеген көзіңізге.
Жазылды атың, асыл затым тауып оқы, көңілге тоқы. Жазушы
өзім, көрген көзің, есіңде бар ма айтқан сөзің? Соққан жүрек,
ұстасқан білек, қосылар кешікпей тілек. Саусағың бестен, шығарма
естен, сөйлескен түнді, қосылған үнді, қайыр хош сау бол
жолыққанша енді.
22/III-46.
Сарғайып таң атқандай,
Аңсап жарды жатқандай.
Ғасыр өтпес осылай
Ықшамдап сүй жасқанбай.
Ниетің жақсы басқадан
Деген жерден қашпаған.
Ықыласпен сүйгенді ал,
Қапада бол ма, қалқажан!
23/III-46
Көктем келді күлімдеп масайраған,
Жер бетіне күлімдеп гүл жайнаған.
Еңбек еткен жастар да қимылдауда,
Колхозшы жүр егісте қос айдаған.
Қыздар сұлу көрінген қызыл – ала,
Қызықты өмір сүру бара-бара.
Жігіттер, қадамыңды қаршылай бас,
Уақыт сендер үшін келді жаңа.
Қыздар шашын тарайды жылтылдайды,
Күлкісі қандай жақсы сыңқылдайды.
Белінен құшақтасаң сүйген жардың,
Наз қылып әлде неге ыңқылдайды.
Біреулер жүр жастықты біле алмай ма?
Білсе де қызғанумен көре алмай ма?
285
Араға екі жастың су құюмен
Шарбану әлде сені бай алмай ма?
Қарағым, сыртың бүтін, ішің түтін,
Алдымен, үйде жүріп, өзің күтін.
Түтінге шашаларсың, бұлығарсың,
Шашалмай осы бастан алдын тұтын.
_ ._._._._._._._._, өз басыңды өзің биле,
Жолдасың мақтағанмен сөзіне име.
Достығы дұшпандықтан оза алмас,
Сүйгеннен қалып қойып, жанып күйме!
Көктемде кім күлмейді, кім жүрмейді,
Ғашығын құшақ жайып кім сүймейді,
Біреудің айтқанына сен ермесең,
Шәуілдеп қайта – қайта ол үрмейді.
27/III-46
Үш рет сүйдімдағы қолдан қыстым,
Талаптан Бәйгеқұмның жолын тостым,
Шаршағанның барлығы естен шығып,
Жол үстінде сырласып көңіл қостым.
Шаршағаным көргенде ойдан қалды,
Аузыңнан сүйгенімде шөлім қанды.
Сөйлесіп екі сағат тұрсамдағы,
Артыңнан қарай-қарай көзім талды.
Жұмыстан соңғы уақта шаршағаның,
Көргің келіп сүйгенді аңсағаның,
Айтпасаң да білдіреді бет ажарың
Қуанып сөз таппастай тамсанғаның.
14/IV-46
Ойлаймын жатсам-тұрсам қалқам сені,
Сендағы ойлайсың ба сәулем мені,
Ұйқтасам өне бойы түсімдесің,
Көріңдің таусылмастай алтын кені.
Ояндым таң сарғайып атқанда,
Қасымда жоқ екенсің жатқанда.
Ыстық бетің бетіме келіп тиді,
Күн шығар деп ойладым батқанда.
Күндей болып көріндің дәл көзіме,
Шын айтамын құлағың сал сөзіме.
Күндіз күн, түнде айдай жарқырайсың,
Сүйгенім сұлу болдың сен өзіме.
Қарай – қарай сыртыңнан көзім талды,
Талса да ойыныңа мейірім қанды.
Сүйгендіктен бойыңнан мін таппадым,
Жүрегіме жазылмас ауру салдың.
286
Шын ғашық көңілімді налындырма,
Отпенен суға салып жалындырма.
Жастықта налығаным жаман болар,
Сүйгенге сөз таппастай қарап тұрма.
Артында үй ішіңе қарасармын,
Өзіңмен ойнап күлсем жарасармын.
Дегенде осы уақытта жас емессің,
Құрбыңның еңбегімен санасарсың.
18/IV – 46
Сәлем бердің қабын ал атың Балдай,
Жүрмісің сау – саламат жайың қандай?
Бұрын барып сыртыңнан көріп едім,
Сөйлесуге болар ма бүгін жағдай?
Қазақта мен боламын орта жүзден,
Тыңдасаңыз айтайын қорыта сөзбен.
Орта жүздің ішінде Қыпшақ болам
Жолдастыққа жарардай ойладым мен.
Ішінде Қыпшақтың мен Бұлтың атты
Бәйгеқұм алқабында олар жатты.
әкем аты Алтынбек деген кісі
Сағындық көтер көңіл болар шатты.
Есіткен соң даңқыңа мен келемін,
Шаппасам да аяңдатып желгенім.
Талаптанған жұмысым бір өзіңде,
Орындалар жұмысым деп сенгенім.
Мақұл десең өмірде көңіл қоссақ,
Айрылмастай тату дос біздер болсақ.
Осы бастан жұмысты қиын етпей,
Қосылатын күндерде жолды тоссақ.
22/IV – 46
Көктемде күлімдеген жердің беті,
Көз салсаң, көрінбейді көңіл шеті,
Кей жастар пайдаланбай уақытын,
Көр болып көзін ашпай жұмып өтті.
Жиырма төрт осылайша өткенің бе?
Шығармай атыңды бір кеткенің бе?
Қазағым үйренбедің мәдениетті,
Жиырма бес асығыспен жеткенің бе?
Онсегіз жігіттерге албырт ойлы,
Іздейсің көңілің шатта күнде тойды.
Қызығып қызарғанға мәз болумен,
Білімнен басын тартып, оқуын қойды.
Сүйткенше он тоғызға келіп жеттің,
Отанға қауіп туып армия кеттің.
Басыңа күн туғанда ақылың кіріп,
Саңынды бір соқтың да жерді тептің.
287
Соғыстың зардабымен қиналғаның,
Асып – сасып аттанысқа жиналғаның.
Отанның тілегін сен орындаумен,
Төрт жылың төрт наградамен сыйланғаның.
Ұмытпадың ескілікті қазақ атын,
Келуде туысқанға жазған хатың.
Қажымай жауды жеңген асыл затым.
15/VI – 46
Қолыма қалам алдым хат жазуға,
Жүрегім балғадай соқ кен қазуға.
Асыл зат шығар жерін ойлаған соң,
Болмайды қарап жүріп азуға.
Биік тау егер қазсаң шығады кен,
Адаспай ақыл ойға болар ма тең,
Көз көрмей мақтағанмен ере берме,
Күткенің ұзақ жолдан болды ма кем.
Жастайынан білуші едім Асанды
Адамның парқын білмей мастанды.
Иығына тағып алып жезді оқа,
Шалқайып белбеу шешіп жастанды.
Әскерде елден шығып басты асырар,
әйелім бұрын жоқ деп жасырар.
Ежелден бірге өскен сыры мәлім,
Жүрмегін қотырдай – ақ қасынар.
Байқадың ба айтылған сөз ыңғайын,
Жамандап саған тәуір болмайын.
Бұйрыққа ешқандай да таласым жоқ,
Жолдастыққа жараймын деп ойлаймын.
Зорлаумен ынтымақсыз жолдас болмас,
Жаратпасаң жолдасыңа көңілің толмас.
Сүйіспеншілік ниетің болса бұрын,
Тамыры қиылмаған ағаш солмас.
Қарағым ойласайшы оң мен солды,
Ниетім басқа да емес сенде болды.
Ойлаймын жатсам, тұрсам дәл өзіңді,
Қасірет қайғы болғандай ішім толды.
Айтпап па едім басқаға сырды шашпа,
өкпелеген ойыңды енді таста.
Анау – мынау сылтауды қоя тұрып,
Бел байла ынтымақтан енді қашпа.
Жақын еді бұрыннан да ауыл арасы,
Жазылар қашан жүрек жарасы.
Болайық бұрынғыдан жақынырақ,
Жүрейік бір кісінің ажырамас баласы,
Сызғыштап ақ қағазбен қолды қыстым,
Анығын сенен жауап тағы тостым.
288
Шаршамай жауабына қана қойсам,
Айтылған сертке тұрдым енді достым.
Шежіреге толы шегіртке
Жылдар
Марқұм анам Айнакүлдің айтуы бойынша, мені шегіртке келген
жылы бидай ораға кезінде туған екен. Қызылорда облысында 1946
жылы да егіскке шешіртке келді. Сол шегірткені егіннен айдап жүріп,
түсте отыра қалып, көптен көндіре алмай жүрген Раушанның да
уәдесін алып, ұзатпай некемізді қостық. Алтын тойымызды да
уақыты өтіп кетсе де, 2000ж. шегіртке жылы өткіздік.
Біз дүниеге келген кезде, қазақ даласында тууы туралы куәлік
деген атымен жоқ кез еді. Анамның есінде қалғаны бидай орылып
жатқан кез екен де және сол жылы егіске саразбан шегіртке түскен
екен. Бұл шамасы 1922 –шамасы сияқты. Менің алдымда бір ұл,
Сүйіндік, және бір қыз, Ханбибі болған екен. Сүйіндікті көргенім жоқ,
Ханбибі әпкем 1936 жылдары дүниеден өткен екен. Мен ол кезде
Қармақшы ауданында 6 – класта Мәденнің қолында оқуда едім.
Анам да сол жылдары қайтыс болған, оны да Ханбибінің қасына
Бәйгеқұмға жерлепті. Мен оқудамын. Елге келгенде, көргендерімнен
есімде қалғанынан туған әңгіме «Алтын мен Күміс және мыс»
болатын – ды. Бұл – өмір шындығы. Ержету, азамат болу, Отанды
қорғауға аттану кездері өзінше бір сала әңгіме. Ол тұралы да
жазылған күнделік сияқты жазбалар бар. Олар, әрине, шикілі – пісілі
бұйымдар десе де болады. Өзім де сондай болуым керек – ау.
Оларға қайтып оралған емеспін, өз көрінісін қалпында берсін дегенім
еді.
Екінші шегіртке келер кезеңіңде туған албырт шақ кезінде, сол
күнделікке жазылғандардан «Өлеңмен өрнектелген ойлар» деген
туынды берілген. Бұл да олқылы – толқылы балқып жүрген кезді көз
алдыңызға әкелсе керек. Үшінші шегірткеге дейінгі кез қалыптасу
кезеңі ме деймін. Өмірге жан – жақты ой бөліп қарап, өз ойымда
289
жүргендерді берген екенмін. «Көргенімді айтайын ба, есіткенімді
айтайын ба?» – дегенде, «Есіткен шын бола бермейді, көргеніңізді
айтыңыз», – депті ғой. Сондықтан да бұл өмірді «Бастан кешкен, көз
көрген» деп атауым содан. Өмір деген бәрі түп – түзу бір сызықтың
бойындай бола бермейді. Көпшілігінде, ауыр кезеңі молдау болады
да, қызықты, рахаттанатын кезеңдері одан аз болады. Сол
қиындықты жеңемін деп, онымен арпаласып өту, әрине қажытады,
шаршатады. Мынаны қараңызшы: «Отызыңда орда бұзбасаң,
қырқыңда қыр аса алмайсың» депті ғой. Ол солай да болды;
1963жыл. Мен алты перзенттің әкесімін. КАЗГУ – ді сырттан оқып,
бітіріп тұрмын. Маған аспирантураға қалуды ұсынады. Осы жылдар
арасында алғаш рет өзіме баспана (үй) салғанмын. Шаршағандығым
соншама – кітаптың бір бетін екі бөліп оқимын. Аспирантураға
оқыған күнде берері 120сом. Ал, ойлана ғой. «Әдепкі байлық –
денсаулық» деген бар емес пе. Денсаулықтан айрылып қалуға
болмайды, шамалы болса да тынығу керек сияқты. Сонда да болса,
тыным таппай қалмаған әдетке басып, бар білгенімді шәкірттеріме
беруге бет алдым. Соның нәтижесі 1975 жылы аудан бойынша 900 –
дей оқытушының ішінен «Құрмет тақтасына» іліктім. Менің білім
алған оқу орным Қазақстан бойынша ең таңдаулы орын еді.
Ұстаздарым кілең алдыңғы қатарлы Қазақстанның мандай алды
ғалымдары – І. Кеңесбаев, Темірғали Нұртазин, Бейсенбай
Кенжебаев, Зейнолла Қабдолов, Қ. Аханов, Мәулен Балақаев т. б.
Ғалымдар – академиктер.
Шәкірттің білім сапасы ұстазының біліктігіне қарай болса керек.
Ұстазың осал болса, сенің дипломыңдағы қойылған артық баға ол
білім болып саналмайды. Тынығайын, демалайын деп жүріп
денсаулығымның төмендеп кеткенін бірден сездім. Тапқан табысым
ремонтыма жетпейтінін білдім де, жұмысты қойып, біріңғай
демалысқа шығуыма тура келді, солай жасадым да. Алты жыл бойы
сауығу орындарына жолдама алып, уһ деп, қатарға тұра бастадым.
Бұл жылдары «Выслуги лет» деп аталатын ақым 52 сом ғана еді.
Ақшаның құны бар, өмір сүруіме жетіп тұрды. Содан бастап жұмысқа
араласқаным жоқ. 1982 жылы толық зейнетке шықтым, зейнет ақым
ол кезде 120 сом болатын – ды. Ол деген қазіргімнен екі еседей
құнды еді. Осылай жүріп, 5ұл, 4қыз өсіру, оны асырау, оқыту,
үйлендіру, әдібұлыққа жеткізу тек қана бір менің басымда. Құдайға
шүкір, бәрі де үйлі – жайлы, балалы – шағалы болды. Дәл бүгінге 29
немере, 8 шөберем бар. Оның үстіне үлкен байлығым – алғашқы
алған қосағыммен елу сегіз жыл бірге тұрып жатырмын. Кемшілігіміз
– менің моторымда ақау бар, жолдасымның ходовойы жарамсыз.
Бұл заман – ата мен әже баланы, немерені,шөберені асырайтын
заман болып тұр. Ебіне лайық асарын асап, жасарып жасаған
сияқтымыз – ау, оған өкінуге болмайды. Қазір біз пәлектегі пісіп
жатқан қауын сияқтымыз, өзі – ақ үзіле салады. Бізге сүйенін отырған
290
немере, шөберелердің халі қалай болар екен? Олар бізді қиймайды,
біз керекпіз.
29/2-2004ж.
Тағылық өмір.
«Қасқырдың бөлтірігін
Қанша асырасаң да орманға
Қарап ұлиды».
Біздің білетініміз өмірдің алғашқы кезінде (Алғашқы қоғамнан да
бұрын) жабайылық – тағылық өмір болған сияқты
Келе-келе ұйымдасу, еңбек ету арқылы алғашқы қоғамға қарай
үйрету жолдары болған. Сол сияқты хайуанаттарды да қолға
үйрету жолдары болған. Сол хайуанаттарды қолға үйрету әлі
жалғасуда.
Ал, әлі дүниежүзінде меңгерілмей жатқан жерлерде жабайы
адамдар бар сияқты. Әрине, олардың тіршіліктері өмір бақи
далалық жерлерде өтеді: табиғатына бейімделеді, өмір сүреді.
Дегенмен, мәдениетті өмір сүргенге не жетсін!
Осы біз ұқым қуалашылық – «гена»деп жатамыз. Кейде
«қанына тарпағанның кары сынсын»деп те жатамыз,яғни қаны
жібермей тұр, бүкіл мінез-құлқы өзгеше дейміз. Қанша
тәрбиеленгенмен, ішкі пікірі өзінше теріс, жасырын қалпында
тұра береді дейміз. Бұл сөз адамға да, Хайуанатқа да қатысты
айтылады. Осындай тағылық өмірдің дәл өзі болмағанмен,
соның сарқыншағын ел ел ішінен байқағаным бар. Кешіріңіз, аты
жөнін айтпаймын, бірақ әңгіменің барысын байыптаған адам кім
екенін аңғаруы мүмкін.
Қай халықтың-рудын шежіресіне үңіле қарасаңыз, сол руға кірме
болып қосылатындар, яғни түрлі тарихи жағдайлармен өз
туыстарынан айырылып қалып, осы руға сіңіскендер бар. Біз
оларды білгенмен, басқасын демейміз, қайта қауымымыздың
мол болғанын қалаймыз. Сондайлардың кейбіреулері сіңісіп
кетпегенмен, өздерін басқа руданбыз санайды. Тегінде жеті
атасын тәптіштеп айта алмайды, үйткені білмейді. Бұлар сол
елмен қыз алысып, құдандалы – жекжат болып, бауырмашыл
болып кеткендері жетерлік. Дегенмен, соддайлардың ішінде
пікірі бөлек, өзінше есебі бар сияқтанып, тағылық мінезді
жандары көрініп-ақ тұрады, әрине, байқағанға.
Сол тармақтан қалғандардын ең үлкені күні бүгінге 84-ке келді
де. Бұл осы елге сіңісіп, осы елдің қызына (тұрмысқа шығып,
отаспай келген біреуіне) үйленді. Одан ұлды да, қызды да
болды. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде есебін тауып, армияға
барған жоқ. Денсаулығы жарайды. Соның жақын ағасы армияға
алғанымен, Россия жеріне барған жерінен қашып, елдімекендері
291
аз жерлермен жаяу жүріп отырып, елге келді, жасырынып
паналады, үйленді, балалы – шағалы болды. Қазір дүниеден
өткен. Баласы, қызы тағалық өмірден тазарған. Бірақ мына бар
ағасымен қатынасы жоқтың қасы. Оған тартып тұрған ағасы
болмағандықтан ба деймін. Жаңағы қарттық дәрежеге келгені әлі
өзін қартайдым деп есептемейді, жартылай тағылық өмірде десе
де болады. Тіпті сонысы жасы 60-қа келмей-ақ, үйленген.
Әйелінен дүниесін (малын) бөлек бағып, одан қатты
қауіптеніп(мені дуаламақшы деп), безіп жүрді. Соғыс аяқталған
кезде бұл мал бақты (ойсыл қара). Малдан босаған кезде ол ірілі
– уақты 52 бас малмен шықты. Кілең дала, басқа үйлерге түнеп,
кірлеп, биттеп те жүрді. Солай жүріп, Ұсталмаса да басқа
біреулердің малына сұғанақтық жасап та жүрді. Ерегіскендер
оны да аяған жоқ., алдыртып та жүрді. Солай жүріп, көрші
ауылдан бір жесірге үйленді. Баласы бола қойған жоқ. Ұрыспай-
ақ одан да ажырасты, шамасы, пікірлері дұрыс болмаған соң
болуы керек. Алғашқы әйелі екіншісіне үйленген кезде, ауыр
науқастанып (рак) дүние салды. Екі келінді, қыз берген кезі
болатын. «Өлім қайда барасың, малы бардың малын шашуға,
малы жоқтың артын ашуға»деген сөз бар емес пе? Шашылған
да, ашылған да жоқ. Балалары, өздері әрекет жасады. Екінші
әйелден ажырасқан кезі сексенге келген кезі. Қайда барады,
кімді паналайды? Бұл кезде мұның 12 мойнағы бар кез екен,
далада жайылады, өзі бақылайды. Алғашқы әйелінің дүниеден
озған үйінде кіші келіні бар еді. Оған келіп қосылмады, қасында
бұрынғы өзі салған ескі тамы бар еді, соған келіп паналады.
Баласының отанына қосылғысы келмейді.
Шіркін, қабақ шытын ұрыспайды, айтыспайды, бірақ пікірі
бөлек. Сырт көзге артист сияқты, тілі майда, айналуы да бар.
Сол қасындағы баласының бір бастауыш мектепте оқитын қызын
баурына басқан болыпты. Тіпті, дәл қасында отырып, тамақты
бөлек ішеді екен. Ұрыс – Қағыс жоқ. Өзінен кіші қарындасы бар
болатын,онымен де қатынасы жоқ. Соңғы барғанымда, ақпан,
2004ж., ол қартайғанын мойындамағанмен, бет әлпеті
шаршағанын білдірте бастапты. Бір құдасының өлгеніне жүз күн
толғанында көрдім, мойындап тұрмын демейді. Өзі біздің елге
күйеу еді. Жүзі өтіп жатқан құдасы да 80-ге келіп өткен. Соның ол
шілдеханасына келіп едім деп тұр. Тілінің тікені де бар. Сондай
өмір сүрсе де, бетінің қаны тамып тұрушы еді, қазір ол қайтыпты,
бетін әжім енді басайын деген екен. Сайтан емес қой, өмір өз
дегенін істейді. Ешкім де арғы дүниеге еш нәрсе ала кетпейді.
Орыстар «Закалка» деп, жатады ғой. «Закаленный» болса да,
спортпен айналысқандар да өтуде ғой.
Бірақ осы адамның қанындағы тағылық гена әлі сол қалпында
сақталуда. Өз перзентіне ерімеген жатқа жаны ашушы ма еді.
Жамандап отырғаным емес, шындық қаз қалпында беріліп
292
отыр. Хайуанның тағылығы қолға икемге келсе, мынанікі келмей-
ақ барады. Қасқыр тақілеттес болғаны да. 15/3-2004ж.
Алтын тойдан кейінгі адымдар.
«Сезімталдықтан
Серіктестікке
Көшу – картаю».
Айтуға оп– оңай сияқты болғанымен, алтын той мерзімі деген
оп-оңай келе салатын уақыт емес. Елу жыл бойы ақ некелі
(бірінші некемен өмір сүру екінің бірінің тағдырына жазыла
бермеген). Алғашқы той жетім баланың тойы болып өткен.