355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 17)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 17 (всего у книги 27 страниц)

жоғары мәртебеміз көрікті келген әйелге мінез жасайды. Оны

еркектің қолына беріп, оған берген кеңесі: өте сақтықпен ойланып

пайдалансаң, бақытыңды да, мұңыңды да табасың. Сүйенішің де,

күйреуің де соның ішінде.Күшің мен үстемдігіңді пайдалансаң,

мақсатыңа жетесің. Айрылсаң, әйелден жеңілгенің – үстемдіктен

айрылғаның, басыңа шыққаны.

4/XII-2001. г. Шымкент. Больница «Кардиоцентр».

Мухтар Шаханов.

«Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысханның пенделік

құпиясы)

«Космоформула Карающей памяти»

(Тайна, унесенная Чингизханом).

Роман в поэмах.

Алматы, «білім», 2001

Стр. 190-195. Эпизод осмысления:

IV-2002ж. осы кітап үшін М. Шахановқа Американың Халық

аралық Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және өнер

Академиясы Альберт Эйнштейн атындағы алтын медальмен

марапаттады.

Отырар шаһарының ханы – Қайыр хан. Қайырханның әйелі –

Ақерке. Шаханов поэзиясы тек қазақ әдебиеттің ғана емес, күллі

әлемдік поэзиясының «жаңа белгісі» деп жазды. Романды неміс

тіліне аударған Фридрих Хитцер.

Седьмое чувство

Вот ты и женился.

Я рад за тебя.

Но не только люди –

Даже волки с волчицами

И смешные обезьяны,

Спасаясь от одиночества,

Соединяют судьбы,

Чтобы стать

Верной опорой

Друг другу.

Жениться, как все,

И привести ребёнка

Не требует

Большого ума.

Вопрос весь в том,

196

Каким своим ликом

Завтра твоя суженная

Повернётся к тебе?

Люди испокон веков

Свои горячие и бурные

Мимолётные увлечения

Путает с любовью,

Потому что

И такая страсть

Порою тоже сыплет

Искрами.

Но не каждому

Суждено понять,

Что в нашем людском

Столь забывчивом мире

Любовь – наивысший пик,

Подняться на который

Дано лишь немногим

Счастливцам.

И, возможно, увы,

Из десятков тысяч

Только двоим

Удаётся держаться

На острой грани

Этого удивительного,

Пленительно – волнующего

Праздник счастья,

Праздника вечного

Неустанного восхищения.

Близкость лишь телесная,

Без близкости духа –

Неизмеримая печаль.

Вот почему на свете

Так много людей одиноких,

Страдающих от бескорылости

Своих половин.

У них никогда не бывает

Неповторимых взлётов,

Необъяснимых праздников,

Полностью лишённые

Этой радостью судьбы,

Они несчастны,

И улыбаясь в глаза,

Часто тайком

Утирают горькие слёзы.

И на любом перекрёстке

197

Жизненного пути

Всегда встречает тебя

Неумолимый вопрос:

Стала ли супруга

Чутким другом

Твоей души,

Другом твоих

Сокровенных побуждений?

Ощущает ли она

Твоих вдохновенные полёты,

Твои радости у муки

Своим седьмым чувством?

Если же нет,

То все твои устремления.

Как попытки

Разжечь огонь

На льдине

В ветреный день

И это значит,

Что ты находишься

От судьбоносной цели

Слишком далеко,

Далеко…

Вот так недоступна,

Вот как трудна,

Вот как таинственна

Это многогранная,

Избирательно – своенравная

Любовь.

Чингисхан

Забавно.

Я никогда не придавал

Значения стихам.

А поэты меня раздражали,

И я всегда их

С усердием казнил.

Но в том стишке

Есть разумное зерно,

Которое можно было бы,

Принять во внимание.

К сожалению, это

Для меня

Уже слишком поздно.

А на женщин

Я всегда имел

198

Свои неизменные взгляды.

В раннем детстве

Я от отца своего

Услышал такую притчу:

Когда всевышний решил

Сотворить женщину

Из ребра мужчины,

Не долго калебался

Насчёт того,

Какой ей

Дать Характер

В это время к Богу

Приползла Змея

И попросила

Изменить её

Природное назначение.

Всевышний ей ответил:

«Нет, ты будешь

И вперёд продолжать

Ползать на брюхе.

Но в данный момент

Я в размышлении

Над созданием

Нового, многоликого

И непредсказуемого существа.

Мне, пожалуй, понадобятся

Особенности твоего нрава...»

И Бог, собрав,

В одном сосуде

Лучи горящего солнца,

Свежесть родника,

Красоту и нежность цветка,

Щедрость осени,

Влюбчивость мотылька,

Верность лебедя,

Изменчивость хамелеона,

Непостоянство ветра

Плаксивость облака,

Покорность коровы,

Упрямость осла,

Болтливость сороки,

И хитрость лисы,

Добавил туда

Ещё самую малость –

Ярость, коварство

И злопамятность змеи.

199

Усердно и тщательно перемешав

Все собранные своиства,

Всевышний и сотворил

Прекраснейшую женщину.

И торжественно передавая

Это творение

В руки мужчине,

Бог посоветовал ему:

«Будь благоразумен

И крайне осторожен –

В ней твоё счастье

И неизмеримая печаль,

В ней опора

И в ней же

Твоё разрушение.

Если ты не сумеешь

Управлять своей женщиной,

То в её действиях

Непременно возьмут верх

Отрицательные черты.

И ещё запомни:

Мужское преимущество –

Всегда в его силе

И в помыслах властвования.

Их потеря –

Твоё окончательное порожение

Перед женщиной!»

И я до сих пор

По отношению к женщинам

Придерживаюсь

Этих правил.

Көңілде пайда болған сұрақ:

Осы автордың өз жары Ақеркедей ме екен? Ал, осы сұрақты қойып

отырған өзімдікі ше?

Мен ол туралы айтқан сияқтымын: «Жіберіп алған қателігім» деген

тақырыпты қараңыз. Ол – баларымның анасы. Кемшілігі – күндердің

күнінде тұйыққа тірелгенде, ақыл – кеңес қоса алмайтындығы. Оған

себеп – оқымағандығы, басты себеп – өз қатесін мойындамаушылық.

Ондай жан еш уақытта да...

Дүние жүзінде белгілі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алғашқы әйелі

Абайдың Мағауиясының қызы Кәмилә еді. Тарихи жағдайларға

байланысты ма, Мұхтар Александр Фадеевтің балдызы Валентинаға

үйленеді. Бұл – екінші әйелі. Бір естелігімде Мұхтар Кәмиләнің

наласына қалдым ба дегені де бар – ды. Кәмиләні өте жақсы көретін

200

айтқанымда. Сол Мұхтар Москвада операция үстінде қайтыс болып,

Алматыға алып келгенде, туыстары Мұхтардың денесін өз үйінін

есігінің алдына қоюды айтады. Мұхтар сол өзі тұрған үйін

салдырғанда, келешек музей бола ме дегені бар екен. Осыны

Валентина айтқанда: «Что вы говорите, я ночью боюсь выходить» -

депті ғой. Ақыры сол үй музей де болды. Директоры Валентинадан

туған Ләйлә болды; Ләйлә Дінмұхамед Қонаевтің келіні еді, Асқар

Қанаевтің әйелі. Мұхтармен қоштасарда Абай атындағы опера

театорында табыт басында Валентина мен Мұхтардың үшінші әйелі

Фатима(Ілияс Жансүгіровтың әйелі) қатар отырғанын көзім көрді.

31/XII – 2001. 06 08

8/XII – 2001. 03 сағ. 58 мин. Шымкент қаласы.

Мухаммед – ақылды,

Мишель Нострадамус – данышпан

Мұхаммед пайғамбарымыз да, әйгілі көрінкел Мишель

Нострадамустың өзі де көздері жұмылып кеткенде, кенеттен ой сап

ете қалса керек. Сол келген ойларын біріншісі ояу кезінде

жанындағыларға түгін қалдырмай айтады екен. Жанындағылар да

құйма құлақ жандар ұмытпай, жадында сақтайды екен. Мұхаммед

пайғамбарымыз дүниеден өткен соң, сол айтылғандардың негізігде

«Құран Кәрім» құрастырылғандығын оқығаным бар еді(Құранның

жазылу тарихынан).

Сол сияқты Мишель Нострадамус та ойында қалғандарын өз

қолымен қағаз бетіне(өлең түрінде,әрине, жұмбақтап жазылған)

түсіргендігін «Мишель Нострадамус» кітабынан оқып едім.

Нострадамус болашақты данышпандықпен болжағандай

болса, олары іске асуда. Маған да бір әдет пайда болып, түн

мезгілінде ұйқым ашылып кетіп, көзімді жұмсам, түрлі ой көз

алдымды шарлайтынға айналғаныма біраз уақыт болды. Сол кезде

сол ойымды жазып тастасам жаздым, жазбасам ертеңіне айрылып

қаламын. Сол әдет тағы келді. Мен қазір Шымкент облысының

кардио орталық ауруханасының реанимация бөлмесінде жатырмын.

Бұл жерге келемін деген үш ұйқтасам, түсіме де енбес еді. 28 – 29 –

30/XII – 2001 күндері денсаулығым болмай, әр күнде денемнің

қысылғандығы(приступ) болды. Соны анықтауға орталық

диагностикалық жайға келсем, жүрек ауруы деп тауып, маған

«Крупноочаговый инфаркт миокарда задней стенки, острая стадия»

деп диагноз қойып, бет қаратпай осы жерге алып келіп жатқызғанына

төртінші күн болды.

Әшейінде мың қиял адам, енді ойламағанда қайда

оймақшысың болды – ау. Ұйқы келмей, тағы да әдетке бастым. Бірақ

мен ақылды да емеспін, данышпан да емеспін. Оған, оқушым,

201

сіздерден кешірім сұраймын. «Бастан кешкен, көз көрген» деп

аталатын жинақ төрт бөлімді еді. Мынау соған жалғас бірдеңе болар.

Мен болсам, асқазаным екен ғой деп ойлағанмын.

Бұған дұшар болғандығымды осы биылғы жаз бойы

ауырғандығым, жанұяда болған жағдайлардың жиынтығынан ғой деп

қорыттым.

Өмірге келгенің анық болса, одан өту де айдай анық. Бұл -

өмірдің заңы. Оған реніш те, уайым да жоқ. Тек сол өмірмен

қиналмай қоштасқанды дұрыс деп санаймын.

Бұл жерде Ұлы Отан соғысына қатысқандарды тегін емдейді

деп еді. Алғашқы күндері солай басталды. «Айдың аяғы, жылдың

аяғы, қаржы таусылды» деген менің ақылыма сыймайтын

сылтауларды айтып, қымбат дәрілер бізге жоқ, өзің сатып аласыңға

шықты. Мына ой содан келіп туып отыр. Сөз бөлек, іс бөлек.

Адамдар да түрлі әдіс-айлаға көшкен. 7/XII– күні; 1 укол 2 таблетке

(кешкілік) 900 теңгеге жақынға түсті. Бұлайша емделуге менің

жағдайым көтермейтіндігін медбикелерге айттым. Одан дәрігерлер

де хабардар болды. Не керек, батып айта алмайды, әйтеуір, уақыт

өткізуге басқанын сезудемін. Бұлар өздерінен бір саты жоғарғыларға

айта алмайды ол түсінікті.Бірақ бір тәуір жері мен келіп түскеннен

бері еш приступ жоқ, жағдайым жақсы.Ендігі мақсат бір жолғы

емделу мерзімін аяқтау ғана болып тұр. Диагнозымды білген

балаларым қатты үрейленуде, оларға жағдайымның жақсы екенін

хабарладым,әбіржімеңдер дедім.

Бұлармен айтысып, заңды жасап қоюдың да нәтиже

шығармайтындығын білемін.Қазіргі кез айнала ауызжаласқан,

шындық жоғалған, сөз бөлек те, іс бөлек кез.Ішіме сыймағанды қағаз

бетіне түсірдім ғой.Енді жарылып кетпесіпін, ұйқы келер деп, мына

үзіндіні эпилог ретінде ұсынып отырмын:

“Жазыла, жазыла тәуіптерге ұят болды ғой, енді өлмесем

болмас” – депті ғой бір науқастанған адам.

8/XII – 2001. 04 сағат, 23

минут

Қадірді асыру ма, әлде қашыру ма ?!

“Бойжеткендердің ойы да жетсін десек ...”

Осы “Қадір деген бір сөз бар. Сол сөз арасында болатын

сыйластыққа, құрбы қатарлардың бір– бірімен қарым-қатынастарына

байланысты жағымды құбылыс, іс – әректке айтылса керек. Сонымен

қатар, әсіресе, үлкен мен кішінің бірін – бірі түсіне білуіне айтылса

керек. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына

ренжимін» депті. Сонда бұл қандай жағдайда жағымды мәнді

ұғымын сақтайды деген сауал туады.

202

Қартайғанда ер кісі үйден ұзап шықпай, от басында ретсіз

нәрсеге араласып, сөйлей берсе, қадірін алдырып алады деген де

бар. Сондықтан ер адам уақтысының мол бөлігін түзде(далада)

өткізгені дұрыс сияқты.

– Ал, әйел адам ше?

– Әйел адам Отанның ұйтқысы, үйден ұзамауы керек. Үйден

шығу деген ол үйдің есігі жабулы деген болады.

– Келіні бар, кейуана болған әйел ше?

– Егер кейуана әйел үйінде отырмай, басқа үйге кете берсе,

қыдырымпаз деген атқа ие болып шыға келеді.

Ал, басқа Отан құрған балаларына барып тұрса, ол бір басқа.

Сонда да сол кейуананың тұрақты тұрған үйі бар. Басқа

баласына бара тұра, сол өзі тұратын отанына қайтып оралғысы

келеді де тұрады екен. Бұны өмір тәжірибесінен жасай – жасай

көрдік те. Ал, қайтып оралғысы келмей, жайлы жерінде жүре

берсе, кейуананың отаны саналатын үйдегі келінге сын, яғни

келіні оны сыйыстырмағаны, не күтпейтіні болып шыға келеді.

– Енді отандағы келіннің кеткен жағынан тез оралмауы қалай

бағаланады?

– Егер де ол келіннің қарауында ата – енесі болса, біле білсе,

сол ата – ене соның әке – шешесі, қартайғандай болса,

тіпті, тілі шыққан, екі аяқты емес, үш аяқты сәбиі;

еңбектеуден өткен, шыққан тістері түсіп таусылған, көру,

есіту қабілеттері де нашарлаған, ерекше күтуді керек

ететін, түсінсе – мүсәпірі, түсінбесе – алжыған албастысы.

– Ол сондай қарты бола тұра неге ұзап кетеді?

– Е, оның туған әке – шешесі бар емес пе еді? Соны сағынды,

соған кетті.

– Сонда ол сол жақта жатып алуы керек пе екен?!

– Ол сол келіннің парасаттылығына байланысты.

– Ол келіннің отаны қай отан болғаны? Келін болып түскен

отанды ол отаным деп санай ма?

– Соны түсінуге де парасаттылық керек сияқты.

– Сіз қалай түсінесіз? Осы ұзатылған қыз төркініне келгенде, сол

үйдің өз адамы ма, әлде қонағы ма?

– Әрине, қонағы. Қыз жат жұрттық емес пе еді. Барған жері өз

отаны.

– Сонда ол қандай қонаққа жатады?

– Оны толық білгіңіз келсе, «Бауыржан Шоу – дың» концертін

көріңіз. Түсінсеңіз, қайсысына жататыныңызды табасыз.

– Осы көптен көрінбей кетсе, анда – санда бір ұшырасса,

қадірменді болады демей ме?

– Оның жолы бір бөтен. Ондайлардың қадірлерінің тез өңін

жоғалтып алатындары да болып жатады.Ондайдан Алла

сақтасын!

203

– Отанның иесі әйел деп айттық қой. Сол әйел қадірімді

арттырайын деп, есіктің жанды қара құлыптарын

қалдырып, зарықтырып кеткен ше? Ол да қадірін

арттырғанға жата ма?

– Таяз ойлағанға жатса жатар да – ай!Соны кешіктіріп жатқандар

да ақылы терең жандар болмағандығы болар.

– Қашқан қадір қайткенде орнына келеді?

– Қателігін мойындаса, кешірім сұрай білсе. Ақырында, сол

қателікті қайтып қайталамағанда ғана орнына келсе керек.

– Қазақта «Балам жаман болса, бола берсін, келінім жақсы

болсын» деген сөзді неге айтқан?

– Айтқан жоқпыз ба, отанның иесі – әйел. Сол әйел сол үйдің

егесі, жұмысшысы, тамақтандырушысы; орысшалап айтсақ

– «мамулясы». Ол әйелдің жоқ болуы деген –

қалғандарының бәрі тірі жетімдікке енген деген. Сол әйел –

сол үйдің әрі күңі, әрі ұлығы. Сондықтан да қазақ келінім

жақсы болсын деп, Алладан тұрса да, жатса да тілеген

емес пе!

– Онда маңдайыңа жазғанын көресің де «жазмыштан озмыш

жоқ» депті ғой.

Қазақтың Найман тобында «Әлпеш ана» деген келін болған. Сол

Әлпеш

ақылдығымен Найман руының жойылып кетпеуіне себеп болған.

Әйелді аты жоқ, жөні жоқ ақылы кем дейтін бар. Ол – дұрыс емес.

Ақылмен жеңгенге не жетсін! Бір беттілікпен жеңу – жеңіс емес.

Сондықтан да «өзің білме, білгеннің тілін алма, қарғыстың ең

жаманы сол болар» депті ғой. 5/04 – 2002. 09 25

Іс бар жерде қателік ұшырасып отырады. Іс болмаса, қате де

болмас

еді. Енді сол кеткен қатені мойындау да бар, мойындамау да бар.

Кімде – кім қатесін мойындамайды екен, демек, ол оны

жоймайды деген сөз, өзінікін дұрыс көру болып шығады. Бұл –

бірбеттілік.

Ал, қатесін мойындаған адам – қатесін жоюға бет бұрады деген

сөз.

Қателесіп кетеді екенмін деп, жұмыс жасамай отыруды

ақылдылыққа санауға болмайды. Сондықтан іс – әрекет, жұмыс

керек. Ол – өмірдің талабы. Солай бола тұра, жан –

жағыңдағылармен санасып, ақылдасып, кеңесіп отыру –

адамгершілік қасиетің. Білсең – үйрет, білмесең – үйрен.

Түсіне білсең, осы жарық дүниедегі өміріңде пейішіңді де,

тозағыңды да жасайтын өзіңсің. Дұрыс сүрген өмірің – пейішіңнің

қалануы да, теріс істеген ісің – тозағыңның қалануы.

Ақыл – есің дұрыс болса, ойлан, өзіңе өзің есеп бере біл,

тоқтамға кел.

204

Егер олай болмай, бір күндік өмірім артық деп, ертеңгісінің

керегін жоққа салсаң, санасуды білмегенің болып шығады. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» деген де сөз бар. Тірі болғансып,

күндердің күнінде есейген соң, осындай тағдыр басына келгеннің

айтқаны болар. 6/4 – 2002.

Осы біз 59 – жыл бірге тұрып келеміз. Алтын тойымызды да

өткіздік. «Гауһар» тойымызды (60 жылдық) шаңырақ иесі саналатын

кішкенеміздің отанында (өмір болып жатса) неге өткізбеске. Әдетте,

ата-ана қай баланың. өздігінше шаңырағын игеріп кетуіне

қарайласады емес пе. Бұл бала енді өзіне-өзі келді ғой деймін.

Бұлар ержетсін десек, солай жасайық. Біз отырғанда бұлар

үлкеймейді, бізге сене береді, сәби болады да тұрады. «Есейіп

кетсем де, мен саған сәбимін өлеңі соған айтылған.

16/II – 2005

Болған ақиқаттың растығы мен жерге оралып

қосылу немесе «БАР мен ЖОҚ»

Ешкім де күмән келтірмейтін бір жәйт бар. Оған ешкімнің де

таласы жоқ және ол солай болып жатыр. Мәңгілік болып жаралған

ешнәрсе де жоқ, барлығы да қозғалыста, өзгерісте екенін ғалымдар

да дәлелдеген; ғалымсыз – ақ ақылыңызға салсаңыз, оған көзіңіз

жетеді.

Сонда ол не дейсіз ғой. Бұл табиғаттағы барлық заттар десең

де болады. Сол заттың бір бөлігі-адамзат.

Адамзат дүниеге келуі ақиқат болса, дүниеден өтуі де, яғни

жерге оралып қосылуы да ақиқат. Енді түсінген боларсыз: « БАР мен

ЖОҚ-тың» қысқартылып алынып отырған сөз екендігін.

Бірақ сол заттар ең соңғы кезеңіне дейін қандай өзгерістерге

келді дейміз бе, не тындырды дейміз бе, мәселе сонда тұр. Сол

мерзімде пайдалы әрекеттер жасады ма , әлде ешнәрсе де

тындырмай, босқа келіп, өз – өзінен ізсіз өтті ме?! Мұндай құбылыс

барлық заттарда болатыны ақиқат: «Уран» деген элемент

ескерілмесе жер қойнауында жата берсе,ең соныңда қорғасынға

айналады екен, ал қуаты әлі бар уранның бөлшегін тек қана

қорғасын ішінде сақтайды екен, басқа затпен оны орап сақтауға

келмейді екен.

Ал, сен адамсың ғой, ойлашы, не тындырып бара жатырсың?

Адамдардың ішінде жалтақтап, бас сауғалаушысы да бар, бас

сауғалауды білмей, керексінбей, ақиқатты ашушылары да бар.

8/IV – 2002. 22:47

Әке мен баланың әңгімесі

– Әке, сіз де бала болдыңыз ба?

– Иә, балам, мен де бала болдым ғой.

205

– Сонда сіздің де әкеңіз болған ба?

– Иә, болған, бірақ ол мен кішкентай кезімде дүниеден озып

кетті.

– Озғаны қалай, түсінбедім ғой, әке?

– Е-е, озған деген жан-жағына қарамай, әдеттегіден де

қаттырақ жүріп, ешнәрсеге қайрылып қарауға шамасы келмей

кеткенді айтады.

– Ол соншама неге асыққан әке?

– Е-е, балам, түсінбей отырсың ғой, -түсіндірейін. Біреу ерте,

біреу кеш бұл жарық дүниеден есебін тауып, түрлі себептермен демі

таусылып, қайтыс болғанды айтады.

– Онда сіз неше жаста едіңіз?

– Ол кезде мен 6-7 жас шамасында ғана болатынмын, балам.

– Сіз қалай күн көрдіңіз, сізге кім қарады?

– Анам ол кезде тірі еді. Менің анам саған әже болып келеді,

балам.

– Ол қайда, мен көрмедім ғой?

– Ол да менің 12-13 жасымда бұл дүниеден өтіп кетті.

– Сонда сіз қайда қалғансыз? Осылай да бола ма екен?! Сізді

кім оқытты? Киім-кешек, тамақ дегенді қайдан алдыңыз?

– Оның бәрін айтып жатсам, ұзақ әңгіме. Бір сөзбен айтқанда,

бір Алла өзі жаратқан соң, ырызғысын тауын береді екен ғой:

балалар үйі деген болады. Онда жетім балаларды жиын, асырайды,

оқытады. Олар өскен соң, өз тірліктерін жасайды.

– Әке, әжемнің сізден басқа балалары болмаған ба?

– Болған, менен үлкен қызы да, ұлы да болған. Менен кішілері

де болған.

– Олар қазір қайда?

– Е, балам, олар да ертеректе қиыншылық заманда қайтыс

болып кеткен.

– Ол қандай қиыншылық заман?

– Дәл қазір сен өмір сүріп отырғандай емес. Қазақ деген

халықты қолында бағынышты етіп ұстау үшін, түрлі саясаттар

қолданған. Ашаршылыққа ұшыратқан. Айыпсыз-ақ жалған жаламен

түрмеге жапқан. Тіпті өлім жазасын да қолданған. Есейе келе сен

оны қазақ халқының тарихынан оқисың.

– Әке, сіз мына теледидардағылардай соғысқа қатыстыңыз ба?

– Иә, қатыстым.

– Соғыс деген қызық па? Онда атуға оқты көп қылып бере ме?

– Ой, балам! Соғысы құрысын! Оның несі қызық болсын. Онда

адамдар өліп те, жарадар болып та жатады. Кино деген сендерге

қызық сияқты көрінеді ғой. Оның несі қызық, кешегі көрген киноң

ауғанстанда болып жатқан жағдай ғой. Қызық болса, ондағылар

нағып босып жүр, жылап – еңіреп жүр дейсің.

– Әке, олар неге соғысады? Не жетіспейді?

206

– Е, балам, бұл сұрағың дұрыс. Соғыс жай еңбекші халыққа

түкке керегі жоқ. Әр ел ішінде ірі байлар бар. Соларға өз байлықтары

аздай, екінші бір елді жаулап алғысы келеді. Бақталастық деген

болады. Отан деген сөзді ту етіп ұстап, елдегі жай халықты

отаныңды қорғау міндетің деп айдап салады. Елді, халықты билеп

отырған сондай байларға ғана соғыс керек. Соғысқа өздері

араласпайды, кірмейді, тек айдап салады. Мемлекеттерінде

шығарып қойған заңдары бар. Ол заңды орындамасаң, онда сен

айыптысың, жазғырады.

– Әке, сіздің неше балаңыз бар? Осы біз нешеуміз?

– Е-е. Сендердің сандарың бар ғой. Сен менің баламның

баласысың. Менің немеремсің. Сен де менің баламсың. Әке деп

отырғаның дұрыс, балам. Мен саған ата болып келемін. Сенің әкең

менің балам ғой. Ол да сен сияқты кішкентай бала болған. Бірден

үлкен болып шыға келген емес. Сен кеше әжеңнің мәмесін аузыңа

салып, еміп жатыр едің ғой. Сонда сүт бар ма екен?

– Жоқ, сүті жоқ. Өзі ғой баурына қысып, мәмесін аузыма салып

жіберген.

– Әйтпесе, сол мәмені сенің әкең емген. Ол кезде оның сүті көп

еді. Қарашы, мамаңның мәмесінен әжеңнің мәмесі үкен емес пе?

Сен әлі бөтелке мен соскаңды тастамай жүрсің. Сенің әкең сен

сияқтанып соска емген емес. Олай болса, бүгіннен бастап оны таста,

ембе, ұят екен – ау!

– Әке, сіз маған ұрысқандай папама да ұрсушы ма едіңіз? Ол

айтқаныңызды істеуші ме еді?

– Е, ұрыспақ түгіл ұрып та алатынмын. Ол ешкімге шағым да

айта алмайтын. Сендер болсаңдар тыңдамайсыңдар,

шағымданасыңдар. Әке – шешеңе барып айтып, бізді жек көрінішті

етесіңдер. Ойлаңдаршы, соларың дұрыс па екен? Бізге ұрсатын,

ақыл айтатын, әсіресе өзіме, әке – шешем болған жоқ. Мен

сендердің бұзықтық істеріңді жасауға шамам да келген жоқ. Менің

қорғаушым болмады. Ал сендер болсаңдар кей жағдайда атаңа,

көпшілігінде әжеңе қарсы сөйлейсіңдер, сыйламайсыңдар. Біз оған

қаймығып қаламыз, ренжиміз. Ойлаңдаршы, ата, әженің керегі жоқ

па? Сендерден де басқа біздің ата, әжені керек етіп отырған

балаларымыз бар. Соған – ақ барайық.

– Кешіріңіз, ата! Әке – шеше, ата – әже деген қандай болу керек.

Олардың міндеті не? Ал оның балаларының міндеті ше?

– Дұрыс, балам, әңгіменің анығына енді көшейік. Сен тыңда,

мен айтайын. Сен әлі жассың. Ұғып, түсіне де бермессің. Дегенмен,

сұрап қалдың ғой, айтайын. Сен бұны бір ғана оқып қоймай, қайта –

қайта оқып, мәніне толық түсін, іске асыра біл.

Құлағы бар адам да, құлағы жоқ адам да болады, балам.

Құлағы бар адам ұғады, түсінеді, орындайды. Құлағы жоқ адам

айтқанды керексінбейді, ұқпайды. Оның өзі “ақылы”өзінен артып

жатады, өзінікін ғана дұрыстайды, көбіне бірбет келеді. Қатесін

207

ешқашан да мойындамайды. Сонымен, құлағы бары текті де, құлағы

жоғын тексіз десе де болады.

Әке деген жанұяның тірегі, яғни асыраушысы. Бала – шағасына

тамақ, киім тауып беруші, оны жетілдіруші, білім беруші, отан

құруына міндетті, ұядан ұшып шығып, жеке жанұя болуына

қамқоршы.

Ана болса, сол баланы дүниеге алып келуші – жүрегі. Сол

баланың ыстығына күйіп, суығына тоңушы, қызығына рақаттанып,

теріс қылығына өртенуші, баласы – бауыр еті. Сол бала үшін әке де,

шеше де одақтасып, дұрыс адам болуына жан аямай жұмыс

атқарушы құлы мен күңі, дәріптеп айтсақ, жаратушысы, Құдайы.

Бала болса, сол әке – шешенің өмірінің жалғасы, гүлі, дәні,

тұқымы. Бүкіл өмірінің қуанышы, рақаты. Қызын арына, ұлын нарына

балаған.

Дұрыс болып өскен ұлдың әкесі тынығатын болған, ажарлы

болып саналған. Бақытқа бөленген деп соны айтқан. Қызы өскен

жанұяның тағы бір жар тауып, жанұя құрып жатса, одан асқан бақыт

бола ма!

«Бала тілі – бал» дейміз. Қазақ баласын өзі өсірген жан –

жануарлардың төліне балап, құлыным, ботам, лағым, күшігім деп

еркелетсе, ашуы келгенде де осы сөздерді қолданып, жекіріп те

айтатын болған. Осындай жағдайда жаңағы шағынатыны бар бала

қорушысына арызданғанда, оған дұрыс бағыт бермей, лаулатып,

жандырып жіберіп жатса, табан астынан өрт пайда болып кетеді. Ол

ұласып, лаулап, бірдеңеге ұрынуы да мүмкін. Көбіне, екі жақтың бірі

шыдамдылыққа да барса, бықсып – бықсып, тұншығып тыйылуы да

мүмкін. Дегенмен, жүрек үнсіз жылап, тұншығып қалады. Көзден жас

шықпағанмен, жүрек жарақат алады. Ойлаңызшы, мынадан кейін:

– О, ит неме, неге барқылдайсың!

– Өзің сондайсың, – дегенде ит немесі.

Ит немесінің қорғаушысы: – Иттен ит туады да, – деп жібергенде

ше?

– Осыны есітіп отырған әже, ата кім болып шықты?

– Денесінде жаны бар құр сүлде, әрі де емес, бері де емес, бір

сілімтік болған жоқ па? «Бала жақсы болса – ажарың,

жаман болса – ажалың». Өлген деген осы болған жоқ па?!

« Жылатуына жылатты – ау! Жұбататын уақытты

жәбірленгендер күтуде. Оны біліп жатқан құлағы бар адам

табылса.

– « Жат жерде таяқ жеген еліне оралады. Елінде таяқ жеген

қайда барады?» – деп сұрапты ғой біреу. Елінде, демек, жанұяда.

Перзенттері бар болып жатса, екінші біреуіне барады да.

– Жоқ болып жатса ше?

– Асыраушысы жоқ, қайырымдылық үйіне барады да.

– Аллам ондайдан сақтасын.

208

– Әке, сіз бізге ұрысқанмен, көп ұзамай бетімізден де сүйіп

жатасыз. Біздер болсақ, ұрысқаныңызды ұмытып та кетеміз. Сіз неге

біз сияқтанып ұмытпайсыз?

Сондықтан да қазағым «Шығармаса да ұшпаққа, бала керек

құшпаққа» депті ғой. «Көңілдің құлпын тіл ашады» депті емес пе,

құлыптанып қалған көңілді қағаз бетіне түсіріп ашып отырмын.

5/V – 2002

– Е-е, балам, менің ренжігенімді естен шығаратындай іс жасап

жатқан адам табылса, мен де ұмытқан болар едім. Ұмыттырудың

орнына қабағы ашылмай, «Керегі саған сол» дегендей болып жүреді

ғой. Ақылына келіп, кешірім сұрап жатса, әкең неге жібімесін, балам.

– Әке, сізде ақыл көп пе?

– Айтқан ақылды қабылдайтынға табылады. Ал,

қабылдамайтынға айтар ақылым жоқ.

– Әке, мен де үлкейгенде ақылды боламын ба?

– Е, балам боласың. Тыңдайтын балаң болса, онда сен ақылды

боласың. Сені керексінбесе, барып тұрған ақымақ боласың, балам.

Сонда сен де қамығасың, қажисың.

«Сегіз Сыр-дан»:

«Жұлдыз», № 9, 2002 ж. III – 120– б.

... «Абай бұдан бір ғасыр бұрын «Жақсы менен жаманды

айырмадық» десе, осы проблема қазағымның алдында әлі тұр.

Жақсы менен жаманды айыру үшін таным, талғам, таңдау, талғау

сияқты философиялық категорияларды үңіле зерттеп, жете

меңгеруіміз керек».

... Философиялық іргетасы жоқ өнер – өнер емес. Керек десеңіз

философиялық іргетасы жоқ тіршілік – тіршілік емес.

... Ойшылдыққа ақыл жеткізеді, ақылдылыққа білім жеткізеді,

ақылдылық – табиғи нәрсе, білімсіз ақылдылар да болады. ... «Жан-

денесіз кұбылыс. Ол көзге көрінбейді, әрекеті ғана көрінеді».

... «Жанның жеке өзі жарты нәрсе. Жан тәнге барып

қосылғанда ғана «екі жарты – бір бүтін» болады.

... «Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да,

жаныңды қанағаттандыру-ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді,

көңіліңді қанағаттандыру, биіктету.

... «Тәннен жан биік тұрмақ керек. Бірақ жаннан да биік нәрсе

бар. Ол – адамның ары» (114 – б.) «Жаным арымның садағасы»

делінеді.

... «Нағыз ойшыл жан ішкі үн мен сыртқы үннің үндестік

табуына қол жеткізеді» ( сонда, 119 – б.)

... «Ақылсыз адам мұңды бола алмайды. Мұң – ақылдың

сыңары» (сонда, 120 – б.)

... «Төзімің таусылған кезде мұңды адам үнге тізгін береді»

(сонда, 120 – б.)

209

... «XXI ғасырға дүние ақыл дағдарысына тап болып келіп

отыр» (сонда, 120 – б.) Жаңа ғасырға жаңа идея, адамзат таңдай

қағарлықтай жаңалық ашып келген... Әлемді дүр сілкіндірер

даналығымен дараланған ешкім болған жоқ қой» (сонда, 120 – б.)

(Сегіз Сыр – 1) ой сыры, 2) жан сыры, 3) тән сыры, 4) мән

сыры, 5) сән сыры, 6) сын сыры, 7) үн сыры, 8) мұң сыры).

Авторы – Әубәкір Дастанұлы. Философиялық этюдтер.

«...Әлемді дүр сілкіндірер даналығымен дараланған ешкім

болған жоқ қой» дейміз (жоғарыда). Менің ойыма келіп отырғаны

Мұхтар Шахановтың соңғы кезде (Қырғыз елінде елшілікте жүргенде)

жазғандары әлемдегі алдыңғы қатарлы ойшылдарға ой салып, тиісті

бағасын алды ма деймін. Сол азамат қазір Стамбул да емделуде

жатыр. Ой – қиялға көп салынғанды мүжіп те тастайды. Алла бір өзі

жар болсын! Шыңғыс Айтматовты емдеген кісі емдеуге алыпты ғой.

15/II-2005

Нығмет Ғабдуллиннің

«Өмірдің бұралаң жолы» кітабынан

(392 – бет)

«Өзің ғашық болғанмен, сүйіктіңнің өзіңе деген дәл сондай

сезімін тұтата алмасаң, яғни, махаббатыңа оның махаббаты

ұштаспаса, ғашыққа тән бар қасиет-қылығыңмен сүйгеніңе өзіңді

сүйікті ете алмасаң, – онда махаббатыңның әлсіз болғаны, мұндай

махаббат – күйік».

Карл Маркс

«Сүю дегенің – сүйгеніңнің бар күйін онымен бірдей кешу»

Лев Толстой.

«Жақсы күйеу кез келсе – ата – енеге ұл болар, жаман күйеу

кез келсе – ата – енеге мұң болар»

Демокрит.

«Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.

Әулие деген сол болса керек» – Қ. Шәкәрім.

Екі түрлі мектеп бар. Бірі – жалпы білім беретін (онжылдық,

училище, университет т.б.) екіншісі – өмір; өмір мектебі.

Нағыз ұстаз, ұстаздың ұстазы деп осы екі бағыттағыны қатар,

әрі екеуін ұштастыра тереңдетілген білім беретін өз мектебін ұсына

алған ұстазды танысақ керек. Нығмет Ғабдуллин – сондай адам.

«Жамандықтың үстемдік алуы

үшін жақсы адамдардың

әрекетсіз отыруының өзі жеткілікті»

210

(Ағылшынның философы әрі

Саясатшысы Эдмунд Берг)

ЖАТЫС

– Бұл қай жатыс?!– Таңданатын ешнәрсе де жоқ; бойдан әл

кеткен соң, өзің қарттық жасқа келген соңғы жатыс та.

Қайратыңның кете бастағанын күн санап бақылаудасың:

жатудан да жалығып, орныңнан тұрып, бір әрекетке кірісесің – ау!

Бірақ тез – ақ шаршап қаласың; тынығып барып, тағы қимылға

көшесің, бәрібір нәтиже кем, не нәтиже жоқ. Өзіңше, ақыл – ой

парасатың әзірге бар сияқты. Соның өзі кей кезде бойыңнан

жоғалайын дегендей ме деп те қаласың: табанда ойыңнан адасасың,

ұмытасың. Айналаңда болып жатқан дүние тірліктеріне ырза

болмайсың. Мишель Нострдамустың болжамдарына еріксіз көнесің

де, оны данышпан санайсың: істелініп жатқан тіршіліктің идеясына

налисың.

Адамсың – ау, түптеп келгенде солардың ісінің адамгершілік

жағына ренжисің: бәсеке, жою, ату, опасыздық, тек қана өзім болу,

үстемдік жасау, баю, баю, баю. Сонда оны басқа халық ұнатып тұр

ма екен??? Онымен түк жұмысы жоқ. Сонда ол дүниеге адам болып

келіп, тарихқа қандай атын қалдырып бара жатыр екен десейші? Ол

өлмей, мәңгілік өмір сүріп жатса, сөз басқаша болар еді. Адам

баласының тарихында ақыры шындықтың көзі ашылады. Сонда ол

тарихта кім болып қалады екен?-Жауыз, тек қана жауыз! Тек баюды

ұран ету, адамгершілікті жиып қою деген саналының тірлігі болмаса

керек.

...Менің нағашым темір жол құрылысының инженері советтік дәуірде

Куба елінде маман есебінде үш(3) жыл болып келіп еді. Бұл ел

туралы сұрағанымда, ол елде ысырапқа жол жоқ, көшеде

маскүнемді көрмейсің. Ерлі-зайыптылар сот жолымен ажараспайды,

ұрыспай-ақ, өздері ажырасады: араларындағы баласы кімді қаласа,

сонда қалады. Дүниеге келген сәби мемлекет қарауында, мемлекет

оны толық қамқорлығына алған. Әдібұлыққа жеткен соң, өз қолы

өзіне жеткен соң, басқа адамдарша тіршілік жасайды. Тіпті, алғашқы

некеге тұру тойы да мемлекет есебінде. Кішкене ғана аралда

тұрады; ел басшысына да барлығы ырза, әділеттілік орнаған.

Сондықтан де ел басшысы қартайса да, халқы оны тағы сайлап,

ұстап отыр. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген идея бұл

елде орнаған. Мысалы, шофер да тек қана баллонный кілті (ключ)

бар, жолда дөңгелек жарылса, ол ауыстыру үшін керек. Ал басқа бір

ақау шықса, кез келген машина жөндейтін орын оны ақысыз-ақ

қалпына келтіреді.

Осы елдегі осындай тәртіпті ұнатпайтындар да бар сияқты:

қатаң тәртіп, еркіндік жоқ деген сылтау тауып, сол елден өздерінің

211

жүгенсіздік жолымен ұшақ ұрлап (самолет), еркін ел деп тапқан елі

АҚШ-қа ұшыпты (12/XII-2003 соңғы хабарда). Оның жазасы 20 жыл

түрме, не ату көрінеді. Бұл жүгенсіздерге қандай бостандық керек

екен деген ойға келдім. Осыны жазуға да түрткі болған ой осы еді.

«Оңтүстік Қазақстанның» № 149-150 (17626) – 6.12.2003 ж. 7-

бетінде «Бай мемлекетті байлар құрады» деген тақырып бар екен.

Шымкенттің май өңдейтін (жанар-жағар май) зауытының бір жылғы

шығаратын өнімін бір адам алдын ала түгел сатып алыпты. Жанар-

жағар майдың қымбаттап бара жатқаны содан. Сол адам қайта

сатумен нарықты көтеруде делінген. Халық соны ұната ма?!

Мемлекеттің қадағалаушылары қайда, мемлекет басшысы қайда?


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю