355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 1)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 1 (всего у книги 27 страниц)

Сағындық Алтынбекұлы

Бастан кешкен,

көз көрген

2006 ж.

2

Дұрысы мен бұрысы.

Қарттың сөзі қазына

Жан-жүйені жақсартар жеті жайт:

Әкімдердің әділдігі,

Ғұламалардың шариғаты,

Байлардың санауаты,

Кедейлердің қанағаты,

Үлкендердің ұлағаты,

Жастардың инабаты,

Көршілердің қошеметі.

Жеті нәрсеге асығу керек:

Қонаққа дастархан жаюға асық,

Қателігіңе кешірім сұрауға асық,

Қарызыңды өтеуге асық,

Бойжеткенді ұзатуға асық,

Қазалы жанды көмуге асық,

Егінді егуге асық.

Өнімін теруге асық.

(“Сыр бойы”, 13 шілде

1991)

Жүйкені тоздырар жеті нәрсе.

Еңбексіз жеген нан,

Зынадан болған жан.

Боямаланған тән.

Нашадан бұзылған қан.

Темекінің түтіні,

Ақшалы қарта ұтымы.

Мұндайларға бой бермес, асылы дегдар тұқымы

Жігітті аздыратын жеті нәрсе:

Парадан жеген нан;

Зінәкан (некесіз) болған жан;

Нәпсіден бұзылған тән;

Нашадан бұзылған қан;

Темекінің түтіні;

Арақтың жұтымы;

Ақшалы қартаның ұтымы.

3

Баянсыз болар бес нәрсе:

Бұлттың көлеңкесі – баянсыз.

Еңбексіз келген байлық – баянсыз.

Қорқақтың достығы – баянсыз.

Жалған мадақ – баянсыз.

Опасыздық махаббаты – баянсыз.

Төрт нәрседен сақ бол:

Тілден сақ бол.

Көзден сақ бол – тесіліп, телміріп қарама.

Құлқынқұмарлықтан сақ бол – қанағатшыл бол.

Сезімқұмарлықтан сақ бол – өкіндіреді.

Мінезге тән үш қасиет:

Ауырлығың жердей болсын.

Жылылығың күндей болсын.

Тазалығың судай болсын.

Тыңдамасқа сөз айтпа.

Тасқа семсер сілтеме,

Түзуді майыстырамын деме.

Екі нәрсені ұмытпа:

Құдайды ұмытпа.

Өлімді ұмытпа.

Екі нәрсені ұмыт:

Біреуден көрген қасіретіңді ұмыт.

Біреуге еткен қасиетіңді (еңбегіңді) ұмыт.

“Жылтырағанның бәрі

алтын емес”

(өмірден)

Алтын мен күміс және мыс.

Ойлап отырсаңыз, өмір деген көз жете бермес шексіз бір кең

дүние екен дейсіңіз. Сол өмірден өз көзіммен көріп, адам ырза

болатындай алтынын да, күмісін де көрдім. Мен де кеммін бе деп,

жылтыраймын дегенімен, өзінің мыс екенін білдіргенді де көрдім.

Әңгіме сол жайлы болмақ.

Арағырағын білмеймін, көзбен көргенімді айтайын. Менің баларақ

кезім еді.Көлдің жағасында отырмын. Көлден жанама арық

қазылған,ол арықпен су егістік жерге қарай ағуда екен.Су тап-таза,

арлы-берлі жүзіп жүрген балықтар ап-анық көрініп тұр.Бұл менің

балыққа алғашқы қармақ салуым еді. Балықты қармақпен ұстау

үшін, қармақ ұшына не ілген дұрыс болатынын онша жақсы біле

де бермейді екенмін-ау, кейін ойласам.Сонымен, қармағыма

шаншуға шегіртке ұстап алып, сонымен салмақшы болдым.Бәрін

көріп отырмын.Қармағым суға түсісімен, майда балықтар жан-

жақтан анталай ұмтылады.бәрі де жармасуда, мен тартып қалып

4

едім, қармақтағы жемім жырылып қалып қойды да, қармағым сопаң

етіп, құр өзі шықты. Ал судың түбіндегі шабақтар мәз болды да

қалды. Бірін-бірі қуып жүр. Дәл көкпарға таласқан шабандоз дерсің.

Бір кезде, сумаңдап жүзген шабақтар тына қалды. Шабандоз

көкпарын мәреге салғанда, солай болушы еді де, көкпарды қайта

бергенде жаңағы бәсеке қайта басталушы еді. Ал мынау олай

болмады. Бәрі де жай ғана сызылып, олай-бұлай жүзіп жүр.

Сүйтсем, жемді жеп қойыпты. Тағы да жем керек. Қармағымды қоя

сала, шегіртке іздеуге шықтым. Шегіртке де оңайлықпен ұстата

қоймайды.Бір кезде басымдағы киімімді алып, үстінен бас

салғанымда, ұстадым-ау біреуін.Жаңағы әрекетімді тағы

жалғастырдым. Бұл жолы жеке келе жатқан үлкендеуінің алдына

тураладым. Қалғандары тұра ұмтылғанда, анау аузына қағып

салуы мұң екен, мен де тартып қалдым.Балық қармағыма ілініп,

сыртқа шықты. Мен мәз – майрам болдым да қалдым. Ол болса

тыпырлап жатыр. Кейін жемтікке шұбалшаң дейміз, жауын құртын,

соны тауып та салатын болдым.Бұл бұрынғымнан табысты болды.

Менің бала кезім дедім ғой, қыз-келіншекке көз сала қоятындай

кезге жете қоймаған кезім екен-ау, кейін ойласам.Сол мен қармақ

салып отырған жердің қасында еккен ағаш көлеңкесіне жақын жерде

жап-жаңа аппақ киізден туырлығы бар киіз үй тұрған. Сол үйден бір

кішкене ғана аласа бойлы қыз самауырға шай қойып жүрген. Бұл

жерге қармақ салуды мен әдетке айналдырғанмын. Бір күні жаңағы

қыз дегенім маған жақындап келіп, шелегімен су алып кетті.Түс

кезінде сол үйге мосқал тартып қалған бір мұртты қара келіп енді.

Шай кіргізілді. Көпке дейін есік алдына ешкім шыға қойған жоқ. Мен

ешнәрсемен жұмысым жоқ, есіл-дертім қармағыма жақындап жүрген

балықта. Кейін біліп жүрмін-ау, осы жұмыстан, ойлаудан

шаршағандар қармақ салып, шаршағанымызды басайық деуші

еді.Қармақ салып отырғанда, адамға еш ой келмейді екен де,

адамның миы тынығады ғой .

Сонымен, тағы бір балық қармағыма ілінді. Сол кезде жаңағы

үй жаққа көзім түсіп кетпесі бар ма? Табысыма масаттандым ба,

қайдам.Үйден жаңағы екеуі шығып келе жатыр екен. Бағанағы

мұртты қара самаурын қойып жүрген қызды құшақтап алып, беттен

бір сүйіп алды да, қолының ұшын қимылдатып қоштасып жүріп

кетті .Мен сол кезде мақау да екенмін-ау. Аң-таң болдым да,

қайтадан қармағыма бетімді бұрып, ілінгенін алып жатырмын. Қанша

отырғанымды қайдам. Алғанымды алғандай, қармақ салып отырған

жерімнен төмөнірек жерде жіп тізбегіме іліп , қайта орныма келемін

Бір кезде ілмектегі балығыма қарасам, бір дәу қара шұбар жылан

тілін жалаңдатып, жақындап келіп қалыпты . Бұл су жылан екен. Су

жыланы болады дегенді естігенім болмаса, алғашқы көруім. Балықта

дәмесі бар екен шіркіннің. Мен бір кесекті алып лақтырдым. Жылан

зу етіп, жоқ болды. Бағанағы бетін сүйгізген қыз тағы да суға келді.

Қарасам, бүп-білдіршіндей, бетінен қаны тамып тұр. Көзі ойнақшып,

5

маған бірдеме дегісі келе ме, қайдам. Мен маупас ешнәрсемен ойым

жоқ отырмын. Қыздың ер баладан әдібұлыққа бұрын жеттігеді дегені

осы екен ғой. Сол қыздың жасы менімен қатар екен. Оны да мен

көптен кейін білдім.

Сонда жаңағы мұртты қара ұрын келіп жүрген бе екен дейсіз

ғой, оқушым. Балықты қойып, соған көшейік.

Дүниеге келген адамның тұрмысы, күйі-бәрі бірдей бола

бермейтінін өзіңіз мен айтпай-ақ білесіз. Соған қоса, жан-жақты

жеткен жанның да жетпей тұрған бір кемістігі тағы болады. Дәл сол

екі жақты кемістік бір-біріне сай келіп тұр: Сенде жоғы менде бар,

менде жоғы сенде бар.

Су алуға келгенде, келген сұлу мені

екі көзімен жеп қоя жаздады-ау!Ол туған әке-шешеден жастай

айрылған, жақын тумалас ағайынының қолында өскен қыз екен.Оны

қоя тұрып, сұлу қара мұрттыға келейік. Текті жердің-ақ адамы.

Кезінде жігіт ағасы болған, қызметі де жақсы, үйлі-жайлы, жанұясы

бар. Хал-күйі сол кездің алдыңғы қатарлысы. Халықтың да сый-

құрметіне сай. Енді оған не жетпей тұр?! Жаңағы ісі не?! Көптеп

жұптасқан жұбайы бар болатын-ды.Тіпті қайын енесі де қолында.

Енесінің ешкімі жоқ, жалғыз қызы болған соң, қызын беріп, өзі

қартайған кезде, жалғыз басты болғандықтан, қызының қолында.

Өмір өтіп жатады.Өте тату-тәтті тұрады. Жұбайын алтын десе

болады: ер жігіттің әйелі осындай– ақ болсын!

– Енді не болды ?! –дейсіз ғой.– Е,жетпей жатқан бір нәрсе бар:

ол– жаны бар, бір жапырақ ет дейміз бе, қалай дейміз, бала! Алтын

әйелі ерін қақитып қу бас атандырмайын деп, алдымен саған қыз

әперейін, құдай қаласа, перзентті бол деп, жолдасын көндіреді.

– Сен ше ?!– дегенде әйелі:-Мен бөлек

отырамын. Бір-біріміздің қызығымызды көрдік қой. Айып менен

болса, сен алып бергенімнен бірдеңе көрерсің. Сен перзентті

болсаң, мен тірлігімде соны көрсем деймін.Екеуміз де арманда

болып өтпейік те! Осыған сен келіссейші!-дейді. Сонымен, келіседі.

Пәлен жыл отасқан жолдасына үстіндегі ақ ордасы киіз үйін-

шаңырағын, үй мүлкін түгелдей,екі сиырын қоса беріп, анасымен

бөлек шығарады.

Енді жаңағы еріне айтып көндірген

әйелі ше? Ол әйелі күйеуін көндірмей тұрып-ақ, елде ер жетіп

қалған, әке-шешесі қайтқан, ағайынның қолында жүрген қызбен де

сөйлесіп қойған екен.Қазақта қыздың ер жеткенін қалпақпен жібіріп

ұрғанда, құламаса, ерге ие болады-мыс деген бар емес пе. Ол қыз

қалпаққа құлаудан кеткен кезі екен. Бірақ, бүлдіршіндей жас. Өмір өз

білгенін істетейін деп тұр емес пе!

Бір жас пен бір мосқал тартқан ел ағасы болып қалған екеуін

қосады. Ешқандай зорлау жоқ.. Балыққа қармақ салуға барып, көріп

жүрген қыз деп отырғаным – қосылған жас жұбайлар екен.

Қыз болса, тұп-тұнық таза судағы жүзіп жүрген шабақтар

сияқты да, қармаққа түсіріп отырған мен сияқты кісі-мұртты қара

6

мосқал тартқан жігіт. Өмірдің өз жолы бар, одан асып кете алмайсыз.

Назырқанбаңыз. Алладан ақырын сұраңыз, оқушым!

Мұртты қара жап-жақсы адам. Кім болса да, жақсыны, өзіне

қалағанын алады екен ғой Сол қара мұртты өкпе

ауруымен(туберкулез) ауырады екен.Мына жағдай жанын қоя ма,

оқушым-ау! Кім біледі?! Орыстар «Медовый месяц» дейді, алғашқы

«Тәтті күндер, тәтті күндер!»-деп айтылатын ән-өлең сияқты ұзақ

өмірі жоқ екен, мұртты қара дүние салады. Кім білсін, өзі ғана біледі,

арманы бар ма, жоқ па!

Жаңағы жас жесір ше ? Өң бе, түс пе?! Не деуге болады? Ненің

қызығын көрді? Аң-таң. Сонымен, бұл жесірді қоя тұрып, қара

мұрттының бұрынғы алтын қосағына келейік.

Қара мұрттының перзент сүйген қызығын көремін деп жүргенде,

оның қазасына қайғырып, ортақ болды. Арада уқыт өтіп жатады.

Қазақ даласында түрлі тарихи жағдайлар өтіп жатқан кездер: жатқан

ылаң-конфискация, колхоздасу, ашаршылық, бас көтереді-ау

дегендерді жою-«Жаппай тазарту»-«Халық жауын» соттау т.б. Бұл

кезде өлгені өліп, қалғаны мәңгүрт те болып қалған кез.

Қарт анасымен қалған ару өлмес күнін өткізіп жатқан кезінде,

әйелі өліп, отанына еге таба алмай, өз қызы, ағасының ұл-қызы бар

бір кісі сөз салып, сонымен қосылады. Жақсы адамға қайда барса да

жай табылады. Отасып, шүйіркелесіп отыра береді.Сүйтіп жүргенде,

жер дүниені от алдырған Ұлы Отан Соғысы басталып кетеді. Халық

тағы күйзеле бастайды. Сол қиыншылықты бұлар да бастан кешіріп

жатады.Сол жылдары елде тарығушылар да болды.Сондай

тарыққан бір жас әйел елде жалданып, күнін өткізіп жүреді. Баста кең

пейілді, қызғануды білмейтін жаңағы қара мұрттының әйелі басқа

біреуге қосылды емес пе? Сол тағы да мына шалына, өзі тумайтын

болған соң, жалданып жүрген жас әйелмен сөйлеседі де, уәдесін

алады.

Енді өз шалына келеді.

– Әй, анау ше? Кешегі осы үйде диірмен тартып кетіп еді ғой. – Не

айтпақшысың? – дейді шалы. – Соны алсайшы. Жас қой. Нәресте

көрер ме екенбіз. Ол бірге отыруға көнді. Сен енді анау – мынауды

қой, соны ал, – дейді. Не керек, шалын бұлтартқызбай көндіреді.

Қартайған өз анасы ертеректе дүние салған, оны өз жобаларымен

жайғастырып, жылын да өткізген шалымен бірігіп жүріп. Өз қызы

тұрмысқа шыққан. Ағасының қызы дүние салған, ағасынан қалған

інісі оқуда.

Сонымен, үшеуі бір отанда тұрып жата береді. Соғыс жылдары.

Бұлар қартаң тартқан кез. Әйел алып беріп отырған шалы да

алпысты игерген кезі. Малдан бір сиыр, бір ешкі және бір есегі бар.

Ол кезде егін орылып болған соң, сол жерден масақ теріп күнелту

деген болатын. Шалы болса, малға шөп дайындауға, үйдің отын –

суы дегендей бар. Ал үлкен әйелі есекті мініп алып, масақ теруге

кетеді: күнделікті ішіп – жеуден артылғанын қысқа жинай береді. Бір

7

күндері кіші әйелі үлкеніне (үлкен әйелді ол өлгенше атын атамай,

апа деумен кетті) ішінің бүлкілдейтінін айтты.

– Құдай берейін деген екен! Сырың ішіңде болсын, ешкімге тіс

жармай – ақ қой! – дейді.

Бұл әңгімені қоя тұрып, аң таң болып қалған жас жесірге

ауысайық.

Оның жесір қалған кезі Үлы Отан соғысы басталмай тұрған кез

болатын-ды.

Өткен іс өтіп жатыр. Күйеуі өлсе, оған жас әйелдің жасаған

жұмысы емес, тағдырдың ісі. Тірі жан тірлігін жасайды да. Елде

жалғыз басты бір бойдақ жігіт болатын – ды. Сол тұл отырған жас

аруға сөз салып, сонымен табысады. Бұл бұрыңғы қара мұрттыдай

емес, одан жастау да, дені де сау, қажырлы еді. Кейімеңіз, дап –

дайын егістікке баптап қойған жерге егіс еккендей, жұмыстары

нәтижелі болды. Ұлы Отан соғысы басталамын дегенше, бірінен

кейін бірі дегендей тетелес екі қызалақты болады.

Екеуі де арқа-жарқа.Өткен күн өтті, ұмыт та болды.

Шаңырақтан шыққан түтін түзу. Бір күні Ұлы Отан соғысы басталды

деген хабар халықты дір еткізді.Жаппай ерлерді майданға алды да

кетті. Содан ол сол майданда мерт болды. Тағы қайғы. Әдепкі

қайғыда жалғыз қалса, шүкір, бауырында екі ермегі, сүйеніші бар.

Бірақ көз жылауда. «Көппен көрген ұлы той» – депті ғой бір бейбақ.

Қайдағы той! Амал қанша, жесірлік, жетімдік өмір тағы басталды.

Жалпы халық сияқты күн көру болып жатыр. Ал, жаңағы бір отанда

отырған үшеу ше?

Бұлар да өлмес күнін өткізіп жатыр. Ешкім бұларды күндес деп

айтпайды: апалы-сіңлілі деп, таң қалады. Кенеттен бір күні кішісі:

– Апа, сізге бірдеңе айтуға бата алмай жүрмін! – дейді. – Не,

байғұс-ау?!

– Апа, анада айтып едім ғой, осы шамалы күн болды, сол

қимылдауды қойып қалды, – деді.

– Бірақ, еш жерім ауырмайды, бұнысы несі?! – деді. Қараса,

Солай. Тәжірибелі мұңдастарына айтса: «Бір нәрседен қорықса,

бұғып та қалады», – дейді. Енді аңдысын аңдиды. Сылап-сыйпайды.

Мезгілді уақыты жақындайды. Бір күні бір нәрсе бүлк еткендей

болады. Сол кезде өзі селк ете қалады. Қуанышын ішінде ұстай

алмай, үйде отырған апасына келіп:– Апа! Мына ұстап көріңізші, осы

қимылдай ма деймін! – дейді: – Ұстаса, қимыл бар сияқты. Сол күні

құдайға жалбарынып, ошаққа қазанды асып жіберіп, май құя салып,

құдайы күлшені де балаларға үлестіреді. Балалар жегенге мәз,

бұлар неге мәз екенін тек екеуі ғана біледі. Оңашада үлкені шалына

айтып, оны да қуантып жатыр. Ол кісі мінезі ауырлау, сөйлей

бермейтін кісі еді. Жақсылық хабарға көзі жайнап, түсіне қуаныш рең

пайда болды.

Жағдай жақсаратын болса, бүкіл табиғат та жадырайды емес

пе! Қыстың қары еріп кеткені қашан! Тірі жан түгіл, жер дүниеге жан

8

бітіп, жер көгеріп, күн жылынып, тірі жан тірлігіне кірісіп жатқан кез

еді: Құдай берді де қалды!

– Сүйінші! Сүйінші! Соғыс аяқталды. Жау жеңілді! – деген хабар

бүкіл елден елге жетіп, қуанғаннан көзіне жас алғандар да болды.

Осындай қуаныш үстінде көңілі жабырқау тартушылар да бар: Ұлы

Отан Соғысы кезінде майданда қаза тапқандардың жанұясында

калған жесірлер мен жетімектер еді. Соғыс аяқталды дегенге, жас

жесір қалған әйелдің екі қызы да жүгіріп келіп, апасына: – Апа, біздің

де көкеміз келе ме?! – десі бар ма? Апасы не дерін біле алмай,

түйіліп тұрып қалады. Қыздары жанын қояр емес, – Айтсайшы, апа!

Қашан келеді?! – деп, қуанғанынан секектеп түр. Жас

бүлдіршіндердің көңілін қалдырмайын деп, ой түйіп: – Келеді, – дей

салды сылбырлау үнмен.

Қыздары мұнысы несі деп, өздерінше жауабына түсінбей де,

қанағаттанбай да қалды.Анасының қандай ойда тұрғанын олар

қайдан білсін. Анасы теріс айналып, үйіне кіріп кетіп, ал жыласын

келіп.Әбден үнін шығармастан жылады. Жұрт қуанышта, бұл жылап

жатыр.Жылап жатып, талықсып барып, көзі ілініп кетіпті. Түс көреді.

Түсінде бір жайбарақат заман. Қыздары ер жетіп те қалған, оқуда

екен дейді. Өзі бір бұрын кармеген үйге кірІп-шығып жүр. Бұл үйде

де бір екі ер бала бар ма, қалай дей бергенде, қыздары жүгіріп үйге

кіреді.Сол кезде оянып кетіп,түсімде көргенім екен ғой дей салады.

Қыздары: – Апа, көзің қызарып, бетің ісіп кетіпті ғой! – дейді. Оны

жасырып,”Басым ауырып тұрғаны,“ – дей салады апасы

Осылайша, өткен күн өтуде. Апалы-сіңлілі болып кеткендей екі

әйел жас иіс күтуде еді. Босана қоймағанына, өздерінше, жерік

кезінде түйенің етін жеген шығарсың деп те қояды. Асыққанмен,

олардың ойы болушы ма еді. Бір күні кішісі бүкшие ме, қабағын шыта

ма, әйтеуір, бұрынғыдай емес. Үй тірлігі, қазан-ошақ деген соның

қолында еді. Үлкені ер кісідей көбіне дала жұмысында болатын. Үйге

келсе, нан да жабылмаған, ішетін тамақ та істелінбеген. Кішісі әр

жерге бір жатып жүр. Үлкені сезе қойды да, үй маңындағы тәжірибелі

екі әйелді шақырып келді. Ол кезде акушерка деген жоқ. Әйелдер

босанатын жер ауданда қашық. Болған күнде де, онда орын дегеннің

өзі аз. Ал, ел ішінде нағыз жаңа түскен келін болмаса, бала көріп

жүрген әйелдердің бәрі бұл іске маман. Тіпті, малшылар ішінде

әйелдерін босандырып алып жүрген еркектер де бар. Сондықтан

болар, осы күні геникологтардың ішінде ер кісілер де бар ғой. Сірә,

сол дәрігерлер жаңағыдай тәжірибелі ер шопандардың балалары

болуы керек. Болмаса да, солардың осы мамандыққа баруында бір

құпия сыр бар: бір гениколог ер кісі журналға жазыпты – мыс, шешесі

босана алмай, бала үстінде кетіпті. Енді ол сол аналарды қорғау

мақсатында осы жұмысты қалапты.

– Сүйінші! Ұл туды! – деді іштегі бір әйел. Мәз – мейрам болды

да қалды.Сонымен, бұл сәби анасының құрсағында 12 айдай жатып,

дүниеге келді. Балаға ат қоюға келгенде, шалы көп ойланады. Бұл

9

кісіде жалғыз ғана қыз бар-ды. Ол тұрмыста. Ұл перзентсіз кетемін

бе деп, көп ойлайды екен. Ойланып, ойланып, атын мықты болсын

деп, қатты металл мен таудың бір бөлігінің атын қосып қойыпты.

Баланы үлкен әйел етегіне орап алып, өзі асырайды. Тек емізуге

ғана кішісіне береді. Бала отыра бастайды, еңбектейді. Тілі шыға да

бастайды. Асыраған анасының атын айта алмай «Нөне» деуші еді.

Соғыс тынғанына біраз уақыт та болып қалды. Базарлы күні

базарда кілең ақ бастылар ғана жүретін еді, шүкір, мирық-сирық

жүрген тақиялылар да көбейе бастады. Күнде пәленше келіпті деп,

елі іші қуаныш. Қазіргідей ат шаптырып, қазан-қазан ас

таратылмағанмен, қуаныш одан артық, барымен базар дегендей

болып жатыр. Көптің ішінен бәрі де табылады, жақсы да, жаман да

дегендей; соғыс жылдары адамның адамына сын да болды емес пе.

Күткен ерінен қаралы қағаз келіп, өз жолын тауып кетіп жатқан бір

басқа, ондай болмай-ақ, өзін-өзі билей алмай, тағдырдың тәлкегіне

түсіп жатқандар да жоқ емес. Енді олар ері келіп қалса, не бетін

айтарын өзі білер, бетсіздер!

Біздің елімізде де шығыс майданында болғандар болды. Оның

ішінде бұрын үйленгені де, үйленбегені де бар-тын. Соның бір

үйленгенінің жұбайы перзент көрмеген кісі екен. Әдетте, әскерден

қайтқан, соғыста болғандар сол жақтан 2-3 қап «жел» ала келеді.

Сол жел әркімде-ақ болды. Солай болды ма, қайдам, жанағы

жұбайы тумай жүрген қаба сақалды жігіт ағасы жасына келіп қалған

кісі ұрыспай-қағыспай, күтіп отырған әйелінен ажырасады. Тағатын

өсегі болған жоқ, тек бала керек. Ешқандай дау-жанжалсыз.

Әркімде бір жоспар болады ғой. Бағанағы қаралы қағаз алған,

екі қызалағы бармен қосылады. Соның жеңіс күні жылап-жылап

ұйықтап кеткенде көрген түсі бар емес пе еді. Кейде біз «түс түлкінің

боғы» дейміз. Жақсыға жоры деп те жатады. Ол ешкімге де

жорытқан емес-ті. Өмірдің неше түрлі бұралаң жолы бар: бірақ соған

көніп, адаспай жүрсең, мүратыңа жетесің, құдай адастырғаннан

сақтасын! Атын айтпасам да адасқандар болды дедім ғой! Сол тұл

жесір өзі әбіржіп жатып көрген түсі шындыққа айналды: екі ұлды

болды. Ері кейін дүние салды. Өзі мен қатарлы. «Сырлы аяқтың

сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, қазір бар. Жүріс-тұрысы,

кездескенде лебізі, көз қарасы, күлкісі-бәрі де баяғы мен қармақпен

балық ұстап отырған кезімдегідей. Күтімі жақсы, былқ-сылқ, бірақ

аяғын абайлап басып қана жүреді. Өзі қартайғанмен, көңілі

қартайған жоқ. Оған мен зор сеніммен айтамын, кешіріңіз.

Жазып отырған әңгіменің тақырыбы – «Алтын мен күміс және

мыс» емес пе еді. Міне, көзіңізбен көріп оқып отырғаныңыз, бірақ кім

екенін атын айтпағандықтан таба да алмай отырған боларсыз,

соным осы кісі, бірақ мыс емес. Бірде алтын, бірде күміс, дәл қазір-

айнымас тума алтын, яғни таза қоспасыз алтын. Қатары болған соң,

тым мақтап жіберді демеңіз, сенсеңіз, шыным. Бұндай өмірге тап

болғанның екінің бірі бұған шыдамайды.

10

Енді “Нөне” деген баланың жанұясына келейік. Әуелі құдайдан

сұрады, Алла оны беруге “Нөне” деп аталып отырған әйелді тап

қылды. Бала өсе бастады. Біреудің жалғызы, айтқанының бәрі ата-

анасының шамасы келгенінше орындалуда. Бірақ бала есуас, бұзық,

сотқар емес. Жақсы оқыды. Тек кемдігі жастайынан еңбекке

салмағаны болмаса, еңбекпен піскенде болатын еді.

Сол “Нөне” бір жанұяны қиыншылық кезде масақ теріп

асырады.Үй іші “Нөнені” жақсы да көреді, қадіріне жетіп, сыйлады да.

Бір күндері “Нөне”айықпайтын ауруға (рак) шалдығып, сол кеселден

дүние салды. “Нөне” кеткенше, бала туған анасын “ана” деп айтқан

жоқ.Шал да сондай науқаспен кетті. Тек екеуі баланың үйленгенін,

оның перзентін, немересін, көрмей кетті. Бала үйленді. Үйленбей

тұрып, ол жоғары оқу орнына өз білімімен-ақ түсті. Жақсы оқушы еді.

Бетінен қайтармай өсіргендіктің себебі ме, оқуда жүргенде, бір елге

келгенінде, практикаға келіп жүрген бір “кептерге” кездесіп, сол

кептердің қанатының лебі ме, әжентеуір оқуын сырттай оқуға

айналдырдым деп, тастап жіберді. “Кептерін” біз ұнатпадық, келісім

бермедік. Амалы жоқ, бізден асып кете алмады. Сонымен кептері өз

бақытына ұшып кетті. Тағы біреуіді айтты, ол кептер емес еді,

“Қаз”десе де болатындай еді. Жүрісі қазға ұқсайтын болған саң,

айтып отырмын. Оған да келісім болмады. Оқу сол күйі қалды.

Бұйырған наны қазіргінің шынжыр сауытты тұлпарынан бұйырып жүр

екен, соның маманы. Тұлпарын тағалап, шынжырламай тұрған

еді.Ол кезде желтабанды, желдірме, жүрісі жорға болғанмен,

жорғасын бұзып алғанда, ұшып кете жаздайсың. Сондай аты бар

болатын-ды. Бір күні маған:

–Бір құсым бар еді, әкелейін бе?-демесі бар ма?

–Қайдан? Қандай құс?-дедім.

– Жергілікті жердікі, -дейді.

– Кім өзі? Аты, жөнін айтты.

– Ойбай-ау, құртасың ғой мені.Маған сөз келеді ғой, -десем, ол:

– Құрымайсыз.Бұл жерден есеп айырған,уәдем мықты, -деді.

Бұл құсы маған ұнады. Бұрын да байқайтынмын: бітімі, жүріс-

тұрысы, іс– әрекеті– бәрі де жаман емес. “Кептер” де емес, “Қаз” да

емес.Мейілі деп келістік. Қосылды.Қателеспеппіз. Құдайдың берген

ұл-қыздары дүниеге келіп жатыр. Жаңадан үй де салынды.Соның

барлығына күш салып жатқан жаңағы келін.

Аллам тілден, көзден сақтасын!

Бір күндері 12 ай көтерген анасы ауырды, көп ауырды. Бақты,

күтті, ақыры дүние салды. Енесін күтуге деген келіннің еңбегі зор

болды: ренжімеді, жиіркенбеді, өз анасындай бақты. Қазір соның 6

ұл, 5 қызы бар. Үш келін алып, екі қызын тұрмысқа шығарды.

Немерелерін көріп отыр.

Тақырыбыма арқау болып отырған, барлығына да Құдайдан

кейінгі себепкер-алтын ”Нөне”. Бұл бір -"Өнегелі өмір" иесі. Бәрі

көрді, сүйсінді. Рухың жайлы болсын!

11

Енді бір әңгіме осыған байланысты туып отыр. Бір ағамыз

айтушы еді: "Мынау ауылдың қыздары қайып жатыр екен! Менде де

қаии салайын деп қайысам, қайыған деген өзі бір қиын нәрсе екен

ғой!"– депті әлгі. Елде бір көп жыл отасқан, ері ел ағасы, әйелі ел

басшысы да болған жанұя бар еді. Бұларда өздерінің кіндігінен

перзент жоқ еді. Бұлар да үлкейген шағында, елден өз көздерімен

көрген соң, ой түседі. Сонымен, әйелінің қалауымен, басқа бір елден

тұл отырған бір жасты алдырады.Басы-қасында болмасақ та, әдепкі

күннен-ақ жатар кезде қызғаныш сезімі жанын жей бастайды. Өз

ісіне өзі шыдап бағады зайыбы. Ерінде сөз жоқ. Бұл ойды тауып

жүрген зайыбы. Келген жастауында бөтен сөз жоқ. Ол білмей келген

жоқ. Берілген уәде, байланысқан серт бар. Үйде табан астынан

болмасқа бұрқ-сарқ еткен келіспеушілік шыға бастайды. Бәрі

күндестіктің зардабынан тууда. Әбден шыдамы таусылғанда, ел

басшысы болған әйелі:"Мұндай қорлықты көргенше,-деп келіп,-

балам да сен, байым да сен, әкем де сен боласың!"-деп, өзі сөйлесіп

әкелген әйелді айдап салыпты. Кез келгеннің қолынан алтын болу

келе бермесе керек-ті.Бұл ел басқарған жай ғана сырты жылтыраған

болып шықты. Алтын емес, тек сыртын ысқылап, жалтыратып

жүрген мыс екен. «жылтырағанның бәрі алтын емес» деп, атам

қазақ бекерге айтпаған екен, оқушым.

Екеуі де дүниеден өтті. із-түссіз аттары өзімен бірге жоқ болды.

Намыс соты.

«Құран кәрімнің »Хужурат сүресінің 9-аятында: «Егер

муъминдердің екі тобы өзара керісіп қалса, араларын жарастырып

қойыңдар.Ал егер олардың бірі екіншісіне өктемдік жасаса,

зорлықшылар Алланың әміріне тоқтағанға дейін солармен

айқасыңдар. Егер райларынан қайтса,онда екі жағына да жақтаспай,

әділдікпен жарасымға келтіріңдер. Барлық істе әділ болыңдар. Алла

әділеттілерді дос тұтады»-делінген.

Тағы да осы сүренің 10-аятында: «Муъминдер анығында бір-

бірімен ынтымағындағы жандар. Ағайын арасының бұзылмауын

ойлаңдар.Алланың

рақымы

түссін

десеңдер,

одан

қорқыңдар»(«Құран кәрім»,Алматы -1991ж.Аударғандар: Рәтбек

қажы Нысанбайбұлы, Уаһап Қыдырханұлы,460-бет).

Ағайын-туыс, құда-жекжат арасында кейде наразылық,

келіспеушіліктер болып тұрады. Сондай жағдайдың куәгері болған

соң, көре-біле отырып, сырт қалуды дұрыс деп санамай, әрі жақын

туыс болған соң, «тық деген тауыққа тиеді» дегендей, намысқа

шыдамай,бір топ адам бір іске кірісіп те кеттік.

Көктемнің жайма шуақ күні еді. Біз келіскен күннің ертеңіне

баруға уәделестік. Ертеңіне күн түнеріп, бұлт баса бастады, аздап

жаңбыр да сіркірей бастады. Уәденің аты уәде.Күн бұзылды деп

тұрмадық, жайлап басып, тиісті үйге бардық. Ішімізде әйелдеріміз де

бар.Бір-біріне қырғи қабақтау болып жүрген екі құда:біз жағындағысы

бауырымыздың інісі құданың немере қарындасын алып отыр.

12

Бәрінен де сол інімізге обал болып барады. Ренжісіп жүргендер екеуі

де оған аға: бірі өз жағынан, бірі келіншегі жағынан аға еді.

Әңгіменің «Намыс соты» аталуына түсініп отырған боларсыз. Халық

соты да емес, жолдастық сот та емес, намыс соты.Барғандағы

мақсатымыз – татуластырмақ. Айтқанға көнбесе, жанына батыра

айтып, балағатқа бармай, мақтамен союға дейін бару.Сол себептен

де, әңгіменің бас жағынан «Құран Кәрімнің» аяттарын басшылық

қару етіп алып отырмыз.Бұл адам намаз оқушы еді. Айтылған сөзді

түгел тәптіштеп айтпай-ақ қояйын, аузын аштырмадық.Қалай салса

да бұлтарпадық. Әрі-беріден соң, осыған көнбесең, бір жаман

жағдайда біз саған қол ұшын бермейміз дегенге дейін

бардық.Ойпырмай, бір беттілігі сонша– көнбейді-ау, бас имеймін деп

қатып тұрған бір қайсар.

Жасаған үкіміміз мынау болды: «Ешқандай халық үкімінсіз-ақ,

бұл жерден аз уақытқа болса да көш! Мынау Халық аузындағы қаңқу

сөз ұмыт болсын. Содан кейін қайтып келерсің»-дедік. Үн-түнсіз ол

қалды. Біз кеттік. Көп талқысы оңай тимесе керек. Көп ұзамай, тым

алыс емес жерге қоныс аударды. Ол жақта 2-3 жыл болды. Көшуі

мұң екен, қаңқу сөз де жоқ,тынышталдық. Құдамыз да біздің

шешімімізден хабардар еді, ризалығын білдірген болды. Қазір бірге

тұрып жатырмыз. Көшіп келген соң қонысың жайлы болсын айтып,

бұрынғы қаттырақ кейіген сөзімізге кешірімді біз сұрадық. Қазақта

“Әйелің жаман болса, ажырайсың. Көршің жаман болса,

көшесің.”деген бар еді. Содан болды ма, басқа да себеп бар ма ,

құда да бұл жерден көшіп еді. Барысымен сол жақта дүние салды.

Жақсы жігіт еді, рухының жайлы жерде болуын бір Алладан

сұраймыз да. Бұл араздасушылар екеуі де менімен жасы қатар еді;

батыл айтуымның жолы сол еді. 22/03/2002 жылы қырқы берілді. Сол

құрдасым 2002 жылдың ақпанының басында дүние салды.

Махаббат, ақыл және есеп.

Тұрақты жанұяның іргетасы-ерлі зайыптының бір-біріне лайық

болуында, жұп құрған жандардың тәні мен жан жарастығында және

көзқарастар үйлесімділігінде. Олай болса, махаббатпен үйлен,

ақылмен үйлен, есеппен үйлен, бірақ өз теңіңе қосылмасаң, тұрақты

отбасын құрау қиын. Ал, қазақ дәстүрімен үйленсең, осынау өмірлік

мәселенің оң шешімін табу оңай. Мәселен, қазақта жар таңдау-

әркімнің өз шаруасы емес. Ең алдымен, жігіт пен қыздың әке-

шешесінің шаруасы. Жеңгейлер мен құда-жекжаттардың шаруасы.

Олар жастардың жарасымды от басын құрып, тату-тәтті тұрып кету-

кетпеуін көп болып ойласып, болжай алады.Қалай деңіз? Қыз

айттыратын жақ бойжеткеннің бойынан ең басты төрт қасиет іздейді;

1) тектілік, 2) ақыл-парасат, 3) сымбат-көрік, 4) іскерлік пен

өнерпаздық. Қыз жақтың сөз салып отырған жігітке қоятын

талаптары да осыған ұқсас; ер жігіттің басындағы “алты асыл қасиет”

деп атаған. Яғни, ер жігіттің: “Зерде-зейіні болсын (тылсым сырды

13

ұға алатын), өнер-өрісі болсын(өмірден әперер сыбағасын),

тапқырлық, талап, ерлігі болсын(дұшпанға найза сұға алатын), жігер-

күші болсын (аяқтан шалғанды жыға алатын), қайрат-қаруы болсын

(қиындықта сыналатын), білімі болсын(биікке бастап шыға алатын).”

...“Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық.”

...“Жалаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба,

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма” (Абай).

...“Көріп алсаң, көріктіні ал, көрмей алсаң, тектіні ал, таба алсаң,

таспа сыртты құбаны ал, таппасаң, азбас, тозбас қараны ал ”

(“Парасат”,№10, 1992 ж.).

Рухы бойынан шыққандарды күзету

Қалай екенін қайдам, біздің елде дүниеден қайтқан адамды

салқын жерге жайғастырып , іш дәрет алдыртып болған соң, түн

мезгілінде шам жағып қояды да, ішіне мысық кіріп кетпеуін ғана

қамдастырып, өздері өлгеннен күдер үзгендіктен бе, басқа

бөлмелерге жатып ұйқыға бет алады. Ол өлген адам жас па, егде

тартқан адам ба, қандай жағдайға байланысты дүниеден өтті,

онымен де жұмысы жоқ.Ертеректе, мен әлі қариялыққа келе

қоймаған кезімде, осындай жағдайларға үлкендердің жасаған

шешіміне іштей риза болмай, өз борышым санап, күзет

ұйымдастырдым. Бір немере болып келетін туысымыздың баласы

трактор айдап келе жатып, тракторымен үлкен каналға аударылып,

сол трактордың астында қайтыс болды. Оншақты шақырым жерден

кран әкеліп, тракторды көтеріп алуға тұра келіпті. Жерде қар қалың,

қыс өте суық. Суық хабар бізге сарт етіп жетісімен, бір автобус болып

жеттік. Қайтқан бала жақында ғана үйленген-ді. Келсек, анасы

қосыла кетпеді демесе ешнәрсені білмейді, әке болса, ол да дем

алуға шамасы зорға келеді. Булығып, тұншығып, өксігін баса алмай

отыр екен. Ол кезде елге басшы болған, ағалық жасап жүрген

ағаларымыз бар болған. Түннің бір уақытысында үлкендер

шешінбестен қисая-қисая жатысты.Әкесі болса, есік алдында стул

үстінде күрсініп қойып отыр. Оған:”Жатыныз, дем алыныз”,-десек,

келіспейді. Үлкендерге келіп, осыны айтсақ, жата беріңдер дейді. Не

керек, екі адам, бірі мен және туыс құрдасым екеуіміз, өлген

баланың әкесін зорға көндіріп, таң атқанша күзетін өткіздік. Сол

жұмысымызға өзіміз де, әкесі де риза болды. Қыстың суықтығы

сондай, баланы қоятын жер, қорым, күріш егетін жердің ортасында

екен;екінші күні қазылып дайын болды:екі бөшке солярканы қайта-

қайта құйып, тоңын жібітіп қазумен бітті. Адамды жан-рух және тән-

дене деп екіге бөледі екен. Шәкәрім Құдайбердіұлының "Үш анық"

кітапшасында осылай түсіндіреді. Сонда өлген адамның рухы соның

денесінен, яғни тәнінен бірден күдер үзіп, ұзап кетпейтін сияқты,

менің түсінуімше. Қаза болған баланың әкесі, шешесі қатты қайғыға

14

ұшырап отырғанда, көпті көрген, көп жасаған үлкен кісілердің

білімсіздігі мен парасаттылығының кемдігі болды-ау деп

тұжырымдадым.Туысқан, бауыр деген басқа түскен осындай

ауыртпалықты бөліскенде, болған уақиғаны солардың аз да болса,

есінен шығарысып, әңгімеге айналдырып, қастарында болғанға не

жетсін! Көпке дейін орны толмас қазаны қазақ баласы осылайша

бірге көтерісуі керек деп санаймын. Бәріміз де адам деген атқа

ортақпыз. Бірақ адам мен адамның айырмасы аспан мен жердей

болады дегенді де оқып едім. Христиан дініндегілерде мұсылман

дініндегілердей емес, қайғы бөлісу жағы біздерден әлдеқайда

кем.Тағы бір жағдай былай болды:бұл да туысым еді, әрі құрдас. Бір


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю