Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 4 (всего у книги 27 страниц)
болып келеді. Келдім. Уқытты алдырмай, сөзді өзім бастап кеттім.
Інім суға түсіп кеткен тауық сияқты, сілкінеиін де демейді. Бұлардың
туыстарын да, төркіп жағын да түгел білемін. Ал келін, сенің төркінің
қайнысының қолына қарап отыр, жалғыз басты, бала да жоқ,
бауырына салғаны қайнысының баласы. Жеме-жемге келгенде, бет
ашылады, сені қорғамақ түгіл, басқайғы болады.
Мынаның ағасына сен бұдан жақын емессің, ол-мұның бауыры;
бүйрек бауырға бұрмай тұрмайды.
Ал, ажыраса қойыңдар. 4қыз бен жалғыз бала бар. Бәрі де
есейген. Олар дәл қазір бұл жайды біліп тұрған жоқ. Көңілге суық
кіреді, берекеттерің қашады. Түптеп келгенде, саған бай табылар,
балаларға әке жоқ, жатқан әбіржүлер. Інім, саған да бір тесік моншақ
табылар-ау! Мына перзенттерінді ойласайшы. Бұл– ашу,
қызғаншақтық. Басқа ешнәрсе де емес. Қызғанғаның– заңды. Бірақ
соны жария ету – мазаққа айналу. Тіпті ажыраса алмайсыңдар.
Бүлініп қалған ешнәрсе де жоқ. Шалдарды шақырарсыңдар – ау ,
түбінде солардан күлкілі сөз естисіңдер. Келін, байыңды жеңемін
десең, қас – қабығана дұрыс қара, көйлегі кірлемесін, тамағы тоқ
болсын. Қосылған кездегі махабатыңды қайтадан жаңғырт. Бұл –
менің сендерге берген достық пікірім.
Келін, сіз де інісіне жақтасып отыр деп санасаң, онда мені де
дұшпаныңа санай ғой. Екеуің де ауырмаған жақтарыңмен жатыңдар.
Жетелеріне жеткен болуы керек. Шалдар шақырылмай қалды.
Бір малдың (сойылатын)өмірі әлі бар екен, сойылған жоқ. “Ет
жемесек жемейік, етегің жап құдағи” деген екен, әбүйірсіздікке дұшар
болмадық. Бұлар қазір жеттіккен, сен кімсің де демейді. “Басқадан
көрген жақсылығыңды мазаққа айналдырма” – депті ғой Хакім
Ұлықпан, соны түсінсе болар да.
Тауып айтты ма, ауып айты ма?!
1996 жылдың қыркүйек айының орта кезі. Елден ұзаңқырап
шыққаныма біршама уақыт болған. Сол мезгіл аралығында
ағайындардың ішінен өмірден өткендердің ішінде жастары да
кәрілері де болатын. Мақсатым – өліге бата, тіріге көңіл білдіру еді.
Осылайша, алдымен, дүние салғандардың бірінен кейін екіншісін
жағалап жүргенімде, суыт хабар келіп жетті. “ Сарыбай жаңа кешкі
сағат 5 шамасында қайтыс болды” – деп, үйге кіре бере бір бала
хабарлады.
Сарыбай деп отырғанымыз менімен құрдас әрі туыс. Бұрын
әйелі қайтқан, енді көптен төсек тартып жатқан бұған да кезек келген
39
екен ғой. Иманын жолдас етсін деп, бет сипастық. Естісімен дайын
көлікпен Сарыбайдың үйіне де келіп жеттік. Ағайын – туысқандарына
көңіл айтыстық. Ертеректе Сарыбай совхоздың алдыңғы қатарлы
шопаны болатын. Мадақтауды жаны жақсы көретін. Сарыбаймен ата
жолы менен қарағанда жақын саналатын туысы әрі құрдасы Әзімхан
Смайлов аудандық атқару комитетінің төрағасы кезі еді.
Малшыларды аралап жүргенде, қасына фотокорреспондент
Хутаевты ерте шығыпты. Сарыбайға мал баққан жерінде кездесіп,
суретке түсіріп ала кеткен екен. Кейін ауданға алдыңғы қатарлы
шопандарды шақырғанда, түсіріп алған суретін құрдасына ұсынады.
Сырттында бір ауыз өлең бар:
“Қой бағын жүрген Сарыбай,
Жүрген жерінің аты – Онбай.
Серік қылып жүрсің итіңді,
Ұқсап – ақ қалыпсың сондай”.
Бір маған кездескеніңде Сарыбай жаңағы газет материялдары
ішінен осы суретін де көрсеткені бартын-ды. Сол Сарыбайы дүние
салып, жерлеуге құрдасы да келген – ді. Бұл кезде ол бастық
зейнетке шыққан, қарап отырмай, аудандық зейнеткерлерінің
бастығы. Денсаулығы бұзылыңқырап та жүрген кезі.
Сарыбайды жерлеп келіп, соның отанында дұға оқып
отырғандардың арасында, ойына тағы бір мысқыл пайда болып,
айтып та салыпта:”Осы ауылда ерекше санайтын екі адамым бар
еді. Бірі ертеректе, көп бола да қойған жоқ, жанұясымен Лугавойдан
бері “Мақпал” деген жерге көшіпті де, көп ұзамай, топырағы сол
жақтан бұйырды. Бұл айтып отырғаным – Ысқақұлы Иманберді.
Жақсы – ақ жігіт еді. “Жақсы ит өлігін көтетпейді” дегені рас екен-ау “-
деп жан –жағына көз тастайды. Қатырдым-ау дей ме қалай?
“Екіншісі қазір бар, Сағындық деген жолдасымыз. Бұл да сол
оңтүстікке көшіп кетіпті”– депті. Бұл сөз сол күні-ақ автобус үстінде
маған келіп жетті.
Әзімхан болса қан қысымы жоғарылап, дәрігердің берген
дәрісін ішу барысында қан қысымы төмендеп кетіп, тұрса жүре
алмай құлап түседі. Дәрігерлердің кеңесін де, қатарларының
ұсынасын да “Дем алу керек, орынды жастарға беру керек” дегенді
елемей жүрген кезі. Аудандық газет бетінде де осы мазмұнда
Әзімханның атына құлаққағыс жазылады. Мұны маған жеткізгендер
де бар еді. Араға 2-3 күн салып, үйіне барғанымда, науқасының
жайып баяндады. Әйелі жүре алмайды. Қолда келін жоқ. Келіндердің
бәрі бөлек тұрады екен.
Түс кезі еді. Бойдақ баласы (Әйелі кетіп қалған) тамақ
дайындауға кірісіп жатыр екен. Қідіріп, тамақ ішуді ескертті. Айтар
сөз де, әзіл – оспақ та дап – дайын тұр. Бірақ мен ештеңе де айтпай,
айығып кетуіне тілек білдірдім. Әзілге әзіл айтсам, ешқашан да
ұмытпас, науқас қой деп ойладым және дұрыс санадым.
40
Экология деп дүние жүзі зар қағуда емес пе! Сол жағдайдың
әсеріне шалдықпайын деп, алдын ала ауасы таза жерге келген
жағдай бар болатын.
Алла сақтағанды сақтаймын депті ғой. Қызмет істеп тапқан
еңбекақым емделуге жетпесін ертеден – ақ білетінмін.
Таяқтың екі басы болса, бір басы өзіне қайта тимесін ойлады
ма, жоқ па, оқушым, өзіңіз айтарсыз... Сол Әзімхан 2003 жылдың
қүзінің соңғы кезеңіңде дүниемен қоштасты. Оны да елден
келгендерден естідік, арнайы хабарланғаным жоқ. Ендеше, міне,
өмір осылай өтеді, сенімен ақылдасып жайтпайды.
Үмітті үзуші.
“Ақылды елді елден оздырады,
Ақылсыз өз елін өзі
таздырады.”
(Бала биден )
1997 жылдың жаз айының басы. Бұлтсыз күнде аспаннан жай
түскендей суық хабар адам жүйкесін дір еткізді:
– “Қырық кепедегі” ата – бабаларымыздың қабірін суға алдырды!
Неткен сұмдық!!!
Ол былай болыпты: 1950 жылдары колхоз – совхоздарды
ірілендіру мақсатымен “Ащықұдық” колхозы мен “ Талаптан”
колхоздарын біріктірген болатын. Алғашқы колхоздастыру кезінде
“Қырық кепе” деп атылатын құм шұқырында, жер кепелерде, сол
жердің халқы кепе қазып орналысқан да, өздерінің өлген адамдарын
үйлерінің төңірегіне жерлеген. Ол жер содан қорымға айналған. Бір
топ рудың, яғни Бұлтыңның өлгендері сонда жерлене бастаған да,
үлкен қорымға айналған, оны кейін халық қоралап, ерекше
қамқорлыққа алған – ды. Міне, сол қабырды су басқан, жоқ,
дұрысында суға алдырған.
– Не деген бассыздық, не деген жауыздық!
– Кімнен болған?! – деген сұрақ туады. Өзінен өзі болмаған. 1995ж.
Халық үлкен үміт артып, өз ауылының адамын шаруашалықты
басқаруға сұрап алған. Ауданның ұсынған сегіз бірдей сенген
адамын қабылдамай, сұрап алған адамы– Смайлов Өркін деген
азамат. “Сұрап алған аурудың емі жоқ” деп, халық бекер айтпаса
керек. Соның өзі болды да шықты. Сол жылдың өзінде – ақ ол халық
сенімін ақтамады. Әкесі жақсы еді, көргені ,білгені бар деп сенсе,
нағыз әкеге тартпағанның өзі болып шықты. Халықты быж – тыж етті,
өз басының қамын қарастырды. Ал енді одан құтылып қара! Колхоз
беске бөлінді. Үгіт таратып, жұмысшыларға бөлінген жердің
көпшілігін, пай бөлген қағазын, өзіне алдырды.
Егін егу кезеңі келгенде, өзімен қатырлас бөлік алған Көбенов
басқарған топқа су бермес мақсатымен, ауызша өз мұрабына
(гидротехника) шлюзды жабуды бұйырған. Каналдан асқан су арнаға
41
сыймай, өлгендердің қабырына, ойға бұзып асып, халық үш күн –
түнімен жерленген бауырларының басында шулаған ; мал сойып,
Аллаға жалбарынып жылаған. Тіпті судың бетіне қалқып шыққан
денеге су кешіп те барғандары болған: соның бірі өз ағасы Шатланбек
еді. 22 жасар қызы таяуда жерленген екен.
Ал бастық ше?! Бастық жоқ. Халақты тастап, үш күндей көрінбей,
ауылдан тайып берген. Контордың кілтін тастап кеткен. Осындайда ел
ішінде жарамсақ жағымпаздар да табыла кеткен.
– Ол кім?– ол, сол алғашқы осы бастықты алсақ, көгере қаламыз
дегендер болып шықты. Жұбату айтып, халыққа басу айтқан болып,
конторына тағы отырғызыпты. Ол сұмдардың одан алар үлесі де бар
екен:бірі колхоздың машинасын өз үлесіне алса, екіншісі де құр қол
болмаса керек. Ал қайта оралған бастық әлі өңеші толатын емес
көрінеді. Ауылдағы екі бала бақшаны да жаптырып, «Сәулет» деп
аталатын бала бақшаны өзіне пәтер етеді, көшіп те келеді. Ол бұрын
ауданда отырған мекеме үйін өзінің жекеменшігіне қаратып алған-ды.
«Есебін тапқан екі асайды» деген осы. Біреулер бір рет те үй ала
алмай жатса, бұл сәбидерді тарқатып, соның үйіне орналасып алды.
Өзі бастық болған жылы күріш өте бітік болды. Халыққа түк те
берілген жоқ. Қызметтік машинасы бола тұра, жаңа машинаға
(«УАЗик») ие болды. Алдыңғы қатарлы әлді шаруашылық быт-шытқа
айналды. Төрт түлік мал да тынды. Машина мінген бейбақ бұрын бас
бухгалтердің орынбасары болған еді. Мына бастықтың тұсында
тексеру комиссиясының бастығы, ұжымдағы зейнеткерлердің
бастығы, жолдастық соттың бастығы, т.б. Яғни Сталин кезінен кейінгі
басқару жұмыстарын қолына алғандардың бірі. Пенсияға шықаннан
кейін де сейптің бір бөлігінің кілтін өткізбейді екен. Ішінде
жемқорлардың жегендері туралы есеп бар ма, әйтеуір, көпке дейін
өзінде сақтапты. Машина мінген соң, кілтін берген болар.
Ал, бастықтың да тұтам сексеуілі бар-ды: туған нағашысы –
облыстық алтыншы бөлімнің бастығы.
–Әкесі ше? – Әкесі– бұрып исполком болса, қазір аудандық
зейнеткерлердің бастығы. Жасы 70-тің ортасынан асса да, ауру болса
да, орнын берер емес. Шіркіннің қабілет қаруы қартайған сайын артып
жатырма екен дейсіңіз?!
Қолпаштаумен орнына қайта отырған бастық Әйтпенбетов дегеннің
бұрыннан жүргізіп келген тракторын алып, өз қалағанына берген. Ол
жігіт бала-шағалы, мүгедек шешесі де бар-ды. Осы көліктің арқасында
күнелтіп отырушы еді. Таққан кінәсі – сен әлді емессің, трактор тұрып
қалса, запас бөлшек сатып алуға қаржың жоқ – десе керек. Ал оның
тракторын сол ауылда тұрып, ұяттан безгеннің қол астынан бірдеңе
жүгірмесіне кім кепіл дерсің. Ол бұдан да бұрын Қалекеев дегеннің
алайын деп тұрған тракторын жоғарыдағы әдіспен алып қойып, көп
ізденіспен Қалекеев өзіне қайтарып алған болатын: жоғарыдан өзінен
де зор шықса керек.
42
Сонымен, сұрап алған бастық жас сәбидің де, жарлы – жақыбайдың
да, бүкіл халықтың да қамын ойлаудан жұрдай күйінде жүр. Ендігі ойы
басқа жаққа шығу, бұл жерден шарсаса керек.
Халық елдің қамын, келешегін ойлар, өз баламыз ғой деп үміт артса,
сенген баласы үмітті үздірген үстіне үздіруде екен, мен соңғы бір
барған кезімде.Оқушым, болған жағдайды әсірелемей, сол қалпында
бергеніме ренжімеңіз.
Бұл жағдайды білген, көріп отырған зейнеткер үлкен ағасы
(моладағы терең суға шешініп түсуші ағасы) жолыңды тапсайшы,
халықты қинама дегісі келсе, ол оған кіріспеңіз дегендей.
Екінші бір зейнеткер ағасы, өзінің ұстазы болған ағасына халық
айтқызғысы келген екен . Ол оған айтуға денсаулығы
жарамайтындығын: қанының қысымы көтерілетінін, жүрегі
жарамайтындығын білдіріпті. Шындығында, ол солай еді.
Қырық кепедегі қорымды су алғанда, сол шұқырда сол
Өркеннің атасы, әжесі т.б. іні – қарындастары, ағалары да жатыр.
Басқа халықтың сай сүйегі сырқырағанда, шіркінде ондай сезім болды
ма екен деп таңырқайсың! Сол Өркенге ес кірген болуы керек, бәрін
жайғастырып, орнын босатыпты. Қазірде ауданның автокөліктерін
реттестіріп жүрсе керек. Әкесі болса, ол да қадірін кетіріп барып,
орынды босатыпты. Зейнетке шыққан кезде де, шын мәнінде, қадірлі
болуды ойлады ма, жоқ па, оны халық біледі.
Іріту
Қазақта “ Ежелгі жау ел болмаc” деген мәтел болып кеткен бір
сөз бар. Осы сөз неге айтылған?! Таңданасың да, таңырқайсың да.
Бабаларымыз басынан кешкенде, өмір өткелдерін тұжырымдап,
түйіндеп қалдыра берген. Түсінігің бар болса түсін, түсінбесең, қол
құсырып, құлдық жасап жүре бер! Ондайлар да арамыздан
табылады. Бір жеңнен қол шығарып, бір ауыздан сөз шығарып
тұрған заманда елім деп, халқым деп бүкіл өмірін аямай өткендер
болған. Солардан қалған, күні бүгінге дейін ауыздан ауызға көшіп,
бізге жеткен даналық ой – пікірлер мол-ақ. Соның бірі – мақал –
мәтелдер. Атадан артық болып туыпты – мыс деген сөз де кейде
айтылып қалады. Жоқ . Атадан артық болып тумаса керек, батпан
кейін болып туса керек. Неге дейсіз ғой. Бұрын қазақта бірлік мықты
болған. Сол бірлік қазір бар ма??? Сол алғашқы дәрежесінде ме?
Айту қиын. Сол бірліктің ішіне ірткі түсіп кеткен жоқ па екен?
Ойлаңызшы! Осы қазіргі заманда кез келгеніміз билікке құмармыз.
Сол билікті дұрыс алып жүре аламыз ба, алмаймыз ба, онда
жұмысымыз жоқ. Есебін тауып, сол билік қолымызға тие қалса,
дереу төңірегімізге тақымға бұрылатын “ Шабандоздары –
жинаймыз, додаға саламыз да жібереміз. Ол халыққа жаға ма,
жақпай ма, онда ісіміз болмайды. Тағы бір билік құмар “ тұлпарына”
мініп алып, ана биден асып түседі де, соның орнына қонжия кетеді.
Осылайша үйреншікті жарыс үдей түсуде. Ал халық күн санап
43
қалжырап бара жатқанымен істері жоқ. Өтірік ақпар зырғып жатады,
жоғары бастыққа жақса болды. Ал бұндайларға қарсы тұра
алмайсың. Үйткені күш солардың қолында. Керек десең, рекет деген
қолшоқпары тағы бар. Оған сен шыбын құрлы да емессің. Жоқ, рекет
ел басшысынан тысқары жүрген бұзық топ дегісі келер. Оған өз
басым сенбеймін. Қоғамға бағынбайтын адам зат баласында күш
балмайды. Олардың мықты тірегі, сүйеніші бар. Тіпті тәртіп
қорғаушылардың өз іштерінен – ақ көрініс беріп жүр. Соған қатал
тыйылым болса, олай болмас еді. Ұсталғанының босануы оп –оңай:
айыбын ақшалай төлесе, құтыла салады. Сонда ол бұрынғы
әрекетін қайталамай ма?
Тарихта “Татар – моңғол игілігі” деп аталған кез болған жоқ па
еді. Сонда ол дүние жүзін түгел дерлікке жақын игеріп бара
жатқанда, артқы жақта, тылда, ірушілік пайда болған. Содан бері
қаншама уақыт өтті! Сол тарихта жазылып қалды емес пе! Кіммен
кім жауласты?! Дос кім, дұшпан кім?! Тағы да ұмытарлықтай уақыт
кетті. Бай, кедей деген екі тап пайда болды деп марксизм өз
“даналығын” үйретті. Осы екі тап бір – бірімен жауласты. Кедей
жеңіп, байы қашты, қуғынға ұшырады, ақырында, жасырынып, түсін
өзгертті. Осы бай мен кедей дегендер кімдер еді? Кім болушы еді:
аталас туыстар, өз бауырлары. Олай болса, олар неге жауласады
дейсіз ғой?! Жауластырудың жолы оп – онай екен: арасына ірткі
салу, ақырында, әкімгершілікке қолын жеткіземін деу. Солай болды
да шықты.
Ол заман да тамырына зіл түсіп, бастығы басынан шіріп,
басшысы сатқын болды. Опыр – топыры шығып, “Қайта құру” болып
шыға келді. Қан талапайға түсті.
Тағы да бай – мықты, кедей – қайыршы болып шыға келді.
Кедейіміз – жалшы, жалданушы, күшін сатушы. Аз айтып, көп
айтқанда, қазақтың ішіне ірткі салып, бірлігін жоюды, тіпті тілін де
жоюға әрекет жасаушы – ежелгі дұшпаның.
Қазақтың ер жыныстылары мен әйел жыныстыларының құқығы
тең емес деп, теңестіруді де ойлап тапты. Сол теңестірудің түрін
қараңызшы: ауылдық жерде жұмыс қолдары – әйелдер де, атқа
мінер, кеңседегілері – еркектер. Тағы да келісе алмаса, сот арқылы
ажырасып, бала әкесіз, әйел жесірлік өмір кешті. Есіріктері осы
жолға түсіп, өмірдің талқысына түсті: некесіз балалы да бола
бастады. Тұрмысы ауырлағаны бар бойдақ өмірдің «Ләззатын»
тартқаны бар, бала дегеннің керегі жоққа шықты: туу, бала тумау өз
қолдарына көшті. Көптеген қазақтың қара көз қыздары ана деген
атқа зәру болып жүргендері қаншама. Жұмыссыздықтың салдары
пайда болды. Ер жынысты қара күшін сатса, әйел жынсты ар –
ұятын пұлдауға көшті. Осыны жасырмай – ақ көк экраннан да
хабарлауды шығарды. Қазақтың жетім балаларын шетелдік байлар
алып кете бастады. Ар – намыс жоқ адам адам болып санала ма
екен?! Сонда хайуаннан айырмашылығың сөйлесе алатындығың ба?
44
Мүмкін, олар да өздерінше сөйлесетін шығар. Іри берсең, шірисің!
Тоқтал! Ойлан!
Осы ірудің бір түрі – кіндігінің қаны тамған, туып – өскен жерінен
ешкім қумай – ақ көшу. Неге көшеді? Ол жердің жері бай «Ұран» деп
аталатын қуатты байлығы бар. Соны сатса, байиды, космосқа
ұшады, «арқа – жарқа» бола қалады. Космосқа ұшатын алаң да
сонда. Керек десең, ауаны да, суды да залалдай алады, сұрапыл
дауыл да тұрғыза алады. Бүкіл демалатын ауаны да өзгерте алады.
Енді ол жерден көшпегенде не етпекшісің? Көріне көзге қуырдақ
боласың ба? Сонда қайда барасың дейсіз ғой. Аз күн болса да, сол
апаттан қашып, ауасы, суы, шөбі тазалау жерге. Баратын жеріңде
сол бүліншіліктің зардабын сезінуде, дегенмен, анау жерден
тәуірлеу.
Осының бәрі – ежелгі дұшпанның білдірпей істеп отырғаны. Біз
құдайға сенген халықпыз. Бәрін де істейтін құдай деп, Алланы
кінәлаймыз . Жоқ. Олай емес, мұны істеп отырған – адам, күншілдік,
билік құмарлық.
Бөлтіріктер бөрі болған
Қазақта «ұядан не көрсең, ұшқанда, соны аласың» деген сөз
бар. Осы сөз бекер айтылмаған екен. Басынан кешкендер бір ауыз
сөзге тұжырымдап, көп жайтты сыйғыза салғанын қараңызшы!
Мен мал бағушылармен біраз араласуыма тура келді. Сонда өз
көзіммен көргендерім десем де болады. Атын айтып, әйгілемей – ақ
қоятын. Сонда да болса, солар жайында жаза кетуді жөн деп
отырмын. Олардың кейбіреулері бөріліктен де асып, қорқауланып
барады.
Мал шаруашылығында істеп жүргендердің тұрмыстанып,
әлденіп кетіп жатқандары да бар. Сонымен қатар, мойнына мал
мініп, яғни қарыздар болып, жылу жинап, зорға құтылып шыққандары
да жоқ емес.
Әлденіп кетудің екі жолы болады екен: бір таза еңбегімен
әлдену де, екіншісі теріс жолмен әлдену екен . Қарыздар болып,
жылу жинаушылар, ең алдымен, кінә өз бастарында. «Қатынға
қарамасаң кетеді азғындайсың, малға қарамасаң, айрыласың»
дегендей, ондай адамдардың селсоқтар, жұтушылар, құмар
ойнаушылар сияқтылар.Әйтпесе, шаруа қуғандар еш уақытта да
зиян таппайды. Баюдың екінші жолындағылар алғашқыда майдадан
басталып, бірте – бірте ұлғая түседі.Оның жанұясы одан үлгі алып,
оңай олжаға әуестенеді екен. Тіпті ағайын – жекжаттарын сүлікше
сорады екен. Қазақта «Қоспа» деген сөз бар. Сол сөзді біле тұрып,
сол сөз неге солай айтылғанына мән бермейді екенбіз, яғни
малшыға мал қосады екенбіз. Неге қосамыз? Қосушының бірлі –
жарымды малын өзі бағуға мүмкіндігі болмағындықтан қосады екен.
Сол қосушы күндердің күніне бағушының құлы болмаса да, күні
соған қарап, қалай осының көңілін табамын деп, соған тәуелді
45
іспеттес қалыпта жүреді екен. Қол жәрдемі , тіл жәрдемі т.б. заттай
да жәрдемін жасайды екен.
Сол «Қоспаның» үлкеюі де, көбейюі де баяу, немесе кері кетуі
басым болады екен. Бардың жоқ болуы оп – оңай. Мемлекеттікі
жоғалса, оны төлейді. Қоспа жоғалса, сол күйінше құриды. Оны шын
құрту үшін, алдымен, соның есебін тауып, көзін жояды екен де,
табылмайтындай жағдайға келгенде ғана, егесіне хабар тиіді екен.
Егерде тым күйлі болса, сойып жіберіп, орнына басқа бірдеңе қоя
салу да бар. Сонда «ит төлеуі бір күшік» болады. Оған иесі ыңқ ете
алмайды.
Ерген төлінің құруы тіпті оңай: қасқыр жей салады. Ал басқа
жақтан ауып, адасып қосылғанды жою жолы тағы бар. Осыны көріп
өскен жанүядағы жеткіншегі баласы, ержете келіп, әкенің
жауапкершілігін өзіне алғанда, әкені де алжастырып, бірден желкесін
күжірейтіп, бөрі болып шыға келеді екен. Енді бұл нағыз арлан бөрі.
Осылай бөрі болғандардың жан – жақты шашуы да, тасуы да
басқалардан артық.
«Жылан көп жортса, аяғын көрсетіп алады» деген тағы бір сөз
бар. Оңдай бола қалса, сол бөрілердің бетсіздері де болады екен.
Шіркін ұят дегенді сезінбейтіндері де болады – ау!
«Халық айтса, қалып айтпайды» дейді ғой. Сенімнен айрылып,
жексұрындықпен әлденгендерді халық біліп жүр; өздері
білмейді.Алла оларға көрсетіп те жүр, әлі көрсетеді де. Кісі ақысын
жеу, қиянат жасау-күнәнің ең үлкені, кешірімі жоқ. Әлі-ақ азабын
шегеді. Өткізіп алып, кешірім сұрағанмен, ол кеш болады, Алла
кешірмесе керек.
Құрдастардың қылығы.
Лып ботқа.
Адамның аса бір қадірлі жолдасы болатынын көбіңіз білетін
боларсыз.Естімеген болсаңыз, тыңдаңыз. Ауылдас болып бірге
өскен, асықты бірге ойнаған ол өзінше көптің бірі болып
есептелінетін жолдас. Ал бірге оқып, сырлас болған жолдастың
жолы бір басқа. Одан да артық бір жолдас бар:ол-армияда бірге
болған, қиыншылықты бірге көрген, елден, ағайын-туысқаннан жырақ
жүргендегі жолдас. Сондай жолдастың бірі-Әзімхан мен Шалабай.
Әзімхан-ауданда басқарушылардың бірі де, Шалабай да осал емес,
ауылдық жерде дегеніңіз болмаса, дүрдей бір қоян фермасының
бастығы.
Әрине, аудан ауылдық жерді басқарады, тексеріп тұрады.
Бірде сол аудандағы басшы жолдас ауылдағы басшы жолдастың
шаруашылығын тексеруге келіп қалады. Ол кезде қоян фермасы
46
"Қыдырбек шұқыры"деген жиде өскен жерге орналасқан-ды.
Машинаның дауысы шыққан соң, ферманың конторы існеттес бір
бөлмелі жұмбаздан жасалған лашық болатын-ды.
Конторынан шыққан бастық Шалабай ауданнан келген
бастығын құшақ жайып, қарсы алып жатыр. Шаруашылығын көреді.
Ол кезде совет дәуірі, жоғарыдан нұсқау береді. Төменгі жақ
қолынан келе ме, келмей ме істеуге міндетті. Шалабай қоян деген
жануарды бұтаның арасынан көргені болмаса, оның өмір тіршілігі,
өсіп-өнуінен тіпті хабарсыз. Ауданға шақырып алып, жеке қоян
асыраушыларды көрсетіп, солардың іс-тәжірібесімен таныстырған-
ды. Үй қояны жабайы қоян сияқты жабайы өмір сүруге тиіс емес.
Бұлар мәдениетті, заңды жұбайлары, өз үй –жаиы, бала-шағасы
болғанда ғана пайда келтіреді. Әйтпесе көзі қыли, құлағы
салбыраған, әр түрлі ауруға шалдыға беретін болады да, тұқымдары
азып, өнімді болудың орнына өлімді болады.Соны көруге ауданнан
бастық келіп тұр ғой: «Шалабайдың қояндарында шығын көп» деген
ызың ауданға да жетсе керек – ті. Жоғарыда айттым ғой, армиялық
досының жұмысы ілгері баспай жатқан соң, қажет көмегін жасауға
келген болу керек.
Шалабай болса, дедек қағын, бәрін көрсетіп тұр. Бір денелілеу
күжірейген бір қоянды құлағынан ұстап алды. Құлағынан ұстаған соң,
қыбырламайды да, шынғырмайды да екен. Үлкен бастық бір жағына
бұрылған кезде, кіші бастық жаңағының басын да алып үлгерді.
Аралап көріп, басқа шаруашылықтарда қалай асырап жатқанын
жолдасына түсіндіріп айтуда.
Бар кеңесін айтып, жүруге айналғанда Шалабай:
–
Ау, қуыс үйден құр шықпаңыз! Мына бір ата қоянды
сойып та қойдым, жеп кетіңіз! – дейді.
–
Жоқ, рахмет, уақытым жоқ – дейді Әзекең. Сонда
Шалабай
елпектеп: – қазір – ақ болады, «Лып ботқа» деген тағам тез піседі әрі
ауызыңыздан дәмі еш кетпейді» – деп, Қадірлі жолдасын тоқтатады.
Шалабай жас кезінде жабайы қоянды тұзақпен аулаудың шебері
болған екен. Сондықтан да асыранды қоян фермасына бастықтыққа
ұсынғанда сол Әзікең екен.
Абыл – құбыл қоянды қазанға, қазан деп отырғаным
орыстардың шөгені, салады. Күріш араластырған. Еркек адамның
дайындағаны емес пе, қазанға саларда жұмай салса керек. Ботқа
піседі: еті қырғауылдың етіндей жұмсақ та, күріші қоңыр тартқан.
–
О, шіркін! Айтқаныңдай бар екен! – дейді. Әзекең. «Лып
ботқаның» дәмі-әй аузымнан кетпейді–ау! Шалабай
болса, әлдеқашан марқұм болып кетті.Осы Шалабайдың
лып ботқасын жегенін Әзімханның өз аузынан есітіп
едім.
47
Арақтың алжастыруы
«Тілі шолақтың
ойы да шолақ».
(мақал)
–
Сен де бір «Мыстан» екенсің! – деп, ат – тонын ала
қашты біреу(атын айтпай-ақ, біреу деп ала берейік, ел
ішінде бұл сырды білетіндер де бар).
–
Ескіріп кеткен іс қой, немене, бұл бір 40 жылдың арғы
жағы еді ғой! – деп, қарқ – қарқ күлді құрдасы.
–
Қалай сен ұмытпайсың ? Қайдағыны еске түсіресің де
отырасың.
–
Осы, айтылса, қателік , кінә деген кешіріледі, – депті ғой,
рас
Болса. Ертеректе ата – бабаларымыз орыс келе жатыр десе,
үрейленеді екен. Қазіргілер соның тілінде сөйлегенді де, соның
сүйікті асын да игеріп алды емес пе! Сен соның тілінен бұрын
жеңсікті асын бұрып меңгергенің есіме түсіп отыр. Қазір қойдың ғой.
Сонда да айтайын. Жаңағы «біреу» қолы келіп тұрған кез екен. Сол
кездің жақсыларының сыйлы, құрметті ісіне шалдығады. Ол кезде
оны құрметтеп, «Ақпамбет» деп атаушы еді. Сөйтіп , ақпамбетпен
жолдас болып, барынша жұтса керек.
Жаздың күні, күн ыстық. Күндіз басталған отырыс түннің
ортасынан ауа тарқайды. Күйіз үй тігілген кез сүрініп – қабынып есікті
ашады. Ырс – ырс етіп ентігіп, тілі аузына сыймай, шөл алып
барады.
–
Әй! Айран бар ма? – Бар. – Қайда? – Алдыңдағы
шкафтың ішінде.Сипалап жүріп, бір ыдыс қолына түседі.
Ішінде сұйық зат тұр, шамасы айран – ау деп ойлайды.
Өйтені ашыған иіс қақпағын ашқанда, бұрқ ете қалады.
Шөлдеп келген байғұс демін алмастап сіміріп салады да,
шешінбестен масақанаға кіріп, жолдасының қасына
қисая кетеді. Таң атты. Басқалары тұрған, әркім өз
тірлігінде жұр. Ол пырылдап жатыр.
Сәске түс болды. Жаңағы ыңылдап барып оянды. Жолдасы
балаларынан: «Мынаның ішіндегі қайда?» – деп сұрап жатыр.
Ешқайсысы білмейді. Ал ұйтып қойған айран сол күйінде тұр. Сол
кезде жаңағы «Біреу»:
–
Не іздеп жүрсің? – дейді.
–
Мынаның ішіндегі, – дейді жолдасы.
–
Оны мен түнде ішіп қойдым, шөлдеген соң, – дейді
жаңағы біреу.
48
–
Ол теріге жағамын деп қойған иім еді ғой! – деген екен
әйелі.
–
Не де болса кетті! – депті сөз таппай.
Құрдастарға
(Марқұм Ысқақұлы Иманберді деген құрдасымнан қалған дүние еді.
Соның шығармасы)
«Еңірейді Мәтжаны
Жанына жақын барғызбай,
Бажылдайды Тәжісі
Мысық көрген байғыздай.
Бердуәли тоңқылдайды,
Шала піскен қарбыздай.
Ілиясы арам шөп
Шөлге біткен жалбыздай,
Тастаған кебіс сияқты
Шалабайы жалғыз ғой».
Жүлдегер осырақшы
Ертеде, осыдан 40 жыл бұрын, біздің елде ағайынды кісілер
арасында бір жарыс ұйымдастырылды.
Істейтін іс жоқ па, әлде еріккендік пе, бір сайыс жасауға Төлеу
бастаған төртеу жоспар жасады. Назыңды нағашың көтереді деген
бар емес пе! Менің нағашым 20 – аялдамада қос бие сауып, қымыз
ішіп жатыр. Соған түстенейік деп, әрі ағалары, әрі нағашылары
болатындарды Төлеу желіктірген – еді.
–
Ол нағашыңның жылқысы жоқ еді ғой, – деді Яссы аттас
ағасы.
–
Жоғына жоқ; менің биемді, Ақдеменің биесін алып,
сауғызып
Отыр – дегенде, – ия, – деп Қостай кетті Жүсіпназар. Осы әңгіме
үстінде ауылдас, әрі ағайын туыс Сатыбалды бар болатын. Ал, онда
барайық деп уәделесті. Бір – екі күн бұрын хабарлауға да келісті.
Уәделі күні сәске болмай – ақ жетіп келді. Төкеңнің нағашысы хабар
келген соң, тыраштанып дайындалуда. Қымыз да жиналған болып
жатыр. Үй огородтың басында, қамыстан қауқитқан лашық еді. Қонақ
келеді деген соң, жақын ағайын болатын інісінің де әйелі көмекке
келген. Келісімен дастархан жайылып, шөлдеп келгендерге
жиналған қымыз берілуде. Есік алдында мал сыйылып, ішек –
қарнын келіндер тазартып жатқан кез болатын. Үйдегілер қарқ – қарқ
күлісіп жатты.
Отырғандардың бірінен жел шығып кетсе керек, соған күлісіп жатса
керек.
–
Соған бола күлесіңдер ме? – депті Сатыбалды.
49
–
Керек болса, қырқын тауып берейін ондайдың – демесі
бар ма?
Отырғандар арасында таба алмайды деген ерегіс шығады. –
Табамын! – дейді Сатыбалды.
–
Иә, табады,-деді Наукең(Наурызбай).
Ерегіске тынып қалған Жүсекең (Жүсіпназар).
–
Сатып аласың ба соншаны? – десе, – сатып алмаймын,
кәне, қайсың санайсың, санаңдар! – дейді. Сонымен, жарыс
басталады да кетеді. Санан жатыр, санан жатыр. Оннан асысымен-
ақ, қарқ-қарқ күлкі басталады. Санды да, шығын жатқан дыбысты да
есік алдындағы келіндер де естіп, барар жер таппай жатады. Енді
күлкіге үйдегілерге қосыла сырттағылар да сылқ-сылқ етуде. Ішек-
қарын тазалау жайына қалады. Көзден жас аққан, күлкілерін тыя
алмай жатады. Санаушы: – 39, 40, 41 – деп тоқтағанда, Сатыбалды: -
санай бер, әлде де бар – деп, уәдесінен 3-4 – еуін асырып тоқтайды.
Сүйтсек, бұл кісі бұрын да аты шыққан адам болып шығады. Аты
жоқ, жөні жоқ осыру емес екен, ерегіскеңдердің жеңілгендері
жүлдегерге көйлек-көншегін беріп құтылыпты. Сүйтіп, сатыбалды
сатып алмай-ақ, алдына бұл сияқты жарыстан жан салмайтын
жүлдегер еді.
Құдағидың Құданы Қорқытуы
19 жыл өткенен кейін елге келген кезім. Бұл жылдар ішінде мен
Өзбекстан да, оңтүстік Қазақстан жерінде де, Ұлы Отан соғысы
кезінде Европа елдерінде де болдым. Бұл кез өзінше бөлек жатқан
түрлі кезеңдер еді. 1946 жылдың бас кезінде елге, кіндік қаным
тамған жерге келген кезім. Шамалы уақыт жұмыстың ыңғайы бола
қоймаған соң, жанжақтағы туыстарға барып, сәлем беріп жүрген
кезім. Елді, ағайын-туыстарды әлі толық біле бермеймін. Бір күні
№19 рзд-ге (аялдама) келіп, поезға мінбекші едім. Аялдаманың
кезекшісі, әрі бастығы Күлмахан деген кісі Шиеліге телеграмма беру
үшін морзе аппаратының кілтін ұстап тықылдатады, тықылдатады.
Лентадағы сызықтарға қарасам, Шиелі бұл кісіден телеграмманы
алғысы келмейді: кілтпен жұмыс істеуі өте нашар.
–Маған беріңізші-дедім. Ол кісі маған состиып, не істемекшісің деп,
күдіктене қалды. Мен кілтке қолым тиісімен, Шиелі қабылдауға келісе
қойды.
Лезде телеграмманы қабылдады.
Сол күннен бастап,бұл кісі мен келсем, поезға билетті
тоқтаусыз беретін болды. Бір ретте мен келген кезімде, екі бірдей
үріп ауызға салғандай қыз ба, келіншек пе біреулер келе қалды.
Билет алуларына көмектесу керектігін айтты, билет алынды. Кейін
барып білдім, екеуі де туыстастар, әрі жас мөлшері менімен қатар
кісілер болып шықты. Бұл кез екеуінің де тұл кезі.
Таршылық, жоқтық, кедейлік деген иыққа бір мініп алса, түсе
қоюы тым қиын-ақ. Сондай кезеңде елде бір Кемелбай деген кісі бар
50
екен. Бұйрықтың жолы болуы керек, баяғы екі сылқымның бірімен,
Арабымен жұптасады. Жас айырмашылықтары 15 жас шамасы.
Осылардың өмірінен кездескен бір жайды айтайын. Жаз айында
қыстың қамы дегендей малға шөп орады. Оны үйге тасу табыла
қойса тек қана өгіз арба еді. Сол табылып, жаңағы қосылған
жубайлар шөбін алып келе жатады. Жол тегіс емес, ойлы-қарлы
екен.
Бір кезде арба аударылып, үстіне мініп келе жатырған әйелі
шөптің астында қалады. Зорға тауып қосылған қосағы шөп астында
қалғанда, күйеуінде ес болмай қалады. Жерден шөпті аударып,
астында қалған келіншегін табады. Ол серейген күйінше былқ
етпестен жатыр. Ері не қыларын білмей:"Арошка, шынымен-ақ
кеткенің бе!?"-деп көзін сығып-сығып, "Арошкам-ай, жаным-ай!"-деп
дауыстан жібергенде, келіншегі:"Аһ"-деп ұшып тұрса керек. Сонда
ері:"Қорқытқанда осылай қорқытады ма екен!?-деген екен. Сүйткен
дүние өз кезегімен өтіп келеді. Жол менікі деді ме, ері 89-ға қараған
шағында дүние салды. Құдаларымның әрі жас жағынан үлкені, әрі ең
біріншісі еді. Алла иманыңызды жолдас етсін!
Көшеге лақтырылған төсек
Ел ішінде той-тұмақ, ас беру, құран оқытү сияқты халықтың
жиналуы болады.Сондай жиындардың бірінде белгілі Әлима қортық
абысын-ажындарын тағы бір дүрліктірмесі бар ма: "Кеше таңертең қу
бас балам менің төсегімді далаға шығарып, бар дауысымен
айқайлап; "Менің шешемді алатыңдарың бар ма?" – деп,-
лақтырғаны ғой. Мен болсам жалынып жүрмін: – қойсайшы, балам,
ұят емес пе? – деп. Ал, ол болса, тіпті ерегісе түсіп, лақтырылған
үстіне лақтыра түседі. Қойшы, бір уақытта шаршады білем, үйге кіріп
кетті. Мен абыл – ғұбыл шашылған төсегімді үйге тасудамын" – дей
бергенде, бір қартаң тартқан абысыны:
– Ондай бала болса, күні бүгінге қайда! – дейді Мәуленнің
шешесі. Жұрт тым – тырыс. Сол кезеңді пайдаланып, қортық сыртқа
шығып та үлгереді. Дереу шал – шабандар отырған бөлмеге барып:
– Жесірлеріңді алатыңдарың бар ма?! Еркексіңдер ме жоқ па? –
дейді. Олардың ішінен де тез жауап береуін ертіп келіп, жаңағы қарт