Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 16 (всего у книги 27 страниц)
Келесі күні бұлар үшеуін де қалаға ертіп апарып, қалағанынша
кейіндіреді, Сыйлығын жасайды.
183
Жүретін күніне екі күн қалғанын айтып, жатқан жерін,
телефонын береді.
Келесі күні Оля қайта шақырып қонақ жасайды. Кетерінде
Коляның бала-шағасы,әкесі анасына сый – құрметін беріп жібереді.
Көпжасар бұларды қонаққа шақырады. Келер жылы Оля қызымен
анасымен келе жатырғанын айтып телеграмма береді. Бұлар
сомолеттен күтіп алады. Бірнеше күн қонақ етеді. Бүкіл ауыл болып
қатты сыйлайды. Оля баяғы өзі ал дегенімен Көпжасардың екінші
әйелі ауыл сыртына серуендейді. Кетерінде Көпжасар Оляның
анасына 100 ондатор терісі, 3 алтынсұр, 3 көк қаракөл терісін береді.
Көпжасардың анасы қазақтың оюлы текеметін ұсынады. Машинамен
аэропортқа әкеліп, қаланы қыдыртып,сомолетке билет алып,
мінгізеді,қоштасады. Содан көп ұзамай, Оляның анасы дүниеден
озыпты. Соңғы кезде хабары жоқ көрінеді. Қазір Көпжасар сол өз
аулында тұрып жатады. Соңғы алған әйелі дуниеден озған екен,
біраз уақыт болып қалыпты. Өзі 1925 жылғы екен. Денсаулығы
нашар, кілең курорт, санатория, госпиталь, ауруханаларда көрінеді: l
дәрежедегі мүгедек. Сахарный да науқасы бар екен. Қолында таяғы,
ширақ, қатты режимде, дәрі-дәрмегі калтасында. Бір комнатада үш
адам болдық. Қасымызда полковник Айнақұлов Әбекең. 12/6 күні
түнгі 12/30 да Ғалым аварияға ұшырап, мені Нұржан алып кетті.
Қоштастық та қойдық.
Қатын ауыстыру немесе ауысқан
«махаббат».
(тарихи болған оқиға)
«Елуде есін жинамаған,
алпыста ақыл тоқтата алмайды,
алпыста ақыл тоқтата алмаған,
жетпісте желігін ноқталай алмайды»
(мақал.)
Алматы облысының Балқаш ауданы маңында Калинин атындағы
колхоздың басқармасы Оспан деген кісі болыпты. Ал сол колхозда
өндірістік бригадир болып істеуші Жақып екен. Жақып болса өз
жұмысына тынымды, қарауындағыларға жайлы, парасатты,
сабырлы кісі болса керек. Ал әйелі ажарлы, мына көркім барда
маған кім қызықпайдының бірі екен, уақтысында партия қатарына
өтіп те алған-ды. Өз кемерінен екі қызы бар. Оспан да, Жақып та
партия мүшесі. Оспанның әйелі партияда жоқ, үй шаруасында
байсалды, ұстамды әйел. Бір ұлы бар кезі екен.
Қай кезде де ұрғашы сыңай танытып сүйкенбесе, еркек жанаса
қоймайтыны табиғи заңдылық. Сондай бір кезеңі болып, Жақыптың
әйелі колхоз бастығына несіне қызыққанын өз іші біледі, сыңай
білдіреді. Қанша дегенмен еркек емес пе, қайталана берген соң,
еркектігіне басып қалады. Ол іс әдетке айналып та кете бастайды. Ел
184
іші бұл жағдайды сезіп қойып, өсек-аяң бірден екіншіге өте
бастайды.Мұны Оспанның әйелі де ұзын құлақтан хабарланады. Бірақ
әйелдікке баспай, қызметіне әсері тиеді дегені болуы керек. Осы
колхозда партия ұйымының хатшысы Көпжасар Ташкентбаевтың да
құлағына бұл іс жетеді. Аналар сөз қозғай қоймаған соң, бұл оны
сезбеген болып та жүрген кезі екен. Бір күндері әңгіме жарияға ауыса
бастайды. Аудандық партия комитетінің хатшысы Бедеубаев Ханза
Көпжасармен қатар дос-жарандығы бар кісі екен.
–Ай,сен анау қарауыңдағылардың әдепсіз ісін біліп жүрсің бе?-
дегенге келеді.
Енді істі қарамаса, Әбүйірсіздікке апаратынына көзі жетіп,
Көпжасар әр қайсысын жеке шақырып, істі анықтайды. Жазбаша
анықтама да алады. Ең соңында бұл істі Жақыпқа да айтуға тура
келеді.Бюро мүшелерімен ақылдаса келіп: – Не істейміз? – дегенге
бюроға салуға үйғарады. Іс насырға шабатын болды. Көпжасар бұл
жайды ауданның хатшысына айтқанда, колхозға лайық басшы болатын
кім барға келеді. Келісе отырып, Колхозды Жақып басқара аладыға
келеді. Партия жиналысында қаралып, Оспан мен Жақыптың әйелі
партиядан шығарылады. Бірақ сотқа берілмейді. Оспан әйелімен
ажырасады, бала әйелде, үй де әйелге қалады. Жақыптың да әйелі
ажырасады, қыздары әкесінде қалады. Үй-жай да Жақыпта қалады. Екі
бетсіз ,,махаббат” иелері ұзамай-ақ жұптасады. Күндер өтіп жатады.
Колхозға жалпы жиналыста бастық болып Жақып дайындалады.
Бір күндері келіп, бұрынғы Оспанның әйелі Жақыпқа келіп:
–Қане Жақып, анау екеуі өз «Махаббаттарын» тапты ғой! Біз не
істейміз? Әңгімені қой, сен менен тәуір әйел таба алмайсың. Екеуміз де
қосылайық-дегенді айтады. Сонымен бұлар да қосылады.
Бір күндері ішіп-жеп қалған Оспанның үйінде көже қатық болмайды.
Ұятсыз бұрынғы Жақыптың әйелі Жақыпқа келіп жағдайын айтып,
изолятор малдан ақшасына мал алады. Жақып ешқандай кедергісіз
адамгершілік жасайды. Осылайша бір ауылда өмір өтіп жатады. Ер
кісілердің арасында қастандық пікір деген болмайды. Баяғы аудандық
партия ком-ң хатшысы отарыста: Анау қатындарын ауыстырған
азаматтар ма?– дейді.
Оспанның жұмыссыз екенін айтып, I хатшы арқылы ондатр
шаруашылығының бастығына тапсыртады: хатшы ондатр
шаруашылығының бастығына: Мына Көпжасар саған бірдеңе айтады,
сен соны орында-дегенде, ол: – мақұл дейді.
Сөйткен Жақыптың соңғы әйелі қосылғаннан соң, бірнеше балалы
болады. Жақыптың бұрынғы әйелі болса, Оспаннан түк те тумапты.
Үлкендері дүниеден өтіп кетіпті. Оспан ізсіз қалса, Жақып үрім-бұтақты,
елге қадірменді жанұяға ие екен. Алла өз лайығын жасапты.
Кімге құлақ асамыз?
“Азатын елдің ұрысы билейді, озатын елдің дұрысы билейді”
(Үкімет басшысына ма, дінге ме?)
185
Бос уақытымда әңгімелесе қоятын адам бола қоймаған соң, газет-
журналды ермек етуді әдетке айналдырып алған да едім.
«Сары ағаш» демалыс үйінде «Айғақ» № 34(76), 5/9/2001 газетін
оқымасым бар ма. Бұл газеттің ойына келгенді баса беретін де әдеті
бар екенін білетінмін. Алдымен, газеттегі тақырыптарға көз жүгірттім:
,,Үмітіңізді үзбеңіз, апа”, ,,Балық басынан шіри ме?” т.б. мақалаларды
оқыдым. Оқыдым да, ойға қалдым: Осы біз кімге құлақ асамыз? Қазақ
деген халық едік. Егемендік алғанымызға он жыл толғалы тұр. Дініміз,
діліміз бар, енді түзелеміз деп, Аллаға шүкірлік те айтамыз. Ел ішінде
болған соң, халық тынысымен таныс болғандықтан, бұл қалай деген
ойға қалады екенсің, оқушым, сіз де осыған көңіл бөліп қараңызшы.
Бәріміз де адамбыз. Оған күманім жоқ. Ал енді адамгершік дегенге
келейік. Бүкіл қазақ халқының діні – Мұсылман діні. Кешегі бір советтік
дәуір дегенде дінге қарсы үгіт те, басқа да әрекеттер де болды.
Егеменді ел болдық, дініміз ділімізге ие болдық деп жүрсек, оның
басшыларының ұстаған бағыты ойлаған адамға күдік тудырарлықтай
халге алып бара ма, қалай? Сенбесеңіз ,,Балық басынан шіри ме?” –ні
оқыңызшы. Дінімізді дұрыс басқара алмады, өзі өнегелі болмады деп,
Рәтбекті ауыстырып еді. Жаңа басшы Ә.Дербісәліні өзі ғалым, араб
тілін игерген, ол елде елші болған, бірнеше дүркін қажылықты жасаған
деп дәріптеп едік. Осы басқаға өнеге көрсету үшін, ол адамның өзі
өнегелі болуы керек те, тәрбие беру үшін, өзі тәрбиеленген болуы керек
екені барлығыңызға да аян.
Ал мұнда ол олай болмай тұр.
Осы біз қазақ халқы, мұсылманбыз дейміз. Солай бола тұрса да,
мұсылмандықтың шарттарын түгелдей орындап жүргеніміз жоқ. Ол ма,
тіпті қазақша сөйлей алмайтындарымыз да баршылық. Енді соны жолға
түсіру үшін тәрбие, насихат осы халыққа ауадай-ақ қажет емес пе? Оны
іске Асырайтын кім деген сұрақ туады. Әрине, ол-басшы. Ол басшы
басынан шіріп жүргенде, не болмақ?!
Осындай жағдай ел басқарушыларының ауылдан бастап, ең
жоғарысына дейін де бар. Ел басқарушы, алдымен, әділет иесі болуы
тиіс те, қатаң тәртібі болуы керек.Ал, ол қалай дейсіз ғой. Бұрында да
орын алып келіп еді, қазір ол тіпті қаптап кетті.Не дейсіз ғой? Ол – пара.
Қазіргі әділетті қаржы шешетін болды. Қызметке орналасудың,
қылмыстық істің шешілуінің де мөлшері болатын “ставка” деген пайда
болған.
Тәртіпке келетін болсақ, сол тәртіпті бұзушының “крышасы” бар.
Сонда қалай болғаны?!
Қазақ деген халық – шыдамды, төзімді халық.Ұнамсыз қылықтарды
айтамыз да қоямыз, “көппен көрген ұлы той” деген мәтелді айтып,
өзімізді өзіміз жұбатамыз. Шерхан Мұртаза айтқан екен:”Мен досымнан
да қорықпаймын, азар болса, сатқындығын жасар. Дұшпанымнан да
қорықпаймын, азар болса,өлтіреді де.Менің қорқатыным -
енжарлық”Бізде сол енжарлық деген басым.
186
Шыдамның да, төзімнің де шегі болса кезек.Бұл жағдай-қуанарлық
жағдай емес.Қараңызшы, жоғарыдағы айтылған газетте (“Үмітіңізді
үзбеңіз, апа”) бір анадан туған егіз бірін бірі өлтірді, жасырды. Анасы
болса, зарылдаған бойы қалды.Осының бәрі егесіздіктің тақсіреті.
Сол басшы дегеніңіз басшылыққа қандай тәсілмен жетті екен
деңізші.Бұған да арнайы шығарып алған айла-тәсіл бар:Ел қалаулысы
деген парламентке депутаттыққа кандидат болу үшін, алдын ала
төлейтін ”Ставкасы”,оған қоса қол қойған жақтаушысы бар құжат
керек.Ал, ол сайлаудан өте қойса,оның үстінен барша халықтан да
тысқары жоғары басшысы-парламент иесі президент бар. Сонша халық
сайлаған парламент тек қана бір президентке жақпай жатса, онда ол
оны тарқата салады.Солай болған уақыт та болған. Сонда халық-
тобыр, тарихты жасаушы халық емес, жеке-дара бір адам болып шыға
келеді.Сол дара басшы күндердің күнінде орнынан тайса, кейінгі болған
басшы аузы қисаймастан кемшілігін тәптіштеп айтып, жамандай
бастайды.Бұған қалай түсінсең солай түсіне бер.Бұл-егесіздік.
Өмір деген НЕ?
«… Адамға ең бірінші білім
емес, рухани тәрбие керек,
тәрбиесіз берілген білім -
адамның қас жауы, ол
келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі» деген
екен Әл-Фараби.
Ойлап отырсаң, адам өмірінің қажеттілік негізгі элементтеріне
Ләпсі, Ұйқы, Күлкі, Еңбек жатады екен.Өсе келе бұларға Ақыл,
Парасат, Қанағат келіп қосылады.Осыдан болмыс (бытьё), жағдай
келіп шығады.Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, байсалды
талдау жасап көрелік.
Ләпсі – өмір сүрудің басты құралы.Ол ішіп-жеу ғана емес, адам
ағзасында болатын басқа да қажеттілік жолы бар. Бұларға аса
жауапкершілікпен қарауға тура келеді.Еркіне жіберсең, опық та жейсің.
Ұйқы – шаршаған организмді қалпына келтіретін бірден-бір тәсіл.
Ертеректе бір жерден оқып едім, қай кітап екені есімде жоқ, 60 жыл
өмір сүрген адамның 40 жыл өмірі ұйқыға кетеді екен де, 20 жыл ояу
өмір екен. Демалған да жақсы-ау, бірақ өмірді ұйқыға алдыра бергеннің
қажеті жоқ.
Оның аты-жалқаулық.
Күлкі – де адамға қажет сияқты. Адамның өмірін ұзартуға пайдасы
бар, витамині бар депті ғой. Яғни көңілді болсаң ғана күлесің, көңілсіз
өмірдің қызығы да жоқ қой. Күлкінің кейде санасыз да түрі болады екен,
оны мен басымнан кештім, көзіммен көрдім де:Ұлы Отан соғысы
жылдарында снаряд жан-жағыңа түсіп жатқанда, басыңды ғана
шұқырға тығып, қалған денеңді ашыққа қалдырған кездер болды.Соған
187
күлдім де және әскери трибиналдың үкімімен өлім жазасы орындалар
кезде, бір молдаван жігіттің күліп, қолын көтеріп сөйлегенін көрдім. Сол
да саналы болғаны ма? Бұл ләпсі,ұйқы,күлкі-үшеуі де арсыз нәрселер
екен.
Еңбекке келсек, ол-адам өмірінің кілті. «Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей» деп бекер айтылмаған. Еңбектің түрі алуан түрлі – ой
еңбегі, дене еңбегі, қабілетіңе қарай түрлі искусстволық еңбек және т.б.
Сол еңбек сені адамнан адамгершілікке жеткізеді, ақылыңды
өсіреді, парасаттылықты үйретеді, болмысыңды, жағдайыңды жасайды.
Енді бір қанағат деген бар. «Қанағат қарын тойғызады,
қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады» депті ғой.
Қанағатқа қарама-қарсы қанағатсыз деген сөз бар. Ол
бәсекелестікті тудырады, қызғанышты қоздырады. Күндестікке әкеліп
соғады, жауластырады да.
Осыларды дұрыс жолға салып отыратын ақыл, парасат деген болу
керек. Осылар өзіңде жеткілікті болмай жатқан жағдайда, өнегелі өмір
сүрген, ақылды, парасаттыларды оқу керек, үйрену керек. Ол үшін өзің
рухани тәрбиелі болуың керек. Яғни тіліңді, дініңді, діліңді игерген
болуың керек. Қазақ, адамгершілік деген ұғымдардың иесі болуың
керек. Сонда ғана ұялмай, мен дүниеге келдім, өмір сүрдім деп
айтуыңа болады.
Осы жоғарыдағы айтылғандарға қарама-қарсы ләпсіні тыя білмеу,
ұйқышыл болу, күлекештікке салыну, еңбекті сүймеу адамды аздырып–
тоздыратын жол. Онда ақыл – парасат та, қанағат та болмайды.
Соңдықтан оның болмысы да, жағдайы да төмен. Бірақ ол да адам, тек
адамгершіліктен жұрдай.Сонымен, өмір деген осы екен, тірі жүріп,
тіршілік етсем, менің өмірім, өмір сүргенім деу, шын мәнінде, өнегелі
өмірге жата бермесе керек. Ләпсім орындалуда, ұйқым тыныш, күлкім
жеткілікті, сонымен қатар, бір адамша еңбек те жасаудамын деушілер
мол-ақ.
Сонда соңғы кезде әдет-ғұрып, салт-сана, мейірім-шапағат, әділет
атаулыға, әсіресе, саналы қарттарымыз қанағаттанбауы неліктен деген
ой туады.
Осыған кілең жастарды кінәлай беру деген ақылға сыйымсыз ба
деймін.
Алдымен, әркім өз жолымен жүрсе, яғни бала, жігіт, қыз, аға ұрпақ,
ақсақалдық кездің өзін-өзі сақтау, жүру жолдары бар емес пе?
Дүниеге келген жас сәби-періште десе болады. Бәрін өзінен
үлкендерден үйренеді. Ендеше, әркімнің өз жолы деген рухани
тәрбиеленуден келіп шықса керек.
Мұғалімдердің бір педагогикалық кеңесінде оқытушы деген
өмірбақи әркімнің өз отанында, оң жақта отырған қызының мінезіндей
болуы керек: өнегелі, инабатты, үлгілі, ұқыпты, тұла бойы таза адам
қызығарлықтай, яғни, барлық жақсылық атаулы соның бойынан
табылуы керек дегенім бар еді. Біреуді тәрбиелеу үшін, сол адамның
188
өзі тәрбиелі болуы керек. Рухани тәрбие деген осылайша қалыптасса
керек.
«Ұлық болсаң, кішік бол!» деп жатады. Сонда сен
инабаттылығыңмен-ақ екінші біреуді тәрбиелейсің, үлгі көрсетесің,
ақырында тәрбиелейсің. Ал, керісінше, төсіңді керіп, көзіңді алартып,
қабағыңды түйіп, даусыңды ерекше шығарып тұрсаң, сенен кім үлгі
алады. Сенің асып-тасқандығың– әділеттілігіңнен айрыла
бастағандығың. Сенен екінші біреу қорқып тұр, сыйлап тұрған жоқ, сол
үшін ол саған тәуелді болып тұр. Соны сен түсіне біл! Қатал талап,
тәртіп те керек-ақ. Бірақ ол әділетті болсын. Әділет кеткен жерде,
сыйлау деген болмайды, тек қана қорқу бар. Ол саналы тіршілікке
жатпайды. Демек, санасыздықтың пайда болуы осыдан басталады. Сол
санасыздық бірте –бірте бойды жайлап алса, әдетімізге айналса, оны
қайтадан қалыпқа келтіру – қиынның қиыны.
Қарның ашса, тамақтансаң тоясың; киімің тозса, жаңартуға болады.
Ал, сананы саналыққа келтіру деген көптеген уақытты керек етеді.
Осыған абай болу керек. Шектен шығып бара жатқан да жағдайымыз
бар. Осыған қалай тосқауыл қоюға болар еді деп ойлаймын. Оған:
1.Мектепке дейінгі бала ата – ана тәрбиесінде. Оларды солар қолға
алса; 2. Мектеп жасындағы, студенттерді сол оқу орындары қолға алса,
керек десе, заң да шығарса; 3.Аға ұрпақ жастығыларды жұмыс
орнындағылар қолға алса; 4. Зейнетке шыққандарды ауыл ақсақалы
деген ұйым құрып (көше басқарушысы) керек десе, талқыға салып,
дұрыс жолға түсірсе. Мешітке барушыларды сол өз имамдары қолға
алса.
Сонда біршама қалыпқа түсер ме еді. Егерде көнбей жатса, керек
десе, полициядан көмек те сұрауға болар еді. Адамның ұжданы -
әділет, нысап, мейірімі – бар адамдарымыз молайып, адамгершілік
өмірге көшер ме едік. Сонда ғана өмір сүріп жүрміз деп толық айтар
едік. Ал осы қазіргіміз күн көрушілік – “существование” болып бара
жатыр ғой.
20/X -2001.
Шымкентте айына 2 рет шығатын “Ұлағат” атты газетке шықты.
қыркүйек, 2002 ж. №. 30 16 (18)
Жақсы {әйел, ана} қауым
Жанұяның бірден – бір егесі әйел болып саналады. Демек, ол үйдің
моржасынан түтін шығаратын сол әйел екен. Шыққан түтіннің түзу не
қисық түрі деген бір жұмбақ сөз бар. әрине, түзу шыққанына не жетсін!
Әйел баланың алғашқы әбзелдігі ас даярлауға шеберлігінен
байқалады. Ас даярлауда шебер еркектер де бар дегіңіз бар ғой. Оған
таласпаймыз. Дегенмен, қазан – ошақтың иесі – әйел. Өзбек халқында
ас даярлағанды еркектері өрескел көрмейді, қайта мақтаныш санайды.
Ал, қазақта қазан – ошаққа араласқан еркекті тым тәуір санамайтын
тағы бір жағдай бар. Олай болса, ең бірінші міндеті әйел ас даярлаудың
189
шебері болуы керек, сонымен қатар, көк бармақ болмай, он саусағынан
өнері тамған шебер де болу керек. Бұл өнерді ол туған анасынан
үйреніп келуі керек екен. Өз ұясынан ұшып, қалған өмірін өткізуге
келген тұрақты орны, яғни келін болып келген жерінде оның қолынан
тұз – дәм татушылардың назары осы келіннің ас даярлаған әбзелдігіне
түседі. Бұл – бір. Екінші бір жағдай ол ана деген атқа ие болуы керек.
Оның негізі – бала. Перзентті болу деген сөз – отан – жанұяның қазығы
қағылу.
“Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі”– депті қаңбақ. Ол
қаңбаққа ғана жарасады. Жаңа түскен келіннің жарасымы – перзенті.
Біле білгенге жас сәбиді сүю, еркелету, ұнатудың барлығы соның
анасын жақсы көру деген. Келген елің, жанұя мүшелерің бәрі сені
құрметтке бөлеп жатқанда, сен қалай болуың керек? Сен кішіпейілдігің,
ылтипатың, бауырмашылдығың, ізетіңмен сол жандардың ойынан
табылуың керек. Бұл сенің қауметтілігіңді білдіреді. Сенің үйің – кісі
түсетін үй болғаны дей бер.
Қазақ халқында атақты аналар болған. Солардың даңқы қолына
найза алып, жауды жапырғандығынан шықпаған. Сол тайпалы елге ана
болғандығынан, ағайынды алыстатпай, қауымдастырып, төңірегіне
жинай білгендігінен шыққан. Кісі күтуді тек қана ақыл – парасатты
барлар ғана білген. Осылайша өнегелі ісіңді өзіңнен кейінгілерге де
дарытсаң, өмір бақи сен келін– кепшік өмірде болмайсың, үлкейесің,
қолың ұзарады, басшылыққа жетесің. Енді сен өзіңнен кейінгілердің
ұстазы дәрежесіне жетесің, демек, қолың босайды, рақатқа бөленесің.
“Асықпаған арбамен қоян алған” деген осы. Менің бір келінді көргенім
бар: жанұясы өсіп– өнген жан. Ата-енесі, қайнаға, әпке дегендері мол.
Ішіп-жемі мол. Ішері алдында; ешнәрсеге зәру емес. Келімді – кетімді
кісілер де көп. Келіннің төркіні жоқ, жамағайын туыстары ғана бар екен.
Келіннің екі перзентті кезі еді. Жаны ашығансыған бір төркін жағындағы
жеңгесі: “ Сені көрсем, сен осы үйдің күңі сияқтысың. Үнемі ас
даярлаудан қолың босамайды. Көшеге шығып қыдыруды білмейсің” –
дегені құлағына кіріп кетеді. Ол күң сияқты емес, сол үйдің қатардағы
бір мүшесі болатын-ды. Сонымен, күйеуінен ажырасып тыныпты, екі
қызалағын да ала кетіпті. Алимент алып тұрады екен. Орнына ырысы
бар басқа келін де келіпті. Ол да екі бөпелі болыпты. Даладан ештеңе
де іздемейді, бәрі үйден табылып тұр. Кеткен келін бармағын енді
тістеуде көрінеді. Ойлаңызшы, қазіргі көшені кезіп, бір қаладан екінші
қалаға зырғып, ұйқыдан безіп, жүріп келе жатып тамақтанып жүрген
келіндер аз ба? Солар бақытты санай ма екен өздерін? Еркіндік болып
па сол да?!
20/XI – 2001.
Ақылсыз ажар – А2
«Бойын сылағаннан ойын сылаған артық»
190
«Сұлулық – түр мен мазмұнның сәйкестігі»
В.П. Белинский
Адам баласының ең бір көрікті, әрі сұлу мүшесі көз бе деймін.
Сол көзбен көріп, өзіміздің қалаған, ұнаған затымызды аламыз, әрине,
ажарлысын. Дәмі, қасиеті бірдей болып тұрса да, алманың қызылын
қалаймыз. Бұл – көзіміздің қалауы. Бұл жерде ақыл – парасат
дегеніңіз кимелеп араласа қоймаса керек. Онда тұрған не бар екен
дейміз ғой. Демек, көз адамның алғашқы пайымдау мүшесі екен ғой.
Осы пайымдау мүшені ақыл –парасатымыз үлкен сабырлылықта
ұстай білген жөн бе деймін. Қапелімде бұл кез келген кісінің ойына
келе де бермес, дегенмен, әр кезде жадында сақтағанға не жетсін!
Осы біздің көзіміз көргенде ақыл – парасатымыз оқи да біле ме
деймін: айтқызбай – ақ адамның айтатынын алдын ала көзден оқу,
қимылдан оқу, бет ажарынан оқу. Осылай оқи алатындар барлық
адамда бірдей болмауы да мүмкін. Дегенмен, әркімде аз да болса,
сол қасиеттерден болады деп есептеймін. Демек, сабырлылықтың
қажет жері дәл осы жерде керек – ақ сияқты.Әрине өзін-өзі білгенге,
өзіне-өзі есеп бере білетін адамға не жетсін! Көпшілігінде ондай
болмайтыны ұшырасады.
Бірден көзге түсетін адамның ажары бет әлпетінде болады. Оны
кез келген адам бірінші кездескенде – ақ байқаса керек. Ал, сол
ажарлы адам өзінің ажарын айнаға қарағанда ғана байқайды: өзін
басқалармен салыстырады. Оған ол қанағаттанады, масайрайды да.
Енді осы ажарға көпшілігінде парасаттылық жетіспей жатады. Оның
ақыры оны дандайсушылыққа алып барады. Осы дандайсушылық
өзімен ғана болмай, екінші біреулерді де адастырады, опық жегізеді.
Ондай әйел бойын сылаумен болады: “Мына ажарым бар да, менен
артық жан жоқ” дегенге шейін барады. “Қыз қылығымен сұлу” дегенді
естен шығарады. “ Жаны сұлудың тәні сұлу” екенін білгісі де келмейді.
Осыдан барып, көпшілігінде көңіл суысу пайда болады. Бұрынғы ажар
суыған көңілге құбыжық болып көріне бастайды. Осындай болған істі
көргенім де бар еді. Ол былай: армияда жүрген әскери ұшқыш
демалысқа аулына келеді (бұл 1950 – 60 ж.ж.). Ауылда орта мектепті
орысша бітірген ( Ақмола обл.) ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлуға
кедеседі. Жігіт болса – летчик. Уәде бойынша қыз ел ордасына
ауысып, оқуға түседі, әрине, сырттан оқуға. Жігіт қаладан пәтерге үй
алып береді. Астында ұшағы бар, реті келгенде, еркек астанаға келіп
– кетіп те жүрді. Бірде алдын ала хабарламай – ақ, түн мезгілінде
сұлуына келсе, сұлуы екінші біреудің құшағында жатқанына тап
болады. Енді сипаттайтыны жоқ, ақылсыз ажар өзін де, қосылдым
дегенін де адастырады. Ажарыңа ақылың сай болмаса, өмірің
айнымалы болады. “Ләпсіге ақылсыз берілгенің – айықпас өкінішке
кіргенің” болды.
21X1 –
2001.
191
Сериялы солақайлықтың сазайы
“Өзің білме, білгеннің Тілін
алма,
қарғыстың жаманы – Сол
болады”
Дүниеге келген адамның бәрі бірдей мінезді, ақылды, есті,
пайымдау жағы да бірдей болып жарала салмаса керек. Психология
ғылымында адамдардың мінезін бірнешелеген топқа бөліп жатады.
Ол өзінше бір ғылым жүйесі. Ал жастық шақта адам үнемі қимыл
үстінде, қызу қанды; ой өрісі ересектерден қанша дегенмен де төмен
болса керек. Өзіне дұрыс көрінгенімен, жалпы ой тоқтата алмаған
кезінде теріс жолға ұрынудан солақайлық істерге әуестену деген
болады екен. Соны дағдыға айналдырудың зиян екенін де сезбеу,
қайталаудан не болды? Алғашқысы “ит пен ит итаяқ басында
кездеседі” дегендейден басталған. Көзін сүзе қараған бикеш кез келіп,
қағып түскен де, одан айнуға да себеп табылған. Ол бикеш басқаға
ауған сыңарынан айырмауға тырысып, өзіне аудара алмаған соң, өзін
– өзі жоюға шейін бет бұрады. Онысы кураторға(жетекшісі) жетіп, істің
мән жайы анықталады, тиісті құжат жасалады, мойнына қойғызылады.
Енді мәжбүр түрде некеге де тұрады, бірақ қатынасты үзеді, ақыры,
есебін тауып оқуды да тастайды, бикештен де аулақ кетеді. Қонысты
өзгерткен кез. Мемлекеттік жұмыс жоқ. Оңды – солды бар қаржыны
жұмсап жеңіл көлікті болған уақыт. Ебіне лайық жолаушы тасуға
көшкен кезінде, «Сен тазға мен саз» дегендей тағы бір жезөкше
мұның көлігіне әуес болып, мініп жүргендері де болған. Сол жезөкше
бір күндері ғайып болыпты – мыс. Одан бұл солақайдың хабары да
жоқ. Ойламаған жерден араға уақыт салынып, жоқтың денесі шалшық
судан табылыпты – мыс, бет әлбеті бұзылса да керек. Ізшілер
кімдердің көлігіне мінгендерін анықтап, бәрін де зерттей бастайды.
«Жала жалын емес, жандырмайды; жандырмаса да күйелейді»
демекші, солақайға бас салады, қысады. Ол емес екенін біле тұрып,
он мың берсең, құтыласың, болмаса, тұтыласыңға басады. Араға
адам салып, сұрағанын тауып та береді. Әрине, қарызға алады,
қайтару күні де белгіленеді. Қолында жоғы қайдан табылсын, ұрлық
жарияға айналады.
«Бала жақсы болса – ажарың, жаман болса – ажалың» депті ғой.
Кім күйеді бұған? Әрине, ата – ана.
Болған іс болды, бояуы сіңді. Уақыт өте ұмытты – ау дейтін де
мезгіл жеткен.
Мұның жолында жезөкшелер, күйеуден күйеуге ауысып
жүргендер ұшыраса береді. «Еркектің қайламен бұза алмағанын, әйел
айламен бұзады» демекші, тағы бір бикеш түн мезгілінде үйіне
192
жеткізуін өтінеді, ақысын үйінен бермекші. Үйіне барғанда, теңге
табылмайды, құлағындағы сырғасын ұсынады. Ақысын тауып,
сырғаны қайтып алмақшы болып келіседі. Сол сырғаның егесі келе
қоймайды. Бір күндері көлігіндегі сырға үйдегі қалыңдығының көзіне
түседі. Көпке дейін бұл сыр үйдегі жанұя мүшелерінің басшысына
белгісіз болып жүреді.
Орыстар айтыпты ғой: «Шилу в мешке не утаишь» деп. Жанұяда
азын – аулақ іс қозғалады. Солақайдың зайыбы сырғаның егесін
табады: анасы мен қызын үйге де алып келеді. Ақысы төленіп, сырға
егесіне беріледі. Содан бұл жезөкшемен есеп ажырасып, уһ! деген
кезге жеткен кез еді.
Осы солақайлық жолға түсуге себеп болып жүрген, біріншіден,
жеңіл көлік болса, екіншіден, екі жақты жеңілдік: «Ойнас оттан да
ыстық: күйіп кеткеніңді сезбей де қаласың».
«Ауру қалса да, әдет қалмайды» тағы басталды: «Ойнақтаған от
басты». От басқанда жай ғана от емес, перінің дейміз бе,
жезтырнақтың дейміз бе жезөкшесіне жолықты. Анасы оңтүстікке
әйгілі, қосымша аты да бар «Вертолет» болып шықты. Мақтанып
сөйлегенде, оған барлық ел басқарушы бас иеді, шындығында, бетіне
қарамайды, қарағылары келмейді екен.
Аудан орталығына шешесіне еріп келген жезөкше(бұрын бір
байдың сорына тышқан) есебін тауып, шешесіне ермей, аудан
орталығында қалып қояды. Алдын ала жоспарлап та қойған ба, кім
білсін. «Бір әйелдің сиқырлығы 40 есекке жүк болады» депті ғой.
Қаншама жеңіл көлік толып тұрғанда, жолаушыларды мінгізіп келген
солақай жүрдек келіп тоқтайды. Жолаушылар бет – бетіне кетеді.
Кешкілікті кез екен. Күтіп тұрған жезтырнақтың жезөкшесі солақайға
сарт ете қалады. Жалғыз өзі жеке көлігіндей жайғасып отырып та
алады. Енді кеменің капитаны іспеттес команда да беріледі. Баратын
бағытына қосымша жолаушы алуды қажетсінбейді де. Баратын
аулына барады. Онда неге барғаны өздеріне ғана белгілі, оны
сұраушы да жоқ. Түннің жарымында зырғып келе жатып, көліктің оң
жағының шарабойы кетеді.
Жолдың оң жағындағы бір ағашқа соғып, машина аударылады:
жезөкше түрлі жарақат алған бойында жан тапсырыпты да, солақай
да сау емес, ауыр жарақаттанған, машинадан шығып қалған. Таң
атқан соң, жолаушылар көріп, тиісті орнына хабарлаған. Машина
талқанданған, полициялар тиісті орынға алып кеткен. Өлгеннің,
жарақаттың қанын алу, зерттеу, тергеу жұмыстары ізін суытпай жүруде
болады. Болған уақиға оңтүстік қана емес, солақайдың туыстарына
тегіс хабарланады. Көлік егесі жағы қайткенде де айыпты деп
саналатын жай бар. Қазақшылық жолмен қазалы үйге он екі мыңның
затын (қой,ұн, ақшалай) алып барып, бас июде. Ол күні Вертолет
солақайды бұрыннан білетінін айтып, одан көрмейді, бұл маған
істелінген «заказное убийство» деумен болды. Ондай айғақ боларлық
ешнәрсе таба алмай, ақырында, танимын, білемін деген солақайына
193
жабысуға бет бұрды: үшінші рет кешірім қағаз алуға барғанда: «Мен
қызымның жан тапсырған жеріне белгі қоюым керек. Қызымның
қырқын, жылын беруім керек. Оған дейін қызымды жерлеген жеріне өз
дәрежесінде там соғуым керек» – деп бір қойды.
Солақай болса, бұл кезде ауруханада. «Қыз өледі, бала неге
өлмейді» дегенге бассын. Вертолеттің күйеуі шофер болған адам
екен. Ол: «Менде де осындай жағдай болған. Шарабой шығып кетіп,
қасымдағы өлді, мен есік ашылып кетіп ұшып кетіппін» – деді. Бұны
әйелі ұнатпады. Отырып – отырып, күйеуін сыртқа ертіп кетті. Сәлден
соң жалғыз өзі Вертолеттің келіп: «Мен аузымды ашсам, айқара
ашамын. Менің шығынымды өтейсіңдер. Төрт жүз мың теңге бересің.
Балаңды соттатпаймын, ол менің қолымнан келеді. Бүкіл облыс мені
тыңдайды» – демесі бар ма? Мына соманы есіткенде, тұншығып қала
жаздадық. «Бүкіл үй – орманымды сатқаныммен, бұл қаржы менде
жоқ» – деумен ғана шықтық. «Ойланыңдар» деп, қырқының жасалатын
күнін де айтты.
Содан біз олай қарай баруды қойдық. Вертолеттің бұл ісін, сөзін,
заң орындары да білді. Олардың айтатыны: «Сол әйелді
тындырыңдар. Келесі жағы қиын болмайды» – деу.
Солақай болса, ауруханадан ауруханаға ауысуда, ауыр
операцияда жасалуда. Бәрі жатқан шығынға алып барады.
Ал, машинаның апатын зерттеушілер ше? «Өлеңді жерде өгіз
семіреді, өлімді жерде молда семіреді» дегендей, заңгерлердің
әрқайсысының өз ставкасы деген бар екен. Мәселе істі зерттемейді,
ставка берілуі керек. Іс соған қарай шешіледі. Қанның анализіне үш
жүз доллар, машинаның ақауына мың доллар міндетті түрде керек
болды. Ал тергеушінің жазу жұмысы өз алдына. Бұл сумма бізде жоқ.
Тым – тырыспыз. Кездескенде, тергеуші: «Неге келмейсіңдер,
экспертизге неге бармайсыңдар?» – деп қояды. Оған бізде жағдай жоқ.
Ақырында, машинаның ақауы жоқ, жүргізуші ішкен деп айыптау
қорытындысы келді. Вертолетке ел ішінде таныстары «Қызыңның
өлігін сатасың ба, сонша аузыңды ашқаның не?» деушілер мол
болғандай. Енді ол Солақай қайтып келмей кеттіге басыпты. Келуімізді
күтетіндей. Тағы да 3-4 рет барудың аяғында, жиырма мың алып,
кешірім қағаз берді, сөзінде айыпты деп санамайды. Аудандық сотта
іс қаралды. Солақай үш жыл еріксіз, екі жыл айдаушылық (шоферлік)
еркінен айыру, бір жыл бұл жерден басқа жерге кетпеу жазасы берілді.
Жылына дейін қыздың шешесіне қазақшылық жолына көмектесу
делінді. Дәл осы істің болар күні солақайдың әкесінде жүректің
приступы – «крупноочаговой инфаркт миокордия левой стенки острая
стадия» диагнозы пайда болды. «Баланың салмағы – білікке, күйігі –
жүрекке түседі» болды.
Жетінші түйсік
(«Жазагер жады космоформуласы» атты романнан)
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, балақаз,
194
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
Ойын мен ісің – жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
II
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, біртуар махабатпенен.
Алдану , сірә, түк емес, бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап,
Бастысы – сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?
Махаббат – қайсар заңғар шың, кез келген өрлей алмаған,
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
III
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.
Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма? Міне, бұл басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы? Жаныңа жаны қосылмау,
Бұл – нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген – ашылмау!
Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
IV
Рухы қосылмағандар – жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі – бақытсыз.
Сондықтан махабаттың да сырт санын құрайтындар көп,
Жай көзге күліп жүргеннен жасырын жылайтындар көп.
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең.
«Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайын,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
V
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық – мұңыңды жетінші түйсік арқылы?
Ұқпаса ... ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.»
195
Мінез жасауға қосылатындар:
Ыстық күн сәулесі, бұлақтың тазалығы, гүлдің әдемілігі мен
биязылығы, күздің жомарттығы, сүйіспеншілігі, аққудың адалдығы,
хамелеонның өзгергіштігі, желдің тұрақсыздығы, бұлттың
жылауықтығы, сиырдың сүзегендігі, есектің өжеттігі, сауысқанның
мылжыңы, түлкінің қулығы және аздап ақжарқындылықты,
жауыздықты, жыланның кекшілдігін қосып, әбден араластырып,