Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 5 (всего у книги 27 страниц)
абысынын нұсқап:
– Мына жесіріңді неге алмайсың? Мына жұрт куә, жаңа ғана өз
арызын айтып салды – деп, жұрт алдында ду қүлкіге айналдырады.
Алдамаса, ішкені ас болмайды
Не екенін кім білсін, біреуді алдап, қызығына батпаса, көңілі
көншімеуші еді. Әлде соны кейінгіге сөз болсын деп істей ме екен
дейсің. Байболдың Жұмабайы деген алпыстан асып, жетпіске
таянған кісі болатын. Өзі сом денелі, диқан кісі. Соның бір баласы
Нұртазаның қызына үйленген-ді. Нұртаза ол жылдары колхоздың
51
қойшысы. Жұмабай құрдасы Сәдірқұл дегенмен бірігп, ел шетінен
огород егеді. Күз айы, егін піскен. Малшылар жайлаудан сырға келіп
жатқан кез. Жұмабай мен Сәдірқұл қостас, егіндерінің ішінен лашық
күрке жасап алған. Қауын аралап жүріп, қыр бетінен бір қойдың
жүгері ішіне ақсаңдап кіргенін көре сала, жерден жеті қазына
тапқандай, лашыққа кіріп, аңқау құрдасына:
– анау жаптың ар жағына бір ақбөкен жүгері ішіне кірді. Анау
мылтықты ал да, атып ал –дейді. Сәдірқұл болса тездетіп, бұқпалап
барып, оқ жетеді-ау деген жерден жүгеріні жеп жатырған қойды
басып салады. Жетіп барса, ақбөкен емес, бір ақсақ қой. Амалы жоқ,
бауыздап, сүйретіп қосқа әкеледі. Сойып, етін ыдысқа салып,
шыбынды қожылдатып, үстіне бір қапты жабады. Бір кезде қасына
ит ерткен атты біреу: "Кім бар-ау?!-деп дауыстайды. Бұлар қос
ішінен көріп отыр, үн жоқ. Екінші рет дауыстағанда, сыртқа Жүмабай
шығады.Сәлемдесіп болған соң, үйінің жанына тастап кеткен бір
ақсақ қойының ізі осылай шыққанын айтып, көрдіңдер ме деп
сұрайды.
–Жоқ, көргеніміз жоқ-дейді Жұмабай құда.
Ары жүре бергенінде, жаңағы мал сойылған жерден қарғалар ду етіп
ұшады. Барса, мал сойылған, ішек-қарны жатыр. Нұртаза таңырқап:-
Мынау не нәрсе?-дегенде,Жұмабай сасқалақтап, ақбөкен екен
деп,мына Сәкең атқан екен, ұяттымыз-дейді. Содан ыдыстағы етті
қапқа салып, қүдасына өңгертеді. Нұртаза құдасына қойдың басын,
шамалы етін қалдырып кетеді. Бұл жағдайды сөзден сөз шығып
Сәдірқұл айтып еді.Осындағы аты аталғандардың бәрі де бұл
күндері дүниеден өткен. Нұртазаның үйінің егіс маңына көшіп
келгенін құдасы білмеген екен. Алдаудың да, ойнаудың да мөлшерін
байқамаса, ұятқа кездестіруі мүмкін екен, оқушым. Бұл ақиқат болған
іс еді.
Тоғанды бұзушы болма!
1995жылдың жаз айы екен-ау. Үйдің қасында Шермағанбет (Шерман)
деген ініміз көптен бері өкпе ауруымен аурып жүретін. Соның анда-
санда көңілін сұрап тұрушы едім.Бір барғанымда:"Тәжі қатты ауырып
қалыпты,білдіңіз бе?-"-деді. –Жоқ қашан?-дедім.
–Осыдан оншақты күн бұрын, тіпті барлық туыстарын шақырып,
Біздің тұқымымыз көп ауырмаушы еді, – деп – дүниеден өтіп кетсем,
маған ренжіген уақыттарың болса, кешіңдер, менде ондай жағдай
болған болса, кештім! – деп, бала – шаға, ағайындарымен қоштасқан
көрінеді. Маған келгендер осыны айтады – деді. Күнде мұның көңілін
сұраушылар келіп жататын.
Сонымен, естісімен Тәжінікіне барсам, төсекті жақсылап тұрып
салдырған, үстіндегі киімі де, төсегі де аппақ. Азып та қалыпты,
дуалға қарап теріс айналып жатып алған.
– Ассалаумәликум! – деп, кіріп келдім. Зорға қимылдап, маған қарай
бет бұрды.
52
– Не бұл жатыс?! Қыс көтіңді!!! Тоғанды бұзушы болма! – деп, қатты
дауыс шығардым да, жайғасып отырдым. Екеуіміз де үндемей,
кішкене отырдық. Байқаймын, менің айтқан сөзіме ренжімеген.
Науқастанған адамның үні бәсең шығады ғой, жайлап отырып,
қауіптенгенін баян етті. Бұрындары дауысы шаңқ – шаңқ шығушы еді,
ол жоқ. Уақытым болғанда көңілін сұрап жүрдім. Тәуір де болып, ауыл
арасы шақырған жерлерге барып та жүруші еді.Мен қоныс аударып
көшкеннен соң, өзі айтқандай, бір күні түнде жағдайы болмай,
дүниемен қоштасып кетіпті, бата жасадық.
Қатарымыз жыл сайын сирей бастады, үлкендер дүниеден өтіп,
үлкендік бізге жетті.
Ырзалық білдіру
Дауылбайдың Әйтөресі деген құрдасымыз Ұлы Отан соғысынан
бір аяғынан жараланып, ақсақ Әйтөре атанған еді. Кісіге азары жоқ,
момым жігіт еді. Соғыс аяқталмай – ақ ерте оралған екен. Дүйсенкүл
дегенмен жұбайласқан. Бар болғаны бір ұл перзенті бар, одан немере
сүйді. Бірақ әйелі өзінен бұрын өліп, әрі жесірліктің, әрі мүгедектің
зардабын шекті. Қанның қысымы деген науқасқа шалдығып, қыбыр
ете алмай жатыр. Ары кеткенде айына бір барып, көңілін аулап
тұрушы едім. Өте ырза болып қалатын. Кейініріекте барғанымда,
әңгіме үстінде көзіне жиі жас алатынды шығарды.
– Сен келіп тұрасың – ау құрдас дегендер азайып та барады. Бірақ
осында тұрса да, келмейді, – деп, көзіне жас алды. Бір күні немересі
үйленіп, өзіне мүгедектерге тиесілі машина алған екен. Ол
барғанымда көңілі жадыраңқы, қуанышты екен. Көптен айналдырған
ауру қоя ма, тағы бір келгенде баласы: «Үш күн болды, еш нәрсені
білмейді» – деді. Шалқасынан жатыр, көзі де, аузы да ашылған. Тек
тыныс қана бар. «Кеше туған інісі келіп еді, оны да білген жоқ» – деді.
Мен: – Әйтөре, замандас құрдас едік. Рухың әлі өзіңде екен. Бетіңді
түзеп алыпсың ғой. Құлағың естімегенмен, рухың есітер. Қатар едік.
Ренжіскеніміз жоқ. Сонда да болса айтайын, қатар адамда әзіл –
қалжың болады, көңіліңе алған жерің болса, кешір, мен де кешірдім.
Ырза бол! – деп, ырзалық білдірдім. Мен кеткен күні түстен кейін
Әйтөре дүние салыпты. Бұл 1997 жылы еді.
Информбюроға телеграмма
1941 жыл. Ұлы Отан соғысы басталып кеткен кез. Неміс
басқыншыларының күн сайын ілгері жылжып, бір қаладан кейін екінші
қаланы басып алу кезені. Күн сайын, апта сайын ел азаматтары
армияға алынып, олардың бала – шағаларымен қоштасып жатқан кезі.
Әлі күнге көз алдымда тұр: поезд қимылдап жүрген кезде, қалып бара
жатырған бауырларының үні, дауыс шығарып жылаған дауыстары.
Жастайынан қыршын кеткен азаматты намаз жасап, табытын көтеріп
бара жатқандағы үйдегілер далаға шығып еңіреген үніңдей. Адам
53
баласының тұла бойы түршігеді, құйқаң шымырлайды. Осылайша
күндер өтіп жатты. Елдегілердің майдандағы бауырларына, жан –
жарына жолдаған телеграммалары күнбе – күн информ хабардан
кейін оқылып тұрушы еді. Бір күні Самков Алексей (мені телеграфист
морзистікке үйретуші ұстазым) екеуіміз қасымызда отыратын
телефонистка – коммутаторщица Досмаханова Бибрабаның атынан
телеграмма жолдауға келістік. Бибраба соғыс басталар алдында ғана
Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
Зулхарнаев Әбенге тұрмысқа шыққан. Үйленгендеріне бір ай ғана
шамасы еді, Әбенді майданға алып кетті.
«Дорогой мой Абен! Мы все здоровы.Защищай Родину! Целую
тебя,твоя Бибраба» – деп, – Москва информбюроға телеграмма
жолдағанбыз. Оны Бибраба білмейді. 2-3 күн өтер – өтпесте
таңертенгі хабарды берген соң, артынан телеграмма да оқылды.
Бибрабаның жұмысқа кегені де сол еді, телеграмма да оқылды. Біз
Алексей екеуміз Бибирабаға «Молодец!» деп, құттықтап жатырмыз.
Ол болса: «Мен телеграмма бергенім жоқ» – деп, бізге жабысып
жатыр. Сол Әбені майданда қаза тапты білем, хабарсыз кетті.
Бибраба болса, жеті жылдық мектепті орысша бітірген, сауатты,
пысық болатын. Соғыстан келген кезім. 1948 жылдың жазы
Кызылорда педучилищесіне экстерно түрде түсіп, мемлекеттік
экзаменаға келгенмін. Ұлы Отан соғысында бір қолынан айырылған
Сақов деген жігіт Қаражаты тауысылып, облыстық әлеуметтік
қамсыздандыру бөліміне көмек сұрауға барыпты. Ол да сол
училищеде экзамен тапсырушы еді. Өзі шиелілік . Арызын орысша
жазу керек болған екен, сол арызын маған жаздырған. Сақов арызын
бастыққа алып барады. Бастық толық келген, қой көзді сары келіншек
көрінеді.
–
Мынау арызды кім жазды? – деп сұрайды.
–
Өзім жаздым, – дейді Сақов.
–
Жоқ, мына жазған кісіні білемін. Шыныңды айт, көмек
беріледі, – дегенде, Сақов шынын айтыпты. Бұл бастық Досмаханова
Бибраба екен. Арада 7 жыл өткен. Әлі күнге менің қолымды
ұмытпаған. – Алдағы жұма күні сағат беске үйге келсіп осы арызыңғы
жазған кісі – деп, адресін айтыпты. Осындай да адамда ұмытпайтын
қабілет болады екен!
Адам қанша қабілетті болғанымен, тағдырдың пешенеге
жазғанынан аспайды екен деген қарытындыға тіреле береді екенсің.
Осы пысық келіншек өмірдің түрлі кезеңдерін бастан кешті. Қазір сол
жалғыз басты, баласы қайтыс болған. Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
сыны кетпестің кейпінде.
Мөрсіз анықтама
Ертеректе жаңадан некелесіп жатқандырдың некесін қиятын
молда үйленуші жігіттен “Иттің даусы жететін жерге қонасың ба?”-
деп ,сұрап жатқанын есітуші едім. Оған: “Қонбаймын,– деп, жауап
54
берілуі керек екен. “Қонамын” десе, некесін молда қимайды
екен.Солай болған болуы керек, неке қию үстінде берілген уәде-
жауап армиядағы берілетін ант сияқты заңды болса керек. Талай бірге
жүрін, қонақта болып, сол жерде жата кетсе түн ішінде оянса болды,
үйіне тайын беретін бір жақын, әрі туысым, әрі өшкелесім болды. Сол
өшкелесім бар, мен бар, тағы да замандас ініміз бар бірге болдық.
Мен болсам сол “Ақаңмен” тату болмадым: көтере алмаймын, ұшып
түсемін. Сондықтан да онымен онша дос емеспін. Дегенмен, онымен
дос болмасам да, достарымның көңіліне қарап; талй –талай қиналған
уақытым болған –ды. Түн ортасы ауын кеткен. Анау екеуі кемеліне
келген. Бірақ ақыл – есі дұрыс, қанағаттаған. Үй егесі: “ Жата
салыңдар, ертең – ақ барарсыңдар” , – деді. Ал менің өшкелесімнің
әдеті “Құс ұйқысы болатын – ды.”. Сол “ Құс ұйқысы” келін қалған.
Жатуға келістім. Төсек салынды. Ананы қозғамаңыз, оянса, жатпайды.
Мен айттым үй егесіне: “ оянса, кетіп қалады. Мұның аяқ киімін
жасырып қояйық” – дедім. Солай жасадық та. – Қалтасына жай
қаламмен анықтама жаз – деп, – мазмұнын айтып отырдым. Үй егесі
жазып отыр : “Анықтама. Берілді осы анықтаа Т. Б. – ге , себебі бұл
жолдас түнгі сағат 12-ге дейін Б. Ш. – ның үйінде болды. Осыны
анақтап, анықтама беруші Б. Ш.” – деп, қолын қойып, шалбарының
қалтасына салып қойды. Бір кезде біреу менің жастығымды көтереді.
Мен түк білмегенсіп жатырмын. Біраздан кейін есік алдындағы иттер
үре бастады. Қасымдағы тетелесімді сипалап іздесем, жоқ. Үй иесін
оята қойып, кетіп қалғанын айттым. Ертеңіне сәске түсте үйіне барсақ,
енді ғана тұрған екен. Әйелі бізді көріп, сылқылдап күлкіге басты.
Күйеуі үйіне келген кезде:"Сағат неше болды?"-десе,-сағат он бір-
депті. Оның кеткен кезі таңғы төрттің кезі еді. Ал ананың жауабы
анықтамаға дәл келіп тұр ғой. Әйелі күйеуінің орамалын ауыстырайын
деп, қалтасына қол салса, бір қағаз орала шығады. Ол-анықтама және
де мөрсіз,жай қарындашпен жазылған."Осындай анықтама да
адамды қорғап қалады екен-ау"-деп, кейде есіме аламын. Осы
өкшелесім ауылдық кеңестің хатшысы болып тұрғанда, армиядағы
маған қауынның қабығынан жасаған мөрмен(былшитып, жазуы
білінбейді) анықтама жіберген. Мен соның арқасында отпускамен
келіп (XI-1945), біржола ауылда қалып едім. Мынау анықтамам соған
қарымтаға жараса игі еді, оқушым.
Қылкөпірден құлау
1953-54 жылдың іші болуы керек. Күндіздің өзінде зорға өтетін
каналға салынған шпал басқалдақ болатын. Асыққанда, не ерінгенде
сол жерден өте салатындар болушы еді. Әрине, ол күндізгі мезгілде.
Қараңғы кезде өту деген-үлкен"батырлық". "Отызыңда орда бұзбасаң
, қырқыңда қыр аса алмайсың " дейді қазақ мақалында. Шіркіннің
жасы сол отыздың ішінде кезі екен-а! "Ақпамбет"деген бір тағамға
тойып алса керек. Сол күні ғана киген жаңа костюмі де бар екен.
Шамасы, соны жуды ма екен, қайдам. Түннің екінші жартысы болған
кез. Өз үйіне қарай жүрсе, бұл басқалдақсыз-ақ, көпір арқылы баруы
55
керек еді,ол олай жасамаған. Осы туста қимас досы болатын. Соған
туралап өтуді көздесе керек. Таң алдында осы іспеттес біреу, көңілді
болса керек, ыңылдап әндетіп бара жатса , судың шетінде бірдеңе
шолпылдағандай болады.Бұл каналдың суы толық еді ғой, азайған
болса, ішінде балық шолпылдауы керек еді ғой деп, жақындап келсе,
адам ба, басқа бірдеңе ме жиекке тырмысады. Сыртқа шыға бере,
кайтадан суға сырғып кетіп, кейде сүңгіп те алады. Тағы тырмысады,
тағы солай. Байқаса, адам. – Бұл кім? – деп тіл қатады сырттағы
ыңылдаған көңілді. Жауап қатуға шамасы жоқ, қолын созып: “Тарт”
дейді судағысы. Өзі де қосылып түсе жаздап, судан шығарады.
Судан шыққанның иегі иегіне тимей, дір – дір етеді: Анау өз жөнімен
кете барады. Судан шыққан “батыр” үйіне баруға ыңғайсызданып,
діттеп келе жатқан жолдасының үйіне келіп жайғасады. Ертеңіне түс
кезінде сол үйден киініп, өзі үйіне келеді. Ол кезде, байғұс, кәрі
шешесі бар еді. “Байғұс – ау!Үстіңдегі мынауың кімдікі?! – деп
таңырқанады. “Кешегі киген жаңа костюмің қайда? – дейді. “Батырда”
үн жоқ. Бір – екі күн өткен соң, “ Жуылған” костюм батпағы қатқан,
бүктетілген күйінде үйінде жатқанын анасы көреді. Не десін, анасы
түсініп тұр. Баласының су түбіне батып кетпегеніне шүкіршілік етіп
тұр. Бұл сол кезде бір сауда мекемесінің дүрдей бас есепшісі
болатын. Үйленген ,бірақ әйелімен жараспай жүрген кезі, әйелі
төркінінде. Сол кеткеннен мол кетіп, бір қызды болған кезінде
ажырасты. Кейінгі әйелінен ұлды да, қызды да болды. Баланы төгіп –
төгіп тастап, айықпас дертке тап болды, дүние салды. Ойлайтын
едім, бұл ақпанбет жолдасымен ажырамас деп. Жоқ, ешқандай
қолқасыз– ақ одан ажырасты. Қазір денсаулығы кемдеу. Тірі кезінде
қылкөпірден “батырлыққа” салып өтіп жүрген, арғы дүниенің
қылкөпірінен өтпей-ақ, басқа айналып өтер жерін тапса болар еді-ау!
Сол “батыр” осы кеселінен айыға алмай, дүние салды. Бұл кезде
мен Түлкібасқа көшкен кезім. Бардық. Рухына құрап оқып, бата
салдық .Баяғы түн мезгілінде судан шығуға қол ұшып беріп жүрген
Күлмат Мырзаев деген ағамыз екенін қылкөпірден құлаған
құрдасымыз жайшылықта айтып еді сұрағанымызда. Ол да дүниеден
озғанына көп жыл болды.
Ойланарлық жайлар.
Отан
Менің түсінігімше, “Отан” cөзінің тар және кең мағынасы бар
сияқты. Тар мағынасы жанұя да, кең мағынасы-туып өскен елің,
жерің.
Сол Отан, яғни соның кіші бөлігі жанұя неден тұрады? Әрине,
жас жұбайлардың, ер жігіт пен қыздың жұптасуынан тұрады. Осы
жұптасу-үйлену оңай да, үйлесу қиын деген сөз тағы бар. Осыған
56
талдау жасап көрейікші. “Ер-әйелінің күйеуі, әйел-күйеуінің сүйеуі.
(Қадыр Мырзаәли).
“Жек көре білмеген, сүйе де білмейді” депті қазақ мақалында.
Сонда біз нені жек көреміз, нені жақсы көреді екенбіз?
“Ешкі болар ешкіні кебенек ішінен тани біл?”– деп, қазақ неге
айтқан? Бұрындары қазақ жігіттерінің үйлену мәселесі ата –
аналарының ісі еді.
–Сонда қалай? Үйленетін ата– аналарының ісі еді.
–Әрине, соңғылары. – Ендеше неге бұлай?– дейсіз ғой. Қай ата
– ана баласын жаман болсын дейді. Екі жағы да жақсы болуын
көздейді емес пе?
– Қазірше ?– Қазір жұптасатындар алдын-ала бірлесіп, жұптасқысы
келетіндіктерін білдіріп, некеге тұрғызатын мекемеге бір ай бұрын
өтініштерін беру керек. Сол бір ай ішінде жан жақты ойлануы керек
деген сөз. Сол бір айға шыдамай да мінез білдірушілер болып
жатады. Ондайда үйленбей-ақ, ерте бастан өз жолымен кетеді. Ал,
үйленіп болып, жүрек айнуы деген неліктен болады? Мұның
себептері алуан түрлі болады:
1) Көпшілігінде қыз жағы сол сөз айтқан кезден бастап, сөз айтушыға
тек жақсы жағынан көрінуге тырысады. Еш сыр бермеу жолын
қарастырады екен. Үйленіп алған соң енді бұл өзімнің жеке меншігім,
қалай пайдалансам да өз еркімде деген есуастық ойға ауысады да,
болашақ ерінің көңілін қалдыра бастайды. Содан ұлғая келе,
шарықтау шегіне жетеді.
2) Енді біреулері өз басын дұрыс алып жүре алмай, көктемдегі еріп
жатқан мұзға тайғанаймын дегендей, мұз ойылып, су түбіне
кеткендей халге ұшырайды. Бұл-күнәнің ең ауыры, бітті.
“Еркектенген әйел байынан айырылып тынады” – депті Қадір Мырза
Әли.
3) Өмір деген – тартыс. Сол тартысу барысында, жеңемін деп,
өжеттікке салумен, бірі мерт болып тынады.
“Әйелдің қамшысы – тілі ” ( Қадір Мырза Әлі )
4) Енді бір түрі, әдетте, көп ұшырайтын түрі, анадан туған күйіндей
пәк таза болмауының зардабын шегуден, соның асқынуынан
болады. Мұны егжей-тегжей білгіңіз келсе, “Қазақстан әйелдері”,
№12,1995ж. журналдың 14және 24-беттерінен оқыңыз.
5)Тағы бір түрі сөз салғыласу барысында өз бастарының кемшілігін,
қала берді, ата-ана, туыстарының кемшілігін саралап айтып, бетіне
басудың зардабынан болады.
6) Енді біреулерінің ренжесу кезеңінде ата-аналарының
араласуынан болады: “Ішіме сыйған балам, сыртыма да сыяды”-
деу, барып тұрған ұнамсыз ана дер едім. Осылайша баласының
сорына қалады. Басу айтудың орнына, аузымен көрікше үрлеп,
лаулатады.
“Қаздар– дайын жұртына, қыздар-қайын жұртына” сияды. (Қадыр
Мырзаәли)
57
7) Өмірде кездескен ауыр жағдайларға тап болғанда, өмір тәлкегіне
түсіп кететіндер де болады. Бұл – өзін – өзі ұстай алмаушылық,
күйректік, кем ойлаушылықтан болады. “Әйел өлерінде айнаға қарап
өледі.”– депті Қадыр Мырзаәли.
8) Тағы бір кездесе беретін бір жағдай – бірін– бір аты жоқ, жөні жоқ
біреуге таңып, қызғанушылықтан болады. Әдетте, бір – біріне қарсы
келіп, тіл арқылы улы сөздермен уланудан болады. “Көршінің
келіншегі көріктілеу көрінеді” – депті Қадыр Мырзаәли.
9) Өмірде орын алып жүрген тағы бір жай – келген келін ата-енесін
ұнатпай, сыйыспай, солармен салғыласып, ерінен ажырасады, не
ерін ертіп шығады. “Келінді ұлың тапса, ұлыңды өзің таптың, енді
неге ренжейсін? '’(Қадыр Мырзаәли)
10) Жас жұбайлардың өмірлік тұруына желім, себепкер болатын
перзенттің болмауынан болады. Мұны болдырмауға болады: оған
кінәлі әйелі болса, кеңшілік жасап, бірге тұруға шыдайтынмен
келісіп, еріне әйел әперу. Кемшілік ерінен болса, бала алып,
тәрбиелеу. Тек қана осы екі жол. “Жүкті әйелдің көркі – ішінде''
(Қадыр Мырзаәли.)
11) Адамгершілікке жатпайтын бір түрі – ері не әйелі ауруға
шалдыққанда керексінбеу.
12) Енді бір түрі тағы бар – осылар ерлі– зайынтылар ма, әлде жоқ
па дейтіндер: ажарасуы да, қосылуы да болып тұратын
жексұрындар. “Еркек-бас, әйел – мойын дейміз, бас бұрылғысы
келгенде, мойын сіресіп қалса қайтесіз” (Қадыр Мырзаәли)
13) Ішкілікке салынып, соның құлы болып кеткендер: Отан да, бала
да жайында қалады.
Айта берсе, тағы басқа да мардымсыз жолдары табыла береді.
Ал енді, қосағымен қоса ағарып, бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын
қияға ұшырып жатқандардың өмірінде еш қиын жағдайлар
кездеспегендіктен бе дейсіз ғой. – Жоқ. Қиындықтың бәрін де жеңе,
шыдай білгендер.
Бұндай жандар тұралы “ Жанұялардың тату тұруының
техникалық қауіпсіздік ережелері” деген тақырыпты оқыған, естіген,
көрген – білгендерімнен жазғаным бар оқуыңызға болады.
Отанның кең мағынасы – туған елің, өскен жерің дедік қой. Сол
отанның кең мағынасын сақтау үшін, алдымен, жанұяң, тәрбиең
дұрыс болуы керек. “ Отан – оттан да ыстық” – дейді халық
мақалында. Сол отанның тар мағынадағы түріне опасыздығың – ерлі
– зайыптылардың ажырасуы, кең мағынасына опасыздығың –
отанды қорғамай, жауға сатқаның дер едім.
Сондықтан, жанұя мықты болсын десең, өмірден көргендерін
айтып кеткен даналардың, ұлағатты сөздерін екшеп алып, оны да
жазып қойдым.Солардан артық мен айта алмаймын.
Менде жұптастырамын деген ата-ана болмады. Балаларым өз
қалауынша жұбайласып жатыр. Ақылдасып қосылғандары тіпті тәуір
58
тұрады. Бірін-бірі ұнатпағаны да болды. Ол ұзатпай ажырасып алды.
Егер ұнатпасаң, тез ажырас.Сол дұрыс болады.
«Құр тоздырып нұрлы жүздің жылуын,
Іздей көрме қыздың асқан сұлуын,
Ей, жас жігіт, жар таңдаған біледі,
Құр сұлуды іздесең жұрт күледі.
Әйел алсаң, төрт рудан алыс ал,
Ол болмаса, ей, азамат, қалыс қал.
Байлық қуған әйел тілі ұзарар
Мүлік жинап екі көзі «қызарар»
Байып алып, өзіне де өң кірер,
Пейілді әйел көрікті де текті ғой
Әйел көркі – қылығында – депті ғой.
Баласағұн
Қосағыңмен тату бол – өзгермесін ол адам,
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан.
Қашқари
Ең, ең, ең қымбаттым не екен?
«Ана аялайды, бала
аямайды»
Алла кешірсін, менің құдайым ба деймін әкем мен шешемді, үйткені,
ол-мені дүниеге келуіме алғашқы себепкерлер. 2 дүниеге келген
менің ыстығыма күйіп, суығыма тоңған солар. Менің адам болып
жетілуім үшін қаншама еңбек етті десеңші! Соңдағы менен күткені не
екен? Өздерінің өмірінің жалғасы етпек, сонымен қатар,
қартайғанында, өздерінен күш кеткенінде, қамқоршыл болса екен
деп тіледі емес пе?
Менің сәбилік кезім болсын, есею жылдарым болсын барлық
жақсылықты маған ғана арнады.Мені дүниедегі ең асылы деп
санады.Менің аяғыма кірген тікеннің өздерінің маңдайына кіргенін
қалады. Әкем мен шешем менің тек қана, тек қана жақсы болуымды
тіледі. Мені жек көру дегенді білмеді: ұрысқаны – түсіне қоймағаң
соң, айтқан ақылы еді де, сүйгені, айналғаны менің жан-тәніме еніп
кетіп, мен болғаны ма деймін.
Жетілдім, болдым, толдым, өздігімнен – ақ осы дәрежеге келе
салғандаймын дейтіндер де жоқ емес сияқты.
Сондайлардан дүниедегі ең қадірлі нәрсең не, жақсы көріп
құрметтейтінің не деп сұрай қойсаң, әке мен шешені екінші қатарға
қойып, жұбайын, қала берді перзенттерін жоғары сатыға
көтеретіндер де табылып қалады. Неге десең, әке-шеше өз
міндеттерін орындады. Жасарын жасап, асарын асады, қартайды-
тозды, өз ретімен бұл дүниеден ол дүниеге сапар шегуі дұрыс дер
еді. Мен ондайларға үзілді-кесілді қарсымын. «Ең қымбаттым – әкем
59
мен шешем» – дер едім. Ондайлар маған дүрсе қарсы да келуі
мүмкін: «Балам – бауыр етім, қосағым-перзенттерімнің анасы, менің-
махабатым» – деуі мүмкін.
Мен ондайларға, “Перзенттерің нешеу?» – деген сұрақ қояр едім
де, “Әкең мен шешең нешеу?”– дер едім.
Қосағың, махаббатың берерің бар кезде ғана, жоқ болсаң,
әлдекімнің бірдемесі дер едім. Махаббат мәңгілігі осал да, ата-
ананың тұрақтылығы мәңгілік дер едім.Бұл екеуінің айырмашылығын
тәптіштемей-ақ қойяын. Бір ғана мысал жеткілікті: қыз жігітке: Егер
сен мені жақсы көрсең, анаңның жүрегін әкеліп бер– дегенде, ана
баласын қимай, жүрегін береді. Сол жүректі алып, жүгіріп келе
жатқанда, бала құлап түседі. Сол кезде ана жетіп келіп:
«Балам, бір жерің ауырып қалған жоқ па?» – дері бар емес пе?
Олай болса, махаббат мәселесі белгілі кезеңді ғана құрайды.
Қартайғаныңда ол да қартаяды, ескіреді. Ал әке-шешеге сен барлық
кезде де сәбисің, қартаймайсың, сүйіктісің. Қартайған махаббат өңі
кетіп, тозған, ескірген киім сияқты. Сонда да сен оны тастамай,
керегіне жаратасың, қадірі қашады. Сүйіткен әке– шешенің
қиналғанын, тарыққанын, ренжігенін қалайша түсінбейміз?! Осының
барлығын біліп, не білмей жүре беретініміз не? Сонда ол нені
қызықтайды екен?!!!
Өлгеннен кейінгі істелінетін жұмыстарды мен әке-шешеге емес,
өзіңе істегендерің, бәсекелестік, атақ-абыройға бой ұрушылық дер
едім.
Тірілігінде сыйламаған сыйыңның, өлгеннен кейінгі жасаған
құрметіңе жол болсын! Осыны жазып отырған мен соны әке-шешеме
жасай алдым ба?– жоқ, жасай алмадым. Көп жыл өткен соң ғана,
шамама қарай, әкем-шешем, бауырларыма құран оқыттым. Әкем
өлгенде, мен әлі жаспын, оқуға жасым да жетпеген. Шешем өлгенде
ағайынның қолында оқудамын(6-кл). Қабіріне топырақ та сала
алғаным жоқ.
Әкемнің толық бет бейнесін де біле бермеймін. Жерлегенде
топырақ салдым. Ал шешемнің бейнесін білемін, бірақ дәл қай жерге
жерленгенін көрсететін адам болған жоқ. Шамасы қай жер екенін
білгенімен, қазір тегістеліп кеткен.
Өз өмірімдегі жетіспегендіктің, кемшіліктің басты себебі осы қу
жетімдіктің салдары дей беремін. Ал, әке-шешесі барлар әке-
шешенің қадірін біле ме екен? Білсе, не ойлайды екен?
Сөз соңында айтарым – әке-шешеңе әр кез қамқоршы бол,
сыйла, аяла, құрметте. Ол қартайғанда жасқаншақ та болады; бала
тәрізді өкпешіл де келеді. Сенің жекіріп айтқаның оған таяқтан да
қатты. Әке-шешең – сенің жаратушың, тәрбиешің, құдайың; керек
десең, ақы алмайтын құлың мен күңің. Балаң да, қызың да, қосылған
қосағың да ондай бола алмайды, оған шыдас бермейді. “ Әкеңе не
істесең, алдыңа сол келеді “деген осы деп түсін!
60
21/08-1997 ж.
Адамға ат қоюдың жауапкершілігі
Әдетте, дүниеге сәби келгенде, оған ат қойылады. Енді сол
қойылатын атты алдын ала жан-жақты ойлаған жөн. Ат қоюда белгілі
бір болған уақиғаға бойланысты да койылады. Молдаға салсаң, аты-
жөні жоқ, кітапқа қарай ұмтылып, мағынасы түсініксіз, шет ел
тіліндегі бір сөзбен (әдетте арабша) қоя салады. Енді біреулер өз
ұрпақтарына ұйқастыра қоюға тырысады, не белгілі бір тәуір өмір
сүрген белгілі адамдардың атын жаңғыртып қойып жатады. Сонда
қалай болса да, үлкен жауапкершілікті керек ететін сиякты. Ол сәби
өсе келе есеймей ме, кейін оның атын сыпайылап айтқанда қалай
болып шығады, оны да қарастыру керек.
Біздің елде Қайып деген бір кісі басқа рудан (қарасары) еді, біздің
елге күйеу. Құрдастары оны “құрметтеп“, “қайеке, қайеке!“ дей
беретін, әжуалайтын еді. Ал, Қайып болса, осы мені құрметтемей
–ақ, өзімнің атымды тура айтыңдаршы деп өтінеді. Құрдастары
тұрып: “ Онда сіздің атыңызды өзгертейік. Бір мал сойыңыз, ішімдігі
болсын!“ – деп келіседі. Мал сойылады. Бүкіл құрдасы жиылады.
Сонымен, “ Бүгіннен бастап сенің атың қазақтың белгілі батыры
Аманкелдімен аттас болсын!”– деп, баталасады. Оған Қайып та
келіседі, мәз-майрам болысады. Үйден шығып бара жатқанда, біреуі
жаңа қойылған атын сыпайылап қалғанда, Қайып:"Ойбай! Мына
атың құрысын! Бұрынғы атыммен-ақ атай беріңдер!"– деген екен.
Сол сияқты бір мектепте істейтін Есіркен, Мәшірап дегендер болды.
Екеуі де коммунист. Алғашқысы партия ұйымының хатшысы еді. Сол
мектептің жастау бір ұстазы Мәшіраппен бір нәрсеге келіспей
қалады.Тіпті дауға айналады. Сонда ол:”Мәшеке, мынауыңды
Есекеңе айтсам, жағдайыңыз қалай болады? ”– демесі бар ма.
Аманбай, Қасқырбай есімділерге де сыпайылап айту қиын – ақ
сияқты. Болған тарихи жағдай болған соң, есіңізде болсын деп
жазып отырмын.
Інімнің келіншегі ұлды болып, жеңгеміз атын қоюды маған
қаратқан екен. Барғанымда ол: «Ай, бала, мына баламыздың атын
сен қойып бер!» дегенінде: «Атын Абзал қойыңдар» – дедім. Жеңгем
бұл сөздің мағынасын жете түсінбей, назырқанды. Мен олай айтып,
бұлай айтып түсіндірген болдым. Сонымен, солай аталды да. Ол
балама атың құтты болсын деп, бір лақ атадым. Осыны естіген бір
жеңешемнің қызы босанған екен, нәрестесі қыз екен. Соған ат қоюды
бір апта бойы маған қаратқан екен. Бұған тарихи жағдайға
сәйкестендіріп, атын «Зияда» қойыңдар дедім. Оған мал атағаным
жоқ. Ат ұнамады ма, бірдеңе аталмаған соң ба, атты қойған жоқ.
Сәбидің әкесі авариядан қайтқан еді.
Өмірде не болмайды?
61
Күзетілген күзеткендерден кейін....
Тағдырдың жазуы түрлі – түрлі бола береді екен ғой! Кейде түрлі
ойға түсіп отырғаныңда, қайдағы бір тарихи болған, оны өзің
көзіңмен көрген жағдайлар ойға орала кетеді. Енді – оны көп
заманнан кейін басқа біреуге айта қойсаң, нақ бір ойдан шығарып
отырғандай да болуың мүмкін.
Шәкен Әмірбекұлы деген құдамыз болды. Ебіне лайық аудан
бойында орта қатардағы басшы қызметтерде жұмыс жасады. Сол кісі
бір ұзақ сонар науқасқа ұшырап, тіпті күзетке де енді. Көңілін сұрап
барып та тұрдық. Сол Шәкен науқасы жанына батып, сөйлеуге
шамасы келмей, талықсып жатырған кезі екен. Жанашыр
ағайындары жиналып, уақыты жетіп кете қойса, соңғы сапарға
шығару қамын да ойластырды: «Намазға жиналғандарға қанша
орамал бар?» – деп сұрады ақы егесінен біреуі «500 – дей орамал
бар,» – деп жауап қатты басшы біреуі «онда жетіп те қалар»– деп,
қостады екіншісі. Осындай жағдайда жатқан күндерінде. Күн сайын
оған бауыздау құдалары Сағынбай мен Жұмағұлдың Әлиасқары да
келіп тұрушы еді. Әлиасқардың қызы – Шәкеннің отанындағы келіні.
Сол күндегі дағдылары бойынша жақын туыстары келесі күні де бас
қосып келіп отыр еді.
–
Шәке, қалайсыз, тәуірсіз бе? – деді біреуі.
–
Иә, – дей салды әлсіз үн қатып. Бәрі де тым – тырыс
отырған кезде Шәкен:
–
500 орамалдарың жетпейді. Мені ауданның барлық
кісілері біледі. Маған адам көп жиналады, тағы да алуларың керек
демесі бар ма?! Отырғандар не дерін білмей, бір – біріне көздерінің
астымен қарасты.
Сол Шәкен күн санап тәуірленіп, аяғына мініп те кетті. Жұтқанды
ұнатушы еді, үйреншікті ісімен айналысып та жүрді.
Қызын баласына әперген Сағынбай құдасы болса, жасы
есейген кез еді, күн санап өңі қашып, мазасызданып жүрді. Енді
күнде, кейде күн ара Шәкен Сағынбайдың көңілін сұрауға келетін
болды. Мен болсам інісімін, алаңсыз басында отырмын. Сүйтіп жүріп
жасы өзінен үлкенірек құдасы Сағынбайды Шәкен Мәңгілік сапарға
шығарып та салды. Екінші құдасы өзімен қатар. Бір күндері
табиғатында өте мықты жаралған, ешнәрседен қайтпайтын, өмірдің
небір ауыр талқысын басынан кешкен Әлиасқар құдасын да алдына
салып, өз қолынан бір уыс топырағын да салды қабырына Шәкен.
Сүйтіп Шәкен тағы да дімкастанып, бұл жолы төтелеп аламын
деп келген ауруға шалдықты. Бұл жолғыға ем-домның шамасы
келмеді, алып кетті. Біреу ерте, біреу кеш дегендей, өмір шіркін,
реттеседі екен.
Бұл – 1993 – 1994 ж. іші еді.
62
Сын сағатта ашылған сыр
Бір елді мекенде аттас адамдардың саны барағырақ болса,
солардың дене пішіні, жүріс – тұрысы, мінез – құлқы т.б. белгілеріне
қоса қосалқы атымен қосып айту бар екен. Сондай қосалқы аты
барлардың біреуінің атына «Қортық» деген сөз қосылып айтылушы
еді. Бойы қортық болғанмен, ойы қортық емес, құрық бойламайды,
таппасты ойлайды, қатарларын қаққанда, қаңбақтай үйіреді,
ауыздарын ашырмаушы еді. Сол қортықтың есімде бар істеген
істерін айтпақшымын. (Бұл қортық Сқақұлы Иманбердінің жақын
жеңгесі еді, ол маған бұл туралы Қызылорда профилакториясында
баян еткен – ді).
Соның бірі – “оқ аттау”деп аталады. Өзінің құрдастарын сыннан
өткізу мақсатымен табан астынан бір болмаған оқиғаны болды деп,
дереу іске кірісіп кетті. Ауылдың бір шетінен бастап, “Ойбай, мылтық
оқтап отырып, пәленшенің баласының санына оқ тиіп, арғы бетіне
өтпей тұр екен. Соны түсіру үшін пәк таза әйел баласы оттауы керек
екен!” – деп зыр жүгірді. Оқтың түсу шартын да білмейтіндерге
түсіндіруде. Естігендер состиып – состиып тыңдайды, бұндай
жағдайды білмейтіндері де ұшырасуда. Ертеде қазақ ауылында
хирург жоқ кезде қолданылған әдіс екенін де айтуда.
–
Осы сенен үмітім зор,– деп, үйінің қасында тұратын бір
құрдасына ентігін баса алмай жетіп келеді. Ол құрдасы ертеректе ері
қайтыс болған, жесірлік өмірдің талқысын кешкен жан еді. Сөз
үшінде: “Аттай алмасаң, құрыдық, жұртқа күлкі болмайық”, – деп те
қояды. Не керек, оны састырып, жинақталып, құмның арғы бетіне
отын дайындауға аттандырып салады. Өзі болса сыртынан қарап
тұрып, миығынан күліп, екінші бір сырласына қол ұшымен көрсетіп те
тұрады.
Екінші бір ісі – “мені өлтіргеніңді қашан қоясың?”– деп аталады.
Сол қортық жас кезінде жесір қалып, бір ғана ұл баласы бар болатын
– ды. Баласы ер жетіп, үйлендірген. Келінінің тұңғышы қыз бала
болатын. Қазақта жас келіндер тұңғышын енесінің бауырына салып,
оның атын да атамай, қайың сіңлісі сияқты өсірушілер болады. Міне,
қортықтың қызы – сондай қыз.
Қыз бой жетті. Жат жұрттық болған соң, Шымкент жағында
біреумен тұрмыс құрады. Қазақ әдетімен құдалар шақырылады.
Құда болып баратындардың құрамы да бекітіліп, шақырылған күніне
жету үшін жолға шығады. Жеңгесіндей болып асыраған шеше
құданың құрамында жоқ та, анасы болып әжесі барады. Жаздың
ыстық күні екен. Жол жүру деген оңай ма, шаршап – шалдығып,
құданың, ауылына келеді. Құда күтушілер есік алдында жүр екен,
жапырласып алдарынан шығады. Қортық болса, қолына бір шыбық