Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 18 (всего у книги 27 страниц)
Қалай байысақ, солай баии бер осылай бола ма?! Мұның ақыры
қайда апарады? Көрінген жерде ойламаған жерден жарылып жатқан
бомбалар осындай ырза болмағандардың ісі емес пе?
Оқушым! Осыны не деп жазып отырсың? Қолыңнан келерің
жоқ, не былшылың деуің де мүмкін. Ауыспасаң да сол кезеңге келіп
те қалыпсың ғой дерсің. Солай ойласаң саған айтар дауым жоқ, ол-
сенің ойың, өз еркің.
Бірақ, менің ойым ішіңе шірітпе, айт деп отыр. Бүгінгі бір көк
экрандағы хабарда Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт кісіні өлер
халдегі кемпірімен екеуін көп қабатты үйден (өзі тұрған үйі) сот
үкімімен зорлап, сыртқа шығарып жатыр. Кемпірі төсектен тұра да
алмайды. Бас жағын білмеймін, олардың балалары жоқ.
Қайырымдылық үйіне барыңдар дейді. Қарт кісі барғысы келмейді.
Бұл сонда не тірлік дерсің? Көп өмір сүріп, жұмысқа жарамсыз
болғанда, пайда келтірудің орнына зиян келтірудесің дегені ме?
Қарап жатпай, ойыңа келгенді айтып, не жазып, «Жаңа қоғамның
іскер» адамдарына тосқауыл жасайсың, теріс үгіт жүргізесің деп
жатса, «Қолынан келген қоншынан басады» болады да.
Байығанның бәрін бірдей бір тарының қауызына сыйғызудан
аулақпын. Үлкен адамгершілік жасаушылары да жоқ емес. Баюдың
жолы осы деп, халыққа зиянын тигізетін, обал-сауаппен жұмысы жоқ
баю жолындағыларға тиісті адамдары олармен сыбайласпаса,
жолын тыйып отырса деймін.
Тағы да мынаған қараңызшы! Ұнның кебегі (отрубь) әр кг-ы 13
теңгеден асып барады, бидай бағасына жетті. Осында да бір сыр
бар ма деймін.
Қазақ теңгесінің құнын кетіріп, жәрдем-ақыға тыйын қосып,
«жақсылық» жасауға жол болсын! Бір нәрсенің бағасын айтқымыз
келсе, АҚШ долларын ауызға алып, соның есебінше дейміз, ұятымыз
қайда? Теңгеміз сабан болғаны ма? Сөзіміз егемендік те, ісіміз
тәуелділік.
12/XII-2003
212
«Көру көзінің көмескілігінен «Соқырдың ең
сорақысы –
Көңіл көзінің көрмеуі сорақы» көңіл соқырлығы»
(«Адамзаттың асыл тәжі»: II том, 318 б.)
Көру көзі мен көңіл көзі
Адамзаттағы бес сезім мүшелерінің ішінде көздің ерекше орны
бар. Ол – бес сезім мүшелеріміздің ішіндегі ең сұлуы десек те
болады: көзі күлімдеп тұр екен; көз қарасы көңілге ұнамды екен;
жәудіреген көзі жаныңды жайлап алды немесе, керісінше, тесіле
қарап, өңменімнен өтіп кетті т.б. осылайша әртүрлі мағынада
айтылып, әртүрлі әсер береді. Сонымен қатар, қоршаған дүниені жан
– жақты байқау, аңғару да қызметін атқарады. Сол көздің қабілеті
төмендесе, көмескі көру деген пайда болады. Қабілеті нашарламай-
ақ мән бермеуден көмескі көрушілер де, көрсе де көрмеген
болушылар да жетерлік.
Ал енді маңдайымызға орналасқан көру көзінен де басқа көңіл
көзі деген бар. Ол зағип адамдарда да бар. Солай бола тұра, көру
көзі сап-сау адамдардың бәрінде бірдей көңіл көзі бір дәрежеде
деуге болмайды.
Кешіріңіз, көру көзі сау да, көңіл көзі зағип адамдар сияқтылар
да кездеседі. Осыған айтылған парасаттылық бір ұғым бар: «Көзің
соқыр болса да, көңілің соқыр болмасын!» Біздің айтпақ ойымыздың
түйіні де осы жайлы.
Әбубәкір Дастанұлы «Сегіз сыр» деген мақаласында
(«Жұлдыз», №9,2003ж) «Бүгін бізді философиялық аштық жайлаған»
деген екен. Қарнымыз қампиып, күнделікті жегенімізге мәз болып,
қарқ-қарқ күліп жүргендеріміз жетерлік пе деймін. Олай бола
бергенше, бір уақыт ойлансақ қайтеді. Санамыз, парасаттылығымыз
қайда бара жатқандығына қарасақ қайтеді? Жастар жағымыз
сауатымыз бар ғой, тарихымызды үңіліп оқып, көңіл көзімізді терең
жүгіртсек, кім едік, кім болып бара жатқанымызды білер ме едік деген
ой келеді. «Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық –
надандықтың негізі. Ой – жанның қазынасы ». « Тән құмарлығы –
тоздырады, жан құмарлығы – оздырады ».
«Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да, жаныңды
қанағаттандыру – ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді, кісілігіңді
қанағаттандыру, биіктету ». Бұл айтылғандарды мен тауып айтқан
сөзім емес, халық даналығы. Бір мезгіл бәрін де қоя тұрып, осы
нақыл сөздерді қайта-қайта оқып, жадымызға алайықшы. Көңіл
көзіңізбен қарап, парасаттылық деген өлшемімізге салайық та.
Қазір қарап, ойлап отырсаң, осы көңіл көзімен қарау жағы
төмен болуда. Таңның атысы, күннің батысы бойында көк экранға
үңілеміз де отырамыз. Сонда біз нені көреміз, нені ұғынамыз?! Осы
көрілімдердің тобықтай идеясы – түйіні деген бар емес пе? Сол
идеяны көңіл көзіміздің таразысына неге салмасқа. Көргеннің
213
бәрінің түп идеясын ажырата біле беру деген ақылдылықты,
білімділікті керек етеді. Кез келген адам туа ақылды болмаған, оқи
келе, білім ала келе, толғай, талдай білуі арқылы жеттіксе керек.
Сонымен қатар, оқымай-ақ ақылды жандар да болған, бірақ ол көп
емес. Солай бола тұра, білімі бар болса да, ақылға шала адамдар
болады делінген жоғарыдағы айтылған «Жұлдыз» журналында.
«Білімі бар болса да, әділетсіз адамдар болады» делініпті сонда.
Демек, ол өз мүддесін көздеуші деген сөз. Бұл «білімді» әділетсіздік
жолына түсуші екен. Адам мен адамды бір-бірінен ажырата, айыра
білу тек адамгершілігінде болса керек. Сондықтан да адам
баласының, қала берді. Қазақ Халқының данышпан ақыны Абай
«Атаның баласы болғанша, адамның баласы бол!» – деген емес пе!
17/XII-2003ж.
«Әділетсіздікті көріп,
үндемей қалу – оның
өрістеуіне жол беру».
27/XII-03
Армансыз жексұрын-АЖ
Ретсіз айнаға қарағанды өз басым ұната бермеуші едім. Бірақ
сол айна сөзінің ауыспалы мағынасы «газет – айна, онда халық
тынысын көресің» деген ұғым тағы бар. Газет оқуды әдетке
айландырып алғанбыз. Халық тынысын білгің келеді. Оқып отырып,
бірде жадырасаң, бірде ренжіп те қаласың, ренжіп емес-ау,
тырысып, тырысқақ ауруға шалдығасың. Осы жағдайға душар
болған соң, іштегі дертімді сыртқа шығарайын деп, қолыма қалам
алдым. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің №155 -156 (17632)
20.12.2003ж.
санын ашып отырып, «Сарыағашта «притон» бар...» деген
рубрикамен берілген ірі жазуға көзім түсті. « Притон» сөзінің
мағынасын білмеймін де. Ә дегеннен-ақ сөз саптауы құлағыма
ұнамады, бірақ түгел оқып шықтым.
Оқып шықтым да, өзіме өзім сұрақ қойдым: «Қандай қоғамға
көшіп барамыз?!». «Пікірлесетін қатарың бола бермеген соң ба, кез
келгенді түрте берсең, кейістік алып қаласың» дегенім бар еді. «Ал
қағазды түртсең, біреуге керек, біреуге керек емес. Керек адам
керегін алар, керек емесі өзімдікі ғой» дейтін едім де, қағазды
түрткенге сені ешкім жазғырмайды деуші едім. Әрі сол әдетіммен,
ішім жарылып кетпесін деп, тағы шимайға басқаным ғой. Оқушым,
осыны жазғанда, халық пікірін айтсын деген де шығар. Оған айып
санамассыңдар. «Тіршіліктің сыйқы мен сыры» деген атпен
бірнешелеген әңгімелерім бар болатын – ды. Сонда «Ақылсыз ажар»
деген тақырыппен берілген қысқа бір әңгіме бар еді. Осы күні
қысқарған сөздер қолдан жасалғандай көбейіп барады, түсіне де
214
бермейсің. Мен де соның бірі болып, «Ақылсыз ажар» «А2» деп
қысқартып қолданып отырмын. Шешіп айтсақ, қақтығысып қалуым да
мүмкін. Қысқартып қолдансаң, түсінбей де қалар. Шындығында, сол
«А2» болмаса, солай істер ме еді, ақылына салмаған соң, «А2»
болып тұрған жоқ па! Ал, осы жазып отырғанымды да қысқартып,
«АЖ» деп ат қоймақшымын. Сөз сөйлеу барысында «Аж» деп қалып,
үстеме келіп қалған ойыңды жалғастырасың ғой. Мына тырыстырып
отырған жағдайды «АЖ» дегенім дұрыс шығар.
Сонымен, оқушым, сіз менің не айтпақшы болып отырғанымды
әлі түсіне қоймауыңыз мүмкін. Газетті алып оқысаңыз, менімен
пікірлес болып шыға келесіз. Әңгіме – әлі ерге шықпаған
сылқымдардың тәнін пұлдауы. Тағы да ол мұсылман халқына
жексұрын іс. Ұялмайды – ау, ұялмайды: базарға сататын зат
сияқтандырып бағасын да айтады. Сол да бизнес пе? Осы
Қазақстанның облыстарының ішінде оңтүстікте мұсылмандардың ең
көп Жері емес пе?!
Мұнымызға жол болсын!!! Осында тұрушылардың бәріміздің
бетімізге салық емес пе?! Қалайша үндемей қаламыз! Шет елдерде
осындайларға арнайы ашылған орындар бар, оның
бақылаушылары, дәрігерлері бар. Соның өзіне біз, мұсылмандар,
жиіркене қараушы едік қой. Ал, бізде ше?? Бізде арнайы орын емес,
асхана жанынан орын алыпты. Жұқпалы ауруларды зерттейтіндері
де жоқ, жартылай жасырын, жартылай ашық. Мақала соңына авторы
өз пікірін ірі әріптермен беріпті. Жұқпалы індет келіп қалғанда, бүкіл
ел дабыл қағушы еді. Бұл індет емей не? Елді басқарушылардың
мұрнына исі бара ма екен? Барса, миларына хабар барар да.
Жалғанды жалпағынан басқан
Әр қоғамдық құрылыстың өз саясаты болады. Сол саясатын
халыққа мойындату үшін түрлі тәсілдер жасалынады: бай, кедей деп
жікке бөлу; діншілсің, ұлтшылсың деу т.б. осылай ша жіктеу жолдары
жетерлік. Енді сол саясатын іске асыру үшін заңдар шығарады. Оны
орындамағандар жазғырылады, айып тағылады.
Енді сол қоғам өзгере қалғанда, сол қоғамның белді өкілі
болғандардың жаңа қоғамға тез бейімделіп, өткенді іске алғысыз етіп
шыға келетінін өмірден көріп жүрміз. Бұл көрініс, әсіресе, ССРО –
ның ыдырауы тұсында тайға таңба басқандай анық болды.
Шындығында да, ССРО саясатының түп идеясы – қызыл империя
еді. Социалистік қоғамға өзге елдер өз еркімен келіп
қосылды(Қазақстан, Балтық жағалауы, Орта Азия елдері) сөзінің
сыры басқаша еді. Оны мен тәптіштемей – ақ қояйын. Тиісті баспа
беттерінде күн санап анығы ашылуда. Осы құлаған қоғамда «іскер»
аталынған, соның саясатын мадақтап, өз ыңғайынша асқан
шеберлікпен пайдаланушылар да болған. Сондай билікке қолы
жеткендердің
төңірегіне
жиналушылар,
оны
қостаушылар(жағымпаздар) жайлы орындарға жайғасып та алған.
215
1986 жылғы Желтоқсан шайқасында олардың көзге түсіп
қалғандары да болған. Креслосы жұмсақ болғанмен, саясаттың не
екенін білгенмен, көрініп айта алмай, бұғып қалушы да жоқ емес.
Осындай заманда, сол қоғамда біршама өмірді жалпағынан басқан
да болды.
Мен соның біреуін ғана айтпақшымын. Қазір ол бұл дүниеден
өткен. Бұл дүниеде ойындағысы болды. Бұл дүниені жалған дүние
деп жүрміз ғой, кім білген. Арғы дүниесін жаны білер, тәні өтті емес
пе? Түп тамырын айтсақ араб еді...
Бұл адамды мен Ұлы Отан соғысынан бұрын білетінмін. Бір
мектепте оқыдық. Майданға мен бұрын кеттім. 1940 – 41 ж.ж.
ауаткомда машинист – секретарь болып істейтін күйеуге тиген, ол
кезде ол күйеусіз әйел болатын. Мен оны анда – санда кеңсе алдына
шуаққа шығып отырғанымда көретінмін; мен почтада телеграфиспін,
кейде мен де сол жақта есігіміз болған соң, есік алдына
шығатынмын. Аты қазақ алфавитінің 2 – әрпінен басталады. Оның
толығының қазір қажеті жоқ...
Соғыс аяқталған соң, аупарткомдардың жанынан МТС – терге
қарайтын хатшы дайындалды. Сол баяғы орта мектептен танитын
адамым МТС жөніндегі хатшыға тағайындалыпты. Ал баяғы
машинистка – хатшы оның әйелі болып шықты, соғыстан кейін
үйленгені ғой!
Бұл қалай дедім де, мән де бермеппін ол адам жоғарылай
келіп, – хатшы болып, бірнеше аудандарда істеді. Тіпті сол кездерде
омырауына алтын жұлдыз да тақты. СОКП съезінің делегаты, оның
мүшесі де болды. Көп ұзамай, обкомның – хатшысы да болды. Сол
жылдары елде астық мол болды; өтірік ақпар, көп жерге егіп, жер
көлемін аз көрсету етек алды. Жердің азып – тозуы сөз де емес. Бір
жылы міндет орындалмай қалып, жоқ өнімді бар делініп ақпар да
берілді. Сол жылы 48 түрлі өнімнің өтірігі Москваға жетті. Бәрі жуып
– шайылып, өтірікті тағы жапты. Бірақ сол жылы облыста 14
адамның белгісіз өлімі болды. Бұл да жабылды. Жолы болғыш жігіт
Қазақ СРО президиумының председателі де болды. Москвада кезегі
келгенде ССРО – ны да басқарды.
Бірақ бұл ұзаққа созылмады: бір ұл баласы жүгенсіздік жасап,
кеңседе отырған жерінде облатқару ком– ң қызметкерін оқпен
жайғастырды, ұсталды, сотталды, өлім жазасы берілді.
Сол кезде жоғарыдағы батыр төмендеп, облыстық бір кішкене
мекемеге ауысты. Оның найза өтпес қалқаны бар, ол үкімет мүшесі
болған, батыр атағы бар. Сол адам да дүниеден жетпістен асып
барып өтті. «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді» болып, соның
бір араб туысы совхозға директор болды. Сүйенері тақтан түскен
соң, директор аттан түсті. Бірақ жұмыссыз қалған жоқ:еліне барып,
әжептеуір аты бар бір әулиеге шырақшы болып орналасыпты. Баста
ата-бабалары бізді дінге ендіруге жіберген ғой. Бұл жұмыстан ешкім
тайдырмас.
216
27.12.2003.
«Өзіңнен тумай ұл болмас,
Сатып алмай құл болмас.»
(мәтел)
Тағдырдың ісі
Кейде біз қолымыздан келері болмаған соң, оның олай болып
тұрғанын білмеген соң, тағдырдың ісі ғой деп, өзімізге өзіміз жұбату
айтамыз. Шындығында, барлық істің бір себебі болады. Сондай бір
жағдайларды мен білуші едім. Кешіріңіз, мен көріпкел не данышпан
емеспін. Тек болған шындықты жазып отырмын.
1941 жылдан 1942 жылға қараған қыс өте суық болды. Біз
Ақтөбе қаласында 101ОСБ-ның (отдельно стрелковая бригада)
қарауындамыз. Бұл Қазақстаннан құрылған ұлттық бригада.
Командирі-полковник Яковленко, орынбасары подполковник
Садыбеков.
Бригада орта дәрежелі білімі бар жігіттерден жасақталған,
Қызылорда, Ақтөбе, Гурьев облысының азаматтары. Мен байланыс
батальонында телеграфист-морзистпін; Ақтөбе облыстық
телеграфында Чкалов қаласымен байланыс жасаймын. Чкалов-
ЮЖУРВО-ның (южноуральский военный округ) орталығы. Әскери
құпия телеграммалар мен арқылы өтеді. Москвадан К.С.
Ворошиловтың ұшып келе жатқан хабарын қабылдадым. Келіп,
әскери дайындықты тексерді:әлі өзін-өзі жасыру жағы жеткіліксіз
екен деген баға беріпті (тез окоп қазып жасырыну).
Артынша шынықтыру мақсатында күн батып бара жатқанда 25 км.
қашықтыққа поход жасатты. Бұрын менің жұмысым таңертеңнен
кешке дейін телеграфта байланысты қамтамасыз ету еді, осы жолы
мені де тұрғызып, түн мезгілінде походқа әкетті. Күн қызарып батып
барады, қарсы алдымыздан ызғарлы жел, қар тізеден. Келе
жатырған стройдың алдынан, екі жағынан барлау (дозор) жіберу бар.
Сол жақ дозорға бару маған жүктелді. Үстімізде тон, былғары қолғап,
баста құлақшын ішінен жүннен тоқылған кимешек. Сәл жүргеннен
терлей бастадым. Осыған дейін стройды көрмеген басым шыдай
алмадым. 2 – 3 минут сайын бетті, мұрынды уқалау, өйтпесе үсіп
кетеді. Дозорды қойып, строй соңына ауыстым. Терлеген соң
отырсаң, денені суық алады, тұра алмай қаласың, бітті. Қайтып келе
жатқанда, жерлесіміз Жазықбаев Қалтай отырып қалған екен, тұра
алмайды, астына плащ салып, казармаға сүйреп алып келді. Бірден
кіргізбей, қармен ысқылап барып кіргізілді. Денесін үсік шалған екен.
Майданға кетерде бір қызы бар болатын, ол қайтқан екен. Әйелі
күтуде екен. Үсіген адамның ұрығы да жарамсыз болып қалады екен,
дәрігерлер оны анықтады. Қолдан ұрықтандыруға күйеуі келіспеді.
Ақырында екі рет бала асырап алды (бірі әйелінің інісінен, бірі өз
інісінен). Өзі кейін паралич болып, соның зардабынан дүние салды.
Осы жолғы походтан 30 адам стройдан шықты. Осындай жағдай
217
біздің елде Рүстемов Әуез деген кісіде де болды. Ол суыққа түрмеде
жүргенде шалдыққан. Ол да параличке айналды, содан өлді.
Енді бір Тәжімов Базарбек деген жігіт ішіп алып, үйден түнде
шығып кетеді. Далада әбден тоңып, есік алдына келіп құлайды.
Дыбыс беруге шамасы жоқ. Сол жерде жан тәсілім жасауға
айналғанда, әйелі сыртқа шықса, күйеуі құлап жатыр. Дәрігерлер
емдеуге әрекет жасайды.бүкіл дене жалқаяқтанып кеткен деп,
«цепцис» деген диагноз қояды.
Тағы да түрмеде 10 жылға сотталған «У» деген кісі монша
жағып жүріп, тоңғаннан құлап жатқан жерінен біреулер көтеріп алып,
қармен ысқылап, аман алып қалады. Бұл жүрген жері Сибирьдің
Калыма қаласы екен. Келген соң, бұл да паралич алады, сол
параличтің әсерінен сөйлеп отырып – ақ, жүріп кетті. Осындайларды
біз тағдырдың ісі деп, өзімізді өзіміз жұбатамыз. Олай демегенде не
дерсің. 27/XII – 2003ж.
МАХАББАТ
«Махаббат–
ыстық сезім,
Бірақ оған ақыл,
естілік
әмірші болуға
тиіс»
(В.А.
Сухомлинский)
Махаббат деген мақтанып, масаттанып айтатын сөз бар. Осы
махаббат иелері қай затта қандай дәрежеде болады екен? Соған да
бірауық көңіл бөліп көрейікші.
Әрине, бұл тірі заттарда кездеседі. Сол тіршілік иелері адамзат
және хайуанаттар деп бөлінгенін алғашқыда – ақ айтқанбыз.
Махаббат сөзінің ұғымын өз дәрежесінде сақтайтындар
қайсысы екен дегенде, ой толғанысына душар боласың. Ойланып –
ойланып, барлық әрекеттерін сарапқа салып, кешіріңіз, бірінші
орынды Аққуға (бас әріппен жазғаным – құрмет иесі санағаным)
ұсынып отырмын. Оған дәлелім:
1. Аққу – сұлулық символы.
2. Аққу құс болса да жұптасады, өз жұбынан айрылмайды; адамдар
тәріздес опасыздыққа бармайды; аспанда ұшып келе жатқан
екеуінің бірін қатыгез аңшы атса, екіншісі өз денесін өзі мерт
болуға қияды, яғни өзін – өзі жерге тастайды.
3. Аспанда ұшу кезінде болсын, суда жүзу мерзімінде болсын
сұлулықтың, сыпайылықтың, әдептіліктің, адам қызыға
қарайтындықтың иесі.
218
4. Тірі заттарда болатын өмір үшін күресудегі жауыздық әрекетке
бармайды. Сондықтан да адам баласы оны қызыл кітапқа
ендірген, киелі санаған.
Екінші орынды қайсысына берерімді білмей, дағдарып
отырғаным. Оқушым, сіз де ақыл – парасат иесісіз ғой. Сізбен де
ойласуды мақұл көрдім де, сізге салып отырмын.
Адам. Адамда ақыл –ой, сезім – парасат, тіл, діл, әдет – ғұрып
деген сиқты толып жатқан жақсы қасиеттер бар. Сол адам да
махаббат иесі. Әдетте, бойына су жүгіре бастағаннан
«Махаббат»деп, таңдайы тақ – тақ етеді. Бірі мағынасын толық біліп
айтса, екіншісі ол сөзге толық мән бермей, жеңіл – желпі айта
салушылық екінің бірінен табылады.
Қысқартып айтайын, қосылады да ажарасады. Тіпті
тұрақсыздыққа да барады. Осы әдет ұшыға келе «Армансыз
жексұрындар» деп жазған әңгімеме дұшар болады. Ақыры,
махаббатты аяққа басады.
Соншама тұқырдыңыз деме, бұл саналы деп санаған
адамымызда бар болған соң, айтып отырмын. Шындығында,
махаббат иесі адам болуы керек те. Оны қадірлейтін де, шыңына
дейін шығарып, бүкіл өмірін махаббатпен өткізуі керек-ақ. Сіз
қарттарда да махаббат бар ма деп сұрағыңыз келіп отыр ма деймін.
Бар. Сол махаббат иесіне ие болған қарттар бір-бірінсіз жүре
алмайды. Бірін-бірі іздеп, қайда кетті, неге кідіріп жатыр деп
ыждақатсызданады. Бірі дүниеден ерте озып кетсе, екіншісі тірі
жетім болып (бала-шағасы, үрім бұтағы жеткілікті болса да),
Әбіржігендерін көріп жүрміз. Мәселе, құшақтасып, сүйісіп жату емес,
сыйласу, серіктесу. Олай болса, қарттардың да махаббаты зор екен
деңіз. Тек қана, жұбайлардың ер сыңары дүниеден бұрын озсын деп
тілеңіз. Кейуана қалған бала-шағамен сыйыса біледі, келіні
қарайды. Ал, шалына қарайтын адам жоқ, келіні жуыса алмайды,
ар-ұят сақтайды. Баласы жақсы көргенімен, кемпіріндей емес,
икемсіз бола береді. Мен әйелі бұрын кетіп, өзі мүгедек болған
қарттардың күйін көрген адаммын.
Жаңағы екінші орынға үміткер ме деп отырғаным – кептер
(көгершін).
Бұлар да жұптасады. Бірге ұшып, бірге қонады. Бірін-бірі
іздеуде болады. Осы әуесқой адамдардың ішінде кептер
ұстаушылармен әңгімелескенім бар. Бұған да сеніңіз.
Тағы бір кептер туралы айтарым – Кептер – бейбітшілік
символы. Бұл құста бейбіт өмірді қалайды екен. Осы жағын ойласақ,
екінші орынға таласуы да ықтимал ма деймін. Сіз не дейсіз?
Махаббат иелерінің бәрі де мейірімді келеді. Мейрімділік – тірі
заттар бойындағы ең басты қасиет. Ендеше, мейірімді болайық!
29/XII-2003.
Оқы да ойлан!
219
Махаббатқа негіз болушы екі жыныстағы адамдардың тән
құмарлығынан басталып, нағыз махаббат қалыптасса, сол негізді
бизнеске айналдыруға тыйылым салайық! Махаббаттың
тұрақтылығын сақтайық, ауыспалы махаббатқа жол бермейік,
тәніміздің биіктік дәрежесін рухымыздан жоғарлатудан
адамгершілігімізге нұқсан келетінін түсіне білейік! «Арым жанымның
садағасы» дегенді түсінейік.
Қазақ халқының қыздарындағы жан сұлулығын – мінезін, жүріс-
тұрысын, мәйінділігін, сыпайылығын – барлық жақсы қасиеттерін
сақтай білейік!
Жаңа құратын шаңырағымызға «есік көрген емес, бесік көрген»
тазалығымызбен иеленейік! Сонда ғана сен адал анасың. Екі
жақтағы ата—аналардың, құдалардың, жақсы қарым-қатынасы
жұптасқан екі махаббат иесінің қызығарлық өмір сүруіне
байланысты, мұны есіңнен шығарма!
20/I-2004.
Махаббат – газет емес, сатылмайды; газетіңіздің атын өзгертіңіз
демекпін шығарушысына.
«Естімеген елде көп».
(Мәтел)
Қартайғанда егізге айналғандар
«Әлемде талай қызық бар» деген кітапта туа біткен егіздердің
бірнешелеген түрі бар екенін оқығандарыңыз бар да болар.
Мыналар ол егіздердің түрі емес. Сіз тыңдаңыз, мен көргенімді
айтайын.
Кешегі Ұлы Отан соғысының зардабын кімдер басынан
кешірмеді, көрді, көнді, басынан кешірді.
Еділ өзенінің шырайлы жағасында неміс автаномиялы облысы
жайғасқан еді ғой. Ол жерді олар жер жаннатына айландырып
отырған-ды. Неміс десе, құлағымызға неміс фашистері сарт ете
қалады. Аты жоқ, жөні жоқ жазғырмайық. Халық кінәлі емес. Сол
жылдары Еділ жағасындағы елді Қазахстан жеріне аударды.
“Балапан басымен, тұрымтай тұсымен” дейтін күн туды.
Балько деген жігіт осы аласапыран жылдарында алмақшы
болған қызынан ажырасып қалады. Соғыс аяқталған соң,
Қазақстанның Бәйгеқұм елді мекенінен іздеп табады. Арада
көптеген жылдар өткен. Қыз ерленіп, одан бір ұлды да болған, қазір
ері жоқ. Балько болса, қарт анасы бар, өзі тракторист екен. Қыздың
да қарт анасы бар. Екеуі табысқанына қатты қуанады, қосылады.
Балькодан қызды да болады. Екеуінің де қарт аналары әбден
қартайған. Бальконың әйелі мектепте сыпырушы болып істейді.
Бірде жолым түсіп, Бальконың үйіне барғаным бар. Бір бөлмеде
қатар тұрған екі кроватта жас сәбилер сияқтанып, аппақ төсекте екі
қарт жатыр. Жас шамалары да қатар. Түрлері де бір – біріне ұқсас,
220
егіздер сияқты. Бұлардың күтушілері – ұлымен қызы – екеуіне
бірдей қарайды екен. Қартайғаны болмаса, денсаулықтары бар,
шүйіркелесіп, жарасып әңгімелесіп жатыр. Қызығып қарап тұрып:
“Бақытты екенсіздер” – дедім.
Жаңадан қосылып жатқан жас жұбайларға үлгі аларлық жағы
мол екен-ау деген ойға келдім. Ата – анаға деген қамқорлығың
осындай болғай!
“Дүние кезек...”
Алматыда әйелдер үйленіп жатыр
Күнде той – думан екен деп те ойланып қалып едік. Той
жасамай-ақ та, құда түспей-ақ та, алдын ала ЗАГС-ке – неке куәлігін
алатын орынға, арыз бермей-ақ та үйлену жолы табылыпты.
– Ол сонда қалай? – деп сұрады түсінбеген адам.
–
Несін айтасың, осы күні жаңалық табушылардың түрлері
шығып жатыр емес пе! Ауылдан жұмыс таппай, жастар жағы қалаға
ығысып жатқан кез болды ғой. Ер балалардың жолын тауып,
әрекетке кірісіп кеткендері де бар. Сол сияқты қыздар да әйелдерге
қолайлы тоқу фабрикасы, киім тігу шеберханасы сияқты жерлерге
орналасқандары бар. Осы күні механизатор мамандығы барлар
жетерлік. Әсіресе шофер дегендеріңе жұмыс табу қиын. Әрине, өз
машинасы бар болса, оны жұмыссыз демейсің. Үй мәселесі деген
қиынның қиыны. Сол жұмыс тапқандарының да, таппағандарының
сүр бойдақтары жетерлік. Үйлену үшін, алдымен, жұмысы болу
керек, жататын үйі керек. Бойдақтардың ішінде әйел жыныстылары
ерлерден асады: тиіп шығып, баласы болып, махаббат жараспай
ажырасқандар. Олар ері өліп, тұл болған емес, қайта-қайта
тұрмысқа шығып, махаббатты ойыншыққа айналдырғандар. Әңгіме
сол жайлы. Туысынан ерді қыз баладан артықтау жаратқан деп
айтатынымыз бар емес пе. Сол ер жыныстылардың маңдайы
ашылмағандары да жоқ емес: жасы отызға алқымдаса да, әлі
үйленбеген, жұмыс орны да жоқ, әйтеуір күн көрісте жергендері бар.
«Сен тазға мен саз» демекші тәжірибесі бар, үйі де, жұмысы да бар,
керек десең, 1-2 баласы болған әйелдер үйленуде екен. Оған некеге
тұру қажет емес, машинасы бар; сол машинаны жүргізуші, қол бала
болатын керек. Ондайларға жаңағы үй-жайсыз, жұмыссыз, әлі
үйленбегендер тап болады екен және ол әйелден он жасқа тарта
кіші де кездесіп қалады екен. Тек айыбы– осы уақытқа дейін жалғыз
бастылықтың зардабынан ішуді дағдыға айналдырып алғандар
ішінен кездеседі екен. Тәжірибесі бар әйел ондайды үйретуді білемін
деп, қолға оп-оңай түсіреді екен. Адам асау атты да бас білдіреді
ғой, тамаққа, жемге көнеді десе керек. Бірақ, мынаны ойлады ма,
жоқ па, қайдам. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас»
депті емес пе. Күйі келіңкірген соң, ол жігіт мінез көрсете бастайды.
Машинадан тапқан табысын қолға салмайды, тіпті, сылқиып тойып
221
алып, еркек аты бар неме қол да жұмсайды. Міне, енді соңғы
махаббат осымен тынады. Үй әйелдікі, еркекті қуып шығады,
зақымданған жері үшін тағы ол айыпты. Мәжбүр түрде жаңағы өзін
артықпын деген еркек сау басын саудаға қалай апарғанын білмей,
ақауы бар, бракованный, болып шығады. Айлакер әйелдің қылы да
қисайған жоқ. Керек десең, бала бінә бола қалған болса, тағы бөпелі
болмақ. Тән құмарлығын алды. Мұның бәрі оның арманы. Сүйтіп,
үйленіп жатқан ер кісілер емес, әйелдер.
24/I – 2004
«Ой – жанның қазынасы»
Ой елегінен өткізейікші
Дүниежүзіндегі жанды заттарды адамзат және хайуанаттар деп
екіге бөлгенімізді «Тіршіліктің сыры мен сыйқы» деген тақырыптың
басында-ақ сөз еткенбіз. Сол тірі заттардың ең ұлығы да, иесі де
етіп Алла адамды жаратқаны бар. Сол адам өз игілігіндегілерін,
қалай пайдаланады екен. Соған бірауық ойланып, ой елегімізге
салып, елеп көрейік.
Адам хайуандардың тиісті өнімдерін игеру үшін қолға
үйретуден бастағаны бәрімізге аян. Ал, кейбір соның жыртқыш түрі
бар ма, қолға көнуі қиын түрі бар ма оларды да игерген екен. Сонда
қалай дейсіз ғой. Әрине, ең алдымен, тірі заттың бәрі қөректенеді,
тамақтанады. Біріншіден, тамақтандыру барысында өзіне тәуелді
ете бастаудан іс бастап, өзіне икемдейді, айтқанына көндіре
бастайды, еліктетеді. Ақырында, барлық бұйрығын орындатады:
циркте түрлі іс-әрекеттер де жасатады. «Жылы-жылы сөйлесең,
жылан інінен шығады» сөзінің мәнін терең түсінуіміз керек сияқты.
Осы әңгімеден бұрын «Махаббат» т.б. адам өміріне байланысты
қысқа әңгімелер жазғаным бар. Сол махаббат иегері болып
жатқандар бір анадан жаралмағандар, бөтен-бөтен жан ұяларынан
пайда болғандар. Мінез-құлқы да алуан түрлі өзгеше. Олардың
артықшылығы сол – тіл арқылы, сөйлесу арқылы пікірлеседі. Ал
хайуандар сол сияқты сөйлеспесе де өз инстинктерімен түсініседі
ме дейсің. Әдетте, біз кінәлі әйел жыныстыға аудара салуға бейім
тұрамыз. Олай жасау әділеттілікке жатпайды. Оттың тұтануы екі
жаққа байланысты: қораптың ішіндегі шырпыны алып, сыртындағы
сүйкейтініне сүйкемесең, өзінен өзі жанбайды. – Сонда қалай
болғаны? – Оған мән беріп, ой елегіне салу керек сияқты. Адамда
тән және жан деген бар. «Тән құмарлығы – аздырады, жан
құмарлығы – оздырады» депті. Тәннен жан биік тұрса керек.
Сонымен қатар, адамда намыс деген тағы бар. «Қоянды қамыс
өлтіреді, адамды намыс өлтіреді» делінген. Намыс – адамгершілік
қасиет. Осыған орай бір жазушының шығармасынан мынадай сәтті
оқығаным бар еді. Оқушым, сіз де осыған өз пікіріңізді айтыңызшы.
Бір жігітітің көңілдес әйелі бар екен. Сол онымен жолыққаннан соң,
222
былай сұрақ қойыпты: «Осы сен өз күйеуіңнен мені жақсы көресің
бе? – депті. Жаңағы әйел: «Екінші рет бұндай сөзді маған айтушы
болма? Бұл менің тән құмарлығымнан болған жәйт. Тән құмарлығым
орындалған соң, сен де бірдей, ол күйеуім де бірдей. Бірақ
күйеуімнің жөні бөлек. Ол менің асыраушым, жұбайым, қиыншылық
кезде де қасымдағы қамқоршым» -десе керек. Осындай жайды
хайуанаттардан да көргенім бар: бір үйірдегі айғырдан ұрланып
шығып, басқа үйірдегі айғырға барып, шаптырып келеді, тағы да ол
ешнәрсені сездірмей, өз үйіріне келіп қосылды. Қазақта мынадай
мақал бар: “ Ұрлық түбі – қорлық”. Ұрлық білінбесе, жаңағы тән
құмарлығындай да, білінсе, тиісті жазасын алса керек. Осыған орай
«Жылан көп қимылдаса, аяғын көрсетіп алады» деген тағы бар.
Мына соңғы әрекеттерде тәнін ойлау бар да, намыстан жұрдайлар
емес пе? Ойланшы? Тағы бір жағдайға мойын бұрып ойлайықшы.
Жас жұбайлар сүйдім – күйдім болып қосылып, көп ұзамай суысады.
Бұл қалай? оның алуан түрлі себептері бар. Онымен « Өз ойымен
сөйлескен адам» дегенде біршама айтқанмын. Тағы бір түрі –
жұптасып алып, бұрынғы ынтығу тәрізді ықылас босаңсып, өз
мүлкім санаушылықтан, сылап – сыйпау азайып, көңіл сууға алып
барады. Тек асыраушымын деп қарап, тапқанын қолына салғаны
болмаса, баяғы көзқарас жоқ. Дөрекі түрде айтсақ, ішетін ыдысына
тамақ салғандайға көшуден. Мәпелеуден айрылған. Мәпелеуді
хайуан да керек етсе керек.
Мәпелеу, бойды иіту дегеннен шығады. «Бағаналы – балталы
ел аман бол» кітабында Әлпеш ана атасына әйел әпереді. Енесі
Әлпештен жас болса керек. Ол оны қыз ене деп атайды. Сол қыз
енесіне ақыл – кеңес береді: атасын баптауды үйретеді, көңілін
оятады. Олай жасаудың орнына қосылған жас жұбайлар бір – біріне
мән бермей, суысиды, ақырында, ажырасып тынады.
Жас жұбайлар, үйлендің бе, үйлендің: – екі жарты бір бүтін
болғаның. Қосылып алған соң, бұл менің базардан сатып алған
затым деме, зат сияқтандырып қарама, түсін. Және де махаббат
деген осы екен деп, кісі бар жерде шөпілдесе берме, ол – қазаққа
жат қылық. Аймаласатын уақыт табылады, жетеді. Осы соңғы
газетте жастар «Валентин күні» дегенді керек етуде. Менің ойым –
оған махабаттың ашық түрінен гөрі жабық түрі (жария болмаған түрі)
қызық па деймін. Бірақ махаббатың берік болсын, қосылмай тұрып,
бір – біріңе ынтықтығың молая берсін, сонымен қатар, тән
тазалығыңды жұтпасу тойына дейін сақтай біл демекшімін. Екі
жағыңның да ата – анаң сол тазалықты ұнатса, керек. Асықпаңдар,
«Асықпасаң,
арбамен
қоян
аласың»
15/II – 2004.
ЕЛЕҢ ЕТЕРЛІК ЕСТЕЛІКТЕР
«Қалғып жатсаң,
223
Қайдағылар ойға
келеді»
АЗЕРБАЙЖАНША ҮЙЛЕНУ
Қазақта ата – ана міндеті деп саналатын міндеттерге ер
баланы сүннетке отырғызу, оқытып білім алдыру, үйлендіру деп
жатамыз ғой. Бұл да сол сияқты болғанмен, соңғы жұмыс
азербайжанша орындалғаны бар. Смайыл деген әкеміз перзентсіз
болған соң, ағасы Смайыл Бәкір деген інісінің баласы Әзімханды
бауырына салған, ол Смайлов болып жазылған-ды. Отан соғысы
аяқталған соң, әкесінің қалауы келіндікке қалағаны – Құлтайдың
Күлайшасы. Екі арада жеңгетайлар болған болуы керек, қызды
қашырып алады. Күйеу жолдасқа құрдасы Айтбай дайындалады. Не
керек, күн батқан соң, қызды ертіп шығуға Айтбай Барады. Алып та
шығады. Белгіленген жерде Әзімхан жоқ болып шығады.
Азербайжанда қызды әкелері баласына әкеліп береді екен. Соны
Кавказда (Арменияда) армияда болған Әзімхан білгенге ұқсайды.
Айтбай мен болашақ келін екеуі екі атпен келеді, Әзімхан
алдарынан көрінуі керек еді, бірақ жоқ. Не керек үйден 4-5 км жерде
«Тектұрмас» деген биік кұм болатын. Сол құмға шығып, әрі тұрады,
бері тұрады. Әлі ештеңе жоқ. Ұры адам айқайлаушы ма еді,
болмайды атын айтып шақыруға. Бір кезде жаңағы қызды алып
шыққан жақтан бірдеңе қараңдайды. Бұлар бой тасалап тұра
қалады. Кім біледі, қуғыншы ма деп қалады. Байқаса, сылбырап
келе жатқан Әзімхан. Бұл 1946 жылдың аяғы болу керек.
Смайылдың үйі Жидебай шұқыры деген жерде, 3-4 үй ғана бар.
Колхоздың негізгі үйлері «Жаңа жер» деп аталатын жерде, қызды
сол жақтан әкелді. Ертеңіне беташары да болды. Адамның аздығы
болуы керек, куәлікке Айтбай екеуміз тұрдық. Азербайжанша
үйленген Әзімхан 80 жыл өмір сүріп өтті, ал әйелі Батыр ана
атағына ие болған ана, әзірге бар. Салбырап келе жатыр дегенге
дым білмейтін демеңіз. Ел басшысы болған, жоғары білімді, екі
бірдей партия мектебін үздік бітірген, ҚСРО депутаты еді.