Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 11 (всего у книги 27 страниц)
емес пе?! Мұхтар болса, қайыспай қарсы тұрды, халқының намысы
оны қоздырып жіберді. Мұны да алыс болмаса да, бір елге, қырғызға,
елшілікке жіберді: Тынышталсын, сотқарлардың соңына түсе
бермесінге салды. Ол түсе берсе, олардың сүйенішінің көңіліне тиіп
қоларымызға басты. Әрине, мұны жасап отырғандарды мен
ымырашылдар дер едім. Демократия, шындық деп тұрған кезде,
тиісті адамдар еншілі сыбағасын алуы керек еді. Жазықсыз кетіп
барады емес пе!
Неге жазықсыз жандар жала жабылып, көздерін халықтың жауы
деген атақпен жойып жіберді??? Олар –озбырларға жол бермес, ел
ағалары, нағыз ел басшысы бола алатын жандар еді. Халықты
мәңгүрттендірсек, ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда
болсын саясаты еді. Ұмыт болатын да, ұмытылмайтын да жайлар
болады. Сол жайсаң жандар өскен топырақта бұғып қалған
тұқымның барлығы. Бірақ ондайларды тек өз басының қамын
ойлаушылар әлі қақпайлауын қоймай келеді. Байыйық, кәсіпкер
болайық деп ұрандайды. Қайта құрамыз деп, бірлескен шаруа құрған
(колхоз, совхоз) кезіміздегі ата-бабаларымыз жиған-тергендерін
қайта бөліске салдық: бөліске ең алғаш ие болғандар тағы да стол
басындағылар. Аласысын алып болған соң, елдегі еңбекшілерге
бөлініңіздер деп жар салып, оларды бөлді. Олар не алды?
123
Жарамсыз, сілімтігін алды. Көптен ала алмай жүрген еңбекақысына
базар нарқынан жоғары бағаға мал берген болды. Еңбекақы-айлық
деген жоқ, сол кездегі шаруашылықтар үкіметке қарыз болып қалған
делінеді. Құрылыстар да сатыла бастады. Оның да жарарын қолы
жеткен иеленді. Бітпей қалған құрылыс біту орнына, талан-таражға
ұшырады. Көзі көріп отырған басшы жоқ, үйткені қоғам күйреген,
жауап беретін басшы жоқ. Іздеген ізшіге(қылмыс іздеушіге) дәл осы
кезде халықтың жауы кім екені көрініп-ақ тұр. Бірақ қазіргі көз
ондайды көрмейді. Сыбайласқан басшылар, өз командасы бар
басшылар шықты. Тіпті менің ақылыма сыйыспайды: Халық
сайлаған депутаттарды жақтырмаса, президент тарқатын жібереді!!!
Енді бір депутаттарды бүкіл халық болып сайламайды,
уәкілдіктердің дауыс беруімен-ақ сайланады. Сонда халық қайда
қалды? Бір кезде ССРО-ға депутат партия, профсоюз ұйымдарының
қаулысы-протоколымен-ақ өтіп, депутат болып шыға келген. Сондай
депутаттың бірі-Горбачев еді. Қандай зұлымдық жол тапқан!!! Сол
кезде-ақ халық оны ұнатпайтын-ды. Дауысқа түссе, өтпей қаларын
білген залым. Сол, ақырында, не істеді? Халқын, елін сатты да кетті!
Ой, ұятсыз-ай! Тағы президенттікке ойы бар. Бар мүлік аукционға
түсіп, саудаға салынды. Кім болса, ол болсын, көп берген алады.
Сондайлардың да халықты босқыншылыққа душар еткендері көрініс
тауып жүр. Тағы да ондағы наразылық тудырғандарды ел
басшылары ұнатпайды. Енді әділдікті қайдан табасыз?! Кентау,
Жаңатас қалаларында осы жай болды. Бір мақал пайда болыпты:
“Жауымның жауы – менің досым? Жарыған екенсің достыққа!!!
Өндірісіңді сатып алған досың солар ма дер едім. Құрылған жаңа
қоғамда(Қайта құру) екі түрлі Купон арқылы үлес берушілік жүрді.
Екеуінде де аларда аздаған теңге төлеп алдық. Бірін жинақ кассасы
арқылы ірі кәсіпкерлерге аудардық: Содан үлес алады екенбіз.
Екіншісі чемоданымызда сақтаулы. Қай күні тышқан жеп қоятыны
белгісіз. Екеуі де түк пайдасы жоқ дүние ме деймін. Арбау, арбау,
арбау! Оған қоса алдау! Сенуді қойдық – ау. Бір тәуіп айтыпты – мыс
ауру адамға: “Тәуір болып кетесің, жазыласың!” Соған сенген
науқасқа ой түсіпті : “Жазыла – жазыла тәуіпке ұят болды. Енді
өлмесем болмас!” – деп. Сол тәуіптің емі сияқты болмаса игі еді.
Не деуге болады?
Қазақта “қойшы көп болса, қой арам өледі” деген мақал бар. Осы
кезде әкім де көп, президент те көп-ақ. Сонда неге көрмейді, неге
егелік жасамайды екен деп таң қаласың да қынжыласың. Совет
кезінде салынған құрылыс, не аяқталмай қалған құрылыс
егесіздіктен бұзылуда, талан-таражға түсуде. Соған кеткен қаражат
осы тірі жүрген халықтан жиналған емес пе? Малдарға салынған
стандартты комплекстер қалай болса солай қиратылып, отқа
жағатын дәрежеде бөлшектенеді. Бітіп, аяқталуға жақындаған
124
үйлер, мектептер талан – таражға ұшырауда. Дәл соғыс болып өткен
жерлердей ауылдың, елді мекеннің орны бар. Осыларды жергілікті
ел әкімдері неге көрмейді? Бұлар елге қалай басшы болады деген
күмән туады көңілге. Әлде әкімдердің ауысының салдары ма екен?!
Жылтырағанның бәрі бірдей алтын
емес.
Әдепкіде теледидардың көк экранынан не бір таңғажайып
көріністерді көріп, мәз – майрам болысып жүрдік. Кино, концерт, ән –
күй тыңдап, бала – шағымызбен рақаттанып қалатынбыз. Бір
кездерде “Парасат” деген рубрикамен тәрбиелік мәні бар жақсы
хабарларға сүйсініп – ақ қалып жүрдік. Бұл жағынан қарағанда
теледидардың адам тәрбиесіне, әсіресе, жастарды инабаттылыққа
тәрбиелеуде ерекше роль атқарғандығында құн жоқ десе де болады.
Қайта құру дәуірі деп, көк эеранда да жексұрын көріністермен
былғай бастағанға ренжисің. Видео көріністерде тәрбиелік жолы жоқ,
әдепсіз көріністерге қарауға ұяласың. Ал жастар болса, ол
көріністерден өнеге ала алар ма екен?!
Ұру, ату, өлтіру жолдарын үйрету болып шығады.
Осыны спорттық хабарға, мәдениетті көрініске жатқызуға болар
ма екен?! Шет елдік “ Секс” түрлерін көрсеткенде, міз бақпай тесіліп
қарап отырған жастардың (ер, әйел жынысты) беттері
шіміркенбестен отыратындары да бар. Біз инабаттылыққа
тәрбиелейміз дейміз. Сүйте тұра бетсіздік, ұятсыздықты
уағыздағандай экраннан көрсетеміз. Қарамай-ақ қойыңыз дегіңіз бар,
қалайша жалпы халықтың көзіне тосқауыл боласың? Талғампаздық
деген кез келгеннен табыла бере ме екен? Сол көрініске әлі ақыл –
парасаты жеттікпеген, тіпті тілі де шықпаған сәби де қарап
отырғанын неге ескермейді екен?! Өнегелілікке, инабаттылыққа,
сыпайылыққа үйрету оп – оңай жолмен келмейді. Ал теріс әрекетке,
жағымсыз іс – әрекетке, былғаныш сөздер мен сөйлеуге үйретудің
қажеті жоқ. Басқа бір халықтың тілін үйренгенде, алдымен, былапыт
сөздерді тез қағып алып, керісіп қалғанда, өз ана тіліңдегі ұнамсыз
сөздерді төгіп – төгіп жіберіп, басқа халықтың тіліндегі сөзді
қолданып, нүктесін қоятының да бар ғой.
Кешкілікті сәбилердің ұйқыға кетер алдындағы хабарда
аруақты әжелердің сәбилерін ұйқыға тартатын әлдилеген әуенді
сөздерін неге бермеске. Балаларды ерлікке, ата-ананы ардақтауға,
сыйлауға уағыздайтын қызықты ертегі – әңгімелерін ойластыруға
болмай ма?
Қазақ халқы ұтымды сөйлеуге шебер халық.
Не бір ұтқыр сөздермен жіпсіз – ақ байлап тастамаушы ма еді.
Қазақты қазақшылыққа, жастарды әдептілікке, ұтқыр сөйлеуге
үйретейік те.
125
Мысалы, мына бір ұтқыр айтылған, тақпақтап айтылған сөзді
екінің бірі шеше де алмайды. «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледінің»
дәл өзі.
«Екі жолаушы атпен келе жатыр екен. Екеуінің де астында
жорға ат. Қарсы алдынан бір жігіт келе жатады да, сөзбен
қақтығысады: «Мына жігіттің жорғасын-ай, қасына қыздан ерткен
жолдасын-ай!». Қыз: «Жігітім, байқап сөйлеңіз! Менің шешемнің
шешесі бұл кісінің қайын енесі, мен сонда бұл кісінің әлде несі?!» -
демесі бар ма!
Немесе, баланың ақыл – ойын жетілдіретін, әрі шебер сөйлеуге
баулитын «777 жұмбақ» кітапшасын да үлгі етуге болады ғой,
ағайын.
Алтын той аясында.
Анам марқұм Айнагүл Орынбетқызы (көкмұрын):-
сағындығымды шегіртке жылы бидай орағанда тудым,– деуші еді.
Сол сөзі есімде қалыпты. Ол кезде тууы туралы куәлік деген атымен
жоқ. Менің құжатымда 1922 ж. 18 мартта делінген, бірақ ол ақақат
емес. Осылайша бүкіл өмірім өтіп келеді. 1946 жылы да шегіртке
егісті басып қалды емес пе! Сол шегірткеден егінді қорғап қалу
барасында сәті түсіп, сөз айтып жүрген қызым Раушанмен Тиянақты
уәдеге келіп, 29 мамыр (август) күні қосылдық. "Қоныс аудару" деген
әңгімеде айтылған, бұл жылы біздің алтын тойымыз өтуі керек еді.
Сол созыла келе, тағы шегіртке жылына тап болғанын қараңызшы.
Биыл да, 2000 жылы, егінді шегіртке басты. Осы жылы Ақпан
айының басында Алмастың үлкені Зере ұзатылды. Осы жолы
балаларымыз жиналып, шешеміз 70 жасқа келгенін (10 ақпан) атап
өтпекші болып ұйғарысыпты. Ақтаудағы екі қыз (Патихан, Парнеш)
оны жазға алмұрт піскенде өткізуге кідіртті. Сонымен, той 29 шілдеге
ұйғарылды. Құда-құдағилар, ағайын-жекжаттар, жора-жолдастар
жан-жақтан тойға шақырылды (Көкшетау, Ақтау, Қызылорда,Шиелі,
Шымкент, Туркестан, Шу, Тараз, Алматы, Ташкент). Той да айтылған
уақытысында басталды. Тек қана Туркестаннан келетін ағайын-
туысынан қаза болып, келе алмады, бірақ телефон арқылы тілегін
білдірді, оған рахметімді айттым. Тойдың бейне материалы толық
түсірілді, содан көресіз.
Бала би (Бименбет) кесенесінде.
Орта жүзге белгілі атақты билерден саналатын қыпшақтың бас биі
Арғынбай, қала берді Бұлтыңнан Бала би біздің арғы бабаларымыз
екенін шежіре кестесінен көруңізге болады. Сол біз туып өскен ауыл
Бала би ауылы атанғанына 5 жылдай болып еді. Бала би бабамыз
Жаңақорған ауданына қарасты №26 аялдамаға жақын сырдария
жағалауындағы үлкен қорымға жерленген екен. Содан топырақ
126
әкеліп, "Оқшы ата" әүлиесіне кесене орнатылғалы да жылға жақын
болып еді. Соның кесенесін ашу рәсімі 5/VIII – 2000ж. болды.
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» уақиғасынан қоныс
аударған Бұлтыңдар «Шілік» деген жерде де бар дегенді есітуші
едім. Осы қоныс аударып келген соң, осы ағайындарды іздестіріп,
өзім сияқты шежіре жұмысымен айналысқан інім Нұрғали
Сарынбекұлын (Қызылшекпен) тауып, Сыр бойындағы Бұлтың
ағайындарымен қауышқандай болдық. Бірлесіп шежіре жобасын да
жасауға бет бұрдық. Құдай қаласа биыл Сыр бойындағы Бұлтыңдар
кестесі жарық көруі керек. Әрине, бұған күш салушы ініміз Нұрғали.
Сөйтіп бұл жақтан бес ата Бұлтың табылып, бабамыз Бала бидің
кесенесін ашу рәсіміне 5-6 жеңіл машинамен 4/VIII-2000 күні түсте
шығып та кеттік. Бардық , Оқшы ата әулиесінде болдық, құран
оқыдық. Аудан болып ат салысқан екен, жақсы өтті. Видеоға түсіріп
те алды. «Бала би», «Оқшы атадағы 7 әулие», «Қыпшақтар,
Қазақтар» деген кітапшалар және «Оқшы атадағы жеті әулие» деген
плакатын, Бала би кесенесінің екінші бетте түсірілген 2001 жылдың
календарын алып қайттық. Толық материалды сол бетке түсірілген
пленкадан тамашалауға болады. Керек етсеңіз, Шиелідегі құрылған
«Бұлтыңдар қоғамынан көруге болады. Сондағы түсірушілердің
касетасынан көшіріп, Нұрғалиға, өзіме де әкелдім, 6/I-2001ж. Видео
касета «Бала би асы" деп аталады.
Ойға келген оралымдар
Бұрынғылар айтқан екен, дүниеде
Үш орны толмас жетім бар:
«Ел басшысыз болса,
жер жаңбырсыз болса,
сөз тыңдаусыз болса жетім»-
деген екен Жетек көреген.
(«Ел аузынан»,Алм.1985,90-б.)
«Қызың бар ма көзі мөлдір,
Жарың бар ма сөзі мөлдір?
Ұлың бар ма жасқанбайтын?
Жоқ осыдан асқан байлық!»
(Қадыр Мырза Әли)
Мишель Нострадамус,Ванга көреген болса,
Мен тек көргенімді айтамын.
(Сағындық Алтынбекұлы)
Кіріспе орнына
127
Ертеректе бір жазғанымда ретсіз қасыңдағыны түрте берсең,
ашуына тиюің мүмкін. Қағазды түрткілесең, ақ қағаз саған тиісе
қоймайды дегенім бар еді. Оқыған адам өзіне керек екен десе,
бірдеңесін алар ойына, керек етпей жатса, Абайша айтқанда, өз
сөзім өзімдікі. Сонымен, қарап отырмай, өзімше, бірнәрсеге жарап
отырайын. Әңгімелесетін қасымда қатарласым да жоқ, бары алыста,
азайып та барады ғой деп, осылайша қағаз бетін шимайлауды
әдетке айналдырып отырмын. Ол ойлар да анда-санда ғана келеді
десем де болады. Сол кезде жазып тастамасам, кейін ұмыт та
болады. Сол ұмытатын жасқа жақындағаным болар. Асқар
Тоқмағамбетов айтпақшы, өзінің туындыларын перзенттерім дейді
екен ғой. Менен шығып жатқандардың шикілеулері де болуы мүмкін,
ол тарихқа жасаған (болған жағдайға) жала емес, менің жазу-сызуға
әлі жеттіге қоймағамдығымнан болар. Жан-жануар, адам баласынан
аналар да түсік тастап, не шала туып жатады ғой. Оның қатарға
қосылатыны да, өліп қалатыны да болады емес пе. Азар болса,
солай болар.
Шындыққа бергісіз өтірік
«Азатын елдің ұрысы билейді,
озатын елдің дұрысы билейді.»
Уақытты өткізу үшін бе, әлде жол жүріп келе жатқанда, жолды
қысқарту үшін бе, әйтеуір, әңгіме айту бар.Бір әңгіме бір әңгменің
шығуына ұйтқы болатыны тағы бар. Сондай әңгімеден осы әңгіме
шығып кетті емес пе. Ертеде ел басқарушылар өз төңірегіне
ақылды, ойшыл, алдын болжағыш көрегендерді жинайды екен.
Солармен кейде кеңесіп те отырады екен дегенді есітуіміз бар еді.
Ел іші алтын қазына депті ғой халық. Атағы әлі жер жара
қоймаған, өзіндігі бар, мақтаншақ та емес, кісілікке де жаны құмар
емес бір кісі бар екен. Сол отырған жерінде алдын болжайтындай
әңгіме де айтады екен. Ерекше бір қасиеті де бар ма, кім білсін, тағы
бір сезгіштігі – көргіштігі де болса керек. Бірақ оны ешкімге жария
етіп мақтанғысы келмейді екен. Осы адам тұралы мәлімет біздің ел
басшымызға да жетсе керек.
Арнайы адам жіберіп, сол кісіні өзіне алдыртады.
Осы кісі ел басының алдына барғанда, төр алдына бір
жолбарыс аяғын созып жіберіп, керіліп жатыр екен. Басқа жан оны
көрмесе керек. Сол кісімен ел басы жеке отырып , әңгімеге көшеді.
Барған кісінің әгімесі, жауабы ел басына ұнайды. Болашағы бар,
өзіндік егесі де бар екенін айтады. Төрдегі жолбарысты ел басы да
көрмесе керек. Бірақ ол соның әруағы іспеттес. Ұнаған адамын ел
басы өзінде қолдырғысы келеді. «Ішіңіз пыспайды, сіз секілді 20
шақты адамым»бар, әңгіме – дүкен құрып отырасыздар, жалақыныз
да жаман болмайды», – дейді. Бірақ бұл барған кісі: – жоқ, елде
менің бала-шағам, елім, халқым, ағайын-туысым бар. Солармен
128
үнемі бірге болуды ұнатамын. Мен қажет болып жатсам,
алдыруыңызға болады-деп, келісім бермеген екен.
Бұл жерде менің ойыма көшелерде «2030» деген жазуы бар
плакат сарт ете қалды. Көзіме сонда керіліп, аспанға атылып бара
жатқан жолбарыс та елестеді.
Кім біледі?! Болса, болар. Егесіз әруақсыз адам болмаса керек
деп ой түйдім. Пенде емеспіз бе, бірі сеніп бір сенбей, есімде
тұрғанда, қағаз бетіне де түсіріп отырмын. «2030» деген тақырыпта,
бұдан бұрын өз ойымды да жазған едім. Бірақ мен жаңағы көреген
кісідей емеспін, жолбарысты үйінен көргенім жоқ, көшеден плакатта
ғана көріп жүрмін.
Ал, қарауындағы 20-шақты кеңесшісінің кім екенін сіз
білмесеңіз мен білмеймін. Кім болса да халықты ойласа болар еді.
«Ана» деген атқа түскен дақ
«Жала – жалын емес,
жандырмайды,
жандырмаса да,
күйелейді»орысшаласа:
«Клевета – не пламя, не
загорает,а заморает»
(Халық мақалы)
2000 жылдың желтоқсан айының басында Алматы қаласына
барып едім. Әңгімелесе қоятын өз қатарым кем болған соң,
балалардың үйге әкеліп оқып тастаған. «Демалыс» деп аталатын
газеті көзіме түсті. Дем алсам, дем алайын деп, газетті қолыма
алдым. Бірінші бетінде «Маньяк әйел» деген тақарып ірі жазумен
жазылыпты. Дем аламын деп оқыған мен тұншығып қалдым. Соны
қараңыз: Рая есімді бір әйел өзі туған перзентін емізіп отырып– ақ, өз
қолымен буындырып өлтіре салады. Соған рахаттанады. Уақиға бір
емес, бірнеше рет қайталанады. Әр перзент әр еркектен. Ақырында
сол әйел соңғы еркектің қолынан (қылқындырып) қаза болады.
Дүниеде жан-жануардың бала табушы аналары өз баласын жанын
аямай қорғайтын болса, мынау Рая есімді әйел өзі өлтіреді. Не деген
жиіркеніш оқиға, не деген рақымсыз десеңші! Газеттің аты
«Демалыс». Ал осыдан сіз қалай демаласыз?! Шын болмай – ақ
қойсын, жала-ақ болсын. Не деп жазып отыр, шығарушы неге басып,
халыққа таратып отыр?! Үлгі-өнеге алсын деп отыр ма екен, онсыз
да құрып бара жатырған жоқпыз емес пе?! Осыдан жиіркенсін дегені
ме, білмегендер білсіні ме?! Мақалаға редакция жауап бермейді-міс!
Құп айтады екен, бетсіздер! Ана деген атқа дақ салып жүргендер
аздай-ақ, енді қалғаны өз перзентін өзі емізіп отырып, бар денесі
босап отырып, буындырын өлтіруі қалып еді. Аналар! Жазылған
күйеге шыдап отырасыңдар ма!? Неге шулап шықпайсыңдар!
129
Ел басы, сен қайдасың?! Саған да осы қызық па?! Осындай
басылымдарға неге жол бересің?! Халықты қайда алып бара
жатырсың?!!
Ұрлық па, зорлық па?!
Осы екі сөздің екеуі де ұнамды сөз емес. Солай бола тұра,
өздерін әжептеуір адам қатарына санап жүргендер осы жолға түсіп
те жүр. Неге олай дейсіз ғой. Біреулері олар ұсталынбаса, ұрлық
емес, табыс табудың екінші бір түрі деп. Ал ол адам мен
адамгершіліктің мағынасын жете түсіне ме екен? Мен айтар едім:
толық түсінбейді, түсінгенімен мойындамайды, түсінгісі келмейді;
біліне қойса, арсыздыққа салынады. Сонда ар-намысың болмаса,
адамгершілігің қайда дер едім.
Сол ұрлықтың түрлеріне келейік: а)мал ұрлау, тарихты ұрлау, б)
сөз ұрлау не басқаға телу, в)біреудің жазған еңбегін ұрлау т. б.
Мал ұрлағанды бір сөзбен парасатсыз дер едім. Тарихты ұрлаушы
өзін "ғалым" санап, мәдениетті ,жетілген саналымын деп ойласа
керек. М ен оны зорлық иесі дер едім. Бұларды білгіңіз келсе, Мүрад
Аджийдің «Полынь половецкого поля» ("қыпшақ даласының
жусаны") атты кітабын тауып оқыңыз, көзіңіз анық жетіп, кімнің кім
екенін білесіз; тарихымызды танисыз.
Енді сөз ұрлау немесе басқаға телуге келсек, мұнда саналы түрі
де, жаңсақ түрі де бар. Оған жан-жақты байыппен қарап, зерттеп
барып қорытындыға келген дұрыс болады. Ауыз әдебиетінде жазу-
сызу болмаған тұста, қай ортаның қаламгері болса, өзіне ыңғайлау
деген болғандай. Саналы түрде ұрлаушы тарихты ұрлағандай, көзін
жұмып, зорлыққа кірісуші дер едім. Олжас сүлейменовтың "Азия"-
сын оқыңыз соны ашамын деп, зорлықшыл заманда Олжас кінәлі де
бола жаздаған жоқ па!
Енді бір ұрлықтың түрі өзін "саналы"санайтындардың ұрлығы. Бұл-
нағыз шын ұрлық. Айтайық, бұл ғылыммен айналысқандардың
ішінде кездесіп қалады: біреудің ғылыми диссертациясын сөзбе-сөз
аударып, кездескен даталардың жылын өзгерту немесе бірлі-
жарымды деректерді кейнгі күндерге бейімдеу. Сол сияқты
студенттердің арасында диплом қорғау барысында, сол тақырып
бұрын қорғалған болса, шіміркенбестен сөзбе-сөз көшіріп алу
Мұндайлардың ұсталғанын көргенім де бар.
Енді осы айтылғандардан бөлек ұрлықтың тағы бір түрі болады екен:
өз беделін пайдаланып, жазу – сызу қолынан келетін кісіге ауыз
жалайтындай бірдеңе ұсынып, өз атынан кітап па, ғылыми дәрежелік
жұмыс па жаздыру. Қазіргі заманда кітап шығару – қиынның қиыны:
оған қалта керек(қаражат керек). Жазу – сызу қолыннан келгенімен,
қаражатың болмаса, жазған қолжазбаң жеке дара түрінде өзіңде
ғана болмақ. Басқа біреуге берсең, өкпелеме. Сен ай далада
қоларың сөзсіз. Жиенге берген нағашылық бұрышым дей бер.
130
Көмек іздеп, көмескілікке жолығу
Көптен бері бір игілікті іс санап жинақтап жүрген сыр бойына
үлкен тарихи жағдайларымен (ақ табан шұбырынды, алқа көл
сұлама оқиғасы) қоныс аударып келген қыпшық тарауының Бұлтың
атасына жататындардың шежіресін жасауға кіріскен жағдай бар еді.
Сол басталған істі жарыққа шығару керек болды. Мен сияқты
осындай істі бастаған Шілік бойында (Оңтүстік Қазақстан обл.)
Сарыпбекұлы Нұрғали деген азамат та бар екен. Бұл кісі менен кіші,
бірақ ата – ана тәрбиесін көрген, үлгілі жанұядан шыққан кісі екен.
Сонымен, екеуіміздің бастаған ісімізді әрі жинақтап, әрі толықтырып
дегендей қолға алдық. Шиеліде (Қызылорда обл.) Осы атаның
қоғамы құрылып, оның президенті, екі вицепрезиденті, казначейі,
мүшелері және кеңесшілері тағайындалған екен.
2001 ж. I-II айлары.
Сол қоғамның тілегі бойынша, мен өз жинағанымды (Шиелі
өңірі) ксерокопияға түсіріп бергеніме екі жыл болған. Бір жылдан
кейін барғанымда, менен алған күйінде столдың суырмасында екен.
Бұл қалай дегенімде: “Осыны сіз қолға алыңызшы” – деп, қоғамның
кеңесшісіне беріп еді. Келесі жылы барғанымда, сол күйі сол
кеңесшінің қолында, әлі сол күйі сақтаулы екен. Осы екі жыл ішінде
біз жаңағы Нұрғали екеуіміз әжептеуір жұмыс жасағанбыз: соған
қоса 5 ата Бұлтыңды тауып, схемаға түсіргенбіз. Енді осыны
шығаруға бет бұрдық. 2000 ж. Желтоқсанның басында Шиеліге
барып, қажетті суреттерді жинау керек болды. Барған күні – ақ
басшыға жолығып, не керек екенін айттым. Қоғамның басшысы оны
дұрыс көрді. Осы бір “Мақұл” деген бір сөз бар: бірі резинка сияқты
созылады да, бірі ізбе– іс орындалады. Алғашқысын ұнатпаймын:ол
жолдан қалдыратын, ақырында, іштей ренжуге алып баратын жол.
Бұл қоғамның тағайындалған басшылары бәрі де жастар. Сүйтсем,
Совет дәуірінен сөзбұйдаға дағдыланған жандар, соны әдетке
айналдырғандар болып шықты. 14 Күн жүріп, үйме – үй аралап,
аздаған суреттерді де таптым. Қоғамның орталығы ғой деп,
жинағандарымның ксерокопиясын соларға қалдырдым. Ауылдың
әкіміне ауылдағы 30 шақты Ардақты аналарды (мать героиня)жиып,
бір дана суретін түсіріп беруді тапсырып едім. Бұл әкім де “Макұл”
сөзін айтты. Тіпті оның өзін таба да алмай қалдым. Осы ауылда бір
жігіттің қосымша аты “иіс сабын” еді. Бәріне бірдей бір атты таға беру
болмас деп, кімнің кім екенің айыру қыин болар, Мына “Мақұлдарға”
“кір сабын” екенсіздер ғой деп тұжырымдадым. Соңғы ғасырда
тарихымыз да, тегіміз де белгісіз болды емес пе. Мына жұмыс
тегімізді білуге алғашқы қадым болар дегеніміз еді.
Мақтанамын деген екен
131
«Мен оқытушы, әдебиетші болумен бірге жеті баланың
анасымын. Балаларым қазақ халқынын аяулы, ардагер үш ұлының
ұрпақтары:
Жәнібек, Азат дейтін ұлдарымның, Фарида дейтін қызымның
әкесі – Жетісуда тұңғыш қазақ мектептерін ашқан, өз дәуірінің
белді, беделді халық ағартушысы – Біләл Сүлеев.
Үміт, Ильфа дейтін екі қызымның және Болат дейтін ұлымның әкесі –
осы күнге шейін қазақ поэзиясында алдына жан салмаған ақын –
Ілияс Жансүгіров.
Кенже ұлым Мұраттың әкесі – Мұхтар Әуезов», – дейді Фатима
Ғабитова «(«Адам ата Һауа
на» газеті №9 желтоқсан 2000 ж.).
Біз оған не дейміз? Мақтансаң, мақтан! Сендей – ақ болсын ана!
Фатима бір байдан екінші байға ұшқалақтанып қосылған жоқ,
тағдырдың жазуы солай болды: Алғашқылары дүниеден өтеді де,
кейінгілеріне қосылады.
Өмір деген талас, әрі кетсе бәсеке, муқату сияқты. Өзімен замандас
біреуі байдан байға зырғыдың деп кінә тақпақшы болғанда
Фатиманың оларға айтқаны «Мақтанамын» екен.
Сол Фатиманы мен Мұхтар Әуезовтің табытының басында отырған
кезінде көрдім. Табыттың басында Валентина Николаевна
(Мұхтардың әйелі) мен Фатима қатар отырды. Сол кезде оған біз таң
қалғандай едік.
Қазақтың үш бірдей дүлділінен тұқым алып қалған, оларды асырап
жетіктірген Фатимаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ал әкесі белгісіз ұл – қыз тауып жүргендер аз ба? Жеткілікті. Олар
тапқандарына тәрбие бере алмай, немесе ораулы шүберегімен
біреудің есігінің алдына қалдырып та, кетіп жүрген ғой.
Көкек анадан сақтасын Алла!
14/I-2001.
Тартылып бара жатқан татулықтар
«Зиялы деп жүргенің –
мұжық, биязы деп
жүргенің бұзық болып
шығады»
Шариғат бойынша айтсақ, осы өмір сүріп жүрген кезіміз жалған
дүние көрінеді. Біреу ерте, біреу кеш бұл дүниеден өтері ақиқат. Бұл
– табиғаттың заңы. Сол өмірді тату – тәтті, қызықты, жарасымды етіп
өткізгенге не жетсін! Дүниеге жалаңаш келесің де, бұйырса шыны
киім деп аталатын шамалы ғана шүберекке оралып кетесің. Басқа
әкететінің жоқ. Жиған – тергеніңнің бәрі де қалады. Кейінгіге не
қалады? Қалса, өзіңнен тараған үрім – бұтағың қалады. Бұл дүниеде
кейінгілерге үлгі боларлық ісің, еңбегің, үлгі – өнегең қалады. «Кәрі де
бол, жас та бол – қадірлес бол тіріңде.
132
Қалар бір күн алтын бас – қазылған көрдің түбінде»
(Қырғыз мақалы).
Әр жастағы адамның өзіне лайық жолы болады. Сол жолдан
ауытқымағанға не жетсін! Әр адам өзінің ісіне өзі есеп бере білгенге
не жетсін!
«Ашу – араз, ақыл – дос» дейді қазақ. Сондықтан да өзің есеп бере
біл, қате кетсең , кешірім сұра ! «Әсіре қызыл тез тарайды» дейді
халық .Әсіре қызылға салынсаң, аяғыңның сүрінері сөзсіз.
Осы соңғы кезде қатар жүрген, әрі жас шамалары бір – бірімен
шамаластар арасы суылыңқырап бара жатқандай. Неге олай дейсіз
ғой. Оған себептер алуан түрлі сияқты: Ең алдымен, мынаны
ойлайықшы: «Шошқада бас бар, мойын жоқ, ақмақта бас бар, пайым
жоқ» (Қадыр Мырза Әли).
Қатармын деп, ойнап сөйлеп, жанына батырыңқыратып жіберу
болса, ішке кіріп алған ащы судан соң, қызуыңды көтеріп, өзіңе
лайықты ақылыңды ашуың билеп кету тағы бар. Сондай –
сондайлар бар. Енді соған есеп беріп, басқа біреуді керек етпей – ақ,
табысу жағы кеміп барады. Олай істеудің орнына, отқа май құйып
жату да табылып қала ма, қайдам?
«Өзіңді – өзің сыйла, жат бойыңнан түңілсін!» деген қайда?! Жат
жұртта жүргеніңді неге ұқпайсың? Қарт кісілердің айтатыны бар еді: -
Баратын үйім таусылып барады, – деу.
Сендер ол қарттық жасқа (80-90-ға) келген жоқсыңдар ғой! Соған
келгенде, егер осы күнгі есің дұрыс күйінде болсаң, осы ой соған да
келеді. Оқушым, кешір осы жазғанымды. Атыңды нақтылап айтпасам
да, ойланшы! Осы жағдай сенің басында бар ма? Кім де кім өз
қателігін мойындаса, білсе, сезсе, ол адам түзеледі. Егер де
мойындамаса,білгісі келмесе, «Өзің білме, білгеннің тілін алма,
қарғыстың ең жаманы сол болады» – ға жолықтым дей бер.
Сонда сен «Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай
алмайдыға» душар баласың. Бұрын бірігіп бірге баратын жерлеріңе
ұнатпай қалған бұрыңғы серігіңмен баруды тоқтатып қойғандарыңды
сезесіңдер ме? Соны басқа халық біледі. Қазіргі адамның көзі –
рентген сәулесі. Ойға келгенді айтпай қоюдың да кейде пайдасы
болады екен. Оған да ерекше мән берейік те.
14/I-2001.
Сырты бүтін, іші түтіннен сақта!
«Тәні қарадан
жаны қара жаман»
(Монғол мақалы).
Бұдан бұрыңғы әңгімемнің тақырыбы «Жылтырағанның бәрі
бірдей алтын емес» деп аталынып еді.
Бұл әңгімеде сондайды қозғайды.
133
Адам баласының пайда болуы Шығыстан , оңтүстіктен
басталғанын білеміз. Сол алғашқы пайда болғандардың қатарында
қыпшақтар және қазақтар екенін «Қыпшақтар және қазақтар» (Ахас
Тажутов, «Қыпшақтар және қазақтар», Қызылорда, 2000 жыл)
кітабынан оқуыңызға болады.
Қазақтар өз жеткіншектерін үйлендіруді ата – ананың міндеті
деп санаған. Сондағы мақсаты солардың жанұялары бұзылмауын,
құдандалы жақтардың бір – бірімен тату тәтті тұруын алдын ала
ойластыруынан. Бұрындары «Үйлену оңай, үйлесу қиын» деуші еді.
Қазірде осының екі жағы да қиынға көшіп барады. Үйткені үйлену
менің өз жұмысым, өз билігім өзімде деп, тереңірек ойламаудың
салдарынан бармағын тістеушілер көбейін барады. Бұл жағдайда ұл
бала жағынан да, қыз бала жағынан да бар. Ақылдасып пішкен тон
кең де, кем де болмайдыны” түсінбегендіктен. Ертеректе, 50-60
жылдарда, Алматы қаласында жоғары оқу орындарында оқып
жүрген студент қыздар арасында бір жиын – дискуссия өтеді. Сонда
қосылғандардың ажырасып кету жайы талқылапған. Біреулері жігітті,
біреулері қыздарды даттап жатқанда, бір әлі тұрмыс құра қоймаған,
пайымды – байсалды келген қыз сөз алып айтқан екен: “ Қателік,
алдымен, біздің өз басымыздан деп санаймын. Айлап, апталап
таныс жігітімізбен жүргенде, тек қана жағымды жағымызды
көрсетеміз. Некеге тұрып алғаннан кейін, бұл енді менің жеке
меншігіміздегі зат. Қалай жасаймын десем, өз еркімдегіге шығады.
Бұл – дұрыс емес. Шын махаббатпен қосылғасып, өмір бақи тіл
табысып, махаббатқа кір келтірмеуді ойламаймыз. Содан барып,
қосылған қосағымыздың жүрегіне ақау түседі, ол ұяғая келе
пықсиды, сөнеді, ажырасып тынады демесі бар ма. Бүкіл отырған
тыңдаушы: “Ойпырмай, мына қыз неткен ақылды!” – деп, таң
қалысады.
Қателік қыз жағынан ғана бола бермейді, жігіт жағынан да
ұшырасады. Ол – ішкілікке санылу. Арақ деген тек жабық ыдыс
ішінде ғана тыныш тұратын зат екенін бәріңіз білесіз. Шамаңды
білмесең, сені ақылдап алжастырады. Ақылдан алжасу –
адамгершіліктен ажырау. Мастығың тарқаған соң, адам болдым ғой
дейсің бірақ жүрекке түскен дақ қалады. Ол ертең тағы
қайталанғанда, жараға айналады. Сонымен іс бітеді. Сонымен,
тақырыбымызға оралайық, оқушым. Қателеспейтін адам кемде –
кем. Қайта – қайта қателесу дегенді әдетке айналдыру – азғындық.
Осындай азғындыққа салынғандарды мен сыртты бүтіп, іші түтіп
дегім келіп отыр. Осы қосылып жатқандарға: “Поздравляю с
законным браком!” деп құттықтап жатқандарды есітіп жүрсіңдер. Сол
“брак” сөзіне талдау жасайықшы. Орысша –брак, қазақша брак –
ақау. Ақау түскенмен де құттықтай ма екен, ойлаңызшы. Осыны
орысшаламай – ақ, қазақшалап, заңды некелеріңмкен деуге неге
болмайды. Сол сырты бүтін, іші түтіндерге “брак” деген сөз қосылып
ақаулары мүжіліп, тозушылыққа ұшырап жүр ме екен деймін.
134
Осы жанұяның бұзылуына, көбінесе, әйел жағының осылдығынан
болады – ау деймін. Оны алдағы айтқан студент қыз айтқан жоқ па.
Жолдасыңа деген қамқорлығың, махаббатың ешбір нашарламай,
өзіңе қызықтыра білсең, ол ұзамайды. “ат айналып, қазығынан
кетпейді” неге айтылған.
Мынандай да жағдай болады: сол сенің қосылатын жігітіңнің бірнеше
“ махабатты” болады да, біреуін ғана алады. Аналарымен де
байланысып қойған жағдайлар болады.Бұл өте қиын нәрсе, тіпті
қайғылы қазаға дейін баратыны болады. Сондықтан қызға айтарым-
пәк тазылығыңды сақтай біл, көбелек болсаң, отқа түсіп күйесің, оған
айыпты өзің. Қытай халқында (бір журналдан оқып едім) қыз
баланың болашақ күйеуімен қатынасты сол қыздың анасы қызы ер
жете бастағаннан үйретеді екен. Жалпы қыз баланың тәрбиесі –
ананың жұмысы. Осыны біле бермейтін аналар да бар ғой деп
санаймын.Үйткені бұзылған аналар қазіргі қоғамымызда аз дейсіз
бе ? Оның қызы тәрбиені қайдан алмақшы? Сондықтан да қазақта
“Текті жер”дейтін сөз бар. Не ексең, соны орасың . “ Көн жібісе,
қалыбына барады”– ны ұмытпа! Сөз соңында айтырым– “
жақсы әйел жаман еркекті үй етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор
етеді”. “Ішіме сыйған, сыртыма да сыяды” дейтін аналар да
кездеседі. Мен оларды ақылы кемдерге қосамын: табалдырығыңнан
аттап кеткен қызың – жат жұрттық.Сенің жолыңмен кеткен адам. Өзің
қайда отырсың? Осы үй әкеңнің үйі ме?!Ол қызыңа ашу айтпай, басу
айт! Әйел баласы жеңіле білсе ерінеп, ақыры жеңіс сонікі болады.
Бұл– өмірдің тәжірибесі, керек болса, заңы да!
Қазақ деуге болмайды!
“Аурудың жаманы-
диабет,
Көршінің жаманы-
қиямет.
(Қадыр Мырзаәли.)
“Сыр бойы” газетінің 23 желтоқсан, 2000 жылғы санында “Адам
азып бара ма?” деген мақаласында Қармақшы аудандық ішкі істер
бөлімінің жылжымалы полиция бекетінің бастығы қызметін атқарған
Бақыт Исаев араққа сылқия тойып, үйіне келген.Үй ішіндегі жанұя
мүшелеріне тиісіп, қуып шығады.Арашаға түскен анасының басу
айтқанын тыңдамай, жұлқылап, сабайды, жан азыбын көрсетеді,
басын жарады, қабырғасын тепкілеп сындырады. Жедел жәрдем
келгенше, анасы әлсіреп қалады. Ауруханаға жеткізгенде, анасы көз
жұмады. Б.Исаевтың 15 жылға ауыр жазамен сотталған дығын
облсоттың судьясы Н. Өміртайұлы жазған екен.
Осы іс қазақ деген атқа сыйысатын іс пе?! Және оны да адам
деп, түзеледі ме екен?! Анасын өлтіргенді адам деп айтуға да
болмас!
135
Мынаған қараңыз, бұл оқиға менің өз көзіммен көрген іс еді.
Әрине, ертеректе, бұл да сол облыста. Әкесі ертеректе дүниеден
өткен. Арасына онша көп жыл салмай-ақ, анасы да дүниеден өтті.
Бұлардың өз кемерінен 3 ұл, 1 қыз болатын-ды. Бәрі де отандары
бөлек.
Қатар қойылған әке-шешесінің басына төрт құлақ там (моласы)
салмақшы болып, жаздың ыстық күнінде балалары бас қосады.
Отанында ортаншы баласы тұратын-ды. Оның әйелі (алғашқы)
өлген, баласы болмаған соң, қарындасының 1 ұл, 1 қызын, інісінің 1
ұлын баурына салып алған болатын. Алғашқы екеуі бөлек отан