Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 15 (всего у книги 27 страниц)
қоғамдық қатынаста ешқандай діни сенімге немесе діншілдер мен
дінсіздердің саяси көзқарастарының біріне артықшылық берместен,
қоғамдық қатынаста ғылыми көзқарастың үстемдігін қамтамасыз ету
қажет .
.Әдептілікті «Әліппеден» бастайық.
Ол үшін,білім беруде Жаратушының жаратылысы: "Материя" мен
«Рух»-ты дүниенің түп негізі деп талас тудырмай, дүниенің түп негізі
жалғыз Жаратушы болғандықтан, оларды Жаратушының
жаратылысы деп қарастыру шарт. өйткені, “Материя – бастапқы ,
«Рух» – оның туындысы немесе “Рух” – алғашқы, “ Материя” – соңғы
туынды деп қарастыру қоғамдық қатынаста таптық көзқарастары
буржуазия мен коммунистердің саяси үстемдігін қамтамасыз ету
арқылы (қоғамдық қатынаста) таптық антоганизмді тудырады.
Ал оларды Жаратушының жаратылысы деп, бір – бірінен бөлінбес
бірлік ретінде қарастыру қоғамдық қатынаста ғылыми үстемдік
қамтамасыз ету арқылы (қоғамдық қатынаста) таптық антоганизмді
жояды. Осыған орай қоғамдық қатынаста таптық көзқарастағы саяси
үстемдікті емес ғылыми үстемдікті қамтамасыз ету үшін,
Жаратушының жаратылысы: “ Материя” мен “ Рух” – ты бір – бірінен
бөлінбес бірлік ретінде қарастыру арқылы халыққа ғылыми білім
беруді қамтамасыз ету қажет. Ғылыми білімнің талдап – зерттеу
объектісі – бізді қоршаған материялды дүние мен рухани дүние,
негізгі сенім. Рухани дүние Алла Тағаланың жанынан келген
кітаптар: Таурат, Зәбур, Інжіл және Қасиетті Құран.
Осыған орай, халыққа сапалы білім, саналы тәлім – тәрбие беру
үшін “Әліппеден” бастап жеке пәндер бойынша ғылыми
ұғымдарымызбен сенімдерімізді қайта жүйелеп білім берудің мәнін
түбірлі өзгертуіміз керек. Өзгертпесек, баланы 40 жыл оқытқанмен,
дүниеқорлық оқудан пайда жоқ. Олай болса, әуелі “Әліппеден”
көпшілікке түсінікті болатындай мысал келтірейік.
Бірде Қожанасыр тойға барыпты. Той енді қыза бастағанда үйіне
қайтқысы келіпті. Бірақ көп аттың ішінен өз атын танымай дал
болыпты.
– Ей, халайық, – депті айқайлап. – Аттарыңды алып кетіңдер.
Қазір мен өз атымды атамын.
Халық асып – сасып, әрқайсысы өз атын жетелей қашыпты.
Көжекең жалғыз қалған өз атын мініп алып, жүріп кетіпті.
Осындай мазмұндағы “Бір қазан сүт”, “Бақа” және басқа да
тәрбиелік мәні күдікті ұғымдарға “Әліппеден” орын берілген. Олай
дейтініміз, білім берудегі мақсатымыз: баланы ең әуелі әдіптілікке,
мейірімділікке, адалдыққа баулу десек, онда жұртты дүрліктірген
171
Көжекеннің бұл қылығын тапқырлық деуіміз – білімсіздік болар еді.
Демек, білімділік әдептіліктен басталса, әдептілікті “Әліппеден”
бастауымыз керек.
Осыған,, орай санамыздағы жалған ұғымдар мен сенімдерден
азат ету үшін жеке пәндер бойынша, шамамыз келгенше, оларға
қысқаша анықтама беріп көрейік.
Оның мәнісі мынадай:
1. Әдебиетте:
Әдебиет партиялық емес немесе таптық емес, жалпы халықтық
әдебиет болу керек. Әдебиеттің негізгі – әдеп.
Әдеп – иманнан. Әдебиет әдептен озбауы тиіс деп ғылыми
көзқараста білім беру қажет.
2. Адам анатомиясында:
Адамның дене және рухани қасиеттерінің жиынтығы организмді
басқарушы ми (нервизм) емес, жүрек деп ғылыми көзқараста білім
беру керек.
3. Денсаулық сақтау ғылымында:
Гиппократтың ілімінің негізінде емес, ғылыми көзқарастағы
Платон мен Әбу Ибн Синаның ілімінің негізінде білім беру
қажет.
4. Заң ғылымында:
Алаламауда әділеттің құдайы – Фемида ілімінің негізінде емес,
ғылыми негіздегі үш бидің ілімінің негізінде білім беру керек.
5. Экономика ғылымында:
Ысыратпы экономика ілімінің негізінде емес, ғылыми
көзқарастағы ысырапсыз экономика негізінде білім беру керек.
6. Математикада:
Оң сандар мен теріс сандар туралы:
Оң шаманы теріске шығарғанда теріске ұшыраған шама
нөлден кіші шексіз аз сандар емес, оң және теріс сандар. Алла
Тағаланың жаратқан материясының кеңістіктегі қозғалысы мен
уақыттың белгілі бірі жүйедегі қатаң қозғалыс заңдылықтарына
тәуелді уақыт пен қозғалыстың оң және теріс бағытын көрсетеді деп,
оң сандар мен теріс сандар туралы ғылыми көзқараста білім беру
қажет.
7. Тарих ғылыми бойынша:
Тарихты таптық тұрғыдан емес, жалпы адамзат тарихы
тұрғысынан ғылыми көлқараста білім беру қажет.
8. Философияда:
Болмыс тек материалдық қажеттіліктен емес, болмыс рухани
және материалдық қажеттіліктен тұрады. "Ақыл– Алладан" деп
ғылыми көзқараста білім беру қажет.
9
. П
сихология ғылымында :
Жануарлар мен адам психикасын емес, адам нәпсісі туралы
ғылыми көзқараста білім беру керек.
10. Педагогика ғылымында:
172
Адамды (маймылдан) адам еткен еңбек емес, Адам ата мен
Хауа ананы жаратқан Жаратушы деп баланы әдептілікке,
мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеуіміз керек.
11. Білім беруде:
Ғылыми білім Жаратушыны тану, өзінді тану, дүниені танудан
тұрады.
Ғылыми білім – әрбір адамның табиғи құқы. Адамды бұл
құқықтан ешкім де айыруға тиісті емес. Адамды табиғи құқықтан
айырған қоғамда адамдар Жаратушының құлы емес, үстем таптың
құлы болып, қоғамдық қатынаста құқықсыз құлдай өмір сүруге
мәжбір болады.
Ғылыми білім адамзаттың материалдық және рухани
қажеттіліктерін өтеуде өзгені өзінде көре білуге үйретеді. Бұл –
халыққа пайдалы білім.
Материалистік
білім
адамдардың
материалдық
қажетттілектерін ғана өтегендіктен, олар қай нәрседе болса да
материалдық тұрғыдан өз пайдасын білуді үйреніп, өзге емес, өзі
болғанды қалайды. Бұл-халыққа пайдасыз білім.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы демократиялық
зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтыру
үшін топтық көзқарастардың саяси үстемдігін емес, ғылыми
үстемдікті қамтамасыз ету шарт. Өйткені, ғылыми көзқарас халықты
тапқа, топқа бөлместен, жалпы халықтың бірлігі мен теңдігін
қамтамасыз ету арқылы қоғамдық қатынаста халық билігін
орнықтырады.
Олай болса халыққа ғылыми білім беруге кедергі, тосқауыл
жасаушы шенеуніктерді Ата Заңымыздың мүддесіне қайшы әрекет
жасап отыр деп айыптап, біліксіздігі үшін қызметінен кетіру керек.
БақытТілеубаев ,
Еңбек ардагері .
Келес Шәкібаев
Ауыл биі, Қазығұрт ауданы,
Өмірдің әліппесі
"Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап-жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде-жақсылар бар қимайтын.
(Қ. Мырзалиев, "Ой арманы").
Өмірдің басталуы сәбидің ана құрсағынан шығуынан
басталары әркімге-ақ аян. Сол сәби жарық дүниеге келісімен
шарылдап шыққан ащы
173
даусы құлақты елең еткізіп,қуанышын ала келеді.Бұл келген-өмірдің
жалғасы. Қуанып жатқан-ата-ана, қала берді туған-туысқан
бауырлар. Дүниеге келген ұл ма, қыз ба екен деп сұрап жатушылар
да болады. Кім болса да өмірдің сырын білмейтін, таза пейілді
нәресте, періште десе де боларлық пәктігіне еш күман жоқ, ұрпақтың
жалғасы.
Дүниеге әкелу үшін қаншама қиналған анасы есін жияр-жимастан-ақ
сол кішкентайын көруге, иіскеуге ынтығын-ақ жатса керек деп
ойлаймын: көреді де, мауқын басады да, денесі балқып, уызын
емізеді де. Бұл-бір үлкен қуаныш. Келген сәбиге ат қою үшін кіші-
гірім ақыл-кеңес те болып жатады. Осы сәбиге ат қою деген үлкен
мәселе, яғни үлкен жауапкершілікті керек етеді. Ол үшін «Адамға
атқоюдың жауапкершілігі»деген тақырыпта жазылған әңгімені
оқысаңыз түсінесіз.
Әсіресе, бірінші рет сәби келтіріп жатқан аналарға жас сәбиді
қоректіндіру, күту, тәрбиелеу жолдары туралы біліктердің жазған
ақыл-кеңестерін оқу,тыңдау әбзел-ақ. Атамыз қазақ «Баланы бастан,
әйелді жастан» деп бекер айтпаса керек. Әсіресе, тілі былдырлап
шыға бастаған кезден-ақ, өнегелікке баулысаңыз, ұрпағыңыз да
келешекте адамгершілік деген ұлы атақты алып жүре алатын
болады. «Ұл мен қыздың қызығы – тілі анық шыққанша» деген сөз де
бар. Қызықтаймын деп, балаға парыз-қарызы жоқ, мағынасын біле
бермейтін сөзді айтқызып та қызықтайтындар болады. Ондайдан
әуел бастан аулақ болғаныңыз жөн.
Қазағым тағы да бекер айтпаған көрінеді: «Ұлың өссе, ұлы
өскен ауылмен ауылдас бол, қызың өссе, қызы өскен ауылмен
ауылдас бол» дегенді. Енді бала сөзге түсіне бастағаннан, оның
есею кезеңі келе бастайды. Сіздің тәрбиеңізге қарай ол дұрыс не,
теріс не екенін түсіне де бастайды. Сізден келіп оның дұрыс-
бұрысын сұрап та жатады. Тағы да сіздің өсиетіңіз керек. Біреуді
тәрбиелеу үшін, өзіңіздің тәрбиеленген болуыңыз керек екенін,
өнегелі ісіңізбен, жүріс-тұрысыңызбен өнегеңізді көрсететін екеніңізді
ешқашан да естен шығармаңыз. «Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны
алады» депті ғой.
Енді сол ұрпағыңызды өз шамасына қарай еңбекке баулу кезеңі
басталады.Мұнда да ұқыптылықты қажет етеді. Тапсырғаныңызды
уақтылы, сапалы орындауын да талап етіңіз, үйретіңіз. Бұл кезеңді
өз қолы өз аузына жете бастағаннан қолға алыңыз. Салақтыққа жол
бермеңіз. Белгілі бір тәртіпке үйретіп алсаңыз, ойынға да, дем
алуына да уақыт жетеді.
Енді баланың ер жете бастау кезеңі басталады. Бұл кезде
бірдеңеге құмарлық та қосылуы мүмкін. Бұл – өте жауапты кезең.
Ұлдың есеюіне қарағанда, әдетте, қыздың есеюі ерте басталады. Сіз
анасыз, екіншіңіз әкесіз. Біле бермесеңіз, білмегенді сұрағанның еш
айыбы жоқ, сұраңыз. Баланың өсу кезеңінде «Өзім білемін» деген
кезең әдетте, ұрыншақтық кезең болып саналады. Осыдан сақ
174
болыңыз. Бұл ұрыншақтық уақыт адамның бүкіл өміріне өз таңбасын
түсіріп те алады.
Баланың, қыздың өз жора жолдастары деген болады. Бұл
мәселеге де тікелей араласпай-ақ, алдын ала қалай болатыны
жайында да, сұрамай-ақ, кеңес беріп отырыңыз. әр баланың өз
жынысына лайық білім алуы мен нені игере алатындығына мән
беріңіз. Осылайша адамның өз өсу сатысына қарай дұрыс
тәрбиелесеңіз өзі-ақ түсіне бастаса керек.
Ендігі мәселе: өмір – талас, оның жолын біл, қиындығынан
қорықпа, онымен күресе біл, жеңілмей, жеңе біл, мақсатына жету
жолып қарастыр. Есіңде болсын: адам мен адамгершілік сөзінің
мағынасын терең түсін. Енді сен адамгершілігі мол адам болдың
дейік. Осы алған өнегелі тәрбиеңді өз ұрпағына жеткіз, тәрбиеле,
өсір.
“Елу – ердің жасы, алпыс – сұмдықтың басы, жетпіс – оттың
қасы, сексеннің серіктікке зауқы жоқ” деген сияқты уақыт та келеді.
Соның соңғы кезеңдерінде күшің қайта бастайды, тоқтасасың.
Әрнәрседен бетің де қайта бастайды. Екінші балалық кезеңге де
жетесің. Бұл кезде сен өкпелегіш те, кек тұтып қалатын да, ренжігіш
те боласың. Ұлың ұғып жатса, құба – құп, ұқпаса тоқырайсың,
көнесің. Көнбегенде қолыңнан келері де жоқ. Мұны – мойынсыну
дейді. Онда да айта алсаң, “Әке – шешеңе не істесең, алдыңа сол
келсін” дерсің.
Өкпе мен бауыр.
Қазақ халқы – тілге бай халық. Әр сөздің өзінің тұра мағынасы
болуымен қатар, ауыспалы да мағынасы бар. Өкпе – адамға өте
қажет мүшенің бірі. Оның қызметін денеміздегі басқа мүше атқара
алмайды. Қан деп алатын, шындығында жанамыз, сүйық қызыл
заттың қажет ететін ауасын өкпе беріп тұрмаса, өмір тынды дей
беріңіз. Ал енді сол өкпе сөзінің ауыспалы мағынасы адам баласына
қажеті кем, жоқ деп те айтар едім. Сол ауыспалы мағынасын желеу
етіп пайдаланатындар өмірде баршылық. Негізінде өкпелегіштердің
қолынан келері, көпшілігінде, жоқ болып шыға келеді. Ол сылтау
үшін өкпе айтады.
Өкпелегенше, сол кемшілік жерін өкпе айтпай – ақ жөніне
келтіріп жатсаң, жарасып – ақ тұрмас па еді. Енді денемізде бауыр
деген тағы бір мүше бар. Бұл сөздің ауыспалы мағынасы жүрекке
жылы тиіп, құлаққа жағымды естіліп жатады. Бұл сөздің тұра
мағынасындағы қызметі де тамаша: Шаршаған қанымызды
тазартып, денемізге қайта жұмсайды, біздің өміріміздің тоқтап
қалмауын қамдастырады. Адам адамға дос, бауыр деп жатамыз.
Демек, адам баласы бір – біріне қастандық әрекеттерге жол
бермейді деген келіп шығады.
Бауырмашылдық деген ұғым өз туысыңа, ағайын – жекжатыңа,
адам баласына деген қамқорлығыңды, жақсылық іс – әрекетіңді
175
білдірсе керек. Хайуанаттар дүниесінде бір тектес жануарлар адам
сияқтанып ұлт, ру болып бөлінбегендіктен бе деймін. Бір
тектестердің арасында адамдардағыдай бәсекелестік те,
қызғаншақтық та жоқ деп айтуға боларлық: қатар өмір сүреді, бір –
біріне қастандық жолын қарастырмайды, демек, бір–бірімен
бауырлас. Бұл жағынан қарағанда, адам баласындағы жауыздықты
ойластырушы, бәсекелестікті тудырушыларды, кім де болса адам
деген атқа лайықты санамас едім.
Бүйрек пен безбүйрек
“Бүйрек бауырына бұрып
тұру үшін керек”
(Қ. Мырзалиев)
Бүйректің ауыспалы мағынада қолдануы адамдардың туыстық
жағынан бір – біріне жақындығы мағынасында көп қолданылады.
Бүйректің ауруға шалдығуынан операциямен алып тастауға болады.
Бірақ алынған бүйректің қызметін екіншісі атқарады да екен. Көпке
дейін екіншісі біреуін іздеу кезінде, адам әбіржіп, кемсеңдеп те
қалады екен. Үйрене келе ол қойылса керек. Сонда бүйрек өзіне
жақынын іздейді екен. Ал, адам баласында бүйрегі сап – сау
адамдар арасынан туысым, жақыным екен – ау деп ойламайтындар
табылып қалып та жүр. Бұл – қазақ баласына жат қылық. Осы біз
“Мәдениетті ел” деп, көрінген елге еліктеушілікті де шығарып алып
жүрміз. Солардың тілін үйренеміз деп, ділімізден де айрылып
жүргендеріміз бар. Ол, демек, ұлтын да жоғалтудың жолы. Салт-
сана,тілін, діліңді жоғалтуың безбүйрек болғаның дей бер. Дүние
жүзінде қонақжайлы халық-қазақ халық екен. Безбүйрек болу –
туысқанды керек етпеу. Сонымен қатар, тілін, ділін жоғалтпай-ақ,
қазақшылықты керек етпей бауырын да керексінбейтіндер бірлі
жарымды табылып қалып жүр. Бұл дұрыс тәрбие алмаушылықтан
теріс жолға түсушіліктің салдарынан болса керек. Көпшіліктің ішінен
табылады: тастанды балалар сияқтылар, ата анасын баласын
керексінбейтіндер, маскүнемдер, арасынан өмірлік армия қатарында
жүретіндер де бар. Олар робот сияқты тек бұрықты орындаушылар
көрінеді. Онда жаны ашу деген болмаса керек. Ондайларды
наразылық білдірушілерді басуға пайдаланады екен. Соның көрінісі
1986 жылы желтоқсан оқиғасында, жаңа өзен қаласында балған
жағдайда кездесті емес пе!
Алла безбүректілерден сақтасын!
Ерлі-зайыпты өмір сүру кезеңі
(Үйлену оңай, – үйлесу қиын)
Өмірдің ең жауапты кезеңінде, мазмұнды уақыты да, қиын
мезгілі де, оны дұыс игеру де енді басталғалы тұр. Бұған жан-жақты
176
ойланып, ақылдасып шешкен абзал болады. “Келісіп пішкен тон кең
де, кем де балмайды” дейді қазағым. Жар таңдау болашақ
жұптаспақшы екі адамның жұмысы болғанмен, алдымен, ата –
ананың келісімін, ақыл кеңесін тыңдаған жөн. Ата – ана сендерді
ешуақытта да жаман болсын демейді. Тек жақсы болуларыңды
ойлайды, олардың өмірден алған тәжірбиесі мол. Ойлаңдаршы,
үйлену тойларыңда орысшалап айтқанда, “Поздарвляю законным
браком!” деп жатады. Осы сөзге мән берейікші: “заңды ақау түсуімен
құттықтаймын” шығады екен. “Ақау” cөзі мақтанарлық сөз емес.
Демек, екеуің де осы сөздің иесі болып тұрсыңдар. Үйлеспей
қалғанда, қайта үйлену деген екеуіңнің де ақауың бар деген болып
шығады. Абайлаңдар, түсінген шығарсыңдар. “күндіз екеу, түнде
төртеу” деген жұмбақ бар. Бұл – ақауы барларды жұмбақтаған сөз.
Сондықтан да жас жұбайларды құттықтағанда, орысшаламай –
ақ, «Заңды некелеріңмен, қосағыңмен қоса ағарыңдар!» деген дұрыс
па деймін.
Қазақта «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген сөз бар.
Келін болатын бала сен басқа елге келіп отырсың, яғни жақсы
болсаң, түпкілікті өмір сүретін өз еліңе келіп отырсың. «Қыз жат
жұрттық» деген осыдан шыққан, өз жұртың – осы келін болып түскен
елің. Енді сен үлкен болсын, кіші болсын, сол елдің
бақылауындасың. Әрбір сенің жүрген қадымың бақылануда.
Сондықтан да қазағым «Табалдырықтан биік тау жоқ» деп оны киелі
деп санаған. Табалдырықтан оң аяғыңмен аттауды ұмытпа. Сен
алғашқы айда халыққа жағымды болсаң, сол баға – саған берілген
баға, оны да жадыңда сақта.
Кісі отырған үйге кіргенде ізет жасауды, сәлем жасауды
қиынсынба. Ол сенің әдептілігіңді білдіреді, саған берілетін бағаң да
артады. Үйден шығарда үйдегілерге бөксеңді көрсетіп шықпай,
бетіңді үйге қаратып шық. Бұл да әдептіліктің үлгісі. Келе жатқанда
кісінің алдын кеспей, оны өткізіп барып жүр, барар жеріңнен
кешікпейсің, «Рахмет» деген алғысын аласың. Осылайша, қазақтың
әдет – ғұрып, салт – санасын сақтай біл. Одан сен ұтылмайсың,
қайта ұта түсесің, сыйлы боласың. Келген жеріңдегі атаңды «Ата»
дегің келмесе, «Көке» дей сал, енеңді, «Апа» дей сал. Қайнағаңды
«Аға», қайныңды «Кішкенем, тентек» немесе тағы басқа жағымды
сөзбен айта сал. Сол сияқты әпке, сіңлі, абысын – ажындарды да
атымен айтпай, бұрып айтсаң, олар оған мәз болады. Бұлай айтып
отырғаным – жеңіле біл, ақырыңда, жеңіс, алғыс сенікі. «Келіннің
қалауы білсін» деген құрметке ие болып шыға келесің. Мен сені
қараңғы қазақтың түк білмес өміріне итермелеп отырғаным жоқ,
түсіне біл.
Үлкенге де, кішіге де «Сіз» сөзін пайдалан, сыпайы сөйлесуге
көш. Тіліңнен ащы сөз шығарып алушы болма. Ащы да, тәтті де –
тіл. Тілің тәтті болса, онда сен де тәттісің.
177
Ал, жігітім! Сен басқа бір ұядан біреудің балапанын әкеліп
отырғаныңды біл. Оны мәпелеп өсір, қас – қабағына қара, дөрекі
сөйлеме. Сен де ұят сақта: үлкендердің көзінше әдепсіздікке барма.
Сенің жақсы көретініңді барлығы да біледі. Аймамаудың да уақыты
бар, асықпа! Сен де қайын жұртыңа барғанда күйеу балаға лайықты
ізеттілікті сақтай біл. Ол ел білесің бе, «Сүймесімді сүйемін,
сүйгенімнің арқасында» дейтін ел. Сондықтан ата – енеңе
баласындай болуға тырыс. Сонда сенің кейбір кемшілігің де
ескерусіз қалады. Сенен аяры болмайды: саған аяулы қызын да
беріп отырғанын білесің бе?!
Сендердің екі жаққа да ұнамды болуларың екі жақтағы құда,
құдағидың қызығы, татулығы осыған байланысты. Жақсы сыйласқан
жекжаттар ағайыннан да артық болмағы осындайдан.
Бір күндері дүниеге жас нәресте де келіп қалатын күні болады.
Ол – өмірдің жалғасы, біріңе бала, не қыз болса, екіншілеріңе
немере не жиен. Өзім таптым демей, атасының, әжесінің бөпесі деп
жатсаңдар, үлкендер оған мәз – мейрам болады, оны да ойлаған
жөн.
Келін, өзің біліп тұрсаң да, үй шаруасындағы кейбір басты
жұмастарды енеңнен сұрай сал, ақылдас. Енең – сенің бірінші
қамқоршың, ақылшың, анаң.
Енді сендер бірге өмір сүрудің алғашқы баспалдағынан да
өткен болып саналасыңдар. Дегенмен алда әлі кездесетін талай
асулар, соқтықпалы – соқпақты жолдар бар. Сол жолдардың
асулардың не бір қырлары мен сырларын да біліп, меңгеру деген
үлкен жұмыс, сабырлықты, ақылға салып ойлауды керек етсе керек.
«Қосағыңмен тату бол – өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан», – депті М.
Кашкари. Бұл сөз әсіресе, жігіт, саған айтылса керек. «Бастан
кешкен, көз көрген» деп айтылатын қол жазбамда «Дұрысы мен
бұрысы» тарауының «Отан» деген тақырыбын оқысаң, өмірдің не бір
бұралаң жолдарын көз алдыңа елестетсең керек. Сендер әлі оны
білмеулерің де керек, ол – өмірдің тәжірибесі. Бұл жердегі идея – жан
тазалығы мен тән тазалығы. Үйлесе алмаушылардың бірнеше
түрлері көрсетілген. Сондықтан сол қателіктерден сақ болуға тырысу
керек.
Бірігіп отан құрғаннан кейін, ер адам үйге үйе бер, үйе бер.
Асыраушы адам, сенің міндетің. Ал, әйелің болса, соны дұрыс
пайдаланып, бардың берекесін келтіретін жан. «От басындағы
үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы» – депті пайғамбар.
Сондықтан да, осы дәптердің мұқа басында жапсырылған газет
қиындысы бар: ол – «мойындау», автоы – Қабылбек Төретайұлы.
(«Оңт. Қаз.» 29(17189), 8/III – 2001 ж.).
178
Мойындау
«Әйелің ақылды болса – өзін бақылайды ,
Ақылсыз болса – сені бақылайды»
(немесе еркектер жыры)
Әйел барда әуелейді бағамыз,
Арулардың қас-қабағын бағамыз,
Тек солардан біз қуаныш табамыз,
Тек соларға мұңымызды шағамыз.
Жан жар біздің – жан қиысар досымыз,
Тек жан достан жомарт қылық тосыңыз.
Өмір деген бес күн жалған тірлікте ,
Әйелдерсіз болмас көңіл хошыңыз.
Өмірсерік-әр үйдегі күніміз
Жан жолдассыз не болады күніміз ,
Жарымызбен жарқын шығар үніміз.
Аруларға аппақ құшақ жайыңыз,
Аруларсыз болар ма екен жайыңыз?!
Әйел барда жарығырақ шамымыз,
Әйел деген – құдай қосқан жарымыз,
Аналардан жаралғанбыз бәріміз.
Жұбай деген сүрінгенде сүйеуің,
Өмір бақи таусылмайтын нәріміз.
Асыл жарлар-аяқталмас әніміз,
Аңсар әнсіз жарасар ма сәніміз?
Қолаң шашқа құштар болып өтеміз
Қара жерге енгенінше тәніміз.
Еркектік сөз,құй нанбаңыз, наныңыз
Сұлу десе ауырады жанымыз .
Сәл нәрсеге кіналаймыз соларды,
Сәл нәрсеге жан сұраймыз тағы біз.
Лағыл көздер-алауланған шамымыз,
Дауыл көздер-арайланған таңымыз.
Жан жар десек есімізді алады
Гүлдей қызға гүл сыйлаған шағымыз.
Сұлу айтса бір тілегін жықпаймыз,
Суық соқса арланбай-ақ ықтаймыз.
Ауыздықтап алса-дағы бас білмей,
Түптің түбі айдауынан шықпаймыз.
Ер азамат, сырымды оң ұғыңдар,
179
Алғаныңа ақ гүл сыйлап тұрыңдар!
Қиғаш қастар, ақ білектер-Хауа Ана
Ана сүтін нәр етпеген кімің бар?!
Ару, Ана мейірім мен шапағат
Мінажат қыл, тәу ет, сонан шапақ ат!
Әйел, Ана айнымайтын асыл жар
Мәңгі мөлдір, кір шалмайтын махаббат!
Қабылбек ТӨРЕТАЙҰЛЫ.
Есіңізде болсын, бәрін де келістіретін біз, әйел, екенбіз деп,
астаншылыққа кетіп қалмаңыз. Осы аналар бекер айтпаса керек,
«Отыз ұлым болғанша, осырақ шалым болсын» деген сөзді қайта
сол жастайыңыздан қосылған қосағыңызды, еріңізді, күші қайтқанда,
қартайғанда күтіңіз демекпін. Ол қартайған кезде баяғыдай үйе
беретін қаруы азайған соң , бола қойса зейнетақыға ғана қарайды.
Үйден ұзап та шыға бермейді. Ер адам үйден шықпай отырып қалған
кезінде, бала – шағаға тым жағымды да бола бермейді, қадірі де
азаяды. Балаға, келіңге ана жақындау болады. Сол осырақ
шалыңды қақпайламай, қас – қабағына қара. Күші барда
пайдаландың ба, енді керегің жоқ деме. Ойлашы осы бала шаға жоқ
кезі, өзіңнің туған ата – анаңды тастап, осыған келіп қосылған жоқ па
едің? Ендеше оны өкпелетпе, аяла. Ол сенен соны керек санайды.
Екеуіңнің де екінші бала болған кезің осы кезең.
Ал, өмірге келіпсің, жар тауып қосылыпсың, бала – шаға өсіріп,
жетілдіріпсің. Қалдырып бара жатырған бала– шағаң – өміріңнің
жалғасы. Одан басқа кейінгіге не қалдырып бара жатырсың?
Бұл сұрақ кез – келген адамға оп – оңай жауап бере қоятындай
жеңіл болмаса керек. Дегенмен, өмір сүргендердің бәрі із – түссіз
кете бермегенге ұқсайды ғой, ойланарлық жай екен. Мен болсам,
зейнетке ерте шықтым да, жеті жылдай күйзелген денсаулығымды
түзеген болдым. Содан кейін – ақ қағаз бен қаламды ермек етуге
кірістім. Ерте баста естелік сияқты бірдемелерді түртпектеген болып
едім. Соны шежіре жобасына жалғастырып жүргенімде, өзім сияқты
жастау інім де табылып, соның қолына табыс еттім, сол шығарар.
Одан бөлек «Бастан кешкен, көз көрген» дегенді бірнеше бөліктерге
бөліп, біреуге ұнар, біреуге ұнамас қалдырып бара жатырмын ғой
деймін. Көлемі – төрт дәптер( екеуі 96 парақ, екеуі 48 парақ), оған
тағы да қосқандарым бар.
Мұндай да жандар бар екен – ау?!
Осы жерде Бауыржан Момышұлының бір сөзі есіме келіп
отыр: «Сен бір ауыз да сөз қоспа, мен бір де бір өтірік қоспаймын...»
дегені.
Сол сияқты мен де бір де бір жадымнан сөз қоспауға тырысып,
өмірде болған бір тарихи жағдайды кейіпкерлерінің өз аузынан
айтуынша беруге тырысып отырмын. Жер аттарын түгелдей
180
тәптіштеп жазып алмағаныма кешірерсіздер. Уақиға Ұлы Отан
соғысы жылдарында Москва қаласының төңірегіндегі бір
госпитальдан басталады. Ұлы Отан соғысына алынған қазақ
жауынгері соғыста жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға
түседі. Ауылдық жерде оқыған, қойшының баласы, орысшаға да
жетік емес, бұлдұр – бұлдыры ғана бар. Алматы облысының Балхаш
көлі маңынан. Аты – жөні Көпжасар Тәшкенбаев маған кездесуі 4 –
12/VI – 2001 ж. аралығы. Екеуміз де Алматы қаласындағы
госпитальдамыз. Көпжасар болса, соғыстың соңғы кезінде екі
аяғынан бірдей жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға
жайғасады.
Дәрігерлер ары айналдырып, бері айналдырып, бір аяғын кесу
керек десе, Көпжасар: «Кеспеңдер, кескізбеймін !» – деп көнбейді.
Аяқтың екеуі де ауыр жарадар. Әсіресе біреуі икемге келмейді. Кесе
қойса, тізеден жоғары кесу керек. Сонымен, аяқ кесілмейді. Емделу
барысында кесу керек деген аяқ созылмайды, жиырылған күйі.
Төменгі жағы сенуге де бет ала бастайды. Бұған операция жасаушы
орыс әйелі, хирург екен. Санитаркалар, медбикелер кілең жұлындай
жас орыс қыздары. Көздері жәудіреген, бар ықыласымен еңбек етеді.
Тіпті, жарадарлардың көңілін тауып, шаттандыруға шейін барады.
Ауырған жерлерін сылап – сипап, уқалап жүреді. Жандарын аямай,
коляскаға отырғызып алып, жас сәбилерді ойнатқандай да
әрекеттерге барады. Далаға да шығарып, серуіндетіп те келеді.
Бір Оля деген 16-17 жас шамасындағы қыз Көпжасарды бар
ықыласымен күтуге ала бастайды, үйіне де алып барып, тұз-дәмін де
ұсынады. Оның шешесі хирург, жаңағы Көпжасарға операция
жасаған сол әйел екен. Көпжасарға өзінше «Коля» деп те ат қойып
алады. Коля болса, күн сапап тәуірленіп келеді. Бірақ аяқ икемге
келмейді, біреуі тартылып тұр. Қос болдақпен жүргенде, екінші аяқ
жиырылып тұрады. Жүріп жаттығу барысында жерге үші, тиер-тимес
қана. Жерге тиіп кетсе, жаны шыға жаздайды, Оляның ермегі Коля
болады. Сүйретеді, жүргізеді, үйіне апарады, қайтып әкеледі. Шешесі
болса, госпитальда дежурда жүріп қалатын кезі де мол болады.
Коляның онымен еркін сөйлесіп кетуге орысшасы жете бермейді,
дегенмен, кейде ымдап та ойын білдіре бастайды. Госпитальдың
бастығы енді мұның майданға баруға мүмкіндігі жоқтығын айтып,
елге қайтару керектігін айтады. Бірақ Көпжасардың өздігімен елге,
Балхашқа, келуге мүмкіндігі жоқ. Мұны біреу үйіне әкеліп салу керек.
Соғыс кезі, ондай адам жоқ. Елінен баратын, алып қайтатын да адам
жоқ.
– Ай! Коля! Анау сені күтуші Оля деген қыз саған өте құмар ғой.
Оны өзің де білесің. Сен егер оны аламын десең, ол сені еліңе алып
барады. Ал, Көпжасар болса, ол шешімге бара қоймайды.
– Аяғым болса, мынау, икемге келмейді. Мен қалайша әрекет
жасамақшымын – деп, қамығады. Сөзбен айтылмаса да, Оля
Колясының ойын түсініп, анасы дежурда кезінде Коляны үйіне алып
181
кетеді. Амалын өзі тауып (тәптіштемей – ақ қояйық), икемдейді.
Қысқасы, Коля алмақшы да, Оля тимекші. Анасы болса, көп
ойланғанымен, жалғыз қызының көңілін қимай, келісім береді.
Коляны Оля еліне жеткізуге бел байлайды. Документтер
дайындалады. Жол азығы, талоны, билеті бәрі дайындалады.
Сонымен, поезбен бірнеше күн жүріп, Алматыға да жетеді. Бұл
кезең-соғыс жылдары. Енді Балхашқа жеткізү, ауылдағы қой бағып
жатқан әкесіне жеткізу ісі оңайлыққа түспейді. Елде ішіп-жем де аз,
көлік жағы тіпті жоқтың қасы. Арбаға да мініп, бір ауылдан екінші
ауылға, қайыққа да мініп, бір жерден екінші жерге жету болады.
Жолда бір үйлерде 1-2 күн аялдап та қалу бар. Қай бір жетісіп
отырған халық, ішіп-жеуі де кемдері таршылық сезімін де білдіріп
алады. Оларға бұлар: – Біздің азығымыз өзімізге жеткілікті, сіздер де
қосыла жеңіздер дейтін де кезі болады. Сонымен бірнеше күн
дегенде, енді аулына 50-60 км жер қалады. Почта тасушылар болса,
көлік таба қойса, түйемен, не жаяу келеді екен. Түйеге де мінген
уақыттары болады.
Әттең, сау болса, жаяу-ақ жететін жер қалды-ау деп отырғанда,
далалық жердегі әр жердегі ауылдардың бірінде отыр еді. Алыстан
бір қара көріне бастайді. Бірте-бірте жақындай түседі. Алдында
бірдеңе жортып келе жатқандай ма? Солай да екен. Аттыдан озып,
Көпжасар соғысқа кеткенде өзі асыраған күшігі үлкен төбет те болған
екен. Келе сала Көпжасарға құйрығын бұлаңдатып, еркелеп,
иіскелеп, қолын жалай бастайды. Екеуі де бірін-бірі таниды. Далалық
жерде қазақтың қой баққан жүнді барақ төбеті келгенде, Оля
сескенейін деп еді, енді ол да денесі үйреніп, итті жақсы көріп тұр.
Атты адам жақындай келіп, аттан түсе сала, баласын құшақтап
жатыр, сүйіп жатыр, көзінен жас та шыққан, мауқын баса алмай,
біраз тұрды. Қыз болса, селтиіп тұр. Ойында: «Қалай қабылдар
екен?» деген күдіксіз де емес.
Бір кезде әкесі: – Балам, мына қыз кім? – демесі бар ма? – Бұл
қыз мені осында алып келе жатырған жеткізушім. Бұл болмаса, мен
келе алмас едім. Сол жақта қалар да едім. Қаласыңыз келініңіз
болады. Қаламасаңыз қайырамыз да – демесі бар ма?
– Жоқ, балам, сені маған әкелген болса, бізде сөз болмайді –
деп, қыздың маңдайынан сүйіп, арқасын алақанымен қақты.
Қыз болса, демін терең алып, уһ! Дегендей еді. Көпжасардың
аяғының біреуі атқа мінуге келмейді, тартылған. Әкесі болса, соның
бәрін есебін тауып, бір үзеңгіні шешіп алып, тартылған аяқты
салбыратпай, оны да сүйейтіндей жасады. Ердің артынан тоқым,
көрпешені ыңғайлап қомыттап, Оляны да жайғастырды. Жуас
қойшының аты соның бәріне көніп тұр, тырп етер емес. Өзі атты
жетектеп, ауылға тартып кетті. Баласының жете алмай келе
жатқанын Ташкенбай ақсақал ұзын құлақтан есітіп, шыдамы болмай
жеткені екен.
182
Үйге де жетті. Анасы баласын көріп, тірі келгеніне қуанышы
қойнына сыймай, бүкіл туған-туысқан мәз-мәйрам болуда.
Мал да сойылуда, ағайын-туыстар да жиналуда. Бүкіл ел орыс
қызы демей, бәрі өз баласындай қарсы алды. Уақыт өтіп жатыр.
Көпжасар ептеп аяғын баса бастады. Әлі балдақ қолда. Олясын
бала-бақшаға жұмысқа да орналастырды. Бұл кезде елде ер
азаматтар жоқтың қасы. Көпжасар ауыл советке хатшылыққа
орналасты.
Бір күндері Оляның анасы науқастанып,телеграмма
келді.Коляға барып қайтайын деп қолқа салуда. Коля әлі балдағын
тастай қоймаған кез. Жолға жарамайтынын айтуда.Шыдамы
болмаған Оля анасына кетті.
Хат-хабар келіп тұрады. Анасы тәуірленіпті. Оля болса қыз
туыпты. Хат келіп тұруда еді. Бір күні Оля: – Коля! Егерде сен келе
алмасаң, үйленгің келсе, менімен бірге істеген анау қыз ше (бір
қыздың атын атайды), соны алуға рұқсат-деп жазыпты. Ол қыз да
адамгершіліктің тұтқасын ұстағандай қыз болатын-ды. Оляның хатын
Көпжасар соған көрсеткенде,келіседі де үйленеді. Балалы-шағалы
болады. Бұл кезеңдерде хат алысу тоқтап та қалған кез. Көпжасар
түрлі қызметтерге ауысқан. Жора-жолдастар да мол, жетерлік.
Совхозды да басқарды, партия ұйымдарын да басқарды,
Зоотехник те, бухгалтер де болды. Арада бірнеше жыл өткен.
Аудандық партия ком-ң хатшысы жан жолдасындай болған кісімен
Минводтың Кисловодск курортына екеуі жолдама алып, демалуға
барады. Бұл кез Көпжасар аяғы жазылған, тік басады, Бірақ бір
таяқты әлі тастай қоймаған, ол таяқ оған үшінші аяқ болып тұр.
Демалу аяқталады. Екеуі сырлас, өмірлерін түгел білетін. -Москваға
баралық, Оляның ескі адресімен іздейік-деп келіседі.
–Подарка алсақ болмай ма?
–Алдымен тауып алайық. Подарка қашпас
–Мақұл, келістік.
Іздеп жүріп, ескі адреспен,пригородный поезбен келіп те жетеді:
Адресін айтып, көп этажды үйдің жанына келеді. Әдеттегідей,
екі кемпір отыр екен,сұрастырады. Олар: – Вы спрашиваете, Мать
казашки что ли? – дейді. Бұлар: – Да – дейді. Бір бойжетіп қалған қыз
қолында сумкасы мен өте шығады.Артынша көп ұзамай тағы бір
әйел өтеді. Жаңағы екі кемпір: – Вот что пришла с сумкой, это та
девушка казашка. А та, каторая пришла после неё, Это мать той
девушки-дейді. Үйінің номерін сұрап, есігін тықылдатады. Есік те
ашылады. Көпжасар көрінгенде, Оля: – Это ты Коля! – деп құшақтай
алады. Қыз төргі бөлмеде екен, көпке дейін онымен жұмыстары да
болмай, әңгіме дүкеп қыза түседі. Оляның анасы да келеді. Сый -
құрметтің бәрі де түгел өтеді.