355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 8)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 8 (всего у книги 27 страниц)

екен – ау, бірақ мен оны білмеппін деген ойға қалдым, онда да бұл

ой маған тым кейін келді.

Екінші бір қателігім бүкіл өміріме әсерін тигізді. Менде жан

ашарлық, ақыл – кеңес берерлік адам болмады. Өмір дегеннен менің

түсінігім ол кезде тіптен аз екен. Бұл – 1946 жылдың жазының

аяғы. Бұл қателігім – бірінші қателікке душар еткен албырттықтың

жетек жетектегендей жалғасы істеттес іс. Біреудің намысына қалдым

ба деп те қаламын. Тым олай да емес – ау да деймін. Әлде қарғысқа

душар болдым ба? Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Енді не?

«Пешенеге жазғаны» деген қорытындыдан басқа ештеңе айта

алмадым.

Біреуге жұмбақ сияқты. Бірақ маған аян. Жарайды. Болар іс

болды. Оған тек тағдырым яғни жетімдігім ғана айыпты. Өмірмен

арпалыстым. УҺ! дегенде 40 жасымда қыр басына шықтым. Бұл

шығу мені қатты шаршатып кетті. Сондықтан да мен 53 жасымда

жұмысты бірден тастап жібердім. Дем алдым. Емделдім. Ешкімнен

де кем болғаным жоқ. Жұмысты ерте тастағаннан ұтылғаным жоқ,

қайта денсаулығымды түзеп алдым. Бүкіл өмірімді оқытушылықпен

өткіздім. Шынында, мен оқытушы емес, дәрігер болуым керек еді.

Мен 8 – класта оқып жүргенімде – ақ адам анотомиясын өте ұнатып,

бес саусағымдай біліп едім. Сол білгенім осы күнге дейін өзімді өзім

білуіме, емдеуіме көп көмегін тигізді деп түсінемін. Олай дейтінім –

Қай жерім аурады, неден болды, оған не жасау керек екенін алдын

ала оқып, емін жасап келемін. Дегенмен, тозып келемін. Тозған

нәрсе жойылу заңды, түсінемін. Сондықтан да ой толғағы қысқан

кезде, қай мезгіл екеніне қарамай (түн бе, күндіз бе ұйқыдан да ұшып

тұрып) жазып тастаймын. Әйтпесе ұмытамын. Кейде сонымды қайта

оқып, бәрі рас, өміріме экскурсия жасағандай боламын (соңғысы1/I-

2004ж.)

Дұрыс деп тапқан жұмысым

1. Өз өмірім туралы бұрынғы жазғандарым да азын – аулақ

айтылды. Енді сол мақаулығымды басқаға жұқтырмас, яғни өзім

сияқты болмасын деп, шежіре жобасын жиып, оны бір жүйеге

келтіріп, қағаз бетінде қалдырып барамын. Баспа бетін де көреме

деген үмітім бар. Мақтанып – ақ айтайын, 1996ж. өз ауылымдағы

«Абай» мектебінде Наурыз тойында Мөлдір деген 2– класта

оқитын немерем көпшілік алдында 22 атасының атын аспай –

саспай айтып берді. Сол тыңдаушылардың ішінде бұлай білетін

ешкім де жоқ еді.

87

Керек десең, кез келгені жеті атасын да айта алмайды.

2. 1995ж. ақпан айында Алматы да болып, ұлдың кенжесі

Нұржанды, қыздан кенжесі Пернешті екі күннен төрт күн

Алматыдағы бауыры болып саналатын Амандықтың

ұрпақтарының үйіне апарып, олармен таныстырдым. Солай

жасау керек болды. Қазіргі жастар туысын емес, кластасын,

құрдасын туыс санап, бауырын танымай бара жатырған жай бар.

Осы жолғы ісіме өзіме өзім есеп беріп, есіме түскенде рахаттанып

қаламын.

3. 1994ж. немерем Мөлдірді Алматы арқылы Көкшетауға алып

барып, 40 күн қыдырттым. Алматыға тоқтап, зоопаркты

аралаттым. 25 немерем бар еді сол кезде. Оның бәрін бұлай

жасау маған ауыр соғады. Ал біреуіне жасағаным соның бүкіл

өміріне ұмытылмастай із қалдырады.

Ал мен болсам, ата түгіл өз әке – шешемнің де тәрбиесін

көргенім жоқ емес пе, ағайын – ау! 9 бала тәрбиелеп, немере,

шөбере (3) көріп, олардың азды – көпті қызығын көру деген бұл

заманға олқы бола қоймас деймін. Өмір деген – қиыншылық,

арпалыс, күрес. Осылайша онымен күресудемін.

4. Ата – ана балалы болуға неге құмар екен? Түптеп келгенде, ізін

басар мұрагерін, өзінің адам сипаттас көшірмесін қалдыруды

көздесе керек. Мені де дүниеге келтірген ата – ана да солай

ойлады ма деймін. Ал, келтірді. Бізден не көрді? Біз не көрдік.

Дүниеге келтірген ата – ана жоқ болды, дүниеден өтіп кетті. Оған

біз кінәлі емеспіз, кінәлі сол қоғам, оны басқарғанды жауыз дер

едім.

Енді сол ата – ананың адам сипаттас көшірмесі болған бізге

не жүктелмек. Міне, мені көптен осы нәрсе ойландыра берді,

ойландыра берді. Бекер айтылмаса керек: «өлі ырза болмай, тірі

байымайды» деген сөз. Сол ойымда 1995 жылдың аяғына таман

іске асырған болдым: өз шамама қарай әкем Алтынбекке, шешем

Айнакүлге, әпкем Қанбибіге түйе сойып, халқыма дұға оқытқан

болдым, бір Алла өзі қабыл көрер дедім. Алыстағы балаларымды

қобылжытып шақырғаным жоқ, хабардар жасадым.

5. Уақтысында іске асырмасам да, уақыт солай болған да болар,

мұсылмандыққа сән бір жұмыс – намазға жығылдым(14/IX-

2002ж).Бір ауылдық иман болған (Бауыржан) жігітке құладым. Сол

жолы оқшы Атаға барып, әруақтарға түнедік. Содан бері

намазымды тастағаным жоқ.

Қоныс аудару.

«Таза ауа жұтқаның,

талай жылды

ұтқаның»

Әңгіменің тақырыбы құлаққа жағымды тие бермейді. Сонда да

болса, болған істі жасырмай, неге олай болды деген сауалдың

88

бетін ашып, оқушыма бұл істің қате іс пе, әлде дұрыс іс пе ой

лабораториясына салғанды жөн көрдім.

1996 жылы мамыр айында Шиелі ауданынан мен, кемпірім бар

осы Түлкібас ауданына (Тұрар Рұсқылов ауылы, бұрыңғы

Ванновка) келуге шешім жасадық. Оған себеп болған кіші

баламыз Нұржан әйелімен Ақтаудан келіп еді, сол баламен бірге

болуды дұрыс көрдік.

Шындығында, бұл жерге толық келіскендер мен, бала мен

келінім, ал кемпірім лажсыздан көнді. Көшу себебіміз –

Қызылорда облысының экологиясы: суы, ауасы таза емес, өсімдігі

де өзгеруде. Ағайын – туыстар болса, ешқайсысы да ұнатпайды,

олармен ақылдасқан мен жоқ.

Бұл жерде бала күйімде, 1937 жылы, пионер лагерінде

болғанмын. Сол кезден таныспын.

Соңғы кезде Қызылорда облысының барлық аудандарынан

келушілер жетерлік, көпшілігі жастар деуге болады, пенсияға

шыққаны да, шықпағандары да баршылық. Бірақ бұл жерде

жұмыс дегеннің табылуы қиын. Екі қолға бір жұмыс деген(қара

жұмыс, диқаншылық) табылады.

Менімен бір уақытта бір ауданнан келушілер де болды.

Бұрыннан ол ауылдың адамдары бар екен. Олармен табысып та

жатырмыз.

Ақтаудан келген балам бизнеске араласушы еді, мынау жерде

ол жұмыс онша тиімді емес екен. Сонымен ол Алматыға кетті.

Сонда сол ісін жасап жүр. Көп ұзамай елде қалған баламыз,

бұрын бізбен бірге болған Нұрғалымды көшіріп алдық, үйді

саттық. Бұл балам ол жақта да жұмыссыз еді, мұнда да солай.

Қаражат қарастырып, пайдаланылатын бір көлік(жигули) алып

бердім. Сонымен, ептеп нанын тауып жүр. Жан – жақтан

балалардың барлығы да келіп тұрады, біз де оларға барып

тұрамыз.

Аз күн өмірімізде суы, ауысы таза жерде болғанды ұнаттық.

Солай да жасадық. Оған өкініп жүрген жағдайымыз жоқ. Елге

барған сайын ол жақтың жалпы экологиясы төмендеп кеткенін

сезініп, тез қайтуға асығамыз. Жаз күндері жан – жақтан

немерелер уақтысын бізге келіп өткізіп жүр.

Биіктік № 75 пен 68.

Бір кездерде жазық, ойлы – қырлы жерде томпаңдап зырғып

жүрген күндер өткен. Ол 16 – да да, мен 24 – темін. Қайыспайтын

қайрат бойдағы кез. Қиындықтың түрі бар екен деген ойға да

келмейді. Бәрін де жасап аламыз деген кез. Шындығында да солай

еді. Жоқ екен деген ойға кірмейді, тырысудамыз, болдыру жағы

басым. Бұл – жастықтың құдіреті. Жоқтан бар жасадық, бірден кем,

89

біреуден тәуір дегендей тұрмыс құрып, 9 перзент дүниеге келіп еді,

бәрін де үй – баранды, балалы шағалы болуына ат салыстық. Бәрі

де жақсылы – жаманды жұбайларымен, ұрпақұтарымен бірге өмір

сүруде. Осы заманда оңай – ақ қосылып, өмірдің қиындығына шыдас

бермей, жалт етіп тайып жүрген де жетерлік.

Ал енді осы үлкен ұяның басы болып тұрған 75 пен 68 ге

келгеннің жағдайы қалай? Осының алдында 75 деген ойнауға

келмейді дегенді ескерткенмін.

Қазық аяқ 24 – тің қадамы тарылғанына да біршама уақыт болды.

Егер біреулер кездесе қалып, қандай денсаулығыңыз? дегендерге,

жасыма лайық деп жауап беріп өте шығатын едім. Ол жауап нық

жауап екен деген ойға да келіп қалмаймын. Өйткені босаңсу жағы

басым болды. Біреуге: «Как живете?» – деп сұрағаным да , сол кісі

сол кезде осы күнгі менің жасымнан өте бастаған кезі – ау.

Нет, я товарищ, я доживаю! – деуші еді. Рас екен – ау.

Бұл да жаман емес екен – ау деп, өзді – өзіме шүкіршілік те

жасаймын. Менен кіші болса да, дені сау болғанымен, «Не живет, а

существует» болып жүргендер де аз емес. Ал енді 68 – ім ше? Оның

өз ойынша қандай екені ішінде шығар. Дегенмен, жүріп тұру жағы

ауырлаған. Ол жерім, бұл жерім деу жағы молшылық. Тек сүйсінерлік

жағы бар, ол – тәбет жағы тартымды, игере алады. Демалысы,

ұйқысы ол жаман емес, сәби кезіндегідей қисая кетсе, қор ете түседі.

Әдебиетпен көп шұғылданбағандықтан – ау деймін, теледидардан не

көрсетсе де, шашау шығармай қарайды. Көзі талса, құлағы тыңдап,

онда да қорылға басатын уақыты болады. Менен тәуір, көрілімдердің

бәрімен таныс. Одан қанша түсініп, идеялық жағынан не қабылдап

жатқанын өзі біледі. Денсаулығы жағынан ептеп қанның қысымы

бар, бүйрек жағы да мәз емес. Мен білгенімді айтқаныммен, толық

қабылдай қоймайды.

Екеуміздің де шығып тұрған тұғырымыз аз жер емес. Келесі

тырмысып тұрған шың тайғақ, жылпың, басы желді, ызғарлы, маңы

құз, жартас келе ме деймін. Кім оны қалай меңгереді, қалай игереді

ол жағы белгісіз. Сол биік басында аса қызыға беретін де қалған

нәрсе жоқ – ау деймін. Өрмелемей – ақ, төменгі саялы, ықты, жанға

жайлы жерінде қалған өмірді өткізген дұрыс па деймін.

Осылай бола тұрса да, кейде үлкен шаңырақта отырып көңілге

қонбай қалған кездерде арыстандай ақырып, жолбарыстай

буырқанып та қалатын кез келеді. Ол кезде үй іші жым – жырт тына

қалады. Дауыл өтеді, шуақ түседі, бәрі жадырайды. Жарасымды

тынады. Осы да кейінгінің сыйлағаны деп түсінемін. Өйткені ол –

дауыл емес, жанға батыра айтқан ақыл – кеңес. Дұрыс тыңдады,

демек, сыйлады. Айта аламын ба, айта алмаймын ба деген бір сөз:

Жанбасымыздың жайғасатын жері оған пәлен деу маған қиын.

Қалған адамның жанына батпағаны жөн. Жерден пайда болдық,

қайта оған барамыз. Дегенмен, оны да жазып қойдым, орындауы

кейінгілердің жұмысы.

90

Шайқалып түзелген шаңырақ.

«Жауын менен жер көгерер, бата менен ер көгерер» деп

жатады атам қазақ. Біздің жерімізде көп жасағанда жүз жасар.

Өмірдің жолы үнемі түп – түзу болып келе бермейді. Оның неше

түрлі бұралаңы болады. Сол бұралаң тікелей адамға байланысты

болады, одан басқа тәңірдің жазғаны да болатыны болады.

Алғашқысына кінәлі – адам, ал соңғысына Алланы кінәләй

алмайсың. «Жазмыштап асар озмыш жоқ» деген бар. Феодалдық

қоғамның батып бара жатқан шұғыласын көріп, Социалистік

қоғамның белшерінен басып, жасарын жасап, асарын асадық та;

отына күйіп, суына баттық та десек болады. Сонымен, оның

басына ешқандай қиындықсыз – ақ су құйып, суға батырған

тауықтай жасадық. Жұмыртқа бастырып өсірмей -ақ қояйық

дейтін тауыққа осылай жасаушы еді. Дәл соны жасады «Ел

басы».

Енді қайта құру заманы деген келіп жетіп, оны қалай құруды

әлі жөнді біле алмай, ары – сар болушы аз емес.

Кімнен үйренбекші? – Бір кездерде жауымыз

дегендерден үйренбекші.

Біреу тойып, біреу тоңып секіруде. Тойып секірушілер қан

талапайдан мол қарпығандар.

Осы үш түрлі қоғамды менің атам, әкем, өзім болып бастап

өткізудеміз. Атамызды , Дәулетті ,сол өзі тұстастар да, балалары,

біздің әкеміз де, «Кәке» деп атап өткен екен. Сол кәкеміз өмірінде

үш некелі болыпты. Үш әжемізді бір уақытта иеленбеген, бірі

дүниеден өткен соң, келесісін алған. Менің әкем алғашқысынан

екінші перзентті екен. Бірінші: әжеміздің үш перзентінен үрім – бұтақ

бар, жаман емес. Екінші әжеміздің қызынан да бар, олар да өсіп өніп

жатыр, жақсы. Үшінші әжемізден бір ұлды болғанда кәкем дүниеден

өтеді. Сол соңғы әжеміздің тәрбиесін көрдік, өз қолымызбен әжемізді

ол дүниеге атттандырдық та. Кәкемнен кімдердің өрбіп – өсекендерін

бұл жерде айтып отырғаным жоқ, бәрі шежіре жобасында схемамен

аты – жөні көрсетілген.

Социалистік қоғамның алғашқы құйынды қарқынына үшінші әжем,

әкем, немере аға, ана, інілерім ілініп, зардабын шекті де.

Шаңырақтың шайқалуы, тіпті бұзылуы да осы кезеңде болды.

Бұзылғаннан қалған тек кәкемнің шаңырағының жобасы. Сол

жобаның қабырғасы 1936 жылы қайта бой көтерді. 1939 жылы

шаңырақ орнатылды: кәкемнен қалған ең кіші ұлы жұбайласты.

Алғашқы әжемнен қалған баласының шаңырағы шайқалып жүріп,

1946 жылы толық түзелді.Шүкір, сонымен, бұзылып кеткен

шаңырақтың соңы болып, 29 VIII – 1946 ж. Отау құрған болдық. Інім

1957 шаңырақ түзеді. Бұрын қазақ халқында фамилия деген құжатқа

жазылмайтын еді. Мына қайта құру қоғамында ол бар. Сөйтіп,

91

фамилиямыз дей ме, тегі дей ме, көкеміздің аты да құжатқа

жазылғанда, ұлдан жеті адам ие болайық деп тұрмыз. Бұл үш

шаңырақтан шыққандар негізінде жеті шаңырақ болып отыр. Сонда,

Дәулетовтер, не Дәулет негізінен – 7: Сағындық, Амандық, Тасболат,

Сайран, Замирбек, Қайрат. Паспорт ауысуы барысында тағы да

әркім ойында келгенін жасады. Сонымен, Сағындық, Амандық

Алтынбеков болды да, Тасболат Таумаев болып кетті. Ал қалған

Сағынбайдан тарғандар Дәулетов болып жазылды. Бәз баяғы бұрын

фамилиясы жоқтар сол күйінде қалды.

V-1996 ж

Өзіме тәжірбие

Бірде кешқұрым аяқ астынан тамағым жыбырлап, танауымнан

су аға бастағаны. Пәлендей суық тие қоятындай жағдайдың

болмағаны өзіме анық. Сонда не болды? Қой, бұған мен бір тәсіл

жасап көрейін деген ой табан астынан сап ете қалды. Ертеректе

біреулердің ішкенінен қалған жартылық ішінде 250 гр – дай ақ арақ

қалған. Аузын жапқанмын, қарасам, бар екен. Бір ыдысқа бір

қасықтайын құйып алып шалқайып тұрып аузыма құйып жұтпастан

тамағымды қарқыратып шайып жатырмын. “Самопал ” деуші еді

ішетіндер, қалай, ішінде ащы бұрышы да бар ма, тамағымды

ашытып барады. Бір тамшы да жібермей, төгіп тастадым. Мұрыннан

боқ, көзден жас парлап кетті. Шашалып та, жөтеліп те жатырмын.

Арасын үзбестен, қолыма сол арақтан құйып алып қос танауыма

тартып жібердім. Мұрын қуысына бармаған жері қалмады ау деймін,

тұншығып та барамын. Төгіп тастадым. Көзден жас парлап кетті.

Ашуы шамалы уақытқа дейін созылды. Таза сумен ауызды, мұрынды

шайған болдым. Сол сәттен бастап, құда да тыныш, құдағи да

тыныш дегендей, жыбыр да сап болды, аққан су да тыйылды.

Кім ауруды тәуір көреді дейсің. Сонда да болса, тұмау дегенді

жек көремін де, онымен дос болуды ұнатпаймын. Мүмкіншілігінше

жаныма жуытпауға тырысамын, жабыса қойса, бірер уколмен айдап

салып жүруші едім. Сол пәле қайтсем осы кісіні бір жықпаймын деп

жүрмесі бардай, елден қыстың қарлы күнінде түн мезгілінде денем

поездан жіпсіп түскен кезі еді. Такси кідіріп қалып, қолайлы кезеңін

тауып, сарт етпесі бар ма? (24/I -97)

Ертеңгілік тұрсам, денеге кірген, жайғасқан. Квартирасының

кілтін де қолына алғандай. Қой, болмас деп, мұнымен қарсы атысуға

кірістім. Температура көтеруге шамасын келтірмей, “Ударный доза”

деп белгілеген мөлшеріммен 4 күндей шабуылға шықтым. Қайтатын

емес, бірақ дәрі денеге өткенін сезіне қойдым. Дәрінің микроптарға

қарсы күресетін бөлігі мен өз денемдегі барлы –жоқты имуниттер

тұмаумен шайқасуда болуы керек деп ойлаймын. Жатырмын.

Денемде аурып жатырған жер жоқ. Тамаққа тәбет деген алғашқы

күннен – ақ жоқ болған, сол күйі. Көңілім ояу, денем ал-сал. Мен бір

92

гаражда быт-шыт етіп бөліп тастаған машина сияқтымын ба, қалай.

Бас қайда, қол қайда, аяқ қайда екені белгісіз. Сонда қалай болғаны?

Қимылдасам, жоқ, запчастьлар бәрі жалғасқан күйінде, біріне бірі

тіркесулі көрінеді. Е, дәрі денеге күштілік жасап, дер кезінде

тоқтатқаным дұрыс болған екен деген ойға келдім.

Түннің бір мезгілінде далаға шығып, есік алдынан тайып,

үстімдегі тоныммен бір жатқан шелекке былш еткенімді бірақ білдім.

Оң жақ сүбелігім, қабырғам түгелдей ұрылған. Абыл – ғұбыл жерге

түкіріп, әрең тұрдым. Іш жағында бір нәрсе баланың жұдырығының

шамасындай ма деймін, бүйіріме соқты ма деймін. Үзілген,сынған,

майысқан жер жоқ сйяқты, ұстатпайды. Жөтелу, қақырыну, сіңбіруге

зармын. Ал, шыдап бақ енді. Тамаққа тәбет деген қашып кеткен,

қайда кеткені белгісіз. Бұл – 1/II-97ж. Үш күннен кейін тәбет келер ме

екен деп, 50гр. 96– қа су қосып, тартып жібердім. Ойпырымай, дәм

дегенді білсемші, бір ащы дәм ғана сезіледі. Қарынға шамалы нәрсе

жолдап жатырмын, алғысы келмейді. Селедканың да тұзы

сезілмейді– ау. Таң ата тағы зорлап, қара шайға клубниканың

вареньесімен 3кесе шай іштім. Тәбет әлі оралған жоқ. Сол күні түсте

шамалы тауық етімен сорпасын зорлап ішкен соң ғана, тәбет

жөнделейін деді ме деймін. Ауызға дәм сезімі сезілгендей болды.

Түрлі ойлар миды шарлап жатады. 75деген биіктікті көргеніме,

ұшына қолымды жеткізгеніме де көп болған жоқ. Бұл биіктік ойнауға

келмейді екен, сезіне бастағанмын. Бәрі де мерзімді кезі жеткенде

болатынына сенемін. Мына кіші бала дұрыстап орналасып алса деп

едім. Қасына серік болар бауырлары да келе ме деген ойда едім.

Биылғы көктемде жерді ему– игеру дегенің менің қолымнан келерін

қайдам. Өмір көрсетеді бәрін. Жасаған тәжірибелерімнен оң жол

болып жатса құба – құп. “Суға кеткен тал қармайдының” ісіне де

ұқсап бара ма, қайдам. “Қайғы келсе қайыспа, қарсы тұр, күрес”

деген екен, мәтижесіз емес.

Уақыт солай деп тұрса

1970жылдың алғашқы айлары еді. Перзентіміздің үлкені Каз

МИ – ді бітіріп, Көкшетауға жолдама алыпты. Совминның баспа

бөлімін басқаратын құдамызды салып, Жолдаманы Қызылордаға

алдырдым.Облсовет арқылы Жөлектің аптекасын бір категорияға

көтеріп, бір штат аштырып, Райханды орналастырдым. Шаршаған да

бар, Ұлы Отан соғысының зардабынан денені алған дерт те бар,

сауығу орнына жолдама алып, Свердловск облысына жүріп кеттім.

Ақыры дегенін істеп, қызым өз ойын іске асырыпты, менің

келерімнен 8 күн бұрын. Сонымен Көкшетауға тартып тұрды. Арада

көп ұзай қойған жоқ, жағдайларын білуғе барсам, дәл бүгін тұрып

жатқан үйіне (3 бөлме) орналасқан. Ертеректегі, 30 – жылдардағы,

интернаттарда болатын темір кровать, екі адамға лайық қана ыдыс –

аяқпен жабдықталған үйде тұрып жатыр екен.

93

Елдегі алдыңғы қатарлы қоңы бар Түйекеш ағасы енші де

бермеген, тіпті, жол қаражатын да бермеген болатын – ды. Екі жас

маман осылайша тұрып жатыр екен. Көкшетаудың қыса қатал, бұлай

тұрғанды қалтыратады, керек десең, қамданбасақ, ауруға да

шалдықтырады. Бір күн болдым да, елге тартып тұрдым. Келдім де,

3 күннің ішінде төсек– орнын дайындатып, жүкті жедел багажбен

жіберіп, өзім сомалетпен жеттім. Жүкті алып, үй салтанатына

келтіріп қайттым.Қазақшылық жолдың, апарушылардың құрамы

дегендердің ешқайсысын да керек етпедік. Жағдай оны көтермейді.

Кейін алғашқы перзент дүниеғе де келгенде, бесікті самолетпен

апарып берген тағы бір өзім еді. Ауық – ауық жағдайларын көріп

қайтып тұрамын. Тұған анасы, тұз дәмнің бұйырған күні болу керекғ,

10 жыл дегенде барғанда, көршілері “ Ойпырмай – ай , қалай шыдап

жүргенсіз? Біз өгей шеше екен ғой, кілең әкесі келеді, анасы

келмейді!” – деп едік деместері бар ма! Сол ағашқы сәбиі ер жетіп,

институтты бітірді. Үйлену тойы, құда түсүі, екі жақты тойын өткізуге

де тағы мен бардым. Ақтаудан қызым Пернеш пен кенжем Нұржан

келді. Не десеңіз о деңіз, баланың елдегі туыстарынан ешкім барған

жоқ. Той өз дәрежесінде өтті (видеоға түсірілді, сақтаулы). Біз қазір

Түлкібас ауданындамыз, жақындадық, араласу жиілей бастады,

шүкір.Шөберелі де болдық.

1984 жылдары болуы керек қой деймін. Ең кенжеміздің

алдындағы бала ТИИТ-те оқушы еді. 3-4 рет жедел шақырумен

қайта-қайта әуре болып бардым. Сонымен "Вынужденный посадка"

демекші, мәжбүр "келінді"де болдық. Мәжбүр хабаршы жіберу керек,

жібермесең, қуғыншы келуі сөзсіз. Не істеу керек? Әрі ойланып, бері

ойланып, тапқан тәсілім мынау болды: тағы да өзім барып, тоқтату

болды. Бардым. Он ұлдың ортасында жалғыз қыз екен. Әкесі-

трактор бригадирі, шешесі-өкпе ауруымен ауырады екен. Тілектері-

Екеуі де оқуларын тоқтатпаса,-дейді. Соған келістік.

Бұл бір уақыттан ұтып, өзінен өзі күдер үзуге жетелеу жолы еді.

Солай да болды. Осы жұмысқа таңертең кетіп, түнделетіп үйге

жеттім. Барған жолдың бір жағы 200 км-ден алыс. Қысылғанда

осылай да жасауға тура келді. Әрине, осы соңғы ісімді дұрыс деп

санап отырғаным жоқ, ал оған алып барып отырған ойланбай

жасаған іс бір болса, екінші жағынан, шындықты жасырып, мені

орынсыз қинауынан еді. Оқушым, сізге толық түсінікті емес болар,

жұмбақталып отырған жағдайы да бар. Жазып отырғаным-өмірімнің

қиналу кезеңдері, ақылдасар адам таппаушылық кезі еді. Бұл да

ұмытылды.

Айтылмаған сыр еді

50 жылдардың аяқ кезі. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып

секіреді" дегендей, біріміз дер кезіндегі студентпіз де, біріміз

кешелдеген студентпіз, яғни уақытысында оқуға мүмкүндік болмай,

94

"Ештен де кеш жақсы" демек, ұлғайған кездегі студентпіз. Біріміз

дәрігерлікке оқып жатсақ, біріміз сол істеп жүрген мамандығымыз

бойынша, С.М.Киров атындағы университеттің курсантымыз.

Жастауымыз бітіруге жақын да, үлкендеуімізге әлі оқу керек.

–Аға, бүгін кешкі сеансқа киноға билет алып қойып едім, соған сағат

5-ке біздің жатақхананың алдынан кездесейік. Айтылған уақатқа

келдім. Келсем, інімнің қасында бір жолдас баласы бар, екеуі тұр

екен. Маған інім:-Қазір келешек келіңізді көресіз-деді.

Комната жақтан екі қыз да келіп қалды. Бас иіп амандасып болды.

Кинотеатрға қарай бет алдық. Екі қыз алдымызда да, біздер олардан

соң келеміз, тратуарға түгел сыймайтындықтан, солай жүріп келеміз.

– Сол жақта келе жатқаны болашақ келініңіз болады – деді інім. Күн

батып барады, қаракөлеңке басқан. Көшеде ерсілі – қарсылы келе

жатқан халық. Енді тағы сұрағаным ұят болар деп, жаңылып

қалмайын деп-ақ келемін. Алдағылар кейде қарама– қарсы келе

жатқандардың ыңғайына қарай жол беріп, қатарларын ауыстыра

қояды: біресе оң жаққа, біресе сол жаққа ауысады. Мен болсам, көз

жазып қаламын ба деп, бағанағы келініңіз деген қыздың шыққан

жағына сәйкес қолымды жұмумен келемін. Жарық жерге де келдік.

Келіннің дидарын да көрдік. Дұрыс бала екен деген ойға келдім.

Ініміз оқуын бітіріп елге келді. Жұмыс істеп жүр. Анасы өзі

ұнатқан қыздарын баласына мақтауын жеткізіп, алуын қолайттауда.

Бала еш сыр шашпай, жауап қайтармаған күйде қалып жүрді:

Осылардың үйіне бір кегенімде, жеңгеміз баласының көзінше өз

қалағандарын тізбектегендей сараға салып, салмақтады да: – Әй,

бала, сен айтшы, осыларды сен де білесің ғой, ініңе қайсысы лайық?

– деді.

– Бұйырған біреуі болады да,– дедім мен. Ініміз білім көтеру курсына

Алматыға оқуға шақырылды, кетті. Бір күні жеңгеміз бен ағамыз

баласының сол жақта үйленгенін естіпті, біз болсақ құтты болсын

айтыстық. Қарап тұрмай, мен келінді білетінімді айтым. Тағыда

жазғы сессия кезі, Алматыға келдім. Олардың жұбайласқанына

туыстардан алғашқы құтты болсынды тағы да мен айттым.

“Кейнгілерді көріп, қартайғаныңды сонда білесің” демекші, сол

ініміз де, келін де қазір зейнеткер. Ұлды-қызды,келінді, немере сүйіп

отыр. Ағамыз да, женгеміз де дүние салған. Кезінде білсем де,

“Бұйырған біреуі болар” деп, сыр шашпаған едім. Сондағы менің екі

қолымды кезек жұмғандығым кейде есіме түседі.

Сол ініміз 25/VI – 1998 ж. марқұм болды, 64 жаста екен.

Телефон арқылы балам Шиеліден сол күні түсте хабарлап еді,

түнделетіп машинамен жеттім. Мен болсам, бұл кезде Түлкібас

ауданында тұратынмын. Ініміздің денесі 20 рзд (аялдама)

Қасындағы қорымға қойылды.

Бұл болған жағдай маған үлкен ой салды. № 8 дәптерге “Соңғы сөз

орына” деген тақырыпта пікірімді жазып тастадым. Әрине, ол

95

қазірше жартылай құпия сияқты нәрсе. (осы № 8 дәптерден

айрылдым, құрып кеткенде шығар, бірақ ешқайсысы айтпайды.)

20 жылдан кейінгі кездесу

“Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі, зор

тұлға. Ол күннің

құдіретті сәулесі сияқты”

Соңғы жылдары Шиелі ауданы, Абай атындағы мен істеген

мектеп бітірушілердің ұстаздарымен, бірге оқыған кластастарымен

кездесіп тұру дәстүрге айналған-ды. Сондай кездесудің бірі-1967-68

оқу жылында бітірушілердің кездесуі еді. Бұл кездесуді

ұйымдастырып та, жоспарлап та жүрген сол оқушылардың өздері.

Бұл жылы мектепте екі 10-класс болғандықтан "А","Б" класс деп

аталатын. Кездесу 6/XI-88 өтті. Бұл жолғы кездесуді бұрынғы

кездесуден басқашалау етіп өткізуді жоспарладық. Бұл-

оқытушылардың ойы. Бітірген түлектер жиналып болған соң,

қоңырау соғылып, әр класс түлектері бөлек-бөлек класстарына енді.

Класс жетекшілері(Алтынбеков Сағандық, Омаров Есіркен)

қолдарына сол кездегі журналдарын тауып алып, класқа әдеттегідей

сабақ өткізуге енді. Бұл сабақ "Тәрбие сағаты деп аталады".

Класс кезекшісі сабаққа кімдер келмей қалғанын хабарлады: 5 шәкірт

келмеген екен. Сол сабақтың 10ª класында қалай өткенін айтайын

деп отырмын. Бұл кластың жетекшісі мен болатынмын. Алдын ала

жылжымалы тақтаға "Семья өміріндегі әдеп жәпе психология " деп

жазып, астын бір сызып қойылған-ды. Одан кейнгі қатарда "Ата-

аналармен қатынас орнатудың өзіндік "қауіпсіздік техникасы"деп

жазылған. Енді класс жетекшісінің сабақ жоспарына келейік:

Сабақтың мақсаты. Берік татү семья құра білудің жолдарын үйрету

және жас семья мүшелерінің өмірінде кездескен қиыншылықтары

болса, оны болдырмауға кеңес беру, ақыл-кеңес дискүссиясын

ұйымдастыру.

Сабақтың барысы. Семья құрған жастардың өмірімен хабардар болу

мақсатында мына сұрақтарға жауап алу:1. Сіздің семьялық

өміріңізде кездескен ең қиын және ең қүанышты жағдай қандай? 2.

Сіздің пікіріңіз бойынша, ұрыс-керіссіз семьяның болуы мүмкін бе?

3. Сұрақтарға жауап алып, оларға қосымша пікір айтушыларды

тыңдап, қорытынды жасау. (класта 18 қыз, 6 ер бала болатын-ды).

96

Алғашқы сұраққа жауапты қыз балалардың бергенін дұрыс көріп,

Ысқақова Бибажардан, Асқарова Шаранаттан жауап алдым. Осы

сұрақтар барысында оқушылардың бәрі де белсенді түрде

араласып, өз пікірлерін ортаға салысты.

Қосымша сұрақтар тастап отырып, мектеп бітірген 24шәкірттің 8-і

жоғары дәрежелі білімді екенін анықтадым. Барлығы да

тұрмыстанған екен. Бұлардың перзенттерінің саны 63-ке жетіпті. Бір

шәкіртіміз қайтыс болыпты (Ахметов Балғабай). Осы кластың

алғашқы ұстазы Смайлова Рахия да дүниеден өткен-ді. Осы

әңімелесіп отыру барысында жаңа сабақты да бастап жібердім:

Тақтаға "Автошегініс", Вознесенский.

Семь-я

Бір өзіндік жеті "Мен" бар-кең ұя.

Мінездері алуан жеті асаудай,

Тартар жасыл сыбызғысын баса алмай

Сегізінші болып өзім кеткенге

Ұқсап кейде түс көремін көктемде

(Бұл жылжымалы тақтаға алдын – ала жазылған – ды)

Сабақты жалғастырып, бір ауыз өлеңнің мәнін «Сегізінші» .... «өзім»,

– дейді Вознесенский өзінің көп қырлы, алуан сырлы екендігіне

мегзеп. Ал, бзідің әрқайсымыз бір – біріне ұқсамайтын бірнеше

рольді ойнауға тура келеді: Мен – осы үйдіңқызы (ұлы); немересі,

біреудің әпкесі (қарындасы), ағасы(інісі), әйелі (ері), шешешсі (әкесі),

келіні (күйеуі), енесі (қайын атасы) т.б. Ал, алыс – жақынды айтсақ,

бұл бұдан да көбейе түседі. Осыған орай тұр – түсіміз, мінез –

құлқымыз да алуан түрлі. Ал енді осы семьяның татулығын бұзбай,

бақытты өмір жүргізу деген үлкен творчество, яғни кіші – гірім

мемлекеттік басшылық. Семьяда әйел басты орын алады. Ол –

семья ұйтқысы. Солай ұлық бола тұрып, ол нәзік те, кішік болуға

тиіс.

2. Өмір тәжірибесінен Балько семьясы туралы әңгімелеймін: ерлі –

зайыпты Балько семьясында әйелінің де, ерінің де жастары

шамалас қарт аналары бірге тұрады. Екеуін де егіз сәбидей қатар

екі ағаш төсекке бір бөлмеге орналастырған. Жас баланы қалай

күтсе,екеуінің де күтімі бірдей т.б.

3.Әдетте ер жынысты жан сотқарлау келсе, әйел жынысты

кешірімділікке, мейірімділікке жақын. Әйелге кеңес: «еріңе деген ашу

кернесе, ашуға жол бермей, ыңыдап ән сал немесе үндемеуге,

жауаптасып жатпауға тырыс».

«Ащы не, тәтті не, қатты не, жұмсақ не?» (тіл). «Жақсы әйел жаман

ерді үй жасайды; жібекті түте білмеген жүн етеді», идеясын

әңгімелеу.

4. Семья өміріндегі ата –аналармен қатынас орнатудың өзіндік

«қауіпсіздік техникасы» туралы ережелерді конспектілету:

1 – ереже. Жұбайыңның ата – анасына өз ата – анаңдай қара, солай

қарауға тырыс. Үйткені қиын жағдайда бірін – бірі кінәлаушылық

97

кезінде өз көрінісін көрсетпей қоймайды.Екі – жақты ілтипаттылық –

жұбайлық сүйіспеншіліктің нығаюының кепілі.

2 – ереже. «Сенің әкеңе, шешеңе ұқсап » деген сияқты, туысың

ондай, мұндай сияқты сөзді қолданудан аулақ бол!

3 – ереже. Арадағы қатынастардан жаңылыстар мен кемшіліктер

іздемей, бір – біріңе пайда келтірерлік желеу іздеу қажет. Жанұяның

ересек мүшелерінің жасын, тәжірибесін, білімін сыйлауды естен

шығармаған жөн.

4 – ереже. Жанұяңның мүшелерін сыйлай, аялай біл! Үлкенін аяп,

кішісіне қамқоршы бол!

5 – ереже. Ойыңдағы мүддеңді ішке сақтан шірітпе, наразы пікіріңді

айтпай асқындырма.

6 – ереже. Үлкеніңе, қартыңа қайрылысып тұр. Мүмкіндігінше

олардың алдына келіп, жағдайын біл. Олар келгенше сағынады сені,

сарғайтпа, қамықтырма ата – анаңды!

7 – ереже. Дүниеден өткен бауырларыңның қабіріне барып, Алладан

оның рухына жақсылық тілей біл!

Қорытындылау. Жұбайлық, жанұялық борыш – адамдардың нағыз

адамгершілік құндылығы. Махаббат та, борыш та, қызғану да бар.

Соны ақылға жеңдіруді айту.

Тапсырма. Келесі кездесуге мына сұрақтарға жауап беруге әзірлен:

1.Апта сайын «Жанұялық кеңес» дегенді жасау дұрыс па?

Сіз оны оны жасайсыз ба?

2. Сіздің ата – анаңыз мына анықтамалардың қайсысына жатады

және неге?

а) Асқар тау – ақыл дария, айдын көл, өмірдің қайнар көзі, ақырында

– өзім

ә) овчарка, сүйретпе, өлімтік, тосқауыл – кедергі, гаршок, ақырында

– бөтен.

3. Келесі кездесуде класс жетекшіңе және ұяң мектебіне жанұялық

бейнең – суреттеріңді ала кел. Қоңырау соғылып, енді бүкіл

жиналған халық мектептің үлкен залына жиналды. Көрісу

құшақтасып сүйісу болып жатты.

Кездесу кешін мектептің директоры Бәкіров Асанбек ашып, осы 20

жыл ішінде дүниеден өткен ұзтасдар мен шәкірттердің есімдерін

атап, бір минут тыныштықпен құрмет көрсетілді. Кіріспе сөз сөйлеп

болған соң, 10а класының жетекшісі маған сөз берді.

Руда ішінен жалтыраған алтын бүкіл халыққа арасынан өзіңе

танымал шәкіртің емес пе?! Сол алтындарым, сәлеметсіңдер ме?!

Қазір мен өзімді үлкен толқу үстінде сезініп тұрғандаймын:"Қорыққан

мен қуанған бірдей" дейді. Дегенмен, қорқуда үрей басым болса,

қуануда тербеніс басым болатындай, қазір мен тербеніс үстінде

сияқтымын. Бұдан 20 жыл бұрын алтын ұясынан ұшқан ұл-

қыздарымды, олардың жарларын көріп тұрмын.

98

Көз-адамның ең бір сұлу мүшесі. Оған мейірімділік те, ұялу сезімі де,

сағыныш та орналасқандай. Бәріңнің де жаудырап, бізге,

ұстаздарыңа, қарап тұрған қара көздеріңнен айналайын!

Біріңді қалдырмай түп-түгел беттеріңнен сүйер де едім,– оған

уақытты алдырмайын, екінші кегендеріңде немерелерімізді ертіп

келіп, аталарыңның қолын алдырып, беттерінен сүйгізер деп,

сендердің аттарыңнан сенім білдіруге рұқсат етіңдер! "Ештен де кеш

жақсы" дейді халық даналығы. Рахмет, уақыттарыңды бөліп, алыс

жолдан әбіржіп, шаршадым демей, ұшқан ұяларың, алтын

бесіктерің-мектептеріңнің есігін ашып, ұстаздарыңа дидарласуға

келгендеріңе!

Ұстаздар коллективінің атынан жұбайласқандарың, папа, мама

болғандарың құтты болсын! Дегенмен, сендер біздің ұл-

қыздарымызсыңдар, бізге әлі кішісіңдер, сәбисіңдер. Сәби болған

қандай жақсы! "Сәби болғым келеді"өлеңі неге айтылған десейші!

Жұмысқа машина үстінде кетіп бара жатқанда, естеріңде ме, "Есейіп

кетсем де, мен саған сәбимін" дейтін дауыстарың, үндерің күні бүгін

де менің құлағымда ызыңдап тұр ғой.


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю