Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"
Автор книги: Алтынбекула Сагындык
сообщить о нарушении
Текущая страница: 26 (всего у книги 27 страниц)
жүріп саяхаттағандай боламын.
Сол жазғандарымды кейде екінші құлағы (миындағы құлақ) бар
өкшелес інілеріме оқып та беруші едім. Оны да азайтып барамын:
«тыңдамаған сөз жетім» болғандай сияқтанғандай сезінгендігім
болар. Оқушым, мынау адам утопист, пессимист пе демеңіз. Мен әке
тәрбиесін көргенім жоқ. Маған ақыл айтып, мынау дұрыс, мынау
бұрыс дейтін аға да болған жоқ деуіме болады. Бұрынғы
жазғандарымда айтқанмын: ақылды данышпан емеспін. Бұларым
менің көрген өмірім, оқығаннан түйгенім. Кейінгі ұрпағыма, қазір ой
дәрежесі мендей емес, қазір керексіне қоймағанмен, күні ертең
әттеген – ай демесін деп жазып бара жатқаным.
«Керек тастың ауырлығы жоқ» деген де бір әңгімем бар-ды.
Бұл да сол сияқты болғанмен, бұл тас емес – ау, білгенге алтын десе
болады.
7/XI – 2004 ж.
Қиялдан туған хикая
Баю
«Артық байлық адамды адастырады, бәсекелестік бүлдіреді».
Байлықтың басты 3 түрі бар ма деймін:
1. Мемлекеттің байлығы.
2. Ертеден бай болған мұрагерлік байлық.
3. Жеке тұлғаның байлығы.
318
Осы баю жолының үшінші түрін сөз етіп көрейікші. Біз білетін
қоғамдар феодалдық, капиталистік, социалистік, ақырында, осы
біздің өмір сүріп келе жатқан қоғамымызды қайта құру қоғамы деп
атап жүрміз ғой. Сол қоғамдарда жеке тұлғалардың байын бір кезде
қуғынға да ұшыраттық. Ал енді осы қайта құру қоғамында қалай
байысаң солай байы, бай бол деп те жүрміз. Сонда баюдың қандай
жолдары бар екен деген ой туады. Оқушым, мен баю жолын
санамалап көрейін, сіз де өз пікіріңізді саралап көріңізші.
1. Апта сайын бір миллионер шығып жатыр деп, жарнама беріп
те жатыр. Онысы «бингодан» ұтысқа ие болу немесе «латорея,
спорт латореядан» жолы болып, ойламаған жерден баю дейміз.
Бұлай баюды Алла жарылқады деп те айтамыз. Үйткені мұнда
зорлық, ұрлық, залымдық жолы жоқ па деймін.
2. Осы қайта құру қоғамы кезінде есебін тауып, екі асады ма,
әлде хан талапайдан үлкен үлеске ие болды ма, қалай екені құпия,
бай болып шыға келген де бар.
3. Ғалымдар арасында бірден болмаған жаңалық ашып, әрі
атағын әйгілеп, әрі бай болып, шыға келгендер, Нобель сыйлығының
иесі де бар.
4. Сауда – саттық, бизнес, жолымен баю.
5. Жерге еңбек етіп, жерді еме біліп баю.
6. Мал өсіріп, шаруашылықпен баю.
7. Жер қойнауынан кен іздеп жүріп, тума алтынға кездесіп,
білдірмей баю.
8. Ендігі бір баю жолын көздеушілер адамның ақыл-есін
жоятын наркотикпен айналысу жолымен баюды қарастыруда. Бұл
жол барып тұрған зиянды жол болумен қатар, адамгершілік
қағидасына қас жау жол. Оны көздеушілер өз өмірінің өзінде-ақ,
соның құрбаны болады, азабын шегеді, шегуде.
9. Соңғы кезде парасатсыздыққа салынып, тәнімізді,
рухымызды жоғары қою етек алуда, яғни тәнін бизнеске шығару. Бұл
жол қазақ атаулыға естуге жатпайтын қылық, жеркеніш іс. Бұған
тыйым салуға болады, қоғам болып қолға алып, асқындырмауымыз
керек, тыю керек. Әр түрлі баюдың жолдарына тәптіштеп те талдау
жасауға болар-ау, оны сіз де білерсіз. Оны қоя тұрып, сол байыған
адамдар арасындағы қарым-қатынас, парасаттылық жағына келейік.
Бай болдық дейік. Байлығың өз қажеттілігіннен артылып та жатқан
жағдайда, оны қандай қажеттілікке пайдаланасың дейік. «Кейде бай
болсам, бай Құдай болсам деп армандайды» деген де сөз бар. Бұл
топтағы адамдардың арасында бірін-бірі көре алмаушылық,
екіншісінен аса түссем екен деген бәсекелестік туады. Бәсекелестік
бар жерде бірін-бірі ығыстыру деген болады. Ығыстыру деген
екіншісін болдырмау болып шығады. Мұның сорақы түрі жауласуға
дейін алып барады. Байдың бәрін бір тарының қауызына сыйғыза
бермейікші. Парасатты, адамгершілік дегенді түсінетіндері де жоқ
319
емес, бар. Дүниеге жалаңаш келіп, дүниеден кетерде, бұйырса,
шыны киімді ғана өзімен қоса, бойын жасыруға асып кететінін
білетіндер дер едім. Сол артық байлығын кемтарларға бөлісетіндер
жоқ емес, бірақ олар мол емес қой.
Теледидардан өзін-өзі асырауға шамасы жоқ аурулар,
мүгедектер, асыраушысы жоқ жастарды көрсетуде, оның есеп шотын
көрсетіп, артық ақшасын аударуды жарнамалауда.Мұны да бір жолы
дұрыс деп айталық. Ал, еліміз солардың сондай жағдайда екенін
біле тұрып, оны көрсетіп жариялағанды артық па деп ойладым.
Адамда намыс деген бар ғой, қайыршы сияқтандырмай, еліміздің
соларды асырауға әлі келеді ғой, оларды ұйымдастырып, не сол
өздері тұрған орнында тиісті әкімгершілікке тапсырып,
қамқоршылыққа алған жөн бе деймін.
Біз мұсылман дініндегі халықпыз ғой. Басты-басты 4 діннің ең
жақсысы бізбіз дейміз. Осы атымызға осы жарнамалау мін сияқты
сезіледі. Мен мұның ел басындағы басшыларға қаратып айтып
отырмын.Ел басындағы басшылардың барлығы да бай адамдар
қатарына жатады. Сол байлық жеті атасынан мұрагерлік жолмен
келмесе керек деп ойлаймын. Қалай байығанын өз іші біледі.
Жарнамалағанша, мемлекет қарауына толық алған жөн бе деймін.
Мен мұны сыпайы ғана жазып отырмын. Күні кеше өткен соңғы
сайлауда парламентке депутаттыққа таласқандар қалай шашылды
десеңізші. Семіз сөйлеп, арық шыққан жақсы емес. Қаттырақ
айтатын болсам, сол сайлауға кеткен шығынымды толтырып алайын
демей, бас қамын қарастырмай, халыққа берген уәдені орындауға
тырысу керек емес пе!
Осы соңғы кезде бірлескен жемқорлық дегенге тыйылым толық
салынбай келеді. «Ұры ұры емес, ұсталған ұры» деген сөз бар. Сол
жемқорлар білініп қалса ғана жазғырылған болады. Онда да есебін
тауып, басқа жердегі сыбайласына барып сыйысады, жүзін
аударады.
Өзімізше бір мемлекетпіз дейміз. Мемлекеттің қаржысы
салықтан жиналады дейміз. Салық төлеушілер бұрынғы ұйымдасқан
шаруашылықтарымыз бөлшектеніп, жекешеленген.
Сонымен, салық полициясы – сол салықты жинаушы,
мемлекеттік қорға құюшы.
Тағы бір полиция – бұрынғы милиция, тәртіпсіздікке жол
бермеушілер. Сырттай байқағандарға осылардың өзі тәртіп бұзып та
жатады. Сезілгені жазаланады. Көпшілігінде «Ақша сөйлегенде,
ақиқат күмілжіп қалады»-ға барады, яғни таныс, таныс болмай-ақ
қойсын, амандасқан болып, қолына ұстатып жібереді, енді таныс
болып шыға келеді: аузына құм құйылады, осыларды да
әшкерелеушілер табылып та жұр, көп емес, дегенмен, бар. Бұлар кім
дейсіз де? – Е, өз ішінде бәсекелестікпен із кесушілер. Пара алғанын
сезе қалса, адам тауып, ақшаның номерін жазып алып ұсындырады.
Сырттай бақылап, алысымен қылмыс үстінде ұстайды. Бұл да оңай
320
олжамен баюшылардың өзара бәсекесі, бірін-бірі ығыстыру жолы
саналып жүр.
Мұндайлардың ұшынып кеткен түрі адам өлімімен аяқталуы
мүмкін.
Аллатағала адамның өз көзін өзіне жау етіп, қарауыл етіп,
орналастырыпты деген бар. Екі көздің ортасында мұрынды
орналастырмаса, бірін бірі ұнатпайды екен-ау. Соның іс жүзіндегі
көрініс жаңағы іс қой.
Жоғарыдағы қамқоршың деген сенімділерді белгілі ақын
Қамардин Бектұрсынұлы былай суреттеген екен:
«Небір зымияндықты торып,
Мемлекет ордасын қорып...
Қаншама шенқорлар жүр
Халық қазынасын сорып!
Жеме-жемге келгенде тіпті
Жібереді-ау тамағыңнан да орып!» -
Депті.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деп, дана
Абай айтқандай, таза еңбегіңмен байығанға не жетсін! Ол байлық
өзіңе жұғымды да, өзіңнің қадіріңді арттырып та тұрады ғой. Бірақ
мен саралап айтқан баюдың көп жолдарында алдау, арбау; ұрлау
болғанды да бірлескен түрдегі түрі болып келеді. Денің сау болса,
жұмыс қабілетің бар болса, әрине қарттар емес, намыстанбай еңбек
ету керек. Тағы да Абай атамыз айтқандай «Есектің артын жу да,
мал тап!» – деген ғой. Бұл мысал үшін айтылған намыстан ба,
жалқауланба! Сенің аузыңа ешкім әкеліп салмайды. Ата кәсібіміз
деп, тәжік халқы сияқтанып, есік қағып ақтағанша, еңбегіңді сат,
жұмыс істе: жер-анаң, емшегін сор, еме білсең, жер жатырқамайды,
тойынасың, байисың.
12/XI-2004.
Байлам.
Сөз соңы, түйін, пролог деп те жатамыз. Сүйтіп тұрып, тағы да
ой үстіндегі адамға тағы бір тың ой келе қояды екен де, оны да түрте
салайынға көшеді екенсің. Дегенмен, таусыншақ кезге келген кісіге
айта қоярлық күрделі мәселе келе бермесе керек. Ондай жасқа
келген адамдардың (сексеннен өткен соң) қадамының қысқа тарта
бастағанындай ойы да тереңге бара бермесе керек. Шаршауы да оп-
оңай, шабытының тарап кетуі де қапелімде екен. Сонымен, шаршап
отырып. өнеге бола бермес бірдеңеге ұрынбас бұрын қаптың аузын
байлаған да дұрыс па деген тұжырымға келдім.
29.XI.2004 1233
321
322
Асыл ойлар тұжырымдары
«Қағазға түспеген ой – жоғалған қазына»
Д.И.Менделее
в
Ақылдың кілті – сөзде, өнердің кілті қимылда, қарым-қатынастың
кілті – сыйда; бәрін ұғып, іске асырудың орны бастағы мида.
Көңілі ояу, көзі ашық тәлімгер боламын десең, кітап оқы,
жақсылармен сұхбаттас болып, бойыңа түгел жина.
Ішінде сақтап сарғайтпай, құрбыларыңа насихаттау арқылы әрі
ұмытпас үшін қайталай берсең, бойыңа сіңеді, жаттап та аласың.
Өзің тәрбиеші, тыңдаушың өнегелі шәкірт болады, халыққа қария
атанасың.
Көп жасап, шалқайып жатқан шал атанғанша, қария болғаның артық.
Сөйлеген сөзіңде әрі қысқа, әрі нұсқа боларлық тіркестерді
пайдалану, қолдану – сөйлеу шеберлігіңді арттырады.
«Ақыл – парасат күші – адамның
ойлауына,
пайымдауына, ғылым мен өнерді
ұғынуына
және жақсы қылық пен жаман қылықты
айыруына көмектесетін күш»
Әл-Фараби.
ОЙҒА КЕЛГЕН ОРАЛЫМДАР
Парасаттылық– адамгершілік негізі.
Сыйлаудың төркіні – қорқу.
Қорқа білмегендік – санасыздық.
Жақсы қөру – тән сезімі.
Ақыл-ой түйсігі – парасаттылық.
Дені саудың қайыршы болуы – ұятсыздық.
Арыңды сатсаң, айуандыққа айналасың;
323
күшіңді сатсаң, байлыққа кенелесің.
Өз ойын тілмен бере білмеу – білімсіздік, мортықтық.
Білімсіздік – талпынысы кемдік, құштарсыздық, ойсыздық.
Ойсыздық – хайуанға ғана тән категория.
Көз – ерекше сезім құралы: тілмен жеткізе алмағанды жеткізеді.
Көзі жаманның өзі де жаман.
Жалданып кісі өлтіру – өзін құрбандыққа шалу,
ақырында, тарихқа жексұрын атын қалдыру.
Кек алу – ақымақтың ісі, есеңді мойындатып өндіру – ақылдының ісі.
Тіл – күшті құрал: өлтіре де алады, тірілте де алады.
Патшаның бас уәзiрін ауыстыра беруі – кадрларды молайту емес,
дұшпанын көбейту.
Қартаю – бүкіл организмнің шаршауы, қажуы.
Шамадан тыс мадақтау – сүріндіру құралы.
Сапасыз жарнама – қадірді қашыру.
Өзімшілдік – жеке бастың мүддесін ғана ойлау – эгоистік.
Қагілездік – тез сезінушілік.
Ауыр дегенше, ауру де.
Мейірімсіздік – жауыздық сезім.
Мейірімділік – тәннің иуі.
Әдептілікті істеп үйрет, күштеп үйретпе!
Қайырымдылық – барды бөлісудегі парасаттылық.
Сұмнан сұрқиялық туындайды;
Сұрқия қолтығыңа кірсе, ішіңе енеді .
Пара қалтаңа кірсе, денеңді бойлап, басыңа өрмелейді,
324
басқа шыққаны – сені жыққаны.
Көру көзінен, көңіл көзінің жүйріктігі– ақылдылық, ойшылдық.
Сезімсіздік – жансыздық, өлік.
Білуге ұмтылу –ойшылдық белгісі, ақыл – парасат жолы.
Жағымпаздық – жасырын жау.
Туралығын айтқан туғанына жақпайды.
Ұзақ жыл сүрінбей өткен ел басқарған Д.А. Қонаевты «Человек
гибкой политики» деген екен.
Қайырымсыз байлық жексұрындыққа жетелейді.
Жасаған қайырымына мақтанбаған – адамның адамы.
Бар болғанға асып-таспау, иығын көтермеу әдептілікке жатады:
ондайлардың мәртебесі айтпаса да биік.
Асқа аузы тиер-тимес дандайсу – надандықтың белгісі.
Бәйтеректің көлеңкесінде тұрып, көлеңкеге дандайсу – жарыместік.
Үлгі алмасқа таңырқап қарау да әдепсіздік болады:
ондағы ылас қылық бойыңа жұғады.
Бастаған істі аяқтау – ұқыптылық,
ұқыпсыз бастайды да тастайды.
Көзің көрмесе де, көңіліңді ояу сақта,
басқа сезім мүшеңмен түйсіктей білуге тырыс.
Мүгедектігің ешкімге міндет емес, биязы болсаң,
барлық адамның қамқорлығына кенелесің.
Қартайғанда өз жолыңмен жүрмей, аузыңнан ақ ит кіріп,
қара ит шығып жатса, сені ешкім де құрметтемейді,
айналып өтеді, ыласыңнан жиіркенеді.
Алыстағы әке-шешеңді сағынтып сарғайтпай,алдына келіп,
сәби бейнеңді көрсетіп тұр, тым болмаса, сым тетікпен
хабарласып тұр. Ол – оған қуат, қуаныш.
325
– Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?!– көңіл жүйрік;
жүруге жарамай жатқан қарттың көңілі тұлпардан да жүйрік;
оның көргені, тоқығаны мол. Соның шабысынан, көргенінен
тәлімдерін бойыңа жина, іске асыра біл!
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман: ол – ешнәрсеге де түсінгісі
келмейді де. Алла осындайдан сақтасын де.
Алла – жаратушы, білгенге ата– ана – жасаушы.
Ата-ананың көңіліне тию – Аллаға жармасқанмен бірдей.
Ата-ана бар жақсылығын баласынан аямайды;
Ата-анаға жасаған қызметің Аллаға жалбарынғандай.
Сәби біткеннің бәрі гүл сияқты, сәбиді жәбірлеуге ешкімге
де ерік берілмеген. Сәбиді жәбірлегенің – өмірін үзгенің.
Әдептілік майда нәрседен-ақ басталады: жүрген жолыңды
тазартып жүру де әдептілік – өзіңнен кейінгі сүрінбесін
дегенің, ізеттілігің.
Ата-анасын аяған өз сынығын сылтауратпайды, сергек жүреді.
Баланың басы ауырса, ананың жүрегі ауырады; анаңның жүрегі
ауырмасын десең, ауырғаныңды сездірмеуге тырыс.
Көз ашық отырғанда ,көру объектісі ұлғайып, ойлау да шашыранды
келеді; көз жұмылғанда, көру объектісі тоқтап, ой нүктесі бір
орталыққа ықшамдалады, әсіресе, шабыт осы кезде келеді: ой өрісі
кеңейеді, үдей түседі.
Жасы толса да, зейнетке шықпай, орнын босатпай отырғандарға:
сүрініп құлағанша орын босатпау сыпайылықтың тайыздығы, билік
құмарлық, түптеп келгенде, өзін-өзі қадірлемеу, қиналу.
Ол –даналық емес.
Сыйластықтың ортасына тосыннан іріткі түссе, бірі күйреуі мүмкін.
Сондықтан адам Алладан «Досымды қас қылмасын патша құдай»
деп тілеген.
Сондықтан да досыңның қимасына сұғыңды қадама: оны да
ренжітесің, өзіңнің де көңілің қалады екен.
326
Дүние-мүлікке қызығу – ақылдының ісі емес: оның түбі ренішке
айналады.
Өзімде ғана болсын деу – көзсіздік: көзсіздік көзіңді жойып тынады.
Дүниедегі ең қадірлі нәрсе – татулық.
Татулық таусылған жерден жауласу басталады.
Өмірдің биік шыңы – тату өмір сүру.
Табиғаттың бермесін тартып аламын деу ақылдылыққа жатпайды.
Табиғат жомарт: ол өзі-ақ сыйлайды; оған асығу – өміріңді жоюға
асығу.
Санасыздық– балық та емес, ет те емес, хайуан да емес:адамдық
қасиеті кем тұлға ғана; өзін адаммын деп санайды, өзіне – өзі есеп
бере білмеудің барып тұрғаны –құр кеуде: жаны бар да, сезінуден
мақрұм қалған жан.
Дандайсу –сезімсіздіктің алғашқы сатысы; асқынып кетсе,әкесін де
танығысы келмейді; өзін болдым-толдым санаудан қисық жолға
түскенін де сезбей қалады; қарғысқа ұшыраған деп осыларды айтуға
болады.
Кішіпейілділік– жағымпаздық емес, әдептілік.
Кішіпейілділік– ұлылықтың алғашқы сатысы. Солай бола тұрып-ақ,
сені өзіне игеріп алады,үлгілі өнегесімен марапаттауға ие болады.
Түсінген адам сол құрметке бір жасап қалады.
Тырнақ астынан кір іздеу – ұрысқақтың белгісі , жауласуға жол іздеу.
Бітпей жатқан іске қолғабыс тигізу –адамгершілік жолы, сыйлас
болуға ұмтылу.
Қатені қайталау –тексіздік.
Тексіздік – тұқым тазасыздығы, есі түгелдей дұрыс еместік, түптеп
келгенде , парасаттылық кемдігі.
Сауданың да өз құпиясы бар : алған –берегеніңді шын айтсаң
,табыс көзі молаймайды. Оған өкпелеуге болмайды.
Арың– асылың , жөнсіз айрылсаң ,
Өмірбақи жарымессің.
Жастық шақты естінiң естісі ғана дұрыс алып жүре алады .
327
Есері ұрынудан опық жейді.
Қателіктің де қатесі бар:
Кешірімдісі , кешіруге келмесі де болады . Ауырына ұшырағаның –
айығудан айрылғаның: не тәнің мүгедек , не жаның мүгедек болып
өткені.
Көзі зағиптың көру сезімі басқа сезіну мүшесінде, олар сұлулықты
руханилығынан іздейді.
Бойдың сұлулығы адастыруы мүмкін, ойдың сұлулығы ондайдан
аулақ жүреді.
Әдемілікті сыртынан іздеме, табиғатынан ізде, ішінен –
адамгершілігінен ізде, қателеспейсің
Ашуың қысқанда , аузынды жап та, басынды бұқ: жарылғалы тұрған
бомбаның жарықшағынан аман қаласың.
Тарығып, зарығып, жәбірленіп жылағың келгенде, дауысыңды
шығарып, жылап-жылап ал; ешкімге соқтықпа; одан соң өзіңнің
бойыңның жеңілдеп қалғанын сезінесің, шерің тарқайды. Бұл –
жүйкені қажыта бермеудің тәсілі.
Албырт шақта алданудан аулақ бола біл!
Есіңде болсын: есею кезеңі– есі кететін кезең.
Арсыз деген-ауыр сөз. Қазақ арын артық санаған: «Жаным –
арымның садақасы» деген.
Қартаю деген – ұлғайғанға үлкен сын:біреулерінің есейгені көрінеді-
өнегелі,ұлағатты сөздерін тыңдасаң, екіншілерінің есінен ауысып,
жолынан адасқанын көресің. Алладан екінші түрінен сақта деп сұра.
Сексен! Жастарға ақылың болса, айтып кет.
Ақыл –ақшадан да қадірлі.Қалдырған бұйымың – ақша.
Атадан балаға ақша қалғанша, ақыл қалғаны артық. Ақша
жұмсағанға таусылады, ақыл – жұмсай білгенге, таусылмайтын
қазына.
Өтетін уақыттың жылдамдығы екі түрлі: бірі зымырап өтеді де,
екіншісі баяу жүреді.Зымырағаны –бақытты, қызықты, көңілді
құрметтелінген кез де, баяуы – кіріптарлық, көңілсіз, қорлықта болу,
әбіржушілік кез.
328
Сондықтан қарттардың жастарға айтатын алғысында «Бақытты бол,
Алла жарылқасын» сөзі айтылғаны абзал. Біреулер «Көп жаса» деп
жатады; жас беру бір Алланың ісі.
Құлақ екі түрлі болады:бірі есіту үшін жаралса, екіншісі – ұға білу
үшін жаралған. Арнайы айтарың болса, екіншісіне айт,бетің
қайтпайды.
Оның да ақпасы бар,құймасы бар. Ақпасының екінші жағы тесік,
ағызып алады, құймасы ұстап қалады.
Сағаттың да түрлері көп: уақыт сағаты, диеттік сағаты және т.б.
уақыт сағаты күн тәуліктің қай кезін білдірсе, диеттік сағаты ас
қазаныңның қоректік затының қажеттігін хабарлайды. Хабарды сездің
бе, кідіртпей сұрағанын бер. Режимін сақта, бұзсаң, әбіржисің.
Сөзге тоқтау – топтасу жолы, бірліктің негізін құруға бетбұрыс.
Партиягершілік – пікір таласы, ақыры, үстемдікке таласу.
Мафия – ұйымдасқан жемқорлық жолы, әділдігі кем топ, өз ішінен-ақ
бірін бірі осып та жібереді.
Бірлігі жоқтықтан ел тозады, ақыры, көрінгенге тәуелсіздікке душар
болуға апарады.
Жерден айрылу – елдіктен айрылу. Жер халық мүлкі болу керек те,
оны пайдалану жолы-ұйымдасқан шаруашылық болғаны жөн.
Жер-ана: жерден айрылу – анадан айырылу. Жер – асыраушы.
Жерді сату – ананы сатуға көшу.
Көреген қарттарың болсын, қарттарың ынтымақтасуды аузынан
тастамасын!
Араздасу әйелдерден басталса,
Жауласу еркектерден шығады.
Жеке меншікке бөліну жан-ұя құраудан, үйленуден басталады.
Жанұяның иесі – үйде тұрақты отырушысы, күзетшісі – әйел де,
басшысы – асыраушысы – ері.
Аналар татулығы бар жерде бірлік мықты да, араздық араласса,
ыдырау басталғаны.
Ыдыраушылық – бірліктің бұзылуы, күштің әлсіреуі. Осыдан барып,
«Бөлінгенді бөрі жеу» шығады.
329
Көз – тойымсыз мүше; көрінгенде ұмтылма, қанағатшыл бол;
жей бергеннен жетілмейсің: желкеңнен шығады.
Қарның астық сақтайтын қойма емес, қорыта алмаса, бұзылады,
ауырасың: «Ауру – астан» деген сол.
Жау сырттан келсе, ылаң іштен шығатын нәрсе.
Екеуі біріксе, алмай қоймайды.
Жіберген қателігінді мойындамағандығың – бүкіл бойыңды
жексырындылық жайлағандығы.
Қайта құру қоғамы тұсында жүйелі дамыған шаруашылықтарды
бөліп таратудан, ханталапайға айналды.
Ханталапай – ғалымдар тапқан ойын емес, залымдар тапқан ойын:
Мүлік иесі – Залым да,
бағалы қағаз «Купон» иесі – қалған халық.
Сөз барысында сөзге тоқтамағаннан жеңілу де – жеңіс жолы:
ол сөздің парқын біліп тұрған жоқ емес пе!
Қарапайым болу – сұлулықтың бір белгісі,
жасандылыққа салыну – әлпетіңді қашыру жолы.
Ой бөлісу – ізгілікті іс, әдептілікке жетектейді, көніл ашу жолы.
Ішімдегіні тап деу – ішмерездік, топастық, достасуға кедергілік.
Уәдеде тұру достықты нығайтса, алдау – алшақтату жолы.
Ойынның пайдалысы да, пайдасы кемі де бар.
Пайдалысы ой өрісіңді кеңейтеді, шынықтырады.
Пайдасызы табысыңды шашады, кейпіңді қашырады.
Күнделікті жұмысың жоспарлы болсын,
ол ұқыптылыққа дағдыландырады.
Ұқыпты болу – ұтымдылық жолы.
Ұқыпсыздық – ұтылу жолы.
Аңғарымпаздық – жақсы қасиет,
аңғармаушылық – салақтық.
Сондықтан да «Олақтан да салақ жаман» делінген.
Адамның артықшылығы киімінен-ақ байқалады:
мәселе киімінің құндылығында емес, ұқыпты киінуінде, тазалығында.
330
Ізеттілік, инабаттылық – мәдениеттілік те; көкіректік – өз қадірін өзі
қашыру жолы.
Ұйқышыл болсаң, артық ет басады,
сергек болсаң, артық етің қашады.
Тәндік сезімнен пайда болған махаббат осал болумен қатар тұрақты
да бола бермейді, ал рухани сезіммен болған махаббат әрі орнықты,
әрі тұрақты келеді.
Өмірде кездескен қисынсыздықтарға бола өз өмірін жоюға көшу
ақылдылыққа сыйыса бермесе керек. Оған борынша
шыдамдылықпен жол тауып, парасаттылыққа жеңдіргенге не жетсін!
Ондайлар табылып жатса, нағыз қайраткер деп соны айтуға болады.
(Қадыр мырза Әлидің «Жазмышын» оқығаннан туған ой)
Данышпандық – парасаттылықтың шыңы.
Қайраткерлік – барлық қиындықты жеңіп, парасаттылықты үстем ету.
Сенімді серік етесің, мақсатыңа жетерсің.
Сары уайымға салынарсың азып-тозып кетерсің.
Артық санаған ұстазың , әке-шешеңнен кем емес,
Оғанда да қайрылып сәлем, беріп тұруды ұмытпа
Көз айна көз ажарына бойынпен қарасаң,
Бәрін де байқауға болады:
Сүйінішті де, қорқынышты да,
Жеккөрушілікті де, жақсы көруді де,
Қайғыны да, тарығу-зарығуды да,
Бәрін-бәрін аңғаруға болады.
Оны білуге тек қана аңғарымпаздық, зейінділік қажет.
Қыздың сұлулығын әдептілігінен ізде.
Ажарынан іздесең, адасасың.
Жігіттің жалпостығынан сақтан,
Табанды болмаса, опық жегізеді.
Асылыңнан ақ табалдырықтан
Аттағанша айрылып қалушы болма
Некенің беріктігі екеуіңнің сыйластығыңда,
Жалғастырушы сәбилі бауларыңда.
Сәбилі болғандығың-кепілдік кілті.
Сәбидің қызығы-өмірдің қызығы, гүлі, жалғасы.
331
Ішкелікке құмар болсаң, іш майыңнан айрыласың, басыңдағы
Миың аталаға айналады: ақылғой де, уәдешіл де болып шыға
Келесің. Көрсе қызарлыққа салынсаң, сүрінесің, сүрініп жүріп
мертігесің.
Мертіккенің-мүгедек болғаның.
Өмірдің өнегелі кездерін екшеп айтатын қарияң болса,
Ол өсиеттерін тыңдау да бір ғанибет.
Айтқан өсиеттерін далаға жібермей,
Тыңдайтын жастардың болуы, екінші ғанибет.
Қарттың ақылын ұғын алып,
Қайталап айту-тіл ширату гимнастикасы.
өз ойыңнан сөз құрастырып сөйлеу-
ақыл-ой гимнастикасы.
Осыны дағдыға айналдырсаң, парасатты азаматқа айналасың.
Былапыт сөзге үйірсек болсаң, мылжың боласың,
Қадірің қашып, қылжақбас боласың.
Ондайлармен бірге болудың өзінен бойыңа жұғады,
Бір күндері сен де соның қатарына енесің.
Жолдасы жаманның өзі де жаман деген сол болады.
Халқымыз қызың өссе, қызы өскен ауылмен ауылдас бол.-
Дегенді осыдан айтқан.
Өнегелі өсиетті оқып қана қою-
Мәре емес, іске асыру – мәре.
Сұлулықтың шыңы-әдептілік.
Жексұрындықтың шыңы-әдепсіздік
Апта сайын моншаға түсіп жуыну-
Сыртқы кіріңнен арылу жолы.
Іштегі ласыңды-асқазанды тазарту,
Ішегіңді тазарту арқылы жетесің.
Әбу Әли Ибн Сина осыны өсиет етіп кеткен:
Күніне бір, аптасына бір, айына бір, жылына бір-деген.
Жоғарыдағы бірер– аптасындағы, жылындағы бірлері ғана.
Ал, сана – сезіміңдегі адамгершілікке жат қылықтардан
Құран Кәрімді байыптап оқысаң арыласың.
Адам баласының құндылығы дүниеге келіп кетумен
бағаланбайды,
кейінгі ұрпағына қалдырып кеткен өнегелі өсиетімен
бағаланады,
істеп кеткен адамгершілігімен бағаланады.
332
Айтып болмайтын, өкпелеуге жатпайтын өмірдің азабы-
Жалғыздықты өмір сүру. Мұның зардабын көбінесе әйел
жыныстылар шегеді: өзі ұнатқанына тіл қатуды ұят санайды;
Құндылығынан айырылып та қалады.
Сондықтан құрбысымен не жеңгесі арқылы сырласқаны жөн .
Әйел жыныстының ана болып , сәби сүюінен
артық бақыт бола бермес.
Көкек ана (белгісіз ) болу ақылдылықа жатпайды ,
жексұрындық әрекет .
Төсек жаңғыртуды әдетке айналдырған ерлерді жақсылардың
қатарына жатқызуға болмайды :
қазіргі заманда ол әдетін қоймаса, айықпас дертке ұшырауы
мүмкін.
Заңды некеге тұрып алғаннан кейін , ерін бұл менің жеке
меншігімдегі затым деп, еріне мән бермей қарау-бабында
күтпеу опық жегізеді: еркектің жүрегін айнытып алады ,
«Қырғауыл қуу даладан» осындайдан болады . Уысында ұстаса,
Ұзап шықпайды . Ата – анаңды қиып тастап қосылдың ба ,
өмір – бақи – қас – қабағына қара, бабында ұста .
Салауатты сөзге иілмеген , ағаш үй жасаушы шебердің тезіне де
иілмейді,
тезден босаса , қалпына қайта келеді .
Сондықтан иілместі иемін деп әуре болма деген.
Мәнді өмір сүру деген – жанұя мүшелерінің келісімімен,
Акылдасып атқарылатын істерінен, ол іс берекелі де, орнықты да.
Келісімсіздіктен берекесіздік туындайды, ыдырау,
бөліну шығады.
Басқа ұлт өкілімен жұптасу күндердің күнінде өз көрінісін тудырады:
әдет-ғұрып, салт-сананы іске асыруға келісе бермейді, өз ұлтыңа
жетпейді.
Жазушының тірісінде жарияланбаған мұрасының
жариялануы қалған зайыбының сауаттылығына байланысты.
Адамның да, хайуанның да өз төлін асырауға, жетілдіруге
қабілеті жетпейтіндіктері кездеседі, ондайларға сүтана қажет.
“От басында үнемшілік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы делінген.
Мұхаммед пайғамбарымыздың Хадисінде”. Демек, отасқан ерлі
333
зайыптының әйелі үнемшіл болғаны абзал. Затында әйелдер
үнемшіл келеді; табысты шашатын әйел болса, банкротқа
ұшырайсың, ақыры, отан дегенің тарқап бітеді.
Ерлі – зайыптының бірі басшы, екіншісі косшы болғанда,
жанұя берекелі болады. Басшылыққа таласып, қаржы бірікпесе,
Берекетсіз деген сол болады.
Әйелдің айнаға қарағыштап, бойын сылауға көшуі жақсы
қасиет емес. Айнаның арғы жағында ібіліс (шайтан) тұр,
Алданасың. Қарапайымдылығың, табиғилығыңды сақтағанға не
жетсін! Жаның, рухың сұлу болмайынша, сұлулыққа жете алмайсың.
Жаны таза – көрікті де, текті де. Дүниеде барлық зат өзгеріске
ұшырып отырады дейміз. Дегенімен, адамның тәні көнере келе,
бұрынғы калпы ескіретіні мәлім. Ал, жан – рух деген,
меніңше,өзгермесе керек. Ол бұрын қандай болса, сол қалпында
сақталса керек.
Рух – көңіл, сезім, адамгершілікке тән барлық жақсы қасиет. Тіпті,
марқұм болған жандардың да рухына дұға жасап, бағыштап
жатпаймыз ба, ойлаңызшы.
«Ақыл азбас, топ тозбас» деп жатамыз. Араққа үйір болғаның –
ақылың аза бастағаны, өз еркімен жындану деген сөз. Сау кезіңде
жап – жақсы – ақ адамсың; араққа сылқиып тойсаң, құтыла
алмайтын жамансың.
Кәрілік – емі жоқ індет. Оның емі – сый – құрмет. Бала сияқты
окпелегіш те келеді; алдауға көнбейді, қателігіңе кешірім сұрауды
ұнатады.
Қартайғанда қыдырымпаздыққа салынсаң, қадырың қашады;
шақырған жерге барсаң, құрметке кенелесің, ал салғырттыққа
салынып бармай қалсаң, шақыруға зар боласың.
Қартайғанда жасалынған сый – құрметке ұмтыла беру –
сыпайылықтың кемдігі; жастарға да жол беру – өнегелілік.
Жастар ұйымдасқан жерге қарттың араласып отыруы – ұнамсыз
тірлік, қадірді қашыру жолы.
Келіннің келісті болғаны ата – ананың ажарының жанғаны де,
келіссізі кездессе, жанарының солғаны де.
Қосылған жас – жұбайлар тату болса, құдалар да тату болар.
Қызым! Түсіне біл; сен жатжұрттықсың. Анаң да солай болған, өз
жұртың-келін болып түскен едің. Бұл елге тастай батып, судай сіңе
334
біл! Ізетшіл бол, жеңіле біл, түбінде жеңіс сенікі. Жауласпай – ақ
ізетіңмен жеңесің. Бұлай болу ақыл – парасаттылығың.
Шетелдік көп сериялы телекөріністердегі әдепсіздіктерге үңіле
берме, «сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегенді түсін. Жұктырып
алсаң, айығуың қиын, жексұрын болғаның.
Таза затқа кір жұққыш келеді. Адам оны тазартып отырады. Ал,
мал тазартуды білмейді. Тазалығыңды сақтамағандығың – мал
болғандығың.
Әсіресе қартайған шағыңда өзіңмен араласқан адамдармен жай
кезде үзір – мәзір айтысып қойған да артық болмаса керек. Бұл –
есті адамдардың ісі.
Өткен өмірге қарасаң , тарихта жарымжан президенттер,
көтерем көсемдер де болыпты – ау! Мансапқорлық – ақылдылық
емес, ауысқандық , тірі кезіңде – ақ тозаққа, өз жанын өзі
қинаушылық.
Диетиктер мен қарттарға кеңес.
«Ауру – астан, дау – қарындастан» деген. «Қанағат – қарын
тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады» – делінген. Осыған
мән берейік: адам организімін құрастырған жасаушымыз бір Алла,
барлық жағдайды жан – жақты ойластырғанына ойлайсың да, таң
қаласың. Бәрі есеппен, бәрі бір-біріне байланысты, тәуелділігі де
бар, әрі бірінің қызметін екіншісі қажет жағдайда орындап та
жібереді. Сонымен қатар, тәртібін бұзсаң, тақсыретін де шегеді.
Соны біз түсіне білмегендіктен де жақсыны да, жаманды да бір
Алладан дейтінімзі бар. Ол – қате. Мысалы, машина жанармай –
бензинмен жүреді, оны механизмдерін қажалмас үшін арнайы
майымен майлап та түрады. Сол майды, автолды, артық құйсаң,
машина тұншығып қалады, шашын жібереді, екінші бөлшегіне май
тиін, тіпті, сөнін те қалады. Сол сияқты адам да асты артық жеп
қойса, тиісті мүше игере алмай, жағдайсызға душар болады. Мүны
біз күпті болды дейміз иемесе уланды дейміз. Бұл қанағатсыздықтан
екенін түсінбейміз. Бұзып тұрған өзіміз. Диетіктер мен қарттардың
организімі күшті дәмді асты игеруі қиын, яғни майлы асты игере
алмайды. Сондықтан олар режимді қатал сақтағаны абзал.
Дәрігердің берген кеңесін сақтауы керек. Сауықтыру орындарында
күніне бес рет қоректенеді: таңертең, сәскелікте, түсте, бесінде және
кеште. Осы бес мезгілдің бәрінде де қанағат жасайды да қояды және
жеңіл ас, әрі сіңімді, әрі пайдалысы мол. Мақтаншақтардың бір
айтатыны бар: бір қойдың не тайдың етін бір отырғанда, бір адам
тауысады екен. Бұл шариғатқада қайшы келеді: қанағаттанғаннан
335
артық жеу – күпір. Олар сонысын сіңіре алмай, ағып жатқан мұздай
суға барып түскенде, судың бетіне майы қалқын шығады екен дейді.
Бәсекелестің, жүлде алдың дейік, бұл да шариғатқа сай келмейді,
әрі өзіңе зияндыққа барып тұрсың. Бұл – атын шығару үшін тоғайды
өртеу. Абай атамыз айтыпты ғой: «Тоғайды өртен шығарған атың
құрысын!» демек, Алла сақтағанды сақтаймын дегенді түсіну керек.
Адамның хайуанаттардан артықшылығы – бір-бірімен қарым-
қатынаста болуы, сыйластығында. Қазақ халқы бұл жағынан
келгенде басқа халықтармен салыстырмалы түрде қарағанда
алдыңғы қатарды саналады. Сол қатынасты дәстүрлі түрде сақтауды
ұмытпаған абзал. Бауырларыңмен, достарыңмен қатынасып тұруың
– бойыңдағы бүршігіңнің гүлін ашуы, мейірленуің, масаттану-
мақтанышың. Ол жылдың мезгілін күтпейді: көңіліңнің қалауынан,
сағынуыңнан туындайды. Көрісіп, дидарласып түру деген қандай
қуанышты, қандай рахат!
Досыңнан айырылу деген – бір жұлдызыңның сөнгені.Тұтынған
заттарыңның қасиеті қандай? Күшігінен асыраған итің жақсы. Ол жеті
қазынаның бірі. Асыраған бүркітіңе ұрсушы болма! Ол – кекшіл құс,
өзіңе түсуі ғажап емес. Сиырың саудагер: берсең ғана береді;
артықшылығы – берген шөбіңді, жеміңді сүтке айналдырып береді.
Қойды бақсаң, қонағыңды атқарады, абыройыңды арттырады.
Мейірім шапағат – адамның әлпетінен күн сәулесі сияқты
шашырап тұратын ілтипаттық көрініс, оған ие болған адам бақытқа
кенелгенмен бірдей. Бұл қасиет жақсы адамдардың бойынан
табылады.
Мейірімсіз жанның бет бейнесінен жылылық сезім белгісі көрінбесе
керек. Ондай адам сұсты келеді. Көз өткірлігі тесіп жібере жаздайды.
Алладан ондайларға жолықтыра көрме деп тіле!
Дүниеге келгенде іңғалаған дауысыңа адам баласы қуанып
жатса, бүкіл өміріңде халқыңа еткен еңбегін де қуантатын болсын!
Бұлай жасау – адамгершілік борышың.
Көңілі соқырдың көзі көріп тұрса да соқырға тән: ой талғамына
салмайды, түсінгісі келмейді, демек көзі бар да көңілі – зағип.
Ойсыздар мұңсыз келеді, олар меланхоликтер тобына жатады,
талғамдық қабілеті кем емес, эгоистігі басым келеді.
Өз қателігін мойындаудан да кемшіл болады. Мінезі салмақты
делінеді, дене салмағы да кем болмайды.