355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 19)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 19 (всего у книги 27 страниц)

16/II-2004

Орындалған тапсырыс

Менің «Алтын мен күміс және мыс» деген тақырыпта жазған

әңгімен бар. Соның бас кейіпкері, алтыны туралы тапсырыс.

Құрдасым болған соң, соның баласы шиелі базарында кездесе

қалды. Хал-жайды сұрап білген соң, арнайы тапсырма бердім.

«Үйіңе барысымен, затыңды жерге қой да, шешінбестен анаңның

бет-аузынан түк қандырмай сүйе бер, сүйе бер». Ол сол кезде саған

не болған деп ұрсар. Сен «Тапсырыс орындап жатырмын-деп, – тағы

сүй». Жайды шешінін болып баянда дегенім бар болатын. Сол алтын

ана ауыр наукасты екен, бір елге барғанда, көңілін сұрауға әйеліміз

екеуміз бардык. Дүниедеп өткен қызына көңілдік те айттық.

224

Тапсырысты сұрағанымызда, ыржиып күлді де. Кім қалушы еді бұл

дүниеде, айналдырған ауру алып та кетіпті. Бардық, бата салдық,

құран оқып, сауабын бағыштадық. Жатқан жері үнірейіп, ұрпақтары

анасының жүзін өткізу қамында екен. Алтын болған ана, топырағың

торқа болсын, жаның жаннатта болсын, иманды бол айтамыз.

16/II-2004

Шариғат жолындағы міндеттерден құтылу

Әкемнің туған інісі Таумай (Пірмағанбет) 84 жасқа келгенде

дүние салған болатын. Келесі жылы жылдық асын бердік. Ол кезде

ұлғайған кісілердің басы бар кез екен – ау! Дәулет көкемнің тұңғышы

Қатай (қыз) болатын. Одан кейінгісі менің әкем Алтынбек те, сосын

Таумай еді. Қатай апамнан туған жиен апамыз Нәзипа да осы асқа

қатысқан.

– Апа, қазір ас беру аяқталып та қалды. Шалдардың кетпей

тұрған кезінде бір қызық жасайық: мына Тәукеңнің әйелі

Айжамалдың некесін бір қайнысына қосайық. Айжамал қазақтың бұл

дәстүрін білмейді ғой, ол татар қызы ғой. Қазір соны сізге ертіп

келейін, сіз менің айтқанымды мақұлдап отырыңыз. Оңаша үйге

Айжамалды әкелдім.

– Айжамал, мына ағамыздың жылын да жақсы өткіздік.

Ағайындарға қызметіне алғыс айтайық. Дегенмен, Бейсенбі, Жұма

күндері ағамызға құран оқытып тұруымыз керек. Қазақтарда ері

өлгесін әйелі тұл қалады. Жылын беріп, әмеңгеріне қосу міндет.

Олай болмаса, ол үйде тұл әйелі бар, құран оқылмайды, қазыққа

болса да некесі қиылуы тиіс. Сол іс қазір орындалады. Оған сен

тарбаяқтама. Енді жолып тыңда: менің шешеме Тәукең үйленген,

етегі тиген, мені ұстай алмайсың. Сағынбайдың әйелі жас, оны

қаласаң күңі боласың. Достиярдың екі әйелі бар, Мәденнің де әйелі

жас. Саған дұрысы Молдекең (Молдабек). Оның әйелі әл үстінде,

ауру. Дүниеден өтуі де қашық емес; жеке басыңа қалады, иеленісің.

Қазір кімді қалайсың дегенде, сол кісіні ұста-дедім. Шалдар тамағын

ішіп, құрап оқып, тұруға айналды. Тұра да бастады. Мен: «Қайда

барасыздар! Отырыныздар!» – дедім. Олар түсінбей, отыра – отыры

кетті. Тым-тырыс үзіліс пайда болды. Тағы мен: «Мына

Жеңгелеріңнің жұмысын тындырмайсыңдар ма? Тағы да соған

жинаймыз ба?» – дедім. Жәдіктің Әбиі сөзді жалғап ала кетті, айтып

жатыр.

– Қайындарыңның қайсысын қалайсың, ешқайсымыздың да бас

тартуға ақымыз жоқ – дегенде, Айжамал: «Анау ақсақал қайнымды

қалаймын», -дегенде, көпшілік шу етіп, «Аллаһу ақбар!» демесі бар

ма. «Мәсімді жамап береді» – дейді. Күліп тарқасты. Уақыт деген

өтуде. Бір күні сол ақсақал ағамыз Әлайдар да дүниеден озды. Тағы

да мен Айжамалға келіп: «Көп қайындарыңнан ішінен таңдағаның

түнде дүние салды. Қазір бар да, Айшадан (бәйбішесі) төмен

225

отырып, жаулығыңды жайып (түсіріп), ойбайға бас. Халықтан ұят

болады»-дедім. Ол: «Ойбай, аяғым ауырады, жүре алмаймын, -

дейді: – Аяғың сынса да барасың. Мен сені сонда көретін болайын! –

деп, есіктен шығып кеттім. Түс қайтқан. Мен үйге де келгенмін. Шәй

ішіп отырған кезім. Біреу үйге таяған тықылдатып келеді. Сүйтсек,

Айжамал жеңгеміз екен. Біздің үй Әлайдармен көрші еді. – Неге

отырмадың? – десем, – «Ешкім отыр деген жоқ қой» -дейді. Тағы

күлкі...

Тіршіліктің сыйқы мен Сырынан түйгенім мен

түйінім

«Терең ой, түзу тәжірибесі

бар адам ғайыптан хабар

береді. Әулие деген сол болса керек» -

(Құдайбердіұлы Шәкәрім).

23/І-2004

Есею мен ержету, тоқтасу

Аз да емес, тым көпте емес жарық дүниеге келгелі өз басымнан

кешкендерім мен көргендерім және сауатымды ашып, халық

өмірінен оқығандарымды (екі қоғамда, социалистік қоғам мен

қайта құру деп аталатын қоғамда) бір жақты қарамай, өз

лабараториямнан,

өз

пікір

қорытындымнан,

салыстырғандарымды қағаз бетіне түсірген болдым: Жетімдіктің

жеті атасын да бастан кештім; оған себеп болған не, қай қоғам

саясаты,екенін де жаздым. Әрине, ертеректе, бала кезімде

жазғандарым өзінше бір бөлек. Ол ой өрісім жеттікпеген кез.

Тартымы да жоқ, күнделікті өмір шындығы ғана. Есейе келе

баланың сөзі сияқты жазылған жері де бар(күнделік). Сол кез

үшін кей жерлерін морзе әріптерімен жазғаным да бар. Соғыс

жылдары да сол сияқты үзіліс-үзіліс күнделік іспеттес. Олардың

барлығы әркімде болатын жетілмеген жазулар. Бірақ, сонда да

болса, өмір шындығы. Құрастырып, ішінен керек жері бар екен-

ау дегенге бірдеңе табылып та қалар. Ол – піспеген шикі дүние.

Ұмытылып кетпесін деп жазылған нәрсе ғана.

Содан әдібұлыққа жарап, өзімше Отан құрғаннан кейін де

жазғандарым сол күнделікте. Ол да баланың әңгімесі дерлік.

Жоғары дәрежелі білім алып, көрген білгендерімді ой елегінен

өткізе бастаған кездегі жазғандарым – ол өзінше бөлек дүние -

«Бастан кешкен, көз көрген».

Екі қоғамда (соң –к, қайта құру) өмір сүргендіктен екеуінің

де саясатын түк қалдырмай, толық мойындаған жан емеспін:

заңына бағындым, бірақ өз ой түйінім өзімше ішімде болды.

Солай болса да, соған деген көз қарасым осы соңғысында

226

жазылды. Мұны оқыған кейбір адамдар баспа бетіне неге

бермейсің дегендері де болды. Оны мен орындай қойғаным жоқ.

Демократия деген сөз бер. Ол тек айту үшін, сенің сөзің жакпай

жатса, демократия деп желпілдеп жүріп, оспадардың шоқпарына

доп та болып кетуің мүмкін. Бірақ өмір өте келе, шындық кейін

болса да, жылтырап, жарыққа шығады. Қазақ халқының тарихы

талай – талай өзгеріске ұшырап, жоққа айнала жаздаған тарих.

Осының бәрін жасағандар ел билеушілер, өз саясатын іске

асырудың айласы. Сондықтан да мен, кейде, қоғам қайраткері

болмасам да, саясатқа да араласып, ойымды, шындығын

жазатындығым. Қоғамды діншілдер билеп тұрған жоқ. Сонда да

болса, дін туралы да көз қарасымды жаздым. Солай бола тұра,

Мұсылман дінін қабылдаған, сол дінге жататын қазақ болған соң,

осы дінде екенімді мойындаймын. Дүние жүзіндегі халықтың бір

ғана құдайы, Алла бар. Соған ортақпыз.

Әр қоғам өз саясатын уағыздайды, тындамағанға заң да

шығарып жазғырады. Оны дәріптеушіні марапаттайды да.

Енді сол қоғамның орнына жаңа қоғам орнай қалғанда,

тез икемделетіндер де жоқ емес. Соған бейімделіп соның

алдыңғы қатарлы азаматы болып шыға келеді. Осының бәрі –

саясат.

Саясаттың түрін қараңызшы: «Отан – отан» деп, аузын

кере қарыс ашып, халықты соңына ертіп жүріп, ел басқарушылар

өз іштерінен шіріп, басқа елге қашып паналағандары да бар.

Шірімей – ақ ел байлығын иемденіп кеткендері де бар.

Ел ішінде кезінде елді жаудан қорғауда 4 рет Совет

Одағының батыры атағын алған Жуков өмірінің соңғы кезі өз

үйінен тысқа шыға алмай отырғаны мәлім. Саясатта мақтап,

марапаттан келеміз де, аяғы тайса, немесе дүниеден өтсе,

ұмытуымыз да болуда. Осы марапаттаудың анықтамасын

дүниежүзіне әйгілі Нобель сыйлығының иегері Альберт Комью

былай беріпті: «Марапаттау идеясы – қоғамдық сананың ойлап

тапқан ойыншығы».

– Сонда не болды? Өмір сүру деген не?

– Дүниеде өзгеріссіз еш нәрсе де жоқ сияқты.

Бәрі де өз жолымен өзгеріске ұшыраса керек. Ол жеттіге ме,

жойыла ма? Ол жағы тек біз көрмеген бір Аллаға аян болса

керек. Адам азды – көпті өмірінде қоғамды қолдан жасаймыз,

жеттіктіреміз деп бөсіп те жүргендері бар. Осылай

жасаушылардың ішінде оңдысы да, адам төзгісіз залалы да

жоқ емес. Табиғаттың өз даму заңына шамадан тыс қол

сұғушылық анатқа жетектесе керек. Бәсекелестік дегенге

ұрынып, және баимыздың астына алып, көзді жұму да жоқ

емес. Осыған сәйкес «Мұхаммет – ақылды, М. Нострадамус -

данышпан» дегенді жазғаным бар. Мұхаммет (ҒС)

пайғамбардың «Хадистерінің» №1 – оқыңызшы, ойланыңызшы.

227

Қорыта келгенде, ақыл, парасат, адамгершілік дегендерді іске

асыру керек – ау. Барлық халықта «Алла – Алла» деп, тек

ауызша айтқанмен, Алладан келді деген ауыз уағыздарға

толық бой ұсыну жоқ. Дін иесіміз деушілер, түптен келгенде, өз

құлқынына бейімдейді, бұрады. Ал қоғамдағы негізгі заң –

конституция деген бар, бұларда да заңды бұрмалап өзіне

икемдейді. Соны халық білмей ме? – Біледі. – Неге айтпайды?

– Е, кімге айтады? Ұйымдасқан топ бар, бірін – бірі қолдайды.

Оны «Мафия» деп те жүрміз.

– Неге олай?

– Тағы мынаған қараңызшы.Адамды Алла топырақтан жасапты.

Топырақтың құрамында барлық элемент бар, адамда да солай

рас екен – ау дейсің. Адам барлық дүниенің егесі. Алла

періштелерді де адамға бағынсын деп, оларға айтқанда

Ібіліс(Сайтан) былай депті: – «Сен адамды топырақтан

жараттың, мені оттан жараттың. Адамың сенің уағызыңды толық

орындамайды. Мен оған бағынбаймын. Маған ерік берсең, мен

оны жолдан тайдырамын» – деп, не керек дегеніне жетеді. Ібіліс

төрт төбе періштеге сабақ берген екен. Сол ақысын сұрап,

сұрағанымды берсең айтамын, – дейді. Қалауын бергенде,

адамды жолдан тайдыруды алған екен.

Сол Ібілістің арбауында жүргендер аузында әділет те,

ісінде қиянат барлар ойынан келгенін жасауда көрінеді.

– Ойпырмай аһ! – деп, бұған да ойға қаласың.

– Енді не істу керек? – Қойынға кіріп кеткен осы жылпостардан

арылу керек. Бұл жылпостар осы күндері жұмсақ орындарға

мықтап орналасып алған. Ат төбеліндей алпауыптар. «Парасат»

журналының №7, 2000 жыл. 20 – 30 беттерінен «Бір үзік сыр»

дегенді оқыңызшы, қалай байыған екен.

– Ендігі бізге қалғаны не?

– Не болушы еді. Шыдайсың, ақырын күтесің.

Қолынан келгеніңше ұрпағыңды адамгершілікке баулисың, ол

үшін өз өнегеңмен көрінуің керек.

Мұсылман халқында екі айт – Құрбан айт, Ораза айт – бар.

Соған арнайы ас дайындалады. Сол астан арнайы табақ

жасап, «Қамқоршылық үйі», деп аталатын үйдегі мүсәпір

халдегі қарттаға сый жасайық. Наурыз күніне дайындаған

асымыздан да үлес берейік. Бұл ісіміз де иманды жандардың

ісі. Уақытын тауып, ол кісілердің халін біліп тұруды да әдетке

айналдырайық. Олар ауру емес, қартайғандар. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» – дейді емес пе! Сен де қартаясың,

саған да біреудің қол ұшы керек кез тууы мүмкін, оны жасау

деген – парасаттылық жасау деген. «Ордалы жылан» кітабын

оқығаннан туған ой: «Тіліңді тісіңнің ішінде сақта!» Пайда

болған өз ойыңды желпілдетемін десең, жығыласың; жығылып

228

қана қоймай жоқ болуың да мүмкін. Сол кітапты жазған адам

қазір қайда?!!

Қазіргі кез – сыйынғаныңнан сүйенерің мықұты болуды керек

ететін кез.

Қолыма ғайыбынан «Ордалы жылан» түсіп еді. Оқыдым.

Кідіртпей берген адам алып та қойды. Оны өзі біреуден оқуға

сұрап алған екен. Осы кітаптың орысшасы – «Чимкентская

мафия» көрінеді.

«Мафия» – емі жоқ кесел. Ол дәрімен емдеуге келмесе керек.

Селдіреп сексеннен асқандар

«Жетпісте

сисектесең,

Сексенде

селдіребсің».

Бір нәрсеге ырза болғанда «Көп жаса!» деп бата беру бар.

Бата, әрине, ырзалық ықыласын сөзбен жеткізу болса керек.

Адамға өмір беру адамның ісі емес, бір Алланың ісі. Табиғатты

бағындырамыз деген жаңсақ пікірдің небір зардабын көрудеміз.

Әр нәрсенің өсу, даму, өзгеру заңдылықтары бар. Оған зорлық

жасау оның ашуына тиюмен тынатыны бар ма деймін. Сол

зардап осы қазақ жерінен көрініс беріп жатқаны халыққа аян.

Сол зардапты Қызылорда облысы, Семей облысы айрықша

көруде. Табиғаты тамаша Кавказ жерінде ұзақ өмір сүрушілер

қарашайлықтар екен. Мен оны «Долгожители» деген кітапшадан

оқып едім. Ал, қазақ жерінде табиғаты тамаша жерге бүгінгі күнге

салыстырмалы түрде десек те болады, ол – Түлкібас жері. Бұл

өңірде 90 – 100 жасағандар, одан да асқандар кездеседі. Бұл

жердің табиғаты тамаша. Дегенмен дүниежүзілік экологиялық

апат бұл жерде де зиянын тигізуде, бұрыңғы Түлкібас емес,

өзгеруде. Ал, Қызылорда өңірінде селдіреу басым: ауырмай – ақ

дүниеден озушылар жиі болуда. Сонымен қатар, бұл жақта

кейінгі кезде аурудың бір түріне санап жүрген асылу, атылудың

да түрі күн санап шыға бастаған. Аурудың түрі де көбейген,

әсіресе, өкпе ауруы бірінші орын алуда. Бұған басты себеп

табиғаттың ластануы.

Осыны түсінген де, түсінбеген де бір Алланың ісі деушілік бар.

Оны тереңдеу ойлаған да жөн бе деймін.

Бес ата қыпшақтың – Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең,

Қарабалықтың – ең үлкені Бұлтың делініп жүр. Сол Бұлтыңның

Арғынбай деген биі бес ата қыпшақтың бас биі болған екен. Сол

Арғынбай атамызға бесінші ұрпақ болып қосылатын(Сыр

бойындағы Бұлтыңдардың) адамдарының ішінде сексеннен

асқаны саусақпен санарлық болып қана қалған екен, яғни, үшеу:

Есіркеп Омарұлы, Жаппарбек Шаймерденұлы және Сағындық

Алтынбекұлы. Демек бұлар осы жердегі көп жасағандардың

229

санында. Көп жасау дегенге тек қызық екен деп қарау ақылға сия

бермесе керек. Қоғамның күрт өзгеруінен, әр қоғамның өз

саясатының әсерінен адамдардың санасы да өзгереді екен.

Қазақты қабілетті халыққа санасақ, сол қабілеттілікті дұрыс

пайдаланбай, жағымсыз, тиімсіз жағын да тез қабылдаудың

салдарынан жастар жағы теріс жолға да түсушілік орын алуда:

ішкілік, зиянды нәрсе шегу, тілін, ділін ұмыту т.б.

Демек, үлкейген сайып осындайларды көріп, оған ырза

болмаудан қартайған шағыңда пұшаймен көреді екенсің де, оны

өзіңе қорлық санайды екенсің. Осындайға үндемей қалу деген –

оған жол беру. Ал, оның дұрыс еместігін айта қойсаң,

қабылдаудың орнына қарсылық есітесің. «Сен тимесең, мен

тимеййін» деп өмір сүру ойсыздыққа жатса керек. Ойсыз болу

деген сөз адам баласына лайық емес. Сондықтан да соңғы

кезде «Тірліктің сыйтқы мен сыры» деген тақырыпқа ойымды

жаза бастадым, кейбіреулерін баспа бетіне де ұсынып жүрмін,

басылуда. Менің алдымдағы екі ағамның кішісінің орта дәрежілі

де білімі жоқ. Үлкені болса, алғашқы әйелі өліп, кейінгісі өзінен

35 жас кіші. Соның өзіне қолы зорға жетіп еді; оның бүкіл еркі

соның қолында оған өкпелеп те болмайды: оның бүкіл бауыр еті,

ақыл – ойы содан жаралған. Не деуге болады? Ауырғанның

жағдайын білейін демесе, өлгенге бармаса, ағайынның

қызықшылығын қызықтамаса. Алысымен бір бала туып беріп еді.

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді

тербейді» депті ғой.

Елге барған сайын өз аталастарымның жастарына

адамгершілік жайлы айтқан боламын. өмір сүрген ортасына

қарап, айтқанды іске асыруы қанағаттанғысыз. Содан барасың

да, көп жасау деген қиындықты көру екен ғой деген ойға келесің.

Бұлайша тарығу дәрменеіздікке салыну емес. Сондықтан да

ойымды қағаз бетіне түсірумен қатар, газет арқылы халыққа да

оқуға ұсынудамын.

Дегенмен, ойымды өзімнен кейінгі ұғады, түсінеді – ау

деген жеткіншектерге айтуды дұрыс санап та отырған жайым

бар. Бұларды жігіт ағасы, ел ағасы дәрежесіне келді деп

санаймын, солай болып та жүр. Олар – Әбидің Сұлтаны, Мәліктің

Сұлтаны, Темірханы, Пәзілкәрімдер.

Ойлаңдаршы, ендігі елбасы сендерсіңдер. Айтқызбай – ақ,

ағайын арасындағы келеңсіз жағдай бола қалса, бас қосып,

ақылдасып шешу сендердің тірліктерің, міндеттерің. Алдарыңда

Жұмағали, Сағынғали сияқты ақыл сұрарларың да бар. Бұл екеуі

ел тынысын дер кезінде біле бермес, сендер сол ағайын

ішіндесіңдер.

Мен өз өмірімнен, көрген – білгендерімнен жазып кеткен «

“Бастан кешкен, көз, көрген” деген атпен көптеген әңгімелер

230

жазып тастадым. Сондағы әңгімелерде адам өмірінде болған

алуан түрлі жайлар айтылған, жақсы жағын іске асыру керек.

«Ұлық болсаң, кішік бол!» деген мақал бар. Лауазымым бар,

жетікпін деу қате пікір. Үлкейген адамда тек бауыр болу керек.

Кейінгі ұрпақ содан үлгі оларлық болу керек. Мен осы

идеяныСерікбай інімізден байқай алмай келемін. Сол биыл

жасының 75-ке келгенін тойлады. «Бүйрек және безбүйрек»

деген тақырыпта да әңгімем бар. Бүйрек туысыңа қарай тартып

тұрды керек. Осы соңғы жылдары ағайынның қызықшылығы бар

ма, қайғы-қасіреті бар ма соған араласуды басты міндетім санап

жүрмін; өзім зорға жүруге жарасам да, барамын, қатынасамын.

Әсіресе, өлім-жітімге бармау деген туыстықтан айрылуға алып

барады. Бұл үлкен айып болып табылады.

Селдіреп, сексеннен асқандар-пәлекте жатып піскен қауындар.

Үзіліп қалмай тұрғанда, бұлардың қолынан келері тек қана

уағыздары, кеңестері, дұрыс деп тапсаң, ақылдары. Бұлар

кеткен соң, осыны айтатынды таппайсыңдар. Бұлардың орнын

өздерің басасыңдар. Бұл– тарихи заңдылық.

Соңғы жылдары туыстарымыздың жарыға жуығы Шілік жақта

екен ғой! Бұлардың да зиялыларымен кездестім, түсіністік. Енді

осы ағайындармен қарым-қатынас орнату керек,бауырласу

керек. Бұл да сендердің міндеттерің.

Соңғы бір айтарым-соңғы кезде әр рудың өз президенттері

бар.Сол сендер де бар. Ол жұмыс істеуі керек емес пе? Бізде

сол жұмыс бар ма? Кезінде мен осы туралы кеңесшісі етіп

тағайындалған Әзімханға, Бәкірге айтқан едім. Бұл екеуінің бірі

дүниеден өтіп кетті. Екіншісі төсек тартып жатыр. Бұл да

ойланарлық жай. Бұлтыңдардың кімі қайда тұрады, олар жайлы

мәліметі бар адам шежірені шығаруды қолына алған, шығарады,

дайын. Көп ізденді. Осы орынға осы адам лайық па деймін.

Есте сақтайтын ең бір күрделі жағдайлар

«Өзгелердің халінен өзіне

сабақ ала білген адам– ең бақытты

адам» («Адамзаттың асыл тәжі», 2

том, 318-бет)

1. Осы біз өмірді тартыс деп жатамыз да, сол тартыстың

барысында аса бір көіңіл қалатын жағдайға душар боламыз.

Міне, соны татуластырамыз дейміз, татуластырамыз да. Кім

келісімге бұрын келсе, Алланың жүзін сол көреді деп те

жатамыз.Сонда татуластыру дегеніміз – екі бөлікті бір – біріне

қосу. Сол қосу барысында, қосылған жерде түйін пайда болмай

ма? Екі бөлініп тұрған жоқ, түйін арқылы жалғасып тұр. Осыған

мән беріп қарайықшы. Түйінсіз – ақ бір бүтін бар,2 – түйін

арқылы жалғасқан бір бүтін (бір бөлек) былайша қарағанға,

231

екеуі де бір бүтін сияқты. Бірінде түйін бар да, екіншісінде

түйінсіз. Демек, өмірді тартыс екен деп, бір бүтінді үзіп алмауға

тырысу керек. Үзілгенді жалғағанда тұйін пайда болып қалады.

Түйіннің аты-түйін. Сол бүтіннің бойымен қолыңды жүргізсең,

түйіндеген жері қолға білініп қалады. Сондықтан сол түйінсіз бір

бүтін болайық.

2. “Өз қолымды өзім кесе алмаймын” деген тағы бір сөз бар. Ол -

өз бауыры не өз перзенті арасындағы кикілжің бе, әлде одан

ауыр бірдеңе болған жағдайларда айтылатын сөз. Түйінге

қарағанда жеңілдеу сияқты. Соны да болдырмау керек. Ата –

ана деген Алладан кейінгі сенің жаратушың, құдайың дегенбіз.

Сол ата – ана солай бола тұра, сенің жалшың сияқты. Соның

қадірін тірісінде білейік те. Дүниеден озған соң, аһ ұрып,

әттеген – ай дегеннен гөрі, тірісінде көңілін қалдырма, көңіліне

тиме демекпін. «Әке көңілі қалса, ауырлығы – алып таудың

үстіңе құлап, басып қалғанындай емес пе?» – депті Нығмет

Ғабдуллин. Нығмет Ғабдуллин – әрі ғалым, әрі ұстаз –

ұстаздардың ұстазы.

3. «Бұқа бұға, азбан дуға» деген бір мәтел бар. Бұл не? Адам

дүниеге екі рет келмейді, бір – ақ рет келеді. Ендеше,

кәмелетке жетпек түгіл, ол кезеңнен өтіп бара жатқандар ішінде

«Сейіл де сейіл, сергелден де сейіл» құрып жүргендер бар. әлі

жаспын деп жүр ме, әлде ақылы жетіспей жүр ме екен дейсің. –

Жоқ, екеуі де жетеді.

– Енді не жетіспейді? – Парасаттылық жетіспей тұр ма екен

деймін. Сүйтіп жүріп, бірі шал, екіншісі кемпір деген атқа не

болып та қалады. Кемпір деген атқа ие болғаның – ана

деген атақ алудан құр алақан қалғаның. Ал, сонда сен

жетілген болып шығасың ба?! Жігітім, сен де ойлансайшы.

Сенің де сол сияқты болып қалуың ұзақ болмаса керек.

Жүп болатын адам таңдап жүрген сияқтысың дар-ау. Жыл

мезгілінің күзге айналып келе жатқанынан хабарларың бар

ма? «Жазда шанаңды дайында» – депті ғой. Аяқтарыңның

бүрі кетіп, сырғанап кететін кезі келеді. Әлде ол кезде

сендер дүниеде болмайсыңдар ма? Мүмкін, әкем – шешем

бар деп жүргендерің де бар болар. Оларға сенбеңдер.

Олар пісіп жетілген, тозған, өмірден озбаса да, озғандар

қатарына бет бұрғандар.

4. «Өзің білесің»деген тағы бір сөз бар. Бұл сөз түсіне білсең – өте

ауыр

айтылған сөз. «Келісіп пішкен тон кең де, кем де болмайды»

дейді. Өмірдің ащы – тұщысын басынан кешкендер – өмір

тәжірибесін көргендер. Солар өз ақылына көндіре алмаған

кезде, әбден шарашаған соң, «өзің білесің» дегенге дұшар

болады.

232

5. Сен дүниеге келген кезден бастап, ата – анаңның мейіріміне

бөлендің, қайырымдылығын көрдің, өстің, жетілдің. «Құс ұяда

не көрсе, ұшқанда соңы алады» дегенді ұмытпа! Сол ұяда

алған тәрбиеңді дүниеден озғанша орындауға тырыс. Сонда

ғана сен адамзат қатарыңдасың. Сонымен қатар, қанағатшыл

бол. Қанағатшыл болсаң, көрінгенге ұрынбайсың. Соның ішінде

білімге жеттіктім деуден аулақ бол. Біле бер, біле бер;

білгеніңді бойыңа жасырмай, кейінгіге тәлім етіп қалдыра біл.

«Бүгінгі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның

атасы» – депті ғой Ахмет Байтұрсынов. Бұл не? Өткен заман -

әкең, әкеңді пайдаландың. Болашақ замандағы жеткіпшектер

жетім қалмасын деген сөз. Өткен заманың, өзің өмір сүрген

заманның жетістігін кейінгі ұрпаққа қалдыру деген. Демек,

өнегелі өмір сүруге тырыс.

5/III -2004ж.

ГОСПИТАЛЬДА

4/VI – 2001ж.

«Жұлдыз», №12, 2000.

Мамытбек

Қалдыбай. «Баукең

айтқан

әңгімелер» 13 – 30 –

беттер.

«Жазушының жауы» – 21бет. «Менің байқауымша,

жазушының ең үкен жауы – әйелі мен бала – шағасы. Олар

шығармашылық сырын түсінбейді. Мынаны, ананы қайтеміз деп

ойын бөледі. Үлкен жау дегенім сол. Бірақ жазушының отбасы

«Мен ойланып отырмын» дегенге түсінбесе, ой қосу түгілі оны

құртады. От бытовщины писатель тупеет.

Лев Николаевич кейде отбасынан қашып, подвалға барып

жазған.

Тургенев өмірінде үйленбей кетті. Үйленбеуі – маған кедергі

жасайды деуі.

Мария Ильиничнаның естелігінде: «Ленин жұмыс істеп

отырғанда тырс етуге қорқатыңбыз» – деп жазады.

Чайковскииге бір байдың қызы күйеуге шығады. Музыка

ойнап, нота жазып отырса: «Сүйіктім, жүр тамақ ішейік» – дейді.

Ойы бөлінеді. Бір емес, күнде солай,...

– Мен сені өте сүйемін, – деп, Чайковский оны жерден көтеріп: -

Маған сенің сүйгенің керек емес, шығармашылығыма жаның ашуың

керек, – дейді де, бұрылып кабинетке кетеді. Әкесі ақылды кісі екен,

қызын ертін әкетеді. Сонда ол үйленбеген.

... – Біздің ауылдың шалдары: «О, мына көксоққан, малдың

жайылымын бұзыпты ғой»– дейтін. Бұл сөздің мәні терең.

233

...– Көп әйелдер байының жайылымын білместен басқа жаққа

жұмсап, бүлдіріп жүр. Менің байқауымша, біздің жазушылар Одағы

бойынша жайылымын екі – ақ әйел білді. Бірінші орында Ғабиттің

үйіндегі Ғусни жеңгей, ал екінші орынды Сабит Мұқановтың жары

Мәриям жеңгейге қияр едім. Қитұрқылау, еркек мінезді; ақылды,

ұстамды кісі еді.

Әдеби сын

Әдеби сын іштей 4 түрге бөлінеді: Публицистикалық сын,

ғылыми сын, эстетикалық сын, органикалық сын. Органикалық сында

сыншы жазушының шығармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі

пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі ақиқаттану тұрғысынан (иманы ілім

тұрғысынан) саралай отырып, сонымен бірге автордың өмірдегі түрлі

тынысына да айрықша терең үңіледі. Сыншының көзінен автордың

ерекшілігін, жаны мен жаратылысын танытатын ірілі-уақты, үлкенді-

кішілі фактілердің бірде-бірі тасада қалмайды. Жазушының өмірдегі

болмысына бойлай отырып, оның ішкі қайшылықтары мен сенім-

таным дүниесін де жан-жақты ашады. Міне, жазушының өмірдегі

болмысы мен өнердегі болмысын қатар ашатын осындай тұтас һәм

толық сынды органикалық сын дейміз – дейді Әмірхан Меңдеке,

халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері. («Оңтүстік Қаз.» №187

(17823) 21.12.2004. «Өтімді һәм өміршең сын» мақаласында.

«Сынның төресі жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті

көтеретін де– осы сын» – дейді.

Толғақ

«Айы – күні жеткен толғақ

сыртқа шығуға ұмтылады».

Осы телеэкранда кейбір кездерде өмірлік ойланарлық

әңгімелер қозғалып жатады. Оған қатысып отырғандардың ішінде

ақыл тоқтатқандарынан әлі ой өрісі ұлғая қоймағандары басымдау

келеді. Үйткені жастар жағы бәрін білгісі келе беретіні табиғи

ұмтылыс қой. Сонда болған бір әңгіменің орта шенін көріп қалдым:

Бойдақ болып отырып қалған қыздар мен үйленбей жүрген ер

балалар жайлы екен. Осы адам баласы жаралғалы бері ер

жыныстылардың (қай зат болсын) саны аз да, ұрғашы

жыныстылардың саны әлдеқайда басым. Оған дәлел тіпті көп: мал

болса, сойылып кетеді, ал адам болса, жаугершілік жағдайда жан

тапсырады, онсыз да әйел жыныстыға қарағанда, ер жыныстылар

ұрыншақ, сотқар келетінін мойындауымыз керек. Жаңағы

жиналғандардың ішінен қыз балалардың екінші әйелдікке алса,

барар едім дегені де табылып қалды.

Ал, сол басқарып отырғандардың ішінен бір әйелден (психолог

екен) сен күйеуіңе екінші әйел алуына қалай қарайсың дегенде, зар

ете қалды: «Қызғанамын, алдырмаймын, мен оны сүйемін» – деп,

отырып алды. Ерлер ішінен екі әйел алуға заң шығарса дегендері де

234

бас көтеріп қалды. Екінші біреулері осы жұмыссыздық кезінде өз

басыңды асырап ала алмай жүргенде екі әйелге қалай еге боласың

деп те жатыр.

Былай қарағанда мемлекеттік мәселе болмағанмен, өмірден

келіп туындап жатқан жағдай ғой. Ойлануды керек етеді-ақ.

Жыл санап адам санының өсуі төмендеп бара жатқандығын да

сөз арасында айтып жатамыз. Экологиялық жағдайға тосыннан

табиғат апаттары қосылып, жойылып кету болып жатқан жоқ па!

Мұсылман дінін орнатушы Мұхаммед пайғамбарымыз қыздай

тек Айшаға ғана үйленген екен. Ал басқаларының бәрі аяғынан

(бұрын біреудің әйелі болған) қосылғандар екен. Оны алу (қосылу)

себептері де «Адамзаттың асыл тәжі» кітабында айтылады. Сонда

бұл қалай шешілгені дұрыс деген ойға келеді. Алғашқы қоғамда

баланың (перзенттің) кімнен екені белгісіз болған көрінеді. Екі

жынысты табиғи түрде араласуын керек етеді. Сонда алғашқы

қоғамға көшуіміз керек пе?! Олай жасау үлкен қателік болады. Қазақ

«Некесіз бала кебін ұрлайды» дегенді неге айтқан. Осы сөз жақсы

сөз бе? Онсыз да адам баласының мейірімділігі төмендеп бара

жатқан жоқ па! Ол сәби туысын білмеген соң, оның келешегі не

болмақ!!! Осы қоғам ілгері дамиды десек, қайда бара жатырмыз?! Бір

күндік өмірді қызық көруге ауысудамыз ба? Нашақорлық, мафиялық,

жезөкшелік, денені бизнеске айналдырушылық, ақырында жазылмас

эпидемия-СПИД-ке ұрыну.

Тағы бірде телеэкранда кілең жастар жағы. Екеу-екеу

құшақтасып та отыр, сүйісіп те жатыр. Айтпақшы, сүйісуден оңтүстік

өңірде жарыс та өтті. Сонда біреу екі Сағаттан астам бір-бірінен

ауыздарын ажыратпай сүйісіп, бірінші жүлдені жеңіп алды. Соны

дәріптеп «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жазды да. Оны мен өнегелі

іс демес едім. Сол жиналғандар бір-біріне сұрақ қоюда: «Что такое

любовь?» дейді. Беріп жатқан жауаптары атүсті ұғымда ғана болуда.

«Любовь» сөзін «Махаббат» деп тәржімелесек, дәлме-дәл

мағынасы келіп шықпайды ма деймін. «Махаббат» сөзінің мағынасы

«любовь» сөзінен астамдау бола ма деймін «Любовь» -

сүйіспеншілік, сүю сөзіне барабар келетін сияқты. Осыған жан-жақты

тереңірек ойлап қарастырайықшы: Махаббат екі түрлі сияқты: тәндік

және жандық-рухани. Тәндік түрі мол кездессе, рухани түрі ілуде

ғана болатындай. Оғап дәлел: Мұхтар Шахановтың «Бөдене мен

Қажымұқандар» кітабының 15-бетінде «Жазагер жады

космоформуласы» атты романынан «Жетінші түйсік» деген жерінен

үзінді келтірген екен. «Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,

Шатастырап алдық, құдай-ау, біртуар махаббатпенен» делініпті. Бұл

– тән құмарлығынан пайда болған сүйіспеншілік. Мұны да

махаббатқа санап жүрміз. «Үйлену оңай, үйлесу қиын» деп жатамыз.

Үйлеспей жатқанда, айрылысу келіп шығады. Сонда

махаббатымыздың не болғаны?! Оған М. Шаханов: «Бастысы – сұлу

жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?» деп сұрау қояды да, оған өзі

235

жауап береді: «Махаббат – қайсар заңғар шың, кез келген өрлей

алмаған, он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған. Содан

ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған, қаншама заңғар

тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған» – деп, жауап береді. – Бұл

рухани махаббат таппағандар. «Не бермек тәннің одағы? Жаныңа

жаны қосылмау. – Бұл – нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген –

ашылмау! Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған? Рухы

қосылмағанның сезімі шаттық таппаған. Рухы қосылмағандар –

жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз, сондықтан мына жалғанда екеудің бірі –

бақытсыз. Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп,

жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп. Тағдырдан

қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен. Бір мәнді сұрақ

алдыңда тұрағы ылғи көлденең: ...Ұға ма ол шаттық мұңыңды

жетінші түйсік арқылы? ... Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат

та жоқ». – Ой!!! Қалай қиын жағдай. Сонда рухани махаббат болуы

мүмкін емес демекпіз бе? – Жоқ, ә! Сондықтан да өмір дегенге терең

ойлы парасаттылықпен қарау керек демекпін. Қазағым текті деген

сөзге үлкен мән берген. Тексіз деген сөз ең соңғы жексұрын ұғым –

жаманның да жаманы. Отырар шаһарының ханы Қайырхан жұбайын

өлімнен құтыл, балаңды алып, қоршаудан шығып кет дегенде,

жұбайы Ақерке ерін өлімге тастап кетпейді, бірге болуды артық

санайды. Махаббаты – рухани. Сол сияқты Қозы мен Баянның да

махаббаты – рухани.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Тағдырдан қашу мүмкін

бе, жүрсен де қандай жолменен» – депті ғой. Ата – анаң, туысың

болып жатса, «Келісіп пішкен тон кең де, кем де болмайды» депті

ғой, осыны басшылыққа ал. Ажарына ас құйып ішпейсің» дегенді де

түсін. Ойлы, парасаты бар, тектіге қол соз. Тағдырыңа шыдамдылық,

сабырлылық жаса. «Сабыр түбі сары алтын, шыдаған жетер

мұратқа» депті ғой. Сабырлықпен де бақытты өмір сүруге тырыс.

Мәңгілік ешнәрсе де жоқ .Алғашқы қоғамның құрылуында соның ең

кішкене бір көрінуі жұптасу, одан барып жекешеленуге ауысу келіп

шыққан екен. Жұптасудың екі тірегі – ері мен әйелі. Бұлай болмай

отан құралмайды. Отаннан шыққан түтіннің де түзу шығуы әйелге

байланысты. Маздап жанбаған оттан түтін бұралып шығады, бықсып

шығады. Тақта отырғанда, ел басшысын әшкере түрде даттай

алмайсың, олай жасасаң, жазғырыласың. Өмірден өткен соң, қазірде

олар туралы жазатын да болды: «көтерем көсемдер, мүгедек

президенттер» деген рубрикамен. Демократия, сөз бостандығы

дегенді ту етіп желбіретіп, қазіргі тәуелсіздік кезде кей газеттерде

бұрын айта алмағанды, жаза алмағанды жазу да басталды. «Шөптің

басы жел тұрса қимылдайды» дегендей, ел басымыздың Сарасына

да сөз ерді. Алдарынан қара мысық кесіп өткен бе, қайдам? Оған да

себеп бар болар. Қайда барса да тізіліп жүруші еді, тыйылып қалды.

Заманбек Нұрқаділов Алматының Әкімі кезінде – ақ сыбыс сөз

шығып еді, ақыры шындыққа ауысып, әнші Мақпалға үйленіп те

236

алды. Ұнамаса, ауыстыра салу, өзгерту деген отанның екі тірегіне

ыңғайлы нәрсе емес, дүниеден озып жатса, ол бір басқа. «Мешкей»

деген жақсы ат па?» депті ғой. Бұл екі жағына да қатысты айтылған

сөз. Қысқасы, үлгілі, өнегелі өмір сүруге тырысу керек.

14/I -2005

СКЕЛЕТ – ҚАҢҚА

«Қаңқаға тіл бітсе, тарихты қозғайды»

Алматының Дзержинский көшесінің дәл ортасында Ф.Э.

Дзержинскийдің бюсті тұрушы еді. Ол – бұрын. Ал, қазір ол көшенің

аты өзгерген, бюстінің бар – жоғын қайдам; аты өзгерген соң, өзін де

алып тастаған шығар. Мұның бәрі өтпелі кезең, өзгермелі қоғамдық


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю