355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Алтынбекула Сагындык » Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ) » Текст книги (страница 25)
Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)
  • Текст добавлен: 30 мая 2017, 20:00

Текст книги "Бастан кешкен, кµз кµрген (СИ)"


Автор книги: Алтынбекула Сагындык



сообщить о нарушении

Текущая страница: 25 (всего у книги 27 страниц)

тіпті тіршілігін де жойып алу болса керек. Бұл нәрсе қоғамдық

құрылыста да болады. Қашан қалай пайда бола бастаған деген

мәселеге адам баласы нақты жауап айтуы қиын, үйткені ең алғаш

басталуы тұралы мәлімет жазба түрде жоқ. Сондықтан да біздің

айтарымыз бәрі бір Аллаға ғана белгілі дейміз. Олай дейтініміз

жаратылыстың бір жаратушысы, бізше Алла, заңдылығы бар екендігі

есі дұрыс адамзатқа аян. Дүние жүзіндегі халықтардың кейбіреулерін

жеттіккен деп те жатамыз. Сонда да болса, сол жеттіккен

дегендерімізге де әлі сыры белгісіз шешуі табылмаған табиғатта

құбылыстар, тылсым дүниелер де бар. Тағы да мұны бір Алла ғана

біледі деп, өзімізді өзіміз жұбатамыз. Сол ұзақ жаратылыс

кезеңдерінде нешелеген қоғамдық құрылыстар болған. Олардың өз

заңдары, діндері де болған, Сол заңын да, дінін де ел басқару

құралы механизмі деп санаймын. Бір қоғамнан екінші қоғамға

ауысса, заңы да, саясаты да өзгере салады: жаңа идеология пайда

болады. Оны қостамасаң, бағынбасаң, ол қоғамда өмір сүре

алмайсың, бейімделуге тиістісің. Үлкен нәрсенің осылайша

бөлінуінен, бөлшектенуінен, ыдырауынан кішірейе беруге, жоқ

болуға бет ала ма деп ойлаймын. Сонда да болса, сол қоғамды

басқарушының әлдісі әлсізін түрлі жолмен өзіне тәуелді етуге

тырысады. Ал бірақ оның ақыры бұзылып, яғни өзгеріп, өзгергенде

зиянды жағына қарай (экология) кетіп бара жатқанын білсе де, сол

бағытымен бара жатыр ма деймін. Оны діни жолмен айтқанда, ақыр

заман дейді-ау. Ол қашан болады, әрине, белгісіз. Белгілісі сол-кім

өмірден орын тебеді, яғни, өмірі таусылып, о дүниелік болғаны. Міне,

сол адамның ақыр заманы басына туғаны болса керек. Соның өзі

әркімге әртүрлі жолмен келеді: аурумен, кездейсоқ апатпен т.б.

жолмен, ең соңында, қартайып, бүкіл мүше тозумен келсе керек.

Осы соңғы жолмен өмір сүрушінің басында тоқырау деген қартайып,

бойынан әл кетіп қалған кезде болады ма деймін. Осы тоқырау деген

қоғамдық құрылыста да кездесе ме деймін. Соны біз бастан кешкен

жоқпыз ба?! Тоқыраған қоғамды қалпына келтіру ақылды

елбасшының жұмысы дейік. Қалпына келтіруге болады, ол өте қиын,

ақыл-парасат керек-ақ. Мұның экономикалық жағын көп ұзамай – ақ

306

жөндер – ау, адамда өзгеріп кеткен парасаттылықты қалпына түсіру

– қиынның қиыны: адамды адамгершілігі бар, парасатты жасау деген

сөз. Білімі бардың барлығын парасаттыға қоса алмаймын.

Келіспесеңіз, Мұхаммед Ғ.С. ның 1-хадисін оқыңыз. Жасы үлкейіп,

қартайып барып тоқыраудың қоғамның тоқырауынан айырмасы бар.

Бұл-тозған, күні озған. Ендеше осыны кез келген қартаң тартқан

адам біле бере ме екен дегенге келейікші осыны білетіні де,

білмейтіні де бар ма деймін. Білмейтіні – ақыл-есі ертелеу бұзылып

қалғандары ма деймін. Білетіні ол топқа жатпайтындары – ау деймін.

Ол неге тоқырайды деген сауал туады. Осыған өз шамамша қалам

тартып көрейін. Қартаю – екінші бала болу. Бірақ бұл бала есер

емес, есті; әлді емес, әлсіз; алдай алмайсың, шыныңды айтуың

керек. Даусыңды көтергеніңде қорықпайды, қайта жүрегіне дық-

таңба пайда болады. Өзінен кішінің көп істеріне көңілі толмайды; дер

кезінде орындалмаған іске кешірім сұрауды керек етеді. Өзім білемін

дегенді ұнатпайды, келісіп отыруды ұнатады. Бар ықыласыңмен

аялауды, қамқорлық жасауыңды қажет етеді. Ақырында, айтқан

сөзіңе тез жауап беру, қарсы келуді тіпті ұнатпайды. Оның заңы

Аллаға қарсы келуге болмайды дейміз ғой, әке – шешеге де қарсы

келуге болмайды. Ол – сенің екінші жаратушың, құдайың іспеттес

екенін түсінуің керек. Және де үйіңдегі қарт әке – шешең – сенің

қонағың. Қазақ деген халық қонағын бала – шағасынан артық күткен,

қас қабағына қараған халық.

Осылайша, қартайып, кейде тоқырап та отырған қартың болса,

азды-көпті дүниеден ырза өтуіне қамқоршы бола біл! Ол саған

борыш. Ұмытшақтық пайда болғанына көп болған осы соңғы кезде

намаз оқып тұрып-ақ не оқығанымды да ұмытуға көше бастадым.

Бұл жағымды құбылыс емес. Осы ойымды да жаза алмай қаламын

ба деп, қағаз бетіне түсіргенім.

1/ VIII

2004

Не анық!

«Білесің бе? Білмесең ойланшы!»

1.

Дүниеге адам болып келуің анық (ата-анаңның

денсаулығы дұрыс болып жатса).

2.

Дүниеге жаңа келген кезіңде жан тазалығың анық,

салыстырмалы түрде періште дерліксің.

3.

Дүниеге келгенде ішсем, жесем, білсем дегенің анық.

4.

Тәніңе қажет үш нәрсенің-ұйқы, күлкі, ләпсінің керектігі

анық.

5.

Өмір сүрген ортаңа қарай мінез-құлқыңның қалыптасуы

анық.

6.

Өмір бойына жиған-тергеніңнен заттай ол дүниеге

ешнәрсе алып кетпейтінің анық.

307

7.

Ең соңында, ертелі-кеш дүниеден өтетінің анық.

8.

Өз қатесін мойындамаған адам түзу жолға түспейді,

өзінікін жөн көреді. Керісінше, өз кемшілігін білген адам

үш кісіге ақыл-кеңес бере алады.

9.

Табиғат үнемі даму-өзгеру үстінде, оның жаратушысы

бар дейміз. Ол жаратушы-бір Алла ғана.

Екі құбылыс.

Оқушым, не болса соны жаза берген екен деп айыптамаңыз. Бұл

Қолжазбамның атына қараңыз: «Бастан кешкен, көз көрген.» Олай

болса, бұл да болған жағдай. Мүмкін бұл сияқты оқиға сіздің де

өміріңізде ұшырауы мүмкін. Ол не десеңіз, тыңдаңыз.

1. Кезінде инфаркқа берілген дәрілерді мүлтіксіз дер кезінде ішіп

жүргенімде, демалып жатып, ұйқылы-ояу кезім екен ау деймін, бір

рақаттанып жатырмын. Денеде болатын сырқырау, сыздаудан

мүлдем хабарсыз.Мамырақан ойсыз да, армансыз да рақаттанып

жатырмын. Бұл сонда қалай деп, Қол-аяғымды қимылдатсам,

денемде жаным бар екен. Сондағы түйген ойым-дәрігерлердің

берген дәрілері өте күшті әсер беруінен, мидың хабарлау қабілеті

төмендеп, кетуге бет бұрғаны ма дедім. Бүкіл организм тынышталуға

бет алған екен ғой деген ойға келдім. Науқас адам тынышталып,

шағым жасамаса, дәрігерге керегі де сол ғой. Өзі қарттық жасқа

келген адам, оны қызметке қосу дәрежесіне жеткізу мақсат емес, тек

тынышталдыруға. Дәріні сол уақыттан ішуді тоқтата қойдым: ойсыз

болу деген хайуанға тән нәрсе. Дәрігерге осы жағдайды айтқанымда,

ол еш нәрсе қарсы айта алмады. Менің медицинадан хабарым бар

екенін білетін еді. Тек қана айтқаны мүлде тоқтатпаңыз, жүрегіңізге

дәрі әл беріп тұрады дейді. Шамалы күннен кейін дәрінің

осалдауын (предуктал) қайта ішуді бастадым. Оның да көмегін екі

күнде-ақ сездім.

Қартайғандықтың, организмнің тозу белгілерін күн санап

сезінудемін, ол заңды да. Енді екінші бір өзгеріс арада айлар өткен

соң, тағы бірден пайда болды. Бұл 6/IX 2004ж. күні таңертеңгіліктен

соң асқазанымда қышқыл (кислотность) кем екені мені көптен

мазалайтын. Ертеңгіліктен кейін аз да болса, ішкенімді жайғасқанша

сезінетінмін, оған не жасауды да орындайтынмын. Бұл жолы

бұрыңғыдай әрекеттер жоқ, тыныш. Қанағаттанған соң, қисайып

жатырмын. Бірақ әлсіздік пайда болды: еш жерім де ауырмайды. Тек

тыныштықты қалайды. Таза ауа керек пе деп, сыртқа шықтым. Жоқ,

ол да әсер етпейді, жатқанды, қимылдамағанды қалайтындай. Қой,

әлім, есім барда осы екі құбылысты жазып тастайын деп, қолыма

қалам алдым. Бұл сағат 11-ден өте бастаған кез. Бір уақытта денем

серги бастады, қарасам сағат 11.20 екен. Бұл қауіптенгендік,

қорыққандық емес. Ойыма келгені – жарық дүниеден өтетіндер

осылай өте салады – ау екен деген. Қиналмай кеткенге не жетсін!

308

Әрине, Алла соны бұйыртсын деп ойымды түйіндедім. Жоқ, қалпыма

келіп, бұл құбылысты да қағаз бетіне түсіріп отырғаным ғой.

Соңғы сөз – түйін.

Күнделікті іс әрекетке жарамай, жасыңның үлкейіп қартаюың,

қатарыңның азайып, қадіріңнің қашуы күн санап молаюы деген

өкпелеуге жата бермейтін нәрсе болса керек. Үйткені сен жасарыңды

жасадың, үй шаруасына да жарамсызсың. Тек қана айтуға қарияң

бар ма болғаны. Бұл жас тек қана жылы жұмсақты қажет ететін

кезеңің. Әліңнің кеткені – о дүниеге жеткенің дей бер.

Шамаң келсе, өмірден түйгеніңді уағыздау ғана. Сол

уағызыңды тыңдайтындай перзенттерің жанұя мүшелерің табылып

жатса, қартайған кезіңдегі бақыттылығым деп есепте.

Бар болып жатса, жастай қосылған қосағың серігің де, ой

бөлісерің де сол ғана. Егерде ол болмаса, онда сенің күнің қараң

болғаны. Оған еш айла жоқ, орысшалап айтса, «конец фильма»

болғаны.

Осыған жалғас есебінде «өмірде кездескен ерекше кезеңдер»,

«Ең қызық деген кезеңіңіз қай кез болды?», «Уақыт өткізу» деген

тақырыптарға да бірдеңе түрткен болдым. Ол қосымша дәптерде. Ал

«Қартайғандарға» деген пікірімді басқа бір кішкене блакнотта, «Өмір

мазмұнының көрсеткіші» деп аталатын блокнотта жаздым.

№6 дәптерге қосымшада (16-24-беттері) «Қиялдан туған

хикая. Баю»деген тақырыпқа да бір пайда болған ойымды қостым.

Бір тақырыпқа екі эпиграф

Жар таңдау

«Өзің сүйгенді алғанша,

өзіңді сүйгенді ал!»

«Сүймесімді сүйемін,

сүйгенімнің арқасында».

Табиғатқа келген адамзатта да, хайуанатта да жұптасу деген

бар. Бірақ хайуанатта да жаппай жұптасу жоқ, тек кейбіреулері ғана:

аққу, кептер, маймыл, қасқыр т.б.

№4 қолжазбамда «Махабат» тақырыбымен таныссаңыз

болады. Қазақ халқында жұптасу жайы бұрындары ата – ананың

қалауында болушы еді, қазірде де осы жай сақталып жүрген жерлер

бар. Ертеректе, клуб, театр, кино деген жоқ кезде, қазақ ауылында

өзіне жұп іздегендерге «Қыз көру» деген болатын. Ал «Қызды қырық

үйден тыю» кезі болатын. Ал «Қыз көруге» тыйылым жоқ, қайта

дәстүрлі тұрде ел аралап, қызы бар ауылға бару, байқау, сынау

дегенге жол ашық болатын. Жеке тігілген үйге қыз да, көруші жігіт

309

жолдасымен барады. Оған жеке оңаша (үлкендер қатыспай) қыз

жігіттерді күтеді, дәм – тұзын береді, сөзге де тарту жағы болады.

Сонда екі жақты сыннан өту сайысы сияқты отырыс жүреді.Мен Ұлы

Отан соғысынан келсем, өз жағым да , жездем жағы да өздерінше

бір тұжырым жасаған екен:сүйек жаңғырту.

Бірақ онысын маған айтқан жоқ.Жездем: «Мен бала кезімде

маған алатын қызың жеңілтек болып жүрмесін.Мінезінің ауыр екенін

білуің үшін қалай да шай құйып отырған қыздың мінезін байқауың

керек.Ол үшін саған қараған кезде,көзіңді қысып қал.Қарамаса,

кесені беріп жатқанда, жібермей ұстап қал, сол кезде еріксіз

қарайды.Сол уақытты пайдаланып, аузыңды қисайта қой.Сонда ол

ондай жағдайларға сыр бермесе, ауыр мінезді, салмақты болғаны»-

деп, ақыл-кеңес бергені бар еді демесе бар ма? Сонымен, Жездем

қасындағы жолдасымен көп ауылды аралайды.Мына сыннан ешбір

қыз өте алмайды: мырс етіп күледі,не басқа да әрекетке барады.Үйге

келген соң, жаңағы кеңес берушіге: «Сіз маған үйленбей өтсін

дегенсіз»-деп, өкпесін айтқан екен.

Ал, біздің заманымыз ол емес, кездесеміз, бірге оқимыз,

қыдырамыз да, сырласамыз да.Дегенмен, жар таңдау, жұптасу деген

өте жауапты жұмыс деп санаңыз.Бұл жұмыста ата-ана дегенді

тыңдаған да жөн.Сол ата-анаң сенің түпкілікті жақсы болуыңды

қалайды.Кейде «Үйленетін мен бе, әлде сіздер ме? »деп те

жатамыз.Әрине,қыз бен жігіт.Ендеше, ата-ана оған неге кіріседі?»

дейсің ғой.Олардың өмір тәжірибесі бар: «Гүл-қыз, көбелек-

жігіт».Ұшқан көбелекті гүлден гүлге ауысып қона береді.Қонған

көбелекті гүл ұната ма,ұнатпай ма?? Мәселе қайда? Ұят бөліскенде

ұяттың 1/10 бөлігін ер кісіге,9/10-ден әйел жыныстыға тиген екен

деген сөз бар.Сондықтан да сөзді ер бастайды екен.Кейде жігіт

ұнатты деп, қыздың ұнатуын күтпей-ақ,оның ойымен

санаспай,ұзатушылық та кездеседі.Зорлаумен алған қосағың өміріңе

екіталай бола ма деймін.М.Шахановтың «Жазагер жады

космоформуласы»романынан «Седьмое чувство»өлеңі (Әйелге

берілген мінездеме) мен «Жетінші түйсік»өлеңін оқыңызшы.Әй ақыл

тоқтата қоймаған кезің,көрінген гүлге ұшып-қонып жүрген

кезіңде,сынадым-ақ дегенмен,мылт кетіп жүрген жоқсың ба?!

Қыз бен ұлды жүптастыру – ата-ананың борышы. Солай

болғанды екі жағы да ұнатады, қызықтайды. Әрине, қыз берген жағы

іші ашыңқырап тұрады, ол заңды да. Сіз Асқар Тоқмағанбетовтің

«Қыз ұзату» өлеңін оқыңыз, сізге жұбату айтылған. Сонда да болса,

өмір деген – талас; сол талас барысында ақылды ашу жеңіңкіреп те

кететін жағдай болады. Ол үшін апта сайын «Жанұя отырысын»

жасаңыз. Жазғандарымның ішінде «Өзім туралы» бөлімінде “20

жылдан кейінгі кездесу” дегенді оқыңыз. Іштегі келіспеушілікті дат

(тот) баспай тұрып, талқыға салып, жойыңыз.

«Семья (жанұя) өміріндегі әдеп, психология» тақырыбын да оқи

салыңыз.

310

№4 дәптерде «Ерлі-зайыпты өмір сүру қезеңі» деген

тақырыпты оқысаңыз, ойыңызға сақтап, оны орындасаңыз нағыз

адамгершілігі мол жан болып шығасыздар, осы дәптерде «Ой

елегінен өткізейікші» – ні де міндетті түрде оқыңыз.

Ақырында айтарым – іс бар жерде кемшілік кездеседі. Сол үшін

күнделікті өміріңе, апталық өміріңе өзіңе-өзің талдау жаса:

Кемістілігін мойындамаған адам ешқашан да түзелмейді, мұны

жадыңда сақта! Қателігіңе кешірім сұрай біл!

Жан-жаққа сілтеу жасай беріпсіз деме, тақырыбының өзі-ақ

мазмұнын айқайлап тұр ғой.

Қазақ деген атыңды қайткенде сақтап

қаласың?

«Азат халықта ғана

Ұлттық мінез болады»

(Жермене де Сталь)

Егемендік алып, жеке Қазақ Республикасы атанғанымызға да

талай жыл (13 жыл) болды. Солай бола тұра әлі тілімізді, ділімізді

жолға қоя алмай келеміз. Тіл туралы заң да шығарды, орындалуы

ше? Тек айтуға ғана. Жақында ғана зиялы қауым деп санаған

парламент мүшелері елбасы мен кездесуінде көк экранда ана тілінде

сөйлей алмайды, халықтан шіміркенбейді де, орысша сайрап тұр.

Қалаларда, көшеде кетіп бара жатқан екі қазақ қазақша сөйлеуге

намыстана ма, қайдам, ана тілінде сөйлеспей, орысшаласып

барады. Діл мәселесін, әдет-ғұрыпты, тіпті керек те етпейміз.

«Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері –

рухани жағынан өз халқына өгей болып қалуы еді. Батыс тәрбиесі

көптеген жұмыстарымызда халқымыздың жан-дүниесіне сіңген,

ұлттық тарихымыздың өн бойында жатқан «Шығыс зердесінен»

айырды» – дейді Мұстафа Шоқай. Осы жақында ғана парламент

депутаттарына дауыс берерде, рекламадан аяқ асып жүре алмап

едік. Билікке таласу барысы бұрын – соңды болмаған дәрежеде –

өтті. Соны түрлі газеттерде жазды да. «Билік деген саясаткерлердің

өмір сүруіне аса қажетті апиын. Саясаткерлер оны сайлаушылардан

өздерінің ақшасына сатып алады» (Ричард Нидем) болып шықты.

«Дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтка айналған саяси, әлеуметтік

халық бұқарасы ... ешқашан болған емес Сондай-ақ халық

бұқарасынан қолдау көрмеген жағдайда зиялы қауым ештеңе істей

алмайды» – деген М.Шоқай. Сол Мұстафа Шоқай қазақ халқына

егемендік әперемін деп, елге сыймады ғой! Енді егемендік алып едік,

сол сияқты зиялыларымызға жол бермей, өздері ешнәрсе тындыра

алмай, сөзбұйдалыққа салып бара жатқан жоқ па деп те ойланасың.

Сайлау алдында қазіргі шені жоғары Бутя басшысы алған

купондарын жинап, жарылқамақшы болып еді, ол да бос рекламаға

айналып барады.

311

Әдет-ғұрып, салт-санамыз арқылы дүние жүзіндегі

халықтардан ерекше айырмашылығымыз бар. Халық едік,

сондығымыз арқылы ауызбірлігіміз мықты болушы еді.

Ұмытқанымызды қайта жаңғыртып, ата-бабамыздан қалыптасқан

салт-санамызды, рухани парасаттылығымызды қалпына келтіруге

бет бұрғанымыз абзал болар.

Әсіресе, батысқа еліктеуден бойжеткендеріміз тым

жалаңаштанып барады. Бойындағы ыстығы асып бара жатқандық

емес, «Тәннің жалаңаштануы-ұятсыздықтан, ал ұятсыздық – жанның

жадау-жалаңаштығынан. Сусыған жамылғы жабылар, түрілген етек

түсірілер. Қандағы қазақы рух аман болсын» – депті ғой, ағайын,

білген аталарың.

4/XI-2004

Даналық сөздер

«Саясаткерлердің қолын еркіне жіберсең, оны көп ұзамай өз

қалтаңнан табасың»

Эдмурт Берк

«Мафия ажалсыз, себебі – біздің бәріміз уақытшамыз»

А. Давидович

«Билік деген саясаткерлердің өмір сүруіне аса қажетті апиын.

Саясаткерлер оны сайлаушылардан өздерінің ақшасына сатып

алады»

Ричард Нидем

«Азат халықта ғана ұлттық мінез болады»

Жермене де Сталь

«Заң қарақұрттың торы сияқты: әлсіздер шырматылып қалады,

күштілер бұзып-жарып шығады»

(Салон(б.э.д. VI ғасыр) – ұлы философ)

Өмірде кездескен ерекше кезеңдер

«Жарыса да біл,

Алыса да біл;

Ол – өмір»

Өмір деген қызық та, қиын да. Қызығынан қиындылығы, әдетте,

басым болып жатады ма деймін. Қызығымен қызықтап жарыса да

білген жөн де, қиындығына шыдап, алыса да білу керек. Алыспасаң,

жеңілесің. Жеңілген деген өмірдің үзілгені болып шығады. Сол алысу

барысында айтарлықтай ұмытылмас есте қалғандары болады.

Әңгіме сол жайлы.

Өмір мен өлім алысқанда.

Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңі Жау Москва түбіне келіп

те қалған. 1942 жылдың қыс айы. Калинин Майданы. Москвадан

312

поезбен «Погорелье – Городище» деген жерге келгенде, поездан

түсіп, Ржев бағытында майдан шебіне кештетіп орналастық. Шабуыл

барысында Ақтөбеде құрылған 101 ерекше жасақталған қазақ ұлттық

бригадасы, құрамында 9 мыңнан астам жауынгері бар, үш күн

шабуылда 10 км. ғана ілгері жылжыды. «Мишуково», «Зайцево»

деген елді мекендерге жетті, Мишуково үшін шайқас күшті болды: үш

рет алынып, үш рет қайтарылды. Үш күнге созылған соғыста

бригаданың 75%-і қатардан шықты: жарадар болды, өлді. Мен

байланыс батальонының телеграфистімін. Шабуыл кезінде кілең

комбригтің, комдивтің бақылау пунктін телефон байланысымен

қамтамасыз етемін. Ол пункт майдан шебіне орналасады: жауды

бинокльмен көріп отырады, шабуылды басқарады; алдыңғы

окоптарға жақын 200-300 м. жер ғана.

Ұрыста тұрыс болмайды: барлық қарулардан оқ жауып жатады.

Бір кезде байланыс сымы үзіліп, (Қыстың күні, күндіз) дереу жалғауға

кеттім. НП – бақылау пункті (Наблюдательный пункт) комдив

полковниг Воробьев қалған-ды. Мен шығысымен алдыңғы шептен

артиллерия бізге қарай оқ жаудырды. Алдыңғы жағымда

минометчиктер батареясына орын әзірлеп, қазып жатыр екен, олар

сол шұқырына жата-жата қалды, мен де қолымда винтовкам

(карабин) бар, үстеріне құлай кеттім. Бір мезгіл саябырлады, тұрдық.

Минометчиктердің козел жасап қойған винтовкаларына осколка тиіп,

құлап қалыпты, кейбірінің стволдарын осколка қырқып кеткен. Тұра

сала, телефон сымын қуалай жөндеуге тарттым. Үзілген жерін тауып,

жалғап та келемін. Бағана мен жүгіріп бара жатырғанымда, майдан

өткен далада бір солдат етпеттінен винтовкасын көздеп жатқан

сияқты еді, әлі жатыр. Сүйтсем, ол жауынгерге оқ тиген екен.

Жарадар болғандарды жинап жүрген атшаналы санитар келіп,

аударды да, қалтасынан құжаттарын алды. Өлгендерді жинайтындар

олардан басқа, сол алып кетуге тиіс. Тағы жау артиллериясы оқ

жаудырды. Ат шанадағы жауынгердің, санитардың, бір аяғына оқ

тиіп, тізеден төмен сәл ғана ілініп, аяғы салбырап қалыпты. Көпті

көрген санитар дереу балтасын алды да, салбыраған аяғын етігімен

қоса шананың жақтауына қойып, шауып тастады. Дереу жуан сан

жағын бинтпен байлап, тізе жағын плащ-палаткасымен орап,

шанасын санбатқа қарай айдап, шаба жөнелді. Снаряд ату

тоқталысымен, НП-ға жетіп келсем, комдив есік алдында құлап

жатыр. Сөйтсем, мені келе жатыр ма екен деп қараған кезде, аңдып

отырған жау снайпері маңдайынан тигізген екен. Енді ол снайпер

дереу өз орнын ауыстырады: мақсатына жетті, ол жер енді өзіне

қауіпті болады. Ол жерде комдив бар екенін біліп, мысықша аңдып

отырған екен. Маған оқ шығармай, біліп қояды деп, комдивті

аңдыған екен. Сол комдивтің әйелін Москвадан алдырды.

М.Маметова жерленген қорымға жерленді. Мен құрметті

қарауылында 15 минут тұрдым. Бұлай тұру деген өте қиын екен.

313

Екінші бір жағдай Беларуссия жерінде болды. Бұл кезде 101

ОСБ тарап, 51 СВКОСД (стрелковая Витебская Краснознаменная

ордена Суворова дивизии) қарауындамыз. Бұл кезде Комдив

полковник Серебряков деген болатын. Начальник штаб – Коновалов.

Менің комротам – капитан Кузьмин (украинец), комвзводом старший

лейтенант Матошин (Гурьевтік). Мен дивизияда штабта

нач.телеграфной станции, ком. отделениемін. Қарауымда бір-ақ

телеграфист – Антипов, кәрі кісі. Жоғарғы қолбасшыдан Беларуссия

жерінде жау тылында соғысып жүрген төрт партизан отрядын жау

қоршап, құрту қаупі төнген кезде, біздің дивизияға жау шебін

(оборонын) бұзып кіріп, партизандарды алып қалу тапсырылған. Жау

шебін бұзып (ені 800 м.) өтісімен, жау бізді де қоршап алды. Мезгіл,

қалайда, кіші бесін кезі. Штабты «Триполье» деген елді мекенге

орналыстыруға бұйырған (40 шақты үй). Бұл туралы «Ойға келген

оралымдар» бөлімінде «4 партизан отрядын ажалдан құтқару»

тақырыбында жазғаным бар-ды. Осы жолы да маған атылған оқ мені

ажалға жұмсаған адам комрота Кузьминнің өз аяғына дуалдан өтіп

келіп тиді.

Ұмытылмайтын үшінші бір жағдай Беларуссия жерінде

оборонда тұрған бір бөлімді түн ішінде ауыстыру керек болды. Қыс

айы, күн суық. Қалың орман іші. Түн ішінде полкқа байланыс тарту

керек болды. Бұл туралы «Ойға келген оралымдар» бөлімінде

«Полкқа байланыс сымдарын тарту» тақырыбында айтылған еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында үнемі майданда алдыңғы шепте

жүрдім. Бірақ менің міндетім әскери бөлімдерді байланыспен

қамтамасыз ету болды. Керек десеңіз, винтовканы арбаға қалдырып,

өзіміз кабель арқалаймыз да, шегініс кезінде жұрт бұғып жүрсе, біз

кабелімізді жинаймыз, ол біздің басты құралымыз. Майдан, соғыс

жайлы әңгімелескенде, мен: «Жарадар болған жоқпын, жауға қарсы

оқ та шығарғаным жоқ» – десем, «Сен бұғып жатқансың ғой»

дейтіндер бар. Байланыс үзілсе, оның зиянын айтып болмайды: тіпті

өз зеңбірегің өзіңді қырып та жібереді.

Сол қиындықтың зардабы мені 53 жасымда-ақ жұмысты

тастауға мәжбүр етті емес пе!

Ендігі бір ұмытылмас жағдай тек менің басымдағы ғана емес,

бүкіл қазаққа келген ылаң жылдары: қызыл империяның қорқау

қасқыры Голощекиннің жалған ақпары жылдары және қазақтың өзі

өзіне жау болып тиісу кезі– ашыршылық. Әкем 1930 жылдары

дүниеден озған. Шешем ағайындар арасында да, мені жездем жетім

балалар үйіне орналастырған кез, 1932 жылғы ашаршылық уақыт.

Аштық пен індет қосыла келіп, балалар үйіндегі өлгендерді күнде

топ-тобымен жерлеуде. Осы жолы мен «Құрқұлақ-цынга» ауруына

шалдығып, орнымнан тұра алмаймын, тізеден ұстаған, аяқ илікпейді.

Әпкем Қалбибі Дәулетқызы, оның үлкен баласы Зайыр мені балалар

үйінен шығарып алып, Тәуіпке көрсетіп емдетті. Бұлар болмағанда,

күн басқаша еді.

314

Ендігі бір тарыққан кезім үйленген кезімде болды: ерлі-

зайыптымыз, бірақ немере-ағамның жанұясындамыз. Жазғытұрым.

Ағамыз бала-шағасын алып, сыртқа еккен қауынының басына көшті.

Біз зайыбымыз екеуміз қыстауда бір көрпе, бір көрпеше, бір

жастықпен ғана қалдық,. Бұл 1947 жылғы қөқтем. Жинаған қорымыз

жоқ, мұғаліммін; тек айлығымызбен күн көреміз. 1кг жүгері 65 сом.

Раушанның анасынның сауынға берген бір ешкісі бар, ол болса, егіз

лақтаған. Айлық уақтылы тимей қалып, бір күн үнемсіз отырдық,

көршімізге де білдірмедік. Қарыз алуға намыстандық, сонда да

мойымадық, ешкімге сыр білдірмедік, жеттігіп кеттік.

Барлығын да жеңдік деп жүргенде, қартайғанда, табан астынан

кездейсоқ жағдайда кездестік. Бұл 2001 жыл. Ғалым аварияға

ұшырады: өзі жарадар болды, қасындағы әйел өлді. 5 ай ауруханада

ұстадым, операция да жасалынды, істің бір жағы сотта. Мен болсам

Алматыда әскери госпитальда едім. Госпиталь жайына қалды. Сот

болатын күні сотқа әрең жеттім, содан кейін де 3-4 күн үйде жаттым.

Бұрын асқазанымда кемшілік болатын еді, сол екен деп жүрсем,

дәрігерлерің қойған диагнозы – крутоочаговый инфаркт миакарда

левой стенки, острая стадия – делінген. Сотқа жете алмай отырған

жерімде үйдің касында тұратын адай кемпіріне: «Мені іздей қалса,

осы көрген жеріңді айтыңыз» ғана болды. Жүріп кетсем, қайда

екенімді білсін деген ойым еді. Осылардың бәрін де жеңіп, әлі

қиыншылықпен алысып-ақ келемін.

Кілең қиындықты айтыпсыз, қызықтайтын кезіңіз болмаған ба

деуің мүмкін. Қуанған, қөнілденген кезім де болған ғой.

Ең қызықты өмір санаған кездерім

Ұлы Отан соғысы аяқталып, сол жылы ноябрьдің 20 күні болу

керек, отпуск алып елге келе жатырмын. Көзім үйықтағысы келеді,

көңілім ояу, үш күн ұйықысыз, ауылға жеттім-ау. Поездан түскенде,

қай жақтан келгенімді де (түнгі сағат 12 еді) білмеймін, мең-зеңмін.

Поезд жүріп кетуін күттім, сонда ғана қай жақтан келгенімді білдім.

Ойлаймын, куаныштан ұйықтамадым-ау деймін. Елге келсем, ел аш

емес-ау, түнде жарық етуге шам да, керосин де жоқ, кесенің түбіне

май қойып, соны білтемен жағып, жарық етеді екен: Бірақ халықтың

парасаттылығы қазіргіден көп ілгері.

Әрине, жас емеспіз бе, сөз айтып жүріп, үйлендік те ғой.Бұл да

өзіне лайық қызық сияқты болды. Бірақ той дегеннің салтанаты

қазіргідей емес қой. Тағы да айтамын, халықтың қызықтауы

қазіргіден артық: бірнеше жыл тойды ұмытқан кез екен – ау! Өмірдің

жалғасы – бала көрдік. Алдымызда тұрған әке-шеше жоқ, оның егесі

өзіміз. Алғашқы қызығымыз да, ермегіміз де, кинотеатрымыз да сол

сәбиіміз сияқты. Күлсе, күлеміз; науқастанып қалса, әрине,

әбіржиміз. Мақау екенбіз-ау, күні-түні жылайды, ембейді. Денесі

ыстық (1947 ж. аяғы, 1948 ж. басы). Мектепке кетіп бара жатып,

Раушанға айтқаным: «Каналдан (суы лай) бір шелек су әкеліп,

315

шылапшынға салып денесін жу!» – деппін. Ол оны істепті де. Түсте

келсем, Райханымыз тым-тырыс ұйықтап жатыр. Денесінің сау жері

жоқ қып – қызыл. Сүйтсек, Қызылша шыға алмай (тыстай алмай)

жылаған екен-ау. Сол жылы қызылшадан жас балалар қырылып

қалды: бір күнде бір үйден екі бала да қайтты. Қызылшадан жел

қалды деп те жүрді. Осылайша әр сәбиіміздің дүниеге келуі, оның

өсу барысында былдырлаған тілін қызықтадық. Кейін немере,

шөберелерімізді қызықтаймыз. Бізге қазір алдымыздан «папа» деп

шыққан баладан гөрі «ата, әже» деп шығып еркелеген баланың

қызығы, артығырақ саналады. Ендігі бір қызықтайтынымыз – бір

перзентіміздің жанұясынан екінші перзентіміздің жанұясына

сағынғанда қыдыру, ебіне лайық сый – сияпатымызды апару,

соларды мәз қылу. Немере – шөберелерімізді аймалау, еркелету.

Дегенмен, қартайғанда қыдыру да оңай емес: денсаулық керек, жол

қиындығы тағы бар. Өздері біздің тұрған отанымызға іздеп келіп

жатса, ол да қызық, мәз – майрам болып жатамыз. Барымызды

алдына тосып, сақтағанымызды ұсынып жатамыз.

Өзіміз оңаша қалғанда сағынып та жатамыз. Ол кезде түсіріп

алған видеодан бейнелерін көріп, өздерін көргендей боламыз.

Альбомды ақтарып, жансыз бейнелерін (суреттерін) қарап, олардың

қылықтарын еске түсіреміз, көзіміздің сағынышын қандырамыз.

Кештеу болса да (2000 ж. 29/VII) алтын тойымызды өткіздік. Екі

кассетаға видеосы жазылды. Барлық көрініс сонда бар. Той 7,5

сағатқа созылды. Бұл – үлкен бір есте қаларлық жай болды. Оңаша

отырғанда осыны көріп, бір жасағандай боламыз. Балаларымызда

да соның көшірмесі бар, сағынса, қарайтын шығар.

Хабар – ошарсыз қалған Баянымды табуым

“Сәтті жіп сабағымен…..”

Әуелі Алла деп жатамыз, содан кейін Баян қызымның жарық дүниеге

келуіне мен себепкер болған едім. Бұл – 1963 жыл маусым айы.

Баянды дүниеге әкелуші Шәһарбанумен ол кездегі С.м. Киров

атындағы казГу-ге сырттай оқуға түскен күннен бастап, бітіргенше

бірге оқыдым да, тіпті, екеуміз де бір күнде, 28/IY 63ж. күні,

дипломды да қорғадық. Осы уақыт ішінде бір-бірімізге қанық та

болдық. Дәм-тұзы жарасып,Шәһарбанумен менің інім Амандық

жұптасты да ,ебіне лайық тойын Шаһарбанудың ағасының үйінде,

Алматыда өткіздік. Сонымен 6/YI-63ж. күні Павлодар қаласына

поезбен жүріп кеттік. Ол кезде Шаһарбанудың мамасы бар кезі.Ол

кісі сол кезде дімкәс екен-ау! Қысқа қарай сол кісі сол науқасынан

айыға алмай, дүние салғаны туралы хабар да келді. Сіңлісі болса,

ЖенПИ-ді бітіріп, тұрмыс құрған-ды. Ол да иіс тиіп,о дүниелік болған

екен.

316

Отпуска алып, әйелімізбен 1964 жылы жазда бата салуға барғанбыз.

Сол барған күні Шаһарбану самаурынға шай қайнатып, алдымызға

әкеліп қойды да, бірақ шайды басқа біреу құйды. Сүйтсек, келініміз

Шаһарбану толғатып жүр екен, әйелдер босанатын үйге кетіп

қалыпты. Барысымен босаныпты да,хабар да келіп жетті. Бұл-1964ж.

20/YI. Дүниеге келген –Баян.Бір апта болдық, бірақ келінді босанған

үйінен шығара қоймады, жол жүруге тура келді. Раушан барып,

тамақ та беріп келді, қызын терезеден ораулы күйінде көріпті де.

Кейін Амандық інім істеп жүрген жұмысын қойып, жолдастары да

дұрыс болмай, ішкілікке салынып кетіпті. Соның салдарынан кетіп те

қалыпты. Мен болсам, хат-хабарсыз қалдым. Жазған хатыма жауап

келмейді. Кейінгі білгенім Шаһарбану Алматыға келген екен деген

ғана. Арада көп жылдар өткен де. Сол ішкілік салдарынан Амандық

дүниеден озған да.

Мен болсам, Шаһарбануды да, Баянды да іздеудемін. Кілең қай

қаладан қай қалаға ауысқанынан ғана хабардармын. Хабарын адрес

столынан аламын: Алматыдан Таразға, одан Астанаға, одан

Алматыға келеді. Бірде Алматыға келгенімде, тағы да адрес столына

келдім,сұрадым. Маған берген жауабы-Алматыда, Розабакиева

270/2, Керімсалова Баян Амандыковна. Айдап отырып, үйді де

таптым. Сол үйден бір қыз шығып, кетіп бара жатқан машинаны,

таксиді, кідіртуге тырысты. Мен дереу: -Қызым, кідіре тұршы, №270

үй осы ма? –дедім. Ол: – Сізге қай квартира керек? –дейді. Мен: -№2

үй– деймін. Ол: -Ол үйден мен шығып тұрмын ғой – дейді. Мен? –Сен

Баянсың ба?– дедім де, маңдайынан сүйдім. Бұл– 2005 жылдың аяғы.

Баянның үйіне кірдік те,білісіп те жатырмыз. Баяным: – жасымда

керексінбеген әкенің не керегі бар? – деп, көзіне жас алды.Мен: -

Осыған, сенің дүниеге келуіңе, себепкер болған менмін. Мамаң, анаң

болса, біреуге қосылар-ау, бірақ дүниеге келетін сен емес, сенен

басқа біреу болады. Ал бұл жерде сенің дүниеге келуіңе себепкер

болып тұрған менмін.Сондықтан да мен сені көруге өзіме арман

санадым. Міне, көріп те тұрмын.Мамаң, апаң, бар екен ғой, оған да

кездесермін. Ол да мұңын шағар. Бәріне де себепкер менмін.

Өкпелеуің де дұрыс, қабылдаймын.Ендігі қалған бауырың,

туысыңның үлкені менмін. Бұрын жалғызсырасаң, жалғыз емессің,

әпке, сіңлі, аға-інілерсіз емессің. Бәрімен де танысасың, көресің.

Өкпені қойып, бауырға, бауырласқа айналайық! Төркінсіз емессің,

сәбилеріңнің, Айсұлу мен Даниярың да нағашысыз емес. Бұл

табысуымыз кеш болса да, қуанайық! Қуанышымыз ұзағынан

болсын. Сендер жассыңдар, бақытты болыңдар! Осы тапқаныма

бауырластырғаныма қуаныштымын. Мен өз басым да жетімдіктің

жеті атасын бастан кешкенмін. Ол туралы жазғандарым да бар.

Тексіз жерден емеспіз, апаң Шаһарбану да солай екенін бұрын-ақ

білгенмін. Сондықтан да, ақыры іздеумен жүріп таптым. Мұнымызға

Аллаға шүкіршілік етейік»-дедім. Баяным ер балаға бергісіз, қыз да

317

болса, отан иесі,бір отан-шаңырақ екен.Балаларым, келіндеріммен

қатынасып та кетті. «Асыл –ой тұжырымдары» кітапшамда арнайы

жазғаным да бар.

Уақыт өткізу

Қазірде көзәйнекпен оқысақ та кітап – газет оқимын.

Қызықтағаннан гөрі ренжіп қалуым молдау болады: заманның

ағымы, парасатсыз тірліктер оған қоса сөзі бар да, ісі жоқ құр

уәделер. Кейде сол газеттерге өзім де тәрбие жайлы, парасатты

өмір сүру жайлы материал да жазамын, шығады да.

Ертеде бастаған «Бастан кешкен, көз көрген» циклды

әңгімелерімді шабыт келіп қалғанда, күн демей, түн демей қағаз

бетіне түсіруді тоқтатқаным жоқ. Осыным да сол әдеттің жобасы ғой.

«Ауру қалса да, әдет қалмайды дегендей, бұл маған әдетіме

айналған сияқты. Оны істемегенде, не істеймін. Қолдан келері осы

ғана. Бұл да қойылатын уақыттың боларын білемін, әзірге тоқтаған

жоқ. Өз қатарымның азайғанын, Тіпті жоққа да айналып бара

жатқанын «Селдіреп сексеннен асқандар» деген тақырыпта

жазғанмын. Тіпті болмаса, өз жазғандарымды тағы да оқитыным бар.

Ол – менің өмірім, болған шындық. Сол өміріме жалғыздап жалғыз


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю