Текст книги "Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік"
Автор книги: Нарша Булгакбаев
Жанр:
Психология
сообщить о нарушении
Текущая страница: 3 (всего у книги 4 страниц)
санайтын сеніммен бірден қайшылыққа түсуі мүмкін. Кейбіреулері тіпті оғаш, ақылға
қонбайтын, әдеттен тыс немесе қисынсыз, ақылға сыймайтын, жөн-жосықсыз болып
көрініп, сенім жүйеңізді шайқалтауы мүмкін. Таңдау өз еркіңізде: не бұл кітапқа
сеніңіз немесе оған қарсы тұрыңыз. Сіздің өміріңіз сіз қабылдайтын ақпараттың
мазмұны мен мəніне байланысты өзгереді. Кез-келген ақпартты қабылдамас бұрын
оның сіздің қалау, арман, мақсатыңызға – пайдалы, пайдасыз, зиянды екенін
анықтап алыңыз Егер сіз бақытты болуға жəне өзіне деген сенімділікті арттыруға
шын жүректен дайын болсаңыз, онда сіз ақыл-ойдың көзін ашуыңыз керек. Сонда сіз
дұрыс қабылдауды үйренесіз, ақпараттарды жіктеу, саралау, сараптау, талдауды
үйренесіз. Егер сіз шынымен бақытты болуға талпынсаңыз жəне өзіңізге деген
сенімділікті арттырсаңыз, онда сіз өз ақылыңыздың кілтін ашқаныңыз.
Жалпы кітап жазғандағы мақсатым мен сияқты емес яғни кітапта жазылғандай емес, өз ақылыңызбен ақиқатқа сүйене отырып ойлануды үйренгеніңізді қалаймын. Менің
жазған кітабым өзім үшін шындық шығар бірақ ақиқатында ақиқат емес. Ақиқаттың
не екенін біз жоғарыда атап өттік. Бұрынғы шындық деп ойлап келгеніңіздің
ақиқатын дəлелдеген кезде пайда болатын ішкі сезім мен болашаққа деген үміт пен
сенім – шексіз сенімділіктің «негізі» болып табылады. Ескі «жалған», деструктивті
зәулім сарайдың орнына жаңа «конструктивті», «ақиқат» ғимаратын салу үшін
алдымен «жалған» зәулім сарайды фундаментімен қоса жермен-жексен ету керек.
Басқаша айтқанда миыңыздағы бастапқы топырақ құрылымын (структурасын) өзгертіп, бейсанадағы барлық кедергі не қиындық тудырып тұрған ағаштарды шабу
керек.
Мұны сіз толық, сергек, жарқын жəне (іштей) бай, бақытты өмір сүруге кедергі
келтіретін қате фактілердің «негізін» шайқау, сілку, теңселту, жұлқылау арқылы
жасай аласыз. Бұл негіздер («шексіз сенімділік» және оған қарсы «қате фактілер») осы
кітапта талқыланады.
Жалған сенім бостандықты қалай шектейді?
Сенім дегеніміз не? Олар біз шындық деп қабылдаған саналы жəне бейсаналық
ақпаратты білдіреді. Өкінішке орай, жалған сенім еркіндікті, бостандықты шектейді
жəне бізді шынайы ақиқатқа қол жеткізуден айырады. Біз жалпы қалаған нəрсені
ғана қабылдаймыз, қалғандарынан бас тартамыз. Ақиқат ешқашан «қырсық адамға»
ашылмайды. Сіз ондай адамдарды білетін шығарсыз. Олар əрдайым өтірік
«фактілермен» жұмыс істейді, олардың сана деңгейінен асып түсетін нəрсені айтсаң
мойындағысы келмейді жəне оны өзінің ақылына қауіпті деп санайды. Жаңа, ерекше
жəне жарқын ой-пікір, идеяларға олар «жаман» немесе, «қолайсыз» дейтін белгілерді
жапсырады. Ескі, дəстүрлі жəне қате ойларға үйреніп қалғандықтан теріс әдеттері
көп. Олар үшін «ақиқат» қаншалықты ауыр, қиын болса да, шын, дұрыс, тура екенін
түсінуден бас тартады, ал жалған олар үшін жеңіл, оңай, алдамшы болғандықтан
«менікі дұрыс, өзім білемін» деп оны түсінуден бас тартпайды. Ақиқат өмірден, біз
қанша ұнатпасақ та, әрдайым «ізгілік ақиқаттан ғана пайда болады», ал жалған
өмірден, біз қанша ұнатсақ та, əрдайым «зұлымдық жалғандықтан пайда болуы
мүмкін». Өз сенімдерін қорғау үшін бұл адамдар айналасына берік қабырғалар, тастан
қорғандар тұрғызады және соған Құдайдай сенеді. Олар өз сенімдерін құтқару үшін, олар «Ақиқат құрушы, жасаушы, салушылардан» қашып, олардың сенімін қабылдай
алмайды. Ақиқатпен байланысты үзуге шақырады. «Қыңыр, (қисық) сенуші» ойлау
қабілетін жақсарту, үйлесімге келтіру, тәсілін өзгерту туралы ойланбайды, себебі
орта оған мұрша бермейді деп сенеді, бұл оны надан немесе ақымақ қылуы және ақыр
аяғында басқаға тәуелді етуі мүмкін. Ол өзі салған қабырғалардың ішіндегі
сенімдерді ғана көреді, таниды жəне бұл оған ақылдың, сананың шексіз екені жайлы
ақиқатты көруге, тануға, зерттеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай адамдар ақиқаттың, әрқашан оны шектеу үшін қоршаған ортадан алынған кез-келген шындықтан
(ақпараттан) үлкен, жоғары екенін түсінбейді. Иман тұрғысынан мысал: Пайғамбар
сүннеті, Құдай әмірі, Құран сөзі мешіттің сыртында да көрініс табуы керек, ол
мешіттің ішімен ғана, ғимаратпен ғана шектелмеуі керек. Немесе ғылым-білімнің
сыртқы формасымен ғана шектелмеу, ішкі мәнісіне терең үңілу, ең жанды жерін өз
игілігіне пайдалана білу. Сондай нағыз тәуелсіз, санасы шектелмеген, ақиқатпен
әрдайым бірге болатын аламдар көп болсын!
Есіңізде болсын: ақиқат пен шындық синоним емес жəне оларды шатастырмау керек.
Ақиқаттың шындықтан айырмашылығы, ақиқат шектемейді ж/е шектелмейді. Ол
жаңа білімге, ғылымға, әрқашан өсіп, дамуға шақырады. Əр адам ақиқатты
мүмкіндігінше тереңірек түсінуге тырысуы керек. «Қыңыр (қисық) сенуші» барлық
сұрақтарға жауапты білемін, мен танымаған ақпарат жоқ деп ойлайды. Ал ақиқатқа
сенетін адам біледі: адам қанша көп білсе де, əрқашан белгісіз, шексіз ақпараттар қала
береді – сондықтан үнемі рухани ағартушылыққа, алға қарай, шыңға қарай шексіз
ұмтыла береді.
Біз «қате фактілермен» шектелеміз
Егер біз өмірімізді түбегейлі, түпкілікті, жүйелі түрде жақсартқымыз, үйлесімге
келтіргіміз келсе, алдымен бізді мазалайтын проблемалардың себебін анықтауымыз
керек. Ол сөзсіз «қате фактілерде» жатыр. «Қате фактілер» – бұл біз дұрыс, рас деп
санайтын сенімдер, іс жүзінде олардың бәрі шындыққа жатады, бірақ ақиқат емес.
Олар, əдетте, адам қалауына негізделген. Бұлар қате, бұрыс, жалған қабылдаулар. Бұл
ақиқатты бұрмалайды жəне өзін-өзі алдауға əкеледі. Біз бəрін өзіміз қалағандай
көргіміз келеді, ақиқатқа көз жұмып, ал негізі біз «сенімнің дұрыс, түзу призмасы»
арқылы əлемге (қоршаған орта – шындыққа) қарауымыз керек. Біз өмірді
(шындықты) өзімізді өзгерте алатын деңгейде ғана өзгерте аламыз. Ортаны, жақын
адамдарды рухани өсіріп, дамыту үшін адам бірінші өзін өсіріп, дамыту керек.
«Қате фактілерді» яғни жалған сенімдерімізді түсіну арқылы ғана біз өзімізді өзгерте, жақсарта аламыз. Көптеген проблемалар ақиқатқа сəйкес келмейтін үміттерге
байланысты туындайды және ешқашан орындалмайтын армандарға байланысты.
Көңілсіздік – бұл біздің ойымызша, «өмір. . болуы керек» жəне «мен.. болуым керек»
деген қате идеализацияланған идеяның салдары. Бұл құбылыс ақиқаттың кедергісі
ретінде белгілі. Эмерсон: «мен күні бойы не ойласам, мен сондаймын», – деді. Қазір
сізбен интеллектуалды, эмоционалды, физикалық (қозғалыс) жəне рухани, 4
ЖАҒДАЙ тұрғысында болып жатқанның бəрі – сіздің санаңызда болып жатқан
оқиғалардың нəтижесі.
Сіз өзіңіздің қазіргі ақпараттану деңгейіңіз қандай? Сіз тек сана деңгейіңізге
негізделген ақпаратты қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Шынайы сананың
(хабардарлық) нақты деңгейі біліммен, қоршаған ортамен, отбасылық өмірмен, балалық шақтағы тəжірибемен, сəттіліктермен, сəтсіздіктермен жəне діни
сенімдермен анықталады ж/е соларға байланысты. Жақында сіз осы уақытқа дейін, әлі күнге дейін шын, рас деп ойлаған, санаған ақпараттың көп бөлігі шындыққа
жанаспайтынын көресіз, олар іс жүзінде ақиқат болмай шығады.
Ақиқаттың берік негізін құрайтын сенімдер туралы осы кітаптағы баяндалған
материалдарды оқи отырып, танысу арқылы сіз өзіңіздің қазіргі сана (хабардарлық
дегеніміз сіз қаншалықты көп білесіз ж/е қаншалықты ақылыңыз мәліметтерге
толы) деңгейіңізге негізделген ақпаратты қабылдайтын немесе қабылдамайтын
боласыз. Ақпараттың көбісі, өкінішке орай, бұрыс (дұрыс емес), қате, өтірік, жалған
немесе бұрмаланған болуы мүмкін.
Қазіргі сана деңгейін өзгерту ешкімге ұнамайды!
Әдетте келесі себептерге байланысты қазіргі кездегі сана (хабардарлық) деңгейін
өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдіру қиынға соғады, көбісіне ұнамайды. Бұрынғы
себептерге байланысты қалыптасқан сана деңгейімен жұмыс жасау оңай болмайды.
Біздің бейсанамызға сурет салғанымыздың бəрі біздің ішкі портретімізді көрсетеді.
Біз үшін сол портрет «Мен», «Басқа», «Дүние мен Ақырет (өмір)», «Құдай» туралы
түсінігімізге негізделген. Біз оның қаншалықты бұрмаланғанын немесе
бұрмаланбағанын ескермейміз, қарастырмаймыз, сондықтан біз үшін оңай емес.
Біздің ақыл-ойымыз барлық əрекеттер мен реакцияларды (қабылдауды) басқарады.
Өзіңді-өзің ақтау, сылтау айту, жалқаулыққа себеп ойлап табу, әлдеқайда жеңілірек, оңайырақ, бұл ешқандай да «логикалық негіз, дəлел» емес расында бұның барлығы
өзімізге қарсы жалған аргумент, көбісі бұған жаман әдеттеніп алған. Көбіне ұнамаса
да, неге біз үшін өзімізді өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдірудің қажеті жоқ немесе
тіпті мүмкін емес деп есептейміз?
Біз қазіргі құндылықтарымызды қолдайтын сыртқы əсерлерден қалыптасқан немесе
өзіміз ойлап тапқан сенімге, тәжірибеге қарай таңдау жасаймыз. Сонымен бірге, біз
күнделікті қолданыстағы әдеттенеген наным-сенімдерге сəйкес келмейтіндерді
елемейміз немесе тіпті қабылдамаймыз, одан бас тартамыз. Біз бейсана мен санаға
(орталық жүйке жүйесіне) өмірлік/өзіндік жағдайларға, ортаға байланысты дұрыс
емес реакцияларды (сыртқы не ішкі әсерге жүйке жүйесінің жауабы) қабылдадық, əрі
карай дұрыс емес бағдарламаладық. Бұл бізбен не болып жатқанын басқаша емес, дəл
осылай
қабылдауға
мəжбүр
етті.
Басқаша
айтқанда,
біз
өзімізді/өмірді/өзгені/Құдайды қалай қабылдаймыз, ойлаймыз, бейнелейміз, сезінеміз жəне және соған байланысты байланысты əрекет етеміз.
1) Қабылдау + ойлау, бейнелеу + сезіну = әрекет ету.
2) Ақпарат (айналады ой (Аффирмация) мен бейнеге (Визуализация) <ой мен
бейне (оймен бейне айналады сезімге) <сезім (эмоция) = (осы цепочка
бойынша) ең соңында эмоц амал– әрекетті мəжбүрлейді.
Әуел бастан мұндай жүйені біз өзіміз құрған жоқпыз «Орта» (Эпигенетика) құрды
жəне оны біз «тағдыр» деп атадық. Кей адамдар керісінше ойлайды «бәрі біздің
өзімізден» деп. Бастысы біз оның негізгі заңдарын өзгерте, жақсарта, түзете, жетілдіре аламыз, ол біздің қолымыздан келеді.
Біздің миымыз компьютер не робот сияқты, бірақ оларда сезім мен жүрек (бейсана) жоқ, таңдау еркі шексіз емес, қалай бағдарламаланған тек солай ған әрекет етеді. Біз
робот немесе ИИ сияқты болмауымыз керек, мал сияқты ойламай, жүрек пен
бейсананы іске қосу керек. Ондай бейсанасы (жүрегі), эгоизмі, жыны бар «Жасанды
Интеллектті» ешқашан ойлап таба алмайды. Ол үшін ғалымдар миды 100% зерттеуі
керек, ал ол ақырзаман орағанша дейін мүмкін емес. Сіз роботқа инстинкт (төменгі
сана, хайуани сана, эгоизм), интеллект (ақыл-ой), интуиция (жоғарғы сана) сияқты
күрделі эволюциялық жолмен дамыған сананың бөліктерін революциялық жолмен
сала алмайсыз.
«Сенің өзгеруің керек» жағдайлар бар екенін орта бізге айтады, бірақ сонымен бірге
олар: біздің жағдайымыз басқа адамдардың жағдайынан өзгеше емес екенін
айтпайды. Барлығын да проблема бір. Олар бірінші «сыртқы жағдайды» сосын барып
«ішкі жағдайды» өзгертуге тырысады, негізінен бірінші «ішкі жағдайымызбен»
айналысу керекпіз, сосын барып «сыртқы жағдайымыз» өзінен-өзі автоматты түрде
дұрысталып өзгереді, жақсарады, түзеледі. Сыртқы жағдай ішкі жағдайдаға тәуелді,
сондықтан бірінші «ішкі жағдаймен» жұмыс істемей «сыртқы жағдайды» өзгерту, жақсарту, түзету мүмкін емес. Көп адамдар бұл ережеге саналы/бейсаналы түрде
бағынады, егер олай болмаса бұл біздің сенімімізге қауіп төндіретін көп мүмкіндік
пен жақсылықтардан аулақ болуға, кез-келген тамаша идеялардан бас тартуға
мəжбүр етеді. Керісінше бұл бізді жаман әдеттерге жақын болуға жəне біздің рухани
жағдайымызды бұзуға әсер етеді. Мысалы, маскүнемді алайық. Оның көзқарасы
бойынша ішуді жалғастыру ұтымды, қолайлы, (баһралы) жəне қисынды, логикаға
сай. Кейде олар «Мен тек орнымен, ретімен (тойда) ғана ішемін» дейді. Алкоголь
адамның жолын байлап тастайды, мінезді бұзады, отбасылық жанжал мен
материалдық жетіспеушілікке алып келеді. Нашақор, құмар ойыншы, тамақ тұтынуда
өзін шектей алмайтын адам – бəрі де өздерінің құмарлықтарына, тәуелділіктеріне
қатысты бірдей сезімде (эмоция), олардың сенімдері қаншалықты жалған, алдамшы
болса да, қазіргі сана деңгейіне сүйене отырып, өз іс-əрекеттерін сенімді түрде
түсіндіріп, нақты жауап бере алмайды. «Мен өзіме не болып кеткенін білмеймін»
дейді. Олардың ішінде үлкен аргументтік (сенімді қуаттау не теріске шығару үшін
ақылдың бейсанаға келтірілетін дәлелі) соғыс жүреді. Таңдау жасау, шешім қабылдау
кезінде, не «иə» не «жоқ» екенін «Ақыл» (сіздің ерікті ойларыңыз) «Бейсанаға» (сіз
үшін еріксіз, сізді басқарушы) дəлелдеп беруі керек. Барлығы да қазіргі сенім мен
түсінікке, эмоционалды басым ойларға байланысты, ал бейсана мен ақыл соғысында
кім жеңеді сол ерікті іске қосып таңдау жасайды, шешім қабылдайды. Содан екі
иығымызға жазылатын «сауапты» не «күнәлі» амал-əрекет пайда болады.
Мен тек фактіге ғана сенемін дейтін адамдар бар, Бірақ оның Құран шындығымен, Ғылым дəлелдерімен сəйкес келмесе ол факт, ақиқат емес ол сіздің санаңызда ғана
ақиқат, Ал өмір (дүние мен ақырет) сіздің миыңыздағы қабылдаған не ойдан
шығарған заңдылықтарға бағынбайды, ол тек Жаратушы жаратқан табиғат (өмір) заңдылықтарына ғана бағынады. Сананы (адам жанын) өзгерту, түзету, жақсарту
жолындағы ең үлкен кедергілер – қате фактілер (өзімізге дəлдеу тырысатын
аргументтер), жалған сенімдер мен өтірік уағыз-насихаттар, инцидент (ішкі/сыртқы
қақтығыс пен жанжал), казус (ішкі/сыртқы қиын жағдайлар), шындықты ақиқат деп
қабылдау ж/е өтірік, пайдасыз ақпаратты қабылдап жатқанымызды, оның сананы
бұрмалап жатқанын мойындаудан бас тарту. Бұрыс қабылдау осыдан шығады.
Сондықтан кейде біздің өз көзқарастарыңызға күмəнданатынымыз бар. Жалған
ұстанымдарға (позиция, принцип) сүйенетініміз мүмкін екенін тексеру, өте маңызды.
Тұрақсыз адамның наным-сенімдері мен дүниетанымы үздіксіз өзін-өзі сендіру, гиноздау процесіне ұшырайды, ал бірқалыпты тұтас тұлғаның дүниетанымы үздіксіз
өзгеру, жақсару, рухани жетілу, өсу, даму процесіне ұшырайды. Ал егер невротикалық
адам болса, онда ол ұзақ уақытқа дейін өткенге жабысып алады, өзін әлсіз, шарасыз
екендігіне сендіреді, себебі ақылының ойлау жүйесі эмоционалдық бұзылған.
Невротикалық адамның өткен шақтағы шешімдері, әрекеттері туралы ойлана
беруінің жалғыз себебі – ескі, сау модельдерді қайта құруға жəне əдеттерін өзгертуге
өзін мəжбүр ете алмайтын (демотивация мен депрессия) ауыр ішкі дағдарыстар.
Егер сіздің ойыңыз жалған жəне бұрмаланған сенімдер мен құндылықтарға
бағдарламаланған болса, онда сіз өзіңіздің өмір сүру салтыңызды соған сай етіп
жасайсыз, оларды барлық жағынан ақтап аласыз. Сіз ақиқатты жалған деп
қабылдайсыз. Осыдан кейін, өз сенімдеріңізді дəлелдеуге тырысқанда, ақиқатты
бұрмалай бастайсыз. Бір жалған сенім екіншісіне апарады. Бұл нағыз шырғалаң
шеңбер (порочный круг), оны бұзып шығу керек. Әйтпесе сіз ақыл-ой мен əрекет ету
қабілетін əлсіретіп тастайсыз, өзіңізді өмірден жоғалтып аласыз. Сіз өз құйрығын
ойнап қуған итке ұқсап кетесіз. Сондықтан жабық қоршауды, орта сызып берген
тұйық шеңберді жарып шығыңыз!
Бірінші басымдық сіз үшін бірінші басымдық-сананың шекарасын кеңейту. Онда
саған дым жоқ айналайын. Маған өз ісім ұнамайды, рахат, лəззат Поощрение
əкелмейді ТІПТІ ЕРКЕЛІК КерісіншеУрааааа. . Мен бірінші құпияны бітірдім еще
крещение Дəл бүгіндей Құдайғашүкір. Афф Путь не просто Жоқ өте оңай Сондықтан
Хватит действуй дан баста
Ең бірінші басымдылық (приоритет) сіз үшін
Сіз үшін бірінші нөмірлік орында болуы тиіс басымдылық, артықшылық – сананың
шекарасын кеңейту. Ой-өрісі (кругозор) кең адам мал емес. Ғылымның жаңа
көкжиектері, Білімнің тереңдігі, арман, мақсат, жоспарлау горизонты мен
мүмкіншілгі шексіз. Мұны жүзеге асыра отырып, жұмыс істеу арқылы сіз өзіңіздің
көптен бері армандаған сенімді адам болуыңызға мүмкіндік бермейтін, кедергі
келтіретін қате фактілерден, жалған сенімдерден арыласыз. Олар сіздің қаншалықты
бірегей, баға жетпес жəне талантты, дарынды екеніңізді түсінуге қиындық тудырады.
Қажетті оң, жағымды, позитивті нəтижеге жету үшін сізге келесі əрекеттерді орындау
қажет болады.
1. «Дұрыс» ж/е «Бұрыс», «Жақсы» ж/е «Жаман» туралы өз жалған сенімдеріңізді
автоматты түрде жəне негізсіз қорғауды тоқтатыңыз, әйтпесе Кітаптағы «жаңа
идеяларға», «ақиқат ойларға» қол жеткізе алмайсыз.
2. Үміт, сенім мен түсінікті, құндылықтарды (не?), идеалдарды (кім?), болжамдарды
(қандай?), өмірдің мәнін, арман-мақсаттарды, мотивтерді, өз ниетіңізді асыра
бағаламаңыз (тым жоғары баға бермеңіз). Бұл міндетті түрде «Тәкаппарлыққа»,
«Мақтануға», «Бөсуге» алып келеді. Сізге өзіңізге, өмірге, өзгеге, Құдайға реалды, адекватты баға беру қажет.
3. Шынайы рухани қажеттіліктер мен ақиқатты тану, түсіну жəне сүю өте маңызды.
Себебі рухани ақиқат қажеттіліктерін қанағаттандыру белгілі, анық, нақты мотивсіз, дәлелсіз, себепсіз, түрткісіз ең бастысы мотивациясыз (ынталандырусыз) болмайды
4. Өзіңіздің интуицияңызға (ішкі түйсік) сезігштікке яғни «Жоғарғы Сана Құдайға»
сеніңіз.
5. Қателіктерді мойындауды жəне түзетуді үйрену; олардың құнды сабақ беретінін
түсіну.
6. Сүйе білу, жақсы көру, өзіңізді ж/е өзгелерді.
7. Алдын-ала қорытынды жасамай жəне «бұл жақсы», «бұл жаман» деген сияқты пікір
қалдырмай, тыңдауды үйреніңіз жəне олардың айтқанына міндетті түрде бірден сене
салмай соңына дейін тыңдаңыз; «дұрыс» ж/е «дұрыс емес» деп бөлмеңіз, нәтежие
шығармай (іспен дәлелдегенін көрмей), оданша «жалған», «уақытша», «алдамшы»
немесе «ақиқат», «мəңгілік», «шын» деген имани сөздерді пайдалану арқылы сіз
баянды бақытқа бір қадам жақындайсыз.
8. Сіз жақтайтын, қорғағайтын сенімге мұқият болыңыз.
9. Түсіну: жаңа сана сізді жақсы жаққа қарай өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдіру үшін
керекті құралдармен мотивтермен, себеп пен дәлелдермен қамтамасыз етеді, соларды ұсынады. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Менің сенімім ақылға қонымды ма
(рационалды, орынды, оңтайлы, тиімді, ұтымды ма)?», «Мүмкін менікі қате шығар, мүмкін мен қателескен шығармын?». Егер сіз басқа адамға осындай сұрақтар
қойсаңыз, сіз объективті түрде соттасуыңыз керек болар еді. Бұл жағдайда сіз
олардың сенімінің «неліктен қате екенін» сенімді түрде дəлелдеуге міндеттісіз. Өз
сенімдеріңізді дəл осы тұрғыдан қарауды, қарастыруды үйреніңіз. Кез-келген
ақпаратқа күмəн келтіріңіз, сыни ойлау бұл өзіңмен соттасу емес өз жан тәніңді тегіс, жағымсыз, негативті салдарынан аман сақтап қалу. Мал сияқты ойламаңыз, ортаның
не бергенін, не ұсынғанын ойланбай миыңызбен жей бермеңіз. Барлық
мүмкіндіктерді, қабілеттерді қарастырғаннан жəне талдағаннан кейін ғана өзіңізге
сұрақ қойып, қорытынды жасаңыз. Бізге интроспекция (өзіңді өзің бақылау ж/е
зерттеу) керек яғни өзіміздің ішімізгеқарай керек. Оң, жағымды, позитивті жауап
адамға өзін-өзі тану мен өзін-өзі аңдудан қорықпаған кезде ғана пайда болады.
Егер ол батыл, шешімді болса, ол өзі туралы белгілі бір маңызды шындықты ашып
қана қоймай, психологиялық артықшылыққа ие болады. Ол өзінің адамдық қадір-қасиеті туралы «Декларацияға» ресми түрде мəлімдеп жеке өзі қол қойып, өзін-өзі
тануды қалыптастыруға, өзіндік сана деңгейін өсіруге алғашқы қадам жасағандай
болады. (Карл Юнг)
Неге сіз өзгерте ж/е өзгере аласыз
Сенімдер Басым, Күмəнді, Əлсіз болып бөлінеді. Кез-келген өзгерістің бастауы, бастапқы нүктесі – ерікті сананы «Ақылды» шектейтін басым сенімдерді еріксіз сана
«Бейсана» арқылы ауыстыру, өзгерту, түзету. Алда бұл қалай жүзеге асатынын
айтамыз. Өзгерту, Түзету, Жақсарту, Жетілдіру бейсана мен қиялға байланысты ж/е
оларды осы екеуі басқарады. Бұл мүмкін, біз өз өмірімізді өзіміз жасайтын шығармыз, ортаның әсерімен, сондықтан болар.
Профессор Джеймс айтқандай, олар ойлаудың ішкі жақтарын (аспектілерін) өзгертуден басталады. Біз өз тəжірибемізден білеміз, сыртқы өзгерістер ішкі
өзгерістердің салдары екен. «Доминантты Басым ойлар» мен «Сенімдерді» өзгерту. .
арқылы біз бейсанаға жəне соның салдарынан сыртқы жағдайларға əсер етеміз.
Бала кезімізден таныс Алиса туралы ертегіде басты кейіпкердің бір проблемасы
болды. Ол өзінің жаңа əлемін түсінбестен бұрын, ескі таныс заттар туралы жаңа
шындықты (реальность) қабылдауы керек еді, тағы да қайталап айтайын түсінбей
тұрып қабылдауы керек еді, бұл өте қауіпті ғой. Бірақ бұл рухани есею процессі
болатын. Ол жаңа əлемге (өмірге) бейімделуге мəжбүр болды.
Ойын карталарымен кездескен кезде Алиса картаның екі жағы бар екенін байқады.
Егер ол біреуді шынымен білгісі келсе, екі жағына да қарау керек болатын. Басқаша
айтқанда, толық суретті алу қажет болды, сонда ол адамның барлығы екіжүзді (дәл
монетаның екі жағы сияқты) екенін түсінеді. Бұл біздің өмірімізге де қатысты. Өмірді
дұрыс жолға бағыттау үшін мидың ішінде нəтиже бермейтін, жұмыс істемейтін
барлық нəрсені тексеріп, неге бұлай болып жатқанын білу керек (біліп алу қажет). Бұл
біз қазір тұрған жер мен біз қалаған жер арасындағы көпір салуға, құрылысын
бастауға мүмкіндік береді; қазіргі уақытта біз кім екенімізді
жəне кім болғымыз келеді келетінін. Адамның ішкі құлдығының бірінші себебі —
білместік пен надандық, ал бəрінен бұрын – өзіне деген білімсіздік пен надандық.
Өзін-өзі
танусыз,
психологиялық
механизмдердің
жұмыс
істеу
принциптерінтүсінбестен, адам еркін бола алмайды, өзін басқара алмайды жəне
дүниенің құлы атанып, сыртқы əсері күшті күштердің қолында ойыншық болып қала
береді. Сондықтан барлық ежелгі ілімдерде азат ету жолындағы (бостандық алу
жолындағы) алғашқы, бірінші талап «өзіңді біл», «өзіңді таны» болды.
Надандық Өзін-өзі танымаудан, оның психологиялық механизмдерінің жұмыс істеу
принциптерін түсінбей, адам еркін бола алмайды, өзін-өзі басқара алмайды жəне
мəңгілікке құдіретті күштердің қолындағы ойыншық болып қала береді. Сіз бұл
өмірде тұтынушысыщ ба, әлде өндірушісіз бе? Өмірде қандай игроксыз? ПРОДУЦЕНТ
(20%) әлде КОНСУМЕНТ (80%) консумент продуцентке әрдайым тәуелді, ол оның
бағатын малы десе де болады, олар сізге азық береді сіз оларға ет, сүт, жүн бересіз.
Гурджиф «Осы уақытқа дейін біздің ең үлкен проблемамыз, біздің кім екенінімізді, кім
бола алатынымызды, кім болу керектігін және өмірлік миссиямызды білмеу болды»
деді. Өзі туралы жалған өзіндік ішкі портрет (түсінік) шексіз əлеует пен мүмкіндіктің
босатылуына жол бермейді, кедергі келтіреді. Сіз оның сыртында қанша шексіз
кеңістік бар екенін білмейтін торда қамалған құс сияқтысыз. Қате фактілер (ойлап
тапқан), жалған сенімдер (ортадан қабылдаған) сіздің бірегей (уникальный), баға
жетпес талантты, дарынды екеніңізді түсінуге кедергі келтіреді.
Сонымен қорытынды:
Адам қолынан келетін істі басқа біреуге «істеп берші» деп айтуға болмайды. Бұл
«Құлдық Сана» болады. Адам өзінің қолынан келетін істі басқа біреу жасап бергенін
қаласа ол адам «Тәуелді». Адам біреу істегенді қайталау, еліктеу «Қойша ойлау»
болады. Біріміздің артымыздан біріміз неге қойлар сияқты ере береміз? Ол «Мал
сияқты ойлау» болады
2. Құлдық санадан арылыңыз!
Нәпсі = Тән + Жан
Тəн> Жан Тəн <Жан Плохо
Тəн = Жан Хорошо
Тəн, Жан = Рух Отлично
Жалпы нәпсі деп адамның біртұтас ағзасын айтамыз. Ол жан мен тәннен тұрады. Егер
де жан тәнға бағынатын болса онда сіздің жануар, хайуан, малдан еш
айырмашылығыңыз болмай қалады. Бұл жақсы да емес, жаман да емес, бастысы
өзіңіге д/е басқаға зияндығыңыз тимесе болыпты. Ал егер де керісінше тән жанға
бағынатын болса сіздің денсаулығыңыз сыр беріп, дүниені қуып жүріп не ұзақ
мерзімді «Ауруға» шалдығасыз, не ерте өліп шахид боласыз, не дым болмағандай, бейкүнә болып көрініп, дүниелік жеңімпаз болып дүниеден өтесіз. Бұл да солай жақсы
да емес, жаман да емес, бастысы өзіңізге не өзгеге зияндығыңыз тимесе болыпты, пайдасыз тиіп жатса тіпті жақсы. Ал Тән мен Жанды тең деңгей-дәрежеде ұстай
алсаңыз, оларды қытайдың энергия ци сияқты ақ пен қара балықтың үйлесімін
(балансын) орната алсаңыз онда сізді құттықтаймын, сіз шын бақыттысыз. Бұл
жақсы, бірақ әлі идеальный нәпсі емес, бірақ «Шүкір» деп қояйық, осыған жете алмай
жүргендер қаншама. Ең соңғы нәпсінің биік дәреже-деңгейі Рух ол тек мұсылман адам
қайтыс болғанда ғана емес, тек Құранды түгел жаттап алғанда ғана емес, тек
Жебірейіл періштенің есімі ғана емес, сонымен қатар, дүниені құрбан ету, бірақ бас
тартпау, ақыретті бірінші планға қою, дүние арқылы ақыретті жасау, басқаша
айтқанда жаннатқа апарар ұзақ жол. Бұл енді просто чудесно. Бұндай адамдарды
обычно әулие дейді, бірақ қазір айналаға қарасақ әулиелер көп сияқты, Алла артық
біледі.
Құлдық сана мен Ортаның әсері: орта кінәлі емес, олар тек себепкер, бір ақылды адам
айтпақшы «солай болуы керек болып тұр ғой». Тағдырды ғылым бойынша екі салаға
бөліп қарастырады: Генетика және Эпигенетика. «Мүмкін емес» деген сөзді сізге кім
айтады? Сіздің ішкі дауысыңыз (шектелген ой/сөз), бұл әрине «Құлдық санадан»
босатуды талап етеді. Бірақ бәрібір оған сіздің ішкі әлеміңіз де, сыртқы ортаңыз да
сенбейді. Кез-келген салада, әртүрлі мамандықта әрқайсымыз «Кәсіби Шебер»
болуымыз керек. Ақылыңызды осыншама шектеп тастаған кім/не? Сіз соған
ойландыңыз ба? Әрине Құдайдың қалауы деп атайтын «Сыртқы қоршаған орта» мен
«Құлдық Сана».
Жалпы адамды «Құлдық Санаға» алып келетін көп себептер бар, олар: тəуелділік, айла-шарғы (қулық-сұмдық) жасау, конформизм (тобырға ере беру, ортаға бейімделе
салу, жеңілуге келісе салу), құр бос соқыр еліктеушілік, манипуляция, салыстыру жəне
бəсекелестік, мақтану, осы дұшпандарды жаттап алыңыз, сонда сіздің қол аяғыңызды
ешкім/ешнарсе кісендемейді. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. «Құлдық
Санадан» арылу «Сенімділік» үшін не үшін қажет?
Қарапайым формула: Өзіңе баға беруді жоғарылату + Кінә сезімін төмендету –
Құлдық сана = Сенімділік
Өзін-өзі қамтамасыз ете білу
Өзіне сенімді адамды сенімді адамды бала кезден қалыптасқан берік іргетассыз
(фундамент), негізсіз елестету мүмкін емес, ол – «өзін-өзі қамтамасыз ету білу»
немесе «өзне-өзі жеткілікті болу». Көптеген адамдар өзін-өзі қамтамасыз
(САМОСТОЯТЕЛЬНЫЙ) ететін адам міндетті түрде тəкаппар, басқаларға немқұрайлы
жəне ешкіммен дос емес, негативті деп ойлайды. Бұл ең үлкен алдау. Шын мәнінде, ол
өзгеге тəуелді болмай, өзіне деген сенімділік пен салмақтылық пен ұстамдылықты
сақтай отырып, басқа адамдарға жанашырлық танытады. «Өзін-өзі қамтамасыз ете
білу» жолындағы негізгі, басты кедергі – «басқалардың ақылы немесе
интеллектуалды тұрғысы анағұрлым озық, артық дамыған» деген қате сенім, яғни
өзін басқалармен салыстыру самостоятельный болуға кедергі болуы мүмкін.
Нəтижесінде сіз бақыт пен əл-ауқат (дәулет) айналаңыздағы адамдарға, виртуалды
өлі адамдарға байланысты екеніне сене бастайсыз. Бұл Катастрофа, бізге «Адам Бол»
деп қанша рет қақсаса да, тəуелді адам əрқашан сыртқы нəрселерге ұмтылады. Бақыт
пен сенімділік сыртқы адамдарға байланысты емес. Ол үшін адамдарға, сыртқы
жағдайларға немесе Құдайға өзі үшін не істеуі керек екенін сұрайды, бірақ жауаптың
бәрі ақиқатта екенін сезеді (ақиқат ең бірінші іштен басталады), жасап беруді талап
етеді, алайда бәрін өзі жасай алайды (тек үйренбеген не үйретпеген). Нəтижесінде ол
тəуелді («Құл») болуды үйренеді, оны енді оңай басқаруға, манипуляциялауға
болады, ол өз өмірін реттей алмайды, оның орнына ол тобырға еліктейді, салыстырады, мақтанады жəне бəсекелеседі, бағалы уақытын жоғалтады. Соқыр
еліктеушілік, имитация ойынынын ойнайды. Ол енді құл болуға, жеңіле салуға оңай
келісе салады, өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, ол «Сау Инвалид» құсап сүйреп
жүретін, бағатын сыртқы ортаны іздейді, өзіне-өзі жеткілікті бола алмайды, себебі
оған әрдайым басқа біреудің көмегі керек болып тұрады. Ондай адамдардан «Енді не
боламын?», «Маған көмек керек!», «Мен не істеу керектігін білмеймін» деген сияқты
сөздер (аффирмациялар) естуге болады.
Егер сіз ақиқатқа ақылмен емес еліктеумен келетін болсаңыз, сіздің ақиқат сол
тобырдың (көпшіліктің) шындығы болады, Бұл да Құлдық сананың көп белгісінің
бірі. Бұл тарауда біз бүлдіргіш, деструктивті əдеттердің қалай пайда болатынын
білеміз, шексіз сенімді адам қалыптастыруға қалай кедергі болатынын білетін
боламыз. Бірақ алдымен өзіне-өзі жеткілікті бола білу туралы бірнеше сөз.
Өзіне-өзі жеткілікті бола білу
«Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – бұл тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ғана
емес, сіздің бақытқа жете алатыныңызға деген сенім ғана емес, одан да әлдеқайда көп, үлкен сезім (эмоция). Бұл сіздің қандай бақыт пен жетістікке (арманға) ұмтылғаныңызды білдіретін, айтатын ішкі дауысты тыңдау, оны басқара білу үшін
қажетті батылдық. «Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – өзіңіздің ішкі
импульстарыңызды басшылыққа алу, ешкімнен ж/е ешнəрседен, кім болу, не болу
жəне не істеу керектігі туралы ештеңе күтпеу. Себебі өзіңізден басқа өз
проблемаларыңызды ешкім сізге шешіп бермейді, олар тек бағыт, жол көрсете алады, кеңес бере алады, бірақ ол үшін шын білетін, дұрыс адамды табу керек. Оның өзі
сізден 1—2 күннен кейін шаршауы мүмкін, сондықтан өзіңізді шынықтырыңыз
(тренриовка), бұлшық ет қалай шынықса, ми да солай шыныға алады.
Ескертулерді дұрыс оқып, өз интуициямыздағы (түйсігіміздегі) сезігштік, сезе білу
қабілетін ұстануды үйренген кезде, біз өз-өзімізге сене бастаймыз, біреудің əуеніне
билеуді қоямыз, басқа біреудің әнін айтуды тоқтатамыз, өзіміз жаңа ән жазамыз (яғни
мида жаңа «Мен» пайда болады).
Біздің көршіміз айтушы еді: «Қашанғы біреудің тойына бара береміз? Қашан өзіміз
той жасаймыз? Қашанғы әншілерді әңгімелеп соларға таңғала береміз? Қашан өзіміз
əнші боламыз, бізді әңгімелесін, бізге таңғалсын!». Бұл сөздерді тура мағынада түсіну
ақымақтық бірақ менің түсінгенім: (бұл жерде проблема тойда немесе әншілерде
емес) проблеманың бәрі өзімізден екен, неліктен? Себебі біз «Құлдық Санада» екенбіз, той мен әншілердің құлы емес, Ғылым мен Иманның, Құдайдың ғана құлы болсаңыз, қайырлы өмір сүресіз, өкінбей өлесіз!
Тəуелді болу əдетін тану жəне бұзу
Тəуелділік – өзара келісім бойынша құлдық. Бұл тəуелді адам үшін де, оны тəуелді
қылған адам үшін де қорлық (екішісі үшін тіпті азап). Өзін-өзі қамтамасыз ете
алмаудың, Өзіне-өзі жеткілікті бола алмаудың болмауы, екі жаққа да тəн, өйткені
мұндай қатынастар өзара бір-бірін пайдалану негізінде гүлдейді. Сіз басқа адамға
тəуелді болу өте өкінішті деп ойлайсыз. Ия, дəл солай! Өйткені өзіңді жоғалту – бұл
үлкен проблема. Адам қабілеті әрі қарай дамымай, байлық пен бар нығметінен
(уақыт, денсаулық, отбасы) айырылуы мүмкін. Тəуелділіктің нақты белгісі ретінде сіз
өзгелерді үнемі төменнен жоғары қарай қарап, оларды өзіңізден жақсырақ деп
санайсыз. Өзіңізді біреумен салыстыруға тырысып, сіз психологиялық құлдыққа
түсесіз. Басқаларға сенім арту жəне оларға тəуелді болу əдеті кейбір адамдардың
санасында соншалықты терең болғандықтан, олар басқа адамның (залымдардың) пайдасы үшін өздерін толығымен жанын құдыққа тастайды. Мен де көп нәрсеге
тәуелді болғанмын. Егер сіз залым адамға, бұзылған қоғамға, адасқан дінге, виртуалды әлемге, әлеуметтік желілерге соқыр адалдықпен жабысатын болсаңыз, онда сіз қауіпсіз бола аламайсыз. Залымдар біреуге өз зияндығын тигізу үшін, зұлымдығын іске асыру үшін сізден әрдайым кері байланысты (жауапты) күтеді.