355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Нарша Булгакбаев » Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік » Текст книги (страница 1)
Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік
  • Текст добавлен: 19 ноября 2021, 02:01

Текст книги "Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік"


Автор книги: Нарша Булгакбаев


Жанр:

   

Психология


сообщить о нарушении

Текущая страница: 1 (всего у книги 4 страниц)

Нарша Булгакбаев
Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік

Мен кіммін?

Данышпан адамдар өзін тану үшін осы сұрақты өзіне жиі қойған, бірақ сол сұраққа

жауап табу үшін олар көп жылдар бойы «Мен Кіммін?» деп жалғыздықта өмірін

өткізіп, дүниеден толық бас тартқан. Менің ойымша бұлай жасаудың қажеті жоқ және

менің көзім жеткеніндей жауап бар, ол міндетті түрде табылады. Оны сырттан да, іштен де іздеу керек, бірақ ең алдымен маған бұл сұрақтың жауабын ішкі түйсік

(бейсана) берді, себебі мен оған осы сұрақты тоқтаусыз қоя беретінмін, және өзім

қалаған емес («Мен жазылуға лайықты емеспін», «Менің шаруам осымен бітті», «Мен

жеңілдім»), Құдай қалаған жауапты алдым: «Сен жазылуға лайықтысың!», «Сен

бәріне де дәлелдейсің!», «Сен жеңіп шығасың!»

Менің есімім Нарша, қазақпын! Мамандығым – жалпы тәжірибелі әуесқоймын

(өзімді солай санаймын), жоғарғы білімім жоқ. Бірақ оқығым келмегендіктен емес,

«Жаман Ауруға» шалдыққандықтан, ЖОО (-ны) тоқтатуға мәжбүр болдым. 5 жыл

бойы мен өте теріс, жағымсыз, негативті аурумен күресіп жүрмін, жеңетініме шексіз

сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да жаралған оның емі де жаралған.

«Жаман Ауру» жайлы

Анам бірінші түс көреді, сосын мен бірнеше күннен кейін қатты ауырып жатып

қаламын, содан кейін өмір өз бағытын түбегейлі өзгертеді, мен «Жаман Ауруға»

шалдығамын (2017), содан кейін дәрігерлермен сандалу басталады, олардан

ешқандай қайыр болмайды, одан кейін барлық нәрсеге қызығушылығым жоғалады.

Мен бірнеше рет бір жерден екінші жерге көшіп, көптеген қиындықтарды бастан

өткердім. Мен өмірдің қызығы туралы мүлдем ұмытып кеттім. Бірақ мен бес жыл

бойы аспанға (потолокқа) жай қарап жатқан жоқпын. Әйтсе де қиын, ауыр кездер

(күйзеліс, депрессия, агрессия) болған жоқ деп айта алмаймын.

Маған бәрібір жоғалтатын ештеңе жоқ еді. Мүмкін маған аз ғана өмір қалған шығар

деп, қалған өміріміді жақындарыма арнауға, оларды бақытты етуге, қуантуға

тырысып көрейін дедім, бірақ болмады, мен басқаларға бақыт сезімін бере алмадым, олар (ата-анам) керісінше менен де қатты күйзеліске түсті. Бірақ мен содан кейін ең

маңызды нәрсені түсіндім: ең әуелі өзімді бақытты етпей, басқаларды бақытты ете

алмайтынымды түсіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, басқаларға

ешқандай пайдам да керегім де жоқ екенін сезіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты

етпестен, аурумен күреспестен, басқаларға ешқандай пайда келтіре алмайынымды

білдім. Жалпы адам «жаман» не «ауру» болса, ол адамның ешкімге керегі жоқ екенін

де байқадым.

Мұқтаждықтан ауру түрлеріне, жалпы медицинаға байланысты көбірек білгім

келетін. Аурумен күресу үшін уақыт пен еңбек қажет екені мен үшін белгілі болды, оған дейін мен уақыт проблемасы мен сол еңбекке деген мотивацияны, сенім мен

үміт, әрекет ету мәселелерін шеше алмайтынмын.

Бірінші жылдары төселу, бейімделу маған оңай болған жоқ, бірақ әрі қарай өзімді

өзгертумен, Алланың қалауымен күресуді үйреніп, меңгеріп, игеріп кеттім. (Құдайға

шүкір) Дей тұрғанмен күресім әлі жалғасуда. . Жалпы менің басты арман мақсатым

кітапты жазып үлгеру болды.

Әкеден естіген ақылым күнделік жаз күнделікті сосын 20—30 жылда әсемдеп

көркемдеп, сенің жеке өмірлік кітабың болады, Мен оған «оны онсызда екі иықтағы

періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім.

Басында «Одан да басқа іс табуға болады ғой», «Пайдасыз іс емес па?» «Қолымнан

келмейді», «Денсаулығым жарамайды» деген ойлар болды. Одан кейін «Әйтеуір ермек

қой зияны жоқ шығар», «Болмаса болмас, болса болар» деп ойладым. Бірақ мен көп

іздендім, таптым, болдым.

Бір жыл өткеннен кейін кітап жаза бастадым, ауырғанға дейін де менде күнделігім

болатын, бірақ аурумен күресу үшін (өзімді алдау үшін, ермек үшін емес) «Мен нақты

кітап жазуға шешім қабылдадым». Менің ерікті (саналы) түрде айтқан алғашқы

аффирмациям осы болатын.

Жүздеген адамдардан, кітаптардан үйде отырып-ақ ақыл-кеңес, шабыт, мотивация

алдым. Сондықтан мен бұл кітаптың біреуге керек не пайдалы екеніне сенемін.

Басқалар басқаша ойлауы мүмкін, себебі әр адамның сана деңгейі әр түрлі.

Көптеген онлайн аудио/видео курстар (сабақтар) мен кітаптар маған үлкен әсер етті.

Олар мәтінді өздері құрастырады, оқиды, жазады. Ата-анаммен бірге олардың

тұжырымдамаларын қалай тыңдап, талқылағанымыз әлі күнге дейін есімде. Біз

естігендерімізден таңдануды тоқтатқан жоқпыз. Кітаптар мен аудио/видео курстар

бізге ғаламның негізгі құпияларын ашты деп айта аламыз.

Жалпы алған пайдалы білімімнің барлығы менің жадымда мәңгі сақталды деп

ойлаймын. Оның арқасында мен бақытты адам болуға көмектесетін ойлау тәсілін

қалыптастырдым.

Көрінбей кеттің ғой

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады ғой. Менің әлі тірі екенімді көбісі ұмытып

қалған да шығар, түрімді біраздан бері көрмегеннен кейін. Бірақ өзімнің басқалармен

қарым-қатынас жасауға ниетім болмады. Мені достарымың бәрі де «Неге жоқ болып

кетті?» деп ойлаған шығар! Достар менен қашқан жоқ, мен өзім ешкіммен араласқым

келмеді, себебі сырт маған не бере алады, оған қоса осындай жағдайда, бәрін іштен

іздеу керек еді. Мен қай жерден қателестім? Мен оны кімнен білемін? деген

сұрақтардан бастадым.

Жалпы менің кітап жазудағы негізгі мақсатым: менің жасаған қателіктерімді

ешкімнің қайталамағанын қалаймын. Осы уақытқа дейін мен және көпшілік адамдар

жасап келген қателік – дұрыс қабылдамау (өзін, қоршаған ортаны, Құдайды) дұрыс

ойланбау (немесе мүлдем ойлана алмау), дұрыс әрекет етпеу (яғни дұрыс таңдау

жасап, дұрыс шешім қабылдамау), өзін-өзі дұрыс басқара алмау (нәпсісіне ие бола

алмау) және өзін тура жолда алып жүре алмау (адасу мен шатасу).

Өзімнің ойым: кітап жалпы адамды ойлайдыра да, күлдіргі де, кейде жылата да білу

керек. Сонда ол адам жүрегінен орын табады. Кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз

мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап

көмектесу үшін оны қайта қайта оқу керек, себебі адам бейсанасына бір оқығаннан

бәрі жазыла салмайды.

Бір танымал ойында айтқандай: Біз қараңғылықта әрекет етеміз, Жарыққа қызмет

ету үшін. Мен бұл кітапты қараңғылықта да жаздым, жан жарығымен де жаздым.

«Жеңдім» дейтін шексіз сенімділік бойымда бар, сондықтан ешкімнің де үміті

үзілмесін, сенімі жоғалмасын.

Менің қазіргі денсаулық жағдайым әзірше күшті деп айта алмаймын, себебі мен әлі

күресу үстіндемін. Бірақ «Рухани» жағдайым жақсы. Шүкір! Ақиқатқа Шексіз

сенімдімін!

Арнау

Біріншіден, бұл кітапты мен өз өмірін жақсартқысы келетіндердің барлығына

арнаймын. Себебі өз өмірін жақсартқысы келмейтін адам жоқ шығар деп ойлаймын.

Өз өмірін жақсарту үшін шексіз сенімді болмай болмайды. Сенімділік барлық адамға

қажет. Бұл сөздің тамыры сенім сөзінен өсіп шыққан. Жалпы сіз ойлауыңыз мүмкін

«сенімі жоқ адам болмайды ғой, әйтеуір бір нәрсеге сенеді ғой» деп (өзіне, басқаға, өмірге, Құдайға, бір затқа), бірақ бұл жерде проблема сенімнің болу болмауында емес, оның дұрыс болмауында, оның ақиқатқа сай болмауында. Бұндай жағдайда шексіз

сенімділік қалыптаспайды, оның орнына жалған өмір, «Құлдық Сана» мен тәуелділік

қалыптасады. Бұл жай ғана қарапайым жамандық емес, сондықтан сізде бұл ауру бар

болса, күлімсіреу арқылы ұялып бұл дерттен қашпай, оны емдеуіңіз керек. Бұл туралы

сізге ешкім айтпайды. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары (СМИ), телевизор

(жаңалықтар, бағдарламалар, жарнамалар), дәрігерлер мен ата -аналардың жартысы

сізге теріс, негативті, жағымсыз ақпараттың қауіптілгі мен «зияндылығы» туралы

айтпауға тырысады, керісінше «Құлдық Сананың» жалған, өтірік пайдасы туралы

насихаттайды. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желіні қолдану кезінде мұны

байқауға болады. Сіздің назарыңызды аудару үшін олар сізге Аудио-Визуалды миға

шабуыл жасайды.

Сізді дүние алдап жатыр

Көптеген адамдар өз уақытын өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге тәуелді

болуды, өз санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды қабылдауды пайдалы және тіпті

қажетті деп ойлайды, бірақ менде бұл логикалық негізсіз тұжырымдарды жоққа

шығаратын көптеген дәлелдер бар.

Адамға құлшылық ететін адамдар бар. Көптеген адамдардың тіпті әркімнің десе де

болады табынушылары, құлшылық етушілері (гик, фанат) бар. Олар көбінесе бай

кәсіпкерлер, спорт немесе өнер жұлдыздары, өздерін солардың жанкүйері екенін

(құлы екенін) ашық айтады. Сырт көзге олар солардың құлы сияқты көрінеді.

Киім киісі, жүріс тұрысы, тіпті шаш үлгілеріне дейін қайталайды. Олардың өмірін

күнделікті бақылайды, қызықтайды және олардың істегенінің барлығын

қайталайды. Бұл пайдасыз еліктеушілік пен тәуелділік дерті, бұдан да арылу керек.

Жалпы танымал адамдар (жұлдыздар), шіріген байлар репутациядан (абырой-беделінің) айрылуына, жеке басының, дүние мүлікінің қауіпсіздігіне қатты

алаңдайды екен. Танымал адамдардың менің ойымша көбісі іштей емес тек сырттай

ғана бақытты болып көрінетін сияқты Олардың (кәсіпкерлер, билік өкілдері, спорт

және өнер жұлдыздары) көбісі өлім қаупінен қорқады, өзіне күш қолданылудан

қорқады, ал кейбіреулер «мен ешнəрседен қорықпаймын» деп жария қылса да, ішкі

күйзеліс (стресс) оларды жейтін сияқты. Себебі олар әрдайым махаббат (лайкер) пен

ғадауатпен (хейтер) майдандасып, депрессия мен үрейде жүруі мүмкін. Негізінен олар

жаман, теріс, негативті комментарийлар мен қоқан-лоққы (блеф) үркітеді деп

қорқады.

Олар өздерін дәлелдеген тұлғалар ғой деп: «Біз олардың аяғының астында құрдай

жорғалап жүруіміз керек, оларды қызғанып емес керісінше қызығып үйренуіміз

керек, олардың бақыт пен сәттілік, жетістік пен жеңіс жолын білуіміз керек» деп

қарсылық білдірерсіз, алайда олар осыншама бақ-нығметке, бақытқа қалай қол

жеткізгендерін көбісі өздері де білмейді, себебі бұл тағдыр мәселесі. Сондықтан да

оларға шексіз құл (фанат) болғаннан жақсылық табамын деп ойламай-ақ қойыңыз.

Тағы да бір Мысал: почтадағы Спамнан жақсылық табамын деп ойламай-ақ қойыңыз, сіз ол жаққа кірсеңіз «Жарнама» мен «Азғырудан» басқа ешнарсе таппайсыз.

Пайдасыз, зиянды шындықты ғана табасыз. Сол сияқты көптеген сайттар да

(жаңалық сайттар т.б.) мобильді қосымшалар, ойындар да әлеуметтік желілерде де

дәл сондай жағдай. Бұл ақиқатты бәрі білуге тиіс. Жағымсыз, негативті, теріс шындық

пайда бермейді, оң, жағымды, позитивті шындық пайда береді. Бұл ақиқатты да

білуге тиіссіз.

Адам тек бір Аллаға ғана құл болып, бас ию шарт. Егер де шыныменен де бұл өмірде

сәжде етуге лайықты адам болатын болса, мен соған лайықты біз көре, ести, байқай

бермейтін «адамдар арасындағы періштелер».. Өзінен шәкірті озған «Ұстаздар»,

«Имани Ғалымдар», «Игі Жақсылар» жайлы айтар едім.

Менің көзқарасым – бақытты және жарқын өмір «Құлдық Сана» мен «Тәуелділікпен»

үйлеспейді, өйткені бұл әрекеттер күшті психологиялық әдетке айналады. Біз

білместіктен зардап шегетін басқа адамдарға бұл туралы білуге шын жүректен

көмектескім келеді.

Бұл кітап – зиянды ақпараттардың салдарынан арылуға және өмір салтын жақсы

жаққа қарай өзгертуге ұмтылатын адамдар үшін.

Күн сайын бізге проблемалары неде екенін интуитивті түрде болжайтын адамдар

келеді, егер сіз біздің көзқарасымызды қолдайтын болсаңыз, онда сіз жолда бізбен

бірге боласыз. Адамдар бұл зияндылықтың зияндылығы туралы білген сайын, айналамыздағы әлем таза болады, идеалды түрде «Құлдық санасыз» және

«Тәуелділіксіз».

Адам бір-біріне құрметпен және өзара жанашырлықпен қарауды. . т.б. пайдалы

амалдарды әдетке айналдыру керек, сондықтан мен өз өмірінде зиянды әдеттерді, тәуелділікті және құлдық сананы қабылдамайтын әрбір адамға шынайы

қуаныштымын.

Сіз кітаппен танысу үшін алдымен кітап мазмұнын яғни 3 бөлімді және әрқайсысына

сай тақырыптарды қарап шығыңыз. Кіріспе жұмыс ретінде қарастырыңыз.

Кітаппен бірге болғыныңыз келгеніне рахмет. Сізге өмірдің әр сәтінде сәттілік

тілеймін! Сіздің осы кітапты оқуға мүмкіндік алғаныңызға ризамын. Оған жұмсалған

уақыт пен күш-қуат сізді көпшіліктен ерекшелендіреді (текке зая кетпейді). Сіз

өзіңіздің шексіз әлеуеті бар жаныңызды зерттей отырып, сіз тек жетістікке жетіп

қана қоймай, өзіңіз де (әзірше) білмейтін қабілеттеріңізді дамытып қана қоймай, өзгелерге көмектесуге және сізден үлгі алуға мүмкіндік беретін көптеген пайдалы әрі

дәлелді ақпараттармен таныс боласыз.

Жалпы бақытты өмір сүргісі келмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Әркім әрдайым өз

өмірін жақсартқысы келеді, өмірі сол жақсыға (деңгей-дәреже) жеткеннен кейін одан

сайын жақсартқысы келеді. Түпкі мақсаты бір болу емес көпшіліктен ерекшелену.

Тағы да бір жалған Құдай пайда болады Тағы да сол табынушылар

Екіншіден, кітапты жалпы өзімнен дейінгілерден бұрын кейінгілерге арнаймын, яғни

өсіп келе жатқан балаларға, кризисқа тап болған бозбала жастарға арнаймын. Өзімнің

бозбала кезім есіме түссе зәрем ұшады (бірақ қазір олай емес әрине). Осы кітап маған

сол кезде бұйырғанда көп нәрсе болмаған болар еді, дайын асты жұта салар едім.

Дегенмен өзімде де ынта болмады, оның үстіне адамның ақылының кіруіне жасы да

үлкен роль атқарады екен.

Егер сіз бұл идеологияларға қарсы болсаңыз онда бұл кітап сізге арналмаған.

Қайтадан амандассақ, артық болмайды СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚҰРМЕТТІ

ОҚЫРМАНДАР!

Сіз бүкіл өміріңізді түбегейлі өзгерте алатын кітапты оқиын деп отырсыз. Мен

ұсынып отырған, толығымен шынайы, өте нақты және дәлелденген практикалық

тәсілдердің арқасында сіз өзіңіз және өмір жайлы шындықты тек өзіңіз қалағандай

емес, 3 қалаудың басын біріктіре отырып («Өз Қалауым», «Орта Қалауы», «Құдай

Қалауы») үйлесім (баланс) қалыптастыра аласыз. Мұнда сіз танысатын барлық

ақпарат уақытпен тексерілген, тәжірибемен дәлелденген психологиялық және

метафизикалық әдістеріне және бақытты болудың әмбебап (Жаратушы) заңдарына

негізделген.

Төменде келтірілген принциптердің тиімділігінің жалғыз дәлелі, егер сіз оларды

қолдансаңыз ғана нәтиже бола алады. Мен олар туралы қалағаныңызша айта аламын, бірақ олардың жеке тәжірибесіндегі және өмірдегі нақты өзгерістердің нәтижесі ғана

сізді сендіре алады.

Бұл әдістер (методика) шынымен көмектесе ме?

Мен сіздің зияткерлік қабілетіңізді өте құрметтеймін, өйткені мен мұндай

мәлімдемелерді негізсіз жасаймаймын, ой-пікірлерді негізсіз айтпаймын және сіз

менің сөзімді қабылдайсыз және жазғаныма сенесіз деп үміттенемін. Төменде

келтірілген қағидалардың (принцип) тиімділігінің бірден-бір, жалғыз дәлелі, егер сіз

оларды шынайы ниетпен қолданған кезде ғана реалды нәтиже болуы. Сондықтан

кітаптың айтқанын дәлме-дәл орындау өте маңызды, ол жүрек пен сезімді

(эмоцияны) іске қосу арқылы ғана жүзеге асады.

Мен кітап туралы өзіме ұнағанынша, сіз қалағаныңызша айта бере аламын, бірақ

жазылғанды жеке тәжірибемен бастан өткізген кезде ғана, өмірде нақты өзгерістерге

жеткен кезде ғана, кітапты тестілеуден өткізіп нәтижесін көрген кезде ғана, сізді

менің айтқандарым сендіре алады.

Барлығы болмаса да, көбіміз өмірімізде кем дегенде бір рет жетістікке, табысқа

жетуге және өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге үйретуге арналған арнайы

кітаптарға, аудио/видео сабақтарға (онлайн), курстарға немесе семинар-тренингтерге (оффлайн), ең сорақысы марафондарға (әсіресе үш күндік, үш күнде

адам қалай өзгереді? Ақылға сыймайды) жүгіндік (біреуіміз еліктеушіліктен, біреуіміз шарасыздықтан). Алла намаздың өзін күніне бес уақыт өмір бойы «оқы» деп

бұйырған еді.

Олар бізді шабыттандырды, жігерлендірді, біз тіпті өмірімізде бір нәрсені өзгерте

бастадық, бірақ бірнеше күннен кейін немесе бірнеше аптадан кейін бәрі баяғы

қалпына келді. Неліктен? Бұл кітаптардың көбісі, тренинг пен семинарлардың

барлығы тұрақты өзгеріске жету туралы емес (тепе-теңдікке қалай қол жеткізуге

болатындығы туралы айтпайды). Олардың ұсынған шешімдерін қолдану, күйіп

қалған тортты (тесто) тәтті глазурьмен безендіруге ұқсайды. Ол қаншалықты әдемі, дәмді, тәбетті болғанымен, ерте ме, кеш пе, оның ішінде жасырылған қара күйікті

татып көріп, міндетті түрде ішінде жасырылған сырын ашасыз. Позитивті ойлау —

бұл әдемі глазурь, ал торт (пирог) – бұл біздің нақты нәтижелерге қол жеткізуге

кедергі болатын сенімдеріміз.

Егер сізге позитивті ойлаудың нәзік жанасуы мен өмірден алынған түрлі-түсті

мысалдары бар, тек сөре кеңістігін алатын және оқырманнан баға жетпес уақыт

алатын әдемі шабыттандыратын ертегі қажет болса, онда бұл кітап сізге арналмаған.

Егер сіз қолдан піскен (домашний, натуральный, диетический) тортқа тойғыңыз

келсе, жаңа піскен нанды майға баттастырып жаққыңыз келсе, бірақ оның орнына

шала піскен, зиянды, іші күйген, сыртын әдемілеп глазурьмен әсемделіп, шылап

қойған тортты іздесеңіз немесе қатып, кеуіп қалған, көгеріп кеткен нанды іздесеңіз, онда сіз іздегеніңізді бұл кітаптан таппайсыз.

Бұл кітап Тек позитивті ойлау (баға беру) жайлы емес, дұрыс ойлау (дұрыс бағалау) жайлы. Жалпы ойлаудың (өзіне-өзі баға берудің) үш түрі болады: позитивті (дұрыс та

емес бұрыс та емес, бірақ зияны жоқ, пайдасы бар), негативті (бұрыс, зиянды) жән

адекватты, реалды ақиқатқа сүйенген (дұрыс, пайдасы шексіз, зияны мүлдем жоқ) Бұл кітапта шексіз сенімділікке жету, дұрыс әрекет әту, шын бақытты болу, арман, мақсат пен жоспарларды жүзеге асыру, туралы айтылады. Егер сіз тек оң, жағымды, позитивті ойлаумен ғана шектелетін болсаңыз, тек сөреде орын алып, оқырманның

баға жетпес уақытын алып, әдемі, әсем, шабыттандыратын ертегі қажет болса, онда

бұл кітап сіз үшін емес. Егер сіз эфемерлі (баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша) позитивті ойлаудан гөрі байсалды, байыпты, шынайы және нақты кітапты іздесеңіз, онда сіз мұнда өзіңіз үшін көптеген пайдалы ақпараттарды таба аласыз.

Сіздің қолыңызда «Бақытты Болудың» дәлелденген формуласы бар, ол позитивті

ойлаумен шектелмей, қажетті нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін уақытпен

және тәжірибемен тексерілген «Ақиқат» жолындағы «Жетістік» пен «Жеңіс»

формуласы. Бұл кітап сізден уақыт пен назарыңызды, мұқият оқуыңызды және

байыпты, байсалды қарым-қатынасты, көзқарасты қажет етеді, бірақ соңында оған

жұмсалған әрбір минут, сағаттар өте жақсы ақталуы қажет, көркем нәтиже беруі

қажет.

Мен сіздермен білімімен бөлісу құрметіне ие болғаныма өте ризамын. Егер сіз дайын

болсаңыз, онда жаңа, бақытты өмірге сапарымызды бастайық!

Мен үшін ең үздік Аффирмация «Мен жақсылыққа, бәрі жақсы болатынына сенемін, иншалла!»

Ал алдағы кітаптарда екі дүниені де шын бақытқа айналдыру (есіңізде болсын: дүние

– себеп, ал ақырет – дүние амал-әрекеттерінің салдары) жайлы болмақ. Еш

қынжылмай-ақ өмір сүру, екі дүние бақытына қол жеткізу арқылы, қайырлы өмір

сүріп, өкінбей өлу жайлы болмақ.

Егер де сіз тек дүниені ғана немесе тек ақыретті ғана сүйіп, дүниені ғана немесе

ақыретті ғана таңдайтын болсаңыз ол бөлім сізге арналмаған. Бұл бөлім екі дүниені

біртұтас, үйлесімде (баланс и покой) екенін дәлелдеу үшін, екеуін қатар сүйіп, ең

бастысы бірі себеп екіншісі салдары екенін түсінсеңіз жетіп жатыр. Себебі Сіз

ақыреттік сауапты амалдарды да дүние тұрмыс-тіршілігін де «Бір ғана өмірде

жасайсыз – Тек осы және бар Дүниеде!»

Дүниеге өзіңді өзің еңгізбесең, біреуді біреу қолтықтан сүйреп жүргенді көп байқай

алмайсың. Адам екі дүниеде де бақытты болуы үшін жаралған. Бұл дүниесі алынған

адам болса да Мәңгілік Өмірде түбінде бақытты болуы үшін жаралған.

Егер бұл сөздерден кейін сіздің ішіңізде соғыс басталса және бұл идеологияларға

қарсы болсаңыз онда бұл кітап сізге арналмаған.

Кіріспе

Бұл кітаптың болсын жалпы барлық (пайдалы) кітаптың тірі организм сияқты жаны

бар деп ойлаймын. Себебі оларды ақыл иелері жазды ғой. Кітап дегеніміз сыртқы

әсемделген форма (дизайн) емес керісінше ойландыруға шақыратын әріптер, сөздер, идеялар болуы тиіс. Көптеген адамдар күнделік не кітап жазуға тағаты қалмайды, себебі көбіміз шыдамсызбыз және асыққанды ұнатамыз. Сондықтан табандылық

адам мінезінің басты қасиеті болуы керек.

Сапалы кітап айлап жылдап жазылады. Күнделікті жинап теріп оқығаны, барлық

жазбалары (жазу және оқи білуді бұрын арабтар сауат, қазақтар хат дейтін) жиналып

кітапқа айналады (жазушы) не көкірегінен сөз болып шығады (ақын). Әр адамның

өзінің жеке өмірлік кітабы болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі оқу мен жазу миды

қозғалтатын, ойландыратын үлкен күш, тек ықылас болса болғаны.

Бұл кітапты мен 12 жастан жинап терген әр түрлі хаттардан құрастырдым, ойыма

келген немесе сыртқы ақпараттарды пайдалану арқылы жаздым.

Шайтанға желінбеудің басты жолы ретінде мен идеялар мен тәжірибелерді,

«Пайдалы Білім» жинап, тере отырып, соңғы «Ғылыми Дәлелдерге» сүйене отырып,

«Имани түсініктерді» пайдалана отырып жаздым.

Мен бұл кітапты жеке тәжірибем мен көптеген адамдармен көпжылдық қарым-қатынас (онлайн) арқылы жинақталған бақылауларымменен бөлісе отырып, жемісті

өмір сүруге көмектесу үшін жаздым. Себебі мен өзімді өмірді (дүние/ақырет) және

басқа адамдарды зерттегенді ұнатамын.

Сізге бақытты әрі дұрыс өмір сүру үшін бір нәрсе қажет деп айтты: «жаман ойлама»

деді. Сізге «жігерлі бол», «жақсы ойлар ойла» деп кеңес берушілер дұрыс айтады, бірақ

олар сенімділік пен бақыттың мәнісін дұрыс түсіндіре алған жоқ. Бала кезімізден

табысқа жету және жемісті өмір сүру үшін қарапайым тілек тілеу, қалау (ниет) жеткіліксіз екенін бәріміз білеміз. Себебі әрекетсіз ешнәрсе шешілмейді деп (орта) бізді тәрбиелеп келді. Өмірге келген шақтан бастап сіздің тәніңіз өсіп жаныңыз

дамиды. (ананы сұрайсыз мынаны сұрайсыз, себебі сізге бәрін білу, тану қызық

болды) Әрі қарай сіз өсе, дами келе өзіңіздің жасыңызға сай сізге мұқтаж, қажет, керек

нәрсені ата анаға тәуелді болмай, қашан өзіңіз таба бастайсыз, сол кезден бастап бәрі

сізді «адам болды» деп айтады. Бұл сенімділік жайлы миымызға қонған (дұрыс) түсінік (болатын.) Ал сіз үшін адам болу деген не?

Ал енді жетістікке (арман, мақсат) қалай жету керектігі жайлы бізге не айтты? Әрине, бізге: «Сенен талап етілетін нәрсе – өз өміріңді өзгерту туралы қатаң шешім

қабылдау, ерік-жігер мен қажырлы еңбек керек сонда сен ұмтылғаныңа, қалағаныңа

жетесің», – дегенде біз өзімізді сенімді сезіне бастайтынбыз. Бірақ өкінішке орай, келесі күні немесе аптада көпшілігіміз жақсы ниетімізді ұмытып, ескі жағымсыз

әдеттерге қайта ораламыз, ал арман мақсатымыз сол арман мақсат күйінде қалып

қояды. Бір қызығы біздің «жаңа жыл» кезінде дұрыс өмір, жаңа өмір бастауға деген

шешіміміз қаңтардың ортасына қарай жоғала бастайтын. Сондықтан та өзгеремін деп

уәде беруді көбіміз қатырамыз, бірақ уақыт өте келе дұрыс өмірді бастауға деген

берік шешіміміз жоғала бастайды. Неліктен? Себебі Адам тұрақсыз және ұмытшақ

болып келеді. қалыптасқан. Көбісі ойлайды жаратылған деп жоқ олай емес

қалыптасқан. Біз мінсіз, кіршіксіз сәби болып жаратылған едік, бірақ сұм…

(нәпсі/шайтан) азғыруын тоқтатар емес.

Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау

жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз

жағдайымызды дұрыс (шын) бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан

түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.

Жалғыз ерік-жігер жеткіліксіз, өйткеніпроблеманың мәні «қате (бұрыс, жалған, өтірік) ақпарат қабылдау» болып табылады. Ақпарат ағыныныда адам пайдасыз

ақпаратты тез оңай жаттап алады, ал пайдалыға біраз бас қатыру керек болады.

Мен әртүрлі мамандықтағы (кәсіптегі) және әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы

адамдармен кездесуге тура келді (онлайн) және олардың әрекеттерінің тиімділігі

немесе тиімсіздігі, сәттіліктері мен сәтсіздіктері, олардың интеллект деңгейімен

немесе жетістікке жетуге деген ерік-жігерімен, шешім қабылдауымен ешқандай

байланысты емес деп сендіре аламын. Сәтсіздікке ұшырағандар қоршаған орта, шындыққа (өмірге) дұрыс көзқараспен (сенім, ой-пікір, түсінікпен) қарамайды.

Сондықтан олар өздерінің отбасын, кәсібін, жалпы өмірді (дүниені) «дұрыс емес» деп

және өзін де (ұғым-түсінігім, ой-пікірім) «дұрыс емеспін» деп санай бастайды.

Нәтижесінде олар шындықпен (реалды өмірмен), ең жаманы ақиқатпен байланысын

үзіп, өзін жоғалта бастайды.

Біз «күнәһар», «жаман адам» деп атайтын бақытсыздыққа ұшырағандар (қор

болғандар) өзінің ішіндегі (нәпсі) және айналадағы шындыққа (дүние) дұрыс

қарамайды (ақиқат тұрғысынан), сондықтан өмірдің өзі солай «дұрыс емес болуы

керек» деп шарасыздықпен сене бастайды.

Қоқыс жәшігі

Адам өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс. Күні бойы сіз үнемі өзіңізбен

сөйлесесіз және қоршаған шындық (өмір) туралы ақпарат жинайсыз. Сіз дәл

компьютерге ақпарат енгізетін бағдарламашы сияқты әрекет етесіз, тек бір

ерекшелігі: сіз әрі бағдарламашысыз (программист) және бір уақытта компьютерсіз

(ми, сана). Сіздің бес сезіміңіз бағдарламалау (программирование) құралы болып

табылады, егер сіз реалды (шынайы) өзіңізге және өмірге (шындыққа) дұрыс

көзқараспен (ақиқат тұрғысынан) қарамасаңыз, сіз ақиқатпен (Құдаймен және оның

жаратқан заңдылықтарымен) байланыс жоғалтып, өмірді (дүние) өзіңіз қалағандай

ғана көре бастайсыз. Бұндай жағдайда Жаратушымен байланыс жоғалып басқаға құл

болу (тәуелді болу) қаупі бар.

Сіз компьютерге белгілі бір шпионский программаны орнатпасаңыз да, сіз пират

ретінде торрент қолданасыз, сонымен бірге сізге көптеген вирустар немесе сіз

орнатпаған (установкалар) бағдарламадарды, вирустарды компьютерден көрсеңіз

таңғалмай-ақ қойыңыз. Сіз бұл бәле менің ноутбук (компьютеріме) қайдан түсті деп

шағымданасыз. Сол сияқты мимен де дәл солай, сіз өзіңізді күнделікті қалай бейтаныс

ақпараттармен Ерікті/Еріксіз түрде улап жатқаныңызды сезбейсіз. Бұның барлығы

сіздің дұрыс ойланбай іс әрекет етуіңіздің салдарынан.

Сіздің ноутбук (компьютеріңізде), смартфон планшетіңізде антивирус болмаса (ол

мысалғы мен үшін шок), шпиондарын жіберіп мені аңдитын сияқты, фишинг арқылы

мені тонап кететін сияқты, вирустарын жіберіп менің барлық техникамды жоқ

қылатын сияқты көрінетін. Негізінде мен тым артық кеткен шығармын, бірақ біздің

миымызбен де солай. Осы өмірде, біз білмейтін сыртқы қоршаған ортада көптеген

шпиондар бар, адам психологиясын аңду арқылы зерттейтін, залымдар бар, (сізді

сізден артық білетін) сіздің бақытыңызды тонап кететін, неше түрлі вирусты

ақпараттар бар, адам миын, жалпы нәпсіні (жан + тән) бұзатын. Бұған енді жақсы

антивирус таңдау керек, олар көп, атқаратын қызметтері ұқсайды, бірақ қайсысын

таңдауға келген кезде адам көп басын қатырады, топ 10 деп рейтинг іздеп кетеді, ақырында біреуін таңдайды. Егер біз бұны басқаша рухани тұрғыдан айтатын болсақ

олар (антивирустар) көп, бірақ негізі оның біреу. Ол – ақиқат!

Құдай жайлы шындық ол шексіз ақиқат, Өзім жайлы шындық мұсылман не кәпір

арасында екіжүзді. Осы шындықты Ақиқатқа айналдыру керек. Кітаптың мақсаты

осы, яғни Құдай болу емес оған ұқсау және ол жаратқан заңдылықтарын қабылдап, соны басшылыққа алып өмір сүру арқылы

Өмір жайлы сыртқы орта шындық ақпарат Пайдалы Пайдасыз Зиянды Шындық екен

деп қабылдай беруге болмайды. Өзге жайлы шындық Олар да мұсылман не кәпір

арасында екіжүзді, бірақ Олар қоршаған ортаға жататын болғандықтан, олар жайлы

шындық өмірлері не рас не өтірік болуы мүмкін.

Сәтті және бақытты өмір қоршаған шындық (өмір) пен сіздің санаңыздың

арасындағы дұрыс кері байланысқа (қарым-қатынас, кез-келген әрекетке немесе

оқиғаға жауапқа) байланысы. Жалпы адамның бұл өмірде 3 түрлі қарым қатынасы

болады:

– Өз-өзімен байланысы

– Өзгелермен/Өмірмен (дүниемен) байланысы

– Жаратушымен, оның жаратқан заңдылықтарымен байланысы

Біз өз жағдайымызды (жағымды/жағымсыз) сыртқы ақпаратты (пайдалысы 20% /

пайдасызы 80%) қабылдаймыз, содан кейін санамызға шындық болып көрінетін не

естілетін ақпаратты бағдарламалаймыз (программирование). Бұл біздің ойлану

тәсілімізді (ойлау жүйесін) және мінез-құлқымызды құрастырады, бұл өз кезегінде

қабылдауды (алу, қолдану) қалыптастырады. Демек, біз ең бірінші қабылдаймыз, сосын ойланамыз және соған сәйкес әрекет етеміз. Солай біз өзіміздің сенім мен

түсінікті, өмірлік ұстанымды жасаймыз, яғни соған сай өзімізді жетектеп өміріміздің

бағытын, жолын таңдаймыз. Әрі қарай шешім қабылдап, амал-әрекетке көшеміз.

Формула: қабылдау <ойлану, сезіну <әрекет ету = сенім мен түсінік <өмірлік

ұстаным <өмірлік бағыт, жол таңдау

Бұл идеялар (ойлар) сізді жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді

қолдануға және сол арқылы дұрыс қабылдауға, дұрыс ойлауға және дұрыс әрекет

етуге шақырады деп үміттенемін.

Мен өзіме және басқаларға дұрыс қабылдау, дұрыс ойлану және сезіну, өзін-өзі дұрыс

басқаруға көмектесу үшін көптеген дереккөздерден білім алдым. Бұл кітапта сіз, мен

және біз сияқты миллиондаған адамдар күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардың

нақты және қарапайым көрінісін бере алатын Ақиқат (нұрлы) қасиетті кітап

Құдайдың сөзі Құранмен құрылған. Тарихтан (өткеннен) алынған сабақтар мен

ғылыми дәлелі бар мысалдар түріндегі бірнеше құпия-сыр сандық бар. Бұл ойлар

(идеялар) сіздің өміріңізді барынша ең жақсы қалыпта, бақытты түрде өткізуге

мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді (техника, тәжірибе), пайдалы идеялар мен

жаңалықтарды қабылдауға, олар жайлы ойлануға және өзін-өзі сенімді ұстауға

талпындырады деп үміттенемін! Пайдалы нәтежиелі дәледі ақпарат, білім мен

тәжірибеге сүйене отырып жазылған кітап, міндетті түрде пайдасын береді!

Расымен де жазушылар көбейіп жатыр. Көбінесе 20 ғасырға дейін адамның сыртқы

өмірін жазса, енді ішкі жан дүниесін де жазатын болды. Олардың көбейгені жақсы да

емес, жаман да емес, «Нормально», себебі «Жақсы еместігі» «Бәсекелестік» пен

«Бақталас» Рухани (себебі теманың барлығы тек дүниеге қарай ауып кетті, мысалы

«Қалай танымал болу», «Қалай бай болу», «Қалай бір күннің ішінде бақытты болу»,

«Қалай үш сағатта жетістікке жету», «Қалай бір сағатта баспана мен көліктің

мәселесін шешу») Шығармашылықты өлтіреді. Кітаптардың көбейгенінің «Жаман

еместігі» Адам ойланады, сана деңгейлері дамиды, ғылым өседі, Бірақ осының

барлығының шынайы адамзатқа пайдасы бар ма? Нәтиже бере ме? Дәлелденген бе?

Біз оған мән бермейміз. Себебі сан мен есепке құралған дүниеқоңыздық, дүниеқорлық, затқа (материяға) табынушылық ойлау жүйесі қалыптасқаннан бері, сапа мен шын пайда, ғылым мен ақиқат, руханит пен иман Пайғамбарымыздың айтуы

бойынша ақырзаманға қарай азаюы керек.

Ой дегеніміз не?

Негізінде әр-тірлі ойлардың басын біріктіре алатын адамды ақылды деп айтуға

болады. Жалпы біздің ойларымыз шашыраңқы болып келеді сол себепті оны

жинақтау керек, «ананы бір ойламай мынаны бір ойламай» нақты шешімге келсейші

дейтін адамдарды жиі еститін шығарсыз. Дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдай алу

үшін адам ең бастысы өз ойларымен айналысу керек. Оның неше түрлі тәсілдері бар, бірақ бұл кітапта және алдағы кітаптарда қарастырылатын негізгі, басты формула: Шексіз Сенімділік (дұшпандар мен достар) + Әрекетсіз Әрекет (Растау +

Көрнекілік + Эмоция = Әрекетсіз Әрекет = Физикалық Әрекет = Дәлелді

Нәтежие) + Шын бақыт (Екі дүние бақытының сыр-құпиялары) = (ішкі


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю