355 500 произведений, 25 200 авторов.

Электронная библиотека книг » Айнур Аймурзина » Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер » Текст книги (страница 3)
Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер
  • Текст добавлен: 21 апреля 2022, 18:34

Текст книги "Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер"


Автор книги: Айнур Аймурзина



сообщить о нарушении

Текущая страница: 3 (всего у книги 3 страниц)

Екінші бөлім. Нұр-Сұлтан

Достық белестері

«Бұл жоба туралы естігенде, тым болмаса балалар үйіндегі бір баланың өміріне үлес қосуды ойладым».

Тәлімгер – Гүлназ, 39 жаста

Қамқорлықтағы бала – София, 16 жаста

Жобаның түлектері

3,5 жылдан бері жобада


Гүлназ

Қарағандыдағы балалар үйіне алғаш барған кезімде студент едім. Ол жер маған аса ұнамсыз әсер қалдырды. Сол кезде, әлі есімде, санамда осындай балаларға көмектесер едім деген ой қылаң берді.

«Тәлімгерлер» менің өмірімде кездейсоқ пайда болды. Бұл жоба туралы естігенде, балалар үйіндегі бір баланың болса да өміріне үлесімді қосқым келді де, сауалнама толтырып, қыз баланың тәлімгері болғым келетінін көрсеттім. Тестілеу нәтижелері бойынша ұл баламен араласатынымды білген соң, сонда да бағымды сынап көрейін деп, баламен таныспай тұрып, шешімді өзгертулерін өтіндім. Ұлдан гөрі қыз балаға берерім көбірек сияқты көрінді, себебі бізде әңгімеге ортақ тақырып көп және бір-бірімізге жақындаумыз. Ұйымдастырушылар өтінішіме құлақ асты, сол үшін оларға шексіз ризамын, өйткені баланы онымен танысқаннан кейін «ауыстыру» қатыгездік болар еді.

1-кезең

Рас, ересек адам мен бала арасында қарым-қатынас орнай бастағанда бірнеше кезеңнен өту керек. Әрине, ең әуелгісі – танысу.

Баланың өз өміріндегі жаңа адамға бейімделуі әркімде әртүрлі. Мысалы, біздің лектегі Арина, оның мінезі барынша ашық, өзінің тәлімгерімен бірден шүйіркелесіп кетті. Ал менің Соням, ол ондай емес. Алғашқы кездері біз көп үндемейтінбіз. Кейде бұл үнсіздік өте қиынға соғатын. Не айту керектігін білмедім және өзім де тілдесуге оңай қадам жасай салмайтынмын. Үнсіздікті сейілту үшін біз киноға баратынбыз, басқа тәлімгер қыздармен және олардың қамқорлығындағылармен жиналатынбыз. Ойнайтынбыз. Барлығына бірдей оңай болған жоқ. Бірақ ойында бала жұмсарады да, оны оңай ұға аласың. Біртіндеп жақсы араласа бастадық, үнсіздігіміз сиреді.

Бірде бізде жайсыз жағдай болды. Сонямен кездесуге келуім керек еді, бірақ келе алмадым. Қоңырау шалып ала алмадым, өзі де маған қайыра хабарласпады. Қысқасы, ескерте алмадым. Ертеңінде бардым, ал ол маған күрт өзгерген, менімен сөйлеспейді. Бұл жай сәт емес, алайда бетбұрысты кезең еді.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.


    Ваша оценка произведения:

Популярные книги за неделю